Жайықта мен қазақпын



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мәдениет және өнер институты

факультеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Орал өңірінің әдебиет аттары

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Орал өңірінің әдебиет аттары
1.1 Орал өңіріне танымал ақын-жазушылар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Өнер мен әдебиет - егіз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе
Орал - Қазақстанның көне қаласы, Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Қала Каспий теңізіне құятын Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан, үш жағынан Жайықтың, Шағанның суларымен қоршалған. Жалпы аумағы 700 ш.ш. құрайды. Қаланың аты әлденеше рет өзгерді. Қазақтар "Теке", "Орал" десе, ал орыстар - "Яицкий городок", "Уральск" деп атаған.
Осында дүниеге келіп немесе қала тарихымен, мәдениетімен тағдырлары етене араласып кеткен, Орал қаласының атағын шығарған ұлы есімдерді атауға болады.
Қиын ғасырлардың қыл бұрауы осында анық сезіледі. Азап шеккен орыс шаруалары көтерілісіне Кіші жүз қазақтары қолдау көрсетті. XVIII ғ. қазақ халқының данышпан ұлы Сырым батырдың бастауымен қазақ сарбаздары ұлт-азаттық көтеріліске шықты. 1905 жылы Орал қаласында өткен жалпы қазақтың съезі қазақ халқының саяси тұрғыдан сана-сезімін оятты, "Алаш" саяси партиясын құру идеясы осында қолға алынды. Махамбет, Курмангазы, Дәулеткерей, Мұхит сынды тұлғалар қазақ халқының рухани және мәдени өрлеуіне дем берді. Олардың есімдері Жайық қаласының тарихында алтын әріптермен жазылды. Калалықтар Орал шаһарының өсіп-өркендеуіне еңбектерін арнаған есімдерді әрқашан мақтап тұтады. Жалынды ақын Пушкин қалаға қонақ болып келіп, өзінің мәңгі өлмейтін өлеңдерімен халық жадында сақталды. "Оралға келсең барлығы да жаңа, әрі қызықты, келген қонақты төселген кілем мен жайылған көрпенің үстіне отырғызып, қонақасы жегізіп, қымыз ішпейінше еш жібермейді,"- деп орыстың ұлы жазушысы Л.Толстой да таңғала жазған. Ашық та зерек В.Даль қазақтардың өміріне ет жақын араласып, тұрмысын, салтдәстүрін терең таныған. Белгілі жазушы В. Короленко шексіз қазақ даласына қарап: "Казақтар құс секілді бағытты біледі. Қазақ халқы өте кеңпейілді"- деп айтып кеткен.
Ұлы М.Шолохов халқымызды қадір тұтып "...Жайықта мен қазақпын..."- деп жырлаған. Жұбан Молдағалиев: ...Жайық бұрынғы өзен емес, Орал да қалашық емес, кала. Ұлы Құрманғазының күйлері сияқты, Жайық та өзінің сарынды жай ағысымен жүйткіп жатыр, -- деп жыр жырлады.
Хамза Есенжанов, Жұбан Молдағалиев, Хамит Ерғалиев, Жәрдем Тілеков, Сағынғали Сейітов секілді қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері де алғашқы қадамдарын қазіргі Орал өңірі газетінде бастағаны жөнінде ақпарат бар.
Облыста әдебиет пен журналистика саласында қалам тербеген тұлғалардың Орал өңірі газетіне тағдырын қоспағаны кем де кем. Қазақ поэзиясының ең ірі өкілдерінің бірі Қадыр Мырза-Әлінің алғашқы туындылары осы газет бетінде басылды. Газет редакциясында ұзақ жыл қызмет еткен белгілі ақын Жанғали Набиуллин 1963 жылы 1 мамырда Орал өңірі деген атпен шыққан тұңғыш санына кезекшілік еткенін есіне алады. Бұл газетте қазіргі қазақ әдебиеті мен журналистикасының көрнекті өкілдері Ақұштап Бақтыгереева, Айтқали Нәріков, Серікқали Шарабасов, Рахымжан Отарбаев, Мақсот Ізімов, Серікқали Хасанов, Александр Тасболатов, Таңатар Төлеуғалиев, Темір Құсайын әр жылдары қызмет атқарған. Газет редакциясында әр кезеңде қызмет еткен ардагер аға-апаларымыздың еңбек жолы жөніндегі тарихи деректер мен құжаттарды Жайық Пресс ғимаратындағы баспасөз мұражайынан көруге болады.
1. Орал өңірінің әдебиет аттары
1.1 Орал өңіріне танымал ақын-жазушылар

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 )
Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, ер рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жәнібек ауданы) дүниеге келді. Жастайынан ақыңдық өнерге құмартып өсті. Аскан дарындылығына калың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел құрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлендеріне арқау еткен.
Есімі калың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басыңда отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен, Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығыңца Махамбет қала бекінісшің түрмесінде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.
Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісіңде маңызды рөл атқарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлендері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды.
1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған енді қайтып бүлікке қатысушы бол ма деген ескерту жасап, босатады.
Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті асқан опасыздықпен өлтіреді. Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы -- әділдік үшін күрес, бостандық, отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді.
Қараш Ғұмар (1875-1921)
Ойшыл ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қараш 1875 жылы Жәнібек ауданында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. 1902 жылы өз ауылында бала оқытады. 1911-1913 жылдары Қазақстан газетінің жұмысына ат салысқан. Сол жылдары Орынбор қаласында Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, Шайыр, Көксілдер атты екі жинақ жариялайды.
Ғұмар Қараштың Бала тұлпар (Уфа, 1911), Қарлығаш (Қазан, 1911), Тумыш (Уфа, 1911), Аға тұлпар (Орынбор, 1914), Тұрымтай (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, Ойға келген пікірлерім (Орынбор, 1910), Өрнек (Уфа, 1911), Бәдел қажы (Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген.
Ғұмар Қараштың өлең-толғауларында, көсемсөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін шариғат, табиғат, махаббат т.б. мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды. Өлең толғаулары философиялық ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді.
Ғұмар Қараш 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін ұйымдасқан Алаш партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, Алаштың азаматтарына атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. Ол қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен өзгертуді қаламаған. Бірақ амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін сезініп, рухани толғанысқа түседі. 1917 жылы мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне, сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ сьезіне қатысып, баяндама жасайды. 1918 жылы Ордадағы педтехникумда сабақ береді, Бөкей губерниясы мұғалімдерінің 1-съезіне (24 қыркүйек, 1918), 1918-1920 жылдары өткен сол губерния кеңестерінің 1, 2, 3, 4-съездеріне делегат болып қатысады.
1919 жылы Бөкей губерниясының атқару комитетінде қызмет істейді, коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Қазақтың тұнғыш педагогикалық журналы Мұғалімге басшылық етеді, сол журналда Педагогика атты еңбегін жариялайды. 1920 жылы Бөкей губерниясының атқару комитетінде бөлім басқарады. 1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қарақшылар қолынан қаза тапты.
Ғұмар Қараш-20 ғасырдың бас кезіндегі Қазақ дұрыстығы, Қазақстан, Айқап, Дұрыстық жолы, Шора, Абай сияқты газет-журналдарда мақалаларын жариялаған. Ғұмар Қараш шығармаларын Ғұмар Қараш баласы, Ғұмар Қарашұлы, Ахунд Ғұмар Қарашұлы, Ғұмар әл-Қараши, Бөкей елінің бір баласы, Ғұмар Қараш, Ғ. Мұштақ, Ғабдолла Мұштақ, Оразақай, Қазақаев, Ғұмар Қарашев деген есімдермен жариялап отырған. Ғұмар Қараштың шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген Қазақ поэзиясының антологиясы мен Қазақстан ақындары жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. Өлең, толғаулары мен философиялық ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары Замана деген атпен жарық көрді.
Аманшин Берқайыр (1924-1985)
1924 жылы 11 қарашада Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданын-дағы Бетпақкөл ауылында туған. 1953 жылы ҚазПИ-дің филология факультетін бітірген . 1942- 1953 жж. партия кеңес қызметтерінде, 1953 -- 1954 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасында, 1954 -- 1959 жылдары Қазақ әдебиеті газетінде қызмет істеген. 1959 -- 1965 жылдары Қазақстан Жазу-шылар одағының Батыс Қазақстан облысаралық, бөлімшесінің жа - уапты хатшысы, 1966 - 1971 жылдары Жүлдыз журналының болім меңгерушісі, 1971 - 1973 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің өнер жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары, 1973- 1979 жылдары Мәдениет және тұрмыс (қазіргі Парасат) журналының бөлім меңгерушісі, біраз жыл Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Тұңғыш өлеңі Атырау облыстық газетінде 1942 жылы жарияланған. Тұңғыш жинағы Өлеңдер 1954 жылы жарық көрді. Бұдан кейін Бұтақтағы бұлбұлдар (1958), Жетісу - Жайық (1961), Менің өмірбаяным (1965), Менің Маңғыстауым (1972), т.б. прозалық жинақтары, Махаббат мұңы (1968), Көкжар (1971) повестері, Махамбеттің тағдыры (1987) романы басылды. Балаларға арналған Жылқы фермасында (1955), Ботақан (1964) аталатын өлең жинақтары бар. Таныстық керек, Жақия - Исатайдың баласы, Жылама, Дәмеш (М.Гершпен бірігіп жазған) пьесалары республикалық театр сахналарында қойылған. Ол Махамбет пен Ығылман ақын шығармаларын жариялауда елеулі қызмет атқарды. Игорь өлімі туралы аңызды А.С.Пушкин, А.Н.Толстой, С.Юлаев т.б. шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті. Шығармалары бірқатар шетел тілдеріне аударылды. Өзі дүние салғаннан кейін Махамбет тағдыры шығармалар жинағы 1999 жылы жарыққа шықты.

Азовская Татьяна
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Азовская Татьяна 1948 жылы 8 қазанда Орал қаласында дүниеге келген. 1973 жылы ҚазМУ-ді бітіріп, Семей облыстық Иртыш газетінде тілші, Ақтөбе драма театрында әдеби қызметкер, Приуралье газетінде тілші болған.
Ақын өлеңдерінің тақырыбы - туған өлке тарихы. Оның Урал, За холмами атты топтамалары өзі туып-өскен Жайық өңіріне арналған. Ақынның 1980 жылы Благодарю судьбу, 1981 жылы Письмо из Осени, 1985 жылы Смуглое лето, 2003 жылы Я расскажу тебе, 2009 жылы Мимо острова Буяно атты өлеңдер жинағы жарық көрген. 1981 жылы Жігер жастар шығармашылық фестивалінің лауреаты атанды. 1998 жылдан қалалық Пульс газетінің редакторы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта зейнет демалысында.
Татьяна Азовская еңбек ардагері медалімен және ҚР Президентінің тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мақтау қағазымен марапатталды.
Бақтыгереева Ақұштап
Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақжайық ауылында туған. Қазақ мемлекеттік қыздар пединститутының филология факультетін бітірген 1966жылы бітірген. 1966 - 1971 жылдары Орал облыстық Орал өңірі, Талдықорған облыстық Октябрь туы, республикалық Қазақ әдебиеті газеттерінде әдеби қызметкер, 1971 - 1972 жылдары Қазақфильм киностудиясында редактор, 1972 - 1975 жылдары Жұлдыз журналында әдеби қызметкер, 1975-1981 жылдары Жазушы баспасының аударма редакциясында редактор болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысындағы филиалының төрайымы.
Тұңғыш өлеңдер жинағы - Өрімтал 1967 жылы жарық көрді. Наз (1969), Қуанышым - іңкәрім (1971), Сені ойлаймын (1973), Ақ қанат (1975), Бақыт әні (1978), Жайық қызы (1980), Белокрылая (1981), Ақжелең (1985), Сүмбіле (1990) атты кітаптары басылып шықты. 2001 жылы Ақ шағала атты таңдамалы жыр жинағы, 2004 жылы Лебединая верность атты жинағы жарық көрген. С.Капутикян, В.Тушнова, А.Ахматова өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы медалімен, Құрмет орденімен марапатталған. 2008 жылы Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері болды.
Бектұрғанов Қайыр
Қ. Бектұрғанов 1937 жылы 5 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Калмыково қалашығында дүниеге келген.
1960 жылы ҚазПИдің физика-математика факультетін тамамдаған. 1963 жылдан бастап еңбек демалысына шыққанға дейін жоғарғы оқу орындарында жоғарғы математиканың әр түрлі курстарынан сабақ берді.
Алғашқы әңгімесі (Арман) 1965 жылдың 19 желтоқсанында облыстық Орал өңірі газетінде жарияланды. Содан бері шығармалары облыстық газеттерде, әр кезде Қазақ әдебиетінде, Жалында, Мәдениет және тұрмыста (қазіргі Парасат), Жұлдызда жарық көрді. Екі новелласы орыс тілінде шыққан За днем грядущим жинағына енген (Жалын, 1978). 2007 жылы үш томдық шығармалар жинағы шықты. Кері толғау, Қатқақ, Ат жалы деген үш кітаптан тұрады. 1976 жылдың қортындысы бойынша Жалынның жабық бәйгесінің жүлдегері атанды (балаларға арналған Ат жалы повесі үшін).
Шығармалары: Бабаназар терегі. Әңгімелер. А., Жалын, 1978; Ізгілік жолы. Повестер. А., Жалын, 1980. Қатерлі қияда. Повестер. А., 1984.
Ғаббасов Энгельс
Энгельс Ғаббасов - 1937 жылы 17 қаңтар да Батыс Қазақстан облысындағыЖалпақтал ауданында туған. Филология ғылымының кандидаты (1976), доцент (1978). Орал педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін (1957), Алматы жоғары партия мектебін (1966), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын 1976) бітірген. 1957-1968 жылдары мұғалім, комсомол жұмысында, 1966 жылдан Орал облыстық партия комитетінде жауапты қызметте болды. 1996 жылы ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды. Қарт шопан атты алғашқы әңгімесі Простор журналында (1965) жариялайды. Шығармаларын орыс тілінде жазады.
Шығармалары Жапандағы жалғыз ағаш (1976), Өткен жаз бен осы қыста (1979), Ақша қар үстіндегі жасыл жапырақ (1982), Кішкентай бала мен екі еркек (1983), Махаббат хикаясы (1986), Ескірмейтін соқпақ жол (1989) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Есенжанов Хамза Ихсанұлы
(1908-1974)
Есенжанов Хамза Ихсанұлы (25.12.1908жылы 25 желтоқсанда , Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келген. Жазушы 1974 жылы 5 желтоқсанда дүниеден өтті
Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын (1928ж), Алматы мемлекеттік университетін (бұрынғы ҚазПИ) бітірген (1933ж), 1932 -- 1933 жылдары Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасында оқыған. 1934 - 1936 жылдары Қазақстан Жазушылар одағыбасқармасының жауапты хатшысы, 1936-1937 жылдары КСРО ҒА-ның Қазақ филиалында әдебиет пен фольклор секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, ҚазПИ-де орыс әдебиеті тарихынан сабақ береді.
20 ғасырдың 30-жылдары республикалық басылымдарда Өлеңтінің жағасында, Қызыл құмақ, Күшке -- күш сияқты әңгімелері мен Жер шарында атты пьесасы жарияланды.
1938 жылы жалған саяси айып тағылып, 20 жылға жуық уақыт сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын тартты. Елге оралған соң, 1956 жылдан өнімді шығармалық еңбек жолын бастады.
Жазушының басты шығармасы - Ақ Жайық трилогиясы (1-кіт., 1957; 2-кіт., 1959; 3-кіт., 1965) Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған. Автор отарлық езгіден қиналған халық бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін (Хакім, Әлібек, Әділбек, Мүнариа, Шолпан, Нұрым) жасаумен қатар, нақты тарихта болған адамдардың (Дмитриев, Әйтиев, Қаратаев, Белан, т.б.) өмір жолын шебер суреттеді. 1963 жылы трилогияның заңды жалғасы болып табылатын Көп жыл өткен соң, ал1970 жылы Ағайынды Жүнісовтер романдарын жазды. Соңғы екі кітапта жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген.
Ақ Жайық трилогиясы мен Көп жыл өткен соң роман-дилогиясы 5 кітаптан тұратын тұтас эпопея іспетті. Есенжанов өмірінің соңғы жылдары Қарт қазақ, Жайын ілерде, Жар т.б. әңгіме, очерк, әдеби-сын мақалалар жазды. 1978 - 1981 жылдары жазушының 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Есенжанов - М.Шолоховтың Тынық Дон романының 1-және 4-кітаптарын, И.С. Тургеневтің Рудин, И.П. Шуховтың Үшпенділік романдарын, А.С. Пушкиннің Дубровский повесін т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды. 1967 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанды
Есламғалиұлы Мұқадес
(1946 - 2004)
М. Есламғалиұлы 1946 жылы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Ақырап ұжымшарында дүниеге келген.
1967 жылы Орал педагогикалық институты қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітірген.
1976 жылы Орал облыстық радиотелевидение комитетінде аға редактор, 1979 жылдан бастап республикалық Жалын баспасында аға редактор, 1983 - 1984 жж. Қазақ әдебиеті газетінде тілші, 1984 - 1990 жылдары республикалық телеарнада Тамаша ойынсауық хабарының Бас редакторы, 1990 - 1993 жылдары Денсаулық журналында Бас редактордың орынбасары, 1993 - 1995 жылдары Жазушы баспасында жетекші редактор, 1998 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді. Тұңғыш әңгімесі Лениншіл жас (қазіргі Жас Алаш) газетінде 1966 жылы жарияланды. Аққу сазы (1977), Екінші тыныс (1982), Қайырлы таң (1984), Екі басқа дүние (1986), Пробный камень (1990, орыс тілінде) атты повестері мен әңгімелері, Толқын мен ағын романы (1992), Өз жүрегіңе үңіл(1996) атты роман, повесть және әңгімелер кітабы, Тұман ішіндегі көш (2000) романы, пьесасы мен әңгімелер жинағы; 2003 жылы Әйтеке би атты тарихи философиялық дилогиясы, тарихи зерттеулері топтастырылған Сан қилы сауал (1995), Әйтеке би (ғұмырнама, 1998); Ғұмырнамалар мен ғибратнамалар (2000) атты кітаптары жарық көрді. Төле би, Партизан Қасым Қайсенов, Ақ бата, Тамаша, Жаһанша Досмұхамедов атты жинақтарды құрастырды. В.Распутин, В.Шукшин, т.б. шетел жазушыларының әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалаған.
Жазықсыз тамған жас атты пьесасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрында және облыстық театрларда қойылды.
2001 жылы Тұман ішіндегі көш романы үшін қаламгерге Халықаралық Алаш әдеби сыйлығы берілді.
Жароков Тайыр
(1908 - 1965)
Тайыр Жароков 28 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жетібай ауылында туған. Атасы Малтақан қара сөзге шешен, реті келген жерде бірекі ауыз өлең шығара алатын кісі болыпты. Алғаш білімді ауылда ашылған бастауыш мектепте алып, оны 15 жасында бітіріп шығады. 1923 - 1927 жылдары Орынборда қазақтың халық ағарту институтында, 1928 - 1932 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, 1934 - 1935 жылдары Ленинградтың тарих, философия және әдебиет институтының аспирантурасында оқиды. 1932 - 1933 жылдары жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетінің хатшысы, 1933 - 1934 жылдары Қазақ әдебиеті газеті редакторының орынбасары, 1938 - 1942 жылдары халық ақыны Ж.Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарды. Ұлы Отан соғысы кезінде әскер қатарында болды. 1946 - 1965 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі Жазушы баспасы) жауапты қызметтер атқарды.
Алғаш өлеңдер жинағы Жұлдыз жарығы деген атпен (1932) басылып шықты. Әр жылдарда Нефстан, Коммунизм таңында (1933), Мотор жыры, Күн тіл қатты (1934), Мұз тұтқыны (1935), Тасқын (1937 - 1949), Отан дауысы (1938), Нарын (1935), Тастағы жазу (1940), Совет сұңқарлары (1942), Бақыт жырлары, Жапанды орман жаңғыртты (1949), Костер басында (1952), Қырда туған құрыш (1954, 1955, 1956), Жыр қанаты (1956), Құмдағы дауыл (1958), Тау жырлайды (1962), Теңіз баласы (1963), Тасқынға тосқын (1965) атты кітаптары жарық көрді. Шығармаларының екі томдығы (1958 - 1959), таңдамалыларының төрт томдығы (1972 - 1975) және бір томдығы (1951 - 1978) басылды.
Пушкиннің Цыгандар, Кавказ тұтқыны, Коломнадағы кішкене үй, Ағайынды қарақшылар, Лермонтовтың Черкестер, Грибоедовтың Ақылдың азабы, М.Алигердің Зоя, т.б. туындыларды аударған.
Бірнеше ордендермен марапатталған.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізіндегі қызыл балық
Жаз жаны қандай жомарт
Жайық өзені
Қазақстанның көлдері мен өзендерінде кездесетін балықтар
Оғыздар туралы
Жайық өзенінің экологиясы
Ж.Молдағалиев
Ж.Молдағалиевтің өмірі және қоғамдық қызметі
Жұбан Молдағалиев
ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВ (1920—1988)
Пәндер