Алтай таулы өлкесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Орта Азияның таулы аймағы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2017ж.
Жоспары
Кіріспе
1.Қазақстанның биік таулы аймақтарына жалпы шолу
1.1 Қазақстанның таулы аймақтары
1.2 Қазақстанның биік таулы аймақтарының геоморфологиялық бөлінуі
2 Орта Азияның биік таулы өлкесі
2.1. Алтай таулы өлкесі
2.2. Тәңір шыңы - Тянь-Шань
2.2.1 Тянь-Шань тауының ірі тау жүйелері
2.3.Сауыр-Тарбағатай тау жоталары
2.4. Жоңғар Алатауы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан жер беті жалпы алғанда жазық болып келеді. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында ғана, басында мәңгі қары бар биік таулар жатыр. Сондықтан Қазақстанның территориясындағы гипсометриялық сызық бейнесінің солтүстікке және батысқа қарай өзгеріп, бірте-бірте аласарайтынын байқауға болады.
Аймақтың қазіргі рельефінің қалыптасуына Орал-Тянь-Шань геосинклиналының оңтүстік бөлігінің көтеріліп, құрлыққа айналу тарихымен байланысты. Қазақстан территориясы геологиялық дәуірдің белгілі кезеңдерінде не көтерілу, не шөгу процестеріне кенеліп отырған. Бұл фактор аймақ территориясының орографиясына біршама ықпалын тигізді.
Аймақтың территориясының көп бөлігі ойпаттардан, жазықтардан, үстірттерден және биіктігі 500 метрге жететін қалдық аласа таулардан тұрады. Пайыздық үлесі бойынша Қазақстан территориясының тек 10% ғана биік таулы облыстарға, ал қалған 90% жоғарыда көрсетілген геоморфология бірліктерінің үлесіне тиеді. Республикадағы негізгі тау жүйелері Орта Азияның басты тау жүйелерінің бір бөлігі: Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Солтүстік Тянь-Шань таулары. Және бұл таулар Орта Азия тауларының бір бөлігі бола отырып, осы таулардың шеткі нүктелерінің тізбектерін құрайды.
Жұмыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
* Орта Азияның таулы облыстарының физикалық қасиетін, оның табиғат ерекшеліктеріне, зоналық ерекшеліктеріне және аймақтық орографиялық қасиеттеріне толық сипаттама беру;
* рельеф құраушы факторларды анықтап, олардың геологиялық тарихымен байланысын көрсету;
* жұмыс арқылы экологиялық мәселелерді көрсете білу,
* тау етектерінде орналасқан қорықтарға жалпы сипаттама беру.

1.Қазақстанның биік таулы аймақтарына жалпы шолу
1.1 Қазақстанның таулы аймақтары

Орографиясы: Қазақстанның шығысында және оңтүстік - шығысында жатқан таулы аймақтары Орталық Азияның шеткі тау тізбектерінің жүйесіне жатады. Олар бір - бірінен едәуір кең тау аралық ойыстары арқылы бөлінген жеке тау жүйелерінен тұрады. Бұл таулы аймақтар солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай тау аралық ойыстармен кезектесіп отырады: Алтай, Зайсан қазан шұңқыры, Сауыр- Тарбағатай, Балқаш-Алакөл ойысы, Жоңғар Алатауы, Іле ойысы, Солтүстік Тянь - Шань, Шу - Талас ойысы, Батыс Тянь - Шань.
Қазақстанның шығысындағы және оңтүстік - шығысындағы барлық тау жүйелерінің кейбір жалпы орографиялық ерекшеліктері бар.
Біріншіден, бұл әрбір тау жүйелерінен батысқа және солтүстік- батысқа қарай созылып жатқан үлкенді кішілі тарамдары (жоталары) байқалады: Алтайдан, Қалба жотасы, Сауыр - Тарбағатай Қазақтың қатпарлы өлкесімен жалғасады, Жоңғар Алатауынан Үшкөл жотасы, Солтүстік Тянь - Шаньнан Шу - Іле таулары, Батыс Тянь - Шаньнан Қаратау жотасы. Осы жоталардың бәрі де негізгі жүйеден қашықтаған сайын бірте - бірте аласырып, жазықтармен ұласады. Бұл жоталар Альпі орогенезіне аз ұшыраған. Олардың қазіргі бағыты (солтүстік, солтүстік - батыс) ежелгі жоталардың орналасу бағытына сәйкес келеді, бұл жағдай Орал-Тянь - Шань геосинклинальының жалпы ішкі байланыстығын көрсетеді.
Екіншіден, Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығысындағы таулы өлкелердің төменгі палеозой жыныстарынан құралған солтүстік бөліктерінде төбесі тегіс биік тау қыраттары көп, ал жоғарғы палеозой жыныстарынан құралған оңтүстік бөліктерінде тау қыраттары сирек кездеседі және олар едәуір биік, ауданы жағынан кіші болады. Таулы өлкелердің барлық жоталарының солтүстік беткейі көлбеу, оңтүстік беткейі тік келеді. Бұл ерекшелік таулы өлкелердің солтүстік бөлігінің ертерек және бірнеше рет көтеріліп, альпі тау жасалуында жалпы көтерілу күшінің оңтүстіктен солтүстікке қарай баяулаумен байланысты. Республикамыздың биік таулы аймақтарының орографиялық, ұқсастығы - тек жалпы ұқсастық. Ал шынында, әрбір таулы аймақтардың өзіне тән орографиялық ерекшеліктері бар.
Рельефі. Қазақстанның биік таулы аймақтарының қазіргі рельефі өте күрделі және әр түрлі. Қатар орналасқан бір ауданның өзінде бір - бірінен өте үлкен айырма жасайтын рельефтің формалары кездесіп отырады. Биік таулы аймақтардың рельефі нағыз альпілік формада болады. Мұнда терең әрі тар әр түрлі шатқалдармен бөлініп жатқан биік шыңдар кездеседі. Шыңдардың салыстырмалы биіктігі 1000 м-ге дейін, құламасының еңістігі 90° жетеді. Сонымен қатар мұнда төбесі жазық кең тау қыраттары кездеседі. Бұлар жазда мал жайылымына пайдаланылады.

1.2 Қазақстанның биік таулы аймақтарының геоморфологиялық бөлінуі

Қазақстанның биік таулы аймақтарында тектоникалық және экзогендік процестердің бір дәрежеде болмауының салдарынан рельефтің белгілі бір типтері және формаларымен бейнеленетін вертикальдық геоморфологиялық белдеулер мен ярустардың қалыптасуын байқаймыз.
Қазақстанның биік таулы аймақтарында, әдетте геоморфиялық белдеудің үш түрі (тау етегі, тау алды және тау) кездеседі.
Тау етегі белдеу тау етегіндегі жазықтарды қамтиды. Олардың қалыптасу тегі негізінен экзогендік процеспен байланысты. Бұлар: а) жоғары төрттік дәуірдің шөгінділерінің құралған өзен аңғарларындағы жас аллювиалдық жазықтар.
б) Ертедігі тегіс жазықтар. Бұл жазықтарға ертедегі төрттік дәуір шөгінділерінен құралған өзен аралықтары жатады.
Тау алды бедеу тау алды аймақты қамтиды. Оның рельефінің қалыптасу тегі экзогендік және эндогендік күштерінің арақатынасының тұрақсыздығымен байланысты. Бұл жерде рельефтің мынадай негізгі типтерін айыруға болады:
1. Тау алды қыраттар. Жергілікті жерде оларды өрлер деп атайды. Тау алды қыраттар рельефтің ең жиі кездесетін түрі. Олар әдетте мезозой - кайнозойдың борпылдақ шөгінділерінен, ал кей жерлерде неогеннің саздарынан құралған. Бұларды адыр деп атайды. Адырлар ұсақ жырлармен өте көп тілімденген.
2. Тау алды еңіс жазықтар. Бұл жазықтар борпылдақ жас шөгінділерден құралған өзен аралықтарында жатады.
3. Белесті - дөңді, төбелі жазықтар. Олар беті жұқа делювий қабатымен жабылған ертедегі палеозой дәуірінің қатты жыныстарынан құралған.
4. Рельефтің қарқаралы - аңғарлы түрі. Бұл тау алды рельефінің айырықша түрі. Мұндай рельеф өзен аңғарларының таудан шығар жеріне тән.
Тау белдеуі - биік таулы аймақтың негізгі бөлігі. Оның рельефі эндогендік күштеріндің басымырақ әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан. Бұл белдеу аласа, орта, биік таулы болып үш геоморфологиялық ярусқа бөлінеді. Кей жағдайда өте биік жоталардың су айырық жерлерін альпілік ярус деп ерекше бөледі.
Тау белдеулерінде эндогендік және экзогендік күштердің қарама-қарсы әрекеті анық байқалады. Сондықтан бұл белдеудің рельефі өте күрделі. Мұнда кездесетін рельефтің мынадай негізгі түрлерін көрсетіруге болады:
1. Рельефтің альпітік немесе тік беткейлі, тілімденген түрі. Ол көбіне Қазақстанның биік таулы аймақтарына тән, әсіресе биік тау жоталарының су айрығы бөліктерінде көп кездеседі. Оның ерекшелігі өте тілімденгені мен салыстырмалы биіктігінің үлкендігінде (1000 м). Беткейлердің құламасы (90°), ертедегі мұз басу іздері кездеседі. Бұлар мұз қарлары, торгты аңғарлар және мореналы төбелер түрінде орналасқан. Рельефтің альпілік түрі таулы аймақтарымыздың барлық жерлерінде кездеседі (бұған Оңтүстік Алтай, Жоңғар Алатауының оңтүстегі бас жотасы, Батыс Тянь - Шань жоталары жатады).
2. Тау үсті жазығы немесе бізше кәдімгі жайлау соңғы оргенез тұсында биікке көтерілген ертедегі пенеплендік жазықтың қалдығы болып табылады. Рельефтің бұл түрі кейде тегістелген жазық деп те аталады. И.С.Щукин оны рельефтің жоңғарлық түрі деп ерекше бөледі.
Осы атап отырған рельефтің жоңғарлық түріндегі тегістелген жазық бетінің көпп тілемденуіне қарамастан, үсті теп - тегіс болып альпілік рельефтен үлкен айырма жасайды. Тау үсті жазығы Алтайдың шығысында, Солтүстік Жоңғар мен Орталық және Солтүстік Тянь - Шаньда кең тараған.
3. Жатық таулар. Оның ерекшелігі - төбелері жұмырлана тегістелген, беткейлері біршама көлбеулеу. Рельефтің бұл түрі көбіне орта және аласа тауларға тән.
4. Бойлық аңғарлар мен тау аралық қазан шұңқырлар. Бұлар биік таулы аймақтардың бірнеше рет көтеріліп, биіктеу нәтижесінде пайда болған. Олардың табаны кең, тегіс немесе сәл адырлы, дөңестеу келеді, беткейлері көлбеу болады. Олар Қазақстанның биік таулы аймақтарының көптеген жерлерінде, әсіресе Орталық Тянь - Шаньда кездеседі. Мысалы, Кеген - Текес аңғарлары т.б.
5. Тектоникалық көлденең аңғарлар мұздықтардың әсерімен өзендердің эрозиялық әрекетінен пайда болған. Олардың беткейлері тік және өте тілімденген болады, табаны тар болып келеді. Көлденең қимасының көрінісі алуан түрлі формада болады.

2 Орта Азияның биік таулы өлкесі
2.1. Алтай таулы өлкесі
Алтай Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай-Саян таулары деп аталатын аса үлкен тау жүйесінің бір бөлігі. Қазақстаннға оның оңтүстік-батыс шегі ғана кіреді. Оның оңтүстігі Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, батысы Қалба жотасы. Сарыарқадан - Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы 4506 метрге жетеді.
Бұл тау жүйелері негізінен ТМД территориясынан тысқары орналасуымен ерекшеленеді. Шет мемлекеттер территориясында Моңғол Алтайы, Гоби Алтайы Моңғолияның солтүстік-батысында орналасқан таулар мен су қоймаларды да айтып кетуге болады. Солтүстіктегі таулар жүйесінің шекарасы жақсы тілімделіп, көрсетілген. Батысында Қазақтың ұсақ шоқысымен морфоструктуралық белгісімен, шығысында Байкал тау жүйесі - Тунка ойпаты арқылы өтеді.
Алтай тау жүйесі солтүстік-батыстағы тілімденген тау-аралық суқоймалар бөлігімен, негізінен орташа және биік таулармен, ал ТМД территориясынан тысқары орналасқан тау сілемдерінің орографиялық құрылысы күрделеніп келуімен ерекшеленеді. Тау жүйесінің толық батыс бөлігін Алтай, ал шығыс бөлігін Саян және Тува таулары алып жатыр.
Алтай тауы солтүстік - батысында Батыс Сібір жазығынан басталып, оңтүстік шығысында Гоби шөліне дейінгі аралықта жатқан ірі тау жүйесі. Алтай таулы өлкесінің Қазақстанға оңтүстік батыс бөлігі ғана кіреді. Обь, Ертіс, Енисей өзендерінң суайрығы Алтай тауынан бастау алады.
Барлық Алтай тау жүйесі, сонымен қатар оның Моңғолия территориясындағы бөлігі де герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған. Кайназой эрасында жарылыс жүйелеріне, жоталарға және тау аралық ойыстарға тілімделген. Қазір Альпі типтес жер бедері пішініне жатады. Алтай тауларының Қазақстан жеріндегі тау жоталарының көпшілігінің биіктіктері 3000-3500 метрден асды. Алтай тауларын Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады. Ең биік шыңы - Мұзтау (Белуха-4506метр).
Алтай тауы негізінен палеозой шөгінділері мен метаморфты жыныстарынан түзілген. Кембрийге дейінгі кристалды тақтатас Қатын жотасының негізін құрайды. Кембрийдің әктасы, саздақты тақтатасы, ордовиктің туф шөгінділері және силурдың құмтасы мен туфтары кездеседі.
Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені мен Қара Ертіс, оңтүстігінде Зайсан көлінің аралығында орналасқан. Батысында Ертіс өзені мен шығысында Табын-Богда-Оло тау жүйесімен ұштасып жатады. Сол жерден батысқа және оңтүстік-батысқа қарай Сарымсақты, Нарын және Оңтүстік Алтай (3450метр) жоталары тарайды. Бұл жоталар шығыс бөлігінен батыс бөлігіне қарай біртіндеп араласып, қыратқа айналады. Оңтүстік Алтайдың басты жоталары - Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Күршім және Азутау. Оңтүстік Алтай тауларының оңтүстігі мен Тува таулары негізінен шөлейтті зонаға ұласады.
Кенді Алтай - атына сәйкес полиметалл кен орындарына өте бай. Олар - Лениногор, Зырян, Белоусовка және т.б. кен орындары. Полиметалл кендеріне тән сипат - кен құрамында түрлі заттардың болуы. Мысалы, негізгі материалдарға қосымша мырыш, қорғасын, мыс, алтын, күміс, сурьма, күкірт және т.б. кездеседі. Нарын, Күршім жоталары - алтын және сирек кездесетін металдарға бай. Кенді Алтайдың байлығын жергілікті халық өте ерте заманнан біліп, қажетті бұйымдарын мыстан, қалайыдан жасап пйдаланған. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Кенді Алтай байлығы Ресей патшасының меншігі деп танылады. Сол кезден XIX ғасырдың аяғына дейін 130 жылда 2650 тонна күміс, 150 мың тонна қорғасын, 31 мың тонна мыс, 3 тонна таза алтын өндіріліп, патщаның қазынасына берілді.
Орталық Алтайдың Қазақстанға батыс жоталары кіреді. Олардың бастылары - Листвяга және Холзун жотасы. Листвяга Қазақстанның шекарасында орналасқан Қатын жотасындағы Алтайдың ең биік шыңы Белуха (4506) тауына жақын жерден басталады. Холзун жотасының жер бедері Көбірек тілімделген, бірақ тау басы жалаңаш, аздаған белесті, үстіртті келеді.
Алтай тауы жануарларға да бай. Әсіресе орман зонасының жануарлары басқа зоналарға қарағанда анағұрлым көп. Алтай ормандарында Сібір тайгасының көптеген жануарлары мекендейді. Онда қоңыр аю, қылқан жапырақты орманында елік, мүізсіз бұғы, сілеусін, бұлғын, сусар көп кездеседі. Алтай тауының баурайында марал мен теңбіл бұғы өсірілетін аранайы щаруашылықтар бар. Олардан аса бағалы бұғы мүйізі - панта өндіріледі. [1,2,9]

2.2. Тәңір шыңы - Тянь-Шань
Тянь-Шань таулы өлкесі Азия материгіндегің ірі таулардың бірі. Тянь-Шань деген сөзді қытай тілінен аударғанда Тәңір шыңы, Аспан тауы деген мағынаны білдіреді. Тянь-Шань тау жоталарының орналасуы бағытына қарай: Солтүстік Тянь-Шань, Орталық Тянь-Шань, Шығыс Тянь-Шань деп бөлінеді.
Солтүстік Тянь-Шаньға Ыстықкөлдің тау жоталары - Тарбағатай, Сауыр, Шу-Іле таулары, Жоңғар және Іле Алатауы, Күнгей Алатауы жатады.
Орталық Тянь-Шаньға Қырғыз жотасы, Теріскей Алатауы, Көкшалтау, Ферғана жоталары жатады.
Батыс Тянь-Шаньға ендік бойымен орналасқан Талас Алатауы, Өгем, Піскем, Сондалаш, Шатқал, Алай, Түркістан, Қаратау жоталары кіреді.
Шығыс Тянь-Шань ТМД-елдерінен тыс жерлерде орналасқан.
Тянь-Шаньның тау жоталары ендік бағытта орналасқан. Қазақ жеріндегі ең биік шыңы - Хан-Тәңірі (6995метр). Тянь-Шань тауының геологиялық дамуын екі кезеңге (ежелгі және жас) бөлуге болады. Ежелгі даму кезеңі палеозой эрасы кезіндегі ертедегі тегістелген беткейлері осы уақытқа дейін Тянь-Шаньнің шығыс бөлігінде сақталған.
Қазіргі биік тау бедері жас даму кезеңіне төрттік альпілік тектоникалық қозғалыстарға байланысты.Солтүстік Тянь-Шаньнің бір бөлігі Қытай жерінде орналасқан Кетпен жотасынан басталады. Жотаның солтүстік беткейі оңтүстігіне қарағанда келбеу. Екі беткейінде де өзен көп, олар Іле өзенінің салалары. Тянь-Шань тау жоталары - батыстан шығыс бағытта 2450 шақырымға созылып жатқан күрделі тау жүйесі. Тянь-Шань жоталары палеозой және палеозойға дейінгі тау жыныстарынан, ал тау аралық аңғарлары кайназой, кей жерлерде мезозой шөгінділерінен түзілген. Тянь - Шань тау жоталары каледон мен герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған, бірақ мезозой эрасында болған өзгерістердің нәтижесінде мүжілген аласа тауға айналып, кейіннен альпілік тау жасалу кезінде қайта көтеріліп, қатпарлы-жақпарлы биік тауға айналған. Қазіргі уақытта жоталарының биік бастары мәңгі қарға жамылып, әлсін-әлсін жер сілкінуі болуы Тянь-Шань тау жоталарында әлі де альпілік тау жасалу процесі жүріп жатқанын байқатады. Тянь-Шань тау жоталары пайдалы қазбаларға, оның ішінде полиметалл рудаларына өте бай. Бұл тау жоталарының пайдалы қазбалары әлі толық зерттелмеген.
Батыс Тянь - Шаньның биік белдеулері жоғарырақ жатады. Оған жоғарғы әсер етеді. Топырақ пен өсімдік жамылғысының түрлері де онда биіктік белдеулерге байланысты ауысып отырады. Әсіресе Ақсу - Жабағалы қорығында өсетін өсімдуіктердің алдыңғы Азия мен үндістандық түрлері кездеседі.
Тянь - Шаньның жануарлар дүниесі де оның солтүстік, батыс бөліктерінде өзгеше дамыған. Солтүстік Тянь - Шаньда жануарлардың сібірлік, еуропалық түрлері молырақ кездессе, Батыс Тянь - Шаньда Жерорта теңізіне, Африкаға,, Гималай өлкесіне тән жануарлар түрлері бар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Алтай таулы аймағына сипаттама
Биік таулы өлкелер
Қазақстанның биік таулы аймақтары
Қазақстанның физикалық географиясы
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Көккөл сарқырамасы
Қазақстанның жер бедері
Қазақстандық Алтай өлкесі
Алтай таулы аймағы
Пәндер