Әлеуметтік қолдаудың бір түрі - атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік функция
Әлеуметтік функция - Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық ретінде орнықтырумен қатар оны әлеуметтік деп жариялады. Әлеуметтік функция қоғамның көптеген салаларын қамтиды және мемлекеттің адамның әл - ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік функцияның ең негізгі мақсаты қоғамдағы байлықты халық арасында әділеттілік қағидасы негізінде бөлініп беру болып табылады. Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған қоғамдағы әлеуметтік топтарға жан - жақты қамқорлық жасауға міндет алады.
Конституцияда былай көрсетілген:
1. Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады. (28 - бап ).
Бұл норма мемлекетке қарт адамдарды, мүгедектерді, көп балалы отбасын, тастанды, жетім балаларды және тарихи отанына оралған қазақтарға көмек көрсету міндетін жүктейді. Сонымен қатар мемлекеттің Әлеуметтік функциясының ең бастапқы міндеттерінің бірі - кедейлілікпен, жұмыссыздықпен күресу болып табылады. Қазақстан 2030 бағдарламасында бұл мәселені шешуде мемлекет алдына мынандай міндеттер қойып отыр: Осы жылдардың ішінде кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:
Кіші кредиттер жүйесін енгізуге;
Шағын және орта бизнесті дамытуға;
Еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға және бұларға шетел инвициялары мен ұлттық капиталды белсенді тартуға;
Шарттар мен контракттар және бюджеттік сатып алулар кезінде жұмыспен қамту проблемаларына қатаң тұрғыдан келуге;
Қоғамдық жұмыстарды, ең алдымен жол құрылысы мен орман отырғызуды дамытуға;
Жеке кәсіпкерлікті дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілік кедергілердің бәрін алып тастауға;
Қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді белсенді дамытуға негізделеді .
Бұл міндеттер мемлекеттік әлеуметтік функциялары арқылы іс жүзіне асырылады.
Қоғам өмірінің әлеуметтік саласын еңбек, денсаулықты сақтау, білім беру, ғылым және басқа да әлеуметтік қатынастар құрайды. Қазіргі жағдайда әлеуметтік қатынастарды мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері қоғам өмірінің негізгі бағыттарына әлеуметтік жағынан жәрдемдесу болып табылады. Қалыпты әлеуметтік және экономикалық прогресс қамтамасыз етілген елдерде, әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу міндеттерін алға қояды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік функциясында қоғамымыздағы барынша мұқтаж топтары, соның ішінде 150 мың адам кіші кредиттердің көмегімен және 3,5 миллионнан аса адам (зейнеткерлерді қоса ) әлеуметтік көмек алады.
Халықты әлеуметтік қорғау әсіресе оның әл - ауқаты аз, еңбек етуге жарамсыз топтарын жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты, бетімен кеткен көші - қон процестерін жою.
Әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамның жан - жақты қамқорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады.
Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру (Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы жолдауы 28 ақпан 2007 жыл) стратегиясында - әлеуметтік саланы одан әрі жаңартудың барынша басым бағыттарынның қатарына мыналар жатады: халықтың неғұрлым әлжуаз топтарына қолдау көрсету, әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінің нарықтық экономика талаптарына сай қайта бағдарлануы, тұрғын үй құрылысы және жылжымайтын мүлік рыногын дамыту, денсаулық саласын ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға көшу т.б.
Мемлекет, бұрынғысынша, халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарына көмек, қолдау көрсету үшін қаражат аямайтын болады.
Өңірлік әскери жанжалдарға қатысушылар мен халықтың бірқатар басқа да санаттарына мемлекеттік қолдау көрсету деңгейін көтеруге болады әрі солай істеу керек деп санаймын.
Әлеуметтік құрылымдар зейнеткерлерінің зейнетақыларын төлеуде орын алған келеңсіздіктер жойылып, мұнда тиісті тәртіп орнатылуға тиіс.
Жыл сайын зейнеткерлік жәрдемақылардың мөлшері индекстеліп, арттылуда. Бұрынғы еңбек өтіліне байланысты зейнетақылық төлемдері сараланған түрде ұлғайту жүзеге асырылды, бұл бір миллионнан астам адамды қамтиды. Сондай - ақ әлеуметті құрылымдар ардагерлерінің зейнетақылары өсті. Барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер елімізде уақтылы - тиісті айында төленіп келеді.
Жеке сектордың әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қамтамасыз етуге, әсіресе білім алу мен жаңа мамандықтар беру ісіне қатыстыратын, сондай - ақ, бизнестің әлеуметтік тұрақтылықтағы жауапкершілігін күшейтетін уақыт жетті.
Нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді.
2005 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы саланың таңдап алынған стратегиялық даму бағытының негізінен дұрыс және тиімді екенін дәлелдеді.
Бұған қоса, жаңа міндеттерді есепке алып, халықаралық стандартттарға көшуді ескертетін болсақ, биылғы жылы саланың заңнамалық және әкімшілік реформалар пакетін іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтау керек деп санаймын.
Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекеші компанияларды тарту қажет.
Біз үшін ең бастысы - маңызды әрі көкейтесті өмірлік қағидаттарды іске асыру үшін қазақстандықтарға: отбасын қамсыздандыру, тұрғын үй иелену, денсаулықты нығайту, зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайлар туғызу болып табылады.
Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі болады. Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар, ең алдымен: балалар, көп балалалы аналар, ардагерлер, мүгедектер.
Ең пәрменді әлеуметтік саясат өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып келеді, әрі солай болып қала береді. Біз, ең алдымен, қандай да бір себептермен жұмысынан айырылып қалған адамдардың еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз, олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар жастар ортасында жұмысшы мамандықтарының, әсіресе өнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып, кеңінен насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет , - делінген.
Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру шараларын жүзеге асыру, - деп көрсетілген. Осы ретте көптеген аса маңызды әлеуметтік міндеттер атқарылды. Мысалы, студенттердің шәкіртақысы көбейіп, оларға білім алу гранттары мен несиелер берілді, бюджет саласының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өсті. Аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі балалары үшін ай сайынғы жәрдемақы, сондай - ақ көп балалы аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. Балалар мен жасөспірімдердің белгілі бір санаттарын тегін дәрі - дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Зейнеткерлердің жәрдемақылары көбейді. Барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер елімізде уақтылы төленіп келеді.
Биылғы жылғы Жолдауында Қазақстан халқының әл - ауқатын жақсарту жөніндегі шараларды жалғастыру көзделген, атап айтқанда, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша мән бере отырып, баланың дүниеге келу, оны күтуге байланысты мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері арттылған.
Әлеуметтік қолдаудың бір түрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық функция - барлық мемлекеттерге тән функция
Әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы
Туристік саланы дамыту перспективалары
Халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік сақтандырудың теориялық негіздері
Мәдени саясаттың модельдері
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі
Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік реттеу жолдары
Туристік қызметті мемлекеттік реттеу қағидаттарықағидаттары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы мағлұмат
Пәндер