Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Орал гуманитарлық техникалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Орта мектептің 7-ші сыныптарында сөйлеуіндегі ынтымақтастық

Орындаған:
Жетекші:

Орал, 2017

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Ортаңғы деңгейде оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктерін дамыту
1 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. Орта мектептің 7-ші сыныптарында сөйлеуіндегі ынтымақтастықты дамытуға арналған жұмыстар
2.1 Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Шет тілінде оқушылардың дайындықсыз сөйлеу қабілетін дамыту ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда.
Шетел тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым - қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым - қатынас жасауға мүмкіндік туады. Шетел тілінің қызметі - оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан - жақты дамыту.
Зерттеу өзектілі. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым - қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады. Мектептерде 5 - 6 - 7 сыныптарының жаңа буын оқулықтарын пайдалануда. Оқушыларға оқулықтар ұнайды, себебі олар қабылдауға жеңіл, қызықты материалдармен қамтамасыз етілген, тапсырмалары әр деңгейге лайықтап, қиындатылып берілген. Жаңа буын оқулықтары жаңа технологияны басты назарға алып отырып құрылған. Бұл оқулықтардағы материалдар әлімдік деңгейдегі проблемалардан хабардар болуға, оларды шешудің жолдарын табуға, өз еліміздің тарихымен, салт - дәстүрлерімен байланыстырылып құрылған. Қандай тілде болмасын оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс іске асырғанда ғана мақсатқа жетуге болады емес пе? Мысалы, мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс - бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыпшаларды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез - келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Cонда ғана оқу стратегиясы жүзеге асырылады. Берілген мәтіннен кейінгі жаттығулар оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне қарай құрылған. Жаңа тақырыпты өткенде жаңа сөздерге көп көңіл бөлемін. Сөзден сөз тіркестерді, сөйлемдер құрылады, сондықтан оқушының жаңа сөзді дұрыс қабылдап, ойына сақтау барысында әр түрлі ойындар жүргіземін. Ойын оқушының тілге деген қызығушылығын арттырады және оқушыны тілді үйренуде жақсы жетістіктерге жеткізеді.
Зерттеудің мақсаты. Орта мектепте шет тілін оқытуда қарым-қатынас, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру жұмыстарына сипаттама беру.
Зерттеудің міндеттері:
-- шет тілін оқытуда ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырудың әдістемесін жасау;
-- шет тілін оқытуда оқушыларды тыңдау, түсіну іскерліктерін дамыту жұмыстарына сипаттама беру.
Зерттеу әдістері: зерттелетін проблемалар жөніндегі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу; психологиялық-педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық бақылау, әңгімелесу, сауал-сұрақ жасау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Ортаңғы деңгейде оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктерін дамыту
1 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым - қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тыңдап түсіну - сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тыңдап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық есту қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процесс болғандықтан жалпыға ортақ қиындықтарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Олар: оқушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай оқушыға тыңдаған мәтіннің Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және грамматикалық материал мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік және потенциальдық сөздік қорын байыту;
Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Оқушы өз мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің жолы - сабақта техникалық құралдарды жиі қолдану керек;
Мұғалім әдетте сабақта өте баяу ырғақпен сөйлейді, мұндағы мақсат оқушылар оның айтқан сөзін түсінсін дегендік. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне бұл қиындықты сабақта тек техникалық құралды қолдану арқылы жеңуге болады;
Мұғалім сабақта шетел тілінде сөйлегенде, айтқан сөзін оқушылар түгел түсінсін деп бірнеше рет қайталап айтады. Оқушылар осы қайталауға үйренеді. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, сондықтан мұғалімнің мақсаты оқушылардың тыңдаған мәтіннің мазмұнын бір - ақ рет тыңдағанда түсінуге үйрету. Ал кей жағдайларда оқушылар мәтіннің мазмұнын бір рет тыңдағанда түсінбесе, оны екінші рет тыңдатуға болады, бірақта бұл жолы мұғалім тыңдайтын мәтінге қосымша бір тапсырма беруіне болады. Мысалы, мәтінді екінші рет тыңдаңдар да, бұл оқиғаның басты кейіпкеріне оқиға уақытына оқиға жеріне және т.б. назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;
Келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет -әлпетіне көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл - қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді, бірақта мұндай жағдай ылғида бола бермеуі мүмкін (телефон арқылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау, т.с.c.). Жоғарыда айтылған қиындықтарды жеңудің алғы шарты - мұғалімнің сабақта техникалық құралдарды кеңінен пайдалануы және тыңдау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларды дұрыс ұйымдастыра алуы.
Оқушылардың түсініп тыңдау қабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады.
Бірінші топ жаттығуларының мақсаты - мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын ала жою.
Екінші топ жаттығудың мақсаты - мәтінді тыңдауға арналған жаттығулар. Мұнда оқушылар мәтінді тыңдап, оның тақырыбын, идеясын анықтай, берілген кестенісызбаны және т.б., толтыру, сұрақтарға берілген жауаптардың мәтін мазмұнына сәйкес келетінін анықтау және т.б.
Үшінші топ жаттығудың мақсаты - мәтін мазмұнын толық түсініп, оқушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және талдау жасай алу. Мысалы, тыңдаған мәтіннің тақырыбын талдау, мәтін мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу және т.б. Үшінші топ жаттығуларын орындау барысында оқушыларға тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т.б. ұсынуға болады.
Төртінші топ жаттығудың мақсаты - оқушыларды мәтін мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын айтқызу, пікір - талас ұйымдастыру, "дөңгелек үстел" ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу және т.б.
Енді тыңдауға арналған мәтіндерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар:
+ тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
+ мәтіннің берік логикасы болуы шарт;
+ мәтіннің мазмұнында тыңдаушылар үшін қызықты жаңа мәселе болуы керек;
+ мәтіннің аутенсивті, яғни шындыққа негізделген, жасанды мәтін емес болуы тиіс.
Жоғарыда айтылған ойларды қорытындылай келе, оқушылардың тыңдап түсіну іскерліктерін қалыптастырып, дамыту қажет. Егерде тыңдап түсіну іскерліктерін дамытпасақ, оқушылардың шетел тілінде сөйлеу алуға да үйрете алмаймыз.

1.2 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері
Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, сауаттылығын арттырудың негізгі жолы. Бұл мәселе ағылшын тілі пәніне де тікелей байланысты. Осы саладағы пәннің негізгі мақсаты мектеп оқушыларын шетел тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу. Осы жолда мұғалімнің шығармашылық белсенділігі, іскерлігі үлкен көрініс табады.
Мұғалім сабақтың әр минутын тиімді және дұрыс пайдаланғанда ғана көздеген нәтижеге жетеді. Бұл нәтижеге жету үшін мұғалім тіл дамыту жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыра білуі керек.
Оны қандай тиімді жолдармен жүргізуге болады?
Сабақты баланың ойын осы сабаққа аударатындай тиімді әдісті қолдана отырып бастау керек. Ол әдістің бірі - диалог. Бұл әдіс бір жағынан оқушының тілін шетел тілінде сөйлеуге жаттықтыру болса, екінші жағынан диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесу болып табылады. Диалогты үлгерімі орташа оқушыларға пайдалану тиімді. Диалог арқылы әр сабақта оқушымен сөйлескенде сұрақтар қоя отырып, бүкіл сыныпты жұмылдырып алып, балалардың зейінін өзіне аудару арқылы түрлі тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады.
Күнделікті сабақ барысында тіл дамыту үшін төмендегідей тәсілдері пайдалануға болады:
- сөздік арқылы тіл дамыту;
- мәтінге байланысты тіл дамыту;
- көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту;
- үйірмеге және басқа жұмыстарға қатысу арқылы тіл дамыту.
Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс сөз үйрету болып табылады.
Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы - тіл дамыту жұмыстары болуы тиіс. Оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар туралы мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді ағылшын тілінде дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты, жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапқа сай жүргізілуіне байланысты.
Тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері төмендегідей:
1.Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру;
2.Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру;
3.Оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру;
4.Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастыру;
5.Шағын көріністер даярлату;
6.Мәтінмен жұмыс жүргізу.
Осының ішінен ең басты орын алатыны - мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі - берілген материалды түсініп оқу. Себебі оқушы оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқыза отырып, әрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мәтінді түсініп оқуға баулу қажет. Егер мұғалім мәтін бойынша тек: оқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын әңгімелету сияқты түрлерін пайдаланса, бұл бір сарынды болып келіп, оқушыларды жалықтырады және пәнге деген қызығуын төмендетеді.
Ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады:
Мәтінді өзгертіп баяндату.
Мысалы: "Менің ойымша", "Мен өз тәжірбиеме сүйеніп айтып отырмын", сияқты сөз тіркестерін қолдану.
Оқылған әңгіменің мазмұнын оқушыларды түгел қатыстыра отырып баяндату. Жұмыстың бұл түрін қолдану барысында әңгіменің мазмұн желісінің үзілмей толық қамтыла әңгімеленуіне көңіл бөлу керек. Ол үшін әрбір оқушы өзіне дейінгі айтылған сөйлемді түсуіне қабылдай отырып, айтылар ой байланысын үзбей, жалғастырып алып кету талабы қойылады. Осылайша әңгімелету барысында тіл үйренушілер қолдануға қажетті сөздерді дұрыс және тез іріктеп ала білуге дағдыланады.
Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтату. Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады.
Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады.
Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, ауыстырылған сөйлемдерді орын, орнына қою арқылы әңгіме құрастыру. Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сүйене отырып, әңгіме құрастыру. Жұмыстың бұл түрі мәтін құрамындағы әрбір сөздің мән - мағынасын нақты түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді.
Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру. Осы тәсілмен кез келген мәтінді диалогқа айналдыруға болады. Мәтінмен жұмыс істеудің бұл тәсілі арқылы шәкірт өз ойын хабарлы сөйлем түрінде баяндау білумен бірге сұраулы сөйлем жасаудың амал - тәсілдерін игеруге, яғни кез келген хабарлы сөйлемді, грамматикалық, жақтық, шақтық, категорияларды дұрыс пайдалана отырып, сұраулы сөйлемге еркін түрде айналдыруға жаттығады.
Мәтінмен, іріктеліп алынған сөздердің синонимдік, омонимдік, антонимдік сыңарларын анықтату. Лексикалық жұмыстың бұл түрі шәкірттердің сөздік қорының молаюына, тіл байлығының өсуіне тікелей ықпал етеді.
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлеріде өте көп.
1.Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету.
2.Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу.
3.Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.
4.Мәтін бойынша сурет cалғызу.
Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалардың амал - тәсілдерін түрлендіріп, қолдану - шәкірттердің ауызекі сөйлеу тілін дамытуда, ой - өрісін жетілдіруге, алған теориялық білімдерін іс - жүзінде пайдалана білуге жаттықтыруда үлкен маңызға ие. Жастарымыздың шет тілінде еркін сөйлеп, жаhандық экономикаға жақындай түсулері - заман талабы.
Ғылым мен техниканың жылдан - жылға жедел қарқынмен дамуына байланысты шәкірттерге дәріс беруде жаңа технологияларды енгізу оқушылардың білімін көтеруге үлкен әсер етіп отыр. Технологияның түрлері көп:
- деңгейлеп оқыту технологиясы;
- блокпен оқыту технологиясы;
- модульдеп оқыту технологиясы;
- В.Ф. Шаталовтың технологиясы.
Оқушының тілді меңгеруге ықыласын, ұмтылысын, қызығуын арттыратын ең тиімді технологияның бірі - жерлесіміз Нұрша Оразақынованың "Сатылай комплексті талдау" технологиясы екені анық. Себебі, бұл технологияның жұмысы жаңа сабақты түсіндіруде де немесе қайталап қорытындылауда да қолдануға қолайлы. Өйткені оқушыға мәтінді үйретуде бұл технология білімді сатылап, жүйелеп бірізділікпен меңгертеді.
Мысалы: 8 - сыныпта "Great Britain" тақырыбын өткенде оқушылар мәтінді төмендегі сатылай кешенді талдау арқылы әңгімелей алады.
Great Bretain
1. Country Great Britain
2. Population 57 million
3. Capital. London
4. The area of UK 244.100 square kilometres
5. Parts England. Scotland. Wales. Northern. Ireland.
6. Islands 5500 islands
7. Climate Mild climate
8. Rivers the Thamesthe Seven
9. Weather often rains in England
Инновациялық технологиялардың көптігіне, олардың түрі мен әдістерінің сан - салалағына қарамастан, әр технологияның элементтері өзара бір - бірімен байланысып кірігеді.
Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше орын алады. Қазіргі таңдағы техникалық оқыту құралдары - телефон, телевизор, магнитофон, мультимедиялық кабинет арқылы оқыту тілдерді меңгерту қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағытта қол жеткізген табыстарымызды сын көзбен қарап, саралап ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізуді қажет етеді.
Қорыта келгенде шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты әртүрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру.

2. Орта мектептің 7-ші сыныптарында сөйлеуіндегі ынтымақтастықты дамытуға арналған жұмыстар
2.1 Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жолдары
Қазіргі таңда шет тіліне үлкен сұраныс болуына байланысты елімізде сөйлеу мәселесі қолға алына бастады. Өйткені сөйлеу мәселесі өзекті болуының себебі шет ел мемлекеттерімен қарым-қатынас негізгі мақсаты болуына байланысты студенттердің дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орындарында шет тілінде тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарды, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөзін түсініп, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеріп, шет тілінде қарым- қатынас жасауға дағдыланады.
Жан - жақты ойластырған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді (лексика, грамматика, фонетика) жеңілдетеді, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Тілдік шығармашылықты (есту, сөйлеу, оқу, жазу) орындауға тиімді. Ойын балаларды шетел тілін меңгерудегі қиындықтарға дайындайды және осы қиындықтарды жеңіп шығаруға көмектеседі.
Ойынды ағылшын тілі сабағының, бірақ жоғары сыныптарда берілетін тіл материалының мазмұны мен тапсырмаларының түрі тіл материалын жай қабылдауға емес, білімін дамытуға, ойландыруға, жағдайларды салыстыруға, ойша бөлшектеп талдау жасауға, біріктіріп ұластыра жасауға, қорытындылауға қызмет етуіне көңіл аудару керек. Ойындарды сабақ үстінде ғана емес, үзілісте, сабақтан тыс уақытта да ойнауға болады. Бұл балалардың демалатын уақыты. Ойынның негізгі мақсаты - сөздерді, сөйлемдерді ағылшын тілінде дұрыс айтуға балалардың тілдерін жаттықтыру.
Оқулықтың ерекшелігі тілді үйретудің әр дағдысына белгілі бір стратегиялар ұсынады. Мысалы, тыңдасым: тыңдауға дайындық, ең маңызды сөздерге көңіл бөлу, арнайы мағлұмат алу, пікірлерді ажырату, өз сұрақтарын дайындау, керектілерін жазып алу, стилін ажырату, өз пікірін білдіру сияқты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың кассеталардан жаңалықтарды, диалог, монолог, әңгіме, өлең тыңдауға мүмкіншіліктері бар. WARM - UP (ой ашар) тапсырмалары және келісу - келіспеу, рөлдік ойындар, пікір білдіру, суреттеу т.б. түрлері арқылы оқушылар алған білімдерін іске асырады. Оқушылар сабақта үйренген іскерліктері мен дағдыларын пайдаланып, өз ойларын жүйелі түрде айтып жеткізе алады.
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. GRAMMAR SUMMARY - қолданып, ережені еске түсіріп отырады. Оқулықтағы жаттығуларда берілген деңгейлік тапсырмалар оларды оқушының білім деңгейіне қарай орындауына мүмкіндік береді. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Тақырып соңында оқушылардың қай тапсырмаларды қандай деңгейде меңгергендерін біліп, талдау жасау мүмкіндіктері бар. Берілген тест тапсырмаларын олар берілген кілт арқылы тексеріп, мұғалімнің көмегімен қателеріне дер кезінде талдау жасай алады. Оқулықта ұсынылған іс - шаралармен шектелмей, мұғалім өзі де шығармашылықпен жұмыс істеп, нәтижелі сабақтарды жоспарлауына болады. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді. Оқушылардың білім және білік дағдыларының жетілуіне В.Ф. Шаталовтың тірек конспектілері мен тірек сигналдарын пайдаланау оқытудың белсенді әдісі. Мен бір ғана технология жүйесімен жұмыс жасап жүрмін деп айта алмаймын, өйткені шетел тілін оқытуда барлық әдіс - тәсілдерді қолдануға болады деп ойлаймын. Деңгейлік тапсырмалар оқушыларға беруге болады, топпен, жеке оқушымен жұмыс істеуге болады, Венн диаграммасын қолданамын. Осы тәсілдердің барлығы оқулықта жақсы берілген, сондықтан біз, ұстаздар, шығармашылықпен ойланып, оқушыларға түсінікті болатындай, ойға қонымды етіп өз жоспарымызды құруымыз керек. Тірек конспектісін қолдану сөйлеу дағдысына көп көмегін тигізеді. Тақырыптың негізгі мағынасы осы тірек конспектісінде көрнекі беріледі. Тірек плакатын пайдалана отырып әңгімені толық түсіндіруге, артынан қиын сөздерге мән бергізуге болады. Мысалы: "Ауа - райы" тақырыбына көрнекілік. Тірек сигналдарын пайдаланып, әртүрлі фраза қолдануға болады, сондықтан Шаталовтың көп рет қайталау принципі жүзеге асады. Тірек схемалары лексикалық және грамматикалық материалды түсіндіру, бекіту мақсатында және монолог, диалог, тындасымды түсінуде де қолданылады. Шетел тілін оқуда көрнекі құралдарды қолдану көп көмегімен тигізеді. Мысалы: 6,7 сыныптағы көрнекілік "Түсіндіре басқарып - оздыра оқыту" технологиясы бойынша Венн диаграммасы ағылшын тілінде тақырыпты қорытындылағанда қолданылады. "Оздыра оқыту" әдісі оқушы қабілетін, деңгейін саралап оқыту. Деңгейлік тапсырмалар беріледі. Білімді тексеруде, дәстүрлі емес сұрақтар, өзгертпесөз, сақиналар құпиясын ашу, тест сұрақтары, басқатырғы, жұмбақтар шешу т.б. қолданылады.
Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Мәселен, сабақтың алдында "берілген тақырып туралы оқушы не біледі?" деген мақсатпен "Сұрақ - жауап", "Талқылау", "Ой алмасу" сияқты тапсырмалар беріледі. Оқушының жауабы негізінде жаңа тілдік материалдар бойынша жұмыс жүргізіледі. Басты көңіл бөлінетін нәрсе - сөйлеу және оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін, жазуды үйренеді. Оқу процесінде ойын ойнау да аса маңызды. Ойын кезінде бұрыңғы өтілген сөздер мен сөз тіркестері және грамматикалық материалдар қайталанады. Мысалы: "Көңілді қарындаш" ойыны. 5,6,7 сынып оқулығы тілді дәстүрлі түрде оқыту және актуальды оқыту әдісінде жазылған. Сабақ үрдісінде шәкірттер оқуға үйренеді, яғни өз бетімен ізденіп білім алудың жолдарын, тәсілдерін білуге бейімделеді.
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт - бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін - өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Осы негізде оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шығармашылығы қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан әрекет, оған ең алдымен, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен бағдарламалар қажет, яғни білім деңгейін жоғары көтеру негізгі мәселе. Сондықтан тілді үйрету үшін сөйлесу әрекетіне дағдыландырылады. Өзге тілді үйрену барысында, студенттің қабілеттілігі мен бейімділігі, шеберлігі мен икемділігі ерекше орын алады. Тілді тәжірибеде пайдалану - сөйлесу, қарым-қатынас жасау. Қарым- қатынастың дамуының түрлері, қатысым үрдісі, оның мазмұны, негізі маңызы және құрамының жүйесі бар. Студенттерді сөйлеуге үйретуде осы ерекшеліктер негізге алынады. Сондықтан сөйлеу үрдісі қатысымдық негізде құрылады және сөйлеу құралдарын игеру мен оны қарым-қатынаста пайдалану, сөйлесу икемділігі мен дағдыларын сапалы қалыптастыруға ықпал етеді. Сөйлеу тілін дамыту әрқашан әдісте қаралып отырады. Оның маңызы, қажеттілігі айқындалып, шет тілінде сөйлеу жақсы деңгейде дамып, әрі жастар арасында тілге деген үлкен қызығушылық орын алуда. Дегенмен де, сөйлеуге жаттықтырудың негізгі атаулары және категориялары, тілді дамытуға арналған жұмыстар, сөйлеудің мазмұны, құралы.
Студенттердің тіл байлығын бағалау қалыптары анықталмаған, бірақ қазіргі тіл дамыту әдістерінің өзіндік зерттеулері бар, керекті педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық базасы жетіле бастаған. Бұл мәселелер студенттердің қатысымдық әрекет негізінде сөйлеуге үйретудің өзектілігін анықтайды. Егер студенттерге білім беру және іскерлік пен дағдыны сіңдіру процесі педагогикалық қарым-қатынастың қандай ынталандырушы түрінде берілгендігі және ұйымдастырушылығы ескерілмесе, онда сабақтың сәтті болуын мәтіндердің мазмұны да, тиімді жаттығуларды да, әдіс-тәсілдер мен құралдарды іріктеп алуды да қамтамасыз ете алмайды. Сабақта қарым- қатынас кезінде сезімталдық пен тілектестік, табиғилық пен еркіндік, адамгершілік жағдайын жасау студенттің тілдік қызметін және белсенділігін жандандырады. Әдеттегідей, оқытушы сабақтарда студенттермен іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыруға тырысады, онда шет тілінде сөйлеуді қолдайтындығын, ынталандыратындығын, қуаттайтындығын және тағы басқа танысу үшін қолданылады. Өкінішке қарай, іс жүзінде оқытушылардың студенттермен қарым-қатынасының мынадай түрлері таралған: педагог талап етеді - студенттер оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
7-8 сыныптардағы араб тілі сабақтарында жаттығуларды ұйымдастыру жолдары
Мәтінмен жұмыс жасау
Шетел тілін оқытуда музыканың ролі және оны қолдану әдістері
Ағылшын тілі сабағында жаттығуларды қолдану
Ағылшын тілінде дамытушы ойындар мен жаттығулар
Шет тілін оқытуда тыңдап – түсіну дағдысын
Шетел тілі сабағында аутенттік мәтіндерді қолдану
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері
Ағылшын тілінде оқушыларды тыңдап - түсінуге үйрететін жаттығулар
Тындап түсіну арқылы ағылшын тілін оқыту
Пәндер