Еуропалық нәсілдер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Тарих және ӘГП кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Нәсілдердің шығу тарихы

Орындаған: Қуанышқалиева
Тексерген: т.ғ. д., Шинтимирова Б.Г.

Орал, 2012ж.
мазмұны
кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
2.1. Нәсілдер және нәсілдік айырмашылықтар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2. Нәсілдердің шығу мәселенің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.3. Негроидтік нәсілдерге тән белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.4. Еуропалық нәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.5.Моңғолоидтік нәсілдерге тән белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
кіріспе
Бұдан 30-40 мың жылдай бұрын Homo sapiens (ақыл-ойлы адам) қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік тоқтады. Адамның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады. Табиғи сұрыпталудың күші қоғам өмірінде барған сайын әлсіреуде, өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік институттар жеке адамдардың биологиялық жағынан өзгергіштігін ұдайЫ әлсіретеді.
Қазіргі заман адамдарының барлығы саналы адам homo sapiens бір түрге жатады. Нәсілдер бұдан 30-40 мың жылдар шамасында ғана қалыптаса бастады. Еуразия аумағынан табылып, айы-күні бұдан 25-40 мың жыл бұрын белгілі болған кроманьондықтар түрінің өкілдерінде нәсілдік ерекшелік әлсіз, комескі түрде білінді. Сірә, нәсілдер бұдан 10-20 мын,жылдар бұрын біржолата қалыптасса керек. Үдеріс ортаға бейімделгіштік (идиоадаптация) деңгейінде жүріп, бейімделгіштік мәнге ие болды. Мәселен, негроидты нәсілдің қара қоңыр терісі ультракүлгін сәуленің артық әсерінен қорғады, бұйра шаш күн етіп кетуден сақтандырды, ал бойдың биік болуы дененің қызып кетпеуіне (үстіңгі бетколем) мүмкіндік туғызды. Монголоид нәсілі көзінін. шүңғыл, қысыңқы орналасуы жиі соғатын шаңды дауылда көзге қоқым, Қытай жазығында - құм, шаң,Аляскада мұз ұшқынын түсуден сақтандырды.
Негізгі бөлім
2.1. Нәсілдер және нәсілдік айырмашылықтар

Кейінгі палеолит дәуірінде дене құрылысы қазіргі адамдарға ұқсас адамдар ресімделе бастайды, адамдардың қалыптасу процесі аяқталады. Адамдардың қалыптасуы оның тік жүру, оң қолымен жұмыс істеу, ойлау мен түсінікті түрде сөйлеу қабілетінің дамуына жағдай жасаған, еңбек қызметінің үнемі күрделене түсуіне ет тағамы үлес салмағының барған сайын көбеюіне, қан араласуының зиянын болдыртпайтын табын ішіндегі жыныс қатынастарына әуелі шек қою, кейін тыйым салу, демек, экзогамдық(табыннан тыс) неке (грекше ехо- тыс, gamos - неке) тәртібі енгізілуіне байланысты болды. Экзогамиялық некеде адамдардың бір коллективінің еркектері адамдардың екінші коллективінің әйелдерімен некелік қатыста болған.
Нәсіл (фр. race, итал. razza -- туыс, тайпа) -- тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері -- терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.[1]
Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:
+ экваторлық, (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер),
+ еуропалық,
+ моңғолоид.
Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр. Тағы бір жіктеу бойынша австралоид және американоид дербес нәсілдер болып топтастырылады. Нәсілдердің әркайсысының өзіне тән сыртқы белгілері болады. Алайда әр алуан нәсіл адамдарының өзіне тән жалпы түрлік өлшемдері бар. Мәселен,бүкіл нәсіл өкілдерінің, дербес ерекшеліктерден өзге, ішкі мүшелер құрылысы мүлде бірдей. Физиологиялық үрдістерінде де айырмашылық жоқ. Әр түрлі нәсілдердің дені сау адамдарында дене температурасы, қан қысымы, тағамға төбеті (тәуліктік калория мөлшері) және су тұтынуы бірдей болып келеді. Тек қан құю немесе эмбриондарды алмастыру ғана емес, сондай-ақ мүшелерді ауыстырып орналастыру мүмкіндігі бар. Әр түрлі нәсіл өкілдерінің отбасында белгілі бір нәсіл отбасылары тәрізді дәл сондай тіршілікке бейім және өсімтал ұрпақ тууда.
Нәсілдердің барлығы генетикалық, биологиялық және әлеуметтік жағынан бірінен-бірінің артық-кемдігі жоқ. Олардың кез келген өкілдері ғылымда, спортта немесе өнерде үлкен биіктікке көтеріле алады. Кертартпа нәсілшілдік ілім нәсілшілдік еуропеоид нәсіл негроидты нәсілден зерделі болады десіп дәлелдемек болды. Бұл салада XX ғасырда фашистік Германия биологияға жанаспайтын, дүмбілез іздестіруді қаржыландырды. Нәсілшілдік теориясы адамдарды қанап,отарланған мемлекеттердің табиғи ресурстарын пайдаланудың айыбы жоқ деп тану үшін мемлекеттерге, отаршыларға қолайлы болды.Ал казіргі уақыттағы мүлде адамгершілікке жатпайтын ілім ретіндегі фашизм ізгілікке қарсы және табиғи емес әр түрлі теорияларды өзіне тартады. Солар арқылы жеке адамдар мен тұтас халықты жою саясатын ақтау қолайлы болған.
Осы заманғы өркениетті адам белгісінің бірі нәсілшілдік және ұлттық. төзімділік болып табылады. Егер адам өзін кадірлейтін болса, онда ол оның нәсіліне немесе ұлтына қарамастан, өзге адамдарды да сыйлай білуі қажет. Бұл ой өркениетті барлық елдердін, конструкциясының негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабында былай жазылған: Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқапдай кемсітуге болмайды
Кейінгі палеолиттегі адамдар негізінен Европада, Азияда, Африкада қалыптасқан европеоидтық, монғолоидтық, негроидтық нәсілдегі адамдар болады. Европеоидтық нәсілдің өкілдері -- кроманьондықтар. Монголоидтардың белгілерін 1937 жылы Красноярскіге жақын жердегі Афонтова Гора II деген қоныс жайдан, сондай-ақ, Чжоукоудянь жоғарғы үңгірінен табылған бас сүйектердің қалдығынан көруге болады. Негроидтық нәсілдің өкілдері -- гримальдықтар. Жоғарғы палеолиттің қазылып алынған адамдарының арасындағы айырмашылықтар қазіргі нәсілдер арасындағы айырмашылықтардай емес, онша айқын білінбейді.
Нәсілдік айырмашылықтар мыңдаған жылдар бойы, жергілікті жағдайлардың адамның сыртқы түр-сипатына әсер етуімен байланысты қалыптасқан. Бұл процесте температура, ауа дымқылдығы, жел, күн сәулесі сияқты факторлардың маңызы болды. Монголоидтық нәсілдің белгілері шөл далалы ландшафты осы, күшті де ұзақ соғатын желі, қатты қыздыратын күн сәулесімен кезектесіп тұратын құмды дауылы бар Орталық Азияда, сондай-ақ көзге шақырайған күн сәулесі қатты әсер ететін Азияның арктикалық аймақтарында тұратын адамдарда қалыптасты. Монголоидтар қалың қабақты (үнемі қысып жүргендіктен және қабақтарының зорланып жүмыс істегендігінен бұлшық ет тканьдары өсуімен байланысты), көздің жас тұратын ішкі ұшын жауып тұратын терісі жиырыңқы, қысық көзді, құм мен тозаңнан, шақырайған күн көзінен және тоңудан сақтандыру үшін бүйрек бетті болып келеді. Салқын ауаның мұрын ішіне бірден кіруіне бөгет болу үшін жалпақ мұрынды болады.
Негроидтық нәсілдер тропикалық климатта, ыстық әрі дымқыл өлкеде қалыптасқандықтан адамды күн күйдіруінен қорғау үшін түстері тым қоңыр болады (меланин деп аталатын ерекше пигменттің болуына байланысты), басты күн тиюден қорғау үшін оның айналасында уақ тесікті қабық құратын бұйра шаштары, кең танаулы мұрны, ыстыққа төзімді қалың еріндері болады.
Географиялық жағдайға икемделу адамның биологиялық ерекшелігін (мидың құрылымын, аяқ-қолдың құрылымын т. б.) өзгерткен жоқ. Адамдардың дене бітімінің ерекшелігі ұрпақтан -ұрпаққа беріліп отырылды және оқшауланудың -- расогенездің екінші факторының салдарынан нығая түсті. Ол кезде адамдардың орналасу тығыздығы төмен болатын. Адамдар географиялық және мәдени жағынан біршама оқшау өмір сүрді, бұның өзі алғашқыда осы континенттердің үшеуінің территориясындағы адамдардың дене бітімінің біркелкілігіне алып келді. Кейіннен географиялық оқшауланудың кемуімен байланысты өмір жағдайына биологиялық тұрғыдан енжар бейімделу бұрынғы маңызын жойды және жаңа нәсілдер (кіші) метистендіру нәтижесінде қалыптаса бастады, демек алғашқы үш үлкен нәсіл араласып кетті. Қазіргі дәуірде метистендіру нәсіл құрылуының себептерін нәсілдік айырмашылықты жоятын күшке айналдырып отыр.
Нәсілдер -- адамдардың тарихи қалыптасуының бір түрі. Олар тұқым қуалап отыратын дене бітімі бір тектес адамдар. Алғаш рет, 1675 ж. адам баласына нәсіл деген ұғымды қолданған француз Ф. Бернье болды. 1735 жылы швед натуралисі К. Линней адам нәсілдерін дене бітіміне қарай классификациялады.

2.2. Нәсілдердің шығу мәселенің маңызы

Нәсілдік мәселенің саяси да, ғылыми да маңызы бар. Буржуазияның реакциялық оқымыстылары нәсілдің мәңгілік бола беретіндігі, нәсілдер арасындағы физиологиялық айырмашылықтар, құнды (жоғарғы, дарынды) және құнсыз (төменгі) нәсілдер туралы ғылымға қайшы келетін теориялар жасап шығарды. Олардың дәлелдеуінше әр түрлі адам нәсілдерінің болуы адамның адам тәріздес әр түрлі маймылдардан шығуынан болады (полигенизм теориясы -- грекшеpolus көп, gепеsis пайда болуы). Жоғарғы нәсіл даму дәрежесі жоғарғы болған маймылдан, ал төменгі нәсіл даму дәрежесі төмен болған маймылдан пайда болған деседі олар. Алғашқы айтылған нәсіл үстемдік ету үшін, екіншісі соған бағынышты болу үшін жаралыпты-мыс.
Бүгінгі күнде англосакстардың (Англия, АҚШ) және сары нәсілділердің (Қытай, Жапония) артықшылығы жайында көптеген теориялар туып жатыр.
Нәсілдік теориясының негізі жоқ екені марксистік және буржуазияның алдыңғы қатарлы ғалымдарының тұжырымдарында ешбір бұлтарыссыз дәлелденіп отыр. Нәсілдерді айырып беретін дене бітімі жөніндегі белгілердің қоғамдағы адам өмірі үшін ешқандай маңызы жоқтығы дәлелденді. Нәсілдердің бірлігін әрбір адамнын, миының алдыңғы бөлігінің тұтас мидың 44 процентінен тұратындығы дәлелдеп беріп отыр. Адамның ақыл-ой қабілеті оның басының кейпіне, миының көлемі мен салмағына, басқа да антропологиялық белгілеріне (адамның түсіне т. б.) байланысты емес.
Мұз дәуірі бітуімен адамзат тарихындағы ең ұзақ дәуір палеолит аяқталып, мезолитке көшу басталады. Мезолитте (бұдан 14 -- 7 мың жыл бұрын) климат, өсімдік пен жануарлар дүниесі біртіндеп қазіргідей түр ала бастады. Мұздың шегіне бастауына қарай жануарлардың үлкен табындары мәселен, мамонт, үстін жүн басқан мүйізтұмсықтар кейінгі палеолит дәуірінде қуалап-тықпалап ұстаудың салдарынан құрып бітті, ал кейбір жануарлар мысалы солтүстік бұғысы сияқты аңдар климаттың өзгеруінің әсерімен мұздың шегінуіне қарай солтүстікке ауысты. Ауа райының жылына түсуімен байланысты мұздан арылған аймақты бірте-бірте орман басты (қарағай, емен, ақ қайың, каштан, шырша т. б.), ол оңтүстіктен ашық далаға қарай қаптап кетті. Осыған орай жануарлар дүниесі де өзгерді. Ормандарды асыл бұғы, бұлан, жабайы шошқа, елік, аю, тағы басқа жануарлар мекендеді. Орман жануарлары ұсақтау, жүйрік болды, көпшілігі табын-табын болып жүрмеді. Сондықтан мұндай жануарларды бұрынғыша, бұрынғы қару-жарақпен аулауға болмайтын еді. Аңшылықтың жаңа жағдайлары лақтыратын қаруды және жетілдірілген, алып-салынбалы, сынасы бар техниканы дамытуға, жебе мен садақты ойлап табуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропоидтық нәсіл
Дүниежүзілік нәсілдер құрамы
АДАМ НӘСІЛДЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ
Қазіргі уақыттағы краниометрия
Оңтүстік Африканың әлеуметтік дамуы
Дүние жүзінің этностары
Бас қаңқасы туралы жалпы түсінік
Антропологиялық мектептер
Хазарлар
Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы
Пәндер