Өндірістік ғимарат каркастарын тұрғызу
Кіріспе
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен бірге әр түрлі қалыңдықтағы материалдар бөлшектерінің, ал осыған байланысты пісірудің қолданылатын түрлері мен әдістері де көбейді. Қазіргі кезде қалыңдығы бірнеше микрометрден (микроэлектроникада) ондаған сантиметрге дейін, тіпті метрге дейінгі (ауыр машина жасауда) бөлшектер пісіріледі. Құрылмалық көміртекті және төменгі қоспалы болаттармен қатар, арнаулы болаттар, жеңіл қорытпалар және титан, молибден, цирконий т.б. металдар негізіндегі қорытпалар, сондай-ақ әр текті материалдар пісіруге жиі қолданылады. Машина жасау, сондай-ақ құрылыс жұмыстарындағы белгілі табыстар үшін біз пісіру ғылымы мен техникасына қарыздар екенімізді айтуға тиістіміз. Пісірудің дамуы тойтармалы құрылымдарды пісіруге алмастыра отырып, олардың жұмыс сыйымдылығын төмендетіп, сапасын арттыруға мүмкіндік туғызды.
Пісіру - металдарды өңдеудің жетекші технологиялық процестерінің бірі болып табылады.
Пісіру жоғары пайдаланушыльщ сипатымен қоса, құрылымдар жасауға мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын қосылыстарын алудың ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы, олардың әр түрлі міндеттердегі құрылымдарда кең қолданысқа ие болуына мүмкіндік туғызады. Пісіруді пайдалану құрылымдар өндірісі барысында материалдар мен уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.
Каркас ағаштан, металдан, темір-бетоннан, тағы басқа табиғи және жасанды материалдан жасалады.
Металл және ағашкаркастар тек құрастырмалы түрде дайындалады.
Темір-бетон каркас атқаратын қызметіне қарай - біртұтас, құрастырмалы және біртұтас құрастырмалы болып келеді. Ғимараттың беріктігін арттыру үшін каркас алдын-ала кернелген темір-бетоннан да жасалады.
Каркастың түрі, пішіні, өлшемдері құралымның беріктілігімен, орнықтылығымен және қызмет мерзімімен байланысты.
Элеватор құрылыстар кешенінен тұрады, оған енетіндер: жұмыс ғимараты, сүрлемдік корпус, астықты қабылдауға және жіберуге арналған қондырғы, астықты кептіргіш және т.б.
Жұмыс ғимараттары биіктігі 60м дейін монолитті немесе құрама темірбетоннан жасалынады. Технологиялық процесстің ықшамсызбасы көлемдік-жоспарлық шешімнің нұсқаларын анықтайды. Жұмыс ғимараттары сүрлемдік корпустан жеке тұруы мүмкін немесе солармен бірге тұрғызылуы мүмкін.
1. Өндірістік ғимараттың каркастары және оған
қойылатын талаптар
1.1 Өндірістік ғимарат каркастарын тұрғызу
Каркас, қаңқа (французша carcasse, итальянша carcassa - скелет, қаңқа) - үйлердің, ғимараттардың, кемелердің, ұшақтардың, тағы басқа қандай да болмасын құрамдас бөліктерден тұратын құралымдық бұйымдардың, бөлшектердің көтергіш қаңқасы. Ол бір-бірімен берік байланыстырылған тік, көлбеу, көлденең құралымдық бөліктерден тұрады.
Жұмыс ғимараттарына жабдықтарды, оперативтік бункерлерді, көтергіштерді, баспалдақтарды және өрт кезіңде шығаратын сыртқы саты орналастырылады.
Жұмыс ғимараттарының ірге тасы тұтас монолитті болады. Жер асты суларының деңгейі жоғары болған жағдайда жерасты бөлмелерін судан оқшауландыруда қарастырылады.
Жұмыс ғимараттарының екі түрі бар: каркасты және каркассыз. Каркасты нұсқасы сыйымдылығы үлкен элеваторлар үшін алынады (100...150 мың.т), ол өз кезегіңде ірі ауқымды жабдықтарды орнатуға мүмкіндік береді. Бірге тұрғызылған жұмыс ғимараттары сыйымдылығы 50 мың.т. элеваторлар үшін каркассыз орындалған. Жұмыс ғимаратының каркассыз құрылымы сүрлемдердің, бункерлердің және өндірістік бөлмелердің жабындыларының сәйкестігі есебінен кеңістіктік қатаңдылықты қамтамасыз етеді.
Әр түрлі өндірісте адамға, қоршаған ортаға зиянды әсерлер болатыны белгілі. Олардың ішінде негізгі мыналар:
Жоғары ылғалдылық. Жоғары дәрежеде жылу, шаң, газ, түтін, шу шығару, радиациялық зақым беру, жарылғыш қауіпті газдың бөлінуі және т.б.
Осындай өнеркәсіп ғимараттарын жобалағанда жоғарыда аталған зиянды әсерлерді барынша төмендету жолдарын қарастырған жөн. Ғимарат ішіндегі санитарлық режим Құрылыс нормаларына сай болу үшін сол өндірістегі инженерлік қондырғыларды жетілдірілген жөн.
1.2 Өндірістік ғимараттардың қаңқаларына (каркас)
қойылатын талаптар
Ғимараттар және құрылыстар қаңқаларының металл конструкциялары артық салмақтан сақтандырылуы тиiс. Осы мақсатта жобалаушы ұйыммен келiсiлмей орындауға болмайды:
1) ғимараттар мен құрылыстар қаңқаларының металл конструкцияларына жобада көзделмеген технологиялық жабдықты, көлiк құралдарын, құбыр өткiзгiштердi және басқа құрылғыларды iлу, орнату, бекiту;
2) шатырларда, ең алдымен олардың әр жазықтықта қиылысқан бөлiктерiнде қардың, шаңның және қоқыстың жиналуы;
3) қаңқалардың конструкцияларына жөндеу және монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде қолданылатын құрылғылардан және тетiктерден уақытша қосымша салмақ түсiру;
4) ғимараттардың және құрылыстардың конструктивтiк элементтерiн зәкiрлер, тартқыштар, тiреулер ретiнде пайдалану;
5) қаңқалардың бағаналарына және басқа конструкцияларына жиналған материалдардан және бұйымдардан, қабырғалардың және бағаналардың жанына үйiлген топырақтан және басқа да сусымалы материалдардан бүйiрлiк қысым түсуi. Материалдар және бұйымдарды қоймалау, үйiлген топырақ және басқа да сусымалы материалдар металл конструкцияларға 2 м жақын орналаспаулары тиiс.
Жөндеу жұмыстарын және қаңқалардың көтергiш құрылыс конструкцияларын қайта құрастырумен байланысты жұмыстарды орындау кезiнде оларды соққылардан және басқа да механикалық әсерлерден сақтандыру қажет.
Қаңқалардың көтергiш металл конструкцияларды фермалардың, бағаналардың, арқалықтардың және басқа көтергiш металл конструкциялардың элементтерiн лицензиясы бар жобалаушы ұйыммен келiсiлмей кесу және бұрғылау арқылы әлсiретуге рұқсат берiлмейдi.
Қаңқа бағаналары мен жабындық фермалар аралығындағы көлденең және тiк байланыстарды алып тастауға немесе орнын ауыстыруға, металл конструкциялары элементтерiнiң (фермалардың, бағаналардың және басқаларының) қиғаш бөлшектерiн, тiректерiн және басқа элементтерiн кесуге, топсалықтардың орнына элементтердiң қатты байланысын жасауға рұқсат берiлмейдi. Металл конструкциялардың қаңқаларына қандай да бiр бөлшектердi бекiтуге және дәнекерлеуге, құбыр өткiзгiштердi, шамдарды немесе кабiлдердi iлуге тек жобалаушы ұйыммен келiсiмi бойынша рұқсат берiледi.
Ғимараттар және құрылыстар қаңқаларының табандықтарын, анкерлiк болттарды және iргетастардың жоғары жағынан немесе еденнен 0,3 м биiктiкке дейiнгi байланыстарды ылғалданудан тығыз бетонның көмегiмен қорғау керек. Бағаналардың металл тiрек бөлiктерiнiң және олардың арасындағы байланыстардың топырақпен немесе сусымалы отынмен (көмiр, кокс) жанасуына жол берiлмейдi. Бағаналардың және металл конструкциялардың басқа элементтерiнiң беттерi кiрден, шаңнан, күйеден және майлардан тазартылуы тиiс.
Өндiрiстiк ғимараттардың және құрылыстардың құрылыс конструкцияларын, әсiресе металл конструкциялардың түйiспелерiнiң жағдайын, сондай-ақ цехтардың ылғалды режимiнiң әсерiне ұшырайтын, дiрiлдiк, динамикалық, термикалық және ауыспалы статикалық салмақтар түсетiн конструкцияларға жүйелi түрде бақылау және қадағалау жүргiзу қажет.
Құрылыстық металл конструкцияларды тексеру кезiнде бағаналарға, рамалардың ригельдерiне, итарқалық және итарқаастылық фермаларға, аралықтарға, фахверктердiң тiрек элементтерiне және басқаларға ерекше назар аудару керек.
Ғимараттарды және құрылыстарды пайдалану кезеңiнде бағаналардың, фермалардың және басқа да құрылыстық металл конструкциялардың тiктiгiн жүйелi түрде (бес жылда бiр реттен сирек емес) тексеру ұйымдастырылуы тиiс. Жекелеген конструкциялардың тiктiгiнен ауытқуы үлкейген, не бойлық майысудан конструкцияның тұрақтылығына қатер туғызатын деформация пайда болған жағдайда, куәландыру үшiн маманданған ұйымды тарту қажет.
Ғимараттардың және құрылыстардың металл конструкцияларын пайдалану процесiнде анықталған дәнекерленген жiктердiң жобалық өлшемдерге сәйкес еместiгi, жiктердiң дәнекерленбей қалған, кесiлген, күйген жерлерi және көзге көрiнетiн кеуектiгi, жiктердiң кратерлерi, жұлынулары, сызаттары, едәуiр тоттануы, жобамен анықталған жерлерде жiктердiң болмауы, тойтарма шегелердiң сызаттары, олардың ұрған кезде зыңылдауы, тойтарма шегелердiң, анкерлердiң, гайкалар мен контргайкалардың жоба бойынша қажеттi санының болмауы және олардың коррозияға ұшырауы, бұрандалық қосылыстардың әлсiз тартылуы, механикалық зақымданудың нәтижесiнде бұрандаманың деформациясы, бұрандамалардың қималарының, конструкция элементтерiнiң тоттанудан едәуiр әлсiреуi (10%-дан артық), бұрандалық қосылыстар кезiнде бағаналар мен фермалардың тiрек тораптарының тiрек тақталары арасында үлкен саңылаулардың болуы сияқты және басқа ақаулар бiрiншi кезекте жойылуы тиiс.
Жүк көтергiш крандардың кран асты жолдарын үнемi пайдалану кезiнде динамикалық салмақтар түсiретiн және олардың техникалық жай-күйi ғимараттардың және құрылыстардың көтергiш металл конструкциялардың тұрақтылығына едәуiр әсер ететiн кезде, кран асты жолдарының ақауларын, зақымдарды және көрсеткiштерден ауытқуларды уақтылы анықтау және жою мақсатымен жылына бiр реттен сиретпей бақылау (iшiнара) тексеру жүргiзiлуi тиiс.
Жұмыстың осы түрiн орындау құқына лицензиясы бар, маманданған ұйымды тартып, кран асты жолдарына үш жылда бiр реттен сиретпей толық техникалық куәландыру жүргiзiлуi тиiс.
Крандар қозғалған және жұмыс iстеген кезде кран асты жолдары рельстерiнiң (болат бiлеулерiнiң) бүйiрлiк және бойлық жылжуын болдырмайтын бекiткiштерi болуы тиiс.
Жолдың жай-күйiн кезектен тыс құрал-саймандық геодезиялық тексерудi көзбен қараған кезде рельстердiң жылжығаны, жолдың қисайғаны, кран доңғалақтары қырларының, рельс бастарының қатты тозғаны, рельстердiң бекiткiштерiнiң босағаны және басқа да ақаулар анықталған жағдайларда, сондай-ақ жолды салған немесе оны жөндеген (түзеткен) соң жүргiзу қажет.
Металл конструкцияларынан салынған ғимараттардың және құрылыстардың iргетастарын, жертөлелерiнiң және басқа да жер асты үй-жайларының қабырғаларын агрессивтi грунт сулары пайда болған немесе коррозияға қарсы қорғанысы бүлiнген кезде қираудан қорғау шараларын маманданған ұйымды тартып дайындау қажет.
Металл конструкциялардан салынған ғимараттар және құрылыстар iргетастарының агрессивтi сұйықтықтардың әсерiнен бүлiнуiн болдырмау үшiн мыналарға жол бермеу қажет:
1) жауын-шашындық және тұрмыстық кәрiзден, технологиялық коммуникациялардан, аппараттардан және қондырғылардан сыртқа төгiлген сұйықтықтардың ғимараттар мен құрылыстар негiздерiнiң топырағына өтуi. Аталған жүйелерден сыртқа төгiлулердi, сондай-ақ дренаждық су науалары мен арналарының, кәрiз құбыр өткiзгiштерiнiң және оның бақылау құдықтарының ақауларын iле-шала жою қажет;
2) iргетастар бетондарына қышқылдардың, сiлтiлердiң, жағар майлар мен трансформаторлық майлардың, сұйық отындардың және басқа да агрессивтi сұйықтардың әсерi;
3) қышқылдар мен сiлтiлердi арнайы жоба бойынша орындалған тоттануға қарсы қорғанысы жоқ iргетастарға және жерасты коммуникацияларына жақын жерлерде сақтау.
Қабырғалық қоршау конструкцияларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету процесiнде металл конструкцияларға терiс әсерлердi болдырмау мақсатымен мыналарды жою қажет:
1) материалдарды дұрыс пайдаланбаудың салдарынан пайда болған деформациялар, зақымдар және қираулар;
2) iргетастардың әркелкi отыруының нәтижесiнде қабырғалық панельдердiң қалануы мен тораптарында пайда болған деформациялар және зақымдар (қаланудағы сызаттар, панельдер жiктерiнiң қирауы, тiрек тораптарының жылжуы және басқалар);
3) әсiресе жылу электр стансаларының бас корпустарының қабырғаларында жылу әсерi нәтижесiнде пайда болған деформациялар және зақымдар (қаланудағы колонна осьтерi бойынша сызаттар, панельдер түйiспелерiндегi тiк жiктердiң үгiтiлуi және қирауы, кiрпiштердiң жарылуы, сылақтың үгiтiлуi және арқалықтардың, фермалардың, аралықтардың, маңдайшалардың тiректерi астындағы басқа да зақымдар);
4) карниздiк және терезеастылық учаскелерде, субұрышы құрылғылар орнатылған жерлерде қаланудың және қабырғалық панельдердiң жергiлiктi қираулары;
5) температуралық жiктердiң герметикалықтығының бұзылуы;
6) терезелер және есiктер жақтауларының қабырғаларымен байланыстың бұзылуы;
7) қабырғалық панельдердiң жазықтықта және қабырға жазықтығынан жылжуы және қисаюы;
8) қабырғалық панельдердiң түйiспелерiн бiтеген элементтердiң (цемент сылақтың, тығыздағыш төсемдердiң, герметикалаушы мастикалардың) бұзылуынан ауа өтуi;
9) қабырғалық панельдердiң қорғаушы қабаттарының түсуi және арматуралардың ашылып, тоттануға ұшырауы;
10) кiрпiш қабырғалардың сыртқы жағындағы кiрпiштiң және сылақтың бұзылуы және түсуi;
11) панельдердiң сыланбалы бөлшектерiнiң, тiрек тораптарының және арматураларының, сондай-ақ терезелердiң темiр жақтауларының тоттану процестерi, аталған элементтердiң тоттануға қарсы жабынының бұзылуы;
12) суланудың және мұз қатудың салдарынан қабырғалардың iргелiк бөлiгiнiң қирауы, ондағы гидрооқшаулардың бұзылуы.
Сыртқы қабырғаларды конденсациялық ылғалдан қорғау керек, ол үшiн:
1) үй-жайларда жылу берудiң және желдетудiң жобалық режимiн ұстап тұру қажет;
2) үй-жайларда ауаның қабырғалардың бойында еркiн айналуын қиындататын көлемдi жабдықты орналастыруға, сондай-ақ үй-жайдың iшiнде немесе сыртында, сыртқы қабырғалардың жанында өндiрiстiк қалдықтарды (қожды, күлдi, жаңқаларды) және ұнтақ түрiндегi химиялық реагенттердi (тұздардың кристаллдары түрiндегi, сусымалы, тұтқыр және басқа заттарды) сақтауға жол бермеу қажет. Барлық осындай қалдықтарды уақытша сақтайтын арнайы орындар (алаңдар, ыдыстар, қобдилар), ал химиялық реагенттер үшiн арнайы ұяшықтар немесе жобада көзделген үй-жайлар болуы тиiс.
Майлы немесе перхлорвинил сырлармен сырланған, 100 о С артық температураға қызатын, не битумдық лактың негiзiндегi сырлармен сырланған, 200 о С артық температураға қызатын көтергiш болат конструкцияларды жобалаушы ұйыммен келiсiлген жоба бойынша жылу оқшаулағыш экрандармен, ыстыққа төзiмдi бетоннан жасалған футеровкамен немесе жылуға төзiмдi жылу оқшаулағышпен (егер олар жобада көзделмеген болса) қорғау қажет.
Болат конструкциялардың жиырылуы анықталған кезде (ол мысалы, оқшау өрттiң салдарынан болуы мүмкiн) конструкцияның берiктiгiне тексерушi есептеу жүргiзу және қажеттiлiк кезiнде конструкцияны күшейту жобасын дайындау үшiн маманданған жобалаушы ұйымды тарту қажет.
Болат бағаналар, ригельдер ыстық құбыр өткiзгiштермен жанасқан кезде құбыр өткiзгiштердiң не конструкциялардың тиiстi учаскелерiн жылу оқшаулағышы бар жылуға төзiмдi қаптамамен қорғау қажет, егер бағананың, ригельдiң және құбырдың немесе басқа жылу көзiнiң арасындағы саңылау оны жасауға мүмкiндiк бермейтiн болса, жақын арадағы күрделi жөндеу кезiнде жылу кезi бағанадан, ригельден жылу оқшаулағыш орнату мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн қашықтыққа алыстатылуы тиiс.
Сәулелiк жылудың әсерiне ұшырайтын болат конструкциялары (мысалы, ЖЭК қазандықтарында) ашық (жарық пен жылу шағылыстырғыш) түстерге сырлау қажет.
Болат конструкцияларды жоғары температуралардың әсерiнен қорғайтын жылу оқаулағыштарды және жылудан қорғаушы (жылу шағылыстырғыш) арнайы экрандарды жарамды жағдайда ұстау, ал ауа жүретiн жерлерi мен желдеткiш тесiктерiн үнемi кiрден тазартып отыру қажет.
Ыстық металл бөлшектердi және температурасы еденнiң осы түрi үшiн есептелген мәндерден артық бөлiктердi металл едендерге тiкелей қоймалауға рұқсат берiлмейдi. Қажеттiлiк жағдайында еденнiң қалған бөлшектер мен бөлiктердi қоймалауға арналған жерлерiне құм немесе топырақ төсеу керек.
Техникалық қызмет көрсету кезiнде жоғары температуралардың әсерi жағдайындағы құрылыс конструкцияларын қадағалау шараларына ол конструкциялардың, сондай-ақ жылу оқшаулағыштар мен экрандар конструкцияларының жай-күйiн бақылау, металл конструкциялардың сызаттарын, жиырылуларын, майысуларын және ұзаруларын (өрттерден және жанулардан кейiн) анықтау кiруi тиiс.
Осындай деформациялар және зақымдар пайда болған кезде, оларды жою, қажеттiлiк кезiнде маманданған ұйымды тарта отырып, металл конструкцияларды алмастыру немесе күшейту шаралары қабылданады.
Ғимараттардың және құрылыстардың көтергiш конструкциялары тербелiстерiнiң рұқсат етiлген деңгейi мынадай талаптармен шектелуi тиiс:
1) конструкциялық элементтердiң жобаға сәйкес берiктiгi және төзiмдiлiгi;
2) нормативтiк кұжаттардың талаптарына сәйкес дiрiлдiң конструкциялардағы адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң алдын алу; 3) дiрiлге сезiмтал аспаптарды және жабдықты олардың төлқұжаттық деректерiне сәйкес қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Адамдарға зиянды әсердiң алдын алу мақсатымен, қызмет көрсететiн персонал тұрақты болатын ғимараттардағы қоршау конструкциялары мен жабындарының тербелiс деңгейiн өнеркәсiптiк ғимараттардың динамикалық салмақтар түсетiн жабындарын есептеу талаптарына сәйкес шектеу қажет.
Адамдардың болуы көзделмеген металл конструкциялардың дiрiлiн өлшеу дiрiлмен жұмыс iстейтiн жаңа жабдық орнатылған кезде, сондай-ақ пайдалану процесiнде металл конструкциялардың жай-күйiне қауiп туғызатын сызаттар, әркелкi отырулар, резонанстық тербелiстер пайда болған кезде жүргiзiлуi тиiс.
Құрылыстық металл конструкцияларды өндiрiстiк және шаруашылықтық-тұрмыстық сұйықтықтардың, эмульсиялардың, қойыртпақтардың, газдардың, булардың, шаңдардың химиялық агрессиясының бүлдiрушi әсерiнен қорғау жөнiндегi iс-шараларды тұрақты орындау қажет, ол үшiн:
1) технологиялық жабдықтар мен аппараттардың, технологиялық құбыр өткiзгiштердiң, сумен жабдықтаудың, кәрiздiң, жылумен жабдықтаудың iшкi желiлерi құбыр өткiзгiштерiнiң, газ және мазут өткiзгiштерiнiң, технологиялық ыдыстардың қосылыстарының барынша мүмкiндiгiнше герметизациялануын қамтамасыз ету қажет;
2) жабдықтан, аппараттурадан және құбыр өткiзгiштерден қосылыстардың ашылып кетуiнiң салдарынан және басқа себептерден пайда болған лақтырылымдарды және шығарындыларды жедел тоқтату қажет;
3) металл конструкциялардың негiзiнде салынған ғимараттар және құрылыстар жабдығының, инженерлiк желiлерiнiң жобада белгiленген жұмыс режимiн қамтамасыз ету қажет.
Болат конструкциялардың бетiне төгiлген қышқылды жабынның бүлiнуiне жол бермей, суда ерiтiлген сiлтiмен немесе әк қамырымен жедел алып тастау, ал сiлтiнiң қалдығын (әк қамырын) сумен шайып тастау қажет. Жабынның бүлiнген жерлерi қалпына келтiрiлуi тиiс.
Құрылыстық металл конструкцияларды тексеру кезiнде лак-сыр жабынның бүлiнген жерлерiн анықтау және оның жай-күйiне баға беру керек (желден көтерiлу, жарылу, қабыршықтанып түсу, жабын бетiндегi көпiршiктер, бөрiтулер, сондай-ақ металдың коррозиялық бүлiнуiнiң сипаты мен деңгейi және басқалар).
Ғимараттарды және құрылыстарды пайдалану кезiнде онда пайдаланылған металл конструкциялардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шараларды кешендi түрде орындау қажет.
Жөнделген (қайта салынған) ғимараттар мен құрылыстар үшiн тиiстi әдiстер және бақылау құралдары қолданылып, пайдаланылған металл конструкцияларға байланысты қатердiң белгiленген мәндерiн қамтамасыз ету шаралары әзiрленуi тиiс.
Резервуарларға қызмет көрсететiн жұмысшылардың тиiстi кәсiптiк-техникалық бiлiмi болуы немесе олар өндiрiсте кәсiптiк-техникалық дайындықтан өтулерi тиiс.
Резервуарларға қызмет көрсететiн барлық жұмысшылар мұнай өнiмдерiнен, ыстық судан және будан туындауы мүмкiн қауiптермен таныстырылуы тиiс.
Персоналды жұмыс iстеуге жiберердiң алдында болуы барынша ықтимал зиянды заттардың жұмыс аймағының ауасында бар екендiгiн тексеру қажет.
Резервуар қабырғалары мен түбiнiң негiзгi металдарының жiктерiнде сызаттар пайда болған кезде жұмыс iстеп тұрған резервуар жедел босатылуы және жөндеуге дайындалуы тиiс. Мазут отынымен толтырылған резервуарларда сызаттарды дәнекерлеуге және ұрып өңдеуге рұқсат берiлмейдi.
Қаңқалар бағаналарының түйiспелерiн рамалар тораптарына жатқызу ұсынылады. Рамалық қаңқалардың бағаналарында ригельдер белдеулерiнiң деңгейiнде диафрагмалар орнатылуы тиiс.
Қаңқалардың болат ригельдерiн прокаттық және дәнекерленген қос таврлардан жасау ұсынылады.
Рамалық каркастар ригельдерiнiң тiрек қималарын сөрелердiң енiн үлкейту немесе доғалқиыс есебiнен үлкейту ұсынылады.
2. Пісіру балкалары
2.1 Пісірудің физикалық мәні.
Пісіру деп молекулааралық және атомаралық байланыс күштерін пайдаланып металл бөліктерін ажырамайтын етіп біріктіру үрдісін айтады. Аталған күштердің өзара әрекеттесуі үшін жалғанатын металдардың атомдарының ара қашықтығы 10 ‾8 см шамасында болуы керек, демек өзара қашықтығы металдардың кристалл торларының параметріне сәйкес болуы керек. Атомдар мен молекуларының осындай ара қашықтығын қамтамасыз ету үшін , пісірілетін материал беттері балқу температурасынан аса қыздырылып, балқыған материал қатаю кристалдану негізінде біртұтас қалыптасады. Немесе пісірілетін материалдар пластикалық күйге дейін қыздырылып, олар механикалық қысу үкүші әсерінен өте тығыз түйістірілуі қажет. Бұл процесті қыздырусыз салқындай тек механикалық күш әсерімен іске асыруға болады.
Пісіру біртектес және тектес емес металдар мен олардың қорытпаларын, металды кейбір металл емес материалдармен керамика, графит, шыны, т. б. біріктіргенде, пластикалық массалардан, т. б. біріктіргенде, пластикалық массалардан, т. б. Бұйымдар жасағанда қолданады. Дегенмен металдарды пісіру машина жасау өнеркәсібінде және құрылыста кеңінен қолданылады.
2. Пісіру тәсілдерінің топтастырылуы. Осы кездегі пісіру тәсілдерінің негізгі екі ерекшелігі бойынша топтастырылады: металдың пісіру кезіндегі күйі мен пісірілетін жапсарларын қыздыру үшін қолданылатын энергия түріне қарай. Алғашқы нышанына қарай балқытып және қысыммен пісіру болып бөлінеді.
Балқытып пісіруде біріктірілетін детальдардың жиектері, оны негізгі металл деп атайды және қосымша металдарды балқу температурасынан асыра қыздырып ортақ сұйық металл жасалады. Қыздыру тоқтатылғаннан кейін ванна суып кристалдану нәтижесінде пісіру жігі қалыптасады да, пісірілген жік және оның аумағы әдеттегі температураға дейін салқындайды.
Қысыммен пісіруде пісірілетін металл беттері пластикалық күйге, тіпті балқу температурасына жуық деңгейге қыздырылып оған қосымша механикалық күш түсіріледі. Қорғасын, алюминий, мыс т.б. созымталдығы жоғары металдарды қыздырмай қысыммен - ақ пісіруге болады.
Қыздыруға қажетті энергия түріне қарай пісіру тәсілдері мынадай топтарға бөлінеді: электрмен, химиялық, механикалық және сәулелі.
Бұлардың арасында ең бастысы болып металды қыздыруға электр тогын пайдаланатын электрмен пісіру тәсілі саналады. Электр энергиясының жылу энергиясына айналу принциптеріне сәйкес электрмен пісірудің мынадай негізгі түрлері болады: доғалы, түйістіріліп пісіру, индукциялы, плазмалы. Пісірудің химиялық тәсілі тобына газды және термитті пісіру жатады. Бұл тәсілдердегі металды қыздыру мақсатында газ не қатты күйіндегі әртүрлі заттардың тотығуының экзотермиялық реакцияларының жылуын пайдалану арқылы қыздырылады.
Пісірудің механикалық тәсілдеріне: көрікпен, қыздырмай қысыммен, қопарылыспен, ультрадыбыспен, ал пісірудің сәулелі тәсілі тобына электронды-сәулелі, лазер сәулесімен, гелиопісіру немесе күн сәулелерімен пісірулер жатады. Пісіру тәсілдерінің ең басты маңыздылары электр доғасымен, түйістіріліп және газбен пісіру болып табылады.
Машина жасау саласында металды пісірудіңмаңызы мен болашағы. Осы кезде металдарды пісіру, металды қысым арқылы құю және кесу арқылы өңдеу сияқты, металдан әртүрлі конструкциялар мен бұйымдар жасауда негізгі технологиялық үрдіс болып саналады. Жаңа зауыттар мен кәсіпорындарын салуда, темір жол вагондары мен цистерналар жасауда, домна және мартен пештерін құруда монтаждауда, мұнай және газ құбырларын, көпір салуда, машина мен жабдықтардың тозған және сынған бөлшектерін қалпына келтіруде пісірудің маңызы зор. Бұл тәсіл ауыр конструкцияларды, металлургия, машина жасау өндірісінің күрделі жабдықтарын т. б. Пісіру арқылы өңдегенде үлкен экономикалық нәтиже береді.
2.2 Пісіру кезіндегі жылудың негізгі көзі
Пісіргіш жалын газдың немесе жанғыш сұйық буының оттегімен қосылып жануынан пайда болады.
Ацетилен мен оттегі коспасының жалынын қолдану кең таралған. Дегенмен басқа газдарды да (пропан-бутан, табиғи газ, керосин және т.б.) қолдануға болады.
Пісіргіш жалын үш аймақтан тұрады (1-сурет). Бірінші, аймақ "А" - жалынның ядросы. Оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz