Өнеркәсіптік және жеке меншік объектілер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық технологиялар колледжі

Стандарттау пәнінен
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Өнеркәсіптік және жеке меншік объектілер

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің азаматтық құқық жүйесіндегі орнын анықтау

2. Жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының объектілері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан экономикасы үшін интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері, соның ішінде әсіресе жаңа техникалық шешімдердің маңыздылығы барған сайын кеңейе түсуде. Өнеркәсіптің жүйелі тоқырауы мен отандық өнімдердің бәсекеге қабілетсіздігі патенттік қорғалуды қажет ететін жаңа технологияларды, жаңа техникалық және көркемдік-құрылымдық шешімдерді іздеуді талап етеді.
Нарық экономикасының негізгі бағыттары мен еліміздің бет алған тұрақты даму стратегиясында қамтылған міндеттерге жету техника мен технологияның жаңа нысандарының пайда болуын талап етеді. Осы талапты орындау үшін ең алдыменен табиғи жаңа, өнеркәсіпте қолдануға болатын, өнертабыстық деңгейі мен бірегей қасиеті бар материалдық бұйымдар арқылы қолданысқа енетін объектілердің құқықтық қорғау механизмі абсолютті болуы қажет.
Мемлекет басшысымен Казақстанның болашақ 10 жыл ішінде әлемнің елеулі бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу міндеті қойылған. Шикізат экономикасынан бас тарту, ғылымның өндіріске барынша жақындауы, отандық индустрияның жоғарғы технологиялы-инновациялық жолға ауысуы қайта-қайта айтылуда. Осы мақсатта елдің ғылыми-техникалық потенциалын ғылым дамуының қажетті бағыттарына шоғырландырып, олардың жетістіктерін өндіріске белсенді енгізу үшін жағдай жасап, ынталандыру талаптарын қою қажет.
Техникалық шешім саласында қазіргі таңда орын алған жағдай мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша жасалатын ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыс өнімдерін игеру және оларды өндіріске енгізу механизмдері қалыптастырылмағандықтан, көпшілік жетістіктердің қолданыссыз қалуы айтылуда
Қазақстан үшін өнеркәсіптік меншікке құқықтарды қорғау қажеттілігінің негізгі себептері ретінде:
- өнертапқыш қызметкерлері мен өнертапқыштарды ынталандыру арқылы өнертапқыштылықты дамыту және жаңа технологияларды әзірлеу деңгейін көтеруді;
- қоғамды, мемлекетті жаңа ашулармен қамтамасыз етуді;
- жаңа технологияларды әзірлеуге кең көлемді қаржы жұмсалуына қазақстандық және шетелдік инвесторларды тартуды;
- ел экспортына жәрдемдесуді (өнеркәсіптік меншік объектілеріне сырт ел тұлғаларының құқықтары қорғалмаса, елге сырттан тауарлар әкелінбейді);
- техникалық шешімдер авторларының құқықтарын қорғау арқылы әділеттілікті орнатуды;
- ұлттық өнер мен мәдениетті қорғауды;
- тұтынушыларды жалған тауарлар мен қызметтерді пайдалануына жол бермеуді қарастыруға болады.

Негізгі бөлім
1. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің азаматтық құқық жүйесіндегі орнын анықтау

Өнеркәсіптік меншік объектілері санының ұлғаюы, олардың өндірісте кең қолданылуы еліміздің экономикалық дамуын басқарудың жаңа жүйесін қамтамасыз етеді. Және бұл жүйе дүниежүзін күшпен емес, зияткерлікпен жаулауды білдіреді.
Дүниежүзінде өнеркәсіптік меншік объектілерінің сандық деңгейі бойынша бірінші орындарды АҚШ (жылына 1 млн. халыққа 500 өнертабыс әзірленеді) пен Жапония (кемінде 1000 өнертабыс әзірленеді) иеленеді.
Қазақстан өнертабысқа патент тіркеу саны бойынша ТМД елдері ішінде Ресей мен Украина сияқты елдермен бірінші үштікке кіреді. Бұл елдерде орташа есеппен жылына 1 млн. халыққа 100 өнертабыс әзірленед.
Еліміздегі өнеркәсіп саласындағы техникалық жетістіктер деңгейінің төмендігі, Қазақстанның ұлттық патенттер алу үшін өтінім санының төмендігі, тиісінше өтінім берушілермен қымбат еуразиялық патент жүйесін таңдауы ең алдыменен қорғау құжаттарының берілу мерзімінің ұзақтылығы болып табылатындығы айтылуда.
Өнеркәсіптік меншік объектілері өндіріс құралдары мен тұтыну заттары, технологиялық өндірістер, ғылыми-техникалық және басқа да өнімдер ретінде айқындалады.
Құқық әдебиеттерінде өнеркәсіптік меншік құқық ұғымына қатысты бірқатар пікірлер қалыптасқан, олардың ішінде оны екі санатқа бөліп қарастыратындары да бар. Атап айтқанда өнеркәсіптік меншікке құқық инновацияларды, үлгілер мен технологияларды құруды ынталандыратын құқықтан (өнертабыс, интегралдық микрокестелер, өндірістік үлгілер мен құпия ақпараткоммерциялық құпиялар) және ерекше белгілерді (тауар белгілері, географиялық көреткіштерді) қорғау үшін арналған құқықтардан құралады.
Өнеркәсіптік меншік объектілерін азаматтық құқық жүйесі құрамында қарастырмайтын авторларда бар
Өнеркәсіптік меншік құқығы нақты тұлғалардың объективтік нысандағы интеллектуалдық меншіктің материалдық емес объектілерін мерзімді және мерзімсіз иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын белгілейтін құқық қатынастарын реттейтін әлеуметтік-құқықтық интитут жиынтығы ретінде қарастырылатын пікірлер де орын алған

2. Жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының объектілері

Мемлекеттік меншік құқығының объектілері болып жеке меншікке берілмеген жерлердің барлығы табылады. Бұл мәселені ҚР Жер кодексінің 26-бабы толығырақ ашады. Оған сәйкес, мемлекеттік билік органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген, қорғаныс қажеттеріне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның ішінде арнайы жер қорының жер учаскелері, кенттер мен ауылдық елді мекендердің маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ, жеке меншікке берілмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер меншікте болады.
Жеке меншіктің объектілері болып ҚР Жер кодексінде көзделген тәртіпке сәйкес елді мекендер, ауыл шаруашылық мақсатындағы, орман және су қорларының жерлері табылады.
ҚР Жер кодексі жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау жайлы
ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау
Патент құқығының интелектуалдық меншік құқығының маңызды институттардың бірі ретінде
Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
Халықаралық патент сыныптамасы туралы Страсбург келісімі
Интеллектуалдық меншік құқығы туралы
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары
Жекешелендірудің негізгі ерекшеліктері мен нәтижелері
Пәндер