Ұстаз ұлы тұлға



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық академиясы

Психология және педагогика
Кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Қазіргі қоғам және мұғалім

Орындаған:
Тесерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1. Ұстаз ұлы тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Мұғалімнің қызметі және оған сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 10
3.Қазіргі қоғам мұғалімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру жғдайында, адам факторын жандандыру және ізгілікті демократиялық жан-жақты дамыған жеке адамын қалыптастыруда мұғалімнің алатын рөлін көрсету. Педагогикалық еңбектің ерекшелігіне сипаттама беру, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарды түсіндіру. Мұғалімнің мәртебесі шәкірттер үшін өте жоғары. Өйткені оқушыны алғаш мектебін ашқанда қабылдайтын да, алғашқы әріп пен есепті үйрететін де, соңғы мектеппен қоштасарда да шығарып салатын да осы қарастырайын деп отырған тақырыптағы мұғалім болып табылады.
Жалпы білім беру ісін қайта құру сонымен бірге оқу тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің программалық міндетін шешу жас мамандардың кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты. Халық мұғалімі - жасөспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы - баларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адамдықты талап етеді Мұғалім - адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Тәрбие деген атаулы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызметтің ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылатыны сондықтан. Осыға орай мұғалім - тәрбиешілердің еңбегіне қоғамда зор мән берілген. Сонымен, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде адам тәрбиесі, бір жағынан, қоғамның өзіне қажетті негізгі міндеті болуымен қатар, екінші жағынан, қоғамның одан әрі алға дамуына мүмкіндік жасайтын жағдай болып табылады. Сондықтан, бұл күндері тәрбие барған сайын қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатқа айналуда.
Ұстаз -- жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы "Ұстаз -- тәрбиелеуші" ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзаттығылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейтіні Құран Кәрімнің беташар сүресінің Алланы "Рабби -- тәрбиелеуші" мағынасында ұлықтаумен басталуынан көрінеді. Мұсылмандар пайғамбары Мұхаммедке(ғ.с.) келген алғашқы уахидің де "Оқы, оқы, оқы..." деп басталуы адамды ізгілікке бастаушы ғылым-білімнің маңызын, осы ілімді шәкірт жүрегіне егуші ұстаз қызметінің маңызын аңғартады.

Негізгі бөлім
1. Ұстаз ұлы тұлға
Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші - білім деңгейімен өлше­неді. Сондықтан, әлемдік білім ке­ңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.
Бұл мәселені шешудің кілті ұс­таз қолында. Өйткені, ұстаз ел­дің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәр­бие­леу - ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы - ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы - сабақ.
Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз және білікті директор болу кімнің де болса арманы.
Менің түсінігімдегі ұстаз - рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жа­ңа­шылдықтың бастаушысы, жү­ре­гі - жылы, көңілі - дарқан адам.
Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан-Жак Руссоның Ұстаз болу - өз уақытыңды аямау, бас­қаның бақытын аялау деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.
Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам­ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен оз­ған ұстаз - еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үз­дік­сіз ізденісте болып, қоғам сұ­ра­нысына сай білімді, шығарма­шыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ой­лай­мын. Мен ұстаздықтың ауыр жү­гін арқалауды өз жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Маман ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын ба­ғалай білу.
Ал директор болсам, негізгі ұстанымым: ұстазды сыйлау, оғ­ан қамқорлық жасау, баға жетпес еңбегі мен балаға берген жүрегі үшін алғыс айту, ілтипатпен қа­рау.
Әрине, директорлық қызмет бейімділікті, біліктілікті қажет етеді. Кез келген істің қандай нә­ти­жесі оның басталуына және ұйым­дастырылуына байланысты екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Сондықтан, бүгінгі заман та­ла­­бына сай менеджер директорға тән төмендегі басқару ұстаным­дары мен қасиеттерді меңгер­ген­де ғана табысқа жетуге болады деп ойлаймын.
Алдымен адамға сене білу және сыйлау, әріптестік пен әл­еу­меттік әділділік ұстанымы, ұс­таз еңбегін байыту және ынта­лан­дыру, біліктілікті жоғарылату, үйлесімділік, шешімді ұжыммен бірге қабылдау, үнемі жаңарып отыру, кез келген қызметкермен істі талдау барысындағы қара­пай­ымдылық, басқарудың ұжым қызметкерлері қолымен іс жүр­гізу екендігін түсіну, кабинеттік басқару стиліне қарсы, мәселені өз орнында талқылауда тиянақ­ты, естуге, тыңдауға, шешім қабылдауға кезінде табандылық көрсету, орындаушыларға тап­сыр­маларды ұтымды бөле білу, қиын сәттерде кінәліні табуға ұмтылмай, кемшіліктер мен ау­ытқушылықтың қай тұстан кеткенін іздеу, бұйрық беріп, талап етудің, бақылаудың орнына сендіру және сенім білдіру, ұжымда әрқашан жағымды психология­лық ахуал қалыптастыру, басқа қызметкерлердің есебінен екінші бір қызметкерлерге жағдай жасамау, әр азаматтың сіңірген еңбе­гін ұжым алдында танып, біліп отыруға дайын болу, үнемі жа­ғымды өзгерістер жасауға ұмты­лу, жаңа идеяларға ашықтық, ұжым мүшелерінің жаңа идеялар ұсынуын дағдыға айналдыру.
Сонымен бірге, директор 4 негізгі функционалдық міндетті үнемі естен шығармауы қажет.
Бірінші, білім алушылардың өмір қауіпсіздігін және денсау­лы­ғын қамтамасыз ету, екінші, мемлекеттік білім стандартын ор­ындау, үшінші қаржылық-ша­руашылық ісінде тәртіпті сақтау, төртінші, кадр саясатын әділ жүргізе білу.
Ұстаздықтан өсіп директор болған басшылар нағыз өз істе­рінің шебері, білікті де, білімді ұйымдастырушылар деп білем. Сондықтан да, менің ой­ымша директор болуды арман­дай­тын мұ­ғалім тек қана жан-жақты жетілуді, өз ісінің шебері болуды көз­деуі тиіс.
Ұстаздық қызметте, шәкірт­термен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мә­дениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті.
Қытай философының Маған жәй айтсаң - ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын атты­руда ақпараттық-комму­никатив­тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Сапалы білім негізі - жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал­майтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұ­ғалімнің құны жоқ деп ой­лай­мын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.
Сондықтан бүгін білім бе­ру­дің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан-жақты ака­демиялық білімінің бо­луы, екіншіден, мұғалімнің өз ма­ман­ды­ғы­на деген шынайы сүй­іс­пенші­лігінің және ешқан­дай дипломмен бірге берілмейтін шығар­машылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қа­сиет­тері болуы шарт.
Мен қазір біздің елімізде қа­лыптасқан мұғалімдік маман­дық­қа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қа­был­дап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяла­ры­на жіберетін құрсаудың бұзы­лып, ұстаз мамандығы ең жоға­ры ең­бекақы төленетін үз­дік ма­мандыққа айналса деп ар­ман­дай­мын. Өйткені, жаңа ға­сыр­да ғы­лымның, техниканың, өн­дірістің қарқындап өсуі білім берудің бар­лық жүйесін жүйелі дамы­ту­ды талап етіп отыр, жаңа мүм­кін­діктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек.
Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұ­­мыс бағдарламасы жүзеге асу үс­тінде. Жастарды шетелдерде оқы­­­туға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқу­лық­тар білім беру ісіне ене бастады.
Діни танымда,халықтың мифологиялық санасында шәкірттің ұстазға бұлтақсыз мойынсұнуы мен шексіз берілуін, өз еркін ұстазға сеніп тапсыруы арқылы ақиқат ілімді иеленетіні насихатталған. Мұның бір мысалын Мұса(ғ.с.) пайғамбардың Қызыр (ғ.с.) пайғамбарға шәкірт болуынан көреміз. Демек, бұдан ұстаздың зор жауапкершілігін, оның терең ілім иесі болуымен қатар, кемел адамдық қасиеттің иесі болуы керектігін байқаймыз. Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі рухани-ақылақтық тәрбие ісінде "Ұстаз -- шәкірт" қарым-қатынасы кең тараған әрі ғылыми, ағартушылық, мәдени, кәсіптік тәрбие беру тәжірибесін рухани тәжірибемен ұштастырған ерекше жүйе болды. Қазақ халқының шәкіртті ұстаз алдына апарғанда айтылып, мәтелге айналған "Сүйегі -- менікі, еті -- сенікі" деген сөзінің астарына үңілсек осыны аңғарамыз. Бұл мәтел кеңеcтік замандағы атеистік идеологияға сай бұрмаланып түсіндіріліп келсе, герменевтикалық тұрғыдан сөз астарына үңілсек: "сүйегінің -- асылының, рухының иесі -- Алла бар, оған қиянат жасама, ал етін сомдау, яғни біліммен көркейту ұстаздың ісі" деген тұспал бар.

2. Мұғалімнің қызметі және оған сипаттама
Жақсы мұғалім -- бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.
Кейінгі уақытта бұрын қалыптасқан ережеден ауытқып, педагогикалық практика тек бітіруіні курстарда ғана өткізіліп келді. Қазіргі студенттер Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігінің 2001 жылы дайындалған мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша білім алып жатса, бұл стандартта педагогикалық практика 1-курстан басталады, Бір ерекшелігі, 2004 жылы дайындалған мемлекеттік стандартта да барлық практиканың түрлері сақталып, ол 1-курста басталып соңғы курста аяқталады.
Бұдан сал бұрын бітірген студентгерде бұл мүмкіндік болған жоқ. Мектепке тек 3-курста ғана келген студент-практиканттар бірден балалармен араласып кете алмайды, бейімделу уақыты үздікке созылды. Педагогикалық практика алдында 3-курс студенттерінен алынғак бақылау сұрақтарына алынған жауаптардан, жүргізілген әңгімелерден, мектепке баруға деген қорқынышты, сенімсіздікті, өздерінің үлкен сынға үшырауы мүмкін деген ойдың мазалауын байқадық. Студенттердің барлығы дерлік балалар өздерін қалай қабылдайды, мектеп ұжымы -- практикант балалар арасында тығыз байланыс бола ма?! Міне, студентгердің практика алдындағы ойлары осыны қамтиды. Біздің ойымызша, бұл олардың мектеппен, оқушылармен байланысының болмағандығының нәтижесі. Егер студенттер 1-курстан бастап практикада болса, жоғары курста мұндай келеңсіз құбылыстар кездеспеген болар еді, Бұған дәлел ретіндс 1-курс студенттерінің педагогикалық практикадан кейінгі нәтижелерді талдауын келтіруге болады. Олардың күнделікке түсірген ойларынан, сонымен қатар "Мектеп - бірінші курс студентінің көзқарасымен" шығармасынан көп жағдайдың мәнін білуге болады. Студенттер күндсліктеріндегі жазбаларында көргенін сипаттап, оған талдау жасамаған, ал шығармада олар өздерінің алғашқы әсерлерін ерекше көрсетіп, практиканың маныздылығын жан-жақты, өр кырынан сипаттаған.
Студенттердің барлығы да бұл практиканың дер кезінде ендірілгенін, оның қажет екенін жазады. Олардан үзінді келтірер болсақ: "... Мен мектепке оны кеше бітірген оқушы ретінде емес, мұғалім ретінде қарап және ол жерді өзімнің болашақ жұмыс орным ретінде қабылдай бастадым" десе, келссі бір студент: "Мектеп -- бұл керемет мекеме, онсыз өмір қызық болмас еді. Мен мұны практикаға барған кезден жақсы түсіндім" деп жазады.
Көптеген студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алды, өз таңдауларының дұрыстығына көздері жетті, сабақ құрылымы туралы алғашқы түсініктері қалыптасты. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренді. Осы қарым-қатынастар балалардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін, өз еңбектерінің нәтижелігін зерделеуге талпындырды. Бұл айтылғандардың барлығын студенттік аудиторияда сезіну мүмкін емсс екені айтпаса да белгілі.
Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:
- студенттсрді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;
- нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту;
- болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.
Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік.
Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс:
- оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;
- оқушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу;
- педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар, әртүрлі іс-әрекеттерде т.б.);
- оқушылардын оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу;
- балалар ұжымын алға қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігін анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру, жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау);
- мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілермен, ата-аналармен және тәрбис ісіне қатысы бар барлық адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу;
- оқу-тәрбие жұмысын бақылау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
Қоғам және ұстаз
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ
Оқу мен тәрбие үдерісіндегі әл-Фарабидің даналық сөздерін тиімді қолдану
Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты (эссе)
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
ҒҰЛАМА ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНІҢ МӘНДІЛІГІ ЖӘНЕ ӨМІРШЕҢДІГІ
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім
Тәрбиешінің тұлғалық қасиеттерін ұйымдастыруда әсерін анықтау
Пәндер