Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялық әрекетін эксперименталды зерттеу


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
«Педагогика және психология»
кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялық мінез-құлық ерекшеліктері»
Орындаған: «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенті Айбулатова А. М.
Тексерген: оқытушы Умбетова Г. М.
Орал - 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялық мінез құлының себептерін анықтау
1. 1. Балалардағы агрессияның психологиялык теориялық негізі . . . 8
1. 2. Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда болуы . . . 13
ІІ тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивті мінез-құлқын эксперименталды зерттеу
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивті мінез-құлқын диагностикалау . . . 20
2. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивті мінез-құлқын
түзету жұмыстары . . . 28
Қорытынды . . . 39
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 41
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.
Осы бала бойындағы агрессиялы әрекеттің пайда болуын психологтар жан-жақты түсіндіреді. Агрессияның қай түрі болса да, бұл өзгеге қиянат көрсету дегенді байқатады. Агрессияның қай түрін зерттейтін психологиялық бағыт болмасын әр қайсысы өзінше түсіндіреді.
Психоаналитикалық бағытты ұсынғандар: З. Фрейд, А. Фрейд, Э. Фромм, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни және т. б. анықтауы бойынша агрессия - инстинкті, қастандық әрекет, бұл сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, адамның психологиялық қорғанысының бір түрі.
Әрекетке тиесілі бағыт: бұл жерде агрессиялық қимыл, эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырылған. Дж. Доллард, Л. Берковитц, С. Розенцвейгтер агрессияны - фрустрация әсері деп қарастырған.
Гуманистік бағыт: (К. Роджерс, В. Франкл, Ф. Перлз) түсіндіруі бойынша агрессия - бұл шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті. Агрессияны түсіндіру - бұл психологиялық қорғаныстың жан-жақты әр түрі. [12. 130]
Әлеуметтік оқыту бағыты: (С. Н. Ениколопов, Л. Берковиц, Д. Зильман) бұл түжырымның құрамына агрессиялылық - яғни үйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі болып қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамыту негізгі мәселесі болып қарастырылған.
Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің осылай бой көрсетуі - өзін және өзгені талқандауы. Бұл көрініс баланың тұлғалық дамуында қалыптасуының алдын алу, мүны мектепке дейінгі жастан бастап қолға алу қажеттілігі. Яғни ерте мектепке дейінгі жас, тұлғаның оң көрсеткішті құндылықтарының дамуының негізгі фундаменті. Балаға ерте жастан ішкі кері әсерін, өзіне немесе өзгеге бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын үйретіп отырған жағдайда, бала өсе келе осы артық энергияны еңбекке, спортқа т. б. яғни қоғамға пайда келтіретін тұстарына жұмсап, үлестіріп отырады (жеңілдейді) .
Осы проблеманы көпжоспарлы зерттеуде, осы бағытта психология саласында жұмыс жасаған көптеген отандық авторлар тізімі (Г. А. Андеева, В. В. Знаков, Л. П. Колчина, О. Ю. Михайлова, А. А. Реан, Т. Г. Румянцева, Я. Л. Коломинский т. б. ) кездесті. [12. 136]
Тақырыптың өзектілігі: Эмоциялық күйлер сипатын көрсететін мәселе бойынша ізденген авторлардың тұжырымдамасында мектеп жасына дейінгі бала агрессиясы және оның түзету-дамыту жолдарына аз көңіл бөлінген, аяқталмаған тұстары көп.
Агрессиялық қалып мәселесінің қазіргі уақытта бала бойындағы, мектеп жасына дейінгі шақтан бастап ауқымды бой көтеруі. Ата-аналар осы проблема бойынша өзін, баласын агрессиядан арылтып, жеңілдету мақсатында психологтан көмек сұрап келуінің жиілеуі. Менің зерттеу жұмысым, аталған мәселені шешуге арналады.
Зерттеу мақсаты : мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, агрессивтілік кері әсерлерден жеңілдету негізінде психологиялық көмек көрсету жолдарын айқындау.
Зертеу міндеттері:
1. Агрессияның табиғи шығу жолдарын және мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивті әрекетін теориялық зерттеу.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін агрессия түрлерін ашып көрсету.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялық әрекетін эксперименталды зерттеу.
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған бағдарлама құру арқылы психокоррекциялық жұмыстарын жүргізу.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстардың нәтижесі бойынша нұсқаулар мен кеңестер көрсету.
Зерттеу объектісі: төрт-алты жас аралығындағы агрессивті балалар.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілігін түзету процесін жеңілдету жолдары.
Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілігі арнайы ұйымдастырылған психокоррекциялық ойын-сабақтар негізінде жеңілденеді.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялык негізі: біздің зерттеу жұмысымызға өзек болған агрессияны инстинкті, қастандық әрекет, сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, әрі ол жеке адамның психологиялық қорғанысының бір түрі ретінде қарастырған З. Фрейд, А. Фрейд, Э. Фромм, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни және т. б. ілімдері; агрессиялық қимылды эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырған Дж. Доллард, Л. Берковитц, С. Розенцвейг ілімдері; К. Роджерс, В. Франкл, Ф. Перлз түсіндірулеріндегі шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті қорғаныс реакция туралы ілімі; әлеуметтік оқыту бағытын көрсететін С. Н. Ениколопов, Л. Берковиц, Д. Зильманның агрессиялылық үйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі ретінде қарастырған тұжырымы.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні: Зерттеу жұмысы бойынша қарастырылған бірқатар материалдар, агрессиялық күйді сипаттауға бағыттылған теориялық материалдар психология ғылымындағы адамның психологиялық күйін сипаттайтын теориялық ілімді толықтырады. Агрессия мен агрессивтілік күйдің өзгешеліктерін салыстырмалы тұрғыда ашып көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балаларда көрінетін агрессиялы әрекеттердің түрлерін айқындауға көмектеседі. Зерттеу жұмысымыздағы агрессия туралы ілімдер ересек адамдардағы кейбір санадан тыс болатын, оның жемісті әрекетіне кедергі жасайтын психологиялық сипатынының астарын түсіндіреді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: Қазіргі қоғамамызда кез-келген әрекетке агрессиялы жауап берудің алдын алу мақсатында, оның едәуір ерте көріну себептерін түсіндіруде, агрессиялы әрекетті болдырмау тұрғысында бұл зерттеудің маңызы зор болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардағы эмоциялық тұрақсыздықты реттеу мақсатында жүргізілген жұмыстар, олардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған бағдарлама, сол бағдарлама бойынша жасалынған практикалық сабақтардағы психокоррекциялық жұмыстарды бала бақшада, сондай-ақ мектепте бастауыш сыныптағы балаларға да қоладануға тиімді және ол өз жемісін береді. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстар нәтижесі бойынша жасалған нұсқаулар мен кеңестер бала бақша тәрбиешісіне, мектеп мұғалімдеріне, мектеп психологы мен ата-аналарға таптырмайтын қазына болып табылады.
Зерттеу әдістері: теориялық зерттеу әдістері, әдебиеттерді талдау әдісі, диагностикалық әдіс: бақылау әдісі, «табиғатта кездеспейтін жануар» әдістемесі, ойын әдісі, пиктограмма әдісі, эксперимент әдісі, интерпретациялау әдісі.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттен және қосымшалардан тұрады.
І тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялық
мінез құлының себептерін анықтау
1. 1. Балалардағы агрессияның психологиялык теориялық негізі
Психология ғылымында психикалық құбылыстарының ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.
Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі - агрессивтілік адамның жеке тұлғалық касиет ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.
Психоаналитикалық бағыт - бұл тұжырымның негізін қалаушы З. Фрейд.
Ұзақ жүздеген жылдар бойы, оның теориясы қызу да қатаң тартысқа айналған. Фрейд еңбегінің арқасында агрессия және агрессивтілік моральдық тақырыптың ой тартысы, ғылыми сараптаманың негізгі объектісіне айналды. Фрейдтің бастапқы жұмыстарының тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті бұл тікелей болмаса жанама «эростың» ағыны, өмір инстинкті, өмірдің сақталып - мықтылануына бағытталған энергия көзі. Агрессия бұл тұрақты емес, алайда қашып құтыла алмайтын өмірдің бір бөлігі.
Бері келе заманға сай көптеген оқулықтарда көрсетілгендей агрессияның деректемесінің тәртібін психоаналитикалық анықтамада - «Танатос» деп көрсетеді. Танатос - өлім мен талқандалуға деген инстинкті қызығушылық, ұмтылыс. Фрейдтің ұғымы бойынша танатос бұл өлімге ұмтылыс, танатостың энергиясы жарық өмірдің аяқталып, талқандалуына бағытталған.
Әрекетке тиесілі бағыт: агрессия және фрустрация. Бұл жерде агрессиялық әрекет эволюциялық процеске емес, жағдайға байланысты қарастырылған. Адамзат бойындағы агрессияның бұл бағытының негізін қалаушы Дж. Доллард. Оның көзқарасы бойынша агрессия - бұл адам бойындағы автоматталынған құмарлық емес, фрустрация әсері қажеттілігін қанағаттандыру үшін кездескен кедергілерді жеңу, ләззат алу мен эмоциялық тепе-теңдік. Бұл теорияның нақты түсінігі агрессия бұл фрустрация көрінісі, ал фрустрация әр уақытта агрессияны өзіне ілестіреді. Агрессия - фрустрация бұл төрт негізгі түсініктің шоғырлануы: агрессия, фрустрация, тежелу, орнын баса тұруы. [1. 13]
Агрессия - бұл өзінің іс-әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру ниеті.
Фрустрация - көзделген реакцияны орындалуында кедергілердің туындауы. Фрустрация деңгейі кедергінің маңызы мен бағышталған әрекетінің саны және осы көріністің мотивациялық күшіне байланысты. Мақсатқа жету және мақсатты бағытталған әрекеттің санынан кейін фрустрация басталады.
Тежелу - бұл тенденция күтіп отырған жағымсыз зардапты шектейтін болмаса алдын орайтын әрекет.
Агрессиядағы қондырылған тежелу акті кез келген болатын шабуылдың күшімен тікелей тепе-теңдігінде. Агрессиядағы тежелу акті қосымша фрустрация болып табылады, осы тежелудің қателесуінің қабылдануы, агрессияның басқа формаларының оянуының артуы, агрессияны адамға қарсы қояды.
Орнын баса тұру - бұл бөгде біреуге қарсы бағытталған, агрессивті әрекетке қатысу құлшынысы, бұл фрустрацияның шығуы, оның негізгі түбіне қатысты емес.
Фрустрация теориясының негізін қалаушылардың бірі Л. Берковец. Ол «агрессия - фрустрация» схемасына үш маңызды түзету енгізді.
а) Фрустрация міндетті түрде агрессивті әрекеттен тарамайды, ол оған дайындық құрайды.
ә) Агрессия дайын тұрған күйде ыңғайлы жағдай тумаса ушықпайды.
б) Фрустрациялық жағдайдан индивид агрессия әрекеті арқылы шығатын болса, онда ол әрдайым осы іспеттес әрекеттері, дағдыға айналып отырады.
Ал С. Розенцвейг - фрустрацияны шақыратын үш себебін бөліп көрсетті:
1. Мақсатқа жетуге қажетті нәрселер болмауы болмаса қажетін қанағаттандырудан айрылу «ішкі айрылу» және «сыртқы айрылу» болып бөлінеді. «Сыртқы айрылу» - фрустратор адамның өзіне байланысты емес; «ішкі айрылу» - фрустратор адамның өзіне байланысты.
2. Затты болмаса қандайда бір объектіні жоғалту, ертеректегі қанағаттың қажеттілігі.
3. Дау-дамай бір уақыттағы бір-біріне үйлеспейтін жағдай, тұрақсыз күй немесе қатынас.
Агрессия фрустрациялы жағдайдан шығудың бір жолы болып қарастырылады.
Әлеуметтік оқыту теориясы: жағымсыз әсер. Басқа теорияларға қарағанда, мұнда агрессия әлеуметтік ортада қалыптасады, туындайды. Д. Уотсонның қарастыруы бойынша агрессия, зорлық - бұл индивидтің өткен тәжірибесінің қорытындысы, оның іс-әрекетіне қоршаған ортаның әсері.
Әлеуметтік оқыту теориясы - бұл адамзаттың үлгіге қарап бағдарлануынан үйренуі. Бұл жерде үлгі тұлғааралық қарым-қатынастың құралы ретінде, яғни адам әрекетінің құрлымы, өзгерісі, қатынасы осыған байланысты. Сондықтанда бұл жерде әлеуметтік қатынастың бастапқы әсерін анықтап, үйренуі - бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі агрессиялы қатынасы. Дәлел бойынша ата-ана әрекеті агрессияны ілгері басуының негізгі себебі, агрессивті ата-ана, агрессивті бала тәрбиелейді. Мұндай теорияның негізін қалаушы А. Бандура. Ол агрессивтілік әрекетке үш жағдай енгізді:
- осы іспеттес әрекеттердің дағдылануы;
- олардың әрекетін итермелейтін факторлар;
- оларды нақтылайтын жағдай.
Аталған теорияның түсіндіруі бойынша адам агрессивтілік әрекетті көп қолданған жағдайда, ол оның әрбір іс-әрекетінің бір бөлігі болып қалады. Агрессивтілік әрекеттің маңыздылығы мен табыстылығы артқан сайын жетістікке жетуі, агрессияның бой көрсетуінде оның мотивация күшінің едәуір көтерілуі, әрдайым табыссыздықтың қайталануы - тенденция күшінің тежелуіне әкеледі. Бұл теорияның басқа негізгі элементі әлеуметтік қорғаныс болып табылады. Қорғаныс түсінігі - бұл қандайда бір әрекеттің белгіленген реакциясы, яғни бөгде адамдардың сөзбен және сөзсіз қатынасты бақылауда ұстауы. Бұл мақтау немесе сөгіс, кекету болмаса күлу, достық немесе қастандық ишарасы болуы мүмкін. Қорғанысты екі формаға бөледі:
- жағымды қорғаныс - реакцияның соңынан ілесетін қандайда бір стимул оны ушықтырып немесе сол деңгейде ұстап тұрады.
- Жағымсыз қорғаныс - бұл өткізу салдарынан реакцияны ушықтыратын стимул.
Қорғаныстың түрлері өте көп, мысалы: жазалау және көтермелеу. Қорғаныстың төрт түрін қолданады:
1. Егер бала реакциясының соңынан жағымды қорғаныс түрін қолдансақ - онда жағымды көтермелеу қортындысы.
2. Егер жағымды қорғаныс баланың осы болмаса басқа реакциясынан кейін өткізіліп алынып тасталатын болса - онда жағымсыз жазалаудың қорытындысы;
3. Егер реакцияның соңынан - жағымсыз қорғаныс ілессе - онда жағымды жазалаудың қорытындысы;
4. Егер жағымсыз қорғаныс заты реакциядан кейін өткізіліп алынып тасталса - онда жағымсыз көтермелеудің қортындысы.
Бала агрессияны көрсетуде әрдайым қолдау тауып отырса, онда оның агрессиясы әртүрлі жағдайда өсіп отырады. Жасалған агрессияға қолдау тауып отыруы, біртіндеп дағдыға айналады, осының салдарынан агрессиялы тұлға қалыптасады.
С. Н. Ениколоповтың түсінігі бойынша агрессияның үш негізгі функциясы бар:
1. Агрессия өзінің «мен» тұжырымын қорғаудың басты құралы. Мұндай агрессияның бой көрсетуі, адамның «мен» тұжырымын қаншалықты түсінетініне байланысты, мұндай адам бірінші танысқанды-ақ өзін нақтылау үшін агрессивтілі болып көрінуі мүмкін;
2. Агрессия - психологиялық ішкі қысымның сыртқа шығуын іздену, яғни «Текені босату»;
3. Өз мақсатына жету: «жолымдағының бәрін соға, итере мына есіктен құтылып шыққым келеді».
Агрессияны жан-жақты түсіне білу қажет: ол өсек айту, біреуге жеткізу, ауыр келеке болуы мүмкін. Агрессия адамның өзіне де бағышталуы мүмкін.
Аутоагрессия - бұл өзіне әртүрлі қиянат жасау: денені кеспелеп жырып тастау, сурет салу, өзін кінәлау болмаса қандайда бір әрекеттің өзін-өзі талқандауға бағышталуы. Қазіргі уақытта мұндай мәселемен психосоматикалық ауру актуалды орын алуда.
Л. Берковицтің пікірі бойынша агрессия әрекетін қадағалауға болады. Д. Зильманның тұжырымы бойынша кейбір жеке жағдайларда агрессияның құлшынысы жоғары болған жағдайда, оны бақылауға алу мүмкін емес. [15. 87]
1. 2. Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің
пайда болуы
Бала агрессиясын түсіндіру бағыты психоаналитикалық бағыт (А. Фрейд) . А. Фрейд өз әкесінің жыныстық және агрессиялық инстинк қатынас көзқарасын бөлісе отырып, оның бірнеше фазасын бөліп қарастырады: аральды агрессивтілік, анальды садизм және т. б. А. Фрейд бала психоаналитикасымен шұғылдана отырып, ол агрессия «мен» тұжырымының қорғаныш механизмдерінің бірі деп қарастырады. Осыған байланысты оның түсінігі бойынша агрессия оның «менінде» өткен немесе болатын жағдайда қорқыныш пен қауіптің пайда болуы. Агрессияның ушығуы бұл баланың «меніне» тікелей қауіптің пайда болуы. Баланың агрессивті құлшынысы осылай объектідегі қауіптің қатынасына қарай мінез-құлқын бекітеді.
Индивидуалды психологияның негізін қалауша А. Адлер - баланың бүкіл дамуында өзіне толық емес жартылай сенімділік сезімін агрессияның туындауынын негізі деп қарастырды. Бала ұзақ уақыт біреуге тәуелділігіне күйзіледі, ол өзіне тіптен көмексіз болған кезде күн көруі үшін ата-анаға жүгінуі қажет. Баланың жетілмегендігі, өзіне сенімсіздігі және өз бетінше алып кете алмауы, отбасында қоршаған күшті адамдарға бағынышты болуы қатты қайғыруға әкеліп соқтырады. Бұл кем бағалы сезімді тудырады, қоршаған ортада жетістікке жетіге бағытталған ұзақ күрестің бастамасы.
Бала агрессиясына, қорқыныш та жатады, И. Бютнер бала агрессиясының жиі кездесетін екі себебін көрсетеді: біріншіден, жығылып қалудан, өкпелуден, үлкендердің басқындығынан қорқынышы; екіншіден, көңілі қалу болмаса өткенге қапалық, өзі шабуылдауы. Нақтылап бала агрессиясын айта кетсек, бұл кезде санасыз агрессия импульстері тікелей емес, жанама түрде: қиялында, ойын үстінде таратылады. Э. Эриксонның айтуы бойынша адам бойындағы қастандық бұл өмірінің бастапқы жылдарында әлемге, өмірге деген сенімділік жүйеленіп орнықтағандығы. Эриксонныың тұжырымына келіссек, баланың адамдарға, өмірге деген сенімі мен сезімі оның анасының берген қамқорлығының құндылығына байланысты. Мектепке дейінгі жастағы инициатива аралық конфликті, психоәлеуметтік конфликті Эриксон «жасына қарай ойын» деп атады. [15. 15]
Қазіргі кездегі бала агрессиясы біздің өмір жағдайымыздың бүгінгі өзекті мәселесі, ол нақты психологиялық ерекшеліктерді қозғайды, ол баланы қоршаған адамдарға ғана тиесілі болмай (ата-аналары, тәрбиешілер, мұғалімдер, құрбылары), баланың өзіне және қоршаған ортамен қарым- қатынасында елеулі қиыншылықтар тудырады. Агрессия бала дамуында сәтсіздіктерге әкеліп соқтырады. Лонгитюдің зерттеу нәтижесінің көрсеткіші бойынша агрессивтілік қажетінше нақты, уақытына қарай мүмкіндіктері мол, бала кезіндегі агрессия біртіндеп орта буындағы жасөспірім кезінде бекем әлеуметтік немесе антиәлеуметтік әрекетке ауысуы мүмкін. 8 жасар балалардың өзгешілігі агрессиялы әрекеттердің жоғары деңгейде болуы және әлеуметтік байланыстан қашқақтауы, ары қарай оқу іс-әрекетінде қиыншылықтарға кездеседі, мектепте үлгерімі төмен, интелектуалды дамуы төмен деңгейде, бейімделуі нашар болуы мүмкін. Бала жастағы агрессивтілік оның өзін қоршаған шындықпен қатынасынан емес, оның бүкіл жан-жақты тұлғалық дамуын анықтайды. Бала агрессиясын зерттеуге арналған, алғашқы зерттеу біздің елімізде 20-30 жылдары өткізілді, бұл проблема сол күйі бүтіндей ашылмай, бала дамуы педагогикалық зерттеу негізінде өткізіледі. Осы кездерде бала психологиясы өзінің алдына қойған міндеті: бала психикасына әсер ететін әдістер өңдеу, балаға тәрбие және тәрбиенің артықтығы жайында. Бала тәрбиесі мен дамуына жағымды тәсілдер ізденуге, жеке тұлғаның қасиеттеріне диагностика жасауына, интеллектің даму деңгейіне көбірек көңіл бөлінді, сондай-ақ тұлға дамуында ауытқу қиындықтары, агрессивтілікпен ішкі қаупін зерттеу мүмкіндіктеріне де көңіл бөлінді.
Балаларда агрессивтіліктің негізгі себептері: балалар үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді роль атқарады, ендеше балалардың агрессивті мінез-құлық себептерін олардың құрбылары мен тұлғааралық қатынастарында, сонымен қатар ол үшін референтті болып саналатын топта қабылданған әлеуметтік нормалар типтерінен іздеу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz