Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі - ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық академиясы

Психология және педагогика
Кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Кіші мектеп жасындағы балалардың іс әрекет түрлері, оқу, ойын, қарым қатынас

Орындаған:
Тесерген:

Орал, 2012ж.

Жоспар

Кіріспе
1. Кіші мектеп жасындағы балалардың ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері.
2. Кіші мектеп жасындағы балаларжың ұжымдық таным іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық аспектілері.
3. Кіші мектеп жасындағы балаларға ойын сабақтарын өткізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі,оқу барысындағы Осал жерлері жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды,оқушыныңтұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Диалектикалық қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылыықтар пайда болады,олай дамытудың қозғаушы күші де,қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
Оқушылардың танымдық сі-әрекеті адамдық танымның әр түрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылығымен сипатталады. Практик мұғалімдер қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады.олар бұл қарама-қайшылықтарды білімді меңгеру барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Қарама-қайшылықтар оқу процесінде обьективті түрде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын басты қозғаушы күш. Қарама-қайшылықтың,қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзіндік санасындағы ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.сонымен қатар қарама-қайшылықтарды танымдық қызығумен байланыстырған бірнеше ғалымдар, психологтарболды: Л.Божович, Б.Теплова, Н.Морозова, Л.Славина және тағы басқалары. Қарама - қайшылықтарды шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып білуіне,өзінің тұлғалық қасиеттерін іске асыруына,өзін-өзі тануына көмектесуде. Сондықтанда ұжымда мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды,кедкергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші роль атқарады. Оқушылардың басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу-тәрбие процесінде және ұжымда,тағы басқаларда жүзеге асырылады.
Алайда бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің ұйымдастырылуы мәселесі әлі толық зерттелмеген. Еліміздегі әлемдік білім кеңістігіне ену мен жаһандану талабына орай бастауыш мектептегі білім беру саласын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.

1. Кіші мектеп жасындағы балалардың ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері.
Кіші мектеп жасындағы балаларға ұжымдық танымдық іс-әрекеттер сабақта және сабақтан тыс уақытта дамиды. Оқу процесінің негізгі түрі - сабақ. Сабақта мұғалім оқушыларды ұжымдастыра отырып олардың танымдық іс-әрекеттерін (оқу, еңбек, ойын) дамытады. Мұғалім сабақта түрлі диагностикалық тесттер негізінде көптеген мәліметтер алады, соның негізгі жемісі түзету арқылы - оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамытады. Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттері - оқу процесіндегі қарама-қайшылықтарын шешуге, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетістіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер негізінде оқушыларда меңгерілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі екеніндігін айқындады, өйткені ол оқушыға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар жеке, фронтальдыоқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, дағдыларды қалыптастыруға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытты коорпорация қатынастары мен ойдың интеллектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екенідігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің ұйымдастырылуы ең алдымен оқушылардың белсенділігіне байланысты. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың барлық түрлері, оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескеріледі. Оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы - оқушы жастардың танымдық іс-әрекетін жанландыру болып табылады.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырманы орындауымен, жұмыс істеу алу қабілетімен, жұмыс істей алу деңгейімен анықталады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы "осал жерлер" жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойына тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылықпен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз ретімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социаметриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің педагогикалық ұйымдастырылуының тағы бір жолы - ол балалардың ойлау қабілетін қалыптастырудың дидактикалық аспектілері болып табылады. З.Калмыкова - "Ойлау шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, шығармашылық, қарама-қайшылықтың бірлігіндегі продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен" - деп көрсеткен. (Психология Люблинская А.А. М-1997 144 б)
Танымдық іс-әрекеттің продуктивті және репродуктивті бөліктерінің қатынасы дидактикада мынадай түрде анықталады: шығармашылықтың және қайта өндіру бірлік тұтастығының жеке буыны, біріншісі дайындық болса, екіншісі негіз болады; қайта өндіру және шығармашылықтық әрбір буынның элементтерімен біртұтас; іс-әрекеттің екі бөлігі өзара байланысты және іс-әрекеттің тәсілін анықтайды.
Арнайы зерттеулер (А.Алексюк, З.Стоницкий және т.б.) мен алдыңғы қатардағы педагогикалық ұжымдардың тәжірибесінен оқушылардың оқу мақсатын түсінетінін көреміз.

2. Кіші мектеп жасындағы балаларжың ұжымдық таным іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық аспектілері.
Оқушының ғылым негіздерін оқып-үйренуге және оларды өмірде қолдана білуге қажетті қабілеттері оқу іс-әрекеті үрдісінде қалыптасады. Оқушының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оның іс-әрекетін белсенді ету жұмысын ұйымдастыру керек. Оқушының жан-жақты дамуы тек ұжымдық таным іс-әрекеттер негізінде жүзеге асады және мақсатты болады.
Кез келген адамға тән әрекет болады. Сондай-ақ оқушы танымдық іс-әрекеті негізінде мыналар әрекеттер жасайды: білім алады, қосымша әдебиеттер оқиды, тапсырмалар орындайды, есептер шығарады, рефераттар жазады т.б. Осы әрекеттердің барлығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Балалар ұжымының психологиялық ерекшеліктері
Жеке тұлғаның дамуы, баланың дамуына сынып ұжымының ықпалы
Балалар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және қалыптасуы
Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Ұжымдық жұмыстарды қолдана бастауыш сынып оқушыларының бірлесттікке үйрету
Балалар ұжымы және ұжымдағы көшбасшылықты дамыту
Оқушылар ұжымы - мектепте тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Пәндер