Қазақ халқы тарихының түпнұсқа деректерін ғыл



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
1. Қазақ қоғамының XVIII-XIX ғасырларындағы әлеуметтік-саяси ұйымдасуы мен құрылымдары тарихының мәселелері.
Көптеген орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының ХIХ ғасырдағы отаршылдық езгінің салдарынан құлдырауға ұшыраған қазақ қоғамын дәстүрлі қоғам ретінде көрсетуін біз бүгінге дейін қабылдап келеміз. Сол себепті қазақ халқы жалқау, бей-берекетсіз, қамсыз және тағы басқа да жағымсыз мінездемеге ие болып, тіпті бұл біздің ұлттық ерекшелігіміз ретінде көрсетіліп жүрген жайы да бар. Керісінше, біз келешек ұрпақты халқымыздың жауынгерлік рухы мен ерлік тарихы негізінде тәрбиелеуіміз қажет. Бұл тек дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік ұйымдасуының ерекшеліктерін дұрыс түсінгенде, соның ішінде әсіресе батырлардың рөлін қайта қарастырғанда ғана мүмкін болмақ.
Зерттеуші А.И. Першиц көшпелі халықтардың саяси құрылымының ерекшеліктерін рулық құрылымдардың басшыларының негізінен әскери көсемдер болғандығымен түсіндіреді. В.Я. Владимирцов моңғол нояндары өз биліктеріне рудың ақсақалдары ретінде емес, негізінен күшті, епті батыр ретінде қол жеткізгенін атап өтеді. С.М. Абрамзон да алғашында тек соғыс кезінде ғана ерекше рөлге ие қырғыздың әскербасы-батырларының бірте-бірте ру ақсақалдарын екінші қатарға ығыстырғаны туралы жазады. Қазақ қоғамындағы батырлардың институционализациялануы олардың тек қана жеке батыр ретінде ғана емес, би, шешен, жырау, ұлыс, ру билеушісі ретіндегі функцияларды бір қолға жинақтауынан келіп туындағанын көреміз. Белгілі зерттеуші Е.Бекмаханов XIII-XIV ғасырлардағы батырлар мен XVIII-XIX ғасырлардағы батырларды бірдей қарастыруға болмайтындығын атап көрсеткен еді.
Ресей өзінің жаңа аумақтармен бірге көшпелі және отырықшы қанша халық санына ие болғанын, олардың өмірінің экономикалық-саяси және құқықтық жақтарының негізі мен ерекшеліктері қандай екенін және қазақ халқының негізін құрайтын басқа да мәселелерді мықтап анықтап алуға тырысты. Аудандардың экономикалық тұрғыдан әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға айқын міндеттер қойылып, И.К. Кириллов бастаған алғашқы мекемелердің бірі 1734 жылы құрылды. Ол Орынбор экспедициясы деп аталды. Оған қатысушылардың есептері -- XVIII ғасыр тарихы бойынша аса құнды деректер көзі.
Қазақтар туралы олардың тарихынан, әлеуметтік құрылымынан, тұрмысынан, рухани өмірінен, салық төлеуі мен әдет-ғұрпынан бастап алуан түрлі мәліметтер бар жалпы еңбектермен қатар қазақ қоғамының саяси, экономикалық, құқықтық жақтары мен мәдениеттің түрлі тақырыптарының жекелеген мәселелерін арнайы және тереңдетіп көрсететін еңбектер де аз емес. Олардың бір бөлігі мерзімді басылымда жарияланған, ал басылымдар ауқымы қазақ халқына деген ынта-ықыласты және ол жөнінде көбірек те кеңірек білуге құштарлықты көрсетеді. XIX ғасырдағы тарихнаманың тағы бір айтулы ерекшелігі Қазақстан туралы басылымдарға қазақ қоғамы өмірінің әр түрлі жақтары туралы назар аударарлық материал жариялаған қазақ зиялылары өкілдерінің тартылуы болды.
Е.Б. Бекмаханов сұлтандар, билер, қожалар мен молдалар, байлар, тархандар, батырлар санаттары жөніндегі әлеуметтік өзгерістердің серпінін зерттеді. Бұл орайда, автордың анықтағанындай, соңғы екі санат (тархандар мен батырлар) XIX ғасырдың орта шеніне қарай өзінің экономикалық ықпалын жоғалтып, іс жүзінде өздерінің жеке әлеуметтік топ ретінде өмір сүруін тоқтатқан. Бай шаруашылығының мәніне өз көзқарастарын қорғай келіп, автор ғалымдармен екі бағыт бойынша айтысты: бір жағынан, С. Толыбековтің, С. Зимановтың байлардың XIX ғасырдан көп бұрын болғаны туралы пайымдауларына қарсы шығып, бұл көзқарасты сынаржақ деп санады; екінші жағынан, Е. Федоров пен А. Якуниннің Қазақстан экономикасындағы капиталистік қатынастарды асыра бағалап, бай шаруашылығында кедейленген ауылдастарының тегін еңбегін туыстық көмек түрімен пайдалану фактілерін елемеген қағидаларына қарсы шықты. Е. Бекмаханов қазақ ауылында патриархаттық-рулық тұрмыс сарқыншақтары сақталып, феодалдық өндіріс әдісі үстемдік еткенін дәлелдеді.
С. Толыбеков пен С. Зимановтың монографиялары Қазақстанда дәстүрлі қатынастар үстем болған кезеңдегі қазақ халқының әлеуметтік құрылымы мен шаруашылық қызметін зерттеуге үлкен үлес қосты. Олар қазақтың мал шаруашылығы жағдайындағы өндіргіш күштерді зерттеп, негізгі өндіріс құрал-жабдықтарын иелену ерекшелігін анықтады, тәуелдік нысандарын және старшындардың рулық институттарды өз мүдделеріне пайдалану принциптерін ашып көрсетті.
2. Қазақстан және Ресей ғалымдарының ортағасырлық қала мәдениеті мен тарихын зерттеудегі үлестері
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының директоры Мұрат Сыдықов өңірдегі ортағасырлық қалалар тарихын археологиялық қазбалар негізінде түбегейлі зерттеп жүрген белгілі ғалым.
Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция ғалымдары 1954 - 55 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстанның орталығы, солтүстік аймақтарын кең зерттеді. Бірқатар обалар қазылып, көптеген ескерткіштер картаға түсірілді. 1959 - 61 жылдары Ертіс-Қарағанды каналы, 1972 жылы оның Қарағанды-Жезқазған бағыты зерттелді. 1963 жылға дейінгі ғылыми зерттеулер Қазақстан ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын алған "Древняя культура Центрального Казахстана" (авторлары Марғұлан, Ақышев, Оразбаев, Қадырбаев) атты іргелі еңбекте жарияланды. Кітапта қола дәуірінің мерзімдік кезеңдері, басты белгілері, өзара сабақтастығы, қола дәуірінің ерте темір дәуіріне өтпелі кезеңінің, яғни Беғазы-Дәндібай мәдениетінің сипаттамасы, оған жалғас ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениетінің ескерткіштері де толық ғылыми сипатталды. 1979 жылы Марғұлан Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін жеке кітап етіп шығарды. 1980 - 90 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов) Атасу өзені бойындағы және Қызылтау, Ортау, Ақтау аңғарларынан ондаған ескерткіш тауып, зерттеді. Кең көлемде ашылған Атасу, Мыржық, Ақ Мұстафа, Ақмая қоныстарынан б.з.б. II мыңжылдықтың орта кезінде металл балқытқан пештер мен металл өңдеген шеберханалар табылды. Осындай пештер Ұлытау ауданындағы қазіргі кезде зерттеліп жатқан Талдысай қонысынан да табылды. Жезқазған, Балқаш, Қарқаралы, Саяқ, т.б. өңірлерден ертеде кен өндірген көптеген орындар табылды. Ерте заманда кен қазу, металл балқыту істерінің тарихы, түркі-қыпшақ замандарының тас мүсіндері қойылған қоршаулар мен обалар, ғибадатханалар Марғұлан, Қадырбаев, Құрманқұлов, С.Жауымбаев, Л.Н. Ермоленко еңбектерінде жарық көрді. Сол сияқты Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясыжетістіктері Марғұланның көп томдық шығармалар жинағына енді. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы шын мәнінде Қазақстан археологиясының өсіп, шыңдалу мектебі болды. Қазіргі кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмыстары халықараралық дәрежеге көтерілді. Оның құрамында Италия, АҚШ, Ресей археолог мамандары еңбек етуде.
1939 жылы Іле алабындағы ортағасырлық ескерткіштерді зерттеу басталды. Олардың орнын белгілеумен қатар, экспедиция Талғар және Дүнгене қалаларының үйінділеріне тікқазба (шурф) түсірді. Бұл зерттеулер солтүстік-шығыс Жетісу ортағасырлық мәдениетін тереңдете қарастыруға нақты жол ашты. Экспедиция жұмыстарын қорытындылаған мақаласында А.Н.Бернштам мұндағы отырықшылық-егіншілік мәдениеттердің даму жолдары туралы бірқатар пайымдаулар жасады. Жетісудың ежелгі және ортағасырлық археологиясына мейлінше ден қою экспедицияға қысқа мерзімде ірі көлемдегі барлау және қазба жұмыстарын жүргізуге мол мүмкіндіктер туғызды.
Жаңа материалдарды жүйелеу ортағасырлық қалалардың тарихи географиясына, соғдылықтар мен түріктердің мәдени байланыстарына, қалалардың қалыптасуына қатысты сауалдарды ғылыми тұрғыдан негіздеуге жол ашты. Мәселен, жаңа ескерткіштердің ашылуы, олардың дәлме-дәл мерзімін анықтау өз кезегінде А.Н.Бернштамға бірқатар қалаларды шынайы сәйкестендіруге мүмкіндік берді.
Ә.Х.Марғұлан орта ғасырларда Орталық Қазақстанның көшпелілер елі ғана емес, сонымен қатар отырықшы және қала мәдениеті орталықтарының бірі болғанын дәлелдеп берді. Мұнда Нұра және Сарысу алқаптарында, Ұлытау етегінен қолөнердің, сауда мен егіншіліктің орталықтары болған ортағасырлық қоныстар мен қалалардың қалдықтары табылды. Қалалар мен қоныстардың көпшілігі мыс, қалайы, күміс, қола, алтын өндіретін орындар болды.
Соғыстан кейінгі А.Н.Бернштам мен Е.И.Агеева басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедицисы (ОҚАЭ) екінші ірі экспедиция болды. Оның жұмысының қорытындысы Отырар шұраттарындағы, Шу-Талас өзендері аралығындағы, Қаратаудың солтүстік беткейіндегі, Сырдария алқабындағы қалалар мен қоныстар анықталған орындардың үлкен тобын зерттеу, картаға түсіру және хронологиясын анықтау болған еді. Қала топографиясын зерттеу мен қыш ыдыстарды сыныптау қала мәдениетінің мәдени-тарихи кезеңдерін түйіндеуге, Орта Азиямен болған қолөнер мен сауда, этносаяси байланыстардың бағытын анықтауға мүмкіндік берді.
1954 жылы Тарих, археология және этнография институты болашақта Қапшағай ГЭС-нің суы астында қалатын аймақты зерттеу мақсатында К.А.Ақышев басқарған Іле археологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Алғашқы бір маусымның өзінде-ақ экспедиция сақтар мен усундер дәуіріне жататын обалардың үлкен тобын тапты, олардың арасынан зерттеуге үлгі-өлшеуіш (эталон) ретінде Бесшатыр қорымы таңдап алынды.
Археолог К.М.Байпақов, Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары зерттелуін: ХVІ ғасырдан бастап - 1870 ж. дейін және 1870-1917 жж. аралығындағы зерттеулер деп қарастырып, ал Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі уақытты төртке бөліп қарастыру қажет деген пікірді айтады: 1) 1917-1935 жж; 2) 1936-1945 жж арлығында; 3) 1946-1959 жж; 4) 1960 ж. басталған зерттеулер . Ғалым М.Елеуов Қаратаудың солтүстік беткейіндегі қалаларды Шу, Талас өзендері бойындағы қалалармен біртұтас аймақ ретінде қарастырып, ауданның зерттелуін төртке бөліп қарастырады, олар: 1856-1935 жж. аралығында; 1936-1945 жж. және 1946 ж. бастап 1960 ж. дейін жалғасады, соңғы кезең 1960 жылдан қазірге дейін ұласады. Б.Ә.Байтанаев Испиджаб тарихи мәдени ауданының үлгісінде, аймақтың зерттелуін ХVІ ғасырдан бастап - 1917 ж. дейінгі аралықты үш кезеңге бөледі де, ал кеңестік кезеңді академик К.М.Байпақовтың пікірін қолдап, шартты түрде төртке бөледі.
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ортағасырлық қалаларды зерттеуде К.М.Байпақовтың қосқан үлесі зор. Автор, өз зерттеулерінде Сыр бойындағы қалалар - Испиджаб, Шымкент, Түркістан, Отырар, Сауран, Сығанақтың саяси тарихы, қолөнердің дамуы, суармалы егіншіліктің өркендеуі, сауда мен ақша айналымы, тұрғын үй құрылымы мәселелерін археологиялық және жазба деректер негізінде тұжырымдап, қалалардың тарихи топографиясы жайлы ауқымды зерттеулер ұсынды, сонымен қатар қала орамдары, қалаларда тұрғызылған қоғамдық құрылыс орындары, тұрғын үй және әлеуметтік құрылымы жайлы жан-жақты әрі нақты мәліметтер берді. Қалалардағы керамика өндірісі, шеберханалар, өңдеу тәсілдері, қолөнердің дамуы М.Қожаның Отырардағы керамика өндірісі атты еңбегінде жарық көрді
3. ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихын Ресей ғалымдарының зерттеулері. Ресей ғылыми қоғамдары мен мекемелеррі
Қазақ хандығы Ресей бодандығына өте бастағаннан кейін, 18 ғ-да ағылшын кескіндемешісі Джон Кэстль, 18 - 19 ғ-ларда Ресей тарихшылары (П.С.Паллас, А.И.Левшин, Н.Я. Бичурин, т.б.) өлке тарихын жан-жақты зерттей бастады. Қазақстанда тарих ғылымының жандануы 19 ғ-дың 2-жартысынан бастау алады. Ол еуропаша білім алған қазақтың тұңғыш тарихшы-ғалымы, шығыстанушысы, географы Ш.Ш.Уәлиханов есімімен тығыз байланысты. Ол қазақ, қырғыз, ұйғыр басқа да түркі тектес халықтардың тарихын зерттеді. Орыс тарихшылары мен шығыстанушылары Н.М.Карамзин, Е.М.Соловьев, В.В.Вельяминов-Зернов, әскери тарихшы М.И.Иванин, т.б. ресей елінің неліктен 250 жыл моңғол-татар езгісінде болғанын саяси-әлеум. тұрғыдан түсіндіру мақсатымен Орт. Азия халықтарын жан-жақты зерттеуге кірісті. 19 - 20 ғ-ларда Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, М.Шорманов, Құрбанғали Халид, Т.Сейдалин, А.Жантөрин, С.Нұрмұхамедов, М.Ж.Көпеев, т.б. қазақ халқының тарихы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тас дәуірінің кезеңдері
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сана
Аударманың түрлері. Аударма мәдениетаралық қарым-қатынас құралы
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
Этимологияның зерттеу объектісі және оның шығу тарихы
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы
Өлкетану деректерін жинақтау
Ұлттық мерзімді басылымдардың Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне жаңа көзқарасты қалыптастырудағы рөлі: тарихнамалық талдау (1985-2005 жж.)
Пәндер