Отбасындағы баланың қарым - қатынас мәселесі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атынағы педагогикалық колледжі
Педагогика және психология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлі
Орындаған:
студенті
Жетекші:
Орал-2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-аналарының тәрбиелік ықпалын теориялық зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі жанұялық тәрбие стилінің әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлі
2.1 Отбасындағы баланың қарым-қатынас мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Отбасылық қарым-қатынастың балаға әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Тарихымыздың өтпелі кезеңдерінде халықтың өзін-өзі тануы, өзінің қалыптасу негіздеріне, түп-тамырына, мәдениетіне, жалпы өзін құрайтын құрамаларға деген қызығушылығы арта түсуде. Балалық шақ - бұл ұлттық мәдениеттің негіздеріне шынайы толығымен еніп, меңгеріп, қалыптастыра алу мүмкіндігі бар кезең.
Білім беру мекемесіндегі мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие бөлімі - жалпы білім беру жүйесіндегі алғашқы және басты жауапты бөлім болып табылады. Мектепке дейінгі балалық шақта мемлекеттік және ана тілін меңгеру баланың маңызды игерулерінің бірі болып табылады. Әсіресе мектепке дейінгі балалық шақ сөйлеуді меңгеруде ерекше сензитивті. Сондықтан бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруде әлеуметтендіру процесі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жалпы негіз ретінде қарастырылады.
ХХ ғасырдың соңында біздің өмірімізге кең көлемде шет тілдерінен қолданыста жүрген терминдер ене бастады, бұл біздің тілімізге, сондай-ақ мәдениетімізге кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан ұлттық салт дәстүр құралдары арқылы ересек мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіру мәселесі бүгінгі таңда ерекше мәнге ие болып отыр.
Халық бала өмірінің әрбір кезеңін, дамуының барлық жақтарын ақындық сөздермен қамқоршылық көрсетіп отырды. Бұл дәстүрлі ережелер мен принциптердің тұтас жүйесі, бұлардың көмегімен бала отбасында тәрбиеленеді. Бұл жүйенің тірегі ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын халық ауыз әдебиеті болып есептелді және есептеледі.
Зертеу өзектілігі: Психологтар мен әдіскерлердің айтуынша, бала ана тілін ең алдымен айналасындағылардың сөйлеу тіліне қарап, соларға ұқсата отырып меңгереді (Д.Б.Эльконин, Р.Е.Левина, А.П.Усова, Е.И.Тихеева және т.б.). Өкінішке орай, қазіргі кезде ата-аналар әлеуметтік жағдайдың қиындығына байланысты, бос уақыттың аздығынан бұл туралы ұмытып, өз баласының әлеуметтендірілу процесін өздігінен болуына қалдырады. Бала көп уақытты адамдардың айналасында емес, компьютердің жанында өткізеді. Осының салдарынан халық шығармашылығының мұралары (әлдилер, ертегілер, мақал-мәтелдер) бес-алты жастағы балаларды айтпағанда, кіші сәбилік кезеңде де практикалық түрде пайдаланылмайды.
Зерттеу мәселесі: Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлін анықтау.
Зерттеу болжамы: Т.Қалдыбаеваның пайымдауынша "әлеументтендіру" ұғымы тұлға ұғымымен бірдей мәні бір, бірі адамның әлеуметік даму жолын бейнелесе, екіншісі соның нәтижесі, ал әлеуметтендірудің мәні- адамның адамдық қасиеттерін ашып, оны қоғамдағы әлеуметтік қатынасқа түсуге даярлау, тек әлеуметтік қатынасқа түсіп қана қоюға емес, саналы арақатынасқа, өзінен басқа да адамдар сезімі, мүддесі, сұранысы бар екенімен санаса отырып, адамдық мәніне лайықты қатынас жасау деп тұжырымдайды.
Мектепке дейінгі білім практикасында мынадай жағдайды байқауға болады: ересек мектепке дейінгілерді кіші фольклор формаларымен таныстырғанда көп жағдайда мағыналық аспектісі қозғалады, жанрлық және тілдік ерекшеліктеріне мән берілмейді. Олардың қолданылуы көп жағдайда тек мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды жаттаумен ғана шектетіледі. Педагогтар балалармен сабақтарда бұл формаларды кейде ғана пайдаланады. Кейбір балабақшаларда оқыту мектепке дайындық ретінде қарастырылады, ал кей жерлерде оқуға үйретеді. Сөйлеуді дамыту бойынша сабақтар екінші орынға қалдырылады.
Сондықтан педагогтарда ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлердің құралдары арқылы балаларды әлеуметтендіру процесінің әдістемесін өңдеу қажеттілігі туындап отыр. Бұл процесс білім беру мекемесінің тек арнайы ұйымдастырылған сабақтарында ғана емес, сондай-ақ күнделікті өмірінде де жүруі керек. Бұл міндетті шешу үшін мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогтары бұл процеске қызығушылық таныту керек, ал балалар бұл процестің белсенді субъектісі болуы керек (қосымша білімдер алуда өзбеттілік, қызығушылық таныта білу керек).
Зерттеу объектісі: Әлеуметтендіру үрдісі әлеуметтіктен тыс қалған адамды тәрбие арқылы әлеуметтендіріп, сол қоғамға сай өмір сүруге дағдыландырады. Бұл үрдіс жеке бастың жас ерекшелігіне байланысты күрделеніп, өзгеріске ұшырайды.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлін анықтау.
Зерттеудің міндеті:
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-аналарының тәрбиелік ықпалын теориялық зерттеу;
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі жанұялық тәрбие стилінің әсерін айқындау;
3. Отбасындағы баланың қарым-қатынас мәселесі мен отбасылық қарым-қатынастың балаға әсерін айқындау.
Зерттеу әдістемесі: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, Ғалымдардың әлеуметендіру туралы пікірлерін саралай келіп, әлеуметтендіру немесе әлеуметтік даму бұл өмірге келген барлық адамның қоғамдық өмірге араласып, әрекет етуі үшін, өмір сүруге мүмкіндік беретін әртүрлі білім-біліктер мен өмірлік дағдылар және тәжірибелерді, жалпыға ортақ мінез-құлық нормалары мен ережелерін игеріп, белгілі іскерліктер мен өз ұлтының мәдениетін меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіру үрдісі.
Отбасылық қатынастар тақырыбына соңғы жылдары көптеген авторлар көңіл бөлуде, оларға А.Спиваковская, А.Захаров, Ю.Гиппенрейтер, Г.Хамен-таускас, М.Буянов, З.Матейчек, А.Фромм, Р.Снайдер және т.б. жатады. Ресейлік психологтар (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштен, П.Я.Гальперин, Л.И.Божович, В.С.Мухина, Е.М.Волкова және т.б.) тұлға дамуы кӛбіне балалық шағында меңгерген әлеуметтік тәжірибесіне тәуелді деп есептейді. Толық емес отбасының ерекшелігі, ондағы ана мен бала қарым-қатынасы туралы ғалымдардың (М.Ю.Арутюнян, М.П.Ган, А.М.Демидов, О.М.Здраво-мыслова, Э.Ивер-Жалю, О.И. Ключко, И.С. Кон, Дж. Коулман, Л.Г.Лунякова, Н.М.Римашевская, В.Титаренко, И.Ф.Дементьева, В.М.Закирова, Н.И.Ива-нова, С.А.Фролов, С.К.Нартова-Бочавер, Ж.Брук, В.М. Целуйко т.б.) зерттеулері ерекше қызығушылықты тудырады.
Зерттеу кезеңдері: Мектепке дейінгі шақ.
Тәжірибелік маңызы. Эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата - аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата - аналармен жұмысында, педагог - психологтардың практикалық іс - шараларында қолдануға болады.

1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-аналарының тәрбиелік ықпалын теориялық зерттеу
Өзгермелі әлем жағдайында бүгінгі күннің талабына орай мақсат, міндеттерді шешу үшін оларды іске асыратын болашақ ұрпақ қоғам дамуына сәйкес болуы қажет. Қоғамдағы өзгерістердің бағыт-бағдары мен талаптары сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер мен құндылықтарды жүктеп отырары сөзсіз. Ал бүгінгі күннің қояр басты талабы - әрбір адамның өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре алуы болып отыр. Бұл- қажеттілік, өйткені өмір талабы осыны қажет етеді.
Адам өмірге дайын мінез-құлық нормалар, рухани құндылықтар, және қызығушылықтармен келмейді. Бұл қасиеттердің барлығы бірте-бірте әртүрлі әлеуметтік құрылымдар мен топтарда қалыптасып, дамып, қоғам дамуындағы өзгерістерге орай, қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін реттейтін талаптарға бағынады.
Ал әрбір адам қалыптасып, дамып тұлға, дербес адамға айналғанша өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік жүйенің мәдени мұралары мен құндылықтарын игеруде өзіне тән жолдары мен сатылардан өтеді.
Әлеуметтендіру үрдісі әлеуметтіктен тыс қалған адамды тәрбие арқылы әлеуметтендіріп, сол қоғамға сай өмір сүруге дағдыландырады. Бұл үрдіс жеке бастың жас ерекшелігіне байланысты күрделеніп, өзгеріске ұшырайды.
"Әлеуметтендіру" сөзі "әлеуметттік" сөзімен төркіндес яғни (латынша "socіalіs") әлеуметтік, қоғамдық деген ұғымдарды білдіреді. Әлеуметтену - индивиттің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі 1.
Ал ғалым Т.Қалдыбаеваның пайымдауынша "әлеументтендіру" ұғымы тұлға ұғымымен бірдей мәні бір, бірі адамның әлеуметік даму жолын бейнелесе, екіншісі соның нәтижесі, ал әлеуметтендірудің мәні- адамның адамдық қасиеттерін ашып, оны қоғамдағы әлеуметтік қатынасқа түсуге даярлау, тек әлеуметтік қатынасқа түсіп қана қоюға емес, саналы арақатынасқа, өзінен басқа да адамдар сезімі, мүддесі, сұранысы бар екенімен санаса отырып, адамдық мәніне лайықты қатынас жасау деп тұжырымдайды 2.
Т.Парсонс анықтамасы бойынша әлеуметтендіру дегеніміз - индивиттердің жалпыға бірдей нормаларды бойына сіңіруі арқылы әлеуметтік жүйемен үйлесуі 3.
Н.Смелзердің пікірінше адам алғаш өмірге келгеннен бастап әлеметтендіру барысында тұлғаны қалыптастыру жүріп жатады. Кең көлемді құндылықтарды, сол арқылы адамдар тіршілігінің бағдарларын меңгереді дейді 2.
Ғалымдардың әлеуметендіру туралы пікірлерін саралай келіп, әлеуметтендіру немесе әлеуметтік даму бұл өмірге келген барлық адамның қоғамдық өмірге араласып, әрекет етуі үшін, өмір сүруге мүмкіндік беретін әртүрлі білім-біліктер мен өмірлік дағдылар және тәжірибелерді, жалпыға ортақ мінез-құлық нормалары мен ережелерін игеріп, белгілі іскерліктер мен өз ұлтының мәдениетін меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіру үрдісі. Игерген іскерлік-дағдылар мен құндылықтар негізінде әлеуметтік ортамен яғни қоғамдық өмірмен қарым-қатынасқа түсе отырып өмірдегі өз орнына, роліне ие болып, индивидтің тұлғаға немесе дербес адамға айналу жолы деп тұжырымдауға болады.
Балалар құқы Конвенциясында (1989) балаларды туылғаннан әлеуметтендіру, әртүрлі әлеуметтік ортаға бейімделу мен жаңа қарым-қатынастардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін нышандардың пайда болуы кезеңі немесе алғашқы сатысы деп қарастырады 4.
Елімізде жүргізілген соңғы статистикалық зерттеу қорытындыларының көрсеткіштері бойынша тұрақты мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың саны (мың адамға шаққанда ) қалада 134,1 пайызды , ауылдық жерлерде 13,4 пайызды құраған 5. Аталған мәліметтер көрсеткендей балалардың балабақшаға қамтылмауы мектепке дейінгі кезеңде міндетті мектепалды даярлық топтары мен сыныптарына барғанға дейін 6 жас отбасы алғашы әлеуметтік ортасы болып, әлеуметтендіру үрдісі тек отбасында жүзеге асуда. Осы мәселеге орай мынандай сұрақтар туындайды: отбасындағы тәрбиенің күнгейі мен көлеңкесі қандай, отбасында тәрбиеленген барлық балалар өз дәрежесінде жан-жақты (ақыл-ой, дене) дами ма, оған ата-ананың білімі жете ме?
Ал мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психикалық поцестерін қалыптастыру, дамытумен қатар жан-жақты тәрбие беру көзделеді. Бағдарланған мақсат-міндеттерді шешуде мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі бағыттағы тәрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарда жұмыс жүргізілуде. Атап айтсақ "Балбөбек" бағдарламасы, "Сорос - Қазақстан" қорының "Тәй-тәй" бағдарламасы, ТРИЗ педагогикасы, Р.Штайнердің Вольдорфтық педагогикасы және т.б. жалпы дамыту бағыттары мен бағдарламалары.
"Балбөбек" бағдарламасында мектепке дейінгі кезеңде жүргізілуге тиісті білім беру мазмұны тарихи-тәжірибелік зерттеу нәтижесінде ұлттық педагогикаға негізделе құрылған 6.
Бағдарлама мазмұны "Отбасы", "Балабақша", "Ойыншықтар", "Жыл мезгілдері", "Қазақстан-Республикам менің", "Жануарлар дүниесі" атты тақырыптар негізінде 2-ден 7 жасқа дейін кешенді тәсілмен іске асырылады. Бағдарламада кешенді тәсіл арқылы әр топқа белгіленген апталық жүктемені азайта отырып, балаларды өз бетінше шығармашылықпен әрекет етуге баулиды. Бірізділік принципін сақтай отырып аптаның бір күні тәрбиенің бір саласына беріліп, қалған тәрбие алғашқысымен сабақтастырыла жүргізіледі. Экономикалық, экологиялық тәрбиенің алғашқы қарапайым негізерімен қатар, имандылық-инабаттылық тәрбиесі де бір бөлім болып берілген. Бағдаламаның негізгі мақсаты-жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру.
"Балбөбек" бағдарламасында әлеуметтік тәрбие тікелей мақсат етіп қойылып, жеке тарау болмағынымен әртүрлі тәрбие аясында әлеуметтік тәрбие мазмұны көрініс тауып, өз міндеттерін шешкен. Балаларды әртүрлі әлеуметтік ортада әрекет ете білуге үйретуге, әлеуметтік құндылықтарды топтан топқа күрделендіріп, қарым-қатынас арқылы мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға негізделе құрылған. Әр жас топтарында әртүрлі тәрбие аясында әлеуметтік тәрбие мазмұны төмендегідей болып келген.
Сәбилердің бірінші және екінші тобындағы балалардың әлеуметтік дағдылары: туыстық қарым-қатынастарды, өзінің толық атын-жөнін, ата-анасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, музыка жетекшісінің атын білу, ересектердің әлеуметтік ролін ажырата білу; өзге адамдардың эмоциялық көңіл-күйін, жағдайын түсіне және сезіне білу, оған өзінің қатынасын байқата білу, қарапайым тапсырмаларды орындауда бір-біріне бөгет жасамау дағдысы.
Естиярлар тобындағы балаларға әлеуметтік дағдылар: топ ішінде өзін дұрыс ұстай білу, қоғамдық орындарда, көшеде белгіленген мәдени мінез-құлық ережелерін сақтай білу, үлкендерге, өз құрбыларына ілтипатты болу, ескертусіз сәлемдесу мен қоштасу, тәрбиеші мен күтушінің аты-жөнін атап қатынас жасау, өзінің талап-тілегін сыпайылықпен білдіу, көрсеткен көмегі үшін рақмет айту, үлкендердің сөзіне араласпау және оны бөлмеу, келіспегені мен қабыл алмағанын әдепті түрде білдіру, өзінің, ата-анасының аты-жөнін, жасын, үйінің мекен-жайын, туыстық қарым - қатынас пен отбасының құрамын білу, адамгершілік қатынас ережелері (шындық, адалдақ, қамқорлық, тілектестік) дағдысы, ілтипат көрсету (көмектесу, қолқабыс етуге дайын болу, жол беру) дағдысы, үлкендермен, құрбы-құрдастарымен, таныс емес балалармен тілектестік қарым-қатынаста болу дағдылары.
Ересектер және мектепалды даярлық тобы балаларын әлеуметтік дағдылар: өзінің атын, жасын, ата-анасының және басқа да отбасы мүшелерінің атын білу, өзіне жасалған қамқорлықты сезіне білу, балабақшада және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, үлкендердің ескертуінсіз-ақ тәртіп сақтау, адамдарға қамқорлық ілтипат көрсету, өзгенің күйінішін, қиналған сәтін байқап, аңғару, жәрдемдесу, әлсіздік көрсеткендерді қорғау, өз жолдастарының іс-әрекетін бақылап, оған әділ баға беру, әділ талап қойып, ол талабының дұрыстығын дәлелдей білу, бірлесіп ойнау, еңбек ету, оны адамгершілік қатынастар бағытында жүзеге асыру, алға қойған мақсатқа жетуде жауапкершілік пен тұрақтылықты меңгеру дағдысы деп қарастырған .
"Тәй-тәй" бағдарламасы баланы жан-жақты жетілдіруге, дербестікке талпындыруға, өзіндік дамуына жағдай туғызып, кез-келген жағдайлардан дербес әрекет етіп, ой қорытып, өзін бетінше қадам жасауға үйретуге бағдарланған. Бағдарламада ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, дамытушы орта арқылы, баланы дамыту көзделген.
Р.Штайнердің Вольдорфтық педагогикасы баланы ақыл-ой, интелектуалдық дамытудан бұрын олардың жаны мен тәнінің үйлесімді дамуы, рухани дамуын алға қояды. Баланың 7 жасына дейін есі мен ойлауына күш түсіруге қарсы шығады. Бала айнала қоршаған өмірді талдап-талқылау жолымен емес өзінің өмірлік тәжірибесі арқылы танып біледі , өмірді танып-білуді баланың рухани және ақыл-ойының әбден толысқан кезінде өз еркімен, өз ықтияры болған кезде іске асыруды тиімді деп тауып, баланың еркін өсуіне айнала қоршаған адамдар мен үлкендер тарапынан жақсы көру мен сүйіспеншіліктің болуын басты шарт етіп алады 7.
Вольдорф педагогикасы баланың іс-әрекеті мен еңбек нәтижелерін бағалауды қажетсіз деп тауып, бұл ұстанымдарын былай түсіндіреді. Бағалаудың бала дамуында жақсы жақтарымен қатар, көлеңкелі де тұстары бар, өйткені бағалау баланың табиғи дамуына кері әсер етеді, жетістіктерге жету үшін балалар өз мүмкіншіліктеріне қарамастан талапқа бағына отырып, іс-әрекеттерді орындау барысында өз еңбегінен рухани ләззат гөрі, әуреге, іштей және сыртай күйзеліске түседі, бұндай еңбек нәтижесі балаға ешқандай қуаныш әкелмейді. Ал біржақты нәтижесін ғана ойлау, әркеттің мәнін жойып немесе көмескілендіреді деп ой қорытады. Қорыта айтқанда бұл педагогиканың көздеген мақсаты баланы- жақсы көре отырып, жағымды ортада, жақсылық пен ізгілікке тәрбиелеу.
ТРИЗ педагогикасы бағытындағы бағдарламада балалардың жас күнінен дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, ақыл-ой күші мен интелектуалдық қажетсінулерін дамыту бағытында құрылған.
Бұл бағдарламаларды саралаудан шығатын қорытынды бағдарламалардың әр қайсысының өзіндік бағыт-бағдарымен, алға қойған мақсат-міндетеріне қарамастан барлығын тоғыстыратын негізгі мақсат - баланы тұлға немесе дербес адамға жеткізудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздеуі мен сол ізденістерін ғылыми негіздеп тәрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарды жасауында.
Ғалымдар атап көрсеткендей адамның қалыптасып дамуының айқындаушы немесе жауапты, адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын мектепеке дейінгі шақта балалардың әлеуметтік білімдері жинақталып, қалыптасады. Ал осы кішкентай адамның қалыптасып, дамуы шартты түрде өмір сүріп отырған ортасы мен үлкендерге байланысты екені даусыз. Сол себептен бала мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру ең бірінші шарт. Ал баланы әрекетке келтіретін күш - қажетсіну. Бұл баланың өзінді "Менінің", өзіндік көзқарасы мен танымының бастамасы. Қажетсінудің өзі мектепке дейінгі баланың барлығында жоғары дамып, әр кезде көрініс береді, ал осы қажеттілік өз дәрежесінде қанағаттанбаудан көмескіленіп, немесе жойылып жатады.
Психологтардың пайымдауынша қажеттілік-құмарлық-ниет-ұмтылыс-қы зығу-көзқарас-наным жүйесінің қалыптасуы адамның бағыт-бағдарының қалыптасуы, тұлғалыққа жеткізу жолы іспеттес екен.
Демек мекетепке дейінгі баланы әлеуметендіру - мектепке дейінгі педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі жанұялық тәрбие стилінің әсері
Мектепке дейінгі балалардың тұлғасының негізгі құралдарының бірі - орта. Орта бала үшін жаңа білім мен әлеуметтік тәжірибенің көзі. Мектепке дейінгі ұйымның тұтас педагогикалық үрдісінде дамытушы ортаның рөлі. С.Л.Новоселованың пікірінше, дамытушы заттық орта балалардың дербес шығармашылық және ойын әрекеттерін ұйымдастыру үшін қажетті материалдар, ойыншықтар, құралдар, іс-әрекетінің материалдық нысаналардың жүйесі. Оның басты бағыттарының бірі балаларды әлеуметтендіру және оған сәйкес заттық дамытушы орта құру. Заттық ортаны осылайша игерудің баланың тұлғалық жағын дамыту, бұйымдық әлемге шығармашылық көз қарасын ояту үшін зор маңызы бар. Баланы әлеуметтендіруде дамытушы заттық ортаны құрудың педагогикалық талаптарға сәйкестігі болашақтың зерттеу мәселесі деп есептейміз.
Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние танымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой-өрісін дамытып, еңбекке баулу балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтудің негізгі айналадағы ортамен табиғат құбылыстарын бақылату. Заттық орта жұмысында айналадағы қоғамдық өмір шындығын, табиғат тамшыларын бақылатып,баланың таным,сезім қабілетін жетілдіру басты роль атқарады. Балалармен арнайы өтілетін осы жұмыс барысында тәрбиеші әр заттың аты, сапасы, қажеттігі жайында түсіндіреді. Баланы заттың атын сөзбен айтуға үйретеді. Айналадағы қоғамдық өмір өлі, тірі табиғат құбылысын бақылатқанда да әр объектіні сөзбен атап, түсіндіріп баланы заттық ортаға сөзбен қызықтырып, қабілетін дамыту көзделеді.
Баланың ойнайтын алғашқы ойындары бұл заттық ойын. Басқаша түсіндірсек бұл затты игеру. Сіз балаға беретін ойыншықтар арасында қуыршақта, аюда, сайқымазақта, ұсақ ойыншықтар да бар. Бастапқыда бұл ойыншықтардың барлығы үлкендер үшін - балалар ойыншықтарға басқа заттарға қарағандай қарайды, яғни олар үшін ойыншықтардың басқа заттардан айырмасы жоқ.. Екінші жылдың басында олардың ойыншықтармен ойнауы елеусіз болады.
Балалардың тілін жетілдіру мен байыта түсу үшін олардың айналасындағы әсерлі сабақтар өткізу және нақты тілдік білігін қалыптастыруды жүзеге асыру қажет болады.
Әр сабақта балалармен заттық орта туралы әңгімелесу, екі-үш жаңа сөз меңгерту көзделеді.
Жылдың аяғында 3-4 жас аралығында балалар заттық ортадағы қойылатын негізі талаптар мынадай:
Балалар бес түсті (ақ, қара, қызыл, сары, көк) білуге тиісті, жылдың соңына қарай жасыл түсті үйретуге болады. Түстеріне сәйкес топтау заттық құрамына қарай түстерге белгілеу.
Үш пішінді (үшбұрышты, төртбұрышты, дөңгелекті) білуге тиісті. Пішіне сәйкес топтау.
Заттық ортада құрастыру жұмыстары арқылы үйренген сөздерін (киіз үй, ағаш тос таған, ағаш қасық, қоржын, көрпеше, кілемше, ою, білезік, сақина, алқа, сәукеле, тақия, белдік) толық меңгеруге тиісті.
Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін - монтессори әдісін қолдану тиімді деп білдім. Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz