Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі бала ойлауының негізгі түрі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Мектепке дейінгі педагогика пәнінен

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі»

Орындаған:

Жетекші:

Орал, 2016ж.

Жоспары

Кіріспе

Бала тәрбиесінің негізі жанұясында қаланатындықтан, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұпаққа мирас болып келе жатқан жанұялық бала тәрбиесі дәстүрлерін, фольклорлық мұраларын балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда кеңінен пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған бағдарламалар мектепке дейінгі жастағы балалардың денесі шыныққан, ақыл-ойы ұшқыр, адамгершілік жағынан мінсіз, еңбек сүйгіш, эстетикалық талғамы бай етіп тәрбиелеу міндетін қояды. Онда әрбір баланың жас ерекшелігі, жеке басының өзіндік ерекшелігі, психикалық-физиологиялық ерекшелігі ескеріледі.

Балабақша балалардың жан-жақты дамуына қамқорлық жасайды. Олардың талап-тілегін, қажетін ескеріп, мазмұнды да қызықты іс-әрекетін (ойын, еңбек, оқу) ұйымдастырады. Балалардың көңіл-күйінің сергек, қуанышты болуын көздейді. Балабақшада оқыту мен тәрбие бағдарламалары негізінде педагогикалық процесті ұйымдастырып, бір ізді, жүйелі болуын қадағалайтын, оның талаптарын орындауға жауапты басты тұлға - тәрбиеші.

Тәрбие бағдарламасына сүйене отырып, әрбір топтағы тәрбиелеу мен білім беру мазмұнының келесі топқа қайталанбауын қадағалайды және дұрыс ұйымдастырылуына басшылық жасайды.

Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие білім берудің алғашқы буыны болғандықтан, тәрбиешілердің еңбекке, мемлекеттік, әлеуметтік, қоғамдық саяси істерге араласу міндетін шешеді. Елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі типі - балабақша.

Мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұны тәрбиелік сипатта сұрыпталған. Білім деңгейі мен оқытылатын материалдардың шынайылығы, ғылыми дұрыстығы, нақтылығы, түсініктілігі ескерілген. Оқытудың мазмұны балабақшаға арналған «Балапан» бағдарламасында анықталған.

Аталған бағдарламада көрсетілген материалдар бір топтан, екінші топқа өткен сайын күрделенеді, мазмұны, көлемі кеңейеді, тақырыптары жаңарады, жаңа мәліметтер қосылады. Бағдарламаны игеру арқылы балалар бірте-бірте жүйелі білімге ие болады және олардың мазмұнын талдап, қорытып өз ойларын айтады.

Тәрбиелеу мен оқыту әдістері - балаға білімді, іскерлікті, дағдыны игерту мен тану қабілетін дамыту үшін қолданылатын тәрбиеші жұмысының әдістері. Тәсіл - әдістің бір бөлшегі. Оқыту әдістері: көрнекілік, бақылау, сөздік, тәжірибелік және ойын әдістері. Мектепке дейінгі жаста көрнекілік әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс арқылы баланың ұғымын кеңейтіп, оқуы түсінікті, қызықты, нақтылы етеді. Ойы мен бақылампаздығын дамытады. Сондай-ақ, бұл әдістерде дидактикалық, техникалық құралдарды кеңінен пайдалану, бейнефильмдерді, слайд, заттардың өзін, үлгіні, қимыл-қозғалыс арқылы көрсету ұсынылады. Сөздік әдіс-тәсілдерінде айтып беру, оқу, әңгімелету, әңгімелесу, жаттығу, қайталау және ойын әдіс-тәсілдері жиі қолданылады. Бұл жаста оқытудың негізгі формасы - сабақ.

Сабақ барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, біліктілік, дағдыны игертумен қатар, балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді. Сабақ тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ол сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, көрнекі құралдарын белгілейді, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, балалардың білімді іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Сабақты өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы, себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану таңертенгі тамақтан кейін, шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.

Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие ұйымдарының мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Балабақшада тәрбиелеу мен оқыту мазмұны нақтыланып, оқытудың әдістері мен тәсілдеріне талдау жасалады.

Тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ болғандықтан, оның маңызына құрылымдық ерекшелігіне тоқталып, тәрбиешінің сабаққа дайындығы жан-жақты қарастырылады.

Бала айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағдылар, білімді игереді.

К. Д. Ушинский айтқандай: «Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі» екенін ескерсек, баланың өзі тәжірбиесі қаншалықты бай, сан алуан дегенімен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан балаға ересек адам тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірілмеген, өзінің тікелей өмір тәжірбиесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедергі жасап, жасалған түсініктердің тууына негіз болады.

Ақыл-ой тәрбиесі баланы қоршаған орта, құбылыс, адамдар, олардың өзара қарым-қатынасы жайлы дұрыс мәліметтермен қаруландыру арқылы тәжірбиесін ұлғайтып, айналасындағы құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға оның дұрыс қарым-қатынасымен көзқарасын қалыптастырады. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс танып-білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің алғашқы негізін қалайды. Ақыл-ой тәрбиесі ақыл-ойдың дамуы ғана емес, оның дамуы тек меңгерген білімнің санымен, сапасымен сипатталмай, ойлау процесінің құрылысымен де сипатталады.

Даму - баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі, психиканың, ой-санасының өсуі. Ақыл-ойдың дамуы баланы өзін қоршаған дүние туралы алғашқы мәліметтерді игерудің нәтижесінде ғана іске асады.

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы

Ақыл-ойдың дамуы - бұл, баланың жасына тәжірбиесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы.

Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы алғашында қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ойындарда кейіннен оқу, еңбек, өнімді жұмыс (сурет салу, мүсін жасау, аппликация, құрастыру) процессінде жүзеге асырылады. Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту, тәрбиелеу ықпалымен жүргізіледі.

Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері - білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгеру деп есептейді.

Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді, интелектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды жан-жақты қамтиды.

1. 2. Ақыл-ой тәрбиесінің негізі

Білімдерді меңгеру ақыл-ой тәрбиесінің негізіне алынған. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін олардың негізгі көзі - айналадағы өмір. Бала өз бетімен және тәрбиешілердің жетекшілігімен, күнделікті өмірде және оқу сағаттарында білім алады. Балалардың өз бетімен алған білімдері көбіне, бей-берекет жүйесіз, кездейсоқ болып келеді. Көптеген балалар білімінің едәуір қорына ие бола отырып, тиісті 6-7 жастың өзінде жиынтық ұғымдарды меңгере алмайды, аса қарапайым құбылыстардың арасындағы байланыс пен тәуелділікті өз бетімен анықтай алмайды. Түрлі жастағы балаларға арналған білім көлемін, олардың сипатын және бір топтан екінші топқа күрделенуін анықтау, яғни балаларды айналадағылармен таныстыру жөніндегі бағдарламаны жасау, педагогикалық зерттеулердің аса маңызды міндеті болып табылады.

Бұл білімдердің көлемін белгілеуге алғаш рет Я. А. Коменский әрекет жасады. Ол өзінің «Ана мектебі» деген кітабында - 6 жасқа дейінгі балаларға қандай білім беру керектігін көрсетті.

Ақыл-ой тәрбиесінің негізін қалау арқылы, біз мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген сүйіспеншілікті, өсімдіктерге, жәндіктерге қақорлық қатынасты тәрбиелейтін табиғат туралы білімдердің қалыптасуын, еңбектің қандай да бір түрлерін болса да, қадір тұтып сол еңбек нәтиелеріне қамқорлық көзқарас туғызуға тәрбиелейтін ересек адамның еңбегі туралы білімді беруді көздейді. Бұл білімді игеру негізінде балалардың туған өлкесіне, өз Отанына деген патриоттық сезімдерді қадір тұту, еліміздің қоғамдық өміріне мүдделену көзқарасы қалыптасады.

Балабақшада берілген білімдер мектеп жасына дейінгі балалардың бәріне түсінікті болып, бұл білімдер бір топтан екінші топқа өткен сайын күрделеніп, егжей-тегжейін жалпылана түседі.

Мысалы, балалар бақшасының барлық топтарында балалар транспортпен танысады. «Сәбилер» тобында - балалар қалалық транспорттың негізгі түрлерін ажыратып, олардың қандай жұмысқа пайдаланатындығын білуге тиісті болса, «Мектепке даярлық» тобында - транспорттың қаладағы түрін алыс жолға жүретін, оларда жұмыс істейтін адамдардың еңбек ерекшелігі мен қоғамдық транспортты пайдалану тәртібін білуге әртүрлі транспорт құрамдарын өзара салыстыра білуге тиіс.

Білім нақты болуға тиіс. Яғни, балалардың бойында Отанымыз туралы ұғымды қалыптастыру үшін тәрбиеші оларға Еліміздің әртүрлі халықтары, олардың әдеп-ғұрыптары, шұғылданатын еңбек түрлері мен табиғат жағдайлары туралы кітаптар оқып, әңгімелер өткізеді.

Балалар игеруге тиісті білімдердің 2 бөлімін ажыратып көрсетеміз:

Қарапайым білімдер - бұл білімдерді игеру үшін тәжірибе жүзінде арнайы оқытудың қажеті шамалы. Тек, тәрбиешілердің балалармен өткізілетін жай қарым-қатынасы ойындар, бақылаулар жеткілікті.

Күрделі білімдер - бұл білімдерді тек оқыту процесінде ғана игеруге болады.

Ақыл-ой тәрбиесінің негіздерінің бірі - білімдерді жүйелендіру. Білім жүйесі - белгілі бір заңдылықтардың, ережелердің негізінде бүтіннің бөлшектері арасындағы мәнді байланыстырады, тәртіптерді анықтау арқылы қол жететін білімдердің жиынтығы.

Балалар айналадағы ортамен танысқанда көптеген сауалдар қояды. Сұрақтар - балалардың білуге құштарлығының көрсектіші. Олар, айналадағыларға деген белсенді танымдық қатынасты білдіреді. Көп білетін балалар сауалды көбірек қояды. Балалардың жасына қарай оның қоятын сұрағының түр-сипаты өзгереді. Кейде балалар бір сұрақтан кейін, бір сұрақты тізбектеп қояды: «Шөптің не керегі бар?», «Сиыр жеу үшін бе?», «Ал сиыр оны неге жейді?», «Сүт шығу үшін бе?», «Ал сүт неге керек?», «Балаларға беру үшін бе?», «Неге балаға сүт беру керек?» - т. б.

Бұл сұрақтардың барлығына да жауап беру керек. Бірақ оны тек даяр күйінде беруге болмайды. Себебі, баланың өз бетімен ойлануын дамытпайды.

Берілген жауап дұрыс, анық, қысқа толық түсінетіндей болуы қажет. «Ия», «Жоқ» деп жауапты қысқасынан қайыруға болмайды, өйткені балалардың білім құмарлығын тудыруға жол аштырмайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің негізінің қалануы - тәрбиеші мен ата-анаға байланысты болады, яғни олар бірігіп жұмыс жүргізгенде іс жүзінде жүзеге аспақ.

Қорыта айтқанда, айқыл-ой тәрбиесінің негізі балаларға жан-жақты білім беруді көздейді, балалардың бойындағы дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Негізгі бөлім

2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда балаларға білім берудің негізгі құралы болып саналады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп біледі.

Тек, ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінеді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Адам көркі - ақыл», «Асыл- тастан, ақыл-жастан», «Ақыл-тозбайтын тон, Білім-таусылмайтын кен», «Ақыл - білімге бастар жол» деген халқымыздың даналық сөздерінен-ақ, байқауға болады.

Ақыл-ойдың дамуы - бұл, баланың жасына, тәжірбиесінің молаюуы мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектеп жасына дейінгі баланың білімінің дамуы жылдам қарқынмен жүргізіледі, тіпті қалыптасады. Таным процесстері жетіледі, бала ақыл-ой әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етуін оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар.

Баланың ақыл-ойын дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу процессінде тілді сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Соның нәтижесінде мектеп жасына дейінгі бала тілді меңгеріп алатындығы сондай, оны қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдаланады.

Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы алғашында қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ойындарда ал сонан соң оқу, еңбек, өнімді жұмыс (сурет салу, мүсін жасау, аппликация, құрастыру) процесінде жүзеге асырылады.

Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту және тәрбиенің ықпалымен жүргізіледі.

Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және білім алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгеру деп есептеледі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеуді дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Оларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді.

Психология мен педогогика ақыл-ой тәрбиесі мүмкіндіктерін тиімді шешу жолдарын табу, бір жағынан баланың мүмкіндіктерін барынша пайдалану және екінші жағынан организмді қалыптастыратын шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау үшін мектеп жасына дейінгі ақыл-ой дамуының мүмкіндіктері мен заңдылықтарын зерттеумен шұғылданады.

Ғалымдар ақыл-ой мен тәрбиені дамытудың көптеген мәселелерін зерттеуде мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің негізі ретінде сенсорлық тәрбиенің мазмұны мен әдістерін талдауға қажетті түсінік пен қабылдаудың даму заңдылықтары реттеліп отыр, олардың көрнекі-қимылдық, бейнелі образды және ұғымдық логикалық ойлауының қалыптасуы зерттелуде. Ақыл-ой күштері балаларды білім қорын жасауға негізгі ойлау түрлерін жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады.

Ақыл-ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрактілік, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік жүйелілік болып табылады.

Диалектикалық ойлау - құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын пайда болу себептерін табу.

Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдермен байланысы. Талқылау, дәлелдеу, теріске шығару, қорытынды болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.

Абстрактілік ойлау - адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы мәндіні бөлуге, абстрактілі ұғым қалыптастыруға көмектеседі.

Категориялық ойлау - айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.

Теориялық ойлау - білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды түсіну іскерлігі.

Индуктивтік ойлау - ойдың жекеден - жалпыға, фактілерден қорытындыға қарай қозғалысы.

Дедуктивтік ойлау - ойдың жалпыдан - жекеге, қорытындыдан - фактілерге қарай қозғалысы.

Алгоритмдік ойлау - нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойларында айналадағы құбылыс жөнінде қарапайым білімнің жеткілікті үлкен қоры жиналады, олар негізгі ойлау тәсілдерін меңгереді және заттармен құбылыстардың елеулі және елеусіз белгілерін айыруға, кейбір себеп-салдар байланыстарын анықтауға қабілетті болады, оларда оқу іс-әрекетінің бастамасы қалыптасады. Ақыл-ой дамуының толысуы жақсы ұйымдастырылған іс-әрекет нәтижесінде ғана іске асады, сондықтан да тәрбиешілердің міндеті - бұл үшін жағдай тудырумен бірге балаға мақсатты тәрбиелік ықпал жасау болып табылады.

Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді интелектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастырады, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.

Балаларды мектепке дейінгі оқытуда ақыл-ой тәрбиесінің рөлі өте ерекше. Білім қорын игеріп, ақыл-ой белсенділігі мен дербестігін дамыту, интелектуалдық іскерлік пен дағдыларға ие болу - бұл мектепке табысты оқыту үшін және алда тұрған еңбек қызметіне даярлау үшін маңызды алғы шарттар.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің мынандай міндеттері белгіленген:

Қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдар қалыптастыру: Танымдық техникалық процесстерді дамыту, білуге құштарлығы мен ақыл-ой қабілетін дамыту, интелектуалдық іскерлігі мен дағдыларын дамыту, ақыл-ой әрекетінің қарапайым тәсілдерін қалыптастыру.

Мектеп жасына дейінгі бала үшін қоршаған өмір жайлы ұғымдарды қалыптастыру арқылы күн сайын жаңа құбылыстармен, заттармен танысады, айналадағы өмірді бақылап, өздігінен түсініп қорытынды жасағысы келеді.

Л. Н. Толстой мектепке дейінгі шақ туралы: «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық қалған бүкіл өмірімде мен соның жүзден біріне де ие болмаған шығармын. Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жаңа туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық» - деп жазды.

Алайда, тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау жүйесіз жүреді: олар үстіртін, көбінесе жаңсақ болуы мүмкін.

Бала «бұлтты-мақта», «жұлдыздарды-электр шамдары» деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға тырысады. Балалардың білім қорын дәйекті түрде ұлғайту оларды ретке келтіру нақтылау, жүйелеу оқытушылық міндеті болып табылады.

Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, кейбір сапасы (түрі, көлемі, формасы) және қасиеттері (соғылу, сыну, үзілу, төгілу) жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алу керек. Сондай-ақ, ол табиғат құбылыстары туралы, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары (жыл мезгіліне тән белгілері және осы белгілердің өзара байланысы кейбір хайуанаттардың өмір салтымен байланыстылығы) жайлы білім алады. Өлі табиғат құбылыстарын өсімдіктердің, жәндіктердің, хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиеші балалардың бойында дүние жайлы материалитсік ұғымдардың бастамасын қалыптастырады.

Қоғамдық құбылыстармен, оқиғалармен, адамдардың еңбегімен, мерекелермен, Елордамыз Астана қаласының көрікті де, әсем табиғатымен таныстыру арқылы балалардың дүниетанымын, табиғат, қоғам, Отан туралы сүйіспеншілік сезімінің және көпұлтты негіздерінің қалыптасуына жәрдемдеседі.

Ақыл-ой тәрбиесінің маңызы - танымдық техникалық процестерді дамыту, психикалық процестерді түсіну, қабылдау, есте сақтауды, қиялдауды, ойлауды сондай-ақ, сөйлеуді дамыту болып табылады.

Қоршаған дүниені тану түсіну мен қабылдаудан басталады. Олардың даму деңгейі неғұрылым жоғары болған сайын, қоршаған болмысты тану мүмкіндігі соғұрылым мол болады. Мектеп жасына дейінгі балада қабылдау іс-әрекеттері жетілдіру өзінің негізінде бізге бұрыннан таныс заңдылықты, яғни сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің қабылдау іс-әрекетіне айналуын көреміз. Сыртқы бағдарлау іс-әрекеті (бұларды бала бүкіл мектепке дейінгі шақ ішінде меңгереді) .

Қабылдау жәрдемімен балалар әлі шеше алмайтын міндеттерді байқап көру жолымен шешуге қызмет етеді. Мектеп жолына дейінгі баланың күй-сарынын аңғаруы, сөздегі дыбыстарды ажырата білуі естілетін дыбыстардың ерекшеліктеріне сәйкес, оларды қайталау үшін дауыс ақпаратының қимылын мүмкіндігінше өзгертуді меңгеру дәрежесіне қарай пайда болып дамиды.

Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың рөлі ерекше. Адам ана тілін өзінің ойын айтуға және өзінің айтқанын түсінуге пайдаланады. Сөйлей білу балаға заттарды немесе құбылыстарды тікелей қабылдау арқылы ғана емес, сондай-ақ болмыс туралы білімдерін жанама түрде (әңгіме, көркем шығарма, тәрбиешінің түсіндіруі т. б. ) арқылы алуға мүмкіндік береді. Балалар бақшасында сөздік қорын көбейту, грамматикалық құрылымды қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту сияқты міндеттер шешіледі.

Тілдің дамуы - мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасы шеңбері кеңейе түседі. Балалар біраз есейе бастаған соң, шағын отбасылық байланыстар шегінен шығып, адамдардың көбеюуі баладан ең бастысы тіл болып табылатын қарым-қатынас құралын толық меңгеруді талап етеді және тілдің дамуына жоғары талаптар қойылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық ойлауын дамыту
Даярлық тобы балаларының ойлау қабілетінің деңгейін анықтау
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің даму ерекшеліктері
Бейнелік ойлауды дамыту
Бала ойы және оның ерікті дамытудағы мәні
«Есті зерттеу»
Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдермен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz