Мектепке дайындық


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
«Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастық»
Орындаған:
Жетекші:
Орал, 2016ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп жұмысындағы сабақтастық
2. Бірінші сыныптағы оқу-тәрбие жұмысы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Кіріспе
Балалардың мектепке дейінгі кезеңнен оқушылық өмірге көшуі психология ғылымында кеңінен қарастырылған келелі мәселелердің бірі. Бала психологиясын зерттей келе, оның жаңа білімдерді игерудегі қызығушылықтарын қалыптастыру үшін баланы үнемі жаңалықтармен қамтамасыз ету керектігін дәлелдейді.
Мектепте оқуға психологиялық дайындығының маңыздылығының бірі - ададамгершілік-ерік дайындығында. Ынта қоя оқып мақсатты түрде есте сақтап, өз мінез-құлқын бақылай апып, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты меңгергенде ғана оқу әрекеті жемісті болады. Адамгершілік-ерік дайындығы баланың жаңа - мектеп ұжымына енуіне, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына мүмкіндік беретін: ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық салаларды да қамтиды.
Мектепке даярлық топтағы балалармен жұмысста оқьпудың көрнекі әдістері мен тәсілдері көп пайдаланылады: бұрынғы тәжірибені баланың есіне түсіру үшін үлгі нұсқа көрсетеді.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы оку жоспарымен, оқу бағдарламасымен анықталады.
Мемлекеттік құжат ретінде оқу жоспарында оқу орнының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес міндетті оқу пәндерінің тізімі беріледі. Ол оқу пәндерінің өзара байланысын, оларды оқыту жүйесін, әр пән бойынша берілетін білім мен іскерлікті анықтайды.
Оқу бағдарламасы - оқу пәнінің міндеттері мен мазмұнын ашып көрсететін мемелекеттік құжат, оңда тақырыпты оқу көлемі мен жүмысы анықталады. Бағдарламада пәндердің мақсаттары мен міндеттері, оқу материалына тән ерекшелік, оқушылармен жұмыс әдісінің негізгі ұстанымдары көрсетіледі.
Сабақтастық дегеніміз оқыту және тәрбие міндеттерін шешу мақсатында білім беру жүйесінің аралас буындары арасындағы өзара байланыс. Ол тәрбиелеу және окыту жұмысы мазмұны мен оны жүзеге асыру әдістері арасындағы өзара байланысты көздейді. Мектептің жоғары сатыға көтерілуі балалардың мектепке дейінгі тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуына да байланысты.
Мектепке дейінгі тәрбие ролінің артуы мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастықтың қажеттігін туыңдатады. Мектепке дейінгі тәрбие - білім берудің біртұтас жүйесінің алғашқы буыны.
Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп сабақтастығы мынаны көздейді:
- балалардың жалпы дамуы мен тәрбиесі мектепте оқу талаптарына сай келетіндей етіп даярлау;
- мектеп жасына дейінгі балалар алған білім, іскерлік, сапа мектептегі алатын білім, іскерлік, сапаға жалғасатындай болуы, оқушыларды одан әрі жан-жақты дамыту үшін соларды пайдаланатын болуы.
Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мектептің 1 сыныбында балаларға қойылатын талаптарды жақсы білуі, сол талаптарға сәйкес балаларды мектепке дайындауы тиіс.
Сабақтастық оқыту мен тәрбие жұмысының мазмұны, оқу-тәрбие жұмысының әдістері, тәсілдері, ұйымдастыру нысандары бойынша жүзеге асырылады Оқыту балаларға тиімді болу үшін мектеп мұғалімі мектепке дейінгі ұйымда жиі қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланса, тәрбиеші ақыту барысында арнайы оқу тапсырмаларын, жаттығулар мектептегі оку іс-әрекетіне дайындайды. Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу - мектептегі сабаққа негіз даярлайды.
1. Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп жұмысындағы сабақтастық
Мектепке дайындық. Балалардың мектептегі окуға дайындығын қалыптастыру, балалардың оқу бағдарламасын меңгеруі және оқушылар ұжымына енуі ұзақ, күрделі іс-әрекет, оның мақсаты балаларды жан-жақты дамьпу.
Бала мектепте оқу үшін арнаулы және жалпы дайындықтан өтеді. Арнаулы дайындық мектептің ана тілі, математика сияқты оку пәндерін үйренудің негізі болып табылатын білімнің, ұйыымның, іскерліктің болуымен, жалпы дайындық оның дене және психикалық дамуымен анықталады.
Дене дамуы:
- бала денсаулығы, төзімділігі, қолайсыз ықпалдарға қарсы тура алуы;
- бойы, салмағы, кеуде аумағы сияқты антропометриялық көрсеткіштері, қимыл жағынан дамуының жақсы дәрежесі, қолдың жазу үшін керекті майда, дәл және түрлі қимылдар жасауға дайындығы;
- мәдени-гигиеналық дағдыларының т. б. жеткілікті дамуы.
Психологиялық даму - баланың интеллектуалдық даму дәрежесі. Балалар қоршаған орта туралы, адамдардың өмірі туралы, табиғат туралы белгілі мөлшерде білім меңгеруі тиіс. Балалардың мектептегі пәндік оқытуға негіз болатын өзара байланысты білімдер.
Мектепке дейінгі ұйым баланы мектептегі жаңа іс-әрекетке дайындаумен қатар өзінің құндықтары мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайындауы тиіс.
Мектепке даярлық топтағы оқу-тәрбие жұмыстары. Мектептегі оқуға дайындық балалардың мектепке даярлық тобына көшуінен бұрын басталды. Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие жұмысы мектептегі оқуға дайындық қалыптастыруды көздееді. Мектепке даярлық топтың басқа топтардан айырмашылығы - мектепке дейінгі ұйым бағдарламасында көзделген оқу-тәрбие жұмысының барлық іміндеттерін орындау аяқталады.
Балалардың күн тәртібін орындауға қойылатын талап мектепке даярлық топта арта түседі. Балалар бақшасына барып жүрген балада күнделікті белгілі бір уақытта белгілі бір әрекет түрлерімен шұғылдану әдеті қалыптасады. Балалар олардың мазмұны мен ерекшеліктерін жақсы біледі, оларды орындауға дайын тұрады.
Тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауын бақылау, балаларға көмек көрсету, әр баланың алдына қойылған мақсатқа жетуін талап ету - тәрбиешінің басты міндеті. Мектепке даярлық топта балалардың іс-әрекеті мазмұнын күрделендіру оны жүзеге асырудың жоғары тиімділігімен ұштастыру қажет.
Балалардың іс-әрекеттері түрлеріне кететін yaқытты дұрыс бөлу, жұмысқа тез кірісіп кететіндей ету, оны лайықты қарқынмен жүргізу, дер кезінде аяқтату балаларды жинақылыққа тәрбиелейді. Бұл жұмыс балалардың бақшаға келген күнінен басталуы тиіс.
Мектепке даярлық топта балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру жұмысы жалғастырылады. Тәуелсіздік білімнің, іскерліктің, дағдының болуына, алынған нәтижелерге зейін қоюмен байланысты. Тәуелсіздікті дамыту - мектетегі оқытудың маңызды негізі.
Бірінші сынып оқушысына оқу әрекеті, үйге берілген тапсырмаларды орындау үшін көп уақыт қажет. Оған мектепке жиналуда, сабақ оқуда, алғашқы қоғамдық тапсырманы орындауда дербестік қажет: таңертенгілік сергіту жаттығуын жасайды, мектепке керекті нәрсені дайындайды. Тәуелсіз жұмыс істеу дағдысы оның сыныпта және үйде тапсырманы орындауына көмектеседі. Бірінші сынып оқушысы өз жұмысын жоспарлай, бақылай білуге, ез жетістіктерін, кемшіліктерін көре білуге; бір міндетті шешу кезінде үйренгенін басқа міндеттерді шешуде пайдалануға тиіс.
Балалар кейбір тапсырмаларды тәуелсіз орындай алады: құрбыларымен кітаптарды жөндеу, серуен кезінде тәрбиеші көмекшісінің ролін атқару, қимылды ойындар өткізу т. б. Тапсырманы дұрыс орындаған баланы мадақтап қойған дұрыс.
Дене тәрбиесі бағдарламасын орындау балаларда мыналарды қалыптастырады: шынығудың алуан түрлерінен шұғылдану дағдылары, таңертеңгілік сергіту жаттығулары мен дене шынықтыру жаттығуларын орындау, қимыл жетілдіруге ынталылық, оларды құрбыларымен бірге өткізе білу қасиеттері. Бала денсаулығына, дене дамуына көмектесетін, тірек-қимыл аппаратын дамытатын, ағзаның қызметін жетілдіретін, ағзаның төзімділігін қалыптастыратын қимыл орындау маңызды. Жеткіліксіз қимыл белсенділігі - гиподинамия - дене тәрбиесі міндеттерін ойдағыдай шешуге кедергі жасайды, балалардың ақыл-ой дамуына қолайсыз жағдай туғызады, олардың белсенділігі мен жұмыс қабілетін төмендетеді.
Мектепке даярлық топта ірі бұлшық еттер топтарының қатысуын талап ететін, денеге күш түсіретін шаңғы, коньки, велосипед тебу, шанамен сырғанау, жүзу сияқты дене шынықтыру жаттығуларының спорттық түрлері ерекше орын алады.
Спорттық жаттығулар түрлерін үйрету тәрбиешіден шаңғы, коньки тебудің техникасын, сол қимыл түрлерін үйрету әдістемесін меңгеруді талап етеді.
Бұл топтағы жұмыста қимылды ойындар барысында негізгі қимылдар жетілдіріледі, мінездің жүректілігі, тапқырлық, ұстамдылық секілді қасиеттер жетіледі. Қимылды ойындарды ұжым болып ойнайтындықтан қимыл мен іс-әрекеттің үйлесімді болуын, белгілі ережелердің орындалуын талап етеді.
Серуен дене тәрбиесін беруде үлкен орынға ие. Серуенге дайындыққа тәрбиеші балалардың өздерін тартады; балалармен бірге шаңғылардың, конькилердің дайындығын тексереді, кішкене жалаулар, ленталар, қардан құрылыстар тұрғызу үшін күректер дайындайды. Тәрбиеші серуендегі іс-әрекет туралы балалармен әңгімелеседі: немен шұғылдану, қандай ойын ойнау, өздерімен бірге не нәрсе алып шығу, ойынды қалай жақсы ұйымдастыру, т. б. Бұл балаларды алдағы шаруаны ойланып, жоспарлауға үйретеді.
Балалар ұйқысы қанық болуы керек, себебі ұйқы жүйке жүйесін шаршаудан сактайды. Тәрбиеші бірінші сынып балаларының күндіз бір мезгіл ұйықтап алғаны дұрыс екендігі туралы кеңес береді.
Тәрбиелей және дамыта отырып оқыту ұстанымы мектепте оқытудың негізін қалайды. Бұл ұстаным оқу сағаттары арқылы жүзеге асырылады. Оқу сағаттары арқылы балалар оқу міндетін түсінеді, оны орындайды, үлкендердің жоспары мен нусқауы бойынша әрекет етеді, алған білімі мен іскерлігін жаңа іс-әрекетке пайдаланады, тапсырманы орындау тәсілдерін меңгереді, өзін-өзі бақылауды бағалайды.
Баланың ақыл-ойын тәрбиелей және дамыта отырып, белгілі күш жұмсау қажеттігін түсіндіреді. Балалардың бойында бірте-бірте тапсырманы саналы түрде орындау, тәрбиешінің түсіндіруіне құлақ асып асып, мағынасына бойлай білу, мактау үшін емес, еңбек нәтижесінен қанағат алу үшін жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылу қасиеттері пайда болады.
Балалардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін тәрбиеші жақсы білуге тиіс:
- балалардың біреулері тәрбиешінің айтқандарын жақсы және оңай түсінеді, ал енді біреулері ақырына дейін тыңдамайды;
- кейбір балалар тапсырманы орындаудан бұрын оны ойластырып алады, ал енді бір балалар жұмысқа асығыс кірісіп кетеді;
- қайсыбір балалар құмартып оқиды, білімге ынталы болады, ал басқа біреулері енжар болады, тек басқалар да оқып жатқан соң амалсыз оқиды, т. б.
Балалардың таным ықылысын басып тастамас үшін талапты тым асырып немесе кемітіп жіберуге болмайды, ол оқу әрекеті элементтерінің қалыптасуына кедергі жасайды. Тәрбиеші балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып бір балаға суретке қарап әңгіме кұрастыруға тапсырма берсе, мұндай міндетке шамасы келмейтін екінші бір бaлaғa суреттеу түрінде әңгіме құрастыруды тапсырады.
Тәрбиеші оқу үстінде әр балаға жеке қарауда ақыл-ой міндеттерін, оларды орындау тәсілдерін бірте-бірте күрделендіреді: әңгіме құрастыра алмайтын балаларға педагог оның жоспарын береді, содан соң тапсырманы өзі орындауын ұсынады. Белсенді балалармен жұмыс істеп, момын, аңқау балаларды назардан тыс қалдыру олардың білімінің, іскерлігінің дамуын баяулатады. Бұл балалар 1 сынып бағдарламасын нашар игереді, мектептің оқушыға қоятын тапаптарына шамасы келмейді. Белсенді балаларға күштірек ойлауға, әрекеттенуге итермелейтін тапсырмалар беріп отырмаса, педагог олардың дамуын тежейді, соның нәтижесінде олардың оқуға ықыласы жоғалады.
Балалар өздерінің істеген затын салыстыру, тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеру үшін кейде үлгі нұсқа: ойыншық, сурет, муляж балаларға жұмыстың соңынан беріледі. Бұл оларда өзін-өзі бақылау, тәрбиешіні тыңдай білу және басшылыққа aлy, қадағалау, салыстыру, тиісті қорытынды жасау қабілетін калыптастырады.
Мектепке даярлық топта оқытудың ауызша әдістері, тәрбиеші әнгімесін, алдын ала ойластырылған сұрақтарды қамтитын әңгімелесуді пайдалану маңызды. Педагог ауызша әдістерді таңдап алады, оларды көрнекі, практикалық әдістермен ұштастырады, сөйтіп, білімді саналы түрде меңгеретін етуге назар аударады.
Бұл топта жаттығу ойындары, драма ойындары, қимылды ойындар жұмбақтар т. б. ойын тәсілдері әлі де маңызды. Дидактикалық ойындарға ерекше орын беріледі.
Дамыта оқыту ұстанымын жүзеге асыру үшін тапсырманың орындалуын басқару, бағалау қажет. Бағалау кезінде суретке, кұрастыруға құрылған әңгімеге, оның нәтижесіне, баланың жұмсаған ақыл-ойына, ықыласына, дербестігіне көңіл аударған жөн. Дұрыс баға, дұрыс ойластырылған, әдеппен жасалған талдау баланың өз жетістіктері мен қателіктерін түсінуіне, жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі.
Педагог әуелі талдаудың үлгісін беріп, жоспарын ұсынады да балаларды құрбыларының жауабы мен өз жұмысының нәтижелеріне талдау жасауға үйретеді. Кейде тәрбиеші балаға не білгенін, жұмысты қалай орындағанын айтып беруді ұсынып, баланың өзін-өзі бақылауын қалыптастырады.
Мектепке даярлық топта балаларға адамгершілік және еңбек тәрбиесін беру, олардың құрбыларымен және ересектермен езара қарым-қатынасын қалыптастыру күрделене түседі. Тәрбиеші балалардың мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы түсінігіне сүйенеді, жолдасына көмектесуге, біреуді режіткен баланы тоқтатуға, жанжалды болдырмауға үйретеді.
Балалардың ұжымдық еңбегін ұйымдастыру күрделене түседі. Тәрбиеші немесе балалар өздері тағайындаған жетекші басшылығымен бірге жұмыс істей алады. Барлық балапар жетекшіліктен өтуге тиіс Бұл оларды жолдастары үшін, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезіміне, ұжымшыл болуға, қамқорлық көрсетуге, бірлескен еңбекке тәрбиелейді. Балалар асханада, сабақта, табиғат бұрышында болған кезекшілік бойынша есеп беруге үйретіледі. Дұрыс жолға қойылған еңбек тәрбиесі бастауыш сыныптарда оқудың ойдағыдай жүргізілуіне көмектеседі.
Балалардың негізгі іс-әрекеті ойын. Бұл топтағы ойындар тақырыбы кеңейеді, ойын әрекеті күрделендіріледі, ойындағы байланыстар мен қарым-қатынастар дамуына басшылық жетілдіріледі.
Педагог ата-аналарға отбасында бала өмірінің күн тәртібін ұйымдастыруға көмектеседі: мектепке баратын балалардың шамамен білім көлемі қандай болуы керектігімен, 1 сыныптағы оқу әрекетіне қойылатын талаптармен, оның есте сақтағыштығын, ықыласын, талдау, сапыстыру, жинақтау, қорытынды жасау қабілетін қалай дамыту керек екенімен танысырады.
Балаларға нені оқып беру керектігін ата-аналар білуге тиіс. Тірбиеші қағазға басылған үстел үсті ойындарын сатып алуға кеңес береді, себебі, олар баланың есте сақтауын, кеңістікті бағдарлауын, сезімін, ойлауын, сөйлеуін дамытуға көмектеседі.
Педагог ата-аналарға баланың мінез-құлқына мектеп қоятын талаптарды айтып, ерекше назар аудару керек нәрсені, балалармен әңгімелесу тақырыбын, не оқып беру керектігін түсіндіреді.
Бұл ата-аналарда баланы мектепке даярлау туралы білімдерін қапыптастырады.
2. Бірінші сыныптағы оқу-тәрбие жұмысы
Бағдарлама барлық пәндер бойынша ұсынылады.
Сабақ - оқу-тәрбие жұмысының негізгі нысаны. Мұғалім баланы жан-жақты дамытуға бағытталған сыныптан тыс тәрбие жұмысының алуан түрлерін пайдаланады.
Мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны жоспарларда нақтыланады.
Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп байланысының нысандары. Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы байланыстың мынадай екі жолын атауға болады:
1) мектепке дейінгі ұйым мен мектеп педагогтары ұжымдарының тығыз байланысы;
2) мектеп жасына дейінгі балалар мен бірінші сынып оқушыларының араласуы.
Балалардың дамуын анықтау және мектеп талабына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында тәрбиешілер бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысының мазмұнымен және өзіндік ерекшелігімен танысады. Ал мұғалімдер балалардың мектепке дейін алған білімі мен тәжірибесіне сүйену мақсатыңда балалар бақшасында жүзеге асырылған тәрбие, білім беру жұмысының мазмұны туралы мәлімет алады.
Бұл педагогтар ұжымдарының арасындағы байланыс нысандары алуан түрлі:
- 1 сынып пен мектепке дейінгі ұйым бағдарламаларын бірлесіп талқылау, зерттеп үйрену, олардың сабақтастығын терең түсіну;
- мұғалімдердің мектепке даярлық топтапя жұмыс нысандарымен, балалар алған білімнің, іскерліктін дәрежесімен танысу мақсатында жылдың басында, ортасында, аяғында балалар бақшасындағы сабақтарға катысуы, балаларды қадағалап отыруы, жекелеген балалармен әңгімелесуі, мектепке даярлық топтағы жұмыс қорытындылары бойынша балалар бақшасында өткізілетін педагогикалық кеңестерге қатысуы;
- өз шәкірттерінің жаңа ұжымға өзін қалай көрсеткенін, 1 сынып бағдарламасын қалай меңгергенін, қандай қиыншылықтарға кездескенін білу мақсатында мектептегі оқытудың алғашқы айларында тәрбиешіге өз шәкірттерін қадағалау;
4) 1 сынып оқушыпарының үлгерім қорытындысы бойынша өткізілетін педагогикалық кеңеске катысу;
5) мектепке дейінгі балалардың мектепке жан-жақты дайындық мәселелері бойынша конференциялар мен педагогикалық окулар өткізу;
6) педагогикалық және психологиялық әдебиет жаңалықтарын бірлесіп талқылау.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz