Балалар шағымдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Тел: 8771 213 12 06

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: Мектепке дейінгі шақтағы мінез-құлық тәртібі

Орындаған: 3бКДО тобының сырттай оқу бөлімінің студенті С.С.Кдирова
Тексерген: Р.С.Калмурзина

Орал, 2016

Жоспары
Кіріспе
1. Тәртіптілік және мінез-құлық мәдениеті
2.Тәртіптілікке, мінез-кұлық мәдениетіне тәрбиелеу шарттары
3.Тәртіптікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу әдістемесі
4.Мінез-құлық тәрбиесі
Қорытынды

Кіріспе
Тәртіптіпік мінез-құлық мәдениеті және нормалары. Қоғамдық тәртіптің белгіленген нормаларына саналы түрде бағыну - тәртіптілік болып табылады. Іс-әрекетті ұйымдастыру үшін тәртіптің болуы қажет. Тәртіптілік арқылы адам қоғамда өзімен бірге еңбек етіп, бірге тұратын, бірге демалатын адамдарға деген құрметін көрсетеді.
Ересек балалар тәртіпті мінез-құлықтың қалыптасуы нәтижесінде іс-қимылды таңдауға қабілетті болады: Істегім келеді, бірақ істеуге болмайды, немесе Істегім келмейді, бірақ осылай істеу керек, сондықтан да тапсырыпған істі орындауға тиіспін деп өзін саналы түрде әрекет жасайды.
Балалардағы мінез-құлық нормалары мектепке дейінгі ұйымда қапыптасады, оларда үлкендерге, құрбыларына, қоғамдық мүлікке, өз міндетіне қарым-қатынас бейнеленіп, мінез-құлық мәдениеті көрінеді.
Үлкендерге құрметпен қарауды ерте бел-уық шақтан қалыптастырған жөн. Ата-аналары мен отбасы мүшелерімен қарым-қатынас баланы сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа бөлейді. Мектепке дейінгі мекемеге келгеннен кейін баланың үлкендермен қарым қатынасы ұлғаяды: тәрбиешімен, тәрбиешінің көмекшісімен, мейірбикемен және басқа қызметкерлермен қарым-қатынастар болады. Сондықтан әуелі үлкендермен қарым-қатынас жасаудың дұрыс әдістерін: оларды құрметтеуге, үйірсектікке, тыңдай білуге негізделген нысандарын қалыптастыру кажет.
Ересек топ балалары үлкендерге көмектесуге дайын тұрады, оларға қамқорлық, жақсылық жасауға тырысады, Балалар қооғамдық орындардың тәртіп ережелерін үйреніп, үлкендермен қарым-қатынаста сыпайылық көрсетеді. Балалар үнемі өз құрбыларының ортасында болатындықтан тәрбиеші олардың құрбыларын қарым-қатынастарын бейнелейтін, жолдастарын құрметтеу, қайырымдылық, елгезектік, мінез-құлық нормаларын қалыптастыруды жүзеге асырады.
Мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда тәрбиешінің бақылауы үлкен орын алады: баланы қателесуден сақтандырады, ережені есіне салады, балалардың талапты қалай орындайтынын қадағалауға мүмкіндік береді.
Бақылау мен бағалау қатар жүргізіледі. Тәрбиеші мақтауға, жақсы сөздер айтуға сараңдық жасамай балалардың қылықтарын қолдап, көзқарасын білдіреді.
Балалардың қылықтарына берілген жағымсыз бағаларды пайдалану да маңызды. Жaмaн қылыққа берілген бағаны жеке балаға таңбау керек. Педаготың мынадай қарама-қарсы салыстыруы тиімді тәсіл бола алады: Сен сияқты жақсы баланың, өз жолдасын ренжіткені түсініксіз. Бұл сөзде баланың қылығына ренжу бар.

1. Тәртіптілік және мінез-құлық мәдениеті
Мінез-құлық нормаларының негізі кішкентай кезден бастап қалыптасады: құрбысының ойынына кедергі жасамау, ойыншығын тартып алмай, сұрап алу немесе басқа ойыншық таңдау, ол ойнап болғанша күте тұру және т.б.
Жағымды қарым-қатынас жасау нысандары пайда болады: жылап отырған құрбысын жұбату, ойыншықпен қуанту, бірге ойнағысы келетінін білдіру. Тәрбиеші балалардың бірігіп шанамен сырғанау, доп ойнау, текшелерден үйшік жасау және т.б. әрекеттерін қолдайды.
Естияр жастағы балалар жолдасымен бірге қайғырып жанашырлық көрсетуге, қолындағысымен бөлісуге, айтқанына көніп, басқаны қуантуға тәрбиеленеді. Бірлесіп іс-әрекет жасауда мінез-құлық нормалары күрделене түседі. Балаларда құрбыларына камқорлық, бірлескен іс-әрекетте жағымды қарым-қатынас туғызу, ұжымшылдық бастамасы, ауырған жолдасына қамқорлық жасау, жолдасының ісінің дұрыс еместігіне оның көзін жеткізу, өз кінәсын мойындау, оның пікірімен келісу, кішіпейілдік көрсету: басқаның өтіп кетуіне жол беру, басқаның ыдыстан нан алуына қолайлы болу үшін ыдысты ысырып қою, өзінің орындығын беру, жіберілген кемшілктер үшін кешірім сұрау қалыптасады.
Балалардың тату қарым-қатынасын тәрбиелеудегі педагогтың міндеті - балаларды ұжымдағы мінез-құлық нормаларды бейнелейтін әрекеттер жасауға жетектеу.
Қоғамдық орындарда, әуелі сол мектепке дейінгі ұйымның балалар бақшасының өзіңде балалардың мінез-құлық нормаларын қалыптастыру үлкен орын алады: адамдардың жағдайларын ескеру, олармен санасу, өз жұмысымен шұғылдана отырып, жанындағыларға бөгет жасамау, дәлізде жүргенде үлкендердің (дәрігер, меңгеруші) жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу, оқу сағаты кезінде тыныштық сақтау, тыныш киіну және т.б. сәби топтардан бастап үйретіледі.
Педагог балаларды көлікте, көшеде, басқа да қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстай білуге үйретеді. Ережелермен таныстырады: демалыс орнында ойнап жүргенде, онда дем алып отырғандарға бөгет жасамау, қалалық көлікте тыныштық сақтау, қарт адамдарға орын беру және т.б.
Балалар заттарға ұқыпты қарауға тәрбиеленеді. Әр зат - еңбек нәтижесі екендігін, ол зат адам еңбегі болғандықтан ұқыпты қарау керектігі, ол затқа ұқыпсыздық көрсету адам еңбегін қадірлемеу екендігі түсіндіріледі, балалар заттарды пайдалана білуге, үнемі орнына қоюға, онын сынық екенін көргенде үлкендерден көмек сұрап жөндеуге үйретіледі. Мектепке дейінгі ұйым заттарын күте білу дағдысын қалыптастыру үшін мектеп жасына дейінгі ересек балалар топ бөлмесін, ауланы және т.б, жинап, тазалауға тартылады. Ұқыпты болуға тәрбиелей отырып, педагог балаларды сараңдыққа, дүние құмарлыққа, басқалардыкіне қалай болса солай қарап, тек өзінікін ғана сақтауға ұмтылуға жол бермейді.
Еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыратын мінез-кұлық нормалары меңгертіледі. Сәбилер еңбек тапсырмаларын орындайды, айналасындағы адамдардың еңбегіне ықыласпен қарауға үйретіледі. Бала үлкендерге еліктегіш келеді, шамасы келмесе де жұмысқа қатысқысы келеді: үстел үстіне ыдыстар қоюға, бір затты алып келуга немесе әперіп жіберуге қуана кіріседі.
Естияр топ балаларын тәрбиеші еңбек әрекеттерін өз бетінше орындауға үйретеді, құрбыларына көмектесуге, ұжымға байланысты жекелеген тапсырмаларды орындауға тәрбиелейді.
Ересек балалар еңбектің қажет екендігін түсінуге, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді. Бұл кезекшілердің тапсырмаларды орындауынан, еңбектегі дербестігінен, нұсқауларды дәл орындауға ұмтылуынан көрінеді.
Белгілі бір міндеттерді орындауға үйрету естияр топтан басталады. Педагог міндеттердің мағынасын, дер кезінде орындау қажеттігін түсіндіреді, міндеттерін орындауына көмектеседі.
Ересек балалар өз міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарауға, кезекшінің жұмысын орындауға, оның маңызды түсінуге, өзіне тапсырылған іске қамқорлық жасауға, еңбекке өздігінен кірісуге, істі аяғына дейін жеткізуге тиіс.
Балаларды табиғатты аялауға тәрбиелеуде педагог сәбилерді тек жолмен жүру, көгалды баспау, гүлдеп тұрған өсімдіктерді жұлмау, жерге түскен жапырақтарды жинау керектігіне тәрбиелейді, табиғаттағы өзгерістерді байқауға, оның әдемілігін көруге, тіршілік иелерінің бәріне жанашырлықпен қарауға үйретеді.
Естияр топ балалары өсімдіктерді, жануарларды күтуге, оларға қамқорлық жасауға тиіс.
Ересек топ балалары табиғатты бақылайды, салыстырады, жаңалықтарын атайды, тұқымдар жинайды, өсімдіктер өсіреді.

2.Тәртіптілікке, мінез-кұлық мәдениетіне тәрбиелеу шарттары
Тәртіптілікке, мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің маңызды шарты - тәрбиеші мен ата-аналардың беделі мен мәдениеті. Балалар тәртіптілігінің үлгісі педагог мәдениеті, оның балалармен, үлкендермен қарым-қатынасы. Тәрбиешінің ескерту орнына кеңес беруі, әзіл қолдануы қателіктерді түзеуге көп мүмкіндік береді. Балалар бастамасына көңіл аудару, оны қолдау, сенім, мейірім -балалардың тәрбиешіге сенім артуының, оның тілегіне үн қосуының шарты болып табылады. Мұндай педагог балалар үшін үлкен бедел, балалар одан қолдау естуге ұмтылады. Салқын сөйлесу, бұзылған тәртіп үшін қатал көз тастау кінәлы батаны жіберілген қателіктерді тезірек түзетуге, орынсыз қылығы үшін кешірім cұpayғa итермелейді. Балалар беделді тәрбиешілерге еліктейді.
Анасының мәдениеті баласының мінез-құлқынан көрінеді. Отбасы мен оның мүшелері арасындағы өнегелі қарым-қатынасты бала үлгі етеді, соған еліктейді.
Тәртіптілікке тәрбиелеудің маңызды шартының бірі - күн тәртібінің нақты орындалуы. Күн тәртібінің дұрыс орындалуы балаларды өздерін бір қалыпта ұстауға, іс-әрекеттің бір түрінен екінші түріне дер кезінде ауысып, белсеңді қызмет пен демалыс сағаттарын ауыстырып тұруға мүмкіндік береді.
Күн тәртібіндегі киіну, жуыну сияқты әрекеттер балалардың құбылар ұжымындағы мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудың құралы. Тәрбиеші балаларды өтінішпен сыпайы сөйлесуге, өтіп кетуге рұқсат сұрауға, жол беруге, өз көмегін ұсынуға үйретеді.
Күн тәртібінің нақты орындалуы жағымды мінез-құлық қалыптастырып, уақыт жүйелілігін салыстырмалы ұзақтығын түсінеді, уақытты, күн тәртібіндегі келесі сәттерді ескере отырып, олар өз бетінше іс-әрекеттер ұйымдастырады. Мысалы, сабақ арасында қимылды ойындар, күндізгі ұйқыдан кейін аздаған уақытқа созылатын ұжымдық шығармашылық ойындар, іс-әрекеттер, т.б.
Балалар үнемі болатын орындарды дұрыс ұйымдастырудың да маңызы аз емес. Әр түрлі материалдар, ойыншықтар, еңбекке қолданатын құралдар басқа да жабдықтар іріктеп алуда балалардың жасы, жинаған білім қоры, іскерлік деңгей және айналаны түсінуі ескеріледі. Жиһаздарды ыңғайлы қою, ойын материалдарын ойластыру, балаларды ұжымға біріктіруге көмектесетін ойыншықгардың болуы - түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыруға жағдай туғызады, балаларды қызықтырады, ойнауға, еңбектенуге, қалаған іспен шұғылдануға мүмкіндік береді де мінез-құлық кемшіліктерін болдырмайды.
Топтағы мейірімді жағдайға, мазмұны қызықты іс-әрекеттерге тәрбиешінің ерекше көңіл бөлуі балаларды үнемі бір нәрсемен шұғылданып жүруге тәрбиелейді, олардың тұрмысын ұйымдастырады, тәртібі мен мінез-құлық мәдениетінің қалыптасуына жағдай туғызады.

3.Тәртіптікке және мінез-құлық мәдениетіне
тәрбиелеу әдістемесі
Балалардың мінез-құлқы қоғамның моральдық нормаларына сай ережелермен реттеліп отырады: пайдаланған затты орнына қою керек, топ бөлмесіне кіріп келгенде сәлемдесу керек, өтінішті сыпайы айтып, көмек көрсеткені үшін алғыс айту керек және т.б. Берілетін ережелер тыйым салу емес, көрсету түрінде болуы керек.
Баланың жаңа ережені үйренуін уақыт талап етеді. Тәрбиеші сәби балаларға ережені орындау, ережені бұзбау керектігін олардың естеріне салады: сырттан келгенде аяқтарын сүрту, тәрбиешінің көмекшісі тазалап жуған еденді ластамау, т.б. түсіндіреді.
Естияр топ балаларына да жаңа ережені балалардың мазасын алмайтындай етіп естеріне салып отыру керек, себебі оларда өзін-өзі бақылай білу нашар дамыған. Мысалы, балалар арасында келіспеушілік болған жағдайда тәрбиеші оларға ереже бойынша достар қалай істеу керектігін білесіңдер, сендерді келісе біледі деп ойламмын. Қалай істеу керек екенін кім айтады? және тб. Педагогтың оларды жақсы достар деп айтқан сөзі оларды келістіріп, қатынастарының дамуына көмектеседі.
Жаттығуларды орындау үстінде балаларда ережелерге сәйкес мінез-құлық тәжірибесі қалыптасады.
Мінез-құлықты тәрбиелеуде педагогикалық талаптардың біртұтас болуы керек: бір тәрбиеші балалардан ережелерді дәл орындауды тапап етіп, қалай істеуді түсіндіріп, екінші тәрбиеші оған жеткілікті көңіл бөлмесе, ол дұрыс болмайды. Бұл жағдайда балаларда үлкендердің ерекшеліктеріне бейімделу қаупі туады.
Мектеп жасына дейінгі балалар бірнеше талапты бірден есіне сақтап, өз қылықтарын соларға сәйкес реттей алмайтындықтан мінез-құлық ережелері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педиатриядағы симуляция негізінде оқыту
Ғаламторға тәуелділік мәселесінің тарихы
Психикалық ауру балаларға көмек
Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Пациентті тексеру әдістері
Неке және отбасы
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және алдын алу шаралары дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері
Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы
Дамытушы және қалыпқа келтіруші жұмыстардың модельдері
Мектепке дейінгі мекемелердегі психолог қызметі
Пәндер