Құрылыс секторы


Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар, құрылыс конструкцияларын рационалды пайдалану»
Орындаған: Өтепберген Гүлнұр
Тексерген: Е. Ж. Нуруллина
Орал, 2014ж.
ЖОСПАРЫ
Кіріспе
1. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар
2. Құрылыс секторы
3. Құрылыстағы бағаның және сметаның қалыптасуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Құрылыс нысандары жеке бөліктерден - конструкциялардан тұрады. Конструкция деп ғимараттың немесе күрделі құрылыстың жеке өз бетінше бөлігін айтады: іргетас, ұстындар, қабырғалар, жабындар, арқалықтар, терезе немесе есік блоктары және т. б. Конструкциялар жеке элементтерден тұратын құрама және монтаждау жерінде жасалынатын моноқұймалы болып келеді. Ғимараттардың барлық түрлерін көтеруші, қоршау және ішкі конструкциялар деп бөлінеді. Ғимараттың бөлмелерін сыртқы ортадан қорашау конструкциялармен - қабырғалармен және жабындармен оқшаулайды. Қабырғалардан есік, терезе және қақпа ойықтары, шатырдан фонарларға орындар қалдырылады. Көтеруші конструкциялар қоршау конструкциялары, көтеруші - көліктік құралдар және т. б. үшін тірек болып саналады, олар ғимаратқа түсетін барлық жүктерді қабылдайды. Ішкі конструкциялар - едендер, тасалаулар, этажеркалар, ауданшалар және қызмет сатылары, құрал-жабдықтарды іске қосу мен жөндеп отыру үшін қажет.
Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері: Құрылыс материалдарының құрамы, құрылысы және қасиеттерінің өзара байланысы. Материалдың физикалық жағдайының ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттері. Материалдардың гидрофизик-алық және жылуфизикалық қасиеттері. Механикалық қасиеттер: жүктеулер, деформациялар, кернеулер және беріктік.
- Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар
1) бетондау - болат конструкцияларының бетіне бетон қабатын жағу немесе монолиттік бетон қабықшаға құрамалы қимадағы прокаттық профильдерден болат сырықтарын орнату;
2) болат конструкциялар - элементтері әртүрлі маркалы болаттардан жасалған, салыстырмалы жеңілдігімен, конструкциялық нысандарының сан-алуандығымен, аса беріктігімен ерекшеленетін, өнеркәсіпте дайындауға және монтаждауға, басқа материалдармен үйлесімдікте пайдалануға болатын конструкциялар;
3) дәнекерлеу жиектегіші - дәнекерленетін бөліктерді дәнекерлеуге ыңғайлы жағдайға орнатуға арналған құрылғы;
4) жұмыстар жүргізу жобасы - жұмыс сызбаларының негізінде және құрылысты ұйымдастыру жобасын есепке ала отырып жасалған, онда осы объектіде негізгі жұмыстарды орындау және жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру тәсілдері көрсетілген құжат;
5) кондуктор - металл конструкциялардың жекелеген элементтерін дәнекерлеу, бұрғылау және өңдеу кезінде бөлшектерді жинау және бекіту кезінде пайдаланылатын құрал-саймандардың орналасуын анықтайтын құралдың әртүрлілігі;
6) қатерді бағалау - қатерді талдаудың және оны бағалаудың жалпы процесі;
7) құрылыс конструкциясы - белгілі бір функциялармен ғимараттың немесе құрылыстың бөлігі болып табылатын түпкілікті құрылыс өнімі;
8) металл конструкциялар - ғимараттардың және басқа инженерлік құрылыстардың қаңқаларында, үлкен аралықты жабындарда, қабырғалық және шатырлық панельдерді қаптауда ұстап тұратын ретінде қолданылатын құрылыс конструкциялары;
9) өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғамның және мемлекеттің өрттен қорғалу жай-күйі;
10) санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік - адамның мекен ету ортасына факторлардың зиянды әсері жоқ және оның тұруының қолайлы жағдайы қамтамасыз етілетін халықтың денсаулығының жай-күйі;
11) сәйкестiк презумпциясы - оған сәйкес үйлестiрiлген ұлттық стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау деп саналатын заңнамалық немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже.
- Құрылыс секторы
Құрылыс секторында нарықтық қатынастарды жүзеге асырудың өзінің ерекшеліктері бар, бір жағынан жерге байланысы, салыстырмалы ұзақ мерзім, капиталды салымдардың үлкен шығындары және т. б. болса, басқа жағынан -құрылыс қызметінің спецификалық түріне байланысты болады. Бұл дегеніміз, тұрғын үй құрылысындағы құрылыс-монтажды жұмыстар кӛбінесе аймақтық (жергілікті) нарықтарда қызмет етеді, ал ӛндістік құрылыста (әсіресе, мұнай ӛндірісінде, транспорт, энергетика және т. б. ) қызмет ететіндер аймақтық территорияда да, республика бойынша да жұмыс істейді. Сонымен қатар, экономиканың халық шаруашылығының дағдарыстық жағдайымен байланысты құрылыс нарығының ӛзінің күрделі қиындықтары бар. Құрылыс секторы -ашық ұйымдық-шаруашылық жүйе: тауарлы-ақша қатынастары жағдайынданарық субъектілері (инвесторлар, тапсырыс берушілер, мердігерлер, жобалық ұйымдар, құрылыс материалдар ӛндірісінің кәсіпорындары және т. б. ) ортақ экономикалық мүдделерін жүзеге асырады. Құрылыс нарығы жүйе ретінде келісілерді қосады:а) құрылыс нарығының субъектілері (элементтер) ; б) нарық қатынастарының объектілері; в) құрылыс сектор нарығының инфрақұрылымын; г) нарықтық механизм; д) мемлекеттік реттеу, басқару және нарықтың өзін-өзі реттеуі . Құрылыс нарығының субъектілеріне (элементтеріне) келесілер кіреді: инвесторлар, тапсырыс берушілер, мердігерлер, жобалық ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттары, құрылыс материалдар, бұйымдар мен жабдықтар өндірісінің кәсіпорындары және технологиялық, энергетикалық пен басқа жабдықтар өндіруші кәсіпорындар.
Қазақстанның құрылыс индустриясы 20-шы жылдардың соңында туындады. Қысқа мерзім аралығында республикада мықты құрылыс индустриясы құрылды, бұны келесі мәліметтер дәлелдейді: 1965 жылы Қазақстандағы құрылыс мердігерлік жұмыстар Кеңес Үкіметінің алғашқы жылдарындағы орта жылдық жұмыс мөлшерінен 150-ге және 50-шы жылдармен салыстарғанда 6-7-ге көп болды. Тәуелсіздік жылдарында республиканың құрылыс саласы өте күрделі ӛзгерістерден ӛтті. Құрылыс саласындағы әзгерістердің сипаттары бойынша соңғы жылдардышартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең (1991-1995) шаруашылық байланыстардың бұзылуымен, ұлғайған инфляциямен, потенциалды инвесторлардың қаржылық мүмкіндіктерінің тӛмендеуімен сипатталады. Құрылысқа инвестицияның қысқаруы мердігерлік жұмыстардың екі есе кемуіне әкелді. 1992 жылы инвестиция көлемі 1991 жылмен салыстарғанда екі есе азайды да, келесі жылдары да төмендей берді. Басталған жекешелндіру процесі құрылыс саласының алыптарын уақталып бӛлінуіне, жеке шағын құрылыс фирмалардың көбеюіне, құрылс кооперативтерінің пайда болуына әкелді. Осы кезең аралығында құрылыстағы мемлкеттің үлес салмағы қысқарды: мердігерлік ұйымдар саны бойынша 1991 жылы 94 %-дан (3008 дана) 11 %-ға(420) 1995 жылы. Екінші кезең (1996-1999) құрылыс саласы көрсеткіштерінің тұрақтылығымен сипатталады:-мердігерлік жұмыстар көлемі орташа 900 млн. теңге деңгейінде болды; -осы кезең аралығында республика территориясында қызмет еткен құрылыс ұйымдар саны шамамен 3000 болды, яғни 1991 жылдың деңгейінде; -жекешелендіру процестері аяқталды. Оның нәтижесі болып мемлекеттік құрылыс ұйымдарының қысқаруы болды, 1996 жылы 391-ден 1999 жылы 88 дейін, ал 1991 жылы олардың саны 3008 болған.
- Құрылыстағы бағаның және сметаның қалыптасуы
Құрылыстағы баға - бұл құрылыс ӛнімінің бір данасын ӛндіруге қажетті қоғамдық жұмыспен анықталатын ақшалай бірлік. Қазақстан Республикасында құрылыстағы бағаның қалыптасу ережелері мен смета нормалары ҚР Үкіметімен 30 қыркүйекте 2010 жылы № 1005 Жарлығымен бекітілген. Құрылыстағы бағаның және сметаның қалыптасуының ӛзінің ерекшеліктері бар. Бұл негізінен ғимараттардың индивидуалды сипатына байланысты, әсіресе гидротехникалық құрылыста, сонымен қатар нақты құрылыс шарттарыны тәуелді. Осындай жағдайлар ұлттық шаруашылықтың басқа салаларымен салыстырғанда құрылыс ӛніміне біркелкі баға бекітуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан баға индивидуалды түрде жұмыс кӛлеміне, ӛндіріс технологиясының әдістеріне және жеке жұмыс түрлерінің бағасына байланысты сметалық құжаттама негізінде есептелінеді. Құрылыс ӛнімінің құнын бағалау үшін арнайы баға қалыптастыру жүйесі құрылған. Құрылыстағы бағаны қалыптастыру жүйесі Құрылыс нормалары және ережелерінің жалпы мемлекеттік нормативтерінің СН РК 8. 02-17-2006 жеке бөлімі болып табылады. Сметалық баға капиталды салымдар, құрылысты қаржыландыру кӛлемін, құрылыс ӛнімдеріне келісім баға орнату, орындалған мердігерлік құрылыс-монтажды жұмыстарының есептеулерінің, жабдықтарды сатып алу және оларды құрылыс объектілеріне алып келу шығындарын ӛтеуінің, сонымен қатар құрама сметамен есептелген басқа да шығындарды ӛтеудің кӛлемін анықтаудың негізі болып табылады. Сметалық баға негізінде салынған объектінің баланстық құны анықталады. Сметалық баға жобаланатын объектінің технико-экономикалық кӛрсеткіштерінің, дәлелдемесінің және құрылысты жүзеге асыру шешімін қабылдаудың негізі болып табылады. Жобаланатын объектінің сметалық бағасын жоғарлату, не төмендету оның экономикалық тиімділігін дұрыс емес бағалауға әкелу мүмкін, яғни объектіні салуның мақсатқа лайықтығының нәтижелерінің бұрмалануы. Сметалық есептеулердің нақтылығы негізігі құрылыстар бойынша жобалардың, оларды салуда пайдаланылатын техника мен технологиясының сапасы мен анықтылығына, инженерлі-геологиялық ізденістерге, жұмыстарды анықтаудың дұрыстығына, болашақтағы құрылыстың ӛндірістік шарттарын дұрыс бағалау біліктілігіне байланысты болады. Ғимараттың құрылыс сметалық бағасы -оны жобалық материалдарға сәйкес жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттың сомасы. Оған құрылыс объектілерін салу шығындары, технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, жұмысты жүзеге асыруға қажетті уақытша ғимараттарды салу және құрылыс аяқталғаннан кейін қайтадан жинау, уақытша және тұрақты жол бағыттарын, электрлік беріліс линиялары салу, құрылысшыларға және эксплуатацияланатын кадрлар үшін уақытша және тұрақты поселкелер салу кіреді. Толық сметалық баға келесі шығындардан құрылады: ғимараттарды салу бойынша құрылыс-монтажды жұмыстар, технологиялық жабдықтарды монтаждау, технологиялық процестерді басқаруды автоматизациялау (Ққмж) ; технологиялық жабдықтарды сатып алу (Қжаб), жобалық ізденістер мен ғылыми-зерттеу дирекцияны қамтамасыз ету, жұмысшыларды дайындау және т. б. жұмыстарынан тұратын басқа да шығындар (Қтб) :
К = Ққмж+ Қжаб+ Қтб.
Құрылыс-монтажды жұмыстардың сметалық құны келісілген және қабылданған жекелеген жұмыс кӛлемдері бағасының негізінде анықталады. Технологиялық жабдықтардың (Қжаб) бағасы осы жабдықты ӛндіруші-зауыт бағасының негізінде немесе жабдықтаушы бағасының есептеу арқылы анықталады. Басқа да шығындар (Қтб) анықталады: жобалық ізденістер мен ғылыми-зерттеу жұмыстар сметалар, калькуляциялар немесе жұмысты орындаудағы еңбек шығындарының кӛлемдері арқылы; дирекцияны қамтамасыз ету шығындары -оның ӛндірістік-шаруашылық қызметімен, пайдаланылатын кадрларды дайындау шығындарымен байланысты шығындар сметасымен және штаттық кестемен есептелінеді. Құрылыстың ең маңызды мақсаттарының бірі оның мерзімін қысқарту және соның нәтижесінде тиімділікті жоғарлату. Осы мақсаттағы негізгі бағыт құрылыс және конструктивті-құралыстырылымдар шешімдерін жақсарту, олардың технологиялық деңгейін жоғарлату, құрылысты ұйымдастыруды жақсарту болып табылады. Аталған іс-шаралар нәтижесінде құрылыс ауданындағы жұмыс кӛлемі қысқарып, тиімділігі жоғарлайды. Есептеу әдістері мен экономикалық мазмұны бойынша құрылыс-монтажды жұмыстардың сметалық құны (Ққмж) құрылыс ӛндіріс шығындарынан және сметалық пайдадан тұрады. Жұмысты ӛндіру шығындары екі топқа бөлінеді: тікелей шығындар (Шт) және қосымша шығындар (Шқ) . Осы анықтауышқа сәйкес құрылыс ӛнімінің бір данасының (Ққмж) формуласы, немесе жұмыстың бір сметалық бағасы келесідей анықталуы мүмкін:
Ққмж= Шт+ Шқ+ Сп
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz