Қағанаттар атауы техникасымен топқа бөлу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Қоғамдық-гуманитарлық пәндерінен орта мерзімді жоспарлау - тізбектелген сабақтардың (тарау бойынша) жоспары

(әдістемелік құрал)

Орал, 2015

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» сараптама кеңесінде (11 ақпан 2015 ж, № 1 хаттама) қаралып, облыс педагогтеріне таратылу мақұлданды.

Автор-құрастырушы:

Шамуратова. К. Ш., «Өрлеу» ПҚБА АҚ» БҚО ПҚБАИ» деңгейлік оқыту

орталығының тренері

Рецензенттер:

Габдрахманова Ш. Т., п. ғ. қ., «Өрлеу» ПҚБА АҚ» БҚО ПҚБАИ»

деңгейлік оқыту орталығыныңжетекшісі

Хайруллина А. Б., магистр, «Өрлеу» ПҚБА АҚ» БҚО ПҚБАИ» деңгейлік

оқыту орталығының тренері

Бұл әдістемелік жинақта үшінші (базалық) деңгей Бағдарламасының мазмұнына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық пәндері сабақтарын жоспарлаудағы орта мерзімді жоспарлау туралы түсінік беріліп, мұғалімдердің әр пән бойынша бір тараудың орта мерзімді жоспарлауы енгізілген.

Әдістемелік жинақ деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдерге, жалпы білім беретін орта мектептің қоғамдық-гуманитарлық пәндері мұғалімдеріне арналған.

Мазмұны

  1. Кіріспе . . . 3
  2. А. Е. Турешов. «Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер» тарауы бойынша орта мерзімді жоспар. (Қазақстан тарихы. 7 сынып) . . . 4
  3. Ш. Д. Журалиева. «Ислам дәуіріндегі әдебиет» тарауы бойынша орта мерзімді жоспар. (Қазақ әдебиеті. 8- сынып) . . . 15
  4. Ж. А. Сундетова. «Education» тарауына орта мерзімді жоспар. (Ағылшын тілі. 6 сынып) . . . 28
  5. Б. Т. Испанова. «Халық ауыз әдебиеті» тарауы бойынша орта мерзімді жоспар. (Қазақ әдебиеті 5- сынып) . . . 37
  6. Ж. У. Шамбилова. «Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем» тарауы бойынша орта мерзімді жоспар. (Қазақ тілі. 8- сынып) . . . 45

Кіріспе

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған үшінші (базалық) деңгей курстарының Бағдарламасы заманауи ғылыми зерттеулердің шынайы нәтижелерінің және оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын көрсете отырып, қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларының мақсаттарына сәйкес келеді.

Бағдарлама оқу үдерісінің орталығына өзін-өзі реттей алатын, өзінің оқуы төңірегінде ой жүгірте алатын, қоршаған орта мәнмәтінінде өзінің білім қорын сыни тұрғыдан ойластыруға қабілетті оқушы тұлғасын қою арқылы оны тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Бұл жағдайда оқушының мәселені (проблеманы, жағдайды, құбылысты т. б. ) түсіну деңгейін анықтап, оның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесу мұғалімнің міндеті болып табылады.

Бағдарламаға енгізілген жаңа тәсілдердің бірі мұғалімнің өз тәжірибесі туралы жүйелі түрде ойлануы және сынып деңгейінде тізбектелген сабақтар топтамасын жүргізу талабының қойылуы болып табылады.

Оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру практикасына Бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, ол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбіржеке мұғалімәржекесынып сабақтарынегжей­тегжейліжоспарлау үшінорта мерзімдікжоспарды пайдаланады.

Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты:

• Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;

• Сыныпта сабақ беру практикасына жеті модульді ықпалдастыру;

• Әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу;

• Оқыту және оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;

• Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу міндеттерін көрсету;

• Оқытудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;

• Барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен жоспарлау.

Тізбектелген сабақтар топтамасы мұғалімдерге болып жатқан

өзгерістердің өзінің тәжірибесіне ықпалын ескере отырып, өзінің оқыту тәжірибесіне Бағдарламада ұсынылған идеяларды енгізуге мүмкіндік береді.

Бұл жинақта қоғамдық-гуманитарлық пәндері бойынша үшінші (базалық) деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдердің орта мерзімді жоспарлаулары енгізілді. Бұл әдістемелік жинақты шығарудағы мақсат сертификатталған мұғалімдердің тәжірибесін тарату, іс-тәжірибе алмасу.

Орта мерзімді жоспар. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер. 7 сынып. Қазақстан тарихы

А. Е. Турешова., Орал қаласының № 25 ЖОББМ-ның тарих пәні мұғалімі

Сағат

саны

Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты
Күтілетін нәтиже
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы
Үйрену барысын бағалау
Өтілу мерзімі
Сағатсаны: 1
Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты:

Тақырыбы:

Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер

Мақсаты: Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекеттердің тарихын меңгеру.

Күтілетін нәтиже:

А . Бірінші кезеңдегі Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ қағанаттарының өмір сүрген кезеңін біледі.

В. о ртағасырлық қағандықтардың басынан өткізген ішкі-сыртқы саяси жағдайын, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ахуалымен таныса отырып, жеке-жеке анықтай алады.

С . Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекеттерге баға беріп, талдайды.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы:

Оқытудың формасы: жеке, топтық жұмыс

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету:

«Автор орындығы», «Крестиктер-нөлдіктер», «Миға шабуыл», «Конверт сұрақ», «Детальдарды қос», «Жадыны дамытуға арналған ойын»,

« Серпілген сауал», « Сұрақты төңкеріс», «Ыстық картоп», «Мозайкалық »(Джиксо), «Интелек карта»,

«Ойлан, жұптас, бөліс», «жарнама», «өкіл», « Шынжыр», «Стикердегі диалог» әдістерін қолдану

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Сұрақ қою түрлері: (түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтары.

Диалогтық әңгіменің ( әңгіме дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме) түрлерін қолдану.

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:

Бейнеролик, презентация,

Кері байланыс:

«Үшөлшемді күнделік», «3:2:1», «Смайлик» арқылы көңіл күйін білдіру, « ББҮ» кестесі, Бүгінгі сабақ ұнады ма? рефлексия парақтары.

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы:

АББҚ бар оқушыларға бағдар картасы

Талантты және дарынды оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар (шығармашылықты қолдау идеясы, нағыз құзыреттілікті дамыту, сыни тұрғыдан ойлау идеялары)

Үйрену барысын бағалау:

Формативті бағалау түрлері: Топтық өзара бағалау

(«екі жұлдыз, бір ұсыныс», критерий бойынша бағалау, «смайлик арқылы бағалау, тәсілін қолдану) ; ынталандыру, мадақтау, уәж айту, кеңес беру, «Жарайсың!»,

Өзін-өзі бағалау: «Бағдаршам» арқылы, критерий арқылы бағалау.

Суммативті бағалау түрлері:

Тест жұмыс

Өтілу мерзімі:
Сағатсаны: 1
Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты:

Тақырыбы:

§ 1 Түрік қағанаты (552-603ж. )

  • Мақсаты:Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының құрылуы

туралы түсіну.

Күтілетін нәтиже:

А . Түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамын, шаруашылығын біледі.

В. Түріктердің тәуелсіздік жолындағы күресіне қорытынды жасап, картадан көрсете алады.

С . Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатына баға беріп, талдайды.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы:

Кіріспе бөлімде

« Басқарушы» техникасы бойынша топқа бөлу

Тұсаукесер бөлімінде

« Автор орындығы» арқылы үй тапсырмасы сұралады.

Өткен тарих сабақтарынан қайталау сұрақтар қоя отырып, (түрткі сұрақ, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақ қою түрлерін қолдану.

Негізгі бөлімде

«Ыстық картоп» әдісі . Мәтінді бөліп, топ тақырып бойынша постер құрып, оны келесі топ жалғастырады. Постерді қорғайды.

Қорытынды бөлімде

«Конверт сұрақ» әдісімен бекіту.

«Үшөлшемді күнделік» арқылы кері байланыс

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы:

Топқа бөлінеді

(Теле, Ашина, Қаған)

Үй тапсырмасы:

АББҚ балаларға бағдар карта беру.

( Жаңа сабақтан кейін берілген тапсырма)

Талантты және дарынды оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар

«Сыни тұрғыдан ойлау» идеясы

(Түрік халқы мен қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірінде қандай ұқсастықтар бар?

қосымша дерек)

тусаукесер жасау

Үйрену барысын бағалау:

Табыс критерий арқылы топтық бағалау; ынталандыру, мадақтау, уәж айту, кеңес беру, «Жарайсың!»

«екі жұлдыз, бір ұсыныс» өзара бағалауда тәсілін қолдану.

Өтілу мерзімі:

7 сынып Қазақстан тарихы оқулығы, интер белсенді тақта,

флипчарт, маркер, түрлі-түсті қарындаш.

Үш өлшемді күнделік парағы, Қазақстан карта

Сағатсаны: 1
Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты:

Тақырыбы:

§ 2 Батыс Түрік қағанаты

(603-704 ж. )

Мақсаты:

Қазақстан жерiнде өмip сүрген орта ға­сырлық мемлекет туралы, оның саяси-экономикалық құры­лымы туралы бiлiм беру.

Күтілетін нәтиже:

А . Батыс Tүpiк қағанатының жер аумағын, қоғамдық саяси тарихынбіледі

В . Қағанаттың әлеуметтік жағдайын, негізгі қайшылықтарын анықтайды.

С. Батыс Tүpiк қағанатының саяси жағдайы мен қоғам­дық құрылысындағы ерекшелiктері туралы айтып, талдау жасауды. өз көзқарастарын бiлдiреді.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы:

Кіріспе бөлімінде

Жеке, жұптық, топтық жұмыс.

« Қазақстан бөліктері» бойынша топқа бөлу.

Тұсаукесер бөлімінде

Тест жұмысы мен жұмыстанады.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісімен жаңа сабаққа көпір жасалады.

Негізгі бөлімде.

«Мозайкалық»(Джиксо) әдісі бойынша төраға, баяндамашы,

таймпикер, хатшы, сарапшы, бақылаушы болып рөлге бөлінеді. Топ мүшелері бөлініп, келесі топтарға өз тақырыптарын түсіндіреді.

Қорытынды бөлімде

«Күту уақыты» әдісі арқылы сабақты бекіту

Кері байланыс

«Үш өлшемді күнделік»

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы:

Жеке, жұптық, топтық жұмыс

(Батыс, шығыс, орталық)

АББҚ қажеттілігі бар оқушыға семантикалық карта және

таланты және дарынды балаларға

(шығармашылықты қолдау идеясы Батыс түрік қағанаты мен Шығыс түрік қағанатының ерекшелігін

салыстыру)

Үйрену барысын бағалау:

табыс критерий арқылы өзара бағалау; ынталандыру, мадақтау, уәж айту, кеңес беру, «Жарайсың!»

Топтық бағалауда

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» тәсілін қолдану.

Смайлик арқылы өзара бағалау

Өтілу мерзімі:

Оқулық, интер белсенді тақта,

бағдарлы карта және рефлексия парағы, карта

Сағатсаны: 1
Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты:

Тақырыбы:

§ 3 Түргеш қағанаты (704-756 ж. )

Мақсаты:

VIII ғасырда қазақ жерiн мекендеген Түргеш қағанаты туралы білімді меңгеру.

Күтілетін нәтиже:

А . Түргеш қағанатының тарихын және қағанаттың экономика­лық, мәдени дамуын біледі.

В. Түргеш қағанатыныңжүргiзген саясатына, iшкi және сыртқы саяси бағыттарына талдау жа­сап, кесте құрады.

С . Түргеш қағанатына Соғдылардың қоныс аударуының тарихи маңызын

қазіргі өмірмен байланыстырып, тұжырым жасайды.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы:

Кіріспе бөлімінде

« Ру» техникасы бойынша топқа бөлу

( Арыс, ру, ұлыс) топқа бөлу

Тұсаукесер бөлімінде

« Крестиктер-нөлдіктер»әдісімен үй тапсырмасы сұралады.

«Сиқырлы шаршы»

( құпия суретке 9 сұрақ қою арқылы жаңа сабаққа көпір жасалады.

Негізгі бөлім

Мәтінмен жеке жұмыстанады. Топта талқылайды, нәтижесінде

«Интелект карта»

жасайды және қорғайды.

Қорытынды бөлімде

«Серпілген сауал» арқылы жаңа сабақты бекіту

3: 2:1» арқылы кері байланыс

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы:

Жеке,

топтық жұмыстар

АББҚ қажеттілігі бар оқушыға «Кесте толтыру » тапсырмасы

(Сиқарлы шаршыдан кейін)

Таланты және дарынды балаларға

( Нағыз құзыреттілікті қалыптастыру

идесы бойынша

Ханның образын сомдау.

Үйрену барысын бағалау:

Табыс критерий арқылы өзін-өзі бағалау, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс » тәсілі арқылы өзара бағалау.

« Жарайсың!», «Сенің қолыңнан келеді»және тб мадақтау сөздерін қолдану.

Өтілу мерзімі:

Оқулық, флипчарт, маркер, түрлі-түсті қарындаш,

бағдарлы карта және рефлексия парағы.

Сағатсаны: 1
Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты:

Тақырыбы:

§4 Қарлұқ қағанаты

Мақсаты:

  • Қазақ жерiнде өмip сүрген қарлұқ қaғaнaтының тарихына түсінік беру
Күтілетін нәтиже:
  • А. Қазақ жерiнде өмip сүрген қарлұқ қaғaнaты тарихымен және халқының әлеуметтiк-экономи­калық мәдени дамуын біледі.

В. Оқулықпен өздiгiнен жұмыс iстey қабiлетiн жетiлдiре отырып, Tүркі дүниесiнiң даму ерек­шелiктерiн, айырмашылықтарын анықтайды.

С . Қарлұқ қағанатының тарихи маңызын талқылап, зерттейді.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы:

Кіріспе бөлімде

Жеке, жұптық, топтық жұмыс

« Ай аттары» техникасы бойынша топқа бөлу

Тұсаукесер бөлімінде

«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.

«Қарлұқ қағанаты» бейнеролик арқылы жаңа сабаққа көпір жасалады.

Негізгі бөлімде

Мәтінмен жеке жұмыстанады

« Ойлан, жұптас, бөліс»

Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдық әдісі

Мәтінді оқып, берілген тапсырмаға алдымен әр қайсысы жеке ойланып жауап жазады. Оқушылар жұптарға бөлініп өздерінің ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді. Соңында өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі

Қорытынды бөлімде

«Сұрақты төңкеріңіз» әдісі арқылы сабақ бекітіледі

Кері байланыс:

Бүгінгі сабаққа байланысты көңілдерін смайлик арқылы білдіріп, суретін салады

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы:

Жеке, жұптық, топтық жұмыстар.

АББҚ балалар үшін арнайы бағдарлы карталар.

( Жаңа сабақтан кейін)

Дарынды және талантты балаларға

(шығармашылықты қолдау) идеясы бойынша презентация арқылы « Қарлұқ қағанаты» қосымша мағлұмат беру.

Үйрену барысын бағалау:

Өзін-өзі және топта критерий бойынша бағалау;

« Жарайсың! », «Сенің қолыңнан келеді» және тб мадақтау сөздерін қолдану. Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеру.

Өтілу мерзімі: Оқулық, интер белсенді тақта, бағдарлы карта және рефлексия парағы
Сағатсаны: 1
Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты:

Тақырыбы:

§5 Оғыз мемлекеті

Мақсаты:

1Х ғасырдың соңы -Х1 ғасырдың басындаҚазақстан жерiнде өмip сүрген ортаға­сырлық мемлекет туралы білім беру жәнеоның саяси-экономикалық құрылымын меңгеру.

Күтілетін нәтиже:

А. Оғыз мемлекетінің қоғамдық құрылысы мен шаруашылығын айтады.

В. Оғыз мемлекетінің өзіне тән ерекшіліктері туралы мәліметтерін өзге түрік мемлекеттерімен салыстырып ажыратады.

С. Қосымша деректермен жұмыс жасай отырып, Оғыз мемлекетінің ерекшелiктеріне талдау жасап, өз көзқарастарын бiлдiреді.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы:

Кіріспе бөлімде Жеке, жұптық, топтық жұмыс

« Қағанаттар атауы» техникасымен топқа бөлу

Тұсаукесер бөлімінде

«Стикердегі диалог» әдісі бойынша үй тапсырмасы сүралады.

Жаңа сабаққа көпір жасау арқылы

«Оғызнама» дастанынан үзінді оқылады.

Негізгі бөлімде

Мәтінмен жеке жұмыстанып, «Жарнама» әдісі бойынша әр топқа бөлінген тақырыпша мәтінін жеке оқып, топпен талқылап, нәтижесін постерге түсіріп келесі топтарға кезекпен кезек жарнама жасайды.

Қорытынды бөлімде

«Детальдарын қос» әдісі бойынша сабақты бекіту

( Сұрақтар оқулықтағы тақырыптың соңындағы сұрақтарды кеңейту барысында)

Кері байланыс:

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Рефлексия парағын толтыру.

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы:

Жеке, жұптық, топтық жұмыстар.

( Түрік, түргеш, қарлұқ)

Үй тапсырмасы:

АББҚ балалар үшін арнайы бағдарлы карталар.

Дарынды және талантты балаларға кеңейтілген тапсырма

(Жаңа сабақты ашу барысында үйге берілген тапсырма)

«Шығармашылықты қолдау идеясы «Оғызнама» дастанынан үзінді оқып, шағын тарихи әңгіме құрап келу

Үйрену барысын бағалау:

Өзін-өзі және топта критерий бойынша бағалау;

Топтық бағалауда

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс » тәсілін қолдану.

« Жарайсың! », «Сенің қолыңнан келеді» және тб мадақтау сөздерін қолдану.

Өтілу мерзімі:

Оқулық, интер белсенді тақта, бағдарлы карта және рефлексия парағы, флипчарт,

маркер, түрлі-түсті қарындаш,

Сағатсаны: 1
Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты:

Тақырыбы:

§6 Қимақ қағанаты

Мақсаты:

Қазақ жерiнде өмip сүрген қимақ қaғaнaтының тарихын меңгеру.

Күтілетін нәтиже:

А. ІХ ғасырдың соңы-ХІ ғасырдың басында Қазақстанның солтүстік шығыс, орталық аймағын мекендеген қимақ қағанатының тарихын біледі.

В. Қимақ қағанаты мен өзге түрік халықтарының қоғамдық-саяси тарихы, шарушылығы, қолөнеріндегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.

С. Өздігінен жұмыс жасап, ортағасырлық мемлекеттердің саясатына баға беріп, талдайды.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы:

Кіріспе бөлімінде

Жеке, жұптық, топтық жұмыс

( Жорыққа шығу) сергіту сәті арқылы топқа бөлу

«Түрік әлемі»сурет көрмелерін көрсету

Жаңа сабаққа көпір жасалады.

Тұсаукесер бөлімінде

«Шынжыр» әдісімен үй тапсырмасы сұралады.

Ерте ортағасырлардағы мемлекеттер бойынша кестемен жұмыстанады.

Негізгі бөлімде

Әр топ мәтінді тақырыпшаға бөліп оқып, топ ішінен өкіл сайлайды. Әр топтың өкілі келесі топтарға кезекпен кезек өз тақырыпшаларын түсіндіреді.

Қорытынды бөлімде

« Жадыны дамытуға арналған ойын»

Мен «Бастаймыз» деген кезде, топтың бір қатысушысы менің үстеліме жақын келеді де, тобына кері барып, ақпаратты жазғанға дейін, картадан барынша көп ақпаратты есте сақтауға тырысады.

ББҮкестесі арқылы кері байланыс

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы:

Жеке, жұптық, топтық жұмыстар.

Үй тапсырмасы:

АББҚ балалар үшін арнайы бағдарлы карталар.

Дарынды және талантты балаларға кеңейтілген тапсырма

(Сыни тұрғыдан ойлау идеясы бойынша

(Жаңа сабақты бекітуде)

Ерте ортағасырлардағы мемлекеттер бойынша кесте толтыру.

Үйрену барысын бағалау:

Табыс критерий бойынша өзара бағалау;

«Жарайсың!», «Сенің қолыңнан келеді» және тб мадақтау сөздерін қолдану.

Топтық бағалауда

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» тәсілін қолдану.

Өтілу мерзімі: Оқулық, интер белсенді тақта, бағдарлы карта және рефлексия парағы, флипчарт, маркер, түрлі-түсті қарындаш,


Орта мерзімді жоспар. «Ислам дәуіріндегі әдебиет» тарауы. Қазақ әдебиеті. 8- сынып.

Ш. Д. Журалиева., Е. Ш. Орақбаев ЖОББМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жаңақала ауданы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ эволюциясының дамуы
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері
Қазақ хандығы туралы ақпарат
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы тақырыбы бойынша рефлексия формасындағы эссе
Қазақ халқының этногенезі
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Андрон мәдениеті
Руникалық жазбалар. Орхон - Енисей ескерткіштері
Мемлекет және құқық негіздерінің жалпы түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz