Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық академиясы
«Педагогика және психология»
кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы :
«Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері»
Орындаған: Биназарова Ш. А.
Тексерген :
Орал, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері . . . 5
2. Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық ерекшелігі . . . 7
Қорытынды . . . 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 13
Кіріспе
Бала психологиясының негізін қалаған - неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) - Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні - балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау.
Бала психологиясы үшін басты мәселе - баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы) . Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты.
Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т. б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым - педалогия.
Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психология концепцияларды өмірге әкелді.
Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік те, шет елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды бөледі:
1) дамудың қажетті шарттары;
2) психикалық дамудың көзі;
3) психикалық дамудың қозғаушы күштері.
1. Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық
даму ерекшеліктері
Мектепке келген бастап, баланың психологиялық даму деңгейі жекелік ерекшеліктерінің дамуы ұлғая бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен олардың ақыл-ой, моральдық даму деңгейлерінің көріністерінен байқалады. Олар ортақ нұсқаулар және психодиагностикалық жағдайларға түрліше әсерлене алады. Кейбір балалардың көзқарастары өз деңгейінде қалыптасқан, психодиагностика тапсырмаларын қиналмастан орындайды, ал кейбір балалар әлсіз дамып келе жатқан балалар мектепке дейінгі тапсырмаларды ғана орындайды. Сондықтан да кіші мектеп жасындағы балаларға қандай да бір психодиагностикалық әдістемені пайдаланбас бұрын, психологиялық даму деңгейін шынайы бағалау үшін, баланың ақыл-ой деңгейіне сәйкестігін, тіпті жеңіл болып кетпеуін қадағалау қажет.
6-7 жастағы балалардың мектепте оқуға даярлығын қарастыратын болсақ, орта есеппен алғанда олардың 50-80% қандай да бір ерекшелігі және кіші мектеп бағдарламасы бойынша материалдарды толық игеруге, жалпы мектепте оқуға әлі дайын болмайды. Көпшілігі дене бітімі бойынша оқуға дайын болса, психологиялық даму деңгейі бойынша мектепке дейінгі баланың деңгейіне сәйкес болып тұрады. Егер мұндай балаға жеткілікті күрделі, жас ерекшелігіне сәйкес ырықты, ырықсыз зейін, есте сақтау және қиялға арналған психологиялық тест ұсынсақ, бала оны орындай алмайды.
Шет елдік психологияда қазіргі күнге дейін бірқатар бағыттар үшін жетекші принцип ретінде адам психикасының биологизация болып келді, яғни әлеуметтік пенде ретінде адам психикасының сапалық өзгешелігін елемеу.
Психикалық дамудың биологизаторлық теориялары Европа мен Америкада 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында пайда болды. Оның мәні: адам психикасы биологиялық шартталған, яғни психикалық ерекшеліктер (жаңа құрылымдар, интеллектуалдық қабілеттер, мінез туа берілген болып табылады) және даму осы туа берілген қасиеттердің пісіп жетілуі болып келеді. Даму кезеңдерінің алмасуы, қандай да бір психикалық процестер мен қасиеттердің пайда болу тәртібі, олардың даму барысында жететін деңгейлері - бұлардың барлығы алдын ала туқым қуалау арқылы анық болып келеді, яғни туқым қуалаушылық биологиялық фактор ретінде, психикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.
Социлогизаторлық теорияларда, керісінше, психикалық дамудың жалғыз ғана критерийі әлеуметтік орта, сыртқы жадайлар болып табылады. Бала дүниеге келгенде «таза тақтайдай» болады, және де сыртқы жағдайлардың әсерінен адамға тән барлық психикалық сапалар дамиды.
Баланың қоршаған дүниеге деген қатынасының ерекшелігінен: бұл оған деген белсенді, әрекеттік қатынас, заттарды белсенді иегру, олармен әрекеттену тәсілдерін үйрену.
Баланың айналасындағы балаларға деген қатынасының ерекшелігінен: бала өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас арқасында адам ретінде дамиды, бұл жерде тілді меңгеру елеулі мәнге ие. Үлкендерді балаларды тәрбиелей және оқыта отырып, оның іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді. Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.
2. Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық
ерекшелігі
Балалардың мектепке алғаш келгеннен бастап, олардың психологиялық даму деңгейлерінің жеке айырмашылықтары көрінеді. Бұл айырмашылықтар иннтелектуалдық, мораьдік дамуларына байланысты балалардың бір-бірінен ерекшеленулерінен көрінеді. Олар бір инструкцияны және психодиагностикалық жағдайды әртүрлі қабылдайды.
Мектепке оқуға келген кейбір балалар ересек адамдардың психодиагностикасына арналған тестерді меңгерсе, басқалары аз дамығандары - 4-6 жастағы балаларға арналған әдістерін ғана меңгереді. Бұл әсіресе қоршаған ортада балалардың вербальді өзін-өзі бағалауында және әртүрлі саналық күрделі бағалауда қолданылатын психодиагностикалық әдістерге арналған. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағы балаларға осы немесе басқа психодиагностикалық әдістерді қолданбас бұрын, оның балаларға интеллектуалді және баланың психологиялық даму деңгейін бағалауда өте қарапайым емес екендігіне көз жеткізу қажет.
6-7 жастағы балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындығына байланысты эмперикалық берілгендері бойынша 55%-тен 80%-ке дейін мектепке оқуға және бастауыш сынып бағдарламаларын толық меңгеруге әлі дайын емес. Кейбірі өзінің физикалық жасымен оқуға дайын, ал психологиялық дамуы жағынан мектепке дейінгі баланың деңгейінде яғни 5-6 жаста. Егер мұндай балаға жеткілікті қиын бірақ қызықсыз, дамыған ерікті, көңіл аударуды, есте сақтауды талап ететін психологиялық тестті ұсынса, онда бала бұл тапсырманы орындай алмайды.
Психологиялық даму деңгейлерінің төмендігіне байланысты. Егер керісінше осы тест тапсырмаларын балаға ойынды - қызықты формада ұсынса тест нәтижесі өте жоғары болуы ықтимал. Бұл жағдайда әсіресе 1 және 2 сыныпқа келген балалардың психодиагностикасын зерттеуде ескеру керек. 3-4 сыныптар психодиагностикасынан ересек адамдарға арналған бірақ тест тапсырмалары балалараға қол жеткізерлік тесттер пайдаланылады. Қол жеткізерлік туралы айтқанда, біз осы жағдайды бұл тапсырмалардың балалардың қабілетіне сәйкес болуын айтамыз. Тестке деген қызығушылық және жоғары мотивация болса оның нәтижесі жоғары болады.
Әр жас кезеңнің өзіне тән дене психикалық әлеуметтік даму деңгейі боладыБастауыш мектеп оқушыларының психика -педагогикалық ерекшеліктері:
1. Жүйке жүйесі жетіле түседі. Психикасы жедел дамуға келеді. Тежелу кемде де қозуы күшті.
2. Танымдық іс-әрекетті тікелей оқумен байланысты.
3. Қабылдау тұрақсыз, ұйымдаспаған, көрнекі қызығушылық басым.
4. Зейіні ырықсыз, тұрақтылығы кем, шектелген.
5. Ойлауы бастапқыда көңіл шарпуы (эмоция) мен бейнелі негізде, кейін дерексіз (абстракция) - логикалық кейіпке келе бастайды, тіл дамуымен бірге жүреді.
6. Ес қызықты, нақты, жарқын материалға бейімдеу, көрнекі бейнелі сипатқа ие. Есін толығымен қажетіне пайдаланып, оқу міндеттерін атқаруға қолдана алмайды.
7. Кіші мектеп жасы ізгілік, адамгершілік сапаларды баулауға ең қолайлы кезең.
8. Өзін-өзі мақтау мен басқалар мадағын жақсы көреді.
9. Ой-көңіл дүниесі сырттай әрекет-қылығымен анық көрінеді.
10. Бала еңбегін ойын үдерісімен байланыстыра ұйымдастырған ұтымды.
Психология аймағында да балалардың психикалық даму кезеңдерін айырады, бірақ психологиялық кезеңдерге бөлу педагогикалық жас кезеңдерімен бірдей сәйкес бола бермейді себебі психика даму ананың жатырында басталады.
Кіші мектеп жасында жүке жүйесі жетіліп барады, бас миі үлкен жарымшарларының қызметтері қарқынды дамып, даралана бастайды, ми қабығының талдау және біріктіру қызметтері күшейе түседі. Бастауыш мектеп жасындағы баланың бас миі салмақ жағынан үлкендердің миімен теңдесіп, орта есеппен 1400г. дейін ұлғаяды. Баланың психикасы шапшаң дами бастайды.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушының танымдық іс-әрекеті оқу барысында өзіндік қажет қалпына келе бастайды. Мұнда тілдесу- қатынас аймағының кеңеюі де аса маңызды. Бастауыш жастағы оқушылардың қабылдау тұрақсыз және ұйымдастырылмаған. Бірақ, олардың роны бала байқағыштығының өткірлігімен және жаңалыққа бейнелі құмарлығымен толтырылады.
Бастауыш мектеп балаларының ойлау қабілеті көңіл-күй бейнеліктен абстракт- логикалық сипатқа өте бастайды. «Балалар жалпыланған формалармен, түр-түстерімен, дыбыстармен ойлауға қабілетті»- деп К. Д. Ушинский өз уақытында ескертіп, мұғалімдерге алғашқы оқу сатысында балалардың осы ойлау ерекшеліктерін пайдалануды ұсынды. Бастауыш сынып оқушыларының табиғи мүмкіндіктері орасан: оның миі сөзбе-сөз жаттап алуға икемді келеді.
Бастауыш жастағы оқушының тұлға болып қалыптасуы жаңа ықпалдарға тәуелді, бұлардың ішінде аса мәнділері- ересекткермен (мұғалімдермен), қатарларымен (сыныптастарымен) жаңа байланыс- қатынастары, жаңа іс-әрекет (оқу) және ортақтасу түрлері, үлкен ұжымдық жүелерге (жалпы мектептік, сыныптық) енуі. Бастауыш мектеп тұлғаның әлеуметтену үдерісінде, адамгершілік- азаматтық кемелденуінде өте маңызды орын алады. Оқушының сеп-түрткілер аймағының дамуы ақыл-ес дамуына қарағанда біршама кемірек.
Бастауыш мектеп өз шәкірттерін саналы ұйымдастырылған, әл-қуатына сай өндірістік еңбекке араластырып баруы тиіс. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дамуы- өте күрделі және қарама-қарсылық. Бұл жаста өсіп келе жатқан адам көп нәрсені түсініп алуы қажет, ал бұл үшін оның әрбір күнін барынша тиімді пайдалану керекті. Бұл жастағы негізі міндет- қоршаған дүниені, яғнитабиғатты, адамаралық қатанастарды- түсіну. Бастауыш мектеп кезеңінде барша ақыл- парасаттық, әлеуметтік және адамгершілік қасиеттер қарқынды дамып, олардың көбі бұдан былайғы өмір бойында өзгеріссіз бекиді. Зерттеулер көрсеткендей, оқу-тәрбие әртүрлі ұйымдасуынан, оқу мазмұны мен әдістерінің, танымдық іс-әрекеттерінің ауыспалы болуынан бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойлау қабілеті де әрқилы сипатта көрініс береді. Балалардың ойлау қабілеті олардың тілімен бірге дамиды. Қазіргі күнде үшінші сынып оқушыларының сөздік қоры 3500-4000 сөзді құрайды.
Мінезі ауыспалы бастауыш сынып жастағы оқушы- қатаң бақылауды талап етеді. Бастауыш мектеп мұғалімдері ең алдымен тән- дене даму заңдылықтарына арқа сүйегені жөн:
1. Жас кезінде баланың физикалық дамуы жылдам әрі жедел, ал баланың жасы ұлғаюымен даму желісі бәсеңдейді.
2. Баланың физикалық дамуы бір кезеңде- жылдам, ал екінші кезеңде- жәй.
3. Адам денесінің әрбір ағзасы өз желісімен дамиды, ал бүтіндей дене бөліктерінің дамуы тең емес әрі олардың арасында даму сәйкестігі байқалмайды.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz