Инвестициялық жобаның бизнес жоспары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университеті
БАЯНДАМА
Тақырыбы:
«Инвестициялық жобаның бизнес жоспары»
Орындаған:
Тексерген: .
Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Инвестициялық жобаның түсінігі, түрлері
2. Инвестициялық жобаны талдау формалары
2. Нақтылы инвестициялық жобаның бизнес жоспары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Инвестициялар - біздің экономикамызда бұл жаңа термин болып табылмайды. Орталықтанған жоспарлық жүйе кезінде тек "капиталдық салымдар" деген түсінік қана қолданылды. Бұл түсінікте, негізгі қорлардың қайта өндірісі және оларды жөңдеуге кеткен шығындар да еңгізіледі.
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының (ҚР) Заңына сай инвестицияларға (толықтырулар мен өзгертулер еңгізу арқылы) келесідей анықтама берілді. "Инвестициялар - бұл, пайда алу мақсатында өндірістік қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі, сонымен қатар:
- акциялар және өзге де коммерциялық ұйымдарға қатысу формалары;
- облигациялар және өзге де қарыздық міндеттемелер;
- қозғалатын, қозғалмайтын мүлік және мүліктік құқық, ұстау құқығы мен тауарлардан басқа, импортталатын және өткізуге арналған, қайта өңделмейтін мүліктер;
- интеллектуалдық қызметке, авторлық құқыққа, патентке, тауарлық белгілерге, өндірістік үлгілерге, технологиялық процесстерге, ноу-хауға құқық;
- лицензияға негізделген қызметтерді жүзеге асыру құқығы".
Инвестициялық жоба деген не?
Капиталдың ең маңызды белгісі - оның иесіне пайда әкелу мүмкіндігі. Капиталды ұзақ мерзімде салу немесе инвестициялау - мұндай мүмкіндікті пайдалану формаларының бірі.
Инвестор тарапынан алғанда инвестициялаудың мәні - «ертеңгі күні» пайда алу үшін «бүгінгі» пайданы алудан бас тарту. Мұндай операциялар банктермен ссуда беруге ұқсас келеді. Сәйкесінше, капиталды ұзақ мерзімге салу туралы шешім қабылдау үшін екі негізгі болжамды белгілі бір дәрежеде дәлелдейтін ақпарат болуы тиіс:
1) салынған қаражаттар толығымен өзін-өзі өтеуі тиіс;
- бұл операция салдарынан пайда жоғары болу қажет. Яғни тәуекелдерді жабу үшін.
Инвестициялық жобалардың түрлері және мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Яғни бұлар құрылыс жобаларынын мүлікті бағалауға дейін жоба сәйкес келмеуі мүмкін.
Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
1. Инвестициялық жобаның түсінігі, түрлері
Жобаларды әдетте тактикалық және стратегиялық деп бөледі. Стратегиялық жобаның қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызамыз. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Қазақстанның тәжірибесінде жоба түсінігі жаңа ұғым емес. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Инвестициялық жобалардың талдауы олардың жіктеулеріне негізделуі қажет, оны біз 1-ші кестеден көре аламыз.
Инвестициялық жобаның негізгі бөлімдері:
1) Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы.
- Жобаның негізгі идеясы.
3) Нарықты талдау және маркетинг тұжырымдамасы.
4) Инвестициялық жобаны орындау процесіне қажетті материалдық ресурстардың көлемін негіздеу.
- Жобаның орындалуының техникалық негізіне сипаттама.
- Жобаның тұрған жері.
- Басқаруды ұйымдастыру.
- Қажетті еңбек ресурстары.
- Жобаның орындалу кестесі.
- Жобаны қаржымен қаржылануына сипаттама және оның тиімділігін бағалау.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол цикл келесі кезеңдерге ие:
- Жобаның тұжырымдалуы-бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументтер болуы тиіс. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
- Жобаны дайындау -жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген нақты шешімді қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында - коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және тағы басқа - оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады.
- Жобаны сараптау-жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу қажет. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік, тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшаның көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшаның кейбір бөлігін жұмсауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
- Жобаны жүзеге асыру-бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап, жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді.
- Нәтижелерді бағалау-бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады.
Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген:
- Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте, осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етеді.
- Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты - жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану.
- Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді.
- Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.
- Экологиялық жүгі бар жобалар. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластауымен әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.
- Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және тағы басқаларды қамтиды.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеясын жүзеге асыры ала ма деген сұрақ туады.
2. Инвестициялық жобаны талдау формалары
Жобаның коммерциялық орындалуын бағалау - инвестиция алдындағы зерттеу жүргізуде қорытынды звеносы. Ол барлық өткен этаптардан алынған және талдаудан өткен ақпараттарға негізделуі керек. Коммерциялық бағалау инвестициялық жобаның интегралдық жағдайын көрсетуі қажет.
Инвестициялық жобаның коммерциялық қызығушылығында 2 критерий бар:
- қаржылық дербестігі (қаржылық баға) ;
- тиімділік (экономикалық баға) .
Бірінші жағдайда, жобаны іске асыру барысында өтімділік талданады (төлем қабілеттілігі) . Екіншіден жобаның сатып алушылық құндылығының сақтап қалуында, салынған қаражаттар және де олардың қайтадамып өсуі.
Ұстаным бойынша маркетингтік талдаудың негізгі мағынасы екі жәй сұрақтың жауаптарында:
- Жобаның іске асырылуының нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
- Бұдан инвестициялық жобаның шығындарын ақтайтын жеткілікті пайда түсіреміз бе?
Статистика бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың күйзеліске ұшырауының деңгейі 80%. Күйзелістің басты себебі - жеткіліксіз маркетинг.
Маркетингтік талдаудың базалық мәселелері мыналар:
- Жоба қай нарыққа бағытталған? Халықаралық па, әлде ішкі нарыққа ма?
- Жоба халықаралық және ішкі нарықтар арасындағы балансты долбарлайды ма?
- Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекет саясатының шешімдеріне бағыттас па?
- Егер жоба ішкі нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекеттің ішкі саясатына бағыттас па?
- Егер жоба мемлекеттің саясатымен сыйыспаса, оны қарастыру керек пе?
Жобалар қазіргі нарықта іске асырылатындықтан, жобада оның сипаттамасы көрсетілуі тиіс. Маркетингтік талдау сондай-ақ өзінде тұтынушылар мен бәсекелестердің талдауын қамтуы тиіс. Тұтынушылар талдауы тұтынушылар қажеттіліктер, нарықтың патенциальді сегментін және сатып алу үрдісінің сипаттамасын анықтауы тиіс. Бұл үшін жобаны әзірлеуші нарықты жан-жақты зерттеп, нарықтық құрылым және оған әсер етуші институциональді шектеулер аумағында негізгі . Маркетингтік талдау нәтижесінде маркетингтік жоспар әзірленеді. Онда өнімді әзірлеу, бағалау оны базарға өткізу және пайдалану стратегиялары көрсетіледі. Бұл «маркетингтік қоспа» элементтері бірігіп, өнімнің нарықтағы қолайлы бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етеуі керек.
2. Нақтылы инвестициялық жобаның бизнес жоспары
ЖШС ″ Тамир ″ инвестициялық жобасы.
Ұйым ерекше табиғи бұлақ ас суын өндірумен айналысады.
Кәсіпорын туралы ақпарат:
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Асанбай Асқаров көшесі 32.
Телефон: (3252) 751446
Кәсіпорын басшысы: Дугоев Валерий Астраханович.
ЖШС ″ Тамир ″ арнайы бұл жобаны іске асыру үшін 2005 жылы ұйымдастырылған. ЖШС ″ Тамир ″ Шымкент қаласында орналасқан, ол біздің республикамыздың маңызды қалаларының бірі.
Жобаның жалпы тұжырымдамасы:
Жоба бойынша ұйым бұлақ ас суын 1, 5 және 5, 0 литр көлемі бар политилен бөтелкелеріне құюмен айналысады.
Химикалық құрамы ерекше және құрамындағы тұздар бойынша ультрапрестік, жұмсақ, гидрокарбанаты, кальциі бар ″Куаридон″ қайнар көзінің таулы-бұлақ суы (теңіз деңгейінен 1832м) құйылады және сатылуға ұсынылады. Оның артықшылықтары: төлем дәрежелі минералдары бар-50 мг/л, үнемі қолдану жүйке жүйесінде тұздардың жиналмауына әкелді. Бұндай суды тамақ даярлауда қолдануға болады. Бұл суды балаларға өмір сүре бастаған күндерінен бастап, сонымен қатар олардан үлкен балаларға құрғақ тамақтану тағамдарына қосуға болады.
Жоба мақсаттары:
Бәсекеге қабілетті, рентабельділігі жоғары, жылына төмендегідей тауар көлемін өндіріп, шығара алатын кәсіпорын (мың бут. ) :
Көлемі газдалған табиғи
1, 5 л бөтелке 1000 (0, 10 долл. ) 4000 ( 0, 10 долл. )
бойынша
5, 0 л бөтелке 1000 ( 0, 13 долл. ) 4000 ( 0, 14 долл. )
бойынша
Ескерту, жақшада бір бөтелкені өндіруге кететін нақты шығындар көрсетілген ( жалпыдан 95% тікелей шығындар)
Нарықтар және бәсекелестер.
Мамандардың айтуы бойынша ауыз су нарығы Қазақстанда әлі толығымен дамыған жоқ. Бір адамға шаққандағы жылына қолданылатын су 3л, минералды су институтының зерттеуі бойынша қажеттіліктері 17 л- ға дейін жетеді.
Басты бәсекелестер болып отандық өндірушілер табылады: ″Серебренная″, ″Тассай″, ″Тибетская″. Агрессивтібаға саясатын ұстану арқылы тауар бағасы төмен болады. Осыған байланысты сұраныстың болмауы қауіпі жоқ.
Жіберу бағалары ( ҚҚС қоспағанда) :
Көлемі Газдалған Табиғи
1, 5 л бөтелкелері 0, 234 долл. 0, 232 долл.
бойынша
5, 0 л бөтелкелер 0, 530 долл. 0, 504 долл.
бойынша
Қажетті инвестициялар.
1 тоқсан жобаны іске асыру үшін - 435, 71 мың доллар.
3 тоқсан жобаны іске асыру үшін - 440, 50 мың доллар.
Капиталды қолдану.
Шығындар Құны, мың долл
Жөндеу жұмыстары 506, 29
Құрал жабдықтар 307, 28
Басқа да инвестициялық 62, 64
шығындар
Қаржылық болжам.
Тартылған қаражаттар нысанында қаржыландыру.
Займ атауы- несие.
Сома, мың долл- 876, 21
Мерзімі, ай- 36
Пайыз мөлшерлемесі, %-15.
(мың долл)
Жылдар
Көрсеткіштер 1-ші 2-ші 3-ші 4-ші 5-ші
Өткізу көлемі 2080 2140 2220 2200 1900
Ағымдағы шығындар 1400 1502 1607 1715 1827
Тозу 300 300 300 300 300
Салық салынатын 380 338 313 185 73
табыс
Табыс салығы 114 101, 4 93, 9 55, 5 21, 9
Таза пайда 266 236, 6 219, 1 129, 5 51, 1
Таза ақша ағындар 414 401, 4
А) (2) формула бойынша таза келтірілген құнды есептейміз. r=15%
NPV=-8762100 + 414 * 0, 8696 + 3555000 * 0, 5718 + 219000 * 0, 4972=-8762100 + 3600144 + 3035386 + 2590286 + 2032749 + 108886, 8 = 2605351, 8
Б) (6) формула бойыеша инвестиция рентабельділігінің индексін есептеу:
PI= ( 414*0, 8696 + 4014000 * 0, 7562 + 3939000 * 0, 6576 + 3555000 *
0, 5718 + 219000 * 0, 4972) / 8762100 = 0, 702
В) IRR көрсеткішін есептеуге қажетті мәліметтер:
Тоқсан Ағын r=15% PV
0 тоқсан - 8762100 1314315 - 10076415
1 тоқсан 4357100 653565 5010665
2 тоқсан 0 0 0
3 тоқсан 4405000 660750 7704372, 3
2638622, 3 2638622. 3
IRR=15% + = 16%
2638622. 3
Г) Өтелу мерзімін (10) формула арқылы есептейміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz