Григориан күнтізбесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Юлиан және Григориан күнтізбелері

Орындаған: Серікбай З.Б.
Тексерген: Мырзабаева Б.М.

Орал, 2014ж

Жоспар
Кіріспе
1. Уақыт туралы ұғым және оның өлшемі
2. Григориан күнтізбесінің арғы атасы - Юлиан күнтізбесінің шығу тарихы
3. Юлиий күнтізбесі - ескі санат, Григорий күнтізбесі - жаңа санат
4. Григориан күнтізбесі.
5. Юлий Цезарь тұсындагы күнтізбе реформасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Күнтізбе (ағылш. calendar) - уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым. Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні календы деп аталған. Азды-көпті мәдениетке қол жеткен халықтардың бәрінде де күнтізбе болған, өйткені онсыз шаруашылықты ұйымдастыру мүмкін болмады. Ерте замандағы халықтар қардың кетуі, өзендердің тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген табиғи күнтізбелерді пайдаланған. Бірақ дәлдігі нашар, құбылмалы ауа райына тәуелді табиғи күнтізбелер халық қажетін қанағаттандыра алмады. Ақыры, адамзат уақыт есебін дүркін-дүркін дәйекті түрде қайталанып тұратын аспан құбылыстарына негізделген күнтізбелер бойынша жүргізетін дәрежеге жетті. Мұндай күнтізбелер алғаш Ежелгі Шығыс елдерінде шықты. Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді 3 топқа бөлуге болады: күн күнтізбесі, ай күнтізбесі және аралас күнтізбелер.
Уақыт санаудың табиғат берген есептеу бірліктері - тәуліктер, ай және жыл -- ең ежелгі күнтізбелердің негізіне алынды.
Календарь сөзі латынша саlеndar, яғни әр айдың бірінші күні деген сөзінен шыққан, бірақ табиғаттың кезеңді құбылыстарына негізделген уақыт санау жүйесінің өзі едәуір ертеде шыққан.
Күнтізбені алғашқы құрастырушылар үлкен қиыншылықтарға ұшырады, өйткені жоғарыда аталған уақытты есептеу бірліктері өлшем болып шықпады. Синодистік айдың тәулік саны бірдей болмады, ал астрономиялық жылды ай мен тәуліктің бірдей санына бөлуге болмайды. Бұл жағдай адамдарды берілген бірліктердің келісілген деректерін іздеуге мәжбүр етті, бұл бірнеше күнтізбелік жүйені тудырды.
Тақырыптың мақсат-міндеттері. Ежелгі замандағы күнтізбелер түрлеріне сипаттама бере отырып, Юлиан күнтізбесі мен Григориан күнтізбелері туралы кең көлемді мағлұмат беру. Бұлардың ең тараған түрі айлық жүйе, мұнда тәуліктер аймен үйлестіріледі, айлық-күндік, мұнда тәулік пен ай жылмен үйлестіріледі және күндік, мұнда жыл мен тәулік үйлестірілетін еді.
Айлық күнтізбе бойынша жаңа айдан бастап әрбір ай ауыспалы түрде 29 және 30 тәулікке созылады. 12 ай айлық жылды құрайды, бұл 354 тәулікке тең болады. Іс жүзіндегі тәуліктер күнтізбеліктен біраз көп болғандықтан, синодистік ай да күнтізбелік айдан біраз (44 минут 2,9 секундқа) артық еді. Бұл қайсыбір жылдар саны өткеннен кейін күнтізбелік жылға бір жыл қосуды керек етті.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Уақыт туралы ұғым және оның өлшемі.
Уақыт туралы түсінік адамдарда белгілі бір табиғат құбылыстарымен байланысты қоғамдық дамудың алғашқы сатыларында-ақ пайда болды, ал шаруашылық тіршілігінің мұқтаждары уақыт өлшем бірлігін орнатып, оларды есепке алу қажеттігін тудырды. Адамдар әрқашан уақыт аралығындағыны қабылдады, күн мен түннің ауысуын біліп отырды, қоршаған ортаның әсерімен байланысты жыл мерзімдерін айырды. Бірақ уақыттың арнаулы есебі және оны іс жүзінде қолдану, бері келе дамыған қоғамда, егіншіліктің, мал шаруашылығының сауда мен теңізге жүзудің пайда болуымен байланысты шығады.
Адамзат тарихында уақыт өлшеудің алғашқы өлшем бірлігі күн тәуліктері, яғни белгілі бір нүктедегі Күннің екі дәйекті жағдайының арасындағы уақыт кесіндісі болды. Тәулікті сағатқа, минут пен секундқа қазіргі бөлу өзінің шығу тегін есептеудің ежелгі вавилондық он екілік жүйесінен алады.
Тәуліктер уақыттың біршама қысқа аралығы болып табылатындықтан, уақытты өлшеудің бірте - бірте ірі өлшемі ойластырылды. Алғашқы кездерде тәулік есебі саусақпен жүргізілді. Осының нәтижесінде уақытты өлшеудің он күндік және жиырма күндік өлшем бірліктері пайда болды. Уақытты өлшеуге Айдың екі біркелкі фазасының аралығы алынды. Айсыз түндерден кейін жіңішке ай орағының пайда болуын байқау барлығынан оңай болғандықтан, осы сәт жаңа айдың басы делініп қабылданды. Осы уақыттың аяғында Ай мен Күннің жақындасуы болады деп есептеді. Сондықтан жаңа айдан жаңа айға дейінгі мерзім синодистік ай деп саналды. Бұл ай шамамен 29 жарым тәулікке, тіпті нақты көрсетсек, 29 тәулік 12 сағат 44 минут 2,9 секундқа тең болды.
Шаруашылық тіршіліктің, әсіресе егіншілік пен мал шаруашылығының одан әрі дамуы жазғы және қысқы күн тұрақтауы мен көктемгі және күзгі күн теңесуімен анықталатын маусым бойынша уақытты есептеу қажеттігін тудырды. Жыл мерзімінің тұрақты ауысып отыруы енді ежелгі дүние астрономдарына жұлдызды аспан бойынша Күн қозғалысымен, ал іс жүзінде Күн төңірегіндегі Жер қозғалысымен маусымдардың байланысын орнатуға мүмкіндік берді. Уақытты өлшеудің тағы да бір өлшем бірлігі -- Жердің Күн айналасында толық айналуына сәйкес келетін жыл осылай келіп шықты. Астрономиялық жылдың ұзақтығы 36514 тәулік, ал кейінірек нақтылағанда -- 365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секунд болып анықталды.
Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы календарлық жүйелердің сәтті элементтері Ежелгі Грек, Ежелгі Рим календарларына енді, жаңаланды.
Хронология ғылым ретінде қалыптасуы ХVІ ғасырдың соңы - ХVІІ ғасырдың басына жатқызылады. Француз гуманист-ғалымы Жозеф Скалигер өзінің Об улучшении счета времени (1583), Сокровище времен (1606) т.б. еңбектерінде календарға григориандық реформа жасауға сын айтты, жылсанау жүйелерін бір жүйеге салуды қарастырды. Оның юлиандық кезең деп аталатын календарында санақ жылға бөлінбейді, бұл әр түрлі календарлардың дәуірін біріктуге қол жеткізді. Скалигер айналасындағы тартыс осы саладағы мәселелерге байланысты көптеген әдебиеттердің пайда болуына себеп болды.
Осы материалдарды ХVІІІ-ші ғасырда француздар д'Антин- және Дюран Искусство проверки дат, оның соңғы баспасы 44 томнан тұрды. ХІХ - ХХ-ғасырдың басында ғылыми хронология өзінің даму шыңына шықты.
Қазірге дейін неміс астрономы және хронологы Христиан-Людвиг Иделердің Справочник по математической и технической хронологии еңбегі маңызын жойған жоқ. Осы аттас Ф.Гинцельдің еңбегі жаңа негізде жазылған. Неміс ғалымдары Х.Гротефенд (Леточисление немецкого средневековья и нового времени) және Ф.Рюльдің (Хронология средних веков и нового времени), француз авторы А.Жиридің (Учебник дипломатики) және венгр И.Сентпетеридің (Справочник по хронологии) еңбектері ортағасырлық хронологияны дипломатикамен тығыз байланыстыра отырып қарастырады. Австриялық ғалым Р.Шрамның Календариографические и хронологические таблицы еңбегі Скалигердің жүйесін пайдалана отырып, юлиандық күндер арқылы әртүрлі календарлық стильдерді байланыстырды.
Кеңестік авторлардың ішінен Н.И.Идельсон, С.И.Селешников, И.А.Климишин, Е.И.Каменцова, Я.И.Шур, В.В.Цыбульский, М.Я.Сюзумов еңбектері белгілі. Орыс техникалық хронологиясының негізгі элементтері Вспомогательные исторические дисциплины под ред. В.Г.Тюкавкина. - деген еңбектің Хронология деген бөлігінде жазылған.

2. Григориан күнтізбесінің арғы атасы - Юлиан күнтізбесінің шығу тарихы
Латын тілінде Calendaе деп әр айдың алғашқы күндерін атаған. Көне Римде айдың алғашқы күндерінде салық жиналып, соның есеп-қисабын тізіп отыратын кітапты календариум деп атапты. Календарь сөзінің төркіні осыдан шыққан.
Бүгінгі күні біз Жаңа жылды ресми түрде григориан күнтізбесі бойынша 1 қаңтардан бастаймыз. Сондай-ақ, ата-баба дәстүрі бойынша, 22 наурызды да Жыл басы ретінде тойлаймыз. Осыларға қоса, хижра бойынша Жаңа жыл да бар...
Осы төңіректе аз сөз: Консулдар қызметке кіріскен күн?
Григориан күнтізбесінің арғы атасы -- юлиан күнтізбесі. Бұл күнтізбе біздің дәуірімізге дейінгі 45 жылы Рим республикасында енгізілді. Күнтізбенің жасалуына Юлий Цезарь мен елдің дінбасы арасындағы келіспеушілік себеп болған деседі. Оған дейін жылдың қай кезде басталатынын, қаншаға созылатынын, қашан бітетінін анықтап-жариялау -- дінбасы құзырындағы іс болыпты.
Юлиан күнтізбесі бойынша жылды 1 қаңтардан бастау белгіленген. Зерттеушілер мұны біздің дәуірімізге дейінгі 153 жылдың нақ осы күнінде халық жиынында сайланған консулдардың қызметке кірісуімен байланыстырады.
Цезарь жаңа күнтізбені Созиген бастаған астрономдарға жасатқан. Астрономдар жылдың ұзақтығын 365,25 тәулік деп есептеген. Кейіннен ғалымдар олардың 11 минут 14 секундқа қателескенін анықтады. Міне, сол қателік салдарынан әр 128 жылда артық бір тәулік уақыт пайда болады. Юлиан күнтізбесі бойынша ХVІ ғасырға қарай Күн мен түннің теңелуі наурыздың 22-сіне емес, 11-іне сәйкес келген. Осыған байланысты ХV-ХVІ ғасырларда жаңа күнтізбе жасау мәселесі қызу талқыланды. Бұл мәселеге, әсіресе, шіркеу қызметкерлері ерекше ден қойды. Сөйтіп, 1582 жылғы қазан айында юлиан күнтізбесінің орнына григориан күнтізбесі енгізілді. Жаңа күнтізбені енгізу туралы қаулы иесі -- Рим папасы Григорий ХІІІ болғандықтан, күнтізбе атауы осы кісі есімімен байланысты.
Григориан күнтізбесіне сай, 1582 жылдың 4 қазанынан кейінгі күн 15 қазан болып жарияланды. Күнтізбе астрономдар -- Христофор Клавиус пен Алоизий Лилиустың жетекшілігімен жасалды. Ғалымдар бұл күнтізбеде де жыл мерзімі табиғи өлшемнен сәл ұзақтау деп санайды, алайда бір тәулікке тең артық уақыт бұрынғыдай 128 жылда емес, 4240 жыл мерзімде ғана пайда болады.
Бастапқыда григориан күнтізбесін Италия, Испания, Португалия және сол уақыттағы Речь Посполита мемлекеттері қабылдады. Аздан кейін бұл қатарға Франция, Голландия, Австрия қосылды. Ал протестанттық елдер бастапқыда бұл күнтізбені қабылдауға ықылассыз болды, олардың арасынан ең соңғы болып 1753 жылдың 1 наурызында Швеция григориан күнтізбесіне көшті.
Азия елдері арасынан григориан күнтізбесін бірінші болып 1873 жылы Жапония қабылдады, 1911 жылы Қытай да осы күнтізбеге көшті.
Ал Ресей жаңа күнтізбеге 1918 жылдың ақпан айында көшкен. Әрине, сол кезде Ресей отары болғандықтан, бұл Қазақстанға да қатысты сөз екені түсінікті.
Хижри-қамари және хижри-шәмси Григориан күнтізбесі бойынша есептегенде, 622 жылы Мұхаммед пайғамбардың (Оған Алланың нұры жаусын!) Меккеден Мәдинеге көшуінен бастау алатын хижра күнтізбесін, негізінен, араб елдері қолданады. Хижра сөзі қоныс аудару, көшу деген мағынаны білдіреді.
Хижра күнтізбесінің шығу тегі жөнінде екі түрлі пікір бар. Зерттеушілердің бір тобы бұл күнтізбені көзі тірі кезінде Мұхаммед пайғамбардың (Оған Алланың нұры жаусын!) өзі қолданған десе, келесі зерттеушілердің айтуынша, хижра күнтізбесі екінші халиф Омардың (634-644 жылдары билік құрды) кезінде бекітілген. Омардың тұсында жыл санау мерзімін қай кезден бастау керектігі туралы үлкен жиын өтіп, сол жиында Меккеден Мәдинеге көшу мерзімі жөніндегі ұсынысты айтқан -- Әли ибн Әбу Тәліп екен.
Хижра -- ай күнтізбесі. Ай күнтізбесі бойынша он екі айда 354 қана күн бар. Сондықтан да ол жыл маусымдары ауысып тұратын елдерге жарай бермейді.
Хижра бойынша жаңа жыл мұхаррам айының бірінен басталады. Биыл 1 мұхаррам 26 қарашаға сәйкес келді. Сол күні хижра бойынша 1433 жыл басталды.
Парсы күнтізбесі -- хижраның екінші түрі болып табылады. Бұл күнтізбе де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христос атының күнтізбеге қатысы шартты ғана
Григорян күнтізбесінің тарихы
Ұлттық күнтізбеңді ұлықта, қазақ!
Ислам дінінің Пасхаға деген көзқарасы
Эралар және олардың дәуірлері
Хронология
Математика және күнтізбе
Қазақ халқының күнтізбесі
Ежелгі өркениет күнтізбелері
Хронология пәні және оның міндеттері
Пәндер