Мектепке дейінгі оқыту бағдарламаларының мазмұны мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:

Мектепке дейінгі оқыту бағдарламаларының мазмұны мен міндеттері

Орындаған:

Жетекші:

Орал, 2016ж.
Жоспары

Кіріспе
1. Алғашқы қадам бағдарламасы
2. Зерек бала бағдарламасы
3. Біз мектепке барамыз бағдарламасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басым бағыт болып табылады. Еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы
балаларға мектепке дейінгі сапалы білім беру мен ерте жастағы балалардың қабілеттерін дамытудың қоғамдағы орны өте маңызды.
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі білім беру саясаты, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне байланысты, ең алдымен мектепке дейінгі білім беру жүйесіне бала қабілетін ашатын алғашқы саты ретінде жоғары талаптар қояды және жаңа, тиімді психо-педагогикалық тәсілдер табуды жеделдетуді көздейді.
Қазіргі кезеңде республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының білім беру үдерісінде негізгі білім беру бағдарламалары Алғашқы қадам, Зерек бала, Біз мектепке барамыз және Қайнар, Балбөбек, Қарлығаш, т.б. балама бағдарламалар қолданылуда.
Типтік бағдарлама мектепке дейінгі жастағы балалардың даму траекториясы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша заманауи бағдарламаларды әзірлеуге негіз болады.
Мақсаты: балаларға әрі қарай үйрету үшін олардың жас ерекшеліктеріне сай рухани-адамгершілік қасиеттерін, әлеуметтік, коммуникативтік, шығармашылық, танымдық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Міндеттері:
- баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;
- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіздік ұстанымдарымен қамтамасыз ету;
- балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
- баланың тіршілік әрекетіне қажетті білім игеру, білік және дағдыларды қалыптастыру;
- тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін меңгеруге даярлау;
- мектепке дейінгі жастағы балалардың халықтың салты мен дәстүрлеріне деген құндылықтарын, адамгершілік бағдарын қалыптастыру;
- Отанға, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қоршаған ортаға, отбасына, түрлі ұлттың адамдарына ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара қарым-қатынасы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік бағдарламасы:
- мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тұрқын және психологиялық саулығын нығайтуға, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;
- зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамытуда тиімді әдістерді қолдануға;
- педагогикалық ізгілендіру, сабақтастық, бірізділік, жүйелілік ұстанымдарын жүзеге асыруға;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, білімділік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;
- балалардың даму деңгейін анықтайтын индикаторларға сәйкес олардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын критериальды бағалауға;
- тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;
- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қоғамдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға;
- меншік нысандарына қарамастан барлық типтегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның құрамдас бөлігі Үлгілік оқу жоспары мен мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын критериальды бағалау жүйесі болып табылады. Бағдарламаның мазмұны балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта білім беру салаларына негізделген.
Типтік бағдарламада балалардың жас ерекшелігінің сипаттамалары нақтыланған, балаларда отаншылдық, төзімділік, ізгілік сезімдері мен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыратын білім беру үдерісінің мазмұны, күн тәртібі, дамытушылық ортасы анықталған.
Бағдарламаның мазмұны дене және психологиялық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтитын балалардың жас топтары бойынша ұсынылған:
1. I ерте жас - туғаннан 1 жасқа дейін (І ерте жас тобы);
2. IІ ерте жас - 1 жастан 2 жасқа дейін (ІІ ерте жас тобы);
3. I мектепке дейінгі кіші жас - 2 жастан 3 жасқа дейін (I кіші топ);
4. II мектепке дейінгі кіші жас - 3 жастан 4 жасқа дейін (II кіші топ);
5. Мектепке дейінгі орта жас - 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);
6. Мектепке дейінгі ересек жас - 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (ересектер тобы).
5 жастан 6 (7) жастағы балалар мектепалды даярлық тобына (сыныбы) жатады. Мектепалды даярлық аралық саты ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Мектепалды даярлық мазмұнының ерекшелігі балаларда оқу әрекеттерінің қалыптасуы мен мектепте оқытудың жаңа жағдайларына белсенді түрде енуі болып табылады.

1. Алғашқы қадам бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.
Алғашқы қадам бағдарламасы ерте жастағы балаларды дамыту, оқыту мен тәрбиелеудің жалпы дидактикалық принциптеріне сәйкес құрылады. Бағдарламаның міндеті - әр баланың құзыреттілігін дамытуды ұйымдастыру, баланың нақты жас кезеңіне және жақын аралық даму аймағына тән жетекші біліктерін қалыптастыру.
Бағдарлама мазмұнын іске асыру ерте жастағы баланың жан-жақты дамуына, олардың денсаулығын сақтауға, келесі жасқа табысты өтуге мүмкіндік туғызады.
Бағдарламада екі-үш жастағы баланың дене және жүйке жүйесі мен психикасының дамуына талдау жасалған, топта балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымдардың отбасымен ынтымақтастығын құру бойынша нұсқаулар берілген. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасындағы күн тәртібінің үлгісі мен оларды жүзеге асыру нұсқаулары ұсынылады.
Бала тілін дамытуға, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары мен мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға басты назар аударылады. Ерте жастағы балаларда заттармен әрекет жасау дағдыларының дамуымен өздік тәжірибесі молаяды, көру, есту және сипап сезу сияқты қабылдау түрлері жетіле түседі. Сондықтан, осы жастағы балалардың күн тәртібі уақытты есепке алу арқылы емес, жеке тұлғаға және мазмұнды-тәрбиелік бағыттылығымен қамтамасыз ету арқылы құрылады. Күн тәртібінің барлық сәттерінің физиологиялық сапасын қамтамасыз ету қарастырылады. Тәрбиеші режимдік сәттің әрбір бөлігін балалардың бағдарламалық материал көлемінде кешенді білім алуына және іскерліктер мен дағдыларға жаттыға алатындай етіп ұйымдастыруы тиіс. Балалар үшін күн режимінде заттармен әрекет жасау саналы түрде таңдауы дамитын қажетті және қызықты іс-әрекет болып табылады. Танымдық іс-әрекет икемділік, маусымдық, отбасы тәрбиесімен сабақтастық ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс. Маңызды орын бағдарламаның құрылымдық компоненттері мен мазмұнын тұтастай қамтитын ойын әрекетіне беріледі. Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді үйлестіру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалдығын нығайтуға бағытталған.
Осыған байланысты, Алғашқы қадам бағдарламасындағы білім беру міндеттері бес білім беру салалары: Денсаулық, Таным, Қатынас, Шығармашылық, Әлеуметтік ортаның үйлесімді бірігуі арқылы іске асады, әрқайсысының жеке кіші салалары мен өзінің мақсатты бағыттары бар.
Білім беру салаларының мазмұны:
- денсаулық сақтау;
- коммуникативті-тілдік;
- танымдық;
- шығармашылық;
- әлеуметтік орта құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтиды.
Денсаулық білім беру саласында денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, бала ағзасының функционалды мүмкіндіктері, дене қасиеттері мен өмірлік маңызды қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруге әсер ететін мақсаты, міндеттері мен жұмыстардың мазмұны анықталады.
Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны:
- дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті;
- балалардың өмірін ұйымдастыру мен тәрбиелеу арқылы өздік қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
Таным білім беру саласында баланың танымдық құзыреттілігін, сенсорлық эталондар жүйесін, зерттеушілік, заттық әрекетті қалыптастыру, баланың қоршаған ортада бағдарлануын кеңейту және молайту бойынша педагогикалық жұмыстардың мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрсетілген.
Таным білім беру саласының базалық мазмұны:
- сенсорика;
- құрастыру;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
Қатынас білім беру саласының мазмұны бала тілін дамытуға, коммуникативті-тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға, пассивті және белсенді сөздік қорын, грамматикалық құрылымды, тіл мәдениетін, баланың байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге бағытталған.
Қатынас білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
Шығармашылық білім беру саласы бала бойында шығармашылық құзыреттілікті қалыптастырып, қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасын, классикалық және ұлттық өнер құралдары арқылы көркемдік даму, балалардың көркем шығармашылығының түрлерін кіріктіруді қарастырады.
Шығармашылық білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- желімсіз жапсыру
- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
Әлеуметтік орта білім беру саласы балалардың әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстардың мазмұны мен міндеттерін біртіндеп күрделендіру тізбесінен тұрады. Әлеуметтік орта білім беру саласының базалық мазмұны балалардың түрлі әрекеттерінде іске асырылады және тұлға аралық қарым-қатынастарды құруға мүмкіндік туғызатын эмоциялар мен маңызды себеп түрінде қарастырылады.
Білім беру салаларының барлық бөлімдері бағдарламалық материалдарды меңгеру көрсеткіштері тізімімен аяқталады.
Алғашқы қадам бағдарламасында мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының нақты жағдайлары, өңірлік компонентті ескере отыра, педагогикалық процесс мазмұнына түзету енгізу мүмкіндіктері қарастырылған. Бағдарлама қосымшасында барлық білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тақырыптарының үлгісі берілген. Педагогке топтағы педагогикалық процесті ұйымдастыруға шығармашылықпен қарау мүмкіндігі ұсынылады.
Базистік оқу жоспарына сәйкес бағдарламада ұзақтығы 5-15 минут болатын 15 сабақ (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті) берілген. Ерте жастағы балалардың ұйымдастырылған оқу-танымдық әрекеті шағын топтағы ойын түрінде жүргізіледі. Бағдарлама бала әрекетінің барлық түрлерінің психологиялық жайлы болуын қарастырады.
Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың сапалы жаңа жолдарын көрсетеді және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті процесінде ғана емес күн бойында күнделікті балаларға педагогикалық ықпал жасауды да қамтиды.
Алғашқы қадам бағдарламасында тұлғалық-бағдарлы, балаға жеке қарау, тұлғаның адамгершілік бастамасын, әлеуметтік мінез-құлық және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, балалардың қызығушылықтарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ескере отыра ұйымдастырылатын ерте жастағы балалардың ойын, қимыл белсенділігін дамытуға басты орын берілген.
Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дамытуда жеке тұлғаға бағдарлана отыра, әдістемелік нұсқаулар мен дидактикалық құралдарды тиімді қолдану арқылы ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту Алғашқы қадам бағдарламасының мазмұнын ойдағыдай іс жүзіне асыра алады.
Бағдарлама құрылымы
Бағдарлама түсіндірме жазба, ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, балалардың жас ерекешелік мүмкіндіктерінің сипаттамасы, күн тәртібінің үлгісі, базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде:
- дене шынықтыру - Денсаулық білім беру саласында;
- тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру - Қатынас білім беру саласында;
- сенсорика, құрастыру, қоршаған ортамен таныстыру - Таным білім беру саласында;
- сурет салу, мүсіндеу, желімсіз жапсыру, музыка - Шығармашылық білім беру саласында;
- Әлеуметтік орта - білім беру саласы балалардың барлық әрекеттерінің түрлерінде жүзеге асырылатын бес білім беру саласының бағдарламалық мазмұнынан құрылады.

2. Зерек бала бағдарламасы
Зерек бала бағдарламасы 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламасы. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді.
Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді Жаңа адамды тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.
Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге негізделіп жасалған баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен талантын ашуға және оны жан-жақты дамытуға бағытталған бағдарламалар қажет.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы -- бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Осыған орай, жаңа бағдарламалар әзірленуде. Бұл бағдарламалар жаңа білімдерді қабылдауға, оларды тиімді қолдануға қабілетті, ортаға мейлінше тез бейімделгіш бала тұлғасын қалыптастырудағы қоғамның, ата-аналар мен бастауыш мектептің талаптарын орындау мақсатын көздейді.
Зерек бала бағдарламасы төмендегідей ұстанымдарға сүйене отырып жасалған:
- оқыту мақсаты мен мазмұнының, әдістерінің әлеуметтік шарттарға сай болуы мен үздіксіз жаңарып отыруы;
- тәрбиелеу мен оқыту мақсаттарының қолжетімділігі, мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің өзара байланыстылығы;
- дара тұлғалық, бірлестік ұстанымы;
- стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және оны жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы;
- балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық үдерістерінің мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік, тиімділік, шығармашылық қатынас ұстанымы;
- тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру, үлкендермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру ұстанымы.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының жаңа МЖМБС-на сүйене отырып, мектепке дейінгі кіші жастағы баланы дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты мақсаттарын шешуге бағытталған.
Сонымен қатар, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың МЖМБС-на сай 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған білім берудің бес саласы бойынша (Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта) жүзеге асады.
Білім беру салаларының базалық мазмұны баланың жеке басының икемділіктері мен танымдық қабілетін, қызығушылығы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
Білім беру мақсаттары жайлы ақпарат
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Білім берудің қазіргі заманғы жай-күйі
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
Ұлттық білім беруді дамыту стратегиясы
Білім беруді бағалау тарихы
Жалпыға бірдей орта білім берудің мазмұнын жетілдіру
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Жас кезеңдері және жас топтары мынадай
Пәндер