Өнеркәсіптің құрылымы күрделі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы

Орындаған:
Тексерген:

Орал 2012ж.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы өнеркәсіптің тарихи даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..5
2. Қазақстандағы өнеркәсіптердің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Химия және мұнай-химия өнеркәсібі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Кіріспе
Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Оның дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының даму деңгейіне де үлкен әсер етеді. Сонымен бірге оның қоршаған ортаға да әсері зор.
Өнеркәсіп - ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан құрылады:
1) өндіруші өнеркәсіп - мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;
2) өңдеуші өнеркәсіп - қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.
Өнеркәсіп - қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдық өндіріс саласы. Халық шарушылығы мен халықтың жоғары сапалы өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі, техникамен қайта жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды дамытылуы, мемлекеттің қорғаныс қабілеті өнеркәсіп тің дамуында қол жеткізілген табыстарға байланысты.ың өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді. Олар бөлшек салаларға бөлінеді. Мысалы, отын өнеркәсібі мұнай, мұнай өңдеу, көмір және газ салаларын біріктіреді. Ал жеңіл өнеркәсіптің құрамына тоқыма, тігін, тері өңдеу, аяқ киім және т.б. салалар кіреді.
Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр өнеркәсіп деп атайды (А тобы). Әсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы. Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың авангардтық үштігі деген атақ берілген. Халық түтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), Б тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіперекше орында.

Негізгі бөлім
1 Қазақстандағы өнеркәсіптің тарихи даму кезеңдері
Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсіп негізінен өте қарапайым еңбек құралдарын пайдаланатын ұсақ кәсіпшіліктер, шеберханалар мен цехтар түрінде дамыды. 1913 жылы небәрі 118 мың т мұнай, 0,1 млн т көмір өндірілді. Кеңестік дәуірде өнеркәсіпті дамыту үдерісі жедел қарқын алды.
Алғашқы бесжылдықта (1928 - 1932) өнеркәсіпке 90 млн. сом күрделі қаржы бөлінді. Бұл осының алдындағы тоғыз жылда бөлінген қаржыдан 2,5 есе көп еді. Соның нәтижесінде бесжылдықтың әр жылында өнеркәсіп өнімі орта есеппен 17% өсті. Көмір өндіру, түсті металлургия, металл өңдеу, тамақ өнеркәсіпі салалары шұғыл дамыды.
2-бесжылдықта (1932 - 1937) өнеркәсіп өнімі жыл сайын 19,5%-ға өсті. Мұндай қарқын 3-бесжылдықтың алғашқы үш жылы бойына сақталды. 1933 - 1940 жылдары республикада Шымкент қорғасын зауаты, Балқаш мыс қорыту, Ақтөбе химия комбинаттары сияқты ірі өнеркәсіп орындары қатарға қосылып, Қарағандыда көмір шахталары кешені, мұнай құбырлары, электр стансияларылары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Бұл кезеңде өнеркәсіпті дамытуға 446 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. Бұл 1920 - 1932 жылдары аралығында бөлінген қаржыдан 3,4 есе көп еді. Нәтижесінде халық шаруашылығының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімінен асып түсті.
2- ші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан өнеркәсібі.
2- ші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан өнеркәсіпті дамытуда маңызды үш міндетті шешті, олар:КСРО-ның батысынан көшірілген фабрикалар мен зауаттарды қабылдап алып, орналастыру және іске қосу; өнеркәсіпті одан әрі дамытып, жаңа объектілер салу; майданның қажетін ескере отырып, кәсіпорын номенклатурасын қайта қарау.
Соғыстан кейінгі 4-5 (1946 - 1950) республика өнеркәсіпі бейбіт жағдайға бейімделіп қайта құрылды. Өнеркәсіп өнімін қарқынды дамытудың іргетасы қаланып, оның көлемі 70%-ға өсті. Бесжылдықта (1951 - 1955) өнеркәсіп өнімі 82%-ға артты, халық шаруашылығы үшін зор маңызы бар темір кентасын, болат, көмір, электр энергиясын, машиналар мен механизмдер, өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын өндіру қарқынды жүргізілді.
6-шы (1956 - 1960) және 7-ші (1961 - 1965) бесжылдықтар.
6-шы (1956 - 1960) және 7-ші (1961 - 1965) бесжылдықтарда өндірістің құрылымдық бағытын түбегейлі түрде өзгертетін жаңа қуаттар іске қосылды. Қарағанды металлургия зауатыты мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының іске қосылуына байланысты қара металлургия өнеркәсіпінің негізі қаланып, онан әрі дами түсті; түсті металлургияда ірі-ірі кәсіпорындар қатарға қосылды; көмір өнеркәсіпінде жаңа технологиямен жабдықталған оннан астам жаңа шахталар мен қималар іске қосылды; химия өнеркәсіпі Ақтөбе хром қосындылары зауаты, Қарағанды синтетикалық каучук зауаты, Қаратау кен-химия комбинаты сияқты ірі кәсіпорындармен толықты; Маңғыстау мұнайлы аймағын игеру ісі қолға алынды; Қазақстанның шығысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңа зауаттар салынып, шығарылатын өнім түрі көбейді; жеңіл және тамақ өнеркәсіпін өркендетуде елеулі қадам жасалды. Сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында аумақтық-өндірістік кешендер қалыптаса бастады.
8-ші (1966 - 1970) және 9-шы (1971 - 1975) бесжылдықтар.
8-ші (1966 - 1970) және 9-шы (1971 - 1975) бесжылдықтар кезінде өнеркәсіп өнімінің өсу қарқыны 2,2 есе, 10-бесжылдықта (1976 - 1980) 18%-ға артты. 1980 жылдардың аяғында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1928 жылмен салыстырғанда 265 есе өсті. Мұнда өнімнің 75%-ы "А" тобынан (өндіріс құрал-жабдығын өндіру) өндірілді. Бұл кезеңде электр энергетикасы, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, металл өңдеу салалары жедел дамыды. 1980 жылы барлық өнеркәсіп өнімінің 14 бөлігі осы салалардың үлесіне тиді.
11-бесжылдықта (1981 - 1985) өнеркәсіп.
Бұдан кейінгі 11-бесжылдықта (1981 - 1985) неркәсіп өнімінің көлемі 19,4%-ға өсті. Павлодар - Екібастұз, Қаратау - Жамбыл, Маңғыстау өндірістік аумақтық кешендерінің маңызы артты. 400-ге жуық ірі өнеркәсіп орындары іске қосылды. Олардың арасында Екібастұз 1-ші МАЭС пен "Восточный" қимасы және Қарағанды кен-металлугия комб-ндағы қаңылтыр цехы, Шымкент мұнай өңдеу зауатыты сияқты өндіріс алыптары бар.
12-бесжылдық (1986 - 1990).
12-бесжылдық (1986 - 1990) кезеңінде Екібастұзда бүкілодақтық энергетика орталығы қалыптасты, оңтүстікте фосфор өндірісі өркендеді, батыста еліміздің мұнай базасын жасау, мұнайдың, газдың, полиметалл және темір кентастарының жаңа кен орындарын игеру қолға алынды. Минералдық тыңайтқыштар, түсті және қара металдар өндіруде республиканың одақтағы маңызы арта түсті.

2. Қазақстандағы өнеркәсіптердің дамуы
Қазақстандағы көмір өнеркәсібі - еліміздегі пайдаланатын отынның 12 бөлігі-көмірдің үлесіне тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.
Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады, ол
1930 жылдан бастап құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды. Қарағанды көмір алабында көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді.
* 1937 ж. Қарағанды көмір тресі 3,5 млн. т-дан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10,1% артық еді. 2-дүниежүзілік соғысқа (1941 - 45) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6 635 мың т көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ын берді. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 т-ға дейін жетті.
* Соғыс жылдарында Қазақстанда көмір өндіру көлемі шұғыл артып, жылына 12 млн. т-ға дейін (одақ бойынша 8%) өсті. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналды.
* 1945 ж. 39 шахта мен 3 тілік жұмыс істеді.
* Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 - 55) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран, Шерубайнұра тіліктерінің игерілуі, сондай-ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн. т-ға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. Көмір тіліктерінде алымы аз бір шөмішті экскаваторлардың орнына, сағатына 5 мың т көмір өндіретін көп шөмішті роторлы экскаваторлар, паровоздардың орнына электровоздар қолданылды.
* 1955 жылдан бастап Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуы елеулі кезеңге аяқ басты. Осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға берілді. Солардың бірі - жылына 50 млн. т көмір өндіретін дүние жүзіндегі ең ірі "Богатырь" тілігі. Екібастұз алабындағы көмір қоры (10 млрд. т) жер бетіне таяу жатыр әрі көмір қабаты 200 м-ге дейін жетеді. Осыған орай мұнда көмір ең тиімді ашық әдіспен қазылып алынады.
* Қазақстанда көмір өнеркәсібі орындары 1980 ж. 115 млн. т, 1985 ж. 131 млн. т көмір өндірді.
* Көмір өндіру көлемінің ең жоғары деңгейіне 1988 ж. қол жеткізілді (143 млн. т). Экономикалықреформалар жағдайында жүргізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты көмір өндіру көлемі республикада 1989 жылдан бастап (138 млн. т көмір өндірілген) азая бастады.
* 1990 ж. республикада 131 млн. т көмір өндірілген болса, 1997 ж. өндірілген көмірдің көлемі 72,6 млн. т болд
1990 - 97 ж. елде көмір өндіру көлемі 44,6%-ға құлдырады.Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңіндегі қайта құру барысында көмір өнеркәсібі саласындағы мұндай дағдарыстың өзіндік объективті себептері болды:
1. отын-энергетика кешенінің (ОЭК) жұмыс істеудегі мақсаты өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіштер көмір кәсіпорындарының әрқашан басты сипаттамалары болып есептелді, өйткені көмір стратегиялық шикізат қоры болып саналатын еді. Өнімнің сапасына назар аударылмады. Көптеген жылдар бойына бұрын іске қосылған шахталарды сақтай отырып, жаңа шахталар кең ауқымда салынып келді;
2. ОЭК жаппай мемлекеттік меншіктен (олардың қорларын, мүлкін, өнімін қоса) меншіктің түрлі нысандары мен қатынастарына (жекеше, ұжымдық, мемлекеттік, аралас) көшіріле бастады. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарта отырып, басқару қайта ұйымдастырылды, көптеген тиімсіз, залалды шахталар жабылды;
3. кәсіпорындар мен саланың қысқа және орта мерзімді саясатын әзірлеу кезінде сұраным мен оның ауытқуы негізгі нысанға айналды, яғни өндіріс көлемін анықтау үшін төлеуге қабілетті сұранымның ықпалы күшейді;
4. ОЭК өнімінің сапасы, оның экологияға тигізетін әсері бірінші орынға қойыла бастады;
5. саланы мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына, төлемнің төленбеу дағдарысына байланысты салаға жекеше және сыртқы инвестициялар тартуда қиындықтар туды;
6. энергетикалық саясатта және тиісінше елдің отын-энергетикалық балансының құрылымында да өзгерістер болды, көмірдің бұрынғысынша отын-энергетикалық баланста жетекші орын алатынына және оның экономикада стратегиялық маңызы зор екеніне қарамастан, экономиканы дамытудың жаңа басым бағыттарын белгілеуде және экспортқа бағдарланған салаларды басым дамытуда көмір өнеркәсібіне жете назар аударылмады.Саланың жағдайы 1999 жылдың 2-жартысынан бастап жақсара бастады.
Көмір өндіру көлемінің өсу қарқыны 1999 жылмен (58,2 млн. т) салыстырғанда 2000 ж. (74,8 млн. т-дай) 28,5%-ға өсті. 1995 - 2000 ж. кезеңінде Қарағанды көмір алабында көмірді ашық және жерасты тәсілдерімен өндірудің арақатынасы айтарлықтай өзгерді. Бұл кезеңде Екібастұз көмір алабының рөлі артты. Қазір республикада өндірілген көмірдің жалпы көлемінің үштен екі бөлігін Екібастұз кеншілері өндіруде. Нарықтық экономика жағдайында "Богатырь Аксес Көмір" Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, "Богатырь" кенжармасы соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түсті, осыны ескере отырып, Үкімет "Екібастұз көмірі" бағдарламасын бекітті, ал, Энергетика және минералдық қорлар минералдық "Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасын" әзірледі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған.
2001 ж. көмір экспортының жалпы көлемі 27 млн. т-дан асып түсті. Көмір өнімін шет елге шығару географиясы кеңейтілді, Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Көмір өнеркәсібі саласының өндірістік әлуеті республиканың қазіргі кезде шет елге шығарылатын көмір көлемін 30 - 35 млн. т-ға жеткізуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштеріндегі сапалы көмірдің үлесін молайту есебінен өндірілетін көмірдің құрылымын жақсартуға мүмкіндік туды.
Қарағанды, көмір алабы.Орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір ретінде қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын-кокс ретінде өнеркәсіпте қолданылады. Біраз бөлігі электр қуатын алу үшін электр стансаларында энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Кемір тереңде орналасқан, қазып алынатын орташа тереңдігі 300 метр. Сондықтан да жер астында шахталық әдіспен өндіріледі. Бұндай жағдайда өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болады. Қарағанды көмірін негізгі тұтынушылар - Қазақстан мен Ресейдін, металлургиялық зауыттары мен электр стансалары.
Екібастұз, көмір алабы. Тас көмір болғанымен, күлі көп (орташа күлділігі 43%), сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Сондықтан да тек қана энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Алаптың ерекшелігі - көмір қабатының қалыңдығы 150 метр және жер бетіне жақын орналасқандықтан ашық әдіспен өндіріледі. Соған сай өндіру құны арзан болып келеді. Богатырь, Восточный жәнө Северный кесінділерінде ашық әдіспен өте мықты роторлы экскаватормен қазып алады. Богатырь кесіндісінің қуаттылығы өте жоғары. Жылына 50 млн тонна өндіріліп, дүние жүзіндегі жетекші кесінділердің біріне жатады. Екібастұз көмірі республикамыздағы өзіндік құны ең төмен көмір. Соның нөтижесінде жан-жақты игерілуде. Оны пайдалану үшін Қазақстанның Солтүстігінде және Ресейде ірі электр стансалары (Орал және Омск) салынған.Қазіргі кездегі көмір өнеркәсібі
Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібі.Деректерге сүйенсек, еліміз аумағындағы ең алғашқы машина жасау кәсіпорны 1909 жылы Алматы қаласында (бұрынғы Верный) құрылған екен. Ол тұқым себу машинасын (сеялка) шығаратын болған. Ал өндіріс саласы ретінде Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібі Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңестер Одағының батыс және орта өңірлерінен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың негізінде қалыптасты.
Сөйтіп, Алматыда металлургиялық құрал-жабдықтар, Шымкентте автоматты сығымдау аппаратураларын, Ақтөбеде автокөлік қозғағыштарын, Ақмолада ауылшаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорындар құрылып, ондаған машина жасау зауыттары салынды. Осылай аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болып, машина жасау салаларының кешені қалыптаса бастады.
Еліміз тәуелсіздігін алар тұста Қазақстандағы машина жасау кешенінің құрамында 2500-ден аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Бірақ біз бұл саланың жалпы даму деңгейі бойынша басқа одақтас республикалардан айтарлықтай артта едік. Жалпы, өнім өндіруде Қазақстан КСРО-да үшінші орында болғанымен, машина жасауда он екінші орында тұрғаны мұның айқын дәлелі. Кешеннің құрылымы да біздің еліміз үшін қолайлы болмады: зауыттардың үштен бірі тек ескірген техникаларды жөндеумен айналысса, тағы сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Ал қалған үштен бірінің жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен құрады. 1990 жылдары сала өндіретін өнімге деген сұраныстың төмендеуінен, машина жасау кешені терең дағдарысқа ұшырады.
Жалпы, Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін еліміз аумағындағы қорғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Олар әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарды. Алматы, Орал, Зырян, Петропавл қалаларында орналасқан жетекші зауыттар орта қашықтықтағы зымырандар, әскери-теңіз флоты үшін торпедо, атқыш қару-жарақ, зымыран техникаларының микросызбаларын шығаратын. Қазір де бұл зауыттар Қазақстан мен ТМД елдерінің Қарулы күштеріне арналған өнімдер шығарады.Әрине, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс және ұдайы өндіріс мәні түрлері
Түсті металлургия
Өнеркәсіп салаларын қайта құрудағы мемлекеттік басқару органдарының ролі
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі жайлы
Ұдайы өндірістің түрлеріндегі негізгі шарттары
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі
Аймақтық өнеркәсіптік саясат
ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары туралы
Пәндер