Қазақтың тұңғыш операсы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Евгений Григорьевич Брусиловскийдің Қыз Жібек операсы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Евгений Григорьевич Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылығы
1.1 Евгений Григорьевич Брусиловскийдің өмірі туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..5
1.2 Ұлттық опера өнерінің қалыптасуы мен дамуына Е.Г.Брусиловскийдің қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.Қазақтың тұңғыш операсы
2.1Қыз Жiбек - қазақтың тұңғыш операсышың тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ..15
2.2 Е.Г.Брусиловскийдің А.Жұбановпен істеген бірге жұмысы ... ... ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Қазақ халқы -- ән мен жырға бай халық. Батырлар жырымен қатар оқиғалары махаббат тақырыбына құрылған Қыз Жібек, Қозы Көрпеш - Баян сұлу сияқты лиро - эпостық жырлар кең тараған. Көптеген жазушылар мен композиторлар бұл жырларды негізге ала отырып, әдеби - музыкалық шығармалар жазған. Композитор Е. Г. Брусиловский Қыз Жібек жырының негізінде Қыз Жібек операсын жазса, оның либреттосын атақты жазушы Ғабит Мүсірепов жазған. Опера алғаш рет 1934 жылы қойылды. Онда еркіндік аңсап, өзінің шынайы махаббаты үшін күрескен Жібек пен Төлеген бейнесі көрсетіледі.
Дондағы Ростов қаласында туған. Оның алғаш музыкалық сауатын ашқан адам - өзінің анасы. Санкт - Петербург консерваториясын бітіргеннен кейін Алматыға келеді. Е. Брусиловский - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ музыка өнеріне елеулі үлес қосқан композитор. Қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігін жете түсінген ол көптеген халық әндері мен күйлерін, халык, композиторларының туындыларын өз шығармаларына арқау етті. Бұған Айман - Шолпан, Қыз Жібек, Ер Тарғын, Жалбыр, Дудар - ай опералары мысал бола алады. Сондай - ақ Евгений Брусиловский - бірнеше симфониялық шығармалар мен көптеген ән - хорлардың авторы. Солардың ішінен Қазақстан, Шолпан, Қос қарлығаш сияқты әндерін атауға болады. Оның балаларға арнап жазған музыкалық шығармалары да аз емес. Евгений Брусиловский қазақ музыкасын дамытуға зор үлес қосып, көптеген жас композиторларды тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаз.
Қыз Жібек операсы - Жібек деген сұлу қыз өз қалауымен алыстағы бір рудың баласы - жас жігіт Төлегенге косылғысы келеді. Бірақ бұрыннан Жібек сұлуда ойы болып жүрген өз елінің жігіті Бекежан мырза оған күштеп үйленуге ант етеді. Жібектің ата - анасының ризашылығын алған Төлеген үйлену үшін өз ата - анасының рұқсатын сұрауға еліне аттанады. Бірақ Төлегеннің әкесі Базарбай баласына келінді өзі таңдайтындығын айтып, рұқсат бермейді. Әке карсылығына қарамастан ол Жібектің еліне қайтады. Төлегеннің қайта оралып келе жатқанын естіген Бекежан оның жолын аңдып жүріп, кездеседі де, алдап достасады. Екеуі қоштасып кетіп бара жатқанда Бекежан Төлегенді ту сыртынан садақпен атып өлтіреді. Төлегеннің қаза болғанын естіген Жібек құздан құлап өледі.
Бұл сұлу Жібек пен батыр жігіт Төлегеннің арасындағы махаббат жайлы әсерлі лирикалық баян Қыз Жібек өзінің ғажап сұлулығы мен ақылы арқылы кең далада даңқы шыққан қыз. Қыз Жібек операсының музыкасы түгелімен фольклорлық бастауларға негізделген. Композитор тақырыбы, жанры, өзіндік ерекшеліктері әртүрлі аспаптық мәдениет үлгілерін кейіпкерлермен, сюжет драматургиясымен кіріктіріп жіберген. Е.Г.Брусиловский алып отырған материалдың ерекшеліктерін, стильдік, жанрлық белгілерін сақтай отыра, опералық өнер жанры заңдылықтарымен епті байланыстырады. Негізгі кейіпкерлер опералық кейіпкердің ішкі табиғатын айқын ашатын лейттемаларға ие. Мысалы, басты кейіпкер Қыз Жібек өзінің әртүрлі психологиялық күйін білдіретін өзіндік әндер қатарына ие.
Зерттеу мақсаты: Ұлттық опера өнерінің қалыптасуы мен дамуына Е.Г.Брусиловскийдің қосқан үлесін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1.Ұлттық опера өнерінің қалыптасуы мен дамуының тарихы туралы түсінік беру;
2. Е.Г.Брусиловскийдің шығармаларына сипаттама беру;
3. Е.Г.Брусиловскийдің Қыз Жібек операсы туралы түсінік беру.
Зерттеу объектісі: Е.Г.Брусиловскийдің Қыз Жібек операсы
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Евгений Григорьевич Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылығы
1.1 Евгений Григорьевич Брусиловскийдің өмірі туралы
1905 жылы 12 қазанда Ресейдің Дондағы Ростов қаласында дүниеге келді. Революция бесігі Ленинград қаласында консерваторияны композиция бойынша М.О.Штейнбергтің класынан бітіріп шықты. Қалалық композиторлар Одағына мүше бола жүріп тісқаққан аға буын композиторлардан ауысқан спектакль, кинофильмдерге тапсырыспен музыка жазып күн көріп жүрген Е.Г.Брусиловский арада өткен екі-үш жылда қазақ халқының алғашқы Қыз Жібек, Жалбыр операларын жазып оны 1936 жылы декада кезінде Мәскеудің Үлкен театры сахнасында көрсетіп, жарқырата кеудеге таққан орденімен бүкіл Одаққа танылды. Қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалады. Ізінде қалдырған мәдени мұралары: 9 опера, 4 балет, 9 симфония, 500 жуық ән-романстар. ҚКСР Әнұранының авторларының бірі. Қазақтың 1000 ән үлгісін және 500 ән-күйінің нұсқасын ауызша айтылған немесе қолма-қол тартылған дала трубадурлары-ның орындап-айтуымен нотаға түсіріп жазып алған этнограф А.В.Затаевичтің қазақ музыкасының дамуына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз болатын. Ол жинақтар қазақтың музыка мәдениетін, кең байтақ дала энін дүние жүзіне танытты. Бұл мәдени мұраларды жинақтау жүмыстары 20-шы жылдар екінші жартысы мен 30-шы жылдары музыкалық техникумның, жаңа кәсіби өнер ошақтарының (филармония, музыкалық театрлар, т.б.) ашылуына байланысты күшейе түсті. Республикада бар кәсіби музыка мамандарының деңгейі жаңа міндеттерді орындауға жетпей жатты. Сондықтан, жас та болса білімі мен біліктілігі жаңадан қойылған талаптар деңгейінен көріне білген Ленинград қаласынан арнайы композиторлық білімімен келген Е.Г.Брусиловскийдің кандидатурасы қазақ музыкасының жаңа бетін бастауға лайық түлға болды.
Жаңа орта -- Алматыга келген жас композитор өзінің жұмысына сергек қарап жан-жағына көз салып, жаңа ортаның музыкалық ерекшеліктерін көкірегіне құйып, құлағына сіңіріп жатты. Этнографиялық зерттеу кабинетінде қазақтың танымал орындаушыла-рынан 250 ән-күйлерін нотаға түсіріп оны фортепианоға өңдеп дайындық жұмыстарымен бір жылдан астам уақып айналысты. Ол Қазақстандағы жұмыс істеген кейбір өзге ұлт өкілдері сияқты ыс-тық сүтті айналшықтаған мысық сияқты сүттің салқындауын күтіп, әліптің артын баққан жоқ. Келе білек сыбанып жұмысқа кірісіп кетті. Маған қазақтың халық әніне жан-тәніммен бойлау керек болды, оның эстетикасын оның ойлау жүйесін, оның өркендеу принциптерін ұғыну керек еді. Бұл болашақ шығармашылық жұмыс үшін қажетті жаттығу болатын [1, 42]

1.2 Ұлттық опера өнерінің қалыптасуы мен дамуына Е.Г.Брусиловскийдің қосқан үлесі
Ұлттық опера өнерінің қалыптасуы мен дамуына оның негізін салушылардың бірі Е.Г.Брусиловский өлшеусіз үлес қосты. Композитордың шығармашылық мұрасының көркемдік-­эстетикалық маңызы қазіргі заман контекстінде алғанда ауқымды және салмақты. Республиканың халық артисі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты профессор Е.Г.Брусиловский тоғыз операның, сегіз симфонияның, үш балеттің, көптеген ән­романстардың, кинофильмдер музыкасының және басқа да көптеген шығармалардың авторы. Композитор өзінің өнімді және жан­жақты шығармашылығында Қазақстанның музыкалық өмірінің тарихи жолын шеберлікпен жан жақты көрсетті, қазақ халқының рухани сұлулығын, өткені мен бүгінін бейнеледі. Е.Г.Брусиловскийдің шығармашылық дарыны дәстүрлі мәдениет негіздерін терең түсінуінен барып толық ашылды. Ленинград консерваториясын бітірген, орыстың классикалық мектебінің демократиялық дәстүрлерінде тәрбиеленген Е.Г.Брусиловский өзінің композиторлық және қоғамдық­ педагогикалық қызметін ұзақ уақыт бойы қазақ өнеріне арнады. Ал қазақ өнері оның барлық музыкалық шығармашылығына көркемдік мазмұн беріп, шығармашылық сара жол ашты 1 Е.Г.Брусиловский 1933 жылы Қазақстанға келісімен әндік­ аспаптық музыканы зерттеуге қатты қызығып, жазып ала бастайды. Композитор үшін күшті шығармашылық стимул аса бай рухани аура болды ­ халықтық музыка дәстүрлері әлі тірі болатын, музыкалық­поэтикалық айтыстардың фольклорлық түрлері де кең тараған еді. Осындай жағдайда Е.Г.Брусиловскийге осы мәдениет түрлерін ұстаушылармен тікелей араласудың сәті түсті, дарынды шебер домбырашылардың, маман әншілердің, суырып салма ақындардың өнерін үнемі естіп жүруге, жазып алуға мүмкіндік туды. Бұлар ­ керемет тума дарындар ­ күйшілер Науша және Махамбет Бөкейхановтар, У.Қабиғожин, В.Мұхитов, Қ.Медетов; әнші Ә.Қашаубаев; ақын И.Байзақов және басқалар. Олардың орындау мәнері, сирек кездесетін шығармашылық дарыны, табиғи артистік қабілеттері жөнінде композитор өз күнделіктерінде ыстық ықыласпен еске алады. Көркемдік­ эстетикалық танымының, ұлттық ерекшеліктерді қабылдау критерийлерінің қалыптасуына, халық шығармашылығының локальды­стильдік негіздерін танып білуіне композиторға қазақ әдебиеті мен өнерінің негізін салушылармен көп жылдық достығы әсер етті. Ол өмір бойы Мұхтар Әуезовті табына силап өтті, М.Төлебаевты туған әкесіндей жақсы көрді. Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің либреттоларына опералық шығармалар жазды. Ә.Тәжібаевтің өлеңіне әйгілі Қос қарлығаш әнін шығарды. Алғашқы қазақ музыкалық спектаклдері Қыз Жібек, Жалбыр, Ер Тарғынға қатысқан режиссерлер, сценаристер, орындаушылар: Қ.Жандарбеков, Күләш және Қанабек Байсейітовтер, С.Камалов, Ж.Шанин, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев және басқалар жайында үнемі еске алып, жылы сезіммен әңгімелейтін. Композитордың фольклорлық қызметінің нәтижесінде 250 ән мен күй жазылып алынды, Е.Г.Брусиловский бұлардың көбін дауысқа, оркестрге, фортепьяноға арнап өңдеді. Халықтың музыкалық және поэтикалық мұрасының негіздерін терең сезіну композитордың алдына жаңа шығармашылық мүмкіндіктер тудырды, ол ірі музыкалық­ сахналық шығармалар жасауға кірісті.
Ол өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін өзінің алғашқы опералары Қыз Жібек (13 қаңтар, 1934 ж.), Жалбыр (17 қараша, 1935 ж.), Ер Тарғынды (15 қаңтар, 1937 ж.) қойған кезде көрсетті. Аталған опералық шығармалар композитор творчествосындағы ерекше үштікті құрайды. Бұлардың музыкалық­поэтикалық тілі түгелімен қазақ фольклорының ең жақсы үлгілерінің, халық композиторларының әндік­ аспаптық шығармаларының (Құрманғазы күйлері, халық күйлері Ақсақал, Тепеңкөк, Ыбырайдың, Мұхиттың, Естайдың, Жаяу Мұсаның т.б. әндері) негізінде құрылды. Қазақ мелосының әуендік­ладтық, ырғақтық байлығын, композициялық­құрылымдық ерекшеліктерін шығармашылықпен игеру жоғарыда аталған опералық шығармалардың сәтті шығуына құнарлы топырақ ретінде қызмет етті. Е.Г.Брусиловскийдің шығармашылық мұрасын бағалаған кезде тарихи реалиалармен қатар мәдениеттердің жалғастығы принциптерін де басшылыққа алу керек. Себебі, әрбір ұрпақ өз дәуірінің көркемдік­эстетикалық және дүниетанымдық ұстанымдарын өзінше анықтайды. Бұл тұрғыда Е.Г.Брусиловский шығармашылығы жарқын мысал және оның тарихи ролі өте жоғары, өйткені композитор­ суреткердің музыкасы уақыттар көшін байланыстырушы желі, халық шығармашылығы дәстүрлері жалғастығы мен орындаушылығының өзіндік айнасы, халықтың көп ғасырлық даналығын жаңарған, қайта туған мәдениетпен байланыстыратын алтын арқау. Композитор рухани және материалдық кұндылықтарды, халықтық этикалық, адами­ психологиялық ұстанымдарын, оның прогрессивті салттары мен моральдық нормаларын жан дүниесімен игере келіп, олардың қызметтері мен тұрмыстағы орнының шектерін кеңейтті, оларды жалғастыра, қорыта келіп өзінің көп жанрлы шығармашылығында жаңа деңгейде бейнеледі. Дәл осы опера жанрында композитор фольклор мен қазақ халқының көркемдік дәстүрлеріндегі бай опералық белгілерді жан­жақты пайдаланды. Бүкіл шығармашылық қызметінің өн бойында өзінің шығармашылық фантазиясын мәңгі тірі фольклорлық образдармен, мелостармен, жанрлармен байытып қана қойған жоқ, жылдар өте, оның музыкасы көрсеткендей, есту қабілетінің күші мен композиторлық тәжірибесінің халықтық сипаты мол өзіндік мелодиялық түр жасауға мүмкіндік берді. Осының арқасында үйлесімді көркемдік синтезге қол жеткізілді. Қыз Жібек лиро­эпикалық операсының сюжеттік желісіне Ғ.Мүсірепов халықтың лирикалық поэмасын алды. Бұлар ­қуанышты, көтеріңкі лепті Гәкку, нәзік үнді Толқыма және трагедиялық Дүние­ай, шешімді және екпінді ән Раушан (ноталық мысалдар), бұлардың авторлары халық композиторлары Ыбырай Сандыбаев, А.Габбасов, М.Мералиев және басқалар. Нақты драмалық функцияларды атқару бағытында ерекше орында операның басты тақырыбы ­ Гәкку әні. Ол Жібек әндерінің қатарына кіріп, ең белсенді құрал ретінде алдыңғы бетке шығады. Композитор оны үнемі өзгерте отырып, баяндау фактурасында, полифониялық және үйлесімдік трансформациясында, ладоритмикалық модификациясында т.б. үнемі мағыналық және көркемдік жаңа акцент кіргізеді. 30 жыл бұрын алғаш рет қойылған Қыз Жібек операсы 1968 жылдың 27 қаңтарында 1000­шы рет қойылды. Бұл оқиға музыкалық мәдениет тарихындағы тамаша мейрам ретінде есте қалды. Операның басты кейіпкерінің ролінде дарынды және ұмытылмас К.Байсейітова. Ең алғашқы КСРО халық артистерінің бірі (ол бұл атаққа 24 жасында ұлы актерлар, кеңестік мәдениеттің ірі қайраткерлері Немирович­Данченко, Качалов, Станиславскийлермен бірге ие болды) Байсейітова өзінің аққу әні Гәкку арқылы мәңгілік есте қалды. Композитордың келесі ірі шығармасы ­ Жалбыр балеті (1935 ж.). Бұл тарихи ­ революциялық спектакльдің негізіне тарихи оқиға ­ Амангелді Иманов көтерілісінің бір эпизоды алынды. Либретто авторы Б.Майлин (қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, жүз жылдығы 1997 жылы қыркүйек айында атап өтілді, Қостанай облысының тумасы, репрессияға ұшырап, Сталиндік абақтыда атылған) халық батыры Амангелдінің жауынгері Жалбырмен таныс болған. Опера сюжеті нақты тарихи­трагедиялық оқиғаларға құрылған. Жалбыр ­ революциялық тақырыптағы музыкалық спектакль, оның басты кейіпкері ­ езілген, күреске шыққан халық. Өзінің тақырыбы мен жанры бойынша опера Мусоргскийдің Борис Годунов және Хованшина атты халықтық драмаларының бағытын ұстанады. Қыз Жібек операсындағыдай Жалбыр операсының музыкалық негізін халықтық әндер мен күйлер құрайды. Халық ішінде кең тараған, Е.Г.Брусиловский өте сәтті қолданған Елім­ай әні ­ тарихи ән. Бұл ән Ақтабан шұбырынды ­ Алқакөл сұлама деп аталған жоңғар шапқыншылығы кезінде туған. Мұнда туған жерге деген сағыныш, отанды сүйу тақырыбы көтерілген. Операда Елім­ай әні арқылы халықтың көркем бейнесі жасалады. Жалғыз дауысты мұңды әуен композитордың қолынан өтіп профессионалды көркемдік құралдармен байып барып халықтың жан­жақты бүтін бейнесін береді. Ал симфониялық дамуында халық тағдыры тақырыбы барынша толық көркемдік дәрежеге көтерілді. Елім­ай әнінің интонациясы Жалбыр операсының алғашқы оркестрлік кіріспесінің дыбыстарынан бастап финалына дейін көктеп өтеді. Мұнда әннің ауыр үйлесімді адымы контрастылы полифониялық дауыстардың қосылуымен бірге дамудың ең жоғарғы кульминациялық шегіне жетеді. Елім­ай әні операда әр қырынан көрінеді. Кейде ол ерлік рухты, кейде қайғылы, кейде екпінді, кейде үрейлі. Е.Г.Брусиловский опералық үштігінің соңғысы ­ ерлік­ эпикалық опера Ер Тарғын (1937 ж.).
Либреттосы қазақ музыкалық театрының негізін салушылардың бірі дарынды жазушы С.Камаловтікі. Тарғын батырдың ерліктері жайлы халықтың ерлік­эпикалық жырының негізінде С.Камалов халық қорғаушысының, батыр жауынгердің бүтін, жинақты көркем бейнесін жасайды. Батырдың өмірі Отанына қызмет етуге, бақытын іздеуге, жат жерлік жаулап алушыларға қарсы күреске арналған. Е.Г.Брусиловский мұндай маңызды тақырыпты ашу үшін фольклорды цитаталық түрде қолдану әдісін әрі қарай дамыта келіп, кең ауқымды эпикалық сурет жасайды. Мұнда Е.Беркімбаевтың Қорлан әнінің драмалық қызметі өте жоғары. Бұл әндегі эмоционалдық күйдің биіктігі, нәзік көркемдік сипат, терең лиризм оны операның ең маңызды драмалық түйіндерінде қолдануға мүмкіндік берді. Егер опера прологында Брусиловский Қорлан әнінің көмегімен халықтың бейнесін берсе, трагедиялық өмірін көрсетсе, Ер Тарғын операсының кодасында бұл ән әрекетшіл сипатта естіледі. Тақырыптың мұншалықты өзгеруі пунктирлі ырғақпен, төрттік өлшеммен, ладтық, мағыналық өзгеріспен жасалған, егер Қорлан прологта эолийлік ладымен, оның мұңды реңімен суреттелсе, финалында Естайдың тамаша әні ионийлік ладының ашық бояуларымен беріледі. Бостандық алған халық еркіндік пен қуаныштың әнін айтады. Ер Тарғын операсының премьерасы 1938 жылы Ленинградта өтті. Алғашқы операларының сәттілігіне қанаттанған Брусиловский барлық музыкалық жанрларда талмай табысты жұмыс істеді. Алтын астық (1940 ж.), Гвардия алға (1942 ж.), Амангелді М.Төлебаевпен бірге (1945 ж.), Дударай (1953 ж.), Мұрагерлер (1962 ж.) операларын бірінен соң бірін жазды. Бұл тақырыптары, стилі бойынша әртүрлі жұмыстарда халықтың бейбіт өмірі және соғыс кезіндегі жан қиярлығы көрсетіліп, даңқты батыр Амангелдінің бейнесі, жастардың күнделікті ерлік істері суреттелген. Дударай операсы (1953 ж.) композитордың өз шығармашылық қоржынынан ғана маңызды орын алып қоймайды, Республиканың опера өнерінің даму тарихында да ерекше орыны бар. Брусиловскийдің бұл ірі шығармасы орыс және қазақ халықтарының ұлы достығы тақырыбына арналған. Сюжеті, композиторлық қолтаңбасы, көркемдік бейнелеудің күші жағынан алғанда опера қазіргі қазақ мелосының жаңа қырларын ашады. Әдеби баяндаудың негізіне (либреттошы А.Хангелдин) қазақ жерінде болған тарихи оқиғалар алынған, ал операның музыкалық тілінде белгілі Дударай әні барлық қырымен, әуендік байлығымен қолданылады. Әннің авторы қазақ жігіті Дударға ғашық болған Мария Егоровна Рыкина екені белгілі. Ол бұл әні үшін Қазақ КСР өнеріне еңбегі сіңген қайраткер атағын алған.
Опера кейіпкерлерінің өмірі екі достас халықтың өмірімен тығыз байланысты. Олардың күресін көрсететін көпшілік сахналар биік эмоционалдық тонусты лирикалық сахналармен табиғи кірігіп кетеді. Брусиловскийдің Дмитрий Снегиннің сөзіне жазған Советтік Қазақстан кантатасы (1947 ж.) композитордың өз шығармашылығы үшін де, республиканың музыка өнері тарихы үшін де кезеңдік оқиға болды. Хорға арналған жарқын, колоритті шығармаға 1948 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Кантата салтанатты мерекелік сипатымен ерекшеленеді, қазақ халқы өмірінің қилы кезеңдерін көрсетіп, тарихының беттерін ақтарып, сол кездегі Қазақстанның жаңалықтарын жырлап, салтанатты апофеозбен аяқталады (кантата октябрь революциясының 30­жылдығына орай жазылған). Қазақстандағы аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы Е.Г.Брусиловскийдің атымен тығыз байланысты. Брусиловскийдің мазмұны мен тақырыбы жағынан әртүрлі симфониялық музыкасы халық өмірінің барлық қырларын қамтиды. Қазақ симфониялық музыкасының алдыңғы қатарлы шығармаларының бірі ­ Брусиловскийдің Сарыарқа симфония­сюитасы (1944 ж.). Үшінші симфония қазақ күйлерінің тақырыптарына негізделіп, өзінің мазмұндылығымен, халықтық тақырыптарды игерудегі жаңашылдығымен ерекшеленеді. Әдемі оркестрлік бояулары, тембрлік сипаты, дауыстың драмалық қызуы, аспаптық бейнелеудің қанықтығы мен айқындығы ұлттық симфонизмнің жаңа қырларын ашты. Шығарма төрт бөлімнен тұрады, бұлар айқын контрастық сипатта келіп, қазақ халқының тарихын баян етеді. Егер Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған Сарыарқа симфониясы ерлік­патриоттық сипаттағы шығарма болса, Жалғыз қайың симфониялық поэмасы ұлы Абай поэзиясының әсерімен жазылған, тақырыптық негіз ретінде Абайдың Мен көрдім ұзын қайың құлағанын әні алынған. Композитор үнемі өз шығармашылығын ұштай отырып, оның жаңа көкжиектерін аша түсті. Оның бұл қасиеті жаңа шығармаларынан айқын көрінеді. Мысалы 1957 жылы жазылған IV симфониясы тың игерушілердің шабытты еңбегін мадақтайды, ал VI симфониясы XIX ғасырдың ұлы күйшісі, халық композиторы Құрманғазы Сағырбаевтың бейнесін жасайды, VII­де Тәттімбет Қазанғапов тақырып болса, VIII симфония КПСС­тің XX съезіне арналған. Өзінің VI симфониясында (1967 ж.) композитор ұлы күйші Құрманғазының шығармашылық портретін жасап, оның еркіндікке ұмтылған арманын, бақытқа ұмтылуын паш етеді. Құрманғазының гуманистік табиғаты музыкалық әдістермен ашылады. Брусиловкий: Мен Құрманғазыны оптимист, үлкен дарын иесі, терең сенімге ие адам ретінде сүйемін, ­ дейді.
Құрманғазының атақты күйлері өздерінің даралық сипатымен, образдарының айқындығымен, нағыз симфониялық элементтерінің молдығымен Брусиловскийді үнемі қызықтырып Алтыншы симфониядағы Құрманғазы бейнесі өзінің автобиографиялық күйлері Түрмеден қашқан, Ақбай және Сарыарқа күйлерінің интонацияларымен берілді. Брусиловскийдің Алтыншы симфониясы ортасында ұлы халықтың дарын Құрманғазы образы тұрған монументалдық шығарма. Құрманғазының белгілі күйлерін шеберлікпен пайдалану, нәзік жобалық­драмалық талдау бұл шығарманы көпшілік тыңдаушыға түсінікті етті. Брусиловскийдің бұл шығармасында Құрманғазы мұрасына мойын бұруы оның шығармашылық қолтаңбасының жан­жақты дамуына мүмкіндік беріп, Алтыншы симфонияға қайталанбас, айқын ұлттық нақыштар дарытты. Құрманғазы туралы симфония қазақ симфонизмінің ірі жетістіктерінің бірі болып, оған 1967 жылы Қазақ КСР­ның Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ музыкасының ақсақалы Е.Г.Брусиловский 30­жылдан астам бұрын: Мен қандай музыка тудырсам да ол қазақы болып кетеді..., ­ деген. Шынында да халықтың біраз уақыт бұрынғы сүйікті әндері ­ Гүлденген Қазақстан, Алтай, Қос қарлығаш, Шолпан әндері интернационалист суреткердің қаламынан туғандығы алғыс, таңғалу сезімдерін қатар тудырады. Бұл жерде Брусиловскийдің жарты ғасыр бұрын жазылған Қазақстан әнұраны авторларының бірі екенін айта кету керек. Ол әнұранның әуені қазір халықтық әншіліктің классикалық үлгісі ретінде қабылданады. Профессор Брусиловский қазақ композиторлық мектебінің негізін салушылардың бірі. Ол дарынды, қабілетті музыканттардың бүтін бір легін тәрбиелеп шықты. Е.Г.Брусиловский шәкірттерінің қатарында ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары Қ.Қожамьяров, Л.Афанасьев, Қазақстанның өнеріне еңбегі сіңген қайраткерлер Б.Байқадамов, Қ.Мусин, К.Күмісбеков, басқа да республиканың жетекші композиторлары бар.

2.Қазақтың тұңғыш операсы
2.1Қыз Жiбек - қазақтың тұңғыш операсышың тарихы
Қыз Жiбек - қазақтың тұңғыш операсы екенiн жұртшылық жақсы бiлсе керек. Иә, халқымыздың кәсiби опера тарихының алғашқы бетi осы Қыз Жiбектен бастау алған. Ұлттық нақыштағы әйгiлi классикалық туынды сахнаға алғаш рет 1934 жылы қанат қақты. Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсiреповтiң Қыз Жiбегi ә дегеннен-ақ жұртшылықты баурап алды. Аса биiк талғаммен жазылған операның мән-мазмұны да, музыкалық әдеби көркемдiлiгi де, сахнаға қойылуы да бiр-бiрiмен үндесiп, құдiреттi туындыны құрады. Сол құндылығын әлi күнге дейiн жойған жоқ. Халық та Қыз Жiбегiнен жалыққан емес.
Күллi қазақтың да, қазiргi Абай атындағы мемлекеттiк академиялық опера және балет театрының да опера әлемiндегi ең үлкен табысы Қыз Жiбек операсы болды. Тек өз халқымыз ғана емес, кезiнде мәскеулiктердiң өзi қазақтың Қыз Жiбегiне басын иген.
Қыз Жiбек - қазақтың тұңғыш операсы екенiн жұртшылық жақсы бiлсе керек. Иә, халқымыздың кәсiби опера тарихының алғашқы бетi осы Қыз Жiбектен бастау алған. Ұлттық нақыштағы әйгiлi классикалық туынды сахнаға алғаш рет 1934 жылы қанат қақты. Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсiреповтiң Қыз Жiбегi ә дегеннен-ақ жұртшылықты баурап алды. Аса биiк талғаммен жазылған операның мән-мазмұны да, музыкалық әдеби көркемдiлiгi де, сахнаға қойылуы да бiр-бiрiмен үндесiп, құдiреттi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ Ұлттық Опера және балет театры
Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылар
«АСЫЛ МҰРА» Қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл (1913-1960 ж.) Лекция
Қазақ музыкасының, операсының дамуы жайында
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Ахмет Жұмабаевтың симфониялары
Қазақстан оперә өнері
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Театр және музыка өнері
Қазақ драматургиясының өркендеуі
Пәндер