Қарттық шақтағы адамдардың жеке тұлғалық салаларының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық академиясы

Педагогика және психология
кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Қарттық шақтағы адамдардың жеке тұлғалық салаларының ерекшеліктері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік өлшемдері мен факторлары ... ..5
2. Қарттық шақтағы адамдардың жеке тұлғалық
салаларының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстанда әйелдер өмірінің ұзақтығы 80 жас болса, ал ерлер өмірінің ұзақтығы 60 жас болып табылады. Бірақ та, статистикалық мәліметтер бойынша, өлім жастық шақта немесе бөьек кезінде де келуі мүмкін. Зейнетке кету көбіне биологиялық қартаюмен сәйкес келе бермейді, және де материалдық жағдайының төмнедеуіне де алып келеді. Сондай-ақ, өмір серігінің өліміне байланысты, немесе туысқандарын жоғалтумен байланысты да дағдарыс тереңдей түсуі мүмкін.
Егер де, адам өзінің өткен өмірін жүзеге аспай қалған мүмкіндіктер мен қателесу деп санайтын болса, онды өмірдің қорытынды кезеңінде оның бойында эго-интеграцияның болуы мүмкін емес. Ал, өз кезегінде, эго-интеграцияның жоқтығы өмірді қайта жасау секілді өкінішпен байланысты өлімнен жасырынша қорқуына алып келеді. Мұндай жағдайды Э. Эриксон адамның дамуындағы өкіну-қайғыру кезеңі деп атаған.
Халықтың қартаю үдерісіне үш фактор әсер етеді, атап айтқанда басты себептері - бала туудың кемуі, өлім деңгейінің, әсіресі еңбекке қабілетті жастағы адамдар өлімінің жоғарлылығы және халықтың көші-қоны. Экономикалық бірлесіп қызмет көрсету және даму елдерінде соңғы 30 жыл ішінде орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 6 жылға әйелдерде 6,5 жасқа өсті. Біздің елімізде соңғы 10 жылда ішінде бұл көрсеткіштердің тұрақты түрдің өсу тенденциясы қалыптасқан.
Қарт адамдардың әлеуметтік- демографиялық категорияларға әлеуметтік жұмыстардың мамандары әртүрлі тұрғындағы көзқарастан анықталады: хронологиялық, әлеуметтік, бтологиялық, психологиялық, функционалдық және басқалары.
Жетпістен және одан да жоғарғы адамдар аралық халықтың 28,3 пайызын құрады. Бұл еңбекке жарамды қабілетті жастан біршама жоғары. Көп жасайтындар саланың тұрақты өсуіне байланысты. Жасы үлкен егде жастағы адамдар үшін мемлекеттің жауапкершілігі әсіресе жоғарлай түседі.
Қартаю үрдісі қарт кісілердің өмір сүру салтын өзгертеді. Қарт адамдардың психологиялық құрылымы өзгеріске ұшырайды. Бұл кезде әлеуметтік қызметкердің үлесін қосу қажет. Қоғамда қазір қарттар өз туған балаларының шапағатын таппай өмірге лайықты қамтамасыз ету бағытында әлеуметтік жұмыскерлердің шапағатын көреді. Аталған мәселелерді шешу үшін, оған қатысты теориялар негізінде дұрыс әлеуметтік жұмыстың қажеттілігін айқындау және ұсынуды қажет етеді.
Қартаю адамның құлдырауына себеп болмау керек, бұл жастың қызығы - өмірдің әрбір минутынан адам жаңа, ұмытпас құндылықтар алып отыруы керек. Қарттармен әлеуметтік жұмыс жүргізу әлекуметтік қызметкерге көптеген міндеттерді жүктейді. Сондықтанда әлеуметтік қызметкер бір салада емес, ол психолог, педагог, медициналық қызметкер ретінде қызмет атқару керек. Қарттарды әлеуметтік қорғау, оларды кедейліктен арылтуды, өмір сүру деңгейін арттыруды қарастырады. Егер бұрын қарттар үшін жауапкершілікті негізінен отбасы көтерсе, қазір көп жағдайда бұл міндет мемлекеттік және жергілікті органдарға, әлеуметтік қорғау мекемелерге жүктеліп отыр. Қазір әлеуметтік көмекке мұқтаж 15 мыңнан астам адам зейнеткерлермен мүгедектерге арналған 76 мемлекеттік стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде өмір сүріп жатыр, 33 мыңнан астам жалғызбасты қарттарға әлеуметтік қызметкерлер үйге барып қызмет көрсетеді.

1. Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік өлшемдері мен факторлары.
Адамның соңғы өмір уақытын - қартаю деп атаймыз ( 60-70 жас аралығы ). Б. Д. Бромлей қарттық кезеңнен басқа (55-70 жас аралығы) солу-қажу, 70-тен жоғары кезеңді төмендеу деп атады. Э. Эриксон бойынша, өмірдің соңғы жылдарын кемелденудің соңы деп атаймыз. Өйткені, мұндай атау адам өмірінің аяқталу кезеңінің мазмұнына көбірек сай келетін секілді. Сондай-ақ, бұл кезеңді көптеген адамдарда қартаю - қуаныш емес деген түсінігіне сай келе бермейді.
Жоғарыда айтып өткендей, кемелдік пен соңғы кемелдікті ажыратып тұратын - бұл зейнетке кету факторы болып табылады. Бұл көбіне кризистік кезеңді тудырады, яғни бұл зейнетке кету кризисі деп аталады.
Ең алдымен, әдеттегі тұрмыс салты бұзалады, адам өзін керексіз, тастанды сезініп, ендігі кезекті қоғамдық өмірге қатысы жоқтығын түсінеді. Өзінің әлеуметтік статусының төмендеуі, жылдар бойы жинақталған өмір ырғағының жоғалуы, әдетте, адамның жалпы физикалық және психологиялық жағдайының нашарлауына да әкелуі мүмкін, сондай-ақ кейбір жағдайларда өлімге де әкелуі мүмкін.
Зейнетке кету дағдарысы, әдетте, немерелерінің өзіндік-жеке өмір сүруінің бастауымен тереңдей түседі, әсіресе, өзін жанұяға арнаған әйелдер үшін. Өмірдің соңғы кезеңдерінде биологиялық қартаю процесі тез жүреді.
Физикалық күші таусыла бастайды, денсаулықтың жалпы жағдайы нашарлай бастайды, кейбір психикалық функциялардың деңгейі төмендей бастайды, ең алдымен еске сақтау процесі мен ас қорыту мүшелерінің қызметі бұзылады. Бұл регрессивті процестер адамдардың хронологиялық және биологиялық жасына сәйкес әр түрлі сәйкес пайда болып отыратын көптеген адамдарда төлқұжаттық жас психологиялық жасқа негізделіп келеді.
Э. Эриксон бойынша, қарттық кезеңде адамның көңіл бөлу фокусы болашақ туралы уайымдары өткен тәжірибеге ауыстырылады. Одан кейін психологиялық өткен шақ ұлғайып, нақты мерзімдік перспектива қысқарады. Осыменен, психологиялық қартаю, қарттық сезімінің туындауы қалыптасады.
Сондай-ақ Э. Эриксон, бұл жерде дамудың негізгі екі сызығын бөліп көрсетті. Егер де адам өзгелер туралы уайымдап, олардың жағдайларын жасап, өзгелер үшін үлгі болған болса, онда бұл адамда өткен тәжірибесінен қалған жемістерді қайта жаңғырту туралы идеялар туындауы мүмкін. Мұндай адамда өзінің бүкіл өмір барысындағы тұлғалық дамуындағы бағалау өлшеміне байланысты эго-интеграция процесі пайда болуы мүмкін. Э. Эриксонның ойынша, эго-интеграция психо-әлеуметтік кризиске қарағанда қарттық кезеңге маңызды фактор болып табылады. Егер де адамның дамуы прогрессивті сипатта болатын болса, ол өзінің бүкіл даму жолына қанағаттанып, кәсіби қызмет саласымен қатар, неке мен жанұяда да үйлесімді қатынаста болуы мүмкін.
Өзінің шеберлігінің жалғасын өзіннің ұл-қыздарын көргенде, немесе берген тәрбие, білімінің нәтижесіне қанағаттанатын болса, онда адам қарттық кезеңге көңілі толып, келер өлімнен қорықпайды. Тек осындай жағдайда ғана, Э. Эриксонның айтуынша, адам нағыз қарттыққа жете алады, сүрген өмірінің даналығын сезіне алады. Даналық - бұл өлім алдындағы өмірдің шартсыз маңыздылығын саналы түрде түсіну.

2. Қарттық шақтағы адамдардың жеке тұлғалық салаларының ерекшеліктері
Жоғарыда атап өткендей, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарттар психологиясына теориялық талдау
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Қарттар үйіндегі қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Даму психологиясы пәні мен міндеттері
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу
Әлеуметтанудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Қарттар үйіндегі адамдардың тұлғааралық қабылдауының ерекшеліктері
Психологиялық консультация жайында
Қарт адамдардың қоғамдағы орнын зерттеу
Пәндер