Оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру жолдарын қарастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі.Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп отырған Бөбек қорының президенті Сара Назарбаеваның авторлық бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Бұл пәннің негізгі мақсаты, адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік менін қалыптастыру.
Бала - кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Мектеп-білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы, рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы Өзін-өзі пәні тану десек өте орынды.
Пәннің әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
Өзін-өзі тану сабақтарының өзіндік ерекшеліктерін байқататын Шаттық шеңбері, Армандайық, Өзіммен-өзім, Әңгімелесейік, сергіту сәті, сахналау, Ойын жаттығу-жүректен-жүрекке шеңбері балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.
Өзін-өзі тану сабақтарында ұсынылып отырған ойындарының басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сәңіруді көздейді.
Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы азаматтық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмьылуға, өз өмірін мәнмен өткізуге жетелейді.
Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік сабағы-сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән.
Зерттеудің мақсаты. Өзін-өзі тану сабағында оқытудың тәсілдері, түрлері және әдістемесін көрсету. Өзін-өзі тану пәнінің балаларға берер тәрбиесінің маңызын анықтау.
Зерттеудің міндеті.
+ Сабақтарда пәннің мақсатқа сәйкес оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
+ Оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру жолдарын қарастыру;
+ Оқытудың түрлері мен тәсілдеріне назар аудару;
+ Балалардың адам, өмір, отан, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен мейірімділік, сыйластық, махаббат, адалдық, патриоттық, еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту;
+ Табиғат пен қоғам байлықтарына жанашырлықпен қарау;
+ Өзара сыйластық қарым-қатынастарын күшейте түсу;
+ Ынтымаққа, достыққа, бірлікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Зерттеу объектісі. Өзін-өзі тану пәні бойынша оқытудың түрлері мен әдістемесі.
Обьектіден бөліп алынған шағын мәселе. Пәннің оқыту ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу болжамы, гипотеза. Егер бастауыш мектеп жасындағы балалармен сабақта оқытудың түрлерін қолданатын болсақ, онда, болашақта саналы, парасатты, әдепті, мейірімді азамат тәрбиелеп шығаруға болады.
Зерттеу пәні. Бастауыш мектепте өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдіс- тәсілдерін, формаларын игеру.
Ғылымға пайдасы. Баланың жағымды қасиеттерін тәрбиелеу арқылы өмір сүру қабілетін қалыптастыру.
Практикаға пайдасы. Балалардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен тұрады. Жұмыс соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І бөлім. Өзін-өзі тану пәнінің ғылыми теориялық негіздері
1.1 Өзін-өзі тану пәнінің тарихы
Еліміз, 1991 жылы егемендік алғаннан кейін, оқу орындарында және қоғамдық ортада көптеген ұлттық бағытта өзгерістер бола бастады. Соның бір айғағы ретінде айтар болсақ, ол бүкіл үздіксіз оқу-тәрбие жүйесіне Өзін-өзі тану пәнінің енуі. Бұл пән бала-бақшадан басталып, жоғары оқу орындарына дейін енгізілген. Аталмыш пәннің авторы бәрімізге танымал С. А. Назарбаева. Оқулықтар Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру жобасы негізінде дайындалған. Бұл пән, негізінен, адами құндылықтарды игеруге жол бастаушы болады.
Өзін-өзі тану пәнінің негізгі мақсаты да адамдарға рухани-адамгершілік қасиеттерді игерту болып табылады. Ал, міндетіне келер болсақ, сол игерген қасиеттерін қоғамдық ортада толық пайдалана білу. Тәлім-тәрбиедегі орнына келер болсақ, бұл айтылған рухани-адамгершілік қасиеттерді меңгерген кез-келген адам баласы ешуақытта жамандық жасауға бармайды, әрі толық адам не тұлға болып қалыптасады. Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы - адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына - ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр.
Өзін-өзі тану бағдарламасының негізгі мақсаты - адамның қоршаған ортаны танып, біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру [1, 500-501-бб.]. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны адамгершілік рухани тұрғыдан дамыту, ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиеттерімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. Өзін-өзі танупәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз. Өзін-өзі тану пәні қазірдің өзінде мектеп оқушыларының сүйіп те, тамсанып оқитын пәндердің біріне айналып отырғаны сөзсіз.Сонда бұл пән өзгелерден несімен ерекшеленеді? Жалпы, өзін-өзі тану пәні - адамның өзін-өзі толықтай танып біліп, дұрыс жолға бет алып, жан дүниең мен сыртқы келбетіңді үндестіріп, рухани азық сыйлайтын пәндердің бірі.
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі.
Сабақты өткізе отыра, балалардың өзіне деген сенімділігін нығайтып, олардың бойына имандылық қасиеттерді дарытып, жағымды ойларға бейімдейді. Ал берілген материалдар мазмұнының бала жасына лайықты, әрі қызықты болуы. Біздің ұстаздар ең бірінші балалар үшін әсерлі және ыңғайлы жағдай туғызады. Балалармен қарым-қатынастардың түрлері олардың әсерлеріне бағытталады. Себебі, бұл олардың жақсы ойларын бұзатын кейіпкерлерден аулақ етіп жақсылыққа жетелейді, өмірде табыстарға жетулеріне көмектеседі, ішкі дүниелерінің үндестікте болуын қадағалайды, ешқандай да материалдық жақсы жағдайлар қуаныш пен бақыт әкелмейтініне көздерін жеткізеді. ХХІ ғасырда көтеріліп отырған Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол - халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану - адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған. Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімі - ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі [2, 405-б.].
Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар - ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ. Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі - білім, екіншісі - сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты- әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу.
Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді. Осы кезде біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты - әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету.
Осыларды ескере отырып, еліміздің мектептерінде 2001 жылдан бері, Өзін-өзі тану бағдарламасы саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізіліп келе жатқан еді. Өзін-өзі тану пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану - адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны деген болатын, қазіргі біздің Өзін-өзі тану пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес. Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс, яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше [3, 112-б.].
Оқушының жас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасты қалыптастыру
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Патриоттық қасиеттерді қалыптастыруды дене шынықтыруда пайдаланудың педагогикалық жолдары
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Оқушы тұлғасын қалыптастыруда, тәрбие үрдісі
Адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Пәндер