Өндіріс теориясы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Өндіріс теориясы

Орындаған: Чегебаева С. А.

Тексерген: Оразалин Р. Ж.

Алматы 2012

Жоспар:

  1. Кіріспе

1. 1 Өндіріс ауқымының өсу тиімділігі.

  1. Теориялық бөлім
  2. Тәжірибелік бөлім

3. 1 “Прииртыш” фабрикасының өсу тиімділігі.

  1. Қорытынды

Кіріспе

Өндіріс теориясы аясында менің таңдаған тақырыбым- “Өндіріс ауқымының өсу тиімділігі”. Бұл тақырыптан, мен, ”қай уақытта өндіріс ауқымы оң әсерге ие болады?” деген сұраққа жауап іздедім. Жалпы өндіріс ауқымының өсуі дегеніміз - бұл өндіріс факторлары шығындарын арттыру мен өндіріс көлемінің өзгеруі арасындағы арақатынастың сипатын көрсететін өндірістік үрдістің маңызды қасиеті.

Фирма ұзақ мерзімді кезеңде өз қызметіне қажетті өндіріс масштабының өсу тиімділігін таңдау және анықтау мәселесін шеше алады. Сол себепті ұзақ мерзімді кезең- барлық өндіріс факторларының өзгеруі болып табылады.

Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім- қазіргі таңда біздің еліміздегі мыңдаған жұмысшылары бар өндіріс орындары ауқымы­ның маңызы аса зор. Себебі, олардың қазіргі атқарып жатқан жұ­мы­старының басты мақсаты қар­жы дағдарысына қарсы тұрып, өңір­дің экономикалық-әлеуметтік дамуының қарқынын сақтап, ха­лықтың әл-ауқатын жақсарту жо­лын­да жұмылған жұдырықтай жұ­мыс жасау болып табылады. Өндіріс шаруашылықтарының дамуы мемлекеттің экономикасының жаһанданып, оның көтерілуіне үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да, шаруашылық салаларындағы еңбек ресурстарын басқару, оны ретке келтіру, нарық жағдайына бейімдеу өзекті мәселелердің негізгілерінің бірі болып есептелінеді. Өндірістік шаруашылықтардың өнімін көбейту арқылы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ең алдымен өнім өндіруші еңбеккерлерге қатысты еңбек ресурстарын тиімді басқару болып табылады.

Өндіріс көлемін арттыру мақсатындағы мемлекеттің реттеу және қолдау көрсету ролін күшейтуге ерекше мән беріліп отыр. . Бұл өндірістік процестің ұзақ мерзімді кезеңіндегі ерекшелігі болып табылады. Өндіріс ауқымындағы өндіріс факторлары мен өнім шығару көлемі бір-біріне тәуелді және байланысты болып табылады. Себебі белгілі бір фирмадағы өндіріс факторлары санының өсуі нәтижесінде өнім шығару көлемінің өскенін де байқаймыз. Ал фирманың өнім шығару көлемінің артуы, әрине, өндіріс ауқымына оң әсерін әкеледі. Мысалы, кез келген бір фирманы алайық. Оның негізгі мақсаты- пайда (табыс) табу. Фирма өзінің қызметтерін атқара отырып белгілі бір өнім шығарады. Осы кезде фирманың өндіріс көлемі ұлғайған жағдайда өндіріс факторларының өнімділігі де жоғарылайды. Бұл жерде өндіріс факторларын жұмысшылар саны деп есептесек, онда өндіріске оң тиімділікті болдыру үшін, өнім көлемінің жоғарылауына байланысты жұмысшылар санын да көбейткен жөн. Яғни, өндіріс көлемі 2 есеге өскен кезде, жұмысшылар санының да 2 еседен көп өскендігі. Сондықтан да бұл фирмаға оң әсерін тигізуі мүмкін.

Теориялық бөлім

Өндіріс теориясының маңызды мақсаты болып өндірістің тиімді әдістерін ұйымдастырудың принциптерін қалыптастыру табылады, яғни ресурстардың берілген мөлшерінде өнім шығарудың максималды көлемін қамтамасыз ететін өндіріс факторларының тиімді үйлесімділіктерін және өндірістің ауқымын таңдау болып табылады.

Шығарылатын өнім көлемін арттыру өндірістің барлық факторларының санын ұлғайту есебінен, яғни өндіріс ауқымын өсіру есебінен жүзеге асады.

Факторлардың өзара алмастырылу үйлесімділіктерін өзгертпей, факторлардың шығындарын арттырудың және өнім шығарудың көлемін арттырудың арасындағы тәуелділіктің сипатын масштаб тиімділігі деп атайды. Факторлардың санын салыстырмалы өзгерту мен өнім көлемін салыстырмалы өзгертудің арасындағы қатынасқа байланысты масштаб тиімділігінің мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • масштабтың оң (өспелі) тиімділігі, бұл өнім көлемі факторлардың шығындарын арттырудан гөрі көбірек шамаға өскенде орындалады;
  • масштабтың тұрақты тиімділігі, бұл өнім көлемінің де, факторлар шығындарының да бірдей шамаға өзгергенінде орындалады;
  • масштабтың теріс (кемімелі) тиімділігі, бұл өнім көлемі факторлардың шығындарын арттырудан гөрі азырақ шамаға өскенде орындалады.

Фирма өз өндіріс көлемінің ауқымын масштабтың кемімелі тиімділігі басталғанша дейін арттыра беруі қызметін экономикалық жағынан тиімді, әрі ақылға сыйымды деп санауға болады.

Өндіріс ауқымының көлемін арттыруда маңызды рөлді техникалық прогресс ойнайды, оның еңбекқарқынды, капиталқарқынды және бейтарапты деген типтерін өндірісте қолдануға болады.

Өнім шығару көлемінің өсуі барлық пайдаланатын факторлардың санын өсірумен байланысты екенін зерттегенде, біз өндірістік процестің ұзақ мерзімді кезеңіндегі ерекшеліктерін байқаймыз.

Барлық қолданылып отырған факторлар бір пропорцияда өзгеретін болса, мысалы а рет, онда фирма өндіріс ауқымын өзгертеді. Егер осы кезде өнімді шығару көлемі а реттен көп өссе, онда бұнда й өсу өндіріс ауқымының оң тиімділігі деп аталады.

Өндіріс факторларының екі есе көбеюінің нәтижесінде өнім көлемі екі еседен де көп өсіп тұр. Сондықтан өндіріс ауқымының өсуі оң әсерлі болады дейміз.

K

400

200

L

200 400

  1. сурет. Өндіріс ауқымы өсуінің оң тиімділігі.

Тәжірибелік

“Прииртыш” құс фабрикасы.

Бұл кәсіпорынның бүгіні мен ертеңі туралы сөз қозғамас бұрын, оның өткен тарихы туралы да қысқаша айта кеткеніміз жөн болар. Ол осыдан тура ширек ға­сыр бұрын Семей үйрек фаб­рикасы деген атпен іске қосылған-ды. Қаладан соншалықты алыс емес, нақтылап айтсақ 25 шақы­рым жерде бой көтерген жаңа кәсіпорын жанынан Утинка деп аталатын жаңа кенттің де қоса салынғаны есімізде.

Осы жаңа кәсіпорынның ал­дына жылына үш мың тонна үйрек етін өндіру міндеті жүктел­ген болатын. Бірақ түрлі себеп­термен бұл міндет орындалмай қал­ды. Ақыр соңында ол бройлер етін өн­діруге бейімделіп қайта құ­рылды. Бұл шақта іргедегі кент аты При­иртыш деп өзгертілген еді. Соған орай кәсіпорын енді При­иртыш бройлер құс фабрикасы атанды.

Бірақ, өкінішке қарай, фабрика аты өзгергенмен затында, яғни іс нәтижесінде сондайлық өзгеріс байқала қоймады. Оның үстіне жы­ғыл­ғанға жұдырық деген­дей, бұрынғы мызғымастай көрін­ген Одақ тарап, нарық келіп есік қақ­қанда фабрика бәсекеге қабі­летсіз болып шықты. Бірінен кейін бірі келіп, жиі ауысып жатқан сол тұс­тағы басшылар да кәсіпорынды тығырықтан алып шығуда дәрмен­сіздік танытқандары рас.

Ақыр соңында фабрика тізгіні Бейсенғазы Тастекеев деген аза­матқа сеніп тапсырылды. Бұл 2001 жылдың ақпан айы болатын.

Солайша мұн­да 2003-2004 жылдар аралы­ғында өндірісті қайта жабдықтау және бройлер ет өнімдерін өндіру жұ­мыс­­тарын ғылым­мен ұш­тас­тыра жүргізу қолға алынды. Сол мақсат­пен бірінші ке­зекте бройлер балапан­да­рын өсіретін корпустар, ин­кубатор, құс сою цехы қай­тадан құры­лып, жаңар­тылды. Оның сыртында ғи­мараттарға күр­делі жөндеу жұмыстары жүр­гізілді. Мұ­ның өзі өндіріс тех­но­логиясын түбе­гейлі өзгертуге жол ашты. 18 кор­пуста ше­телдік жем беру және суару қон­дырғылары орна­тылды. Жылу мен жарық өз алдына, желдеткіш жүйе­сінің қалып­қа келтірілуі өндіріс мә­дениетін артыра түсті. Ендігі жерде барлық жұмыс компьютерлік жүйе­мен бақы­ла­натын болды.

Осы орайда айта берсе әңгіме көп. Мәселен, құс сою цехы венгр­лік қондырғылармен қайта жабдық­талды. Соның нәтижесінде сағатына 1500 бас құс союға мүмкіндік туды. Тәуліктік қуаттылығы 8 тонна мұз­датқыш камералар өндірілген өнімді алаңсыз сақтауға кепілдік берді. Со­ның бәрі қосыла келгенде үздік көр­сеткіштерге жеткізді. Айталық, атал­ған фабрика қазірде бройлерді өсіру көрсеткіштері жөнінен тек өз елі­мізде ғана емес, ТМД елдеріндегі құс фабрикалары арасында үздік деп танылып отыр. Мұнда небәрі 40- 42 күн ішінде балапан салмағы 2, 300 килоға жеткізіліп қана қоймай, со­ның 98 пайызын аман сақтауға кепілдік бар.

Қазірде бройлер құс етін өн­діруден фабриканың жылдық қуаты 6-6, 5 тоннаға жетіп отырған кө­рінеді. Ендігі меже 12 мың тонна Және бұл бос сөз үшін айтылып жатқан әңгіме емес. Бұрын балапанды өсіру үшін 56-60 күн кететін. Ал оны қазір 40-42 күнге түсірген.

мұнда кү­ніне - 20, ал айына 500-550 тонна құс еті өндіріледі екен. Ал бұл деге­ні­ңіз күніне - 125, айына төрт мың­ға жуық ірі қараның салмағына пара­­пар ет деген сөз. Осында өндіріліп жатқан сон­шама құс етінің 30-35 пайызы се­мейліктердің қажетіне жұмсалып жат­са, қалғаны көршілес Өскемен, Павлодар, Қарағандыны айтпағанда, бір шеті Астана, Алматыға, тіпті Ақ­тауға дейін жөнелтіліп жатқан кө­рінеді. Күні ертең бұлар 12 мыңдық межеге жеткенде кәсіпорынның қыз­­мет көрсету аясы бұдан да кеңи түсетіні айтпаса да түсінікті. Қазір мұнда 370 адам еңбек етеді екен.

Шетелдік қондырғылардың кеңінен пайдалану нәтижесінде, көптеген жаңа құрылғылардың сатып алынуы нәтижесінде “Прииртыш” құс фабрикасы өз мақсатына жетіп, қазіргі таңда ең ірі фабрикалардың біріне айналып, бәсекелес фабрикалардың арасында үздік орынға ие болып отыр. Сонымен қатар жаңа цехтар мен корпустардың салынуы өндіріс технологиясын өзгертті. Бұл “Прииртыш” фабрикасының өндіріс ауқымын кеңейтіп, үздік орынға жеткізді.

Әрине, фабрика үшін бұл үлкен жетістік. Және бұл жетістік- өндіріс ауқымының оң тиімділігіне әкелді.

Қорытынды

Өзімнің жұмысымда көтерген мәселелер: өндіріс теориясы, өндіріс ауқымының өсуі, өндіріс ауқымы өсуінің оң тиімділігі, “Прииртыш” құс фабрикасындағы өндіріс ауқымы.

Қорыта келе, өндіріс ауқымының оң тиімділігі деп-

өндіріс факторларының екі есе көбеюі нәтижесінде өнім көлемінің де екі еседен көп өсіп тұрғандығын айтамыз. “Прииртыш” фабрикасына жүргізілген мысалдан, өндіріс көлемінің факторларға байланысты ұлғайғанын көрдік. Яғни, факторлардың өзгеріп, көп мөлшерде қолдану аясында фабрика көлеміне әсерін тигізгенін байқадық. Бұдан, біз, өндіріс факторлары мен өнім шығару көлемінің арасындағы байланыс бар екендігін көреміз.

Отандық басқа да фирма, фабрикалардың өндіріс көлеміне байланысты іс-әрекеті осындай болғандығын қалаймын. Себебі бұл- еліміздің дамып, көркеюіне, көрші елдерге экспорттау нәтижесінде танылуга зор мүмкіндік береді. Өндіріс ауқымының оң тиімділігі- халықты қажетті түрде өнім мен қажеттіліктермен қамтамасыз етеді.

Ал, мен келтірген фабрика мәселесіне келсек, ең бастысы сол, қала маңындағы ет, сүт өнді­ретін шаруашылық, кәсіп­орын­дардың өзекті мәселелері Елба­сымыздың ұдайы назарында. Соған орай республика Үкіметі тарапынан да қамқорлықты сезініп келеді. Бірақ жоғарыда айтқандай, бармен қанағат деп қол қусырып, отыра беруге болмайды. Сондықтан әлі де өз шешімін таппаған өзекті мәсе­лелерді бірлесіп шешуге тырысып бағу керек. Мәселен, елімізде құс ша­руа­­шылығын дамыту мәселесі биылғы жылдың қыркүйек айының соңында Парламент Сена­тының ұйымдастыруымен өт­кізілген дөң­гелек үстелде кеңінен қоз­ғалды. Он­да осы фабрика тарапынан да бірқатар мә­селелер ортаға са­лын­ды. Айталық, шығыс өңі­рін­дегі құс фабри­каларын тұ­қымдық балапан­дар­мен қамта­масыз ету үшін облы­сымыздың Глубокое ауда­нын­дағы серік­тестік базасында тұқым­дық зауыт салу, құс өсі­румен айна­лысатын кәсіп-орын­­дар үшін электр жары­ғының баға­сын төмендету, құс етін тасы­мал­дауда кедендік төлемді азайту сияқты мәселе­лер­дің шешімін тездетпесе бол­майды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Классикалық политэкономистердің құн теориясы
Маркстің экономикалық теориясы және қазіргі кезең
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
МИКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫ
Ж.Б. Сэйдің экономикалық көзқарасы
Тұтыну және өндiрiс
Тұтыну және өндіріс теориясы
Микроэкономика пәні, методологиясы, әдістері
Посткейнсиандық ілім сипаттамасы - солшыл кейнсиандықтар
Өндіріс факторларының арақатынасы теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz