Психологиялық зерттеулер әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуматнитарлық академиясы

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Құжаттарды зерттеу әдістері контент анализ

Орындаған: Оқасова Т.Қ.
Тексерген: Қадіржанова Ж.Е.

Орал, 2014

Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1. Психологиялық зерттеулер әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Құжаттарды талдау әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

Кіріспе
Әдіс сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын біл- діреді, сонымен бірге болмыст ы тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Олигофренопедагогика ғылым ретінде келесі әдістерді қолданады:
бақылау, сұхбаттасу, сауалнама, психологиялық-педагогикалық зерттеу- лердің құжаттары мен тәжірибелер.
Бақылау - бақылаудың өзіне тән мақсаты мен талабы және обьектісі болады. Белгілі бір бақылау әдісі талданады. Бақылау арқылы зерттеу обьектісінен керекті ақпарат жиналады. Жиналған ақпарат интерпретация-ланады және өнделеді, сонымен қатар жазбалар жүргізіліді.
Сұхбат - өзіндік немесе қосымша әдістер арқылы жүзеге асыры-лады. Керекті ақпаратты алу мақсатында қолданылады. Сұхбат алдын ала дайындалған жоспар және сұрақтар арқылы алдына қойылған (сұрақтарға) мақсаттарға жетеді.
Сауалнама - анкета көмегімен жалпы ақпаратты жинау әдісі. Сауалнамада берілген сұрақтарға олар жазбаша жауап береді.
Психологиялық-педагогикалық құжаттарды зерттеу - білім беру процесін ұйымдастырудың шынайы қалыптасқан тәжірибесін сипаттайтын кейбір обьективті мәліметтерді алуға көмектеседі (балалардың жеке құжаттары, медициналық картасы, психологиялық-педагогикалық мінездеме, бақылау күнделіктері, сынып журналдары, оқушы күнделіктері және т.б.).6
Олигофренопедагогика ішіндегі әдістердің ерекше рөлін экспери- мент атқарады. Эксперимент - осы немесе басқа мазмұндыны арнайы ұйымдастырылған тексеріс, оның педагогикалық нәтижелігін анықтау үшін арналған әдістер немесе тәсілдер. Эксперимент төрт кезеңнен тұрады:

Негізгі бөлім
1. Психологиялық зерттеулер әдістері
Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің негізгілері - бақылау және эксперимент.
Бақылау - зерттеудің ғылыми әдісі - деректі суреттеп баянда- удан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі - психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол болуы.
Араласа бақылау - зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын қатынастар әрекетінде болуы.
Сырттай бақылау - әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ зерттеп, мәліметтер жинақтау.
Өзіндік бақылау (интроспекция) - адамның өзін-өзі бақылап, өзінің ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы.
Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістерінің арасындағы ең басты- сы - эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс- әрекетіне белсенді араласуы.
Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті - жан дүниелік іш- тей психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен сырттай бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу.
Зертханалық эксперимент - арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.
Табиғи эксперимент - еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді.
Тестілеу әдісі - адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп, анықтау.
Психологиялық тест - сыналушының жеке басының кейбір ерек- шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқамерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Құжаттарды талдау әдісі - адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалық және сандық болып ажыралады. Сапалық тал- дауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент- талдау атауын алған.
Құрастырып жобалау әдісі - осы күнгі психологиялық зерттеулер- де кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні - психикалық құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.
Сауалнама әдісі - әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең қолданылатын әдіс. Оның мәні - объектив не субъектив деректер жөнінде сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.
Өмірнамалық әдіс - кейінгі уақыттары тұлғаны зерттеуде көп қолданылатын әдістердің бірі. Мұнда жеке адамның қалыптасуындағы өзекті жағдаяттар, оның өмір жолы, дамуындағы дағдарысты кезеңдер, әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер анықталады. Адам өміріндегі күнделікті оқиғалар талданып, болашақта кезігер жағдайлар болжас- тырылады, өмірлік кестесі түзіледі, каузометриясы жасалады.
Каузометрия (лат. causa-себеп, грек. metro-өлшем) -оқиғалар арасындағы қатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық мерзім -кезеңдерінің талдауы беріледі, оқиғаларға қатысы бар жағдайлар анықталады, тұлға дамуының не тоқырауының кейбір кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады.
Жас ерекшеліктері психологиясында салыстырмалы-генетикалық әдіс қолданылуда. Бұл әдістің мәні - психикалық заңдылықтарды жеке адамның психикалық дамуының әр кезеңдерін салыстыру арқылы зерттеу.
Социометрия - әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі - бірлікті іс-әрекетке не оқиғаға араласу (араласпау) мүмкіндіктерін анықтау мақсатында шағын топтың әрбір мүшесін жеке сауалға тарту әрекеттері. Бұл әдіс нәтижелері топтағы қатынастар құрылымын гра- фикпен бейнелейтін соц иометриялық кесте, социограмма, сондай-ақ топтағы психологиялық қатынастарды сандық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеулер түрлері
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Эмперикалық әдістер
Психологияның зерттеу әдістерінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдар
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Психологиялық - педагогикалық және қалыптастырушы эксперименттер
Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны
Заң психологиясының даму тарихы
Пәндер