Қоғам және ұстаз


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық академиясы
«Педагогика және психология»
кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы :
«Қоғам және ұстаз»
Орындаған:
Тексерген :
Орал, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
2. 1. ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай? . . . 5
2. 2. Қазіргі қоғам мен ұстаз . . . 10
Қорытынды . . . 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 18
Кіріспе
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та - ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, - дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет - баланы құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.
Негізгі бөлім
2. 1. ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай?
XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім - барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық.
Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі - белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі - жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз - баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, - деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема - жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. . Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын.
Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің, андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті- білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру. - адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі - рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар, əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар. Сондықтан да белгілі бір əдісті немесе іс шараларды іске асырмас бұрын мұғалімнің əдістемелік жұмысының мазмұнын анықтаған жөн. Ол үшін мұғалімнің жалпы мəдениеттілік даярлығы, əдістемелік, зерттеушілік, кəсіптік адамгершілік, тəрбиелік мəдениеті, диагностикалық жəне басқару мəдениетінің жиынтығы арқылы кəсіптік педагогикалық деңгейін зерттеу қажет. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.
ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы қадам, ауыл мұғалімдерін арнайы əлеуметтік кəсіби топ деп қарай отырып, оларды зерттеу бағытында психологиялық педагогикалық жəне əлеуметтік ілімдердің біріктірілуі қажет. Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, оның кəсіптік мəдениетінің өрістеуіне жан -жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай жасалуын ескерген жөн. Жақсы мұғалім - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты - осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
2. 2. Қазіргі қоғам мен ұстаз
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол - ұстазым Аристотель», - десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен.
Әрине, бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру аясы мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.
Ұстаздың бойындағы білім мен ақыл-ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі - шәкіртке де, ата-анаға да, жалпы жұртшылыққа да өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
«Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады», - дейді.
Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесін "ашық ақпараттық қоғамның" қадам басуымен байланыстырады. Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші рөл атқарып, ақпараттық процестерді алумен, сақтаумен, өндеумен, оларды кеңінен пайдаланумен байланысты.
Бастауыш мектепте ақпараттық басқару мәселелері тек техникалық және бағдарламалық аспектілерге, оның ішінде компьютердегі ақпаратты өндеу және сақтаумен ғана мәселе шешіліп қоймай, өзіне қатысты белгілі бір талаптары бар:
а) педагогикалық колледжде ақпаратты және ақпараттық ағымды қалыптастыру;
ә) болашақ мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекетін қалыптастыратын әдістемені өңдеу;
б) бастауыш мектеп мұгалімдерінің зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін оқу орындарындағы барлық факультеттер мен кафедраларда жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны игеруі.
Осыдан жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология оқыту үрдісінде, алдыңғы қадамда ақпаратты басқарудың сауаттылығын қалыптастыруы, берілетін білімді сауатты түрде беру, сақтау және еңдеу қажет болады.
Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың зерттеу жұмысын жүргізуге үлкен мүмкіндіктері бар. Біріншіден, бүгінгі күні зерттеу материалдарын жинақтайтын және дифференциялайтын бірқатар объектілі бағдарланған бағдарламалар бар. Екіншіден, зерттеушіге ешқандай артық шығындарды басынан өткізбейтін тестілеуді, анкеттеуді, респонденттермен әңгіме жүргізуді, статистикалық өндеуді қамтамасыз ететін компьютерлік бағдарламалар бар. Қазіргі заманда зерттеу жұмыстарын компьютерлік бағдарламалар арқылы жүргізу кең көлемде өткізілуі мүмкін. Осыдан, біз бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған электронды зерттеу жүйесін жасау қажеттілігін айқындайық.
Электронды зерттеу жүйесі инвариантты және вариативті компоненттерінен құралады.
Электронды зерттеу жүйесінің инвариантты компонентін ғылымның психология-педагогикалық жетістіктерге негізделген педагогикалық зерттеулер мәлімет базасы және электронды-білім бағдарламасы құрайды.
Электронды зерттеу жүйесінің вариативті компонентін бастауыш мектептегі болашақ мұғалімдердің педагогикалық технология негізінде орындалатын интерактивті ғылыми-зерттеу іс-әрекеті құрайды.
Электронды-білім бағдарламасы электронды зерттеу жүйесінің теориялық бөлімі болып анықталған. Ол бағдарлама зерттеу іс-әрекетіне қажетгі теориялық мәліметгерден құралған модульден тұрады.
Электронды зерттеу жүйесі болашақ мұғалімдердің зерттеу-таным логикасын қалыптастыру мақсатын көздейді.
Педагогикалық зерттеудің бірінші кезеңінде жоспарлаған зерттеу жұмысының негізгі мақсатын анықтау қажет. Ол үшін жас зерттеуші электронды зерттеу жүйесіндегі бірқатар арнайы үлгілері бар тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардың негізіне жоғарыда аталган мәлімет базасындағы педагогикалық зерттеулер алынған, олар қүндылық бағдарды қалыптастыру механизміне сәйкес іздену, тандау, жобалау сатыларынан өтеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жағдайында зерттеу жұмысының екінші кезеңінде болашақ мұғалімдер зерттеудің объектілі диапазонын айқындайды. Әрине, аталған кезең дәстүрлі жағдайда да орын алады. Бірақ, бұл кезеңнің ерекшелігі мен қиыншылығы компьютер жолдарымен болашақ маманды өзінің зерттеу жұмысының теориялық және практикалық диапазонын анықтап, тренингті жағдайға қамтылуы болса керек.
Білім беру жүйесінде зерттеу объектісі ретінде, мысалы, мектепке дейінгі тәрбие, оқу-тәрбие үрдісі, азаматтық тәрбие, рухани тәрбие, білімді ақпараттандыру, үздіксіз білім беру және т. б. Зерттеу объектісін анықтау біршама объективті және субъективті факторлармен айқындалады. Объективті факторлар: маңыздылық, мәселелердің шешілмегендігі, жаңалығы, болашақта дамуы. Субъективті факторлар: білім беру, өмірлік тәжірибе, зерттеушінің қызығушылығы, практикалық іс-әрекетпен байланысы, ғылыми жетекшісі және т. б.
Болашақ мұғалім зерттеудің ғылыми аппаратын құрастыру кезінде зерттеудің мақсаттарын айқыңцау барысында және жалпы ғылыми процедурасын жасауда бірқатар қиыншылықтарға кездеседі. Ал электронды зерттеу жүйесі барысында зерттеудің анықтау іс-әрекетін қалыптастыру төмендегідей болады.
Ол үшін зерттеу мәлімет базасынан студент болашақ зертгейтін тақырыбына жақын зерттеуді тандап алуы қажет. Содан кейін сол тандаған тақырьш бойынша түрлі тапсырмалар орындалуы тиіс. Оның ішінде зерттеу мақсатын анықтауда негізгі зерттеу терминдерді қолдану немесе берілген гипотезаны өзінің зерттеу гипотезасына жақындату, ғылыми жаңалықты құрастыру жолдарын үйрену және т. б. Барлық жоғарыда аталған әрекеттердің дұрыс немесе бұрыс екенін зерттеуші болған кезде біле алады. Өйткені барлық жауаптар алгоритмдік тәсілмен құрастырылған.
Электроңды зерттеу жүйесі болашақ мұғалімге іздену жолдарын көрсетіп отырады, мұндай процедура біржақтылықты байқатпайды, ал керісінше, шығармашылықты байқатады.
Бізге белгілі жай, жас зерттеуші зерттеу жолына түсу кезінде ғылыми жетекшісімен немесе арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауы қажет. Басқа барлығымызға белгілі жолдар бүгінгі күні жоқ. Ал электронды зерттеу жүйесімен жұмыс жасау барысында жас зертеуші психологаялық немесе тағы басқа қиындықтардан өтеді. Өйткені, ол жеке өзімен-өзі жаттығып, қажетті деңгейге дейін көтеріліп, содан кейін ғана ғылыми жетекшіге немесе ғылыми кеңесшіге келіп сауалдарына жауап алады. Яғни студент электронды зерттеу жүйесімен жұмыс барысында қызметтің субъективті-объективті қарым-қатынасына қамтылған.
Педагогикалық зерттеудің екінші кезеңінде болашақ мүғалімнің зерттеудің теориясын . Оның мәні абстракті теориялық психология-педагогикалық ұғымдарды зерттеу барысында түсінікті етіп өңдеу, яғни концептуалды деңгейден операционалды деңгейге көшу.
Біздің ойымызша, оперрационализациялау кезеңі зерттеу процесінің негізгі компоненттерін қамтыды. Оның мазмұнына іс-әрекеттің жоспары кіреді, өйткені мұндай бақылаудың графикалық жүргізілуі тиімді нәтиже алуға мүмкіндік береді.
Келесі кезеңнің аталуы - педагогикалық экспериментгің жүргізу технологиясы. Бұл - адекватты зерттеу әдістерін таңдау болып табылады. Біріншіден, болашақ мұғалім электронды-білім бағдарламасының зерттеу әдістерінің классификациясымен танысады, олардың әрқайсысының мәнін қарастырады. Электронды-білім бағдарлама гипермәтінінде аналитикалық, процедуралық, ғылыми-зерттеу мәліметтер және бейнефрагменттер көрсетілген. Бұл кезеңде болашақ мұғалім өзінің зерттеуінің даму стратегиясын, жоспары мен механизмін айқындауға дайындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz