Роза Үмбетқызы - қазақ опера өнерінің майталманы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қазақ КСР-нің халық әртісі - Роза Үмбетқызы Жаманова
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Роза Үмбетқызы Жаманова-Ұлттық операның алқызыл раушан гүлі
1.1 Роза Жаманованың өмірі мен шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Роза Үмбетқызы - қазақ опера өнерінің майталманы ... ... ... ... ... ... . ... ... ..9
1.3 Опера өнеріне сіңірген еңбегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Кіріспе
Роза Үмбетқызы 1928 жылдың 16 сәуірінде Ақтөбе қаласында туды. Әке-шешесінен ерте айырылған Роза жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Музыкаға деген сүйіспеншілікпен ол габойда ойнауды үйрене бастады. Дегенмен, оның ең ынтызарлығы фортепьяно аспабын игеруге жетеледі. Талдырмаш келген, қуыршақтай Роза оқудан бос уақытын музыка аспаптарында ойнауға арнады. Тәрбиешілер, мектеп мұғалімдері Розаның музыкаға деген жоғары қабілетін байқап, Орал музыкалық училищесіне қабылдануына жол ашты. Оның вокалдық дарындылығын сольфеджио сабағына қатысқан ұстаз А.Б. Муравьева танып Розаға бір ән айтуды ұсынды. Табиғатынан биязы қыз қанша қысылса да даусы айтарлықтай анық, жақсы шықты. Әрі қарай Роза Н.Дмитриева-Лещенконың тәрбиесіне өтеді, одан вокалдық тәжірибиенің бастапқы сабағын ала бастайды. Одан әрі ұстаздықты Б.Горский жалғастырды. Училищені үздік бітірген Роза консерваторияға қабылданды. Мұнда ол профессор А.Курганованың класынан вокалдық сабақтар алды 1953 жыл. Консерваториядағы оқу мерзімі аяқталды. Бұдан бір жыл бұрын ол дирижер Исидор Аркадьевич Зактың ақылымен Алматы опера және балет театрының дайындық тобына қабылданды. Алда опера және балет театрының солистігі өзіне тартады. Бір жыл өтер-өтпесте оған Евгений Брусиловскийдің Ер Тарғын операсындағы Ақжүніс партиясын орындау тапсырылды. Әрине бұл өнердегі оған артылған сенім үлкен.
Театр басшылары, әртістері, тыңдармандар бірден-ақ Роза Үмбетқызының сахналық пісіп жетілгендігін, дауыс диапазонының мол мүмкіншілігін байқады. Мұқан Төлебаевтың Біржан - Сарасында бас партияны орындағанда оның дарынды әншілігіне жаппай танымалдық келіп жетті.Роза Жаманованың шетелдерге гастрөлдік сапарлары жемісті өтті. Шебер әншінің орындауындағы ән тілмашты қажет етпей-ақ музыка тілінің құпиялығымен халық жүрегіне жете алды. Ол Канадада, Үндістанда, Италияда, Швецияда, т.б. да елдерде қазақ музыка өнерін, классикалық операларында партияларды аса шеберлікпен танытты.
Абай атындағы қазақтың Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1953 ж. қызмет істейді. Жаманова Жібек пен Ақжүністің (Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" және "Ер Тарғыны"), Сараның (М. Төлебаевтың "Біржан мен Сарасы"),Ажардың ( А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абайы"), Татьяна мен Иолантаның (П. И. Чайковскийдің "Евгений Онегині" мен " Иолантасы"), Амелияның (Дж. Вердидің "Балмаскарады") және т. б. опералардағы басты бейнелердің қайталанбас тұлғасын жасады. Роза Жаманова күміс ырғақты өзіндік дауысы бар әнші. Өзі сомдаған бейнелерді жете сезіну, жоғарғы вокальдық мәдениет - оның орындау мәдениетінің ерекшеліктері.
Абай операсынан Ажардың ариясы - Әні А. Жұбанов пен Л. Хамидидікі, М. Әуезовтің либреттосы, орынд. Р. Жаманова.
Роза Жаманованың тағыда бір елеулі еңбегі - оның ұстаздығы. 1987 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда профессор, вокал бойынша дәріс береді. Музыкалық жоғары оқу орындарында вокалдық әншілер үшін оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысты, ал 2008 жылдан консерваторияда ақылшы-ұстаз. Ол 1962 - 1979 жылдар аралығында Қазақ театр қоғамының төрайымы болды. 1968 жылдан Халықаралық театр институтының мүшесі. КСРО халық әртісі Роза Жаманова Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы, Парасат ордендерімен марапатталды. Сонымен қатар оған Моңғол мемлекетінің, Эстон республикасының, Шешен-Ингуш автономиялық республикасының құрмет грамоталары берілді.

1.1 Роза Жаманованың өмірі мен шығармалары
Роза Жаманова Үмбетқызы 1928 жылдың 16 сәуірінде Ақтөбе қаласында туды. Әке-шешесінен ерте айырылған Роза жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Музыкаға деген сүйіспеншілікпен ол габойда ойнауды үйрене бастады. Дегенмен, оньщ ең ынтызарлығы фортепьяно аспабын игеруге жетеледі. Талдырмаш келген, қуыршактай Роза оқудан бос уақытын музыка аспаптарында ойнауға арнады.
Ол Орал қаласындағы музыкалық мектебіндегі оқу жылдары туралы: Мен ұстаз Константин Степанович Булдиченкоға карыздармын. Ол менің тек жалаң ұстазым болып коймай, кең пейілді, әрдайым көмектесуге дайын тұратын жетекшім, үйретушім болды. Ол жас шәкірттерінің ішкі ой-сырын, көніл-күйлерін қалыптастырды, біздің алдымызға музыканың тамаша сұлулығын ашты, -- деп ұстазына бүгінге дейін табынады.
Тәрбиешілер, мектеп мұғалімдері Розаның музыкаға деген жоғары қабілетін байкап, Орал музыкалық училищесіне қабылдануына жол ашты. Оның вокалдық дарындылығын сольфеджио сабағына қатысқан ұстаз А.Б. Муравьева танып Розаға бір ән айтуды ұсынды. Табиғатынан биязы қыз қанша қысылса да даусы айтарлықтай анық, жақсы шықты. Ұстаз сол бойда: Сенің дауысын таза, жұмсақ, табиғи әдемі, -- деп оның орындаушылығын бағалады. Әрі қарай Роза Н.Дмитриева-Лещенконың тәрбиесіне өтеді, одан вокалдық тәжірибиенің бастапқы сабағын ала бастайды. Одан әрі ұстаздықты Б.Горский жалғастырды. Училищені үздік бітірген Роза консерваторияға қабылданды. Мұнда ол профессор А.Курганованың класынан вокалдық сабақтар алды. Енді габой аспабымен қоштасуға тура келді. Қазақстанның бірнеше опера әншілерін үлкен өнер жолына шығарған ұстаздың қарауында Роза бар жігерін кішкентай жұдырығына түйіп, вокалдық арияларды игеруге тырысты.
1953 жыл. Консерваториядағы оқу мерзімі аяқталды. Бұдан бір жыл бұрын ол дирижер Исидор Аркадьевич Зактың ақылымен Алматы опера және балет театрының дайындық тобына қабылданды. Алда опера және балет театрының солистігі өзіне тартады. Бір жыл өтер-өтпесте оған Евгений Брусиловскийдің Ер Тарғын операсындағы Ақжүніс партиясын орындау тапсырылды. Әрине бұл өнердегі оған артылған сенім үлкен. Театр басшылары, әртістері, тыңдармандар бірден-ақ Роза Үмбетқызының сахналық пісіп жетілгендігін, дауыс диапазонының мол мүмкіншілігін байкады. Мүқан Төлебаевтың Біржан -- Сарасында бас партияны орындағанда оның дарынды әншілігіне жаппай танымалдық келіп жетті.
Роза Жаманова опера және балет театр сахнасында опералардың барлык басты рөлдерін атқара бастады. Солардың ішінде Джако-мо Пуччинидің Чио-Чио-сан операсындағы Мадам Баттерфляй партиясының орны ерекше. Бүл опера Италияның Милан қаласында алғаш рет 1904 жылы сахнада койылды. Содан бері ол дүниежүзі елдерінің опера театрларында үздіксіз қойылып келеді. Опера Чио-Чио-сан лирикалық драма негізінде күрылған. Роза Жаманованың орындауындамүндағы партия толықкемеліне жетті. Сыртқы пішіні де үқсас, ал дауыстың драмалығы, лирикалығы, әдемілігі, ешбір мінсіз. Бұл тұста тек қана әншінің өнеріне қызығу, бас ию жеткілікті болды. Роза Жаманова бұл рөлді Мәскеудің Үлкен театрының шақыруымен сахнада орындады. Мұнда да көрермендердің тек қошамет, мақтау лебізінің тасқыны жаппай бір ауыздан білдірілді. Солис Мадам Баттерфляйдің жан тазалығын, жүріс-турысын, мінез-құлқын, бір сөзбен айтқанда әртістіктің шынайы, мөлдір шеберлігін байқатты. Оның ән салу шеберлігі, мәнері, пішіні кейіпкердің ішкі жан дүниесін ашуы, сахналық қимыл әрекеті, бәрі-бәрі түтастай үйлескен.
Роза Жаманованың опералық репертуарың тізімі 45-ке жуық. Олардың қатарында -- Е.Брусиловскийдің, М.Төлебаевтің, Л.Хренниковтың, М.Глинканың, А.Жүбанов пен Л.Хамидидің, Гуноның, Шебалиннің, Қ.Қожамияров пен Н.Тілендиевтің, Павлиашвилидің, Направниктің, Оффенбахтың, Моцарттың, Мейтустың, С.Мұхамеджановтың, Гейльфустың, Перселлдің, Г.Жұбанованың, Онеггердің, Пуленктің, Спадавекианың опералары кірді. Ол Джузеппе Вердидің Дон Карлос, Джокамо Пуччинидің Тоскасында, Леонкаволлоның Паяцысында, Моцарттың Дон Жуанында, П.Чайковскийдің Евгений Онегинінде, Иолантасында, Е.Рамадиевтің Қамар сұлуында, С. Мұхамеджановтың Айсұлуында өшпес опералық бейнелерді сомдады.
КСРО халық әртісі, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері Роза Жаманованың ұлттық опера өнерін дамытудағы ролі, сіңірген еңбегі аса жоғары. Оның биік сатыдағы музыкалық мәдениеті өзіне деген қатал талабымен, сирек кездесетін еңбекқорлығымен, шырқалған тамаша әуенді сопраналық дауысымен, вокалдык шеберлігімен танымал. Ол әлемдік, ұлттык операларда сахналак бейнелерді аса шеберлікпен сомдады. Татьянаның махаббаты, Иолантаның кешеуілдетіп тапқан бақыты, Мадам Баттерфляйды қайғы тартуы, Маргаританың тұтқиылы -- бәрі де мейлінше бабына жеткен орындаушылык деп есептеледі. Қазақ койылымдарында басты кейіпкерлер рөлін атқаруында ұлттық бояуы, мінез-күлқы, сезім патшасының, қуаныш пен өкініштің қарама-карсылығы, бақыт пен қайғының қайшылығы -- бәрі әншінің орындауында жарасымды, терең сырымен шарықтады.
1956 жылы Мәскеуде Қазақ мәдениетінің екінші онкүндігі қарсаңында Үлкен театрда өткен М.Төлебаевтың Біржан -- Сарасындағы Сараның партиясын Роза Үмбетқызы асқан шеберлікпен , әр сөзін қорғасындай құйып, сомдап шығады. Мәскеуліктер әншінің дарынын ғажайып құбылыс деп бағалады.Сол сапардан кейін Роза Жамановаға КСРО халық әртісі деген атақ беріледі. Міне, осындай жоғары атақты әнші Күләштан кейінгі алған, оның ізін басқан, қазақтың мақтанышы - Роза Үмбетқызы. Кейіннен Дж. Пуччинидің Чио-чио-сан операсындағы Мадам Баттерфляйдың партиясын Мәскеудің Үлкен театрында орындайға шақырту алады. Онда кейіпкері- Баттерфляйдың жан тазалығын, мінезін, жүріс-тұрысын шынайы шеберлікпен сомдап, тағы да көрермендердің қошеметіне бөленеді. Осылайша әнші Роза Үмбетқызы сахнаның ханшайымына айналады. Әрбір дәуірдің шығармаларына құдіретті күш бере білетін. Ой-өрісі кеңдігінің арқасында музыкалық форманы терең сезініп, тыңдаушыларын ұйыта білетін. Ол халыққа өзіне ғана мәлім кәсіби құпиясымен шығатын. Оның бұл сырға толы құпиясын ешкім шеше алмады. Орындайтын партияларын дәрігерлер секілді егжей-тегжейлі зерттеп алатын. Операның мазмұнына, әр сөзінің сырына үлкен мән беретін. Сахнада кейіпкерінің өмірін сүретін. Кейде маған бүкіл ғұмырын операға ғана арнаған сияқты көрінетін. Тіпті спектакльдің соңында тыңдармандарының көрсеткен қошеметіне иіліп, олардан өзіне ғана мәлім қателіктері үшін кешірім сұрап тұрғандай әсер қалдыратын. Жалпы бір сөзбен айтқанда, Роза Үмбетқызы өмірде өзіне сенімді, басқан қадамы нық жан еді.
Е.Брусиловскийдің Қыз -- Жібек операсы болатын. Роза Жаманова Жібектің партиясын сомдады. Сондағы қойылымда арман құшағындағы сұлу арудың бейнесін Роза Үмбетқызы өзіне тән сыпайылықпен,шынайылықпен, шеберлікпен көрерменге жеткізе білді. П.И. Чайковскийдің Евгений Онегин операсындағы Татьянаның рөлін өте табиғи, асқан шеберлікпен орындайтын.
Роза Үмбетқызының шетелдердегі гастрольдік сапарлары жемісті өтетін. Шебер әншінің орындаған шығармалары қандай мемлекетте болмасын тыңдаушыларының көңілінен шығып, жүректеріне жететін.
1.2 Роза Үмбетқызы - қазақ опера өнерінің майталманы
Қазақ елінің өнерін дәріптеген, ұлы музыканттардың сенімінен шыққан Роза Үмбетқызын театрда еркелететін.Ол сахнаға шыққанда көрермен, ұжым тұрмақ, театрдың ғимараты қуанатын. Не деген құдірет!
Ю. Мейтустың Ағайынды Ульяновтар операсындағы Мария Александровнаның образына үйінен гримін жасап, театрға жарқ етіп, тура М. Александровнаға ұқсап кіретін. Осылайша өзінен кейінгі жас әншілерге үлгі бола білді. Осындай дәрежесімен үйренуден ещқашан жалықпаған әнші бір күні қарапайымдылығы сондай маған келіп, Аиданың партиясын, Амелияның партиясын тыңдашы жоғарғы ноталары аса дұрыс шықпай жатыр, көмектесші деп өтінді.
Әрине өнер жолында көңілі қалған кездері де болды. Германиядағы театрдың гастрольдік сапарында опералардан партия орындағысы келді. Бірақ белгілі бір себептермен концерттік бағдарламаға ғана қатысып, К. Вебердің Сиқырлы мерген операсынан Агатаның ариясын айтқан.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің екінші онкүндігі Мәскеуде өтіп жатты. Соның бір көрінісін тілші былай баяндайды: Желтоқсан айы, Мәскеудің Үлкен театрында Мұқан Төлебаевтың Біржан -- Сара операсы өтпекші. Үстіне қара фрак киген жігіт дирижерлік пультке жақындады. Ол -- белгілі дирижер, Қазақ КСР халық әртісі Ғазиз Доғашев. Оның басқаруымен оркестрден даланың әні шалқи шықты. Біржан -- Сара операсы басталып та кетті. Біржанды -- Байғали Досымжанов, Сараны -- Роза Жаманова ойнап шықты. Розаның пішінінде байсалдылық, сәнділік, салтанат бар, қолында үкілі домбыра, тақиясына жараскан ақсары үкісі сәнді бұлаңдайды. Қызыл шәйіден тігілген кәжекейдің сыртында бұрымы еркелей ойнайды... Сара Біржанды айтысқа шақырып әндете женелді: ... Терең көлдің қамысты сұқсырымын, Асқактама, сал -- Біржан, Құтылмайсың бұл жолда!
Ол әр сөзін қорғасындай кұйып, сомдап соғады. Сезім оты алаулаған екі жастың ой арманы дуәтке айналды. Сараның тебіреніске түсіп, кейіпкердің жай-күйін жеткізетін жері үшінші перде. Ақ желегі желмен желбіреген Сара қыздың қияға қадалған жанарынан акын аманатын жиналған жұрт айтқызбай-ақ аңғарды.
Роза Жаманованың әншілік дарынын Мәскеулік көрермендер таңғажайып құбылыс деп таныды. Бұл Қазақстанның музыка өнерінің ғарыштай дамығандығын, әртістерінің шеберлік биіктігі Кеңес Одағы көлемінде алғы шепте екендігін айқын танытты. Әдебиет пен мәдениеттің мейрамына айналған осы жиын қортындысымен Роза Жаманова мен Ермек Серкебаевқа КСРО халык әртісі атақтары берілді. 1934 жылы мәскеуліктерді қазақтың бұлбұлы Күләш Байсейітова таңқалдырды емес пе?! Осындай биік құрметті атақ оған 22 жасында берілген. Ал Роза Жамановаға КСРО халык әртісі атағы оған Қазақ КСР халық әртісі атағынан бұрын берілді. Әрине бұл тегін емес! Өйткені, ол классикалық операларда әуен-ырғақтылықтың жоғары сатысын паш етті, вокалдық сахналық шеберліктің биігіне көтерілді.
1.3 Опера өнеріне сіңірген еңбегі
1933 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ашылып, композитор Евгений Брусиловский, Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, режиссер Жұмат Шанин, әншілер Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Күләш Байсейітова, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, биші Шара Жиенқұлова және басқа өнер майталмандары ұлттық опералық музыканың негізін қалады. Театр ұжымы 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Қыз Жібек және Жалбыр операларын көрсетті. 1940 жылы театр труппасына Ришат-Мүслім Абдуллиндер, Серғали Әбжанов, Әнуарбек Үмбетбаев, Шабал Бейсекова, Байғали Досымжанов және басқа әнші-артистер қосылды. Ал 1950 жылы осы эстафетаны талантты өнерпаздар Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова жалғастырып, алдыңғы толқынның ізін басты.
КСРО халық артисі, қазақ опера өнерінің майталманы, профессор ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz