Мектептен тыс ұйымдар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мәдениет және өнер институты

факультеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Өңір халқына білім және тәрбие беретін мектептен тыс ұйымдар

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе
1.Мектептен тыс музыкалық білім беру ұйымдары
2.Музыкалық білім берудің міндеттері
3. Мектептен тыс ұйымдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде мектептің, оның шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда оқу - тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа оқу тәрбие бағдарламалары, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек. Музыка мұғалімі өз бойына өнердің сан қырын сіңірген сөйлеу мәдениеті, кәсіби-педагогикалық, музыкалық орындаушылық дайындығы жоғары қабілетті, іскер, ізденімпаз маман болуы тиіс. Бәрімізга аян, музыка балалардың қиялын, талғамын, мәдениетін, өнерге деген сүйіспеншілігін дамытады. Музыка пәнімен байланыста берілетін тәрбие шаралары мазмұны мен көркемдігі арқылы балалардың идеялық көзқарасын, қоғамға, Отанға деген сезімдерін қалыптастырады, өмір құбылыстарын дұрыс түсініп, қабылдауға жәрдемдеседі. Музыкалық білім беру мәселесінің танымдық түрі - мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Бұл мәселелерді зеттеуші педагогтарымыз А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, А.Г.Аргажникова, Д.Б.Кобалевский, Р.Р.Жәрдемалиева, Қ.М.Меңдаяқова, З.Абиевалардың және т.б. өз еңбектерінде кеңінен қарастырған.
Дегенмен мектептен тыс жасалатын жұмыстар жан-жақты талданылғанымен, уақыт ағымына, балалар қызығушылығына сай бұл іс-шаралардың түрлерін толықтыра, оқу-тәрбие процесіне ендіру қажеттілігіне сезілуде. Осыған байланысты біз өзіміздің зерттеуіміздің тақырыбын айқындадық.
1.Мектептен тыс музыкалық білім беру ұйымдары
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде оқу-тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Әр халықтың тарихы, ұлттық дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады. Қоғамды дамытатын жас азаматтың жеке тұлғасы жан- жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайда, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын болуы керек. Сондықтан білім мазмұнын қазіргі ғылымның құрылымына сәйкестендіру, оқу тәрбие ісінде балалардың шығармашылық ойлауы мен өздігінен еңбек етуіне, білуге үйрету, дүниені дұрыс тануға, жалпы азаматтық мәдениетті, музыкалық талғамды бойына дарыту көзделіп отыр. Ал білім мазмұны - жеке ұрпаққа музыкалық эстетикалық білім-тәрбие беру ісініің мазмұнын тәрбиелеуге батыл шығармашылықпен кірісу мәселесі іспетті.
Жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі ретінде ғана емес, өзіндік ақыл- ойы, талап- тілегі, қажеті бар субъекті ретінде қарап, бойындағы туа біткен, табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын қолданып, оқу- тәрбие жұмысын жүргізу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
Педагогикалық қызмет еңбек объектісінің ерекшелігімен айрықшаланады. Өйткені, ол үнемі дамып, бір мезгілде тәрбиенің объектісі де, субъектісі де бола алатын жеке тұлғамен істес. Қоғамдағы жас ұрпақ тәрбиесі төрт түрлі әлеуметтік күштің бірлескен жұмысы арқылы жүзеге аспақ: отбасы, мектеп, әлеуметтік орта, жұртшылық. Осы күштерді біріктіріп, байланыстырып ортақ мақсатқа бағыттап отыратын - музыка мұғалімі.
Музыкалық білім беру дегеніміз- музыкалық шығармалар арқылы жас ұрпақты өмірдегі, күнделікті тұрмыстағы, еңбектегі, табиғаттағы және әдебиет пен өнердегі әсемдікті, сұлулықты, асқақтықты, азаматтықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап, түсініп бойына сіңіре білуге, әділ бағалауға, тіршілкте іске асырып отыруға баулу, әсемдікті тани, жасай білуге үйрету. Музыкалық білім берудің мақсаты - әр адамның ақыл- ойын, әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез- құлқының, тән- мен жанның қалыптасуына ықпал ету. Жасампаздықты мұрат тұтып, өзінің тұрмысын, мінез- құлқын, адамдармен қарым- қатынасын, ұйымдастыра білу қабілетін, қиялын, эстетикалық талғамын дамыту. Эстетикалық тәрбие жан- жақты дамыған, еңбек сүйгіш, достыққа берік, жаны сұлу, әдепті жастарды тәрбиелеудің басты бір саласы.
Музыкалық білім - кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге көркемөнер құралдары арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің, табиғаттың сұлулығын тану кезінде, адамдармен қарым- қатынас үстінде тәрбиеленеді. Өскелең ұрпаққа музыкалық білім берудегі біздің алдымыздағы ең басты міндет - балаларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай толық, өнер шығармалырының, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру. Осы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе, зор танымдық және тәрбиелік күші бар әдебиет, музыка өнерінің эстетикалық мүмкіндіктерін жақсы пайдалану қажет. Музыкалық тағылым мен эстетикалық тәлім- тәрбие беру жөнінде көптеген айтарлықтай тәжірибе жинақталды. Осы мәселе жөнінде оның түрлері, ұйымдастыру әдістері О.А.Апраскина, Л.Арчажникова, Е.Я.Гембицкая, Д.В.Кабалевксий еңбектерінде және басқалардың зерттеулеріне көрініс тапты. Бүгінгі таңда балалардың музыкалық- эстетикалық білім беру, тәрбие мәселесі Қазақстан ғылым педагогтары А.Нұғманова, М.Момынов, С.Ұзақбаев, Ж.Өтемісов, М.Балтабаев т.б еңбектеріне елеулі орын алған. Ал мектеп сахнасына арналған тәрбие жұмыстарының әр түрлі формаларын өз еңбектерінде көрсетіп, әр түрлі тақырыптарда, кештерге, мерекелерге және сынып сағаттарына сценарийлер жазып жинақтаған көптеген ақын жазушыларымызды атауға болады. Солардың ішінде Ә.Табылдиев, оның "Тәрбие очерктері", "Көңілді кештер" атты еңбектерін, Т.Боранғалиевтың "Мектеп кеші көңілді", Б.Ысқақовтың "Әлімнің әлегі", Қ.Боқаевтың "Өнерлі өрге жүзер" т.б. жинақтарын айта кетуге болады. Бұл жинақтарда жазылған пьесалар мен ертеңгіліктердің , мектеп сахнасына арналған сценарийлердің балаларға эстетикалық тәрбие беруде маңызы зор. Жинақтарда жазылған кейбір образдар арқылы, олардың жақсы жақтарымен балалар санасына сіңіп кету, олардың бойында өнер мен әдебиет арқылы жақсы азаматтық қасиеттердің пайда болуы көзделіп, елге, жерге, Отанға, ата-ана, туған ел мен қоршаған ортаға деген махаббат сезімінің қалыптасуына көмектеседі. Жеткіншек ұрпаққа музыкалық білім беру мәселелері бойынша материалдарда бүгінгі мектептердің практикалық тәжірибесі бар болғанына қарамастан бұл проблеманың көптеген жүйелері әлі толық зерттелмеген. Мәселен, егер қазақ халқының музыка өнерін игеруде сабақ пен мектептен тыс әрекеттердің өзара байланыстылығы мен халықтың музыка мұрасын игеруге тартуда қазақ музыкасының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, мақсатты бағытталған әдіс- тәсілдермен жүзеге асырылса, онда балалардың музыкалық тәрбиесінің тиімділігі анағұрлым артады. Сол сияқты әртүрлі жүйелерде пайдалану, халықтық педагогика, ұлттық музыка тәрбиесі негізініде жұмыстар жүргізу, онда жаңа жолдарын іздестіру жас жеткіншектерге рухани тәрбие беру, музыкалық тәрбие беруде бағалы жолдары болып табылады.
Ғалымдар эстетикалық білім беруді қоғамдық - мәдени өмірдің жан- жақты дамуымен байланыстыра қарайды, сондай-ақ өткен дәуірдің алдыңғы қатарлы дәстүрі мен тәжірибесіне сүйенеді. Әсемдік болмыста объективті түрде өмір сүреді, адам өзінің шығармашылық қызметінде өмірді және оның әсемдігін сәулелендіреді. Адамның әсемдікті сезе, тани білу қабілеті әсемдікті жасауға қатынасы оның сезім байлығы мен эстетикалық мәдениетінің даму дәрежесіне байланысты.
Музыкалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысынан бастау жан- жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеудің алғы шарты.

2.Музыкалық білім берудің міндеттері
1. Балалардың музыкалық-эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту. Осының негізінде қоғамдық өмір мен айналаны терең таныту және олардың адамгершілік бейнесін қалыптастыру. Олардың зейінін өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, адамдардың тәртібі мен іс-әркетіндегі, тал бойындағы әсемдікті көре білуге аудару, өмірдегі шын әдемілікті жасанды әдеміліктен ажырата білуге, оны дұрыс бағалауға үйрету.
2. Балалардың музыкалық-эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту. Эстетикалық жан құбылысын тудыратын қуану, қайғыру, қобалжу, әсерлену, бейжай болу, көркемдікті қабылдауда шығармада бейнеленген кейіпкердің қуанышы мен ренішіне, табысына бірге қуанып, бірге қайғырып әсерленуін, көңіл- күйінің толқуын дамыту.
3. Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу. Оларды жақсы мен жаманды, сұлулық пен кейіпсіздікті, нәзіктік пен дөрекілікті, бір түстілік пен ала-құлалықты ажырата білуге, өлең, ән, музыка, бейнелеу өнері шығармаларының не себептен ұнамайтынын аңғара білуге үйрету.
Музыкалық-эстетикалық талғам-өте кең түсінік. Ол өнер шығармаларын түсініп, нәр алу ғана емес, сонымен қатар табиғаттың, өмірдің, еңбектің, тұрмыстың, киімнің әсемдігін түсіну және бағалай білу.
4. Балалардың күшіне сай өзін өнерде көрсете білу қабілетін, айналаға қажетті әдемілік жасауға талпынысын тәрбиелеу, көркемдік- шығармашылық қабілетін дамыту.
5. Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің тағы бір мәнді міндеті жас ұрпақты жас ерекшелігіне қарамай, өмірдегі, табиғаттағы әсемдікті қорғауға, бағалауға, сақтауға , молайтуға үйрету. Табиғаттағы әсемдікті өнердегі көрсеткіштер - ескерткіштер мен сәулет өнері туындыларын көзінің қарашағындай етіп аялауға баулу. Бұл адам еңбегін бағалауға, Отан, табиғат байлығын ұқыпты қарауға үйрету.
Музыка пәні мұғалімінің күделікті тәрбие жұмысында төмендегі міндеттер көрініс табуы тиіс:
Балалардың жалпы мәдениетін көтеру қазақ халқының озық салт-дәстүрлері рухында тәрбиелеп, дүниетанымының дербестігін, мінез-құлқын жетілдіру көзделеді. Оқыту процесі сияқты тәрбие жұмысы да белгілі ұстанымдар негізінде жүргізіледі. Тәрбие ұстанымдары және тұлғаны тәрбиелеу жөніндегі ілімдерге және ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәжірибеге және ғылыми педагогикаға сүйенеді. Бұл ұстанымдардың идеялық негізі мектептің өмірмен тәжірибемен еңбекпен байланысына сай Әл-Фарабидың айтуынша: Музыка теориясының негізгі принциптерін тек түйсік тәжірибе арқылы білуга болады, - дегендей ғылыми педагогика мен халық педагогикасындағы тәжірибеде тексеріліп кеңейтілгені, музыка мұғалімінің мектептен тыс жұмысын тиімді де нәтижелі атқаруына көп ықпалын тигізеді.
Мақсаттылық принципі. Оның мағынасы - тәрбие жұмыстары қоғамның жалпы мақсатына байланысты. Бұл ұстаным музыка пәні мұғалімінің өз жұмысының мақсатын дәл түсінуді, тәрбие мазмұнын, түрлерін, әдістерін дұрыс таңдап ала білуді талап етеді де, тәрбиені қоғамның идеологиясы рухында ұйымдастыруды қажет етеді.
Мақсаттылық принципі- тәрбие жүйесіндегі басты принцип болып есептеледі.
Тәрбиеде бұл принципті ескеру жастарға қанат бітіріп үйлесімді дамуына жол ашады, бағдар беретін халықтық педагогика баяғыдан отбасындағы, ауыл- аймақтағы бала тәрбиесінде басшылыққа алып отырған.
Тәрбиенің өмірмен,еңбекпен, тәжірибемен байланысты болу принципі. Бұл мақсаттылық принципінен туындайды. Халықтық педагогикада тәрбие өмір сүрген ортасын, ауыл - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептен тыс мекемелердегі тәрбие жұмысы
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Мектептен тыс жұмыс орталығы
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
Пәндер