Паскаль программалау тілінің негізі



1. Тілдің алфавиттері
2. Символдық тектер.
3. Символдық айнымалылар.
4. Стандартты функциялар.
5. Паскаль тілі программасының құрлымы жөніндегі жалпы түсінік.
6. Стандартты тектегі тұрақтылар мен айнымалыларды бейнелеу
7. Тұрақтылар.
8. Оператор бөлігінің жазылуы.
1.1. Тілдің алфавиттері
Кез келген тілдің алфавиті бар болатын сияқты Паскаль тілінің де өзіне тән алфавиті бар.
Әр түрлі текісті құру үшін пайдаланылатын қарапайым белгілерді тілдің символдары дейді.
Сондай символдардың жиынтығын тілдің алфавиті дейді.
Паскаль тілінің алфавиті төмендегі символдар тобына қамтиды:
1) латынның 26 баспа және жазба әріптері:
А,В,С,D,…,V,W,X,Y,Z,a,b,c,…,y,z;
2) араб цифорлары:0,1,2,...,8,9;
3) ұлттық әріптер (қазақ,орыс және т.б., тек түсініктеме жазу үшін апостров ішіне алып жазылады):А,Б,В,...,Э,Ю,Я,а,б,...,я;
4) арифметикалық және логикалық амал белгілері: + (қосу),- (алу),* (көбейту),/бөлу, div (бүтін санды бүтін санға бөлгенде бүтін бөлінеді),mod (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бүтін қалдық ), and (және ), or (немесе), not (жоқ);
5) арнайы символдар:
= , . , <> , : , ; , < , > , ‘ , ( , ) , [ , ] , _ бос орын және т.б. Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес саны (коды) болады, олар мемлекеттік стандарт түрінде бекітіледі. Қазіргі кезде көп жағдайларда арифметикалық стандарт коды ASCII (American standart code for Information Interchange) пайдаланып жүр.Бұл стандарт бойынша символдар былай кодталады:

0-48; А-65; а-97;
1-49; В-66; в-98;
.... .... ....
9-59; Z-90; z-122.

1.2. Кейбір түсініктер.
Тілдің алфавитін көп жағдайларда тілде пайдаланатын символдар деп те атайды. Тілдің жеке символдары арқылы тілдің белгілі мағнаны білдіретін сөздері мен сөйлемдері құрастырылады. Текістегі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұру үшін бос орын (_-пробел) немесе әртүрлі бөлгіш белгілері (жақша,қос нүкте,және т.с.с.) пайдаланылады. Бір сөзден екінші сөзді ажырату үшін бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға болады.
Орындайтын міндеттеріне байланысты, сөздерді: қызмет сөздері, атаулар және тұрақтылар деп бөледі.
Қызмет сөздері. Мағнасы алдын ала анықталып қойылған, Паскаль тілінде пайдаланылатын сөздер тобын Паскаль тілінің қызмет сөздері дейді. Мысалы,

Паскаль программалау тілі

1. Тілдің алфавиттері
2. Символдық тектер.
3. Символдық айнымалылар.
4. Стандартты функциялар.
5. Паскаль тілі программасының құрлымы жөніндегі жалпы түсінік.
6. Стандартты тектегі тұрақтылар мен айнымалыларды бейнелеу
7. Тұрақтылар.
8. Оператор бөлігінің жазылуы.

1. Тілдің алфавиттері
Кез келген тілдің алфавиті бар болатын сияқты Паскаль тілінің де
өзіне тән алфавиті бар.
Әр түрлі текісті құру үшін пайдаланылатын қарапайым белгілерді
тілдің символдары дейді.
Сондай символдардың жиынтығын тілдің алфавиті дейді.
Паскаль тілінің алфавиті төмендегі символдар тобына қамтиды:
1) латынның 26 баспа және жазба әріптері:
А,В,С,D,...,V,W,X,Y,Z,a,b,c,...,y,z;
2) араб цифорлары:0,1,2,...,8,9;
3) ұлттық әріптер (қазақ,орыс және т.б., тек түсініктеме жазу үшін
апостров ішіне алып жазылады):А,Б,В,...,Э,Ю,Я,а,б,...,я ;
4) арифметикалық және логикалық амал белгілері: + (қосу),- (алу),*
(көбейту),бөлу, div (бүтін санды бүтін санға бөлгенде бүтін
бөлінеді),mod (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бүтін қалдық ), and
(және ), or (немесе), not (жоқ);
5) арнайы символдар:
= , . , , : , ; , , , ‘ , ( , ) , [ , ] , _ бос орын және т.б.
Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес саны (коды) болады, олар
мемлекеттік стандарт түрінде бекітіледі. Қазіргі кезде көп жағдайларда
арифметикалық стандарт коды ASCII (American standart code for
Information Interchange) пайдаланып жүр.Бұл стандарт бойынша символдар
былай кодталады:

0-48; А-65; а-97;
1-49; В-66; в-98;
... ... ...
9-59; Z-90; z-122.

2. Кейбір түсініктер.
Тілдің алфавитін көп жағдайларда тілде пайдаланатын символдар деп те
атайды. Тілдің жеке символдары арқылы тілдің белгілі мағнаны
білдіретін сөздері мен сөйлемдері құрастырылады. Текістегі сөздерді
бір-бірінен ажыратып тұру үшін бос орын (_-пробел) немесе әртүрлі
бөлгіш белгілері (жақша,қос нүкте,және т.с.с.) пайдаланылады. Бір
сөзден екінші сөзді ажырату үшін бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға
болады.
Орындайтын міндеттеріне байланысты, сөздерді: қызмет сөздері,
атаулар және тұрақтылар деп бөледі.
Қызмет сөздері. Мағнасы алдын ала анықталып қойылған, Паскаль тілінде
пайдаланылатын сөздер тобын Паскаль тілінің қызмет сөздері дейді.
Мысалы, PROGRAM, VAR, BEGIN, END және тағы басқалар.Қызмет сөздерінің
толық тізімі 1-қосымшада көрсетілген.
Атау (интификатор). Атау бір обектіні белгілеуге арналады.Паскаль
тілінде атауды стандартты атаулар және пайдаланушылар атаулары деп
бөлінеді.
Стандартты атаулар –стандартты стандартты обектілерді
(стандартты функциялар,стандартты программалар және т.с.с.) белгілеуге
арналады. Мысалы, енгізу –READ,шығару-WRITE,(INPUT,OUTPUT)жә не т.с.с.
Стандартты атаулардың толық тізімі №2 қосымшада көрсетілген.
Пайдаланушылар атаулары ретінде әріптен басталатын кез келген
әріптер мен цифорлар тізбегі, сөздер тіпті сөйлемдер алынады.
Мысалы,SUMMA,A,R,A5,AB, S4,B16F және т.с.с. Пайдаланушылар атаулары
үшін стандартты атаулар пайдалануға болмайды. Егер атаулар біреу
немесе бірнеше сөзден құралса, онда олар бірге жазылуы қажет,
мысалы,kesuzhyldamdygy, мұнда атау екі сөздент құралған: kesu
zhyldamdygy.
Бұлардың бірге жазылған себебі- бос орын, сызықша, қос нүкте және т.б.
әріпке де, цифрға да жатпайды, сондықтан оларды атау ішіне енгізуге
болмайды.Атау бірнеше сөзден тұрса, олардың арасына төменгі сызықты
пайдалануға болады. Мысалы,MODUL_IUNGA және т.с.с.
Қате жазылған атаулардың кейбір түрлерін көрсетелік:
(SUMMA) -атауда “(“ , “)” пайдаланылады.
CASE -атау үшін қызмет сөзі пайдаланылады.
8A -атау әріптен басталады.
MA-4 -атауда сызықша пайдаланады.
K5 -атауда бос орын пайдаланылады.
Берілгендердің элементтері. Паскаль тілінде берілгендердің
элементтеріне тұрақтылар және айнымалылар жатады.
Паскаль тілінде тұрақтылар деп алдын ала мәні берілетін,
программа орындалуы барысында мәндерін өзгертпейтін шамаларды
айтады. Ал программа орындалуы барысында мәндері өзгеріп отыратын
шамаларды айнымалы шамалар дейді.
Түсініктеме. Программаға, оның бөліктеріне немесе жеке
операторларға түсінік беру үшін түсінік пайдаланылады. Паскаль тілінде
түсініктеме “(* “және“ )” ішіне алып жазылады. Мысалы, (*квадрат
теңдеуді шешу*).

3. Арифметикалық амалдар және өрнектер
Паскаль тілінде төмендегі арифметикалық амал белгілері
пайдаланады:
+ -қосу амалы.
- -алу (азайту) амалы.
* -көбейту амалы.
-бөлу амалы.
DIV -бүтін амалы.
MOD -бүтін бөлгендегі бүтін қалдық.

Мысалы, 5+2.5,3-6.5,2.4*27,15,-155, бұлардың сәйкес
нәтижелері:7.5,-3.5,64.8,0.2,-3.0.- 155 жағдайында бүтін сан емес, нақты
сан алынатын естен шығармау керек, ал бүтін нәтиже алу үшін DIV амалын
пайдалану қажет. Яғни: -15 DIV 5. Бүтін қалдықты табу үшін MOD амалы
пайдаланады. Мысалы, 35 MOD 6, -1 MOD 2, бұл амалдардың мәндері сәйкес 5,-
1 болады. DIV,MOD амалдары тек бүтін сандар үшін ғана пайдаланады.
Арифметикалық амал белгілері және жақшалар арқылы жалғастырылған
атауларды, сандарды және функциаларды өрнектер дейді.Мысалы, (5+7*2):1,9
және т.с.с.Паскаль тілінде арифметикалық өрнектердің мәндері есептелгенде
кәдімгі математикадағыдай, амалдар өз орындалу тәртібі бойынша, яғни:
көбейту, бөлу, бүтін бөлу, бүтін қалдық алу, қосу, азайту тәртібімен
амалдың жазылу реті бойынша орындалады.Егер өрнекте жақшалар пайдаланса,
онда алдымен жағарыда тәртіп бойынша жақша ішіндегі өрнектің мәні
табылады.

Мысалдар.
1. Мына өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдарда мәндерін есептеңдер:
А) (5+2*4):3;
Б) 8-2 + [214];
В) (2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табу;
Г) 5+2:10;
Д) (8+4):10;
Е) 88, нәтиже 1.0.
Шешуі:
А) (5+2*4)3, нәтиже4.333...;
Б) 8-2+21 DIV 4, нәтиже 11;
В) (2+3) MOD 6, нәтиже 5;
Г) 5+210, нәтиже 5.2;
Д) (8+4)10, нәтиже 1.2;
Е) 88, нәтиже 1.0.

2. Мына өрнекті Паскаль тілінде жазыңдар:
3,18-4,981,171- -0,27 *(2,7*-1,9)+5,96;

Шешуі:
(3.18-4.98)(1.171-0.27)*(2.7-1.9)+ 5.96;
3. Төмендегі өрнектің мағнасы бола ма:
А) 2.5 DIV 7.1;
Б) 7 MOD 1.2 ?
Шешуі:
А),б) мағнасы болмайды, себебі DIV және MOD амалдары тек бүтін сандар
үшін ғана пайдаланады.
Ескерту.
1. Паскаль тілінде (басқа да тілдерде) үтір орына нүкте “. “ ,нөл
орына “0 “ белгісі пайдаланады.
2. І-мысалдағы (б),[ ] белгісі математикада санның бүтін бөлігі
дегенді білдіреді.

4. Берілгендер және олардың тектері.
Паскаль тілінде тұрақтылар, айнымалылар, функциялар, өрнектер
пайдаланылады.
Берілгендердің тектері: қарапайым және күрделі болып екіге
бөлінеді.
Қарапайымға стандартты және айнымалы тектер жатады.
Стандартты тектер: INTEGER (бүтін),REAL (нақты), BOOLEAN
(логикалық), CHAR (символдық).
Айнымалы тектерді ЭЕМ-ді пайдаланушылар өздері анықтайды.Оларға
шектелген және көрсетілген тектер жатады.
Әр түрлі қарапайым типтердің комбинацияларынан құралған
құрлымды типтер күрделі типтерді береді (мысалы, массивтер, жиындар,
жазулар және файлдартиптері).
Бүтін тұрақтылылар-кез-келген нүктесіз жазылған бүтін сан.Олар
теріс “-” немесе “+” таңбалы болуы мүмкін, мысалы, 14,-356,0,4590.
Диапозны : -32768-ден 32767-ге дейін (микро ЭЕМ-дерде). Тегі бүтін
болатын айнымалыныкөрсету үшін INTEGER қызмет сөзі пайдаланады
Айнымалыларды белгілеу үшін оларға атау береді.Бүтін сандарға мына
амалдар қолданады: +,-,*, DIV (бүтін бөлу:5 DIV 2 нәтиже 2), МОD
(бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бүтін қалдық), мысалы, 5 МОD 2,
нәтиже І. МОD арқылы санның тақ немесе жұп екенін анықтауға, Х саны Y-
ке қалдықсыз бөліне ме деген сұрауға жауап беруге болады.

Мысалы:
Х МОD 2-егер нәтиже 0 болса, онда Х жұп, яғни Х саны 2-ге
қалдықсыз бөлінеді.
Х МОD Y- нәиже 0 болса , онда Х, Y-ке қалдықсыз бөлінеді.Бүтін
шамалардың бейнелену түрі былай жазылады:
атау,атау,...,атау : INTEGER;
ЭЕМ жиынында бүтін айнымалы 2 байт орын алады. Көп жағдайларда
бүтін текті INTEGER орынна byte сөзін пайдалануға болады, мұнда
айнымалы диапозоны 0 мен 255 аралығында жатады. Мұндай текті
айнымалыны компьютер жадында 1 байт орын алады.
Бейнелеу түрі: атау, атау,... : byte.
Нақты тұрақты . Паскаль тілінде нақты тұрақтылылар екі
түрде жазылады:
- сандардың үтірлері өзгермейтін түрі - m, мысалы, 25.3 ,5.0,-
16.25, т.с.с.;
- сандардың үтірлері өзгеретін түрде жазылуы mЕ Р, мұндағы m-
шартты мантисса (сан), Р-10-ның дәреже көрсеткіші (бүтін сан).
Мысалдар.
Математикада берілуі Паскаль тілінде жазылуы
4*103
4Е 3
0,62*104
0.62Е +4
-10,15*1012
-10.15Е+12
Нақты айнымалы. Нақты мәнді қабылдайтын айнымалыны бейнелеу
үшін REAL қызмет сөзі пайдаланады.
Бүтін және нақты тектерді арифметикалық тек дейді. Нақты
тектегі шамаларға div және mod амалдарынан басқа барлық арифметикалық
амалдарды орындауа болады.
Нақты сандарды диапазоны –1Е38-ден 1Е38-ге дейін. Мантиссасын
11 мәнді цифорға дейін алуға болады. Нақты сандардың бейнелеу түрі: атау,
атау,...,атау: real. Нақты айнымалылардың мәндерін ЭЕМ жадында орналастыру
үшін 6 байт орын қажет.
Логика тек.
Логикалық айнымалы (BOOLEAN) –TRUE (ақиқат) немесе FALSE
(жалған) мәндерінің бірін қабылдайды.
Логикалық берілгендер шартты тексеруге жиі пайдаланылады,
логикалық шарттарды жазу үшін , = , = , (тең емес) , белгілері
пайдаланылады.Мысалы, 53 нәтиже –TRUE; 5=3-нәтиже FALSE.
Логикалық шамаларға мына амалдарды қолдануға болады:
OR -логикалық қосу (или- немесе);
AND -логикалық көбейту (и-және);
NOT -жоққа шығару (не-жоқ). Логикалық текті шамалар былай бейнеленеді:
атау,атау,...,атау,boolean;
Мұнда айнымалы мәніне ЭЕМ жадынжа 1 байт орын беріледі.
Символдық тектер.
Символдық тұрақтылылар екі апостраф ішіне алынып жазылады.Мысалы,
‘A ‘, ‘ +‘, ‘9 ‘, қосынды s= ‘ , ‘ x= ‘ және т.с.с.
Символдық айнымалылар.
Символдық айнымалылардың тегін көрсету үшін Паскаль тілінде CHAR
қызмет сөзі пайдаланады. Символдық шамалар былай бейнеленеді: атау,
атау,...,атау: char;
Бақылау сұрақтары.
1. Паскаль тілінде алфабитіне қандай символдар енеді ?
2. Атау ретінде қандай символдар алынады ?
3. Қызмет сөздері нені білдіреді ?
4. Паскаль тілінде қандай тектер пайдаланылады ?
5. Паскаль тілінде берілгендер (тұрақтылар, айнымалылар) қалай
бейнеленеді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалау тілдері
Бағдарламалау(программалау) технологиясы
Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі
Паскаль программалау тілінің мүмкіншіліктері
Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары
TURBO PASCAL ИНТЕГРАЛДЫҚ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
Паскаль программалау тіліне жалпы түсінік
Turbo Pascal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы
Пәндер