Құрылыс құрылымдары


Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Құрылыс құрылымдарына етер әсерлері мен жүктемелері»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
ЖОСПАРЫ
Кіріспе
1. Спутниктік байланыс жүйесінің антенналық толқын беру жүйелері
1. 1 Спутниктік байланыс жүйелері
1. 2 VSAT-спутниктік байланыс станциясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Құрылыс - пайдалануға даяр ғимараттар, құрылыс құралымы, құрылым және оның кешендерiн өндiрiстiк және өндiрiстiк емес тағайындаудың негiзгi қорларынан құрылатын материалдық өндiрiстiң саласы.
Құрылыс құрылымдарда және ғимараттарда тек қана геометриялық өзгермейтін жүйелер қолданылады. Ғимараттарды, құрылымдарды кинематикалық талдаудың мақсаты оның геометриялық өзгермейтіндігін анықтау болып табылады. Ғимараттардың және құрылымдардың кинематикалық талдауы екі сатыдан тұрады. 1-саты. Жүйенің еркіндік дәрежесімен сипатталатын геометриялық өзгеретіндігін немесе өзгермейтіндігін анықтау; 2-саты. Жүйенің геометриялық қаңқасын талдау (стерженьдердің және топсалардың орналасуы), лездік геометриялық өзгермелі жүйенің болуы. Кез келген құрылым немесе ғимарат сыртқы күштер әсерінен өлшемдері мен формасын өзгертеді. Егер осындай өзгерістер жүйенің элементтерінің деформациялануы арқылы орын алатын болса, ондай жүйелер геометриялық өзгермейтін жүйелер деп аталады, ал жүйенің элементтерінің салыстырмалы қозғалыстары олар деформацияланбай-ақ іске асатын болса, ол жүйе геометриялық өзгеретін жүйе деп аталады. Жүйенің нүктесі немесе қималарының салыстырмалы қозғалысын шектейтін кез келген құрылғы байланыс деп аталады. Құрылыс механикасында, кинематикалық талдау кезінде, жекелеген геометриялық өзгермейтін жазық жүйені дискі деп атайды. Жүйені геометриялық өзгермейтін жағдайға келтіретін байланыстар саны жеткілікті байланыстар деп аталады, ал егер қайсы бір байланысты алып тастағаннан жүйе геометриялық өзгермейтін жағдайда қалатын болса, ол байланыс артық байланыс болып табылады. Екі дискіні немесе екі стерженьдерді немесе оларды жермен, яғни қозғалмайтын денемен жалғастыратын топса қарапайым топса деп аталады. Ал бір түйінде бірнеше (екіден көп) дискілер мен стерженьдерді жалғастыратын топсалар күрделі топсалар деп аталады.
1. Құрылыс құрылымдары
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан - жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп алып отыр. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттердің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын өедірумен және олардың соны жаңалықтармен оқушы қауымды таныстырып өткен жөн. Үйді қандай материалдардан салу жайы ерте замандарда - ақ адамдарды көп толғандырған. Дегннмен, бұл мәселе қай заманда болсын белгілі бір елдің экономикалық, әлеуметтік, тарихи - қоғамдық және географиялық жағдайларына тығыз байланысты дамып, өріс алып отырды. Адам баласы кірпіш, бетон және құрылыс гипсін жасауды біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын бастаған. Бұған қазіргі уақытқа дейін сақталған архитектуралық ескерткіштерді зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын салынып, осы күнге дейін сақталған дүние жүзіндегі аса ірі архитектуралық ескерткіштер, қорғандар, храмдар, тағы сол сияқты күрделі және өте көрнекті құрылыстар қардай материалдардан және қалай жасалған, олардың қандай түрлері өндірілген. Өнеркәсіптік өндіріс даму тарихы қандай - бұл мәселелер туралы әркімдер - ақ бегілі бір мағлұмат алғысы келеді. Сонымен бірге қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өнеркәсіп жолымен өндірудің ғылыми - техникалық негіздері және бұл салалардағы ең соңғы жаңалықтар туралы да білгісі келетіндер аз емес.
Құрылыс материалдарының ең маңызды және көп қолданылатын түрлері - силикат материалдары туралы мәліметтер кітабтан кең орын алған. Сол сияқты полимер материалдарының құрылыста көп пайдаланылатын жаңа түрлері жәйлі де әңгімеленген. Ерекше айта кететін бір мәселе - ол қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өндірудің ғылыми - техникалық негіздері туралы. Барлық техникалық ғылымдармен қатар құрылыс материалдары технологиясы, әсіресе, физика және химия ғылымдарының жетістіктеріне негізделген. Осыған сәйкес құрылыс материалдарының физмка - химиялық негіздері, сол сияқты бұл ғылымдарды кеңінен қолдану арқылы ғана өнеркәсіптік технологияны жетілдіруге, материалдардың сапасын көтеруге және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік туатыны кітапта талданған және тиісті мысалдар келтіріліп дәлелденген. Сонымен қатар Қазақстандағы құрылыс материалдар өнеркәсібінің өркендеу тарихы туралы да біраз мәліметтер осы еңбекте баяндалған.
Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты әр түрлі конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ал ол конструкциялар өзінің құрылыста қолданылу шартына, яғни оларға түсетін салмақты ауырлығына немесе жеңілдігіне байланысты алуан түрлі болып келетіні мәлім. Олай болса, сол конструкцияларды өз талабына сай етіп жасау үшін, оған пайдаланылатын құрылыс материалдарының құрамы да өзінің сапалық қасиеті жағынан әр түрлі болып келеді. Бұл талаптардың бәрі мемлекеттік стадарттар мен техникалық шарттарда еске алынып, нормаланады.
2. Құрылыс материалдарының түрлері
Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері бірнеше топқа бөлінеді:
Бірінші топқа физикалық қасиетер жатады. Олар: құрылыс материалдардың тығыздығы және көлемдік масса (салмағы), кеуектілігі, механткалық қасиеттері (беріктігі, қаттылығы, формасын өзгерткіштігі, т. б. ) .
Екінші топқа олардың өткізгіштік қасиеттері жатады. Мысалы, олар құрылыс материалдаррына судың, ылғалдың, ауаның және төменгі температураның қалай әскр ететінімен сипатталады. Айталық, ол заттың су тартқыштығы, су өткізгіштігі, суға беріктігі, ылғалдығы, аязға төзімділігі, т. б.
Үшінші топқа құрылыс материалдарына жылудың немесе жоғары температураның тигізетін әсері және оның беріктігін сипаттайтын қасиеттері: отқа беріктігі, отқа төзімділігі, жылу өткізгіштігі, т. б.
Төртінші топқа құрылыс материалдарының химиялық немесе коррозиялық әсерлерге төзімділігі жатады. Бұлар қышқылдардың, сітілердің, тұздардың, газдардың, т. б. құрылыс материалдарына тигізетін әсерін сипаттайды.
Бесінші топқа құрылыс материалдарының технологиялық қасиеттері жатады. Бұған заттардың кесілгіштігі, шегеленгіштігі, нормалық қоюлығы, қалыптағыштығы, т. б. жатады.
Қорытынды
Қазақстандағы құрылыс материалдары өндірісінің өсуін бірқатар проблемалар тежеді: Қазақстанда негізінен қайта бөлінуі төмен өнім өндіріледі; өнімнің көптеген түрлері өндірілмейді; негізгі құралдардың тозу деңгейі айтарлықтай жоғары; еңбек өнімділігі төмен; құрылыс материалдарының өндірісі Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында шоғырланған (өндіріс көлемінің 60%-дан астамы олардың үлесіне келеді) .
Саланың дамуына қажетті шикізат базасының болуына қарамастан, Қазақстанда негізінен цемент пен кірпіш өндірісі дамыды. 2006 - 2007 жылдары пайдаланатын цементтің 30%-ына дейін импортталды, бірақ отандық зауыттар қуатының өсуі цемент импортынан бас тартуға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz