Музейлердің қор жұмысы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
МУЗЕЙТАНУ
Оқулық
Астана, 2013
2
ӘОЖ 069 (574) (075)
КБЖ 79. 1 я7
И 15
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
Ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
Ахметов Қ. Ә. - тарих ғылымдарының докторы, профессор
Кәкенова Г. М. - тарих ғылымдарының докторы, профессор
И 15 Музейтану: тарих мамандықтарына арналған оқулық /
Ибраева А. - Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013. -
251б.
ISBN 978-9965-31-578-7
Оқулықта Музейтану жалпы курсы өз алдына, пәннің
қалыптасуы, ғылым ретінде дамуы, теориялық-методологиялық
негіздері, музейлердің қор жинақтау, ғылыми-зерттеу, экспозиция-
көрме жұмысы, мәдени-ағартушылық жұмыстары, бүгінгі музейлер
қызметіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтар, жалпы әлемдік
музейлердің тәжірибесі жөнінде мәселелер қарастырылады. Сонымен
қатар, еңбекте автор музей терминдерінің қазақша нұсқасының
жинақталған түрін беріп отыр. Бұл музейтанудағы алғашқы
қадамдардың бірі. Оқулық музей ісін меңгеретін білім алушыларға,
тарих мамандығын игеретін студенттерге, музей қызметкерлеріне
арналған.
ISBN 978-9965-31-578-7
ӘОЖ 069 (574) (075)
КБЖ 79. 1 я7
© Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013
© Ибраева А., 2013
251
Ибраева А.
МУЗЕЙТАНУ
тарих мамандықтарына арналған оқулық.
Оқулық мазмұнына баспа бөлімі жауап бермейді
Таралымы 100 дана.
Пішіні 60х84 Шартты 15, 6 б. т
Қаріп түрі «Тimes New Roman»
Тапсырыс № 184.
Ұлттық университет типографиясында басып шығарылды.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
010008, Астана қ., Қажымұқан к., 13.
250
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І. БӨЛІМ. Музейтанудың теориялық
мәселелері . . .
6
1. 1 Музейтану - ғылыми пән . . . 6
1. 2 Музей әлеуметтік-мәдени институт ретінде . . . 12
1. 3 Музейлердің ғылыми-зерттеу жұмысы . . . 21
1. 4 Музейлердің қор жұмысы . . . 36
1. 5 Музейдегі ғылыми-қор жинақтау жұмысы . . . 44
1. 6 Музейдің экспозициялық-көрме жұмысы . . . 53
1. 7 Музейдің мәдени-ағартушылық қызметі . . . 66
1. 8 Музей қорларындағы заттарды сақтау және қорғау
мәселелері . . .
74
1. 9 Музей ісіндегі менеджмент және маркетинг . . . 81
ІІ. БӨЛІМ. Музей терминдерінің түсіндірме
сөздігі . . .
92
ІІІ. БӨЛІМ Жұмыс бағдарламасының негізгі
мазмұны . . .
212
Музейтану пәнінен силлабус. 212
3. 2 Музейтану пәнінен оқу бағдарламасы . . . 218
3. 3 Дәріс сабақтарының үлгі жоспары . . . 220
3. 4 Емтихан сұрақтары . . . 221
ҚОСЫМШАЛАР . . . 223
3
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасның жоғарғы оқу орындарында білім
беруді жетілдіру бағдарламасы оқыту пәндерін жаңа әдістемелік
негізде ұйымдастыруда оқытушылар алдына жаңа талаптар
қойып отыр. Мемлекетіміздің жоғарғы оқу орындарында білім
беру саласын реформалау бағытын қолдап, жүзеге асыру
мақсатымен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің Қазақстан тарихы кафедрасына қарасты
5В020300 - “Тарих” мамандығын игеретін студенттердің оқу-
жұмыс жоспарына “Музейтану” пәні элективті курс ретінде
енгізілді. Музейтану жалпы курсы өз алдына, пәннің
қалыптасуы, ғылым ретінде дамуы, теориялық-методологиялық
негіздері, музейлердің қор жинақтау, ғылыми-зерттеу,
экспозиция-көрме, мәдени-ағартушылық жұмыстары, жалпы
әлемдік музейлердің тәжірибесі жөнінде мәселелер
қарастырылады.
Музей жалпы адамзат баласының өмірінде және рухани
мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рөл
атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек
жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып
үйренуге оның көмегі зор. Музей - табиғи-тарихи, материалдық
және рухани мәдениеттің ескерткіштерін, ағартушылық және
дәріптеу қызметіндегі ескерткіш заттарды жинау, тану, сақтау
және пайдалану ісімен айналысатын мекеме.
Музей ісі ғылымның, білім берудің маңызды бір саласы. Осы
уақытқа дейін Қазақстандағы музейлер көбінесе тарихи-
өлкетанулық бағытта жұмыс істеп келді. Кеңес дәуірі кезеңінде
жалпы тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тарихи,
этнографиялық, өлкетану музейі болып бөлінді де, олар жалпы
музейлердің негізгі бөлігін құрады. Қазақстанда қазірде тарихи-
өлкетану музейі басым. Соңғы кезде қолданбалы музейлердің
мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Себебі, музей жұмысында
ғылыми-жинақтау, ғылыми-қор, экспозициялық, көрмелік,
білімдік, тәрбиелік, насихаттау бағыттары жұмыс істеп, жас
ұрпақты тәрбиелеу жұмысында маңызды рөл атқаруда.
Музей ісіндегі ерекше бағыты инфрақұрылымдар, оның
дамуы мен мемлекеттік қолдау көрсетілуі, мәдениетті дамыту
4
бағдарламасын музей ісінің құралдарымен әдістерімен жасау
мен оны жүзеге асыру болып табылады. Бұл үдеріске
айтарлықтай салым материалды және рухани мәдениеттің
ескерткіштерін басты сақтаушы болып табылатын музейлер
атынан жүзеге асады. Бүгінгі күні республикада тарихи-мәдени
мұраны сақтау мен дәріптеу жөніндегі мемлекеттік саясаттың
белсенді жетекшісі саналатын түрлі саладағы 170-тен астам
музей жұмыс істейді. Музейлер рухани тірек бірлестігінің
мүшелеріне қызмет етсе, ал музейлік жинақтарға шоғырланған
мәдени-тарихи мұра қоғам идеалдарын қалыптастыру үдерісіне
әсер етеді. Бүгінгі музей мұраты осыған келіп тіреледі.
Музейлердің есептік-сақтау және жаңалау жұмыстарының
жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әлемнің
барлық музейлеріндегі ереже, талаптар мен жұмыс
тәжірибесінің негізінде құрылған «Музей құндылықтарын
есепке алу мен сақтау бойынша нұсқау» жасалды. Республика
музейлерінің қызметкерлерінде жинақтау қызметінің,
экспонаттарды ғылыми өңдеудің, сақтаудың, жөндеудің зор
тәжірибесі жинақталып үлгердң. Музейлерде суреттердің,
сызбалардың, мүсіндердің, металлдар мен жұмсақ
металлдардың, қор сақтау және фотозертханалары жаңа
техникалық құралдармен жабдықталуда. Бұл музейлерде
жаңғыртуға (реставрацияға) жататын жәдігерлер қарастырылып,
оның нәтижелері қабылданатын Жаңғырту Кеңестері жұмыс
істейді.
Авторлық картотекалар мен мұрағат қорларының
жұмыстары; қорды ары қарай толықтырушы иегерлер мен
жинақтаушылармен жұмыс; қорларда жәрмеңке жобаларын
жасау, жәрмеңке тұжырымдамасын қалыптастыру, әдістемелік
және баспа жұмыстары, жаңғырту мәселесі бойынша
тағылымдамалар, күдікті және белгісіз авторлардың
шығармалашылықтарын қайта қарау (атрибуттау) жөніндегі
жұмыстар, баяндамалар, түсініктемелер, пікірлер, ғылыми-
дәріптеу мақалаларды талдау жұмыстары жүргізіледі. Еліміздің
музей ісіндегі жаңалықтардың бірі 2002 жылдың желтоқсан
айынан бастап шығатын мамандандырылған Қазақстан
музейлері (2008 жылдан бастап «Мәдени мұра») атты музей
журналының шығуы.
249
р/с
Заттардың
атауы
саны
Есептік
белгілері
Сақталу
ы
Ескерту
Барлығыдана.
(сақталу бірлігі)
Өткізген
Қабылдаған
Бас қор сақтаушы
Есептік бөлімнің жетекшісі
Қор бөлімінің жетекшісі
248
Барлығыдана.
(сақталу бірлігі)
Өткізген
Қабылдаған
Бас қор сақтаушы
Есептік бөлімнің жетекшісі
Қор бөлімінің жетекшісі
Төмендегі жағдайлар міндетті түрде орындалуы тиіс:
1. Осы акті бойынша өткізіпген мұражай жәдігерлері мен
(немесе) мұражай коллекциялары мұражайға
осы актіде көрсетілген мерзімде
және алдын ала талап етуінсіз қайтарылады.
2. Мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай
коллекциялары қабылдап алушы есебінен тасымалданады.
3. Берілген мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай
коллекциялары өткізілген кездегі сақталуынан кем жағдайда
болмауы тиіс.
4. Мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай
коллекциялары жоғалған немесе жартылай бүлінген жағдайда 10
(он) еселенген сомада жоғалған мұражай жәдігерлері мен
(немесе) мұражай коллекцияларының құнын немесе қайта
қалпына келтіруге кететін шығынды төлеуі тиіс
5. Белгіленген сақталу мерзімінде мұражай жәдігерлері
мен (немесе) мұражай коллекцияларының тиісті жағдайда + 18 С
сақталуын қадағалап отырады және мұражайының өкілін
берілген мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай
коллекцияларын бақылап отыруға кедергісіз кіргізіп отыруы
және олардың сақтау жағдайлары туралы айтқан барлық
нұсқаулықтарын орындауға міндетті.
Осы акті «3» данадан тұрады және қол қойған жақтардың
бәріне бір-бір данадан берілген.
Талаптармен таныстым:
(қолы)
5
Біздің ойымша қазіргі музейтанулық білім беру мынадай
қағидаттарға негізделуі тиіс: біріншіден, гуманитарлық,
әлеуметтік-экономикалық, жаратылыстану, жалпы кәсіби және
арнайы пәндер енгізілген университеттік білім жүйесіне тірек
артқан фундаменталды білім беру, екіншіден, оқу үрдісіне
енгізіліп жатқан жаңа кредиттік технология бойынша
интерактивті, қашықтықтан (дистанциялық) оқыту,
қысқартылған модульдік оқу сынды әдіс-тәсілдерді тиімді
қолдану арқылы білім сапасын жетілдіру болып табылады.
Қазаргі қоғамдық өзгерістер музейлерге деген сұраныстар өсуде.
Отарлаудың қиянатын, тоталитаризмнің қылмыстарын
әшкерелейтін, оң тарихи сананы қалыптастыратын, ұлт
тарихындағы «ақтандақтарды» жоюға септігін тигізетін
нарықтық қатынастарға бейімделген, жаңа тұрпаттағы музейлер
шаңырақ көтеруде. Олардың мазмұндық деңгейі, құрылымдық
жүйесі мүлдем өзгеше. Мәселен, музейлендірілген ашық аспан
аясындағы қорық-музейлер, экомузейлер, саяси қуғын-сүргін
құрбандарына арналған музейлер, қоғамдық немесе
антропологиялық музейлердің бой көтеруіне байланысты
туристік-экскурстік бағыттар музейлер үшін ерекше орын алуда.
Сондықтан, олардың жұмысын музей жүйесіндегі әлемдік
талаптарға сай орайластыра ұйымдастыру үшін білікті кәсіби
музейтанушы мамандармен бірге экскурсоводтар, музей
менеджерлері қажет. Бүгінгі музей мамандарын даярлаудағы
көкейтесті мәселелер, Отандық музейлердің толыққанды қызмет
жасауына кедергі келтіріп отыр. Алдағы уақытта, бұл мәселе әлі
талай көтерілер, мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, шешімін
табатынына үлкен сеніммен қараймыз.
Ұсынылып отырған «Музейтану» пәнінен оқулық жоғарғы
оқу орындары студенттерін кредиттік жүйе талаптарына сай
оқытуға арналған оқулықтар жазудағы қадамдардың бірі.
6
І. БӨЛІМ. МУЗЕЙТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1. МУЗЕЙТАНУ - ҒЫЛЫМИ ПӘН
1. Музейтану пәнінің зерттеу нысаны және әдістері
2. Музейтану пәні мақсаты мен міндеттері
3. Музейтану құрылымы және басқа ғылымдармен
байланысы
Музей дегеніміз не? Олар не үшін қызмет етеді, не себептен
оның қойнауында сақталған заттар уақыт өткен сайын жаңа
ұрпақты өзіне еріксіз тартып отырады? Музей жәдігерлерінің
көрермендерге әсері қандай? деген сауалдар музейтану деген
жаңа ғылымның пайда болуына алып келді. Шетел
тарихнамасында “музейтану” термині “музеология” деп
пайдаланылады.
Музейтанудың ғылым ретінде қалыптасуына үлес қосқан
Дрезден “Жасыл күмбез” музейінің директоры Дж. Грассе (1883
ж. ) болды. Өзі негізін салған “Музеология және кітаптану”
журналында музейтануды жаңа ғылыми пән ретінде көрсетіп,
қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатын көздеген ол,
“Музеология ғылым ретінде” атты мақаласын жарыққа
шығарды. Осылайша “музеология” термині ғылыми айналымға
енгізіліп, ресейлік дәстүрде бұл сөздің баламасы “музейтану”
болды. Музей ісі қоғамдағы өзгерістермен, тығыз байланыстағы
ерекше сала. Ол ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына
тікелей әсер ететін ғылыми мекеме.
Музей ісіне байланысты жинақталған тәжірибе мен музей
ісінің мәселелерін көтеретін арнайы әдебиеттерде жарық көрген
ғылыми білімдер жиынтығын «музейтану» деп атайды. Бұл
термин ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана пайда
болғанымен, көптеген тілдерде ертерек орнығып қалды.
Ғылымда бұрынғы қолданылған «музеография» деген термин
музейге қатысты барлық шығармаларда қолданылып келіп, ХХ
ғасырдың ортасынан бастап тек музейді сипаттауға ғана
пайдаланылды. «Музейтану» терминін көбінесе «Музей ісіндегі
ғылыми ілім» немесе «Музей теориясы» деп қарастырды. Бұл
247
ҚОСЫМША 13
(мұражайдың атауы)
«БЕКІТЕМІН »
Директор
«» 200__ж.
УАҚЫТША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ
АКТІСІ №
«___» 200__ж.
Бас қор сақтаушы
және
материал алушының қызметі, мекен-жайы
20___ жылғы «»№сенім хат және
20___ жылғы «___»кепілдік хатына сай директордың
рұқсаты және
нұсқауымен осы актіні үш дана етіп біріншісінің өткізгендігі, ал
екіншісінің қабылдағаны, (уақытша) пайдалануға келесі
жәдігерлерді қабылдағаны туралы жасалды.
Сақталу мерзімі
р/с
Заттардың
атауы
саны
Есептік
белгілері
Сақталу
ы
Ескерту
246
төмендегі мұражай жәдігерлері және (немесе) мұражай
жинақтарын төмендегі себептермен есептен шығару үшін актіні
жасадық
осы мұражай
жәдігерлері және (немесе) мұражай жинақтарын қайта қалпына
келтіру мүмкін емес:
1.
2.
3.
4.
Әрі қарай сақтап отыру мүмкіндігі жоқ. Комиссия осы
мұражай жәдігерлері және (немесе) мұражай жинақтарын
мұражай қорының тізбесінен шығару жөнінде шешім
қабылдады
Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері:
7
ұғымдардың барлығы музей мен ғылым арасындағы байланысты
терең көрсете алмайды. Музейтану өзінің теориялық жүйесін,
ұғымдарын, әдістерін және басқа ғылыми салалар арасындағы
орнын тәжірибені теориямен біріктіріп, қорытындылау,
материалдарды жүйелеу арқылы ұзақ мерзімнен соң тапты.
Соңғы жылдары ғана музейтану жалпы ілімдік пән ретінде
негізгі ұғымдарды қалыптастырып, бағытын айқындай бастады.
Музейлердің Халықаралық кеңесінде музейтану ғылыми сала
болып толық қабылданды. 1977 жылы Кеңес Одағында өткен
музей ісіне байланысты Халықаралық ХІ шешуші басты
конферециясында Халықаралық музеология комитеті құрылды.
Онда іргелі ғылыми-зерттеу еңбектер жазуға бағдарламалар
қабылданып, музейтануды жоғарғы оқу орындарында оқытуға
ұсыныс жасалды.
Музей ісінің негізгі белгілері музей жәдігерлерін жинау,
есепке алу, сақтау, консервациялау, зерттеу. Музей арқылы
ақпарат тарату қоғамдағы байланыстың айрықша жүйесі болып
табылады. Музей қызметінде жұмысты ұйымдастыру
формалары әртүрлі. Оған заттық, экспозициялар, көрмелер,
дәрістер оқуды ұйымдастыру түрлері жатады.
Музейтану - қоғамдық ғылым, әлеуметтік ақпараттың
сақталу үдерістерін, музей жәдігерлері арқылы танымдық білім
беріп, эмоциялық әсер қалдыратын және әртүрлі қоғамдық-
экономикалық жағдайдағы әлеуметтік заңдылықтардың
қызметін музей жәдігері, музей ісі арқылы зерттеп, жүзеге
асыратын пән. Арнайы пән ретінде музейтану музей ісінің
теориялық және ғылыми әдістемелік негіздерін жасайды, музей
ісіндегі тарихи тәжірибені қорытындылайды.
Кез-келген ғылыми саланың зерттеу нысанасы мен зерттеу
пәні болады. Музейтанудың зерттеу нысаны музей, музей ісі,
музей жәдігері. Музей және музей ісі тарихы, мәдениет,
өнертану, әлеуметтану және басқа ғылыми салаларда зерттеу
пәні үнемі өзіндік, арнайы заңдылықтарды анықтайтын ғылыми
жүйе ретінде қарастырылуы қажет. Зерттеу пәні арқылы белгілі
бір саланы зерттеуге қызығушылық тудырып, гносеологиялық
міндеттерді шешуге болады. Музейтану пәні негізінен «музей
жәдігері», «музей», «музей ісі» сияқты терминдердің
төңірегінде оқытылып, зерттеледі. Музей ісінің теориясы мен
8
тәжірибесін тарих, мәдениет тарихы, өнертану, әлеуметтану,
этнография, археология ғылыми салалары да зерттейді.
Зерттеу нысанына қарағанда зерттеу пәні ерекше белгілі бір
заңдылықтар аясында қарастырылатын жеке дара ғылыми пән.
Зерттеу пәні ғылымның гносеологиялық міндетін, бағытын,
қызығушылығын, шеңберін көрсете алуы қажет. Егер зерттеу
нысанын тез, қарапайым жолмен анықтауға мүмкіндік болатын
болса, зерттеу пәнін анықтау оңай емес. Себебі, зерттеу пәнін
анықтау ғылымның негізгі теориялық міндеттерінің бірі. Ол
зерттеудің әдістемелік жағымен тығыз байланысты және арнайы
зерттеудің нәтижесі болып табылады.
Музейтанудың теориялық зерттелуі көбінесе бұрынғы
социалистік мемлекеттердің ғалымдарының үлесінде болды.
1950 жылдары музейтанушы чех ғалымы И. Неуступный
музейтануды арнайы және жалпы деп екіге бөлуді ұсынады.
Арнайы музейтану тек музей нысандарын зерттей отырып,
адамзат қоғамының даму үрдісін музей заттары арқылы
құжаттайтын тарихи музейтанумен, өнер туындылары және
олардың жәдігерлерін зерттейтін өнертанулық музейтанумен,
табиғи нысандарды зерттейтін жаратылыс-ғылыми
музейтанумен байланысты болды. Ал музейлердің нақты
қызметін ұйымдастыру, қор жәдігерлерін сақтау, музейлік
жүйені құру сияқты маңызды мәселелері жалпы музейтанудың
зерттеу нысанына айналды. Чех ғалымы Бенеш «музейтану
арнайы ұйымдастырылған іс әрекеттің жиынтығы және сол
арқылы музейдің әлеуметтік функцияларын атқаруы» деп
анықтама беріп, музей жәдігерлерін жұмыстың негізгі қозғаушы
күші ретінде қарастырды.
Словак ғалымы З. Странский еңбектері музейтану мен оның
зерттеу пәніне теориялық негізделген анықтама берген. 1960
жылдары музейтануды дербес ғылыми сала дегенді қостап,
музейтану пәні музейлік мекеме ретінде емес, «музей ісінің
саласы» деп қорытындылады. Ол құжаттарды жинау мен музей
жәдігерлерін, түп деректерді зерттеуге көңіл бөліп, кейіннен
адамның музей ісіне деген арнайы қатынасының, көзқарасының
ерекшелігіне тоқталды. Музейтануға байланысты шашыраңқы
пікірлерді жүйелей келе, мынадай қорытынды шығарды: а)
музейтану - жеке ғылыми пән; ә) музейтану - музей ісінің
245
№ Мүлік. № Атауы сақталуы ескерту
Барлығы осы акті бойыншадана өткізілді.
(сақтау бірлігі)
Өткізді
Қабылдап алды
ҚОСЫМША 12
(мұражайдың атауы)
«БЕКІТЕМІН»
Директор
«» 200 ___ ж.
Мұражай жәдігерлерін және (немесе) мұражай
жинақтарын есептен шығару
ҚАБЫЛДАУ АКТІСІ
№
«»200___ж.
Біз төменде қол қойғандар, комиссия құрамы: Комиссия
төрағасы
және мүшелері
244
ҚОСЫМША 11
(мұражайдың атауы)
«БЕКІТЕМІН»
Директор
«»200___ж.
Мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай
коллекцияларын қайта жаңғыртуға беру
АКТІСІ №
«»200___ж.
Біз, төменде қол қойғандар,
қайта жаңғыртуды қажет ететін мұражай жәдігерлері мен
(немесе) мұражай коллекцияларын өткізгендігі,
ал
қайта жаңғырту мақсатында қабылдап
төмендегі мұражай жәдігерлер мен (немесе) музей
коллекцияларын қабылдап алғандығы туралы осы акті жасалды.
№ Инв. № Атауы сақталуы ескерту
Барлығы осы акті бойыншадана өткізілді.
(сақтау бірлігі)
Өткізді
Қабылдап алды
9
теориясы мен әдістемесі, яғни, қолданбалы қосымша ғылыми
пән; б) музейтану - музей қызметінің әдістемелік және
техникалық әдістерінің жиынтығы. Жалпы музейтануға
байланысты З. Странский “Музейтану” (1988 ж. ) оқулығында
музейтанудың құрылымын тарих, теория, тарихи деректану
және қолданбалы музейтану құрайтынын атап көрсеткен еді.
Поляк ғалымы В. Глузинский музей функцияларының
құрылымын музейді зерттеудің негізі деп санайды. Сонымен
музейтану пәні деп әлеуметтік ақпаратты жинайтын және
сақтайтын үдерістерге музей заттары арқылы танымдық білім
беретін, дәстүрді, эмоцияны, көріністерді жеткізетін, музей
ісінің шығу, даму және қоғамдық қызмет ету функцияларына
қатысты шынайы заңдылықтардың ауқымын айтамыз. Сонымен
музейтану ғылымының зерттеу нысаны түрлі қоғамдық
құбылыстарды қаттайтын музей және музей ісі болып табылады.
Теориялық музейтануда “музей” анықтамасына түрлі пікірлер
қалыптасқан. 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІ
конференциясында 18 мамыр музей күні болып қабылданды.
Музейтану құрылымы мынадай тарихи, теориялық,
қолданбалы элементтерден тұрады: Тарих және тарихнама
музейлердің қалыптасу тарихын, түрлі тарихи жағдайларда
олардың өмір сүруін, музей саясатын, музей жүйесінің құрылуы
және музей ісін ұйымдастыру, аталған мәселелердің және ғылым
тарихының ғылыми әдебиеттерде көрініс табуы.
Теориясы төрт түрге бөлінеді.
1. Музейтанудың жалпы теориясы пәннің зерттеу нысанын,
пәнін, әдістерін, құрылымдық элементтерін, ғылыми пәндер
жүйесіндегі орнын анықтайды; ғылыми түсініктеме аппаратын
құрастырады; музейлердің қоғамдық функцияларына
байланысты, музей жүйесінің қалыптасуы, музейлердің салалану
мәселелерін зерттейді; музей қызметінің ғылыми негіздерін
құрастырады.
2. Құжаттау теориясы музей қорларының жабдықталу
мәселелерін зерттейді, яғни, заттарды музей жинағына іріктеудің
әдіснамалық және әдістемелік тұстарын қарастырады.
3. Тезаврациялау теориясы (гректің thesaurus - қазына, қор)
- ғылыми-қор жұмысының теориясы; ол музей заттарының және
олардың ақпараттылығын танып білумен байланысты. Бір
10
сөзбен айтқанда, музей заттарының есепке алынуын және
сақталуын зерттеу болып табылады.
4. Қатынас (коммуникация) теориясы музейді қатынас
институты ретінде зерттейді. Музейлердің мәдени-ағартушылық
қызметінде әртүрлі категориядағы көрерменге қатынас түрлері
арқылы ақпараттың жеткізілу ерекшеліктерін қарастырады.
Музейлік деректану - музей заттарының деректану пәніне
тиесілі тұстарын зерттейді; музей заттары мен коллекцияларын
іздестіру және табудың теориясы мен әдістемесін құрастырады.
Қолданбалы музейтану үш бөлімен тұрады.
1. Ғылыми әдіс музей қызметінің барлық түрін қамтиды.
Музейтану ғылымында жалпы және арнайы әдістемелік
зерттеу қалыптасқан. Жалпы әдіс музейлердің барлық саласына
тиесілі. Мысалы, музей қатынасының негізгі түрі ретінде
экспозицияны құру, музей қорларын сақтау және экскурсиялық
жұмыс қағидаттары. Арнайы әдіс жалпы ғылыми әдістен
шыққанымен, нақты саладағы музейге бағытталған.
2. Музей жұмысының техниакасы ғылыми әдістерден
шығып, музей ғимараттарын жобалау, музей материалдарын
техникалық жағынан экспозициялау, музей заттарын
консервациялау, реставрациялау мәселелерімен байланысты.
3. Музей жұмысын ұйымдастыру мен музей қызметін
басқару менеджмент және маркетинг мәселелерімен байланысты
болып келеді.
Пәннің көп мағыналығына орай, музейтану пәнаралық
ғылымдар қатарына жатады. Сонымен қатар, зерттеу пәні таным
үдерістері және ақпаратты музей заттары арқылы беру
заңдылықтарымен байланысты болғандықтан музейтануды
қоғамдық ғылымдарға да жатқызуға болады.
Сұрақтар:
1. Музейтанудың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен
жағдайлар.
2. Музейтанудың зерттеу нысаны және пәні.
3. Музейтанудың ғылым ретінде қалыптасуына байланысты
ғалымдардың. пікірлері.
4. Музейтанудың құрылымдық негіздері.
243
Түсім кітабы
бойынша №
инвентарлық
№ (түсім
кітабының
нөмірі болмаған
жағдайда)
Атауы Мүліктеу № Сақталуы Ескерту
Берілу мақсаты:
Негізі:
Берген:
Алған:
Материалдық жауапкершілікке сақтауға алған:
Қатысқандар:
242
ҚОСЫМША 10
(мұражайдың атауы)
Мұражайдың бас қор сақтаушысы
«»20ж.
Мұражай ішіндегі алу-беру
АКТІСІ
№
«» 200___ ж .
Осы актіні толтырушы қор сақтаушы
аты, әкесінің аты, тегі
қор сақтаушы
аты, әкесінің аты, тегі
төмендегі мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай
коллекцияларын біріншісі беріп, екіншісі қабылдап алды:
Түсім кітабы
бойынша №
инвентарлық
№ (түсім
кітабының
нөмірі болмаған
жағдайда)
Атауы
және
қыс-
қаша
сипат-
тамасы
Материалы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz