Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Педагогика және психология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары
Орындаған:
Жетекші:
Орал-2013ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық
насихаттың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілетін жанұялық тәрбиенің педагогикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІ-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың үйдегі оқуын ұйымдастырудағы ата-ананың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2. Мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмысы ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Бастауыш сынып мұғалімі мен ата-аналар баланың негізгі тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан да педагог жүргізетін тәрбие жұмысының нәтижелілігі оның ата-аналармен жұмыс істей білуіне, олармен ортақ тіл тауып, олардың көмегімен қолдауына сүйене білуіне байланысты.
Мұғалімнің ата-аналармен жұмысының түрлері мен әдістері әр түрлі. Оған ата-аналардың жиналысын өткізуде, оларды балалармен жұмысқа тікелей қатыстыру да, ата-аналармен топтап, жеке-жеке өткізілетін әңгімелер де, олардың арасында педагогикалық білімдерді тарату да жатады. Бірақ бұл түрлер мен әдістердің барлығы жұмыстың табысты болуын қамтамасыз ете бермейді. Мұны мұғалім жақсы түсінуі тиіс. Тәрбие қажетінің мазмұнымен және әдістерімен бірге мұғалім мен оқушылар ата-аналардың арасында қалыптастаны қарым-қатынас стилі де шешуші рөлге ие болады. Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасында бастауыш рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы - оның негізгі мамандығы. Оның арнаулы дайындығы бар. Әр түрлі педагогикалық ситуацияларда іскерлікпен қолданатын тәрбие құралдарының бай арналарына ие.
Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп балаға оның қылықтарын, оқудағы табыстары мен ұтылыстарына, өз міндеттеріне, көзқарасына тағы басқаларға баға беріп отырады. Мұғалімнің ата-аналармен өзара түсінісуі жайы оның дұрыс және бұрыс бағаларды беру дәрежесіне байланысты. Бұл жерде педагог үнемі мына жайды есте ұстауға тиіс: әр жолы баланың жеке басына емес, оның нақты қылығына баға беруі керек, міндетті түрде ата-аналармен бірлесе отырып әрбір жағдайдан шығудың, оны түзеудің жолдарын табуы қажет. Екіншіден мұғалім балаға теріс баға беру арқылы еріксізден-еріксіз ата-анаға да баға береді. Оның үстіне ата-анаға әрі әке-шеше, әрі тәрбиеші ретінде баға беріледі. Мұғалімнің балаға және ата-аналардың тәрбиелік ықпалына дұрыс талап қойып, дұрыс баға беруі педагогикалық тұрғыдан мақсатты, әділетті түрде болуға тиіс. Сонда ғана педагог пен ата-аналардың арасында дұрыс қарым-қатынасқа қол жететін болады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынас орнату үшін мұғаліам мен ата-ана тәрбие мақсаттары мен міндеттерін бірдей дәрежеде түсінуі, балалардың дамуына бірдей көзқараста болуы, әр баланың дамуының перспективалары мен қиындықтарын көре білуі қажет. Оқушының әкесі мен не шешесімен қысқа әңгіме кезінде мұғалімнің балаға наразылығын, оның қылықтарын асығып-аптығып айтып салып жатқанын байқауға болады.
Педагог та, ата-анада әрбір оқушыға оның бойындағы одан әрі дамытуға болатын жақсы жақтарына деген оптимистік сеніммен қарауға тиіс. Баланың өз күшіне сенуіне көмектесу - мұғалім мен ата-ананың міндеті. Өзіне өзінің сенуі оқушыны тәрбие субъектісіне айналдырады, ол біртіндеп өзінің алдына әр түрлі міндеттер қойып оны шешудің жолдарын іздеп табатын болады.
Педагог пен ата-ана қарым-қатынасының адамгершілік стилінің негізгі белгісі бір-біріне деген терең сенім және шыншылдық болса керек. Ата-ана өзінің мұғалімге айтқан қорқынышы немесе баланың мінез-құлқы мен бейімділігіне бірден бағасы өзінің ұлы мен қызына зияндық жасамайтынына сенімді болуы тиіс.
Педагогтың ата-аналармен жұмыста әрқашан және кез-келген істе педагогикалық нормалар мен мәнерді сақтауға балалардың бойында өзі қалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынастар мұратын берік ұстауға міндетті екенін және бір ескерткен жөн. Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы баланы мектепке жазу кезіндегі алғашқы кездесуден басталады. Алғашқы әңгімені ата-ана мұғалім кеңесін пайдаланылатындай, сөйтіп сабақ басталғанға дейінгі уақыт ішінде баласын мектепке толық әзірлейтіндей етіп өткізу керек. Оқу жылы бойында мұғалім өз орқушыларының жанұяларында болып отыруы қажет.
І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
1.1. Оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық насихаттың мазмұны
Үздіксіз білім беру жүйесінің бір буыны болып табылатын бастауыш білім беретін қазақ мектебі де, қоғамның басты міндеті - жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға қатысады. Бұл әлеуметтік педагогикалық міндетті орындау үшін тәрбие жұмысымен тікелей айналысушылардың жүргізетін тәрбие мазмұны қоғамның бүгінгі талабына сай болуы керек. Біздің еліміз сияқты көп ұлтты мемлекет жағдайында әрбір мұғалім, мектеп, ұлттық мазмұнда болуы тиіс.
Қазақ мектебі Ұлттық деген атқа лайық болу үшін онда жүргізілетін тәрбие мазмұны да Республикамыздың, ұлтымыздың әлеутеттік экономикалық, мәдени-тарихи даму ерекшеліктерінен көрінуі керек. Қазақ бастауыш мектебі өзінің міндетін толық атқару үшін, қоғамның оған қоятын әлеуметтік сұранысын ескере отырып, тәрбие мазмұнын жақсарту үшін оқушылардың ата-аналарының педагогикалық білімін жетілдірулері - мұғалім беделі.
Сынып жетекшісі өз жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарыс-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеу арқылы бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік мақсат пен міндеттер айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады: жоспар ол ұжымдық еңбектің белгісі, сынып жетекшісі өз жоспарын жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.
Ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық тұрғыдан насихат негізі және оларды өткізу жөніндегі жалпы әдістемелік жұмыстар әр алуан. Ата-аналар жиналысында олармен педагогикалық тақырыптарды жүйелі түрде өткізіп отырған тиімді.
Ата-аналарды сауаттандыру ісі олардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, баланың жеке басын қалыптастыру процесі туралы, оның дамуының жалпы заңдары туралы білімдермен қаруландыруға, бала тәрбиесіне мектеппен біртұрғыда қарауға мүмкіндік береді. Әңгіме тақырыптары тәрбиенің жалпы міндеттерімен және ата-аналар мен балалардың нақты ұжымымен тәрбие жұмысының ерекшеліктерімен анықталады. Ата-аналармен әңгіме өткізу үшін төмендегі мазмұндағы тақырыптар тиімді болмақ демескпіз. Олар:
- Баланың жеке басын қалыптастыру;
- Білімді игеру және жақсы оқуын қадағалау;
- Балалардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу;
- Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың беделі, жеке басының үлгісі және жауапкершілігі.
Бұл тақырыптардың әрқайсысын бірнеше әңгіме арқауы етіп ұйымдастыруға болады. Мәселен, Білімді игеруде және жақсы оқуда балаларға қалай көмектесі керек деген тақырыптан бірнеше тақырыпты бөліп алуға болады: балалардың бойында оқуға деген сүйіспеншілікті баулу, Балаларды өзін-өзі бақылауға үйрету, тағы басқа да Балаларды мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу деген тақырыпта бірнеше әңгіме өткізуге болады: Төменгі сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу.
Елімізде болып жатқан өзгерістер мектептің өз жұмысын ғылыми тұрғыдан басқаруды ұйымдастырудың тиімді әдістерін іздестіруді, басқару рөлінің өсе түсуін талап етеді. Мектептің басқару жүйесіне мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар ұжымы кіреді. Сондықтан оқу жылының басында әр сыныпта ата-ана, ұстаз, оқушы бірлесе отырып білім берудегі ұстаздың, оқушының, ата-ананың міндетін анықтайды. Оны реттеуші сынып жетекшісі болғандықтан оның жұмысының мазмұнын өзгертіп, жаңа тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында тәрбие заңдылықтарын басшылыққа алып отыру тиіс. Олар:
- Басты мәселе жеке тұлға қалыптастыру.
- Жалпы біліммен кәсіптік білімнің үздіксіздігі.
- Тәрбиенің табиғатпен байланысы.
Сынып жетекшісі - ол кім? Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшісінің қызметін сынып мұғалімі атқарады. Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер - педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
oo Жалпы адамзаттық мәдениеті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
oo Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
oo Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
oo Оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде - көмекші, кеңесші;
oo Сыныпта қолайлы, жайлы моральдік - психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
oo Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Мектепте оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі анықталады. Әр айда баланың білім деңгейінің өзгерісі бақыланып, сарапталады. Ол үшін, пән мұғалімдері сынып жетекшісіне ай сайын жекелеме жұмыстың нәтижесі, баланың үлгерімі жайлы есеп береді. Яғни, сынып жетекшісі ата - ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым - қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.
Сынып жетекшісі әр оқушының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып,, потенциалды қабілетін ашып, интеллектісінің дұрыс дамып жетілуіне жағдай жасайды. Ол сыныптың оқу - тәрбеи жұмысын іске асыратын, оқушының ұжымдағы өміріне басшылық жасап, ата-анамен мектептің ынтымақтастық тенденциясы қамтамасыз ететін басты тұлға.
Тәрбиеші - педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект - тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы міндет. Себебі, ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Ұжымды ұйымдастыру және дамыту - сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті. Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау - сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен:
Бірінші топ міндеттері. Оларды әлеуметтік міндеттер деуге болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен және басқа да тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттері. Диогностикалық-әдептік-этикалық деуге болады. Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білуі керек.
Үшінші топ міндеттері. Адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарды оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік береді.
Төртінші топ міндеттері. Жеке-дара практикалық сипаттағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдары таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және педагогикалық рефлекцияны жатқызуға болады.
Ата-аналар жиналысында әңгіме өткізуге мұғалім мұқият дайындалуға тиіс. Бұл дайындық әңгіменің тақырыбын анықтаудан басталады. Тақырып таңдау мына жағдайларға: ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге дайындығына, олардың педагогикалық мәдениетіне, мұғалім алдында тұрған нақты тәрбиелік міндеттерге, балалардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Әңгіме педагогикалық насихаттың жүйелілігі сыныптағы оқиғалардың, ата-аналар жұмысында туатын қиындықтардың жетегінде кетпей, ата-аналарды білім жүйесімен қаруландыратындай дәрежеде болуы керек. Бірақ бірінші әңгіменің тақырыбы барлық сыныптарда бірдей. Мұғалім жаңа оқу жылын бастай отырып, ата-аналарды, балаларды осы сыныпта тәрбиелеудің әдістерімен және мазмұнымен таныстырады. Ол ата-аналарды тәрбиеші ретінде алға қойып отырған міндеттермен таныстырады, тәрбие жұмыстарында қандай нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етіп отыратындығы туралы, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қандай әдістер мен жолдарды пайдаланатынын айтады. Осы алған әңгіме ата-аналар үшін аса маңызды, әрі олардың түсінуіне қиын да. Мұғалім ата-анаға өзінің кәсіптік ойларын түсіндіреді, ал оны тыңдаушылардың арнайы педагогикалық мамандығы жоқ және тәрбие берудегі практикалық тәжірибиелері де біркелкі емес. Сол себепті де негізгі нұсқаулар мен тәрбие перспективаларын ата-аналарға түсінікті етіп айту керек, сонда олардың әрқайсысы педагогтың идеясына шыңдап қосыла алады, оның мәнін дұрыстығын түсінеді, мектепте жүргізілетін жұмысқа орай жанұядағы тәрбиені қалай құру керек екенін біледі. Бұл тәрізді қиын міндетті шешу әңгіменің жоспарын, материалдық түсіндіру түрлерін, ата-аналардың алдына қойылатын проблемалардың тұжырымдарын ойластырып алуды керек етеді. Осы айтылған тақырыптардың қай-қайсысы бойынша өткізілетін әңгіменің тиімділігі мұғалімнің әр жанұядағы бала тәрбиесіндегі жағдайларын, оқушылардың тәрбиелік дәрежесін өз тәрбиеленушілерінің жеке басын қалыптастырудағы жетістіктер мен қиындықтарды жақсы білуіне байланысты болады. Мұғалім әңгімеге дайындық үстінде, әңгімедегі негізгі педагогикалық қағидаларды растайтын айқын және нанымды деректерді іріктеп алады. Көптеген ата-аналар мектептегі мен жанұядағы тәрбие практикасынан алынған мысалдармен дәлелденген педагогикалық идеяларды жақсы қабылдайды. Жекеленген жағдайларда ата-аналарды сабаққа қатыстырып, мұғалімнің жұмыс тәсілдерімен таныстырудың пайдасы зор. Мәселен, мұғалім ата-аналармен балалардың өзіндік дербестігін және өзін-өзі бақылауын тәрбиелеу туралы әңгіме өткізетін болса, ата-аналарға педагогтың осы қасиеттерді балалардың бойында қалай баулитынын математика және орыс тілі сабағында көрсетуге болады. Бұл сабақтарда ата-аналар мұғалімнің бала қиналған бетте көмекке келмейтінін, қайта дұрыс жауап іздестірудің, шығарылатын есеп пен оның орындалатын жаттығудың дұрыстығын тексерудің жолдарын ғана көрстеуге тырысатынын байқайды. Мұғалімнің ата-аналармен жиналыстағы әңгімесіне ата-аналардың өздерінің шағын сөздерін қосуға болады. Ата-аналарды мұндай сөздерге дайындау (сөз мазмұнын анықтау, тәрбие практикасынан тиісті деректер іріктеуіне көмектесу) керек.
1.2. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға берілетін жанұялық
тәрбиенің педагогикалық мәні
Отбасының алтын діңгегі, берік тұтқасы әке мен шеше десек, солардан өрбіген бала-шаға, үрім-бұтақ жайқалып өскен мәуелі ағаштың бұтағы сияқты тал бесік, ұшқан ұяңды көркейтіп, ерекше сән беріп тұрары сөзсіз. Өсіп-өнген үлгілі от басын көргенде әркім де ғибрат алып, көгеріп көктегісі келеді, әркім-ақ қызығады. Мен де осылардай өсіп-өнсем деп армандаймын. Олай болса, жас ұрпақтарды отаншыл, ұлтжанды етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен олардың үй ішіндегі қам-қарекетіне, ата-анасына деген дұрыс көзқарастарды қалпына келтіруіміз керек сияқты. Қазақ от басында өз әкесімен шешесін, жасы үлкен ағасы мен апасын сен деуге тиым салып, Сіз деп айтуға қалыптастыру жөн. Халық даналығында Бала артта қалған із, мал - қолға ұстаған мұз, бақыт - ұзатылған қыз деп бағалаған. Сондықтан адам балалы болып ұрпақ қалдыруды мақсат тұтқан, сол арқылы аты аталып даңқы шыққан, тарихта өшпеас есімге айналған.
Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап-күлмес.
Мені мен Менікінің айрылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес, - деп ұлы ағартушы Абай адамның қоғамдағы орнын дәл көрстекен.
Қазақ балажан халық. Бүгінгі бала - ертеңгі қоғам мүшесі, ата-ананың өмірінің жалғасы. Болашақ қоғам мүшесін балғын көзімен өмірге баулу керек демекпіз. Ұрпақ тәрбиесі отбасының ғана шаруасы емес, мектептің ең басты мәселесі болуға тиіс. Ұлы М.О.Әуезов Ел боламын десең бесігіңді түзе деген сөзінде үлкен педагогикалық қағида жатыр...
Бүгінгі отбасының бала тәрбиесі қиынға соғып отырғандығы, мектептегі мұғалімдердің тұрмысы мен де өзектесіп жатыр десек қателеспейміз. Данышпан Абай: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегін мен ақылың екі жақтан деген. Осы ой-тілекті басшылыққа лау керек. Бала тіршілігі қашан да үй-ішінен, алтын ошақтан, ата-аналардың бала болашағына деген қарым-қатынасынан бастау алатын психологиялық фактор. Отбасын ынтымақ бірлікке, сыйластыққа, бауырмалдыққа бөлеген мейірімді жандар мекені деп түсінеміз біз болашақ тәрбиешілер. Үй ішінде ата-ананың ықпалының үстем болғаны мұғалім үшін ең тиімді. Ұлтымызда Үйді билеген түзді де билейді - деп көрегендік білдіргенін ұстаздар әсте есте ұстаулары керек.
Үлгілі, өнегелі отбасынан шыққан қазақ балалары басына ауыртпалық түскенде барлық қиыншылықтан жол тауып, мүдірмей өте білгендігінде өткен тарихымыз куә... Олар қайда жүрсе де елінің қамын ойлаған, өз ұлтының намысын қорғаған. Сондықтан да мүмкіндігінше отбасы мен мектеп тәрбиесінің арасында алшақтық болмауы тиіс, бұл мұғалімдерге қойылатын педагогикалық басты міндет. Б.Момышұлы ьұл турасында өзінің үш өсиетінде былай атап көрсетеді: Немересіне ертегі айтып бере адлмаған әжелерден қорқамын. Немаерелерге бесік жырпын ыңылдап жеткізе алмаған келіндерден қорқамын. Қазақтың әдеп-ғұрпы мен салт-санасын ұмытқан жастардан қорқамын.
Бұл міндетті орындау - мектептің ғана емес сонымен бірге жанұяның да игілікті ісі. Кейбір ата-аналар балаларын асырауды, киіндіруді, күтуді тәрбие деп түсінеді. Бұл әрине керек нәрсе, дегенмен тәрбиенің бір жағы ғана. Сонымен бірге ол үлкендер тарапынан балаларға үнемі, белгілі бағытта және үзбей жасалынатын психологиялық ықпал, адамның жеке басының, оның үміті мен құштарлығының белгілі түсінігі мен сенімінің еркі мен мінезінің бүкіл сезім жүйесінің қалыптасуы.
Ата-ана үй ішіндегі үлкендер балаға белгілі ықпал жасайды. Бұл ықпал үлкеннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына қарай ұнамды да, ұнамсыз болуы мүмкін. Кейбір ата-аналар тіпті тәрбиешілер де тәрбие ешқандай рөлді атқармайды, бала жаратылысынан ата-анасына, үрім-бұтағына тартып туады деп есептейді. Баланың жаратылысына, мінез-құлқына осылай қарайтындар қолдарын бірақ сілтеп, оның тентегіне шыдай береді. Сөйтіп баласының ұнамсыз қылықтарының үдей түсуіне себепкер болады.
Мектеп жасына дейінгі балалар ойнағанды жақсы көреді. Мектеп жасына дейінгі баланың айналуының ерекше маңызының барлығын ойынның олар үшін оқу, олар үшін еңбек, олар үшін тәрбие түрі екендігі туралы кезінде Н.К.Крупская айтқан болатын. Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу үшін ең алдымен жанұя өмірі бір қалыпты, тату-тәтті болуы, оның әрбір мүшесі тең, бірін-бірі сыйлайтын, мейірімді жәрдемдесуге дайын тұратын болуы керек. Өкінішке орай баланы болашақ өмір үшін, қоғам үшін тәрбиелеудегі негізгі міндетті ұмытып, өз баласының қолайсыз мінез-құлқына қалай болса, солай қарайтын ата-аналар әлі де кездесіп жүр.
Дариға, Серік деген ата-ана әжептеуір қызмет істейді. Ал баласы мектепте нашар оқиды, үнемі кір болып жүреді, сабаққа кешігеді. Осыны оларға айтқанда шешесі баласын ұрып-соғып, жоқты сылтау етіп, баламды мектепте біреулер ұрады екен деп айқай шығарды. Баласы баз баяғы қалпында сабақтан қала береді, кір болып жүреді, үй тапсырмаларын орындамайды.
Баланы жастайынан ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке үйрету керек. Жанұяда баланы әке-шеше ғана емес ата-әже, аға, тәте де жанұяның барлық мүшесі тәрбиелейді. Бұлардың барлығы да балаға жағымды ықпал жасауы керек. Ата-ана жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, ізеттілігі, еңбексүйгіштігі - жанұядағы адамгершілік тәрбиесінің негізі.
Баланың ілтипатты, әдепті, кішіпейілді, көпшіл болуы ең әуелі ата-анасының үлгісіне, өнегесіне содан кейін оның айналасының игі әсеріне байланысты. Өсіп келе жатқан балдырғанның бойындағы адамгершілік қасиеттердің бірі ана тілінің әсерімен қалыптасады. Сондықтан да халық ана тіліне ерекше көңіл бөліп, тіл ширату үшін жаңылтпаштарды, ойын дамыту үшін жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді үйреткен. Халықтық педагогиканың мұндай жетістіктерін ата-аналар үнемі пайдалануы керек. Тіл үйрету баланың жеті-сегіз айлығынан басталады. Балаға ана тілін үйрету проблемасы қазіргі кезде күрделеніп отыр. Ең әуелі ана тілін үйреніп жаттықпаған бала басқа тілді де жақсы игермейді. Тіл адамгершілік қатынастың қасиетті құралы. Балаға ана тілін ардақтауды үйрету керек. Адамгершілік туа бітпейді, ол тәрбиенің ықпалымен қалыптасады.
Баланың көркемдік талғамын қалыптастырып, сұлулықты қабылдауға үйрету үшін дарын нышанын айқындап, талантын дамыту үшін эстетикалық тәрбиенің мәні зор. Баланың көру сезімі жетіле бастағаннан-ақ табиғаттың тамаша көріністеріне қызыға қарайды, эстетикалық әсералады, үлкендердің түсіндіруімен дүние таниды. Әсемдікті түсіну - адамдық сана-сезімнің жоғары сатысы. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп бағдарламасында аса маңызды міндет - оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту, әсемдік сезімін дамыту деп көрсетілген. Мұның жанұядағы бала тәрбиесіне де үлкен қатысы бар. Әр баланың көркемдікке өз бейімділігі болады. Сол нышанды ата-ана дер кезінде байқап, қамқорлық жасауы керек. Жас бала сурет салуға, ән, тақпақ айтуға, билеуге құштар келеді. Оған бишілер мен әншілердің, суретшілер мен әртістердің өнерлері ерекше әсер етеді. Оған ән, тақпақ үйретуден жалықпауымыз керек.
Ұлы жазушы А.П.Чехов Адам барлық жағынан да сұлу болуы керек - дейді. Жанұяда ата-ана баланың таза киініп, таза жүруімен қатар оның әдепті болуын талап етеді. Әдептілік эстетиканың негізгі бір саласы. Эстетикалық әсер ізгілік сезім туғызады. Әсерленген балада эстетикалық ұғым, эстетикалық мұрат пайда болады. Көркемдік негіз тұрмысты сәндендіреді және адамның адамгершілік қасиетін арттырады. Әсемдік әрқашанда жақсы сезімге бөлейді. Баланы әсемдікті көре білуге, одан ләззат ала білуге үйретуіміз керек. Әсемдік табиғатта, сондықтан мен алғашқы сабақты табиғат аясында бастадым, - дейді атақты педагог В.А.Сухомлинский. Баламен бақ ішінде және далада өткізген бір күн - сабақ үстінде өткізген көп аптаға пара-пар - дейді ұлы педагог К.Д. Ушинский.
Көркемдік сана эстетикалық тәрбиенің аса маңызды нәтижесі, талғамдар мен көркемдік көзқарастардың, эстетикалық мұраттардың жиынтығы. Баланы жанұяда өнер көрсете білуге үйрету, эстетиканы жанұялық тұрмысқа ендіру, баланың мінез-құлық эстетикасын қалыптастыру, оған әсемдік әлеміне қамқорлықпен қарауды, шығармашылық еңбектерді құрметтеуді үйрету, оның туған жерді сүю сезімін дамыту эстетикалық тәрбиенің жанұядағы негізгі міндеттері. Бұл салада ата-ананың эстетикалық тәрбиесіне көркем әдебиеті мен өнер шығармалары негізгі материал болады. Жанұядағы еңбек тәрбиесі де - барлық тәрбиенің негізі ретінде үздіксіз жүргізіліп жатқан процесс. Еңбек адамды мақсатқа, қуанышқа жеткізеді, бақытты өмір сүруіне себепті болады. Сондықтан еңбек тәрбиесі - жанұя бақытының негізі.
А.С.Макаренко Адамның болашақ мамандығы үшін ең маңызды нәрсе - жанұядағы еңбек тәірбиесі - деген болатын. В.А.Сухомлинскийдің көзқарасы бойынша Баланың еңбекке араласуы мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс, өйткені бала еңбегі оның адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ең қуатты негіз болып табылады, - деп көрсетеді.
Жанұядағы еңбек тәрбиесі бала қаз-қаз басып жүре бастағанда ақ өз нышандарын көрстетеді. Тұсау кесер жырымен еліктіріп, Қазақ-қаз балам, қаз, балам! - деп оған тұңғыш еңбек қиындықтарын жеңуге үйретеміз.
Жас сәби қолына зат ұстауды үйреніп, өзі тамақтануға құштарланады, сол кезде оның игілікті еңбегін байыпты бас ұрып, затты оң қолмен ұстауға, тазалық сақтап тамақтана білуге үйретеміз. Әсіресе, баланың өзі киінуін талап ету тәсілдерін қолдана білудің мәні зор. Өйткені кезекті еңбек міндеттерін уақытысында атқарып үйренбеген бала олақ, жалқау болып өседі.
Өзін-өзі қызмет етуді бала бір-екі жастан бастап үйреніп, кейін міндетті еңбек мәнін ұғады. Одан кейін жанұяда еңбек бөлісі басталып, баланың еңбектегі жауапкершілігін қалыптастырып, ұқыптылығын арттырады. Төсек жинау, ыдыс жуу, еден сүртіп, тазалықты сақтау әрбір затты өз орнына қою, тамақ ішерде және тамақтан соң жуыну, күнде бір-екі рет тіс шаю тағы басқа толып жатқан алғашқы міндеттерін бала айттырмай орындауға әдеттенуі керек. Ол үшін баланың ісін ата-ана қадағалап, дапғдылы қалыптасқаннан кейін оны дамыта түседі. Бұл жерде ата-ана жазалау, мадақтау, талап қою секілді тәрбие тәсілдерін орынды да әділ және кішіпейілділікпен, қамқорлықпен, іштей сүйіспеншілікпен қолдануы қажет. Жанұядағы еңбек тәрбиесі - баланың мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын негізгі фактор. Жақсы ұйымдастырылған, қолдау тапқан, нәтижелі еңбек баланы қуантып, оның сенміні арттырады, адамгершіік сезімін дамытады. Еңбек баланың ата-анаға, ата-ананың балаға сүйіспеншілігін нығайта түседі. Сүйіспеншілік адамгершііліктің алдыңғы нышаны. Жанұядағы еңбектің этикасы мен эстетикасы да өз дәрежесінде болуы керек.
Баланы еңбекке үйретудің әлеуметтік психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлмесек, бала тәрбиесінде көптеген кемшіліктер жіберуімі мүмкін. Егер ата-ана балын іске жұмсауда педагогикалық және психологиялық тәсілдерді қолдана білмесе, оның еңбекке ықыласын кемітіп, тілазар атандырып, мінезін бұзады. Сен ыдыстарды жу балам деген тапсырманы неше түрлі интонациямен айтуға болады. Өз баламыз деп оған бұйырып, билік көрсетіп іс тапсырғаннан гөрі, оның өз міндетін орындауын кішіпейілділікпен талап ету әлдеқайда тиімді. Балаға ұрсу - жазалаудың жоғарғы шегі. Ал жазалау әділетті, орынды болмаса, онда ата-ана өз беделін жойып алады. Шыдымсыз, ұрысқақ ата-аналардың балалары еңбекте берекесіздік көрсетеді, көпшілігі қырсық, кербақ кейде кесірлі мінез көрсететені тарс етпе томырық болады. Өткен іске наразылықпен, келешек іске сенімсіздікпен қарайтын пассимист ата-ананың баласы да еңбекке ықылассыз келеді.
Көбірек ақыл үйретем деп, баланы мезі қылып алатын ата-аналарда бар. Бір айтқанды қайталағанды бала ұнатпай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz