Кикілжіңнен кетіп қалу стилі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

«Педагогика және психология»

кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Кикілжің түрлері»

Орындаған:

Жетекші:

Орал-2013ж.


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І-тарау. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық

Аспектілері . . . 6

1. 1. Кикілжің проблемасының зерттелінуінің теориялық қағидалары . . . 6

1. 2. Кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің ерекшеліктері . . . 12

1. 3. Мектеп оқушылары ортасындағы кикілжің мәселесін теориялық талдау және кикілжіңнің алдын алу шаралары . . . 18

ІІ-тарау. Кикілжің проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі. . 22

2. 1. Кикілжің проблемасына қатысты эксперименталдық әдістемелер . . . 22

2. 2. Кикілжің жағдайларын болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың

ғылыми-әдістемелік негізі . . . 29

2. 3. Кикілжіңмен жұмыс істеуге арналған ойындар . . . 36

Қорытынды . . . 39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 41


Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Кикілжіңдер - қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі болып саналады. Адамның қоғамдағы өмірі күрделі және жеке индивидтердің, сонымен қатар үлкен және кіші әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қақтығысынан жиі алып келетін қарама-қайшылықтарға толы екендігі баршамызға анық. Кикілжің (лат. «c-nflictus») күштердің, пікірлердің, жақтардың қақтығысын білдіреді. Адамзаттық өркениеттің тарихы түрлі кикілжіңдерге толы. Кикілжіңдердің біреулері оншақты мемлекеттермен халықтарды қамтыса, ал екіншілері үлкен және кіші әлеуметтік топтардың ортасында, үшіншілері жеке адамдар арасында өршіді. Ежелден-ақ адамдар туындаған қарама-қайшылықтарды шешуге тырысып, кикілжіңсіз бейбіт қоғам туралы армандады. Сол заманда туындаған заңдылықтарды кикілжіңдердің алдын-алу және шешудің әмбебап механизмін құруға ұмтылысы ретінде қарастыруға болады. Қатыгез Хаммурапи (б. э. д. 1792-1750ж. ж. ) патшаның көне заңдарында кикілжіңдік жағдайларды шешудің оншақты тәсілдері жазылған. Аңыз бойынша патша Соломон (б. э. д. 965-928ж. ж. ) кикілжіңдерді шешу және кетіп қалу дағдысымен ақылдылығының арқасында әйгілі болған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ұсынған мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясында «Қазақстан дамуында ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін адамгершілігі мол, мәдениетті, ғылыми және шығармашылық дамуы жоғары деңгейлі интеллектуалдық қоғамдық потенциалдың болуында», -деп көрсетілген. Яғни, бүгіндері демократиясы дамыған өркениетті елдер қатарына бағыт ұстап отырған еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары болып табылады.

Сондықтан да зерттеу өзектілігі жастар ортасындағы кикілжіңдердің алдын алу мен шешудің қажеттілігінен туындап отырғанымен, сонымен қатар әртүрлі жас, әлеуметтік және демографиялық топтар арасындағы кикілжіңдерді болдырмау, шешу, жоюдың және алдын ала ескертудің қажеттілігінен кикілжіңдік жағдайларды ескертудің ғылыми-психологиялық негізін зерттеу қажеттілігінен туындап отыр. Яғни, туындаған мәселелерді әрбір адам нәтижелі шешу үшін кикілжіңдердің пайда болу себептерімен оны шешу тәсілдерін, сонымен қатар кикілжіңдік жағдайдағы мінез-құлықтың стильдерін теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының қажетті деңгейін меңгеріп алуы, болашақта жақсы қарым-қатынас арқылы, иеленген кикілжіңдерді басқара білу құнды дағдысы әрбір адамның бүкіл өмірінің жолында қажет болады.

Зерттеу мақсаты. Кикілжің жағдайларды ескертудің ғылыми психологиялық негізін айқындау мәселелері.

Зерттеу міндеттері:

1. Кикілжің проблемасына байланысты ғылыми теориялық әдебиеттерді талдау.

2. Жалпы кикілжің ұғымының мәнін және табиғатын ашу.

3. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми-теориялық аспектілері мәнін кеңінен ашу.

4. Мектеп оқушылары арасындағы туындайтын кикілжіңнің түрлерін, туындау себептерін көрсету, соның негізінде мектеп оқушыларының кикілжің жағдайында, оны шешу барысында делдалдық әрекеттесудің маңыздылығын көрсету.

5. Кикілжің жағдайларына байланысты мінез-құлық стильдерінің психологиялық ерекшеліктерін көрсету.

6. Кикілжің жағдайларын болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-әдістемелік негізін жүйелеу.

7. Кикілжің проблемасына қатысты практикалық-әдістемелік нұсқаулар ұсыну.

Зерттеу объектісі . Әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретіндегі кикілжің мәселесі болып табылады.

Зерттеу пәні . Кикілжің, кикілжіңге байланысты мінез-құлық стильдері, кикілжің жағдайларындағы жеке адамның психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу болжамы . Кикілжің жағдайлары барысында мінез-құлық стильдерін дұрыс басшылыққа алған жағдайда, адам қарым-қатынасын жақсартуға болады.

Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжамға сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

- кикілжің ұғымын аша тұрып, теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеу;

- зерттеулінушілердің кикілжіңдік жағдайға байланысты мінез-құлық стильдерін анықтау;

- зерттелінушілердің кикілжің барысында мінез-құлық стильдерін дұрыс басшылыққа алу арқылы қарым-қатынасты жақсартуға болатындығын эксперименталды зерттеу;

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі әлемдік және Ресейлік конфликтология тәжірибесіне сүйенеді. Берілген жұмыстың негізіне салынған және зерттеу пәніне қатысты танымал жұмыстар төмендегі еңбектерді құрайды: Х. Корнелиус, Ш. Фейр «Выбирать можеть каждый: как разрешать конфликты», Дж. Г. Скотт «Конфликты, и пути их преодоления» және «Способы разрешения конфликтов»; А. Я. Анцупов, А. И. Шипилев «Конфликтология», О. Н. Громова «Конфликтология», А. В. Дмитриев «Конфликтология»; Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы; А. И. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы; Қазақстандық ғалым, профессор Х. Т. Шерьезденованың қарым-қатынас проблемасына қатысты еңбегі, этнопсихология ғылымының негізін қалаушы ғалым, прфессор Қ. Б. Жарықбаевтың ұлттық салт-сана, ұлттық патриотизм жайлы құнды пікірлері толық басшылыққа алынды.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері . Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамды тексеруде бірін-бірі толықтырушы әдістер қолданылды: кикілжің мәселесіне қатысты еліміздегі және шетелдердегі әдебиеттерге теориялық талдау әдісі, кикілжіңмен жұмыс істеуге арналған ситуациялық ойындар мен жаттығулар, психологиялық эксперимент, сауалнама негізі Томас-Килменнің кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерін диагностикалау әдістемесі.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы.

- психологиялық құбылыс ретіндегі кикілжің проблемасының ғылыми теориялық аспектілері анықталды;

- кикілжің жағдайына байланысты адамның мінез-құлық стильдерінің түрлері анықталып жіктелді;

- мектеп оқушылары арасындағы кикілжің түрлері, туындау себептері, алдын-алу, оны ескерту, болдырмау шараларының теориялық қағидалары дәйектелініп тұжырымдалды;

- кикілжіңдерді анықтауға арналған әдістемелердің, дамытушы-түзетуші психологиялық іс-шаралардың мазмұны айқындалып іріктелінді;

- кикілжің жағдайын шншуге арналған әдістемелік практикалық нұсқаудың мазмұны айқындалды;

Зерттеудің практикалық құндылығы . Бұл аталған еңбек адамдардың қарым-қатынасын жақсартуда, ересектерге бала тәрбиесінде басшылыққа алуға, педагог-психолог еңбегінде, практикалық психологияның саласы ретіндегі кикілжің мәселесіне бағдарлануға үлкен көмекші құрал бола алады.

Зерттеу жұмысының базасы . Зерттеудің тәжірибе-эксперименттік базасы ретінде БҚО, Орал қаласындағы № --- мектебінің сынып оқушылары алынды.

Зерттеу нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі . Кикілжің жағдайларды ескертудің ғылыми психологиялық мәселесі бойынша теориялық талдаудың тереңдігі және көлемімен, эксперименттік-психологиялық әдістемелер жиынтығын таңдауды негіздеумен, қарастырылған құнды әдебиеттердің тізімімен қолдану қамтамасыз етілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі . Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімімен тұрады.

І-тарау. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми

теориялық аспектілері

1. 1. Кикілжің проблемасының зерттелінуінің теориялық қағидалары

Бөлмеден шығып бара жатып есікті ашуланып қатты жапқан жағдайды басыңыздан кешіргенсіз бе? Немесе біреудің дөрекі сөзінен ренжігенсіз бе? Анаңызбен келіспей қалып ұрысқан кездеріңіз болған ба? Егер де сіз осы сұрақтардың біреуіне де болса да сенімді жауап берсеңіз, онда сіз «кикілжің» деп аталынатын құбылыспен таныссыз. [4]

Кикілжіңдер - қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі. Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы өзімен күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да жұмсақ түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Әрбір адамның, әрбір ұжымның немесе ұйымның, әрбір елдің бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан құралған. Мұндай қарама-қарсылықтардың табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы позицияларды ұстануына, әртүрлі қызығушылығы бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатта талпынуына байланысты өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған қақтығыс тек бір ғана адамға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де қарсы күреске түсуі мүмкін. Олар өзінің қарсыласының мақсатына жетуіне кедергі жасау мүмкіндігін белсенді іздейді, қызығушылықтарын қанағаттандырмауын тілейді немесе оның көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын орнын өзгертуге тырысады. Дау, қорқыту және қауіп төндіру арқылы, физикалық күш пен қару қолдану арқылы жүретін қарама-қайшылықтық қақтығысты кикілжің деп атайды.

Бірақ жоғарыда айтылғандардың барлығында қызығушылықтар мен мақсаттардың қарама-қайшылығы өзара кикілжіңге әкеп соқтыратынын мүлдем білдірмейді. Қарама-қайшылық пен кикілжің - бір нәрсе емес және қарама-қайшылықтың дамуы әрқашанда кикілжіңге ұласпайды. Кикілжің туындауы үшін қарсыластар, яғни индивидтер немесе олардың әлеуметтік топтары, біріншіден, өздерінің мақсаттары мен қызығушылықтарының қарама-қарсылығын сезінуі қажет, ал екіншіден, өзінің қарсыласына белсенді қарсы әрекеттер жасауы қажет. Екі немесе одан да көп жеке тұлғалардың, топтардың, партиялардың, елдердің, т. с. с. бір-біріне белсенді қарама-қарсылық әрекеттер жасайтын болса, тек сонда ғана қарама-қайшылықтар әлеуметтік кикілжіңдердің негізі болып табылады.

Бұл әлеуметтік құбылыстардың немесе процестердің негізін түсіну үшін сөздің этимологиялық мағынасын анықтаған жөн. Латын тілінде қолданатын «c-nflictus» сөзін құраған лингвистикалық элементтерінің мағынасын анықтасақ, бұл сөздің мәні айқын болады. Бұл сөздің түбір алдына жалғанған «c-n» буынынан тұрады, ол біреумен бірге, біреуге қарсы, бір уақытта, бірге деген мағынаны білдіреді және «flictus» («flig-») етістігінен құралған. Бұл етістік ұру, итеру, құлату деген мағынаны білдіреді. [5]

Сонымен берілген сөздің элементтері оны қақтығыс, дау, күрес, қарсы тұрушылық деп аударуға мүмкіндік береді.

Берілген сөзге мұндай мағына беру бөлек индивидтердің арасындағы, олардың топтарының, мемлекеттердің, тағы басқалардың арасындағы қарама-қайшылық болатындығы туралы шешімге алып келді. Қарама-қайшылықтардың екі негізгі түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, әртүрлі әлеуметтік қоғамның позициялары, қызығушылықтары құрайды (оларға отбасы, ұйым, территориялық құрылым, қоғамдық қозғалыс, т. б. ) . Ал екіншісі, үкімет құрылымының іс-әрекетінің әртүрлі формасынан немесе экономикалық, үкіметтік, саясаттық қарама-қайшылықтар болып табылады. Қарама-қайшылықтардың бұл екі түрі қоғамда кикілжіңнің объективті-реалдық негізін тудырады. [6]

Кикілжіңнің объектісі болып әлеуметтік ортадағы және қоршаған ортадағы құбылыс немесе процесс, кезкелген зат болып табылады. Мысалы, жер, су ресурстары, жекеменшілік, мәдениеттік құндылықтар немесе авторитет, престиж, бедел, басқару, т. с. с. Ал кикілжіңнің субъектісі болып әрқашанда адамдар - бөлек индивидтер, сонымен қатар олардың ортақ жиылысы - жанұя, ұжым, қызығушылықтары ортақ топтар немесе ұлт және тағы басқа болып табылады.

Кикілжіңнің туындауындағы себептері өте көп, бірақ оларды үш категорияға бөліп көрсетуге болады:

- Ресурстар. Ресурстар айналасында туындаған кикілжіңдер өте қарапайым болып саналады. Бірақ бұдан өршіген кикілжіңдер өте күрделі болады.

- Психологиялық қажеттіліктер: Достық, басқару, топтың құрамына кіру, табыс.

- Құндылықтар - біздің сенімдеріміздің жүйесіні негізі.

Бұл себептер кейде аралас, кейде бір өзі кикілжің туындатады. Сенімдік құндылықтардан туындаған кикілжіңді шешу өте қиын болады, себебі бұл құндылық жеке тұлғаны және оның өмір сүру маңыздылығын құрайды.

Басқаша жүйелеу

- Негізгі (базальді) қажеттіліктер - тіршілік ету үшін - су, тамақ, ауа және т. б.

- Бөлектендіретін құндылықтар - мысалы, әртүрлі дінге сенетін адамдардың құндылықтары мен қызуғушылықтары сәйкес келмейді.

- Әртүрлі қабылдау - адамдар болып жатқан ситуацияны әр түрлі қабылдайды. Мысалы, екі адам досының көйлегінің түсіне дауласуы мүмкін. Себебі, әр адам бір түсті әртүрлі қабылдайды.

- Әртүрлі қызығушылықтар - мысалы, екі оқушы кешке киноға немесе туған күнге баратыны туралы дауласуы мүмкін.

- Шектелген ресурстар - өмірде әрқашанда бір нәрсе жетпей тұрады. Мысалы, өмірде барлығы бай емес, себебі ақша - шектелген ресурс.

- Психологиялық қажеттіліктер - бұл қажеттілік, бізге өзімізде сенімділік болу үшін өзіміздің қажет екендігімізді және маңыздылығымызды түсіну үшін қажет. Мысалы, бізді жақсы көру бізге өте қажет. [5]

Адамзат өркениетінің даму тарихы әртүрлі кикілжіңдерге толы. Ежелгі заманнан адамдар кикілжің түсінігін, пайда болу себебін анықтауға, туындаған қарама-қарсылықтарды шешуге ұмтылған. Кикілжіңдік пікірлердің жинақталу дәстүрінің көпғасырлық тарихы бар.

Кикілжіңнің ең алғашқы концепциялары 19-20ғ. ғ. аумағында пайда болған, бірақ оған дейінгі ғасырдың ұлы ғұламалары бұл феноменнің өзіндік көрініс табиғатын, алдын-алу жолдарын және шешу жолдарын ұсынған.

Ежелгі философтар кикілжіңді адамзаттың пікіріне тәуелсіз, өзімен не жақсы, не жаман емес құбылыс ретінде қарастырды. Бүкіл ғаламшар табиғаттың, адамзаттың және құдайлардың тіршілігімен қарама-қайшылыққа толы. Бірақ, олар кикілжің терминін қолданбаса да, кикілжің адамзат тіршілігінің құрамды бөлігі деп есептеген. [8]

Адамзаттың ең алғашқы топтарының пайда болуымен кикілжіңдер күнделікті құбылыс ретінде қаралып, ұзақ уақыт бойы ғылыми зерттеудің объектісі болмады. Бірақ сонда да, кикілжің туралы бізге жеткен жеке гениальді ойлар ең ежелгі қайнар көздерде көрсетілген. Біртіндеп өмір шарты өзгерген сайын кикілжіңдер де өзгерді. Олардың физикалық, экономикалық және әлеуметтік нәтижелері басқа бола бастады. Кикілжіңге деген қоғамдық пікір де өзгерді. Антикалық заман бізге соғыстардың бейнесін және мұндай кикілжіңдерге алғашқы бағалау берген көрсеткіштерін қалдырған. Орта ғасырларда және Жаңа заманда бұл құбылысты түсінуге тырысқан. Көптеген гуманист-ойшылдар кикілжің туралы көзқарастары, оның адамзат дамуындағы рөлі, қоғамның өмірінен соғысты шектеуі мен шексіз бейбітшілік орнауы туралы көзқарастарын қалдырған.

Б. з. д. 7-6ғ. ғ. Қытайлық ойшылдар тіршіліктің даму көзі әрқашанда күресте болатын жағымды (янь) және жағымсыз (инь) материялардың қарама-қатынастарында деп жазған. Жақсылық пен зұлымдық күрес тақырыбы мәдениет пен өнер туындыларында көрсетілген. [2]

Ежелгі Грекияда қарама-қарсылықтар және олардың заттың пайда болуындағы рөлі туралы философиялық көзқарастар туындады. Анаксимандр (б. э. д. 640-547ж. ж. шамасында) өзімен қарама-қарсылықтар туындататын бүтін материалды бастапқы «апейронның» тоқтамсыз қозғалысынан туындайды деді.

Гераклит (б. з. д. 6ғ. аяғы-5ғ. басы) қозғалыстың себебін, заттардың және құбылыстардың қозғалысын қарама-қарсылықтың күресінен туындайтын қажетті заңды процесс ретінде себебін анықтауға тырысты. «Күрес бәріне қатысты және барлығы қажетінше күрес арқылы жүреді» деп жазды. Бұл кезеңде соғыс сияқты әлеуметтік кикілжіңдерге қатысты ең алғашқы түсініктемелер берілген.

Гераклит соғысты барлық тіршіліктің әкесі және патшасы деп қарастырса, ал Платон (б. э. д. 428-348ж. ж. шамасында) оны ұлы зұлымдық деп есептеді. Оның пікірінше, бір-біріне «мейіріммен қарап, бір-бірін жақсы көрген» «алтын ғасыр» өмір сүрген.

Гераклит пікіріне Геродот (б. э. д. 490-425ж. ж. шамасында) та қарсы пікір айтқан. Ол «бейбітшілікке соғысты қалайтын ешкім жоқ. Себебі, соғыста әкелер балаларын жерлесе, бейбітшілік уақытында - балалар әкелерін жерлейді» деген.

Философ-материалист Эпикур (б. э. д. 341-270ж. ж. ) да қақтығыстардың негативті нәтижелері қашан да болса да адамдарды бейбіт өмір сүруіне алып келеді деп есептеген. Өткен заманның ойшылдары қоғамдық өмірдегі конфронтацияны түсіне, сол кезден бастап-ақ «адал» немесе «адал емес» зорлық-зомбылықтың өлшемдерін анықтауға тырысқан.

Сонымен қатар, Цицерон (б. э. д. 106-43ж. ж. ) мемлекетке басып кірген жауды қуу үшін, әкелген зұлымдығы үшін кек қайтаратын «адал соғыс» туралы тезис құрды. Аврелий Августин Гиппонский Блаженный (345-430ж. ж. ) Цицеронның шарттарына соғыс жүргізушінің «адал ниетін» қосты.

Орта ғасырларда Фома Аквинский (1225-1274ж. ж. ) қоғамның өмірінде соғыстың болу мүмкіндігі туралы ойларын дамыта, «адал соғыстың тағы бір шартын анықтады: оған беделді компетенция қажет», яғни мемлекеттік басшылықтан санкция қажет деді. Бірақ сонда да, оның пікірінше, «соғыс және зорлық-зомбылық әрқашанда күнә» деп санады.

Әлеуметтік кикілжіңдерді жүйелеп анализдеуге ең алғашқылардың бірі болып тырысқан Флорентиялық теоретик пен мемлекеттік қызметкер Николо Макиавелли (1469-1527ж. ж. ) болды. Оның концепциясының құндылығы қоғамдық дамудың қайнар көзіне сол кезде басшы болған көзқарастардың қайтуында. Ортағасырдың теоретигі кикілжіңді әмбебап құбылыс деп санады. Ол кикілжіңде тек жоюшы қасиет емес, сонымен қатар құрушы қасиетті көрді.

Эрази Роттердамский (1469-1536ж. ж. ) «соғыс оны көрмеген, білмейтіндерге тәтті» деп санады және басталған кикілжің бір-біріне жалғасқан реакция секілді, өзінің әсер ету орбитасына басқа да жаңа тіршілік қабаттарын және мемлекетті қамтып өсетінін айтты.

Гуго Гроций (1548-1645ж. ж. ) екі жақ өзінің растығына сенімді, екі суверенді мемлекеттердің арасындағы соғыс мүмкіндігін айтты. Оның пікірлері кейінгі нейтралитет мағынасына негіз салды.

Кикілжіңдердің табиғатына қатысты қызықты пікірлерді ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626ж. ж. ) айтып кеткен. Ол ең алғашқы болып мемлекет ішіндегі әлеуметтік кикілжіңдердің себеп жүйесін теориялық анализге негіздеді.

Жаңа заманда Жан-Жак Руссоның (1712-1778ж. ж. ) дүниелік тарихи процесстің сатылығы туралы идеялары бәріне мәлім болған. Оның пікірінше, алғашында адамдар дербес және тең «табиғи жағдайда» өмір сүреді, содан соң өркениеттің дамуы адамдардың теңдік, бостандық және бақыт жағдайын жоғалтуға әкеп соқтырады. «Қоғамдық келісім шарт» құрып, адамдар қоғамдық қатынастарда жоғалтқан үйлесімін, «мәңгілік бейбіт өмірін» және келісімін қайта иеленеді. Жан-Жак Руссоның пікірінше, қоғамдық келісім халықтың қатыгез қадағалауымен ғана мүмкін, себебі министрлер мейірімді ерік көрсетпейді. Сондықтан да, тірліктің барлығы сұрауда емес, тайынбай қажет етуде.

Алғашқы рет кикілжің көпдеңгейлі әлеуметтік құбылыс ретінде Адам Смиттің (1723-1790ж. ж. ) «Табиғат және халықтың байлығының себебі туралы» еңбегінде қарастырылған. Кикілжің негізінде қоғамды кластарға бөлу (капиталистер, жер жекеменшіктері, жалдамшы жұмыскерлер) және экономикалық бәсекелестік жатыр деп есептеді.

Неміс ғалымы Георг Гегельдің (1770-1831ж. ж. ) пікірінше, кикілжіңнің негізгі себебін, бірінші жағынан «байлықтың жинақталуының» арасындағы, екінші жағынан «еңбекке жақын класс» арасындағы әлеуметтік поляризациясында деп көрсеткен. Мемлекеттік басшылықтың жағында болған Гегель мемлекеттік бірлікті қарастырушы мемлекет ішінде тәртіпсіздікке қарсы шықты. Оның пікірінше, мемлекет бүкіл қоғамның қызығушылығын қарастырып, кикілжіңдерді реттеуге міндетті деп санады.

Тіршілік үшін күрес мәселесі ағылшын биологы Чарльз Дарвиннің (1809-1902ж. ж. ) ілімінде маңызды орын алды. Оның биологиялық эволюция теориясының мазмұны 1859 жылы басылып шыққан «Тұқым түрлерінің табиғи жолмен сұрыпталу арқылы пайда болуы, немесе тіршілік үшін күресте түрлерін сақтап қалуы» атты еңбегінде берілген. Бұл еңбектің басты идеясы өзінің атауында анық айтылған, яғни бейімделген тұқым түрлерінің сұрыпталуының табиғи механизмін құрайтын, тіршілік үшін күресте жүзеге асырылатын тірі табиғаттың дамуы. Ары қарай Ч. Дарвиннің көзқарастары кикілжіңнің әлеуметтік және психологиялық теорияда дамыды. [8]

Сонымен, ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін кикілжің мәселесіне өзара екі көзқарас қақтығысады.

Бірінші көзқарас ежелгі гректік философиядан (Аристотель мен Платон) бастауын алады: кикілжің - қарсыластық, зұлымдық, яғни адамдар арасындағы қарым-қатынас кикілжіңді болмауы қажет. Адалдық пен құқық барлық адамдарға табиғаттан тән.

Екінші көзқарасты қоғам - бұл «барлығының бәріне қарсы соғысы» деп санайтын Томас Гоббс айтқан. Оның пікірінше, «табиғат адамдарды физикалық және ақылдылық қабілеттігі жағынан теңдей қылып жаратты», бірақ адамдардың табиғаттан алған мұндай теңдігі өздігімен жақсы емес деп санаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кикілжің проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі
Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінің психологиялық сипаттамасы
Кикілжің
Тұлғаның жанұямен қарым – қатынас барысындағы түсініспеушіліктің психологиялық ерекшеліктері
Салауаттану-денсаулық туралы ғылым
Жеткіншектің жанұямен қарым– қатынас барысындағы түсініспеушіліктің психологиялық аспектілері
Жанұядағы конфликтік жағдайлардың бала психикасына әсері
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) туралы мәлімет
Неке мен отбасылық қатынастың мәні және оның тарихи дамуы
Ортақ белгіні іздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz