Жеке тұлға өзіндік құндылық



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Педагогика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Оқу тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары

Орындаған: Мусагалиева Гүлшат
Жетекші: Илиясова Г.Қ.

Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І - Тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушылары- оқу - танымдық іс- әрекеттің субъектісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың психологиялық -дидактикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
II - Тарау. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс-әрекетке баулудың жолдары
2.1 Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулудың технологиясы ... ..22
2.2 Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс-әрекетке баулу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу- бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Осыған байланысты қазіргі кездегі білім берудің көкейкесті міндеті оқушылардың танымдық шығармашылық іс -әрекетке баулу болып табылады.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында, елбасымыздың "Болашақ", "Дарын" бағдарламаларында, "Қазақстан -2030" атты Қазақстан халқына Жолдауында, "Қазақстан Республикасында" білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында" білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басым міндеттер қатарына қойылған.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіру, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу объектілеріне айналумен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың шығармашылық іс -әрекетке баулу басты нысанға алынған.
Жеке тұлға өзіндік құндылық. Оның шығармашылық дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек. Бұл жөнінде ежелден- ақ ұлы ойшылдарымыз Әл -Фараби, Ж. Баласағұн, ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Д. Кішібеков, Р.Н. Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.
Бала тәрбиесі- аса жауапты іс. Ұстаз- оқушыларға білім беруші ғана емес, олардың бойына отансүйгіштік, елжандылық, ұлтжандылық, адамгершілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді қалыптастырушы басты тұлға.Баланың болашақта қандай азамат болатындығы, өсетіндігі мұғалімнің балалармен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдісіне де тығыз байланысты.Ел ертеңінің сәулелені, Қазақстанның тәуелсіздік тұғырында нық орнауы да оның болашағын сомдайтын бүгінгі жас өркен- ертеңгі біртуар тұлғаны тәрбиелеу негізінің мықты болуында.
Сондықтан мектепте тәрбие жұмысын жүргізудің негізгі мәселелерін қамтитын мектеп мұғалімдеріне, тәрбиешілерге арналған көмекші құрал-тәрбие жұмысының әдістемесін жазу қажеттілігі туындайды. Бұл курстық жұмыс ауыл, қала мектептерінде тәрбие жұмысы бойынша жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде жазылды.
Зерттеу объектісі: Оқушылар мен мұғалімдердің іс-әрекеттері.
Зерттеу пәні: Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісі барысында іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
Зерттеу мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту жолдары.
Зерттеу базасы: Зеленов атындағы Үлкен шаған ауданы ЖОББМ
Зерттеу болжамы:
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту жолдары әлі де болса төмен деңгейде. Өйткені бұл мәселе төңірегінде мұғалімдер көп көңіл аудармайды.
Зерттеу міндеттері:
1.Оқушының жеке дамуын бақылау, оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына тиімді жағдай жасау.
2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
3. Мұғалімнің өз іскеолігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орната білу.

І - Тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушылары- оқу - танымдық іс- әрекеттің субъектісі ретінде
Оқушылардың танымдық шығармашылық проблемасын терең теориялық мазмұнсыз, оқыту прсщесіндегі дидактикалық белсенділік принціпінсіз, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беруде қазіргі концептуалдық жолдарды есепке алмастан шешу мүмкін емес.
Тұлға үшін адамзат баласы жүзеге асыратын іс-әрекеттердің ішіндегі ең бір күрделісі-танымдық процесс болып табылады. Педагогикада оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеті ұғымдары ойлау іс-әрекеті ұғымдары жиірек пайдаланылады. Ойлау және таным ұғымдарына анықтама берер болсақ, философиялық энциклопедиялық сөздікте ойлау ұғымы объективтік шындықтың белсенді формасы ретінде сипатталады. Ойлау адамзат баласы танымының жоғары сатысы болып табылады. Сондықтан таным ойлауға қарағанда әлде қайда кеңірек ұғым философиялық сөздікте таным объективті шындықтың бейнеленуінің жоғарғы формасы ретінде сипатталса, ал бейнелеу-материяның жалпыға бірдей ортақ қасиеті ретінде сипатталып, оның мәні бейнеленуші объектінің белгілнрін, қасиеттерін, элементтері арасындағы қатынастарын басқа объектілермен байланыстарын қайта жаңғыртуда, қайта елестетіп көрсетуде болып табылады
А.П.Карповтың пікірінше мектептегі оқушының танымдық іс-әрекеті - оны өмірге даярлаудағы қажетті кезең. Танымдық іс-әрекет құрылымы жағынан іс-әрекеттегі ұқсас, кез келген басқа солармен бірлікте болады.
Г.Н.Щукина танымдық іс-әрекеттің субъектісі оқушы болуға тиісті деп есептейді. Олай болса, әлеуметтік- педагогикалық негізі бар оқып-үйренудің де қайнаған ортасында оқушы, оның жеке басының тұлғасы, оның санасы, танылуға тиісті және танылу үстіндегі айнала қоршаған дүниеге қатынасы, таным процесіне қатынасы және танымдық іс әрекетке қатысушы- оқушыларға, оқып-үйрену ісін ұйымдастырушы және бағыт беруші мұғалімдерге қатынасы, көзқарас болады. Әрі бұл оқып үйренудің әлеуметтік мақсатқа, оны мұғалімнің ұйымдастырумен бағыт беруіне тәуелділікте болатындығын және соған қарамастан өзінің субъективтік - тұлғалық негізін жоғалтпайтынын ұмытпауға тиіспіз.
Т.С.Сабыровтың пікірінше, танымдық іс-әрекеттің ерекшелігінің біріне оның оқу құрылымы жатады. Оның құрылымына да кез келген іс-әрекеттің құрылымына жататынын компоненттер енеді. Алайда, бұл іс-әрекеттің мақсаттық және бағдарламалық сипаты міндетті түрде біліммен, білікпен, дағдылармен қамтамасыз ететін жүйелікті, бір ізділікті талап етеді, әдіс тәсілдермен, оның ұйымдастыруымен шектеледі. Осы мағынада алғанда, танымдық іс -әрекеттің әрбір құрылымдық компоненті бүкіл оқыту процесінің құрылымына тәуелді болып шығады, осылармен шектеледі.
М.А. Асылжанованың пікірінше, балалық шақта балалардың жас ерекшеліктері әрі алғашқы қабілеттіліктердің қалыптаса бастау факторлары да болып табылады. Төменгі сынып оқушысының танымдық іс -әрекеті жас ұрпақтың міндетті түрде меңгеруге тиісті, үнемі жетілдіріп отырған іс -әрекеті болып табылады.
Жеке адамның белсенділігі педагогикалық проблема ретінде В.И. Лозоваяның докторлық диссертациясында зерттелінді. (Лозовая, 1990). Автор жеке тұлғаның мәні мен осы ұғымының әрекет ұғымына қатынасын ашуды түрлі көзқарастың орнына алып отырғанын атап өтеді. Оларды қысқаша келтіре кетейік.
- Белсенділік жеке тұлғалардың ерекше қасиеті ретіндегі жалпы категория
болып қарастырылады. Әрекет әлеуметтік нысан үшін айрықша
белсенділік ретінде көрініс табады.
- Белсенділік және әрекет ұғымдары теңестіріледі.
- Белсенділік әрекеттің сапалық сипаттамасы деген анықтама беріледі.
- Белсенділік дегеніміз жеке адамның сипаты, оның қасиеті.
Танымдық іс -әрекетті түсіндірудің түрлі нұсқаларына (оқуға ұмтылушылық пен ерік жігер көрсетумен сипатталатыны шәкірттің қал жағдайы, білімді жігерлі түрде игеруге дайын болушылық пен ұмтылушылық; ақыл ой әрекеті; әрекет сапасы, т.б.) талдау жасай келе В.И. Лозовая олардың бәрі осы ұғымның елеулі жақтарын толықтырады дегенге меңзейді.
Бұл көзқарастар- жеке адамның білім алуды, қол жеткізген білімін тереңдетуді қоғамның рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсіну танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Мектеп оқушыларының танымдық іс -әрекетті жетілдіру мәселесіне педагогтардың, психологтардың, көптеген еңбектеріне арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әртүрлі пікірлер айтылған. Біреулері танымдық белсенділікті іс -әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырылады.
Таным-ол адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәжірибе жинақтау, оны қорыту арқылы терең де тиянақты білім негізінде пайда болады. Танымдық іс -әрекетке баланың ақыл -ойын өсіру үшін олардың елестеулерін дамытуға көбірек зер салу керек.Егер бала ойын,, оқу әрекеттері арқылы айналасындағы дүниемен тығыз байланыста болса, заттарды қабылдауға әрекет етсе, оның танымы артады. Танымдық ойын арқылы түрлі объектілерді көреді, байқай алады, оларға назар аударады.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу - ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін С.Жақыпов өз еңбегінде " сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты - графикалық құралдарды қолдану керек. Бұл оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгеруге төзімділігін арттырудың бірден - бір тәсілі болып табылады" деп көрсетті.
Оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үрдіс Танымдық әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі артады.
Төменгі мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым - қатынас шеңберінің көбеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтардың бүкіл оқыту - тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді Негізгі түрі - оқу болып табылады. Осы оқу арқылы олардың танымы дамиды. Оқыту үрдісінің қозғаушысы - ұстаз бен оқушының біріккен танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.
Танымдық іс -әрекет дегеніміздің өзі - оқушының білімге деген ынта - ықыласының ерекше бір көрінісі , яғни , оқушы білім алуда ілгері қарай жылжып , білмеуден білуге қарай қадам басады.
Мысалы бастауыш мектептерде пән сабағында оқушының белсенділігін арттыратын әдістерді қолдану, әртүрлі ойындар арқылы оларға тапсырмалар беру.
Оқушылардың тапсырмаларды орындау жеке-дара шығармашылық, қызығушылық өзіндік жұмыс арқылы танымдық іс - әрекеті қалыптасады. Сабақтарда оқушыларға білім, тәрбие беріп, олардың қызығушылығын, ынта - ықыласын және танымдық қасиеттерінің артуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Мысалы: мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығы сурет салу, ән - күй, кино, өлеңмен таныстырып, дамытып отырудың маңызы зор. Оқушылардың танымдық белсенділігі, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына, оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне, сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым қадағалап отыруына байланысты. Оқу бала үшін қиын емес, жаңаны тану, зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық іс-әрекетінің жетістіктеріне жетудің бірден-бір көзі.

1.2 Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың психологиялық -дидактикалық шарттары
Таным ұғымының ауқымы өте кең. Бұл ұғымға ғылымның түрлі саласынан, атап айтқанда философия, психология, педагогика жан - жақты түсінік берген. Сонымен осы әдебиеттерге сүйене отырып, танымның мәнін ашуға тырысайық. Ерте кезден - ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін -өзі танып білуге тырысқан. Сондықтан адамның танымы белгілі бір қоғамда, практикалық қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады. "Танымдық қызығушылық ол адамның дүниеге деген танымдық құштарлығы мен сезіну кезіндегі танымдық қатынасы" - деген пікірге көз салсақ. Кішікбеков Д, Сыдықов У. "Философия" еңбегінде: "Заттар құбылыстар мен процестер және олардың қасиеттері маңызды байланыстары таным білуші субьектіден тәуелсіз өмір сүреді. Түйсіктердің, қабылдаудың және ақыл - ойдың арқасында біз затарды, олардың қажеттерін танып білеміз. Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің, мәнді қатынастарының адам санасында идеалды образдар, жүйесі ретінде бейнелеушінің қайшылыққа толы күрделі процессі".
Яғни, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі. Таным сезімдік және логикалық деп білеміз. Сезімдік таным дегеніміз сезім мүшелері: көру, есту, сезіну, қабылдау және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып білу. Ал, психологиялық тұрғысынан алсақ: адамның түйсінуі, кабылдауы, есі, ойлауы, сөйлеуі, қиялы мұның барлығы танымдық қуаттары, танымдық жан қуаттарының күррделі ағымын аңғару үшін алдымен олар белгілі топтарға жіктеледі. Бұл топтастыру бойынша психикалық процестер, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталынады. Танымдық әрекеттерінің кейбірі (түйсік, қабылдау, елестету) сыртқы дүние құбылыстары мен заттарын тікелей танып, білуді енді біреулері (ойлау, қиял, т.б.) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, өзгерістерді тереңдей бойлай білуде ерекше орын алады. Қ. Жарықбаевтың "Психология" еңбегінде "Алдымыздағы тұрған мәселені шешу, заттардың себеп - салдар байланыстарын көрсету, болмысты жалпылай және жанама түрде тану ойлау процесінің арқасында болып отырады. Ойлау адам танымының ең жоғарғы түрі", -дейді.
Танымды қалыптастыруда жас балаға өлең, тақпақ, ертегі, әңгімелер жаттатып, жиі қайталатып есіне түсіріп отыру ес дамуының шарттарының бірі. Бала мектепке келгеннен кейін танымдық тәрбиеде баланың логикалық есін дамытуда мұғалім түрлі шаралар қолданады. Таным процесіндегі есті тәрбиелеу, оны дамытып, байыту, есте қалдыру, қайта жаңғырту жаттығуларының әдістерін дұрыс жолға қоюмен тығыз байланысты.
Танымдық деңгейді әрі кеңейтіп, әрі тереңдету мүмкіншіліктері ес, еске сақтауға тығыз байланыста болғандықтан, оқыту, тәрбие ісінде оған лайықты әдістер қалыптастыру қажет. Оқушы өз өмірінде көріп - естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі танымдық ойлары мен сезімдерін, әр - қилы іс - әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Шығармашылық таным мен белсенділіктің маңызды көрсеткіші оқушының өз бетінше ізденіп, сұрақ қоя білуінде. Сабақта меңгерілген теориялық заңдылықтарды өмірде пайдалана білу - жаңаша танымның көрсеткіші. Шығармашылық іс -әрекетке баулу қабілетін арттыру үшін мұғалім мен оқушының шығармашылық ізденулері өзара ұштасуы тиіс.
Өз бетінше жасайтын жұмыстардың ішіндегі ерекше орын алатындардың қатарына шығармашылық сипаттағы жұмыстар жатады. Шығармашылық жұмыс - оқушының өз бетінше жасайтын жұмыстары және олардың белсенділігінің дамуындағы қажетті кезең. Өз ізденісінің және шығармашылық жұмысының жемісін сезінген оқушылар педагогтардың еңбегін бағалай біледі және оқуға деген ынтасы арта түседі. Таным үрдісінің шығармашылықпен жақындаса түсуі окуға деген пригматикалық қатынасқа сенімді кедергі болады.
Шығармашылық- дәл сипатталатын, қатаң реттеуге келмейтін интеллектуалдық іс-әрекеттер мен операциялар арқылы адамның объективті немесе субъективті жаңа нәрсе жасау үрдісі. Мұның атқаратын функциясы - жинақталған тәжірибені қайта жаңғырту ғана емес, жаңа элементтер жасай отырып оқушы мен оның ептіліктерін дамыту.
Шығармашылық жайлы әңгіме қозғалғанда біздің санамызда -Евклид, Гомер, Леонардо да Винчи, Моцарт, Бетховен, Ньютон, Лобачевский, Гете, Пушкии, Пуанкарс сияқты және т.б. өткен уақыттың ойшыл -даналары еске түседі. Бұлар өз ойларымен, мәселелерге жаңаша көзқарасымен келу арқылы қоршаған ортаға, оның заңдылықтарын ашуға деген адамзаттың мүмкіншіліктерін көрсете білді. Бірақ та мұның барлығы шығармашылықтың бір ғана қыры.
Шығармашылық тек қана ғылымда, әдебиет және бейнелеу өнеріне ғана емес бүкіл адамзат қызмет аймағында қажет. Қазіргі мектепте оқитын балалар бірнеше жылдан соң өз бетінше өмір сүруге көшіп экономика, мәдениеттің және т.б. дамуына өз үлестерін қоса бастайды. Әрине, оған еңбек етіп, өз жұмысын ұнатудан басқа шығармашылық қабілет те қажет-ақ. Ал оны іске асыру үшін оқушыларды тапсырмаларды орындау барысында жаңа жолдарды, тәсілдерді іздеп таба білуге, яғни мектеп курсының материалдарын шығармашылықпен игеруге жүйелі түрде тәрбиелеу қажет.
Шығармашылық іс- әрекетке баулу жаттығуды қажет етеді. Әрбір өз бетінше шешілген қиыншылықтар шығармашылық қызметті ұштай түседі. Мәселеге шынайы ден қоймай, іштен түрткі болмай, бір мәселе бойынша ұзақ ойланып толғанбай, шығармашылық нәтижеге жету мүмкін емес.
Өз еңбегінен қанағат алатын, өз күшін сынап көруге болатын, белгілі нәрсенің жаңа жақтарын өз бетінше ашуға болатын, жинақтылықты, шығармашылық қиялды, интуиция, фантазияның жинақталуын талап ететін тапсырмалар және өз бетінше берілетін жұмыстарды оқушылар жоғары бағалайды. Оқудан қанағат алуға ықпал жасайтын, шығармашылық қуаныш әкелетін тапсырмалар, өз бетінше жұмыстар дайындау - мұғалімнің оқу-танымына шығармашылық элементін енгізе білуі мен оқу үрдісін танымдық және шығармашылық бағытта жүргізуге ұмтылысы айқын екендігін аңғартады. Бұл бағытқа мыналарды жатқызуға болады:
- шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды оқушыларға ұдайы ұсыну және шығарту;
- оқу бағдарламасынан тыс эксперименттік, зерттеушілік сипаттағы тапсырмаларды орындату;
- түрлі оқу, ғылыми ақпараттарды салыстыру, талдау жасату және іздестірту;
- оқу материалдарын жалпылау және жүйелеу, шығармашылық талдау жасауға берілетін тапсырмалар орындату;
- сабақ барысында шығармашылық ойын өткізу т.с.с.
Шығармашылық жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың танымдық және эстетикалық қажеттіліктерін бір мезгілде ғана қанағаттандыруға септігін тигізеді. Шығармашылық қабілеттің бірден қалыптаспайтындығы белгілі. Оқытудың алғашқы күнінен-ақ бұл мәселе педагогикалық ұжымның назарында болуы тиіс. Мектеп курсының әрбір пәні оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға үлес қоса алады. Әсіресе математика, еңбек, бейнелеу өнері, дүниетану пәндерінің қосар үлесі мол. Стандартты емес тапсырмаларды шешімдерін іздестіру, пайымдаудағы қателіктерді табу, теореманың мазмұнына талдау жасау, белгілі ғалымдардың шығармашылық қызметтері жайлы әңгіме өткізу - мұның барлығы да шығармашылық іс- әрекетке баулуға негіз болады.
Оқушылардың шығармашылық қызметі бар нәрсені түсіндіретін өнімді кызметтің бір түрі ретінде карастырады (Н.Я.Виленкин, Л.Ю.Германович. О.Б.Епишева. Ж.Икрамов. Б.И.Коротяв, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов және т.б.) .
Көптеген авторлар атап өткендей, шығармашылық қызметтін түрлерін сабақтың төмендегідей дидактикалық мақсаттары бойынша жіктеуге болады:
а) жалпы білім алу мақсатында зерттеу;
ә) білімді жалпылау мақсатында зерттеу;
б) білімді бекіту мақсатында зерттеу (М.А.Данилов, Б.П.Есипов, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткнн және т.б.).
М.И. Махмутов мектептегі зерттеулерді оқушылардың алдына, мәселелік деңгейі жоғары, теориялық және практикалық шығармашылық тапсырмаларды қою арқылы мұғалім ұйымдастыратынын атап өтеді. М.И. Махмутовтың айтуынша, шығармашылық тапсырмалардың ерекшеліктері болып алғашқы фактілерді жинақтау, суреттеу, талдау сияқты практикалық жұмыстар табылады. Көбінесе, мәселе бірден туындамайды, фактілердің арасындағы сәйкес келмеушілік, қарама -қарсылықтар табылғаннан соң ғана туындайды. Ал оның шешімі фактінің түсініктемесі болып табылады. М.И. Махмутов әсіресе, қазіргі мектептердегі зерттеушілік тапсырмалардың 20- шы жылдардағы мектептерде қолданылған тапсырмалар айырмашылығына ерекше назар аударады. Олар:
1. Әмбебап сипатта емес және оқушылардың басқа да қызметтерімен бірге тіркесте қолданылады.
2. Практикалық жұмыстарда (лабораторияда: мектеп шеберханаларында, мектеп оқу -тәжірибелік учаскеде өндірісте және т.б.) прагматикалық емес сипатта, теориялық біліммен оның қолданылуымен тығыз байланысты.
Оқушылардың өз бетінше танымдық қызметтің теориясына П.И.Пидкасистыйдың еңбектерінде терең талдау жасалған. Ол, оқуды оқыту үрдісінің құрамында қарастыруға тиіс және зерттеу элементтерін қосатын жеке өзіндік таным формасы ретінде практикалық ұйымдастырылуы қажет екендігін атап өтеді. Таным қызметінің осындай үрдісінде ғана оқушы өзінің дербестігін көрсете алады, яғни алынған мәліметтің дұрыстығын түрлі тәжірибелерде және сынақтарда тексереді, туындайтын сұрақтарға өз білімі мен зеректігін қолдану арқылы жауап іздестіреді. Оқушының жеке танымдағы ғылыми зерттеудің элементтерін жетілдірудің негізгі жолы оқыту үрдісінде проблемалық жағдайлардың жиынтығын қолдану. П.И.Пидкасистый атап өткендей, танымдық оқу қызметіндегі дербестік пен шығармашылық үрдісінің ірге тасы шығармашылық ізденуге қажетті білім көлемі біліктілік пен дағдының саналы түрде, терең игерілуі болып табылады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қолдау және бекітудің психологиялық ынтасы жетістік болып табылады. Жетістікке жету барысында, оқушының жүзі қуанышпен, қанағаттанарлықпен ерекшеленеді. Жетістікке жету қуанышына бөленіп, оқушы басқа, одан да қиын істерді атқаруға дайын болады.
К.Д.Ушинскийдің пікірінше, кез-келген әрекетте, әсіресе, білім алуда-оқушыны жетістікке келтіретін шарттарды қамсыздандыру маңызды. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің жемісті өтуін қамсыздандыратын және осыған байланысты талаптар:
- оқушыларды жетістікке жетуіне ұмтылдыру;
- сынып және әр оқушының жетістіктерін жүйелі көрсету, жеткен нәтижелер туралы қорытынды беру;
- мүмкін болған қиындықтарды есепке алу және олардың алдын-алуды
қарастыру;
- оқушы өз күштеріне сеніп, жетістікке жету қуанышын сезіну іс-
әрекетін ұйымдастыру.
Танымға деген бағытты арттыра отырып оқушылардың шығармашылық іс -әрекетке баулу қажет. Проблемалық тапсырмаларды орындау барысында әрекет субъектісі үшін жаңа, пайдалы нәрсе қалыптасады. Бұл мәндегі әрбір проблемалық тапсырма шығармашылық болып табылады. Жаңа туралы сөз қозғағанда, субъект үшін жаңа нәрсені назарға аламыз және бұл жаңаны оқушы өзіндік іздену әрекетінін нәтижесінде өзі үшін ашуға және жасауға міндетті. Мұндай әрекеттің механизмін қарастырайық: оқушылар жаңа білім меңгергені үшін жақсы баға алу арқылы бағытталған. Өзіндік жұмыс үрдісінде негізгімен қатар, жаңа материалды еске түсіруі тағы бір неше түрі қосылады: көзбен көру, дыбыстау, есіту, жолдасымен талдау, кайталау.
Олай болса, төменгі сынып оқушыларының шығармашылық іс -әрекетке баулу үшін, біздің ойымызша, білімді менгеру механизімінің өзгерісі қажет: жаңа білім оқушыға дайын үлгі түрінде берілмейді, оны олар өзіндік іздену әрекеті үрдісінде жасайды. Оқу тапсырмаларын логикалық және практикалық шешу үшін тиімді жағдай жасауда ескеретін оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу келесі негізгі шарттардан тұрады:
- танымдық үрдістер мен жағдайлардың өзара әрекеті;
- сабақтағы қондырма рөлі;
- қабылдау мен бақылауды ұйымдастыру;
- оқушылардың назарын аудару;
- жадты дайындау;
- заттарға не құбылыстарға тән белгілер, олардың бір-бірімен өзара
байланыстары көрінетін логикалық ойлаудың негізгі формаларын-
ұғымдарын қалыптастыру;
- оқушылардың оқытылатын материал мәнін ұғынуын қадағалау;
- оқушылардың ойлауын дамыту, оны белсендіру;
- мықты білімге дағды мен икемге сүйене отырып елестетуге тәрбиелеу;
- танымдық әрекеттерді ұйымдастыру кезеңін есепке алу.
1-кезең белсенді өзіндік шығармашылық жұмыс үшін жағдай жасау;
2-кезең аналитика-синтетикалық ойлау әрекетін ұйымдастыру, сондай-ақ осы негізде оқушылардың жаңа білімі мен интеллектуалды мәселесін калыптастыру;
3-кезең жаттығу арқылы бекіту, оқушылардың танымдық әрекетінің техникалық компоненттерін жасау мен автоматтандыру.
Оқушылардың төмендегі шарттар бойынша шығармашылық қасиеттерінің даму деңгейін анықтауға болады:
:: ойлау әрекетінің маңызды шарты ретінде белгілі білім қорының болуы;
:: тиімді танымдық жұмыс тәсілдерінің білім жүйесін қалыптастыру;
:: игерілген тәсілді жаңа тапсырмаға аудара білу жиыны;
:: анализ бен синтез тереңдігі мен толықтылығы;
:: ой сапасының дамушылығы;
:: жекеден жалпыға жылжу жылдамдығы;
:: ойлау үнемділігі;
:: интеллектуалды белсенділік пен дербестік;
:: ойлау әрекетінің жалпылануы;
:: ойлаудың саналылығы;
:: ойлау әрекетінің нұсқалылығы;
:: ойлай әрекетінің тұрақтылығы;
:: ойлау дербестігі мен тараптардың көмегіне сүйену;
:: оқушыларда оқуға жақсы қатынастың, танымдық мүдденің,
үйренуге қажеттіліктің қалыптасуы.
Н.Л.Половникованың оқушылардың шығармашылық іс- әрекетінің мынадай деңгейлерін атап көрсетті:
- бірінші деңгей (көшірмелі әрекет) - шығармашылық әрекеттің негізі формасы; үлгілерінің көшірмесін жасай білуі;
- екінші деңгей (өндіру, талдау)- әрекеттің негізгі тәсілдерін игеру, олардың таңдау және алғашқы шығармашылық тұрғыда қолдану;
- үшінші деңгей (шығармашылық) танымдық әрекеттің барлық тәсілдерін таңдап, оларды шығармашылық деңгейде қолдану,
П.И.Пидкасистый шығармашылық іс -әрекетке баулудың ізденімпаздықтың даму деңгейлерін былай көрсетеді:
- репродуктивті деңгей-(неғұрлым төменгі) танымдық тапсырманы тек қана үлгі бойынша орындайды;
- қайта жаңғыртушы деңгейі-оқушы белгілі үлгілер, нұсқаулар бойынша әрекет етеді;
- вариантты (ішінара іздену) жаңа тапсырмаларды өздігінен орындайды, бірақ кейбір тұстарын оқытушының көмегімен орындайды;
- шығармашылық (жоғары) мәселені оқушы өзі талқылап, өзі шешеді. Сонымен қорыта келе танымдық ықылас танымдық жүйесіне ғана емес, нәтижесіне де бағытталады, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдер тұлғасының құндылық бағдары және өзін - өзі бағалауы
Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылық бағдары мен өмірлік мағына бағдарының өзара байланысы
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың моделі
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі
Өмірдің мағынасы тұлғаның жеке әрекеттерінің жемісі
Балалар мен ересектердің құндылықтар өзгерісін психологиялық талдау
Жоғары сынып оқушыларының психологиялық мінездемесі
Жастардың бойында рухани әлеуметтік құндылықтар қалыптастыру деңгейін диагностикалау
Қазіргі жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру жолдары
Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу жолдары
Пәндер