Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

«Филология» кафедрасы

«Қоргауга жіберілді»

Кафедра меңгерушісіРаманова А. А.

Дипломдық жұмыс

тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойындарды қолдану арқылы байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістемесі

5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті»(3ж. )

Орындаған: Қажкенова Г. С.

Ғылыми жетекші: п. ғ. к. доцент Кинжекова Р. С.

Ғылыми сарапшы: БҚМУ-дың доценті ф. ғ. к. Ниязғалиева А:А:

Орал, 2012

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Ұлттық ойындарды сабақта қолданудың ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделуі

1. 1. Қазақ ұлттық ойындар проблемасының ғылыми-педагогикалық еңбектерде зерттелуі . . . 6

1. 2. Ұлттық ойындардың танымдық -тәрбиелік құндылығы, жіктелуі және оларды оқу- тәрбие үрдісінде пайдаланудың маңызы . . . 15

ІІ тарау. Ұлттық ойындарды оқыту үрдісінде пайдаланудың әдістемесі

2. 1. Қазақ тілі сабақтарында ұлттық сөз ойындарын қолданудың мүмкіндіктері мен маңызы . . . 24

2. 2. Сабақта сөз ойындарын пайдалануға бағытталған тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұны . . . 29

Қорытынды . . . 52

Әдебиеттер . . . 54

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (1999, 2007ж. ) заңында көрсетілгендей білім беру жүйелерінің басты міндеті жеке тұлғаның қалыптасып, дамуына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қажетті жағдайлар жасау болып табылады /1/.

Осы орайда айрықша зерттеп талдауды қажет ететін халқымыздың мәдени құндылықтары құрамдас бөлігінің бірі -ұлт ойындары.

Ойын арқылы адамзат баласы тіршілікті игеру, қоғамға араласу, табиғат және құбылыстарды меңгеру сатыларынан өтеді. Ойын баланы дамытады, тәрбиелейді, өсіреді. Тәрбиелеу және білім беру ісінде де ойын-негізгі құрал, тәсіл, амал.

Оқыту үрдісінде ұлттық ойындарды қолдану жөнінде соңғы уақытта көптеген ғылыми, әдістемелік әдебиеттерде айтылып келеді. Ойынның теориясы негізінде Ф. Фберель, Н. К. Крупская классификациясынан басталып, Р. С. Жуковская, Н. Е. Михайленко, Н. А. Короткова, Н. П. Нечаева зерттеулерінде жан-жақты қарастырылады. /2/

Қазіргі ұлттық ойындар проблемасын зерттеушілер: А. Бүркітбаев, Д. Жолымбетов, Е. Сағындықұлы, Ш. Ибраев, С. Қалиев, А. Құралбекұлы, А. Молдағарин, М. Тұрыскелдина, Б. Тотенаев еңбектері оны оқыту және тәрбие беруде пайдалану тұрғысынан құндылығын аша түсуде/3, 4/.

М. Тұрыскелдина, А. Бүркітбаев, Е. Төтенаев еңбектері ұлттық ойындардың практикалық мәнін көрсетіп, олардың білімділік - тәрбиелік маңызын дәлелдейді. С. Қалиев, А. Құралбекұлы,

А. Молдағарин әдістемелік зерттеулерінде ұлт ойындарын оқыту үрдісінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетуге талпынады. Жоғарыда көрсетілген еңбектер біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық негізі және практикалық нұсқасы ретінде басшылыққа алынады.

Ұлттық ойындарды пайдаланудың әдістемесін мардымды меңгермегендіктен қазақ тілін оқыту үрдісінде, өкінішке орай, біраз мұғалімдер өзінің оқу жұмысында қазақтың ұлттық ойындарын көп қолдана бермейді, Осыдан келіп бұл ойындардың мүмкіншіліктерін пайдаланбайды. Осыған орай, ұлттық ойындарды қолданудың психологиялық - педагогикалық негіздерін қарастыру, оның түрлерін айқындап, оларды оқу - тәрбие жұмысында қолданудың қажеттілігі болып отыр. Сондықтын диплом жұмысы осы өзекті мәселеге арналып отыр.

Зерттеу проблемасы:

Қоғамымыздың ертеңгі болашағы- мектеп жасындағы жас жеткіншектер. Оларды халықтық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеуге, құрметтеуге үйреткен абзал. Өз халқының мол мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін білудің адам болып қалыптасуына берер пайдасы зор. Осы бағытты ұстану үшін халқымыздың мол мұрасын оқушы санасына қондыра білуді басты мақсат-міндетіміз болуы керек.

Зерттеу мақсаты: Қазақ тілін оқыту үрдісінде қолданылатын ұлттық ойындарды мазмұндық тұрғыдан талдап, топтастыру, танымдық мүмкіндіктерін дәлелдеу, оқу процесіне енгізу.

Зерттеу міңдеттері:

Ұлттық сөз ойындары тарихына байланысты психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау, жүйелеп, тұжырымдау;

Ұлттық сөз ойындарын тәжірибеде қолдану нәтижесінде оқушыларды байланыстырып жүйелі сөйлеу, грамматикалық сөйлеу тілін бекіту, жаңа білімдік жетістіктерге жетудің деңгейін анықтау;

Ұлттық сөз ойындарын оқыту үрдісінде пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік эксперимент негізінде дәлелдеу және әдістемелік ұсынымдар дайындау.

Зерттеу жұмысының объектісі: қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ұлттық сөз ойындары

Зерттеу болжамы - Егер қазақ тілін оқыту үрдісінде ұлттық сөз ойындарын жүйелі ұйымдастырса, оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысы молаяды, грамматикалық құрылымдарды сөйлеу тілінде дұрыс қолдана біледі, сөйлеу мәдениеті қалыптасады, сөздік қоры молаяды.

Зерттеу жаңалығы :

Халық педагогикасының тағылымдарын қазақ тілі сабағында қолдану - оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар оқушының ұшқыр ойын жетілдіруге, танымпаздық және ізденімпаздық, шығармашылық сияқты оң қасиеттерге талпындырады.

Ғылымға пайдасы:

Ойынды сабақта кең қолдана отырып оқыту технологиясы -оқушылардың жақын болашақта өзіндік мінез-құлқына, ойы мен мақсатына, арманы мен қиялына, білімі мен біліктілігене жетелейтін бірден-бір жол.

Практикаға пайдасы:

  • жаңа технологиямен байланыстыра оқыту;
  • оқушыларға білімді қызықтыра отырып меңгерту.

Зерттеу жұмысының базасы :Теректі ауданы, Федеров қазақ жалпы білім беретін мектебі

І тарау. Ұлттық ойындарды сабақта қолданудың ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделуі

1. 1. Қазақ ұлттық ойындар проблемасының ғылыми -

педагогикалық еңбектерде зерттелуі

Қазақстан Республикасында білім берулегі дамытудың 2010 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында былай делінген: «Оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, сөйлеу тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуді, мінез- құлық мәдениетін, жеке гигиена және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған. »

Баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс әрекеті - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдармен олардың еңбектерімен танысады. Халқымыздың осындай тәрбие туралы және аса құнды мәдени игіліктерінің бірі - халықтық ойындар.

Қазақ халқының ойындары өте ерте туып, оның көшіп - қонған өмірінен түсінік бергендей әсер қалдырады. Олай дейтін себебіміз ойындардың көпшілігі көшпелі тұрмысқа, салт жүріске лайықталып, арнайы материалдың әзірліксіз ойнала беретіндігінде. Халықтық ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен - кішіге мұра болып жалғасып, халықтық дәстүрлі шаруашылық мәдени, өнер тіршілігінің бейнесі болып қала берген. Сонымен қатар халықтық ойындар сол халықтың өзінің ішкі байланысының ғана емес, басқа халықтармен ұлтаралық қатынастарының негізін қалаған. Осы ойындар ғасырлар бойы қоғамдық тәрбиенің баға жетпес қызметін атқарған. Тарихтың көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тот баспайтын, ескірмейтін нәрсе, өйткені күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатыны да осы ойын болып саналады. Бүгінгі таңда жеткіншек ұрпаққа гуманистік тәрбие беруде, олардың болашаққа деген нақты көзқарасын қалыптастыруда ұлттық ойындарды қолдануға жоғары баға беруге болады.

Қазақ халқының ұлттық ойындары жайындағы алғашқы деректемелерді қағаз бетіне түсіргендердің бірі-Венеция саяхатшысы Марко Поло болды. Ол өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелік тойларда болып, ойын-сауықтарды көріп, көптеген ұлт ойындарына талдау жасап, шығу тарихтарына, қалыптасу дәуірлеріне де болжам айтқан. Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қалған жоқ ересектердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысымен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды. (1. 25)

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ даласын аралаған поляк халқының өкілі революциялық күреске қатысқаны үшін Сібірге жер аударылып келіп, қазақ даласына тап болған, өзінің саяхаттары туралы «Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына жасаған саяхат туралы жазбалар» деген кітаптың авторы А. Янушкевич естен кетпейтін естеліктер жазды.

Ол еңбегінде қазақ халқының тұрмысын әр қырынан суреттей отырып, олардың өнерінің, ойын-сауықтарының өзіне қатты ұнағанын айтады.

Сонымен бірге Янушкевич халық өнерін жан-жақты сөз ете отырып, оның табиғатпен астасып, халық тұрмысымен, әдет-ғұрпымен, қоршаған ортамен байланысып жатқанын сөз етеді. Қазақ халқының фольклорлық ұлт ойындарын жинаушы этнограф Э. Диваев өзінің «Қырғыз балаларының ойыны» деген еңбектерінде, оның бала тәрбиелеудегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша жас ерекшелігіне қарай жасөспірімдерді негізінен үш топқа бөледі.

1. бір жастан жетіге дейін-нәресте

2. Жеті жастан он бес жасқа дейін -бозбала

3. Он бестен отызға дейін - жігіт

Осының негізінде қазақ ойындарын да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігіттер ойыны деп негізі үш топқа бөледі. Сонымен бірге Ә. Диваев ойыншықтар туралы айта келіп қазақтарда қыз балалар қолдан жасайтын қуыршақ пен ер балалар саздан жасайтын аңдар түрлері ғана бар екенін айтады. Сонымен бірге ұлт ойындарының тарихы туралы мәліметтерді қарттардың аузынан да жинақталған. Олар ойындар түрлерін айта келе, олардың тәрбиелік мәнін түсіндіреді. Олар: Шығыс Қазақстанда тұратын Исенов Нүрке, Семейлік Қисықов Асқар, Төлеужановтар, Омаровтар.

С. Мұқанов «Өмір мектебі» атты мемуарлық еңбегінде «Орда» атты есеппен ойланатын асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді/16/. Осы ойын туралы деректер жинаған профессор К. К. Юдохин 1940 ж. Мәскеуден шыққан «Труды института востоковедения» жинағының 2 санында, бұл 5 санымен есептеудің ерекше жолы арқылы қолданылатын логикалық ойлауға арналған күрделі ойын деп көрсетеді. сондай-ақ Б. Тотенаев «Қазақтың ұлт ойындары» деген кітабында «Абылайдың алты алаш» атты ойынды атап, ол ойын қазір ұмыт болған, бірақ мазмұны жағынан ол «Тоғыз құмалақ», «Шахмат» ойыны сияқты деген деректер береді . . .

Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т. б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. А. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазаревский, П. П. Пашин, Г. С. Запряжский, А. Шиле, А. Харунзин, А. Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов, т. б. болды делінген. Е. Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә. Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады. М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев, т. б. есімдерін атауға болады. Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б. Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.

Қай халықтың өмірінде де ұжымдық жүйеде тәрбиеленетін бала тірлігінде ойынның мазмұны бай, тақырыбы әр алуан кең болатыны белгілі. Оған тиісті педагогикалық, психологиялық бағыт-бағдар дұрыс беріліп, ол мақсатты түрде жүйелі ұйымдастырылуы тиіс.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі

Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.

Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.

1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;

2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;

3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.

4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.

Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә. Диваевтың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.

Ә. Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа - спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Ә. Диваев: «Как киргизы развлекают детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі.

Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.

Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т. б. құндылықтарға мән берілуі - халық данышпандығының белгісі.

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М. Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді: 1. Жалпы ойындар 2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;

3. Ашық алаңқайдағы ойындар; 4. Қыс мезгіліндегі ойындар; 5. Демалыс ойындары;

6. Ат үстіндегі ойындар; 7. Аттракциондық-көрініс ойындар.

Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М. Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбегі М. Гуннердің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т. б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы - халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс ғалымы А. Васильев «Игры сартовских детей» атты мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.

Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден келе жатқан дәстүрлі «Гимчук тушты бошимга» ойыны Ташкенттегі сарт балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М. Гавриловтың авторлығымен жазылған «Перепелиный спорт у Ташкентских сартов» атты мақаласына өзбек халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері уақытында «Құстар ойынын» (тауық, қаз, т. б. ) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі зерттеледі.

Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев, т. б. есімдерін атауға болады. Әсіресе М. Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған М. Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды «Казахские национальные виды спорта и игры» (Алматы, 1957) . Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойынының ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деркетеріне сүйене отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Ғалым негізінен Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын қара халқтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. М. Тәнекеевтің аталған еңбегінде таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған, ғылыми тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. М. Тәнекеевтің басшылығымен бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды. Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілдігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б. Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық ойындарының түрлері
Дене тәрбиесі және спорт
Қазақтың ұлттық ойындары және оларды насихаттау
Ұлттық ойындарға анықтама
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы
Қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш сынып дене тәрбиесі жүйесінде қолдану
Казақ спорт және туризм академиясы
Қазақ халық ойындарының зерттелуі
Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz