Кіші мектеп жасындағы балалардың мінез - құлықының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:
Кіші мектеп жасындағы балалардың мінез құлық ерекшеліктері мен сана сезімдері

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
2.1. Кіші мектеп жасындағы балалардың мінез - құлықының ерекшеліктері..5
2.2 Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықты және сана сезімді қалыптастыратын негізгі шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Кіріспе
Оқу іс-әрекетімен мінез-құлық арасындағы өзара байланысты ескеру де өте маңызды. Сондықтан ең бастысы оқу іс-әрекеті жоғары болуы үшін ақыл - ой деңгейі де биік болуға тиісті. Бала интеллектуалдылығы биіктеген сайын мінез-құлықтың дамуы да жоғарылай түспек.
Кіші мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Бұл мәселе педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде қарастырылған. Олар сыныптан тыс жұмыс мектептегі бай рухани өмірді қалыптастыруға, оқу пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге, оны іс жүзінде қолдануға, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалануға, дүниеге ғылыми көзқарасын және оқу пәндеріне танымдық қызығуын қалыптастырып, дамытады.
Адам әрекетінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отыратыны анық. Еңбек ерекетінде немесе оқу әрекетінде болсын адам алдына бір мақсат қойып содан бір нәтиже шығаруға ұмтылады.
Осындай мақсаттардың бірінде адамның оқу іс - әрекетін алуға болады. Оқу іс - әрекеті барысында адамның жеке дара қасиеті жетекші орынға ие. Соның ішінде адамның күрделі жеке даралығы - мінез - құлығы.
Мінез - құлық қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Оқу іс - әрекеті барысында жеке тұлғаның маңызды психологиялық сапаларының бірі ретінде, мінез - құлықты қалыптастыру жолдарын анықтау мақсатымен ғалымдардың теорияларымен байланыстырып, зерттеу нәтижесін көрсету көзделіп отыр.
Кіші мектеп жасында балалардың оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда мінез бітістерінің комплекстері өз әсерін тигізеді. Сол себепті, мінез - құлық ережелерін оларға тән моральдық нормаларды игеру оқу іс - әрекетін жеңілдетеді.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің характер деген сөзінен шыққан. Мәнісі-із қалдыру. Психологияда бұл - дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері - адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшандығы, ақыл - ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.

Негізгі бөлім
2.1. Кіші мектеп жасындағы балалардың
мінез - құлықының ерекшеліктері
Мінез - бұл адамның әлеуметтік мінез - құлқының ерекшелігі ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарым - қатынасынан көрініп отырады. Жеке адамға немесе адамдар тобына тән өзіндік қарым - қатынастар, мінез - құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс - әрекетінде, тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады.
Іс - әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса, онда біртіндеп оралымсыз, тартқыншақ мінез қалыптасады. Бала мінезінің қалыптасуына жанұя мен мектеп өмірінің моральдық - психикалық жағдайы үлкен әсер етеді. Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық өріс алған қоғамда кеңес адамдарының бойында ұжымдық, сергектік, ілтипаттылық, мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қасиеттер қалыптасып отырады. Олай болса, нақты адамның мінезіне талдау жасағанда ол өмір сүріп отырған қоғамдық - тарихи жағдайды еске алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытын да ескеріп отырған дұрыс, өйткені бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс - әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл - ойын, көңіл - күйін, эмоциясын, ерік - жігер қасиеттерін айқын аңғартады.
Мінездің мәнерлі белгілері. Мінез тек қылық пен қимыл - қозғалыстардан ғана емес, бет - әлпеттен және ымнан да байқалады. Мінез жеке адамның сыртқы кейпіне әсер етеді. Мәселен, беттегі әжім бұл адамның жасы ұлғаюының ғана белгісі емес, ол сондай - ақ беттегі бұлшық еттердің әдеттегі қозғалыстарының да нәтижесі. Кейбіреулер үнемі күлімсіреп жүрсе, енді біреулері түнеріп жүреді, біреудің бетінен таңдаған пішінді, екінші біреу мұны бүкіл бет пішінімен байқатады.
Көз - адам жанының айнасы деген сөз бар. Шынында да, көз мінез бен темпераменттің кейбір ерекшеліктерін байқатады. Мәселен, Л.Н.Толстой шығармалары қаһармандарының көз жанарлары олардың моральдық - еріктік не эмоциялық ерекшеліктерін тайға таңба басқандай көрсетеді.
Мінез адамның сырт қалпынан да байқалады. Мәселен, тәкаппар адамдар денесін шалқайта, кеудесін керіп, басын кекірейте ұстайды. Қарапайым адам көзге түсуді қаламайды, еңкіштеніп басын мойнына тығып жүреді. Жағымпаз адам сөйлескен адамына жаутаңдай қарап, мүләйімсіп тұрады, көз түбінен қуланған күлкі болар - болмас байқалады. Адамның алшаңдай немесе қысқа адымдап жүруі, тұрысы, қолын қандай қалыпта ұстайтындығы да мінезін сипаттайды. Адамның сыртқы түріне қарап мінезін анықтау, әрине оңай нәрсе емес, өйткені, кейбіреулер өзінің жан дүниесін сыртқы жасанды қылығымен жасырғысы келеді.
Мәселен, жарамсақтық кейде айлакерлік пен сатқындықты бүркемелеп тұруы мүмкін. Әйтсе де, адам қандай қулыққа салынса да бірде болмаса бірде өзінің нағыз бет пердесін көрсетіп алады. Бұл әсіресе, қақтығыс үстінде оқыс жағдайларда кездеседі. Мінезді танып, білу үшін - адамның сөзі мен ісін салыстырып, оны өмірдің сан - алуан жағдайларында байқап көру қажет.
Мінезді оны қалыптастыратын өмір жағдайларынан бөліп алып қарайтын метафизикалық тұрпаттағы психология - адам мінезіндегі даралық пен типтілік бітістердің өзара қатынасының мәнін ұға алмайды.
Идеалистер мінезді туа бітетін кең өмірде өріс алатын адамның рухани күші деп түсіндіреді. Идеалистік психологияның кейбір өкілдері бүкіл адамзатты барлық уақытта да өмір сүретін мырзалар мен құлдардың мінездік типтері деп аталатын өріссіз, жасанды сұлбаға саяғысы келеді. Осындай психологтардың басқа бір тобы мінез бітістері мен типтерінің қалыптасуындағы заңдылықтарды жоққа шығарып, адам бірінің мінезін екіншісі қайталамайды және адам тумысынан берілген мінез - құлқын өзгерте алмайды дейді.
Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған - ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д.IV-III ғғ). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де (XVIII ғ.) Теофраст мінездері деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметтік - адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бұл - әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені, темперамент - адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Осы көзқарасқа орай, мінез - адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі. XIX ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл - ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді.
И.Кант (XVIII ғ.) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье т.б. мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас - тартыс туғызып келеді.

2.2 Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықты және сана сезімді
қалыптастыратын негізгі шарттар
Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр.
Өсіп дамып бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды, жағымсыз жақтарымен елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, шынайы адалдық, жақсы - жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге: өзін - өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамы мен іскерлігі жатады. Егер бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, бала қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді. Ал, бала бойында ынжық мінез қалыптасса, онда сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжыңдық мінездер пайда болады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен достасу, пікірлесу сияқты мінез - құлық қалыптасады. Баланың дамып, нықталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы зор.
Бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар. Психологиялық - педагогикалық әдебиеттерге жүгінсек, тәрбиелеудің негізгі екі арнадан тұратынын көреміз: Біріншісі - бала көзін жеткізу, екіншісі - жақсы әдет - ғұрыпқа дағдыландыру. Осы екі жолды қатар бір - бірінен ажыратпай байланыстыра жүргізсе, бала мінезі саналылық жолға бағытталады.
Оқушының мінез - құлқын қалыптастыратын негізгі шарттар:
1. Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау.
2. Оқушының қызметін талдау. (Әр пән бойынша дәптерлерін, бақылау жұмыстарын, шығармаларын т.б)
3. Оқушыдан оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу.
4. Достары жөнінде әңгіме жүргізу.
5. Оқушы жөнінде достарымен, ата - анасымен әңгіме жүргізу.
6. Бала мектепке үлкен қызығушылықпен келеді, ең негізгі шарт бала бойындағы қызығушылықты жоғалтып алмау.
7. Бала бойындағы қиындықтарды дер кезінде анықтап, түзету жұмыстарын жүргізу.
8. Оқушыларды қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым - қатынас жүйелерін (құрбыларымен, мұғалімдермен, ата - аналарымен) қалыптастыру.
9. Бастауыш сынып оқушыларында өткізілетін оқу тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциациалау.
10 Сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолын жеткізу (үйірме, секциялар).
Қозғап отырған мәселеміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Мектеп оқушыларының үлгермеуіне мұғалімнің қарым- қатынас стилінің әсері
Оқушылардың оқуға үлгермеу себептері және оларды жеңу мен ескерту жолдарының педагогикалық сипат
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТТЕРІН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды ерте әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен принциптері
Мінез және оны тәрбиелеу
Эмоционалдық кері әсерді зерттеу
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолдарын теориялық, әдіснамалық тұрғыда негіздеу
Пәндер