БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Оқушы тұлғасын дамыту жағдайы мен сана сезімінің ерекшеліктері

Мазмұны

Кіріспе

1. Оқушылар тұлғасының әлеуметтенуінде мектептің, отбасының, үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігі
2. Шағын жинақты мектептердің жағдайында жеке тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиелеу жүйесін дамыту
3. Тәрбие және жеке тұлғалы әлеуметтендіру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.
"Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің даму тұжырымдамасында": "Білім берудің басты мақсаты - оқушының білім алуына, өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету, өзін таныту, әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді қалыптастыра отырып дара тұлғаның қабілеттерін дамыту",- деп көрсетілді. "Әлеуметтендіру" ұғымы алғашқы рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастады. Сондықтан да болар бұл ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында американдық психолог ғалымдар А.Бондураның, Д.Доллэрдтің, Дж.Кольман-ның, А.Парктің, В.Уолтерстің және басқалардың аттары атала бастады. Балаларды әлеуметтендіруді біз арнайы схема арқылы талдап көрсетуімізге болады (Сурет 2).
Әлеуметтену - (латын сөзінен шыққан socialis - қоғамдық) тұлғаның қалыптасу үрдісі, индивидтің тілді меңгеруі, әлеуметтік құндылықтар, тәжірибе және т.б. Э.Дюркгейм әлеуметтену процесін қарастырып, оның белсенді бастамасы қоғамға тән, сол себепті ол әлеуметтену субъектісі болады деген. Сондықтан қоғам адамды өз үлгісіне салып қалыптастыруға талпынады.Т.Парсонстың ойынша, әлеуметтену бала дүниеге келген қоғам мәдениетіне қатысты болса, ролдерді қанағаттандырушы қызмет үшін бағыт-бағдар реквизитін игеру қажет. Әлеуметтенуде, дейді Э.В.Ильенков тәрбиемен қатар алдын-ала әдейі дайындықсыз, өздігінен туындаған ықпал арқылы адамның қоғамның толыққанды, толық құқылы мүшесі болуы байқалады. Әлеуметтендіру ұғымы көбінесе әлеуметтенудің негізгі механизмдері арқылы да түсіндіріледі.Атап айтқанда, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық механизмдер (импринтинг, еліктеу, экзистенциалды қысым көрсету, идентификация, рефлекция), әлеуметтенудің әлеуметтік-педагогикалық механизмдері (әлеуметтенудің дәстүрлі механизмі, әлеуметтенудің институционалды механизмі, әлеуметтенудің стильді механизмі, әлеуметтенудің тұлға аралық механизмі).
1. Оқушылар тұлғасының әлеуметтенуінде мектептің, отбасының, үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігі
Әлеуметтену процесін төртке бөліп қарастыруға болады: адамның стихиялық әлеуметтенуі; тікелей әлеуметтену; әлеуметтенудің әлеуметтік бақылауы адамдардың өзін-өзі өзгертуі. Әрбір бала өзінің ерік-жігеріне және бітіміне қарай өзіндік адамгершілік-имандылық іс-әрекеттерімен танылады. Ол қоғамның бір мүшесі бола отырып, жеке қарым-қатынастан, өз ұстаздарының айтқан ережелеріне сүйенеді, сонымен бірге, өздеріне ұнаған тәжірибелерді мұра етіп ала отырып, сол негізде өзінің жеке басын қалыптастырады. Талдай келе біз әлеуметтік-педагогикалық қызметтің маңызды екендігі анықталды. Бұл қызметте балалардың әлеуметтенуі арнайы
тапсырыстар арқылы іске асырылады. Тапсырыс берілген соң оның мақсаты, міндеттері, мазмұны айқындалады. Арнайы бағдарламалар құрастырылады. Одан кейін түрлері, әдістері мен құралдары таңдалып алынып, белгілі кезеңдер арқылы жүргізіледі. Дегенмен, алаларды әлеуметтендіру іс-әрекеттерін жүргізуден бұрын олардың мінез-құлқындағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерді талдау әрбір орындалатын жұмыстың оң нәтижесін береді. Сондықтан, жас ұрпақты қоғамға әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, олардың ар-намысына тимеуге, абыройларын, ар-ождандарын құрметеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру қажет. Оларды әлеуметтендіру және тәрбиелеуде оның ең тиімді жолдарын, құралдары мен тәсілдерін саралауға ең алдымен ұстаздар мен тәрбиешілердің әрбір жас жеткіншек ұрпақтың жас мөлшерін, мінез-құлқын, тұлғалық қалыптасатын кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктерін үнемі ескеріп, зерттеп отыруы әрбір ұстаздың, тәрбиешінің кәсіби міндеттеріне айналуы тиіс.

Әлеуметтенудің әлеуметтік-педагогикалық механизмдері
Дәстүрлі механизм
Институционалды механизм
Стильді механизм
Тұлғааралық
механизм
Адамның отбасы және өзіне жақын адамдарына тән нормалар мен көзқарастарын дамыту
Қоғамдық институттармен, түрлі ұйымдармен бай-ланысы арқылы адамның әлеуметтік білімі мен тәжірибе деңгейін арттыру
Өмірде өзіндік орны бар адамдардың моральдық-психологиялық сипаттамасы мен мінез-құлық көріністері арқылы субмәдениет шегінде әсер ету
Адам мен сол адамның өзі үшін маңызды адамдардың әсерлесуі нәти-жесінде нағыз тұлға қалып-тастыру
Н Ә Т И Ж Е Л Е Р І
Балалық шақта дамыған әлеу-меттік тәжірибелер уақыт талабы мен заман ағымына қарай өзгеріп отырады.
Араласу арқылы адам өзінің мінез-құлқына ұқсас ортақ көзқарастағы адамның өмір сүру мәнерін таңдайды.
Адамның субмәде-ниетті қанша дең-гейде қажет етуіне байланысты әсер етіп, сол арқылы тұлға стилін қалып-тастырады.
Адам өз жақында-рымен, туыстары-мен, достарымен және таныстарымен араласу арқылы маңызды адам болып қалыптасады
Сурет 1 - Әлеуметтенудің әлеуметтік-педагогикалық механизмдері

БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ -
Балалардың әлеуметтік қасиеттерді, тәжірибені мең-геру барысында өздері әлеуметтік тәжірибеге ене отырып, өзіндік жеке өмірде әрекет етуге бағытталған көп қырлы қиын үрдісі
Әлеуметтендіру кезеңдері
1) допуберантты кезең - туылғаннан 12 жасқа дейін;
2) жасөспірімдік кезең -
12-18 жас аралығы;
3) ересектік кезең -
18 жастан жоғары
Ә л е у м е т т е н д і р у д і ң

деңгейлері аспектілері
Микроорта
Макроорта
Мезаорта
Психологиялық
Әлеуметтік-психологиялық
Әлеуметтік
Әлеуметтендірудің негізгі түрі - қозғалыс
Балалар іс-әрекетінің ерекше ұйымдастырылған, әлеумет-тік тұрғыдан тәуелді, қоғам-дық және тұлғалық маңызы бар, баланың өзін-өзі анық-тауға, ұсынуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық құбылысы
Әлеуметтендіру процесінің мазмұны
Отбасылық әлеуметтену
Жыныстық ролдік әлеуметтену
Кәсіби әлеуметтену
Саяси әлеуметтену
Әлеуметтендіру процесінің түрлері
Стихиялы әлеуметтену
Адамдардың өзін-өзі өзгертуі
Тікелей әлеуметтену
Әлеуметтік бақылау
Әлеуметтендірудің сипаттамасы
Тәрбие негізінде әлеуметтік әрекет жасау
Үзіліссіз процесс негізінде стихия-лы әлеуметтену
Әлеуметтендіруге қажет құндылықтар
Қоғам қажеттіліктері
Адамгершілік-эстетика-лық қасиеттер мен адам-дардың мәдени
іс-әрекеті
Әлеуметтендірудің негізгі міндеттері
Жауапкершілікке тәрбиелеу
Мәдениеттілікке тәрбиелеу
Кез-келген ортағақалыптасу қабілеттерін дамыту
Өзін-өзі тануын жетілдіру
Ортақ өмір сүру дағды-
ларын қалыптастыру
Мәселе шешу қабі-леттерін дамыту
Қоғам жайлы сын-пікір
айтуға даярлау
Шығармашылық қарым-қатынасқа үйрету
Сурет 2 - Балаларды әлеуметтендірудің негізгі қажеттіліктері

Талдай келе әлеуметтік-педагогикалық қызметтің маңызды екендігі анықталды. Бұл қызметте балалардың әлеуметтенуі арнайы тапсырыстар арқылы іске асырылады. Тапсырыс берілген соң оның мақсаты, міндеттері, мазмұны айқындалады. Арнайы бағдарламалар құрастырылады. Одан кейін түрлері, әдістері мен құралдары таңдалып алынып, белгілі кезеңдер арқылы жүргізіледі. Дегенмен, алаларды әлеуметтендіру іс-әрекеттерін жүргізуден бұрын олардың мінез-құлқындағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерді талдау әрбір орындалатын жұмыстың оң нәтижесін береді. Сондықтан, жас ұрпақты қоғамға әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, олардың ар-намысына тимеуге, абыройларын, ар-ождандарын құрметеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру қажет. Оларды әлеуметтендіру және тәрбиелеуде оның ең тиімді жолдарын, құралдары мен тәсілдерін саралауға ең алдымен ұстаздар мен тәрбиешілердің әрбір жас жеткіншек ұрпақтың жас мөлшерін, мінез-құлқын, тұлғалық қалыптасатын кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктерін үнемі ескеріп, зерттеп отыруы әрбір ұстаздың, тәрбиешінің кәсіби міндеттеріне айналуы тиіс. Балалардың қоғам туралы ой-пікірлерінің деңгейін, олардың бойында адамгершілік сапа-қасиеттердің қалыптасу және бұл қасиеттердің адам болмысы мен қоғам өміріндегі мәні мен маңызы туралы түсініктің сапалық деңгейін біліп,оқушыларға сауалнамалар мен шығарма жаздыру әдістері жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 90 бала қатысты. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың жауаптарын мұқият сараптай отырып, олардың мазмұнынан әлеуметтену ұғымын түсінулеріне байланысты белгілерін талдай отырып, топталған белгілерді мағынасына қарай 4-топқа бөлдік және ол белгілердің респонденттер ішіндегі мәндік көрсеткіштерінің пайыздық шамасын айқындадық. Ол көрсеткіштер кесте 1-де өрнектелген.

Кесте 1- Сауалнамаға берілген жауаптардың сапалы мәндегі топтамасы
Топтар
%
Сапалы мәндегі жауаптар

I-топ

31,0
Әлеуметтену процесін түсініп, оған ықпал ететін факторларды көрсеткендер және қоғам туралы жалпы түсінігі барлар

II-топ

27,0
Әлеуметтену өмір сүруге қажетті деп түсіндіргендерді және әлеуметтенуге ықпал ететін ең болмағанда бір факторды атап көрсеткендер

III-топ

22,0
Дұрыс жауапқа жуық келгендерді, мысалы әлеуметтену ортаға бейімделу; қоғам ол белгілі бір орта деген сияқты қысқа қайырылған жауаптар иелерін
IV-топ
20,0
Жауап жазуға тырыспағандар мен түсінбеймін, білмеймін деген жауап иелерін
БОС УАҚЫТТА ОҚУШЫЛАР ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАНЫҢ ЫҚПАЛЫ
ҮЕҰ
КІИ
ЖОО-ы,
коллеждер
басқалар
БАҚ
Балалар мен жастар ұйымдары
Отбасы
оқушы
мектеп
Құрдастар, басқа әлеуметтік қоршау
ОДА
Аула клубтар
Діни ұйымдар

Шеңберлер неғұрлым сыйстырылса, соғұрлым әлеуметтендіру факторының оқушы тұлғасына әсері көбірек, ол ұйымдастырылмаған немесе мақсатты болуы мүмкін.Мысалы: оқушының ата-анасы дәстүрден тыс бір діни ұйымның белсенді мүшелері, онда шығармашылыққа, сауық құруға т.б. байланысты іс-әрекеттерге тыйым салынған. Бұл жағдайда сызбанұсқа келесі болады:
1. Мектеп ықпалы барынша азайтылған.
2. Клубтардың, құрдастар тобының және басқа да әлеуметтік қоршауы әрекетінің әсері жоқ.
3. Отбасы мен діни ұйымының әсеру үстем.
Отбасы
Діни ұйымдар
МЕКТЕП
ИДН
ҮЕҰ
Балалар мен жастар ұйымдары
басқалар
Оқушы

2. Шағын жинақты мектептердің жағдайында жеке тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиелеу жүйесін дамыту

Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісінің жаңашыл, жан-жақта қалыптсқан жеке тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің жолдарын шешу-бүгінге күннің ең басты талабы. Ел тағдыры, оның келешекке кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты.
Ұлы данышпан Әл-Фарабидің Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім - адамзаттың қаса жасуы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі деген сөзі көрегендік. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, біз бүгінгі заман талабыны сай тәрбие білім жүйесімен жұмыс істеп келеміз.
Парасатты да саналы адамзат болу үшін бүгінгі таңдағы жас ұрпақтың білімі терең, әрі жан-жақты болуы тиіс. Елбасының 2030 жылға арналған бағдарламасында ұрпаққа білім, тәрби берудің, оны дамытудың ерекшеліктері айтылған. Тәрбие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Жетім балалар үйіндегі балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші
Отбасындағы баланың қарым - қатынас мәселесі
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлі
Әлеуметтік ортаға бейімдеуде ұлдар мен қыздардың тәрбиесі
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін сақтау мен дамытудың этнопедагогикалық негіздері
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Пәндер