Бөлшектерді тазалау және жуу, қолданылатын жабдықтар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Автомобиль көлігі еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, компания, ферма-кооператив ұжымдық клиенттерді халық шаруашылығында ретті атқарып және еліміздің халқына тынымсыз қызмет етеді. Жыл сайын автомобиль көлігімен халық шаруашылығында 80%-дан астам жүк тасылатын болса, тасымалдың көпшілік пайдаланымында 75 %-дан астам жолаушы тасымалданады.
Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден-бір мәселе, автомобильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады. Бұл мәселені шешу бір автомобиль өндірушілерінің анағұрлым сенімді автомобиль шығарумен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан - автомобильдің техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру болады. Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қажетті өндірістік базаны құруды, техникалық күтім көрсету мен жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді жақсартуды талап етеді.
Автомобильдерді пайдалану кезінде оның сенімділігі мен басқа да қасиеттері төмендейді. Осыған байланысты автомобильдерде әр түрлі ақаулар пайда болады. Сондықтан осы ақауларды техникалық қызмет көрсетуде және жөндеу кезінде шегертеді.
Автомобильді ұзақ пайдалану кезінде оның жағдайын АКМ - рде, жөндеуі техникалық жарамсыз және экономикалық тиімсіз болады. Бұл жағдайда автомобильді жөндеу мекемесіне оны күрделі жөндеуге жібереді.
Автомобильдерді жөндеудің қажеттілігі және экономикалық ұтымдылығы айтылып, қазіргі кездегі жөндеу өндірісінің жағдайы Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерден тұрады.
Автомобильдің және қосалқы бөлшектерінің күрделі жөндеудің өзіндік құны 60-70 % жаңа бұйымның бағасынан аспайды. Осыған байланысты металл мен энергетикалық қор тиімділігіне жетеді.
Тежегіш механизм - автокөліктің жылдамдығын тежеуші, немесе оны қозғалтпай орнында ұстап тұратын механизм.
Тежегіштер ерекше көңіл аударуды талап етеді. Әдетте тежегіш қалыптарының дұрыс реттелмеуінен, яғни олардың қозғалыс кезінде үйкелуінен тежегіш барабандары шамадан тыс қызыл кетеді. Мұндай жағдайда доңғалақты бөлек алып, қалыптарды қарал шығу керек. Егер олардың аздаған жері ғана барабанға тиетін болса, онда оның түйісетін аумағын көбейту үшін деңес жерін егел тастаған жөн.
Автомобильдің істен шығуы, бөлшектердің тозуы, жабдықтың қажалуы және коррозияға ұшырау, көбінесе қажалудан, материалдың шаршауынан, межаникалық, тоттану зақымдарынан болады. Бөлшектердің астам көпшілігінің қалдық ресурстары бар, сондықтан оларды шағын көлемді жөндеуден кейін қайта колдануға болады. Соңғы кезде жүк автомобильдерінің жаңа түрлеріне, олардың бөлек агрегаттарын күрделі жөндеу ескерілген.
Алғашқы жол жүргенде бұрапдалық қосылыстардың бекіткіштерін тексеру және автомобильдің негізгі тораптарының атқаратын жұмысына зер салып қадағалау керек.
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсеткенде, өндіріс құралдарына технологиялық процестерді ұйымдастырғанда қойылатын санитарлық ереже мен гигиена талаптарын, сондай-ақ мемлекетттік стандарт талаптарын дұрыс орындау керек.
Автомобильдер мен тіркемелерге маусымдық техникалық қызмет көрсету (ТҚК) кезінде байқалған сынықтарды жөндеу керек. Автомобильдерді пайдалануға бермес бұрын тексеруге бағытталған техникалық қызмет көрсету бөлімшелерінде жүргізіп байқайды.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттер: Тежегіш жүйелерін және узелдерді жөндеу ағымы туралы түсінік алу. Осы мақсатта келесі міндеттер орындалды:
1. Автомобиль көлігінің қызметтік маңызы және жөнделетін узелдін техникалық сиппатамасы;
2. Автомобильдің тежеуіш жүйесі қызметі және оларға техникалық қызмет көрсету туралы түсінік беру.

1. Жалпы бөлім
1.1 Автокөліктің күрделі жөндеу әдісін таңдау және негіздеу
Күрделі және ағымды жөндеу сипатына және міндетіне сөйкес күрделі және ағымдағы болып бөлінеді. Агрегаттарды күрделі жөндеу оны толық бөлшектеу, ақауын анықтау, қалпына келтіру немесе бөлшектерін ауыстыру, ретімен қайта жинау, реттеу және сынау жұмыстарын қарастырады. Агрегаттың негізгі және негізгі бөлшектері оны толық шешіп қалпына келтіруді қажет еткенде, сондай-ақ агрегаттың жұмыс қабілеті ағымдағы жөндеумен қалпына келтіруге болмайтын жағдайда күрделі жөндеуге жіберіледі.
Негізгі бөлшектер агрегаттың жұмыс істеу қабілетін орындауын қамтамасыз етеді және оның пайдалану сенімділігін анықтайды. Сондықтан негізгі бөлшектерін күрделі жөндеумен қалпына келтіргенде оның сапалық деңгейін қамтамасыз ету немесе жаңа жасалымның сапалылығына жақындату қажет.
Күрделі жөндеумен сондай-ақ, жаңа жасалымның деңгейін немесе соған жуық қалпына келтіруді қамтамасыз етеді: саңылауларды және бекітулерді, бөлшектердің өзара орналасуын (жазықтықта, ось бойында, т.с.с), жұмыс беттерінің микро және макрогеометриясын металдың құрылымы мен қаттылығын, жасалымды құраушы бөліктерінің пошымы мен сыртқы көріністерін. Күрделі жөндеу басым көпшілігінде арнайландырылған автожөндеу мекемелерінде жүргізіледі. Қозғалыс құрамын және агрегаттарды күрделі жөндеуге жіберу диагностикалық жабдықтарды қолдана отырып, оның техникалық жағдайын талдау қорытындысымен және жүрген жолын, сонымен бірге ТҚ-пен жөндеу шығындарын ескеріп жүргізіледі.
Практика жүзінде жоспарланған күрделі жөндеуге келетін машиналар орамдардың жақсы оқшаулауын және толығымен желінбеген коллекторлары бар болуы мүмкін. Көп жағдайда бүзылмаған орамдармен коллекторларды ауыстыру тиімсіз. Оралуын ауыстыру келесі жағдайларда жүргізіледі:
- орамның апатты жағдайында ( орам бүтіндегі немесе бар бөлігі
күйінде кеткен де );
- оралуы профилактикалық сынақтан жоғары кернеу арқылы
өткізгенде;
- негізгі жабдықтың қүрамына кіретін жэне ыстық қоры жоқ ерекше жауапты электр машиналардың жоспарланған жөндеуге келіп түсуі, олардың істен шығуы жоспардан тыс жөндеуге келген машиналардың толық көлемде күрделі жөндеу бағасынан асып түсетін өндірістік шығысқа алып келеді.
Коллекторлар келесі жағдайларда ауыстырылады:
- оқшаулану жанғанда жэне оның бес, оданда көп коллекторлар пластикалары зақымданғанда;
- кезекті жоспарланған күрделі жөндеуге дейін машинаның жоспарлы жүмыс жасауына кепілдік бермейтін кезде коллектордың ескіруі.
Жоғарыда аталғандарға сай машиналар күрделі жөндеудің типтік көлемІне жатады:
- ағымдық жөндеу операциялары;
- машинаны сырттай тексеру;
- орамдардың бүтіндігін тексеру;
- сырғаның айгөлектерімен бірге машиналардың роторларының осьтік жүруін; ижеу айгөлектері бар электр машиналарында валдың мойыны мен айгөлектің аралық резеңкесінің арасындағы қашықтықпен тексеру.
Автомобильдің қосалқы жүйесін басқаратын меха-низмдерге негізінен аспалы жүйені; гидравликалық жүйені, электрлік жүйені т.с.с. басқаратын механизм-дерді жатқызуға болады. Олардың жүмыстарына төмен-дегі бөлімдерде түсінік беріледі. Сонымен, басқару механизмдерінің ішіндегі негізгісі трактордың жүрісін басқаратын механизм болып табы-лады. Оған жүріс бағытын өзгертетін қондырғы мен тежеуіш қондырғы жатады. Олардың қүрылыстары доң-ғалақты жөне шынжыр табанды тракторларда әр түрлі болады. Сондықтан төменде әрқайсысына жеке-жеке түсінік беріледі.

1.2 Жөнделетін бөлшектің техникалық сипаттамасы, құрылысы және жұмыс істеу принципі
Иінді білік (1-сурет) поршень арқылы келетін күшті қабылдайды және оны бұраушымоментке өзгертіп, мұны трактор мен автомобильдің трансмиссиясы береді, сондай-ақ двигательдің әр түрлі механизмдері мен детальдарын жетекке алу үшін пайдаланылады. Газ бен инерция қысымының күші иінді білікке түсіп оған үдайы әсер ететіндіктен оның қозғалмалы детальдары тозуы, біліктің иілген және бұралған тұстары деформациялануы мүмкін. Сондықтан да иінді білік өте төзімді болуы тиіс.

1-сурет. Иінді білік
Иінді білікті жоғары сапалы болаттан штамптайды немесе өте төзімді шойыннан құяды. Ол тіреуіш түпкі мойыннан (1), шатундық мойыннан (11), оларды жалғастыратын жақтаудан (2), түмсықтан (алдыңғы бөлігі) және құйыршықтан (артқы бөлігі) тұрады. Жақтауына білікпен қоса, оны теңгеріп тұратын қарсы салмақ (12) бекітілген немесе құйылған. Білік мойны тозуға өте берік болуы үшін жоғары жиіліктегі токпен шынықтырылған. Білік жақтауынан қиғаш каналдар өтеді, сол арқылы май түпкі және шатунды подшипниктерге келеді. Шатун мойнының іші қуыс (В) етіп жасалған, мұның өзі ортадан тепкіш тазартқыш үшін қажет. Шатун қуысы бұрандалы тығынмен (17) бекітілген. Иінді білік айналған кезде механикалық қоспалар (тозған өнімдер) ортадан тепкіш күштің әсерінен қуыс кенересіне түнады. Двигательдердегі иінді біліктің әрбір шатунды мойынындағы V тәрізді орналасқан цилиндрлеріне екі шатуннан орналасқан, сондықтанда мойны үзын болады. Иінді біліктің алдыңғы шетіне газ таратқыш және баска да механизмдерді жетекке алатын бір не екі шестерня, желдеткіш пен генераторды жетекке алатын шкив (16), сондай-ақ иінді білікті қолмен айналдыруға арналған тіреуіш тісті дөңгелек (храповик) немесе болт (15) бекітілген. Шкив пен шестерня аралығына май қайтарғыш (6) орнатылған, ол сальникті нығыздағыштың алдындағы майды кері қайтарады. Қейбір двигательдерде таратқыш шестерня біліктің артқы шетіне орналасқан.
Біліктің арткы шетіне маховик (5) бекітілген. Бірқтар двигательдерде маховикті орналастыру штифімен (7) және болтпен (8) бекітеді. Ал, басқа бір двигательдерде фланец (19) болады, оған маховикті болтпен ұстататын тесік жасалады. Иінді білік фланецінің алдына май айдайтын бұранда жасалған, ол арнайы жіңішке ішпекпен немесе сальникпен қоса лабиринтті нығыздағыш құрайды да, маховик картеріне май құйылуынан сақтайды. Әдетте иінді біліктің артқы шетінде кертпек болады, сол арқылы білік осьтік ығысудан ұстатылады. Осы мақсатта соңғы түпкі подшипникте, кертіктер немесе тіреуіш жартылай сақина (3) болады. Қейбір двигательде иінді біліктің бойлық орын ауысуын осындай құрылғылар шектейді, олар бірінші немесе ортаңғы түпкі мойында орналасады.
Түпкі подшипниктер де, сол сияқты шатунды подшипниктер де ішпек (10) секілді, олар биметалды болат-алюминий лентасынан жасалған. Лентаның сыртқы бөлігі болаттан жасалған, ал ішкі бөлігіне үйкеліске қарсы АСМ қорытпасы қапталған, бұл қорытпа аса үлкен күшке шыдай алады, әрі тозу төзімділігі жоғары. Ішпектің жұмыс, істеуін жақсарту үшін оның ішкі беті қапталады. Шатунның да, сондай-ақ көптеген түпкі подшипниктердің де ішпектері өзара ауыстырмалы.
М а х о в и к иінді біліктің біркелкі айналуына жағдай жасайды және трактор орнынан қозғалғанда, әрі жұмыс кезінде двигательде пайда болған аса ауыр күшті игеруге жәрдемдеседі. Маховик дегеніміз салмағы біршама ауыр шойын диск. Маховиктің артқы жақ тұсында іліністі орналастырылатын қырнақ болады, сол максатта маховиктің артқы беті мүкият өңделеді.

Маховиктің алдыңғы үшында ойық болады, сол ойық бойынша бірінші цилиндрдегі поршеньнің орналасу қалпын белгілейді. Осы ойық маховик картерінің тесігімен сәйкес келген жағдайда бірінші цилиндрдегі поршень жоғарғы өлі нүктеде болады.
Бірқатар двигательдерде мұндай сәйкестілі бірінші цилиндрге май беруді бере бастаған сәттегі поршеньнің тұрған қалпына дәл келеді.
Кейбір двигательдердің маховигіне сығылу тактісі өтетін цилиндр нөмірі жазылған таңба басылады. Клапандарды ретке келтіргенде маховиктегі таңба мен ойықты пайдаланады.
Маховик құрсауына болат тісті тәж (9) престеп ұсталған немесе болтпен бекітілген. Тісті тәж қозғалысқа келтіретін құрылғыдағы немесе стартердегі иінді білікті айналдыру үшін қажет.

1.3 Бөлшекті бұзу технологиясының процессі
Автомобильдер жүргiзу қауiпсiздiгi тежеуiштердiң түзулiгiне және оны шебер пайдалана бiлуге байланысты болады. Пайдалану барысында жиi әрi кенеттен тежеуден аулақ болу керек, өйткенi ол тежеу колодкаларының фрикциялық жапсырма мен тежеуiш барабандарының жылдам тозуына соқтырады. Тежеуiш жүйелерiнiң түрлi ақаулары толық, бiрмезгiлде болмай немесе мүлде тоқтамауына әкеледi. Толық емес тежелу мынадай себептерден болады: гидравликалық және пневматикалық жетектердiң герметикалық болмауы; гидравликалық жетек жүйесiне ауаның енуi, ондағы тежеуiш сұйығының, тежеуiштiң пневматикалық жетегiндегi ауаның жеткiлiксiздiгi, тежеуiш механизмдерiн реттеудiң бұзылуы, тежеуiш колодкалары мен барабандар жапсырмасының тозуы және майлануы. Қосылыстардың герметикалық болмауын гидравликалық жетекте сұйықтың ағуынан немесе двигатель жұмыс iстемей тұрғанда пневматикалық жетектi жүйеде ауа қысымының төмендеуiнен байқауға болады. Ауаның сыртқы шығуын құлақ тосып есiту арқылы немесе сабынды көбiк көмегiмен анықтауға болады, ол үшiн ауа өткiзгiштерiнiң қосылысын сулап тығыз емес жерiн анықтайды. Егер ауа қысымы тек двигатель жұмыс iстеген кезде ғана төмендейтiн болса, онда бұл компрессордың ақаулы екендiгiн көрсетедi. Тежеуiш гидравлшикалық жетегi жүйесiне ауаның енуiн, оның педалының болар-болмас қарсылықсыз түсiп кетуiнен (педалдың құлап түсуiң) анықтауға болады. Гидраликалық жетектен ауаны тежеуiштi айдауң арқылы шығарады. Бұл жұмысты екi адам мына жүйемен орындайды. Ең алдымен, басты цилиндрге тежеуiш сұйығы толтырылады., оның деңгейi құю тесiгiнiң жоғарғы жиегiнен 15-20 мм төмен етiп құйылады. Екеудiң бiрi оң жақтағы артқы дөңгелектың тежеуiш цилиндрiнiң қайта жiберу клапанынан резеңке қалпағын босатып алады да, клапан қалпақшасына ұзындығы 350-400 мм резеңке шланг кигiзедi. Шлангының екiншi шетiн ортан белiне дейiн тежеуiш сұйығы құйылған жарты литрлiк шыны ыдысқа салады да қайта жiберу клапанын 12 - 34 айналымға бұрайды. Екiншi адам (көмекшi) тежеуiш педалын бiрнеше рет жылдамдата басып, сонан соң жайлап босатады. Бұл қимыл сұйыққа жiберiлген түтiктен ауа көпiршiгi бөлiнiп шығуы тоқтағанға дейiн қайталана бередi. Педальды әрбiр бес-алты қайтара басқан сайын, жүйеге ауа енбеуi үшiн, басты цилиндрге тежеуiш сұйығын үстеп құяды. Көпiршiктiң бөлiнiп шығуы тоқтаған кезде, тежеуiш педалын тiркелгенше басып тұрып, қайта жiберу клапанын нығыздап бұрайды. Қайта жiберу клапанына шланг алынып, соған резеңке қалпақша кигiзiледi. Сонан соң тежеуiш цилиндрiнiң басқа дөңгелектарынан ауа мына жүйемен шығарылады: әуелi алдыңғы оң жақтағы, алдыңғы сол жақтағы және артқы сол жағындағы дөңгелек. Гидравликалық жетекте ауа болмаған жағдайда және тежеуiш механизмдерi дұрыс реттелгенде, тежеуiш педалын басқан кезде, ол жүрiстiң жартысынан ртық төмендемеуi тиiс. Тежеуiш колодкасынан май ақаулы сальник арқылы енуi мүмкiн. Ақаулы сальниктi айырбастау қажет, колодка мен барабандарды бензинмен жуу, ал колодканың фрикциялық жапсырмасын рашпиль (түрпi) немесе болат щеткамен тазалау керек. Колодканың тозған жапсырмасы мен барабандарын айырбастайды. Колодка мен барабан аралығындағы саңылау үлкейген жағдайда, тежеуiш механизмiн реттейдi. Егер тежеуiштiң пневматикалық жетегiнде ауаның жеткiлiксiздiгi байқалса, онда ақаулығын анықтап, оны жөндейдi. Тежеуiштiң дөңгелекқа бiр мезгiлде әсер етпеуi салдарынан автомобильдiң (трактордың) ауытқып не сырғанап кетуi мүмкiн. Бiр мезгiлде тежелмеу себебiнен, жетектiң реттелуi мен тежеуiш механизмдерiнiң бұзылуы, тежеуiш жетегi бiлiкшелерiнiң қажалуы, түтiк өткiзгiштерi мен шланганың бiтелуi мүмкiн. Реттеу бұзылған болса, оны қалпына келтiру қажет. Егер бiлiкше қажалатын болса, оны алып тазалап, майлау керек. Түтiктер мен шлангалар бiтелген жағдайда, сығылған ауамен үрлеген жөн. Дөңгелектың тежеуiш механизмдерiнiң қажалуы салдарынан, тежелудiң тоқталмауы мүмкiн. Қажалудың себебi тежеуiш колодкасы жапсырмасының үзiлiп кетуiнен, тежеуiш барабанына олардың жабыса қатып қалуынан, колодкалардың қатайу серiппелерiнiң сынуынан, басты тежеуiш цилиндрiнiң ауа және компенсациялық тесiгiнiң бiтелуiнен, дөңгелекты бтежеуiш цилиндрлерiндегi поршеньнiң кептелiп қалуынан да болады. Тежеуiш колодкаларындағы жапсырманың жабыса қатып қалуын тежеуiш барабандарын қыздыру арқылы жоя алады. Сынған бөлшектер ауыстырылады. Басты тежеуiш цилиндрдегi бiтелiп қалған тесiктер мыс сыммен тазартылады. Поршень кептелiп қалған жағдайда дөңгелек тежеуiш цилиндрiн ауыстырады. Тұру тежеуiшiнiң ақаулығы барабан мен колодка (немесе тежеуiш лентасы) аралығындағы саңылаудың ұлғаюы нәтижесiнде болады. Бұл ақаулық тежеуiштi реттеу арқылы жойылады. Тұру тежеу жүйесінің ақаулары. Ақаусыз тұру тежеуі тоқтатылған автомобильді 23%- дан кем болмайтын еңістікте ұстап тұру керек және тұтқаны жоғары қарай ұстатқыш ілгешегінің 4-5 тісіне қозғалтқанда толық қосылуы,двигатель трансмиссиядан ажыратылып тұруы керек.Бұл жағдайлар орындалмаса реттеулер жүргізілуі қажет. ВАЗ-2105 автомобилінде тұру тежеуінің жетегінің тұтқасының жүрісі былай реттеледі: тұтқаны 2 шеткі төменгі жағдайға келтіру (23, в- сурет), одан кейін ұстатқыш ілгешегінің екі тісіне жоғары көтеру , тростың ұштығының қарсы бұрандалығының босатып және реттегіш бұрандалықты 15 трос 11 тартылғанша тарту ; қарсы бұрандалықты бұрап және қайтадан тұтқаның 2 жүрісін тексеру, ол толық тежелгенде 4-5 тіске қозғалу керек. ВАЗ-2108 автомобильіне тартқыштағы трос теңгергіштігіне қосылған реттеуіш бұрандалықты бұраумен реттеледі. Москвичң автомобилінде тұру тежеуінің жетегінің тросының ұзындығы қарсы бұрандалық босатылып тұрғанда өздігінен реттеуіш бұрандалықтың 15 бұралуымен (23, а- сурет) өзгереді. Егер тростың ұзындығымен тежеу реттелмейтін болса, онда реттеуді мынадай ретпен жүргізу керек артқы дөңгелекті көтеріп тежеуіш барабанын шығару керек, реттегіш экеценриктің қарсы бұрандалығын бұрап алу керек, шинаға арналған күректің көмегімен тежеуіш колодканың төменгі тіреуге және айырғыш планкаға қысып ұстау керек, ал отверткамен реттегіш экеценрикті сағат тілінің бағытымен ойландыру керек режимді тұтқаның төменгі бөлігін 4...6 мм саңылау пайда болғанын қозғалтып (тростың ұштығы - ұстатқыш, табандатқыш - фиксатормен артқы колодка тогының арасындағы);оның қарсы бұрандалығын тарту крек; осы ретпен екінші дөңгелектің тежеу реттеу керек; барабанды кигізіп артқы механизімін тростың ұзындығын тұру тежеуінің жетеігінің тұтқасының жүру шамасымен реттеу керек. Тежеу көзқарасының фрикциялы жапсырмасының айтарлықтай желінген кезінде жоғарыда айтылған реттеулерді жасамас бұрын қысқыш планкасын қысқартылған ойыққа ауыстыру керек. ЗАЗ автомобильінде тежеудің механикалық қол жетегін реттегіш ойықтың Б есебінде таянышты 23 алдыға қозғалту арқылы реттейді. Реттеуден кейін тұтқаның 2 жүрісін тексеерді, ол дөңгелек толық тежелмегенде 4-5 тістен аспауы крек. Ойықтың Б бүкіл ұзындығын қолданғанда тростың қосымша тартылуын саусақты 22 тұтқаның тесігіне 22 орын ауыстырумен іске асыралы. Тежеу щитіндегі тұтқа жүрісі тежеуіш колодкасының 9 жапсырмасының желіну есебінен және олардың тежеуіш барабан жаққа автоматты түрде жылжуынан көбейеді. Сондықтан тапсырмалар көп желінген кезде, тежеудің тиімділігі жоғарыда көрсетліген реттеулердің есебінен қаншамыз етілмесе қосылғыш пленкаларды 7 екі тежеуіштің де қысқартылған ойыққа Б орынын ауыстыру ұсынылады. Егер бұдан кейінде тежелу тұтқаны 2-3 тіске қозғалтқанда іске астын болса, онда тросты тұтқаның кронштейнн артқа қозғалтып немесе саусақты бастапқы қалпына келтіріп сәл босату керек. Жұмыстық тежеу жүйесiнiң ақаулары. Бұл жүйенiң жұмыстық тежек жүйесiнiң ақауларының нышандарына: жұмыстық тежеудiң әлсіз әсерi, тежеу педалiнiң шектен тыс немесе толық жүрiсi; бiр өстегi дөңгелектi тежеу механизмiнiң әртүрлі әсерi, тежеу кезiнде дөңгелектiң толық тежелмеуi немесе тұтылып қалуы: дискiлердiң және тежеу барабандарының қатты қызуы: педалдi жiбергенде бiр дөңгелектiң тежелiп қалуы; тежеу педалiне түсiрiлетiн күштiң көбейiп кетуi; тежеу кезiнде автомобилдiң сырғанап ауытқуы немесе алып қашуы; дөңгелектiң тежеу механизмiнiң дiрiлi; двигатель от алып тұрғанда өздiгiнен тежелуi; тежеу сұйықтарығының тамуы; Жұмыстық тежеудің әлсіз әсері тежеу жолының өсуімен айқындалады. Жол қозғалысы тәртібіне сәйкес жеңіл автомобильдің жұмыстық тежеуі жетегінің педальына бір рет басқан кезде құрғақ тегіс жол бөлігінде таза цемент немесе асфальт бетонды төсемде бастапқы жылдамдық 40 кмсағ кезінде 14,5 м-ден аспауы керек. Тежеудің әлсіз әсер етуінің себебі: гидравликалық жетектен сұйықтықтың тамуы немесе оған ауаның кіруі, фрикциялы жапсырмаларға дөңгелек күпшегінің сальниктерінің және жартылай остерінің желінуінің нәтижесінде майдың тамуы; дөңгелек цилиндрлерден жапсырмаларға тежеу сұйықтығының тамуы; фрикциялы жапсырмалардың желінуінің нәтижесінде дөңгелекті тежеу механизмдеріндегі саңылаудың бұзылуы; дөңгелекті цилиндрлерде поршеннің кептелуі; тежеу механизмнің қызып кетуі. Бұл ақауларды жою үшін желінген бөлшектерді ауыстырады; фрикциялы жапсырмаларды және тежеу барабандарын жуады және сүртеді; қосылыстарды тартады; жүйедегі сұйықтықты нормаға келтіреді; оны прокачка жасайды.

1.4 Бөлшектерді тазалау және жуу, қолданылатын жабдықтар
Машиналар мен олардың құрамдас бөліктерінің күрделі жөндеуге келгенде ластығы әр түрлі деңгейде болады. Сондықтан жөндеу нысандарын тазалау және жуу машинаны бөлшектеу, дефектациялау және детальдарды қалпына келтіру алдындағы міндетті түрде жүргізілуі тиіс операцияларға жатады.
Қондырғы екі жуу камерасы мен машиналық бөліктен тұрады. Камералар арасында майлау материалдары мен отынды төгуге және машинаны бөлшектеуге арналған посттар орналастырылған. Базалық трактор және жұмыстық жабдық бетіне жуу сұйығы гидрожетектегі автоматты тербелетін жинағыштан жеткізіледі.
Заманауи машиналар конструкциясының күрделілігі, олардың детальдарын дайындауда қолданылатын материалдардың әркелкілігі, жөндеу нысандарында ластанудың әртүрлілігі тазалау операцияларын бірнеше сатыда жүргізуге міндеттейді. Жөндеу кәсіпорындарының көпшілігінде жуу-тазалау жұмыстарын ұйымдастырудың 3.3-суретте келтірілген нұсқасы қолданылады.
Жөндеу-механикалық заводтары посттарының бірқатарында машиналарды жуу конвейерлік желідегі бөлшектеу участоктарымен біріктірілген. Бұл жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға және бөлшектеу участоктарында өндіріс мәдениетін жоғарылатуға септігін тигізеді.Лабомид-101, Лабомид-102 жуу құралдары машиналарды майлы асфальт-шайырлы кірлерден ағымды тазалауға арналған және машиналарды агрегаттарға, агрегаттарды детальдарға бөлшектеп жөндеу алдындағы тазалау операцияларында қолданылады. Олар су ерітінділері түрінде пайдаланылады.
Жуу құралдарын қолданудың технологиялық режимдерін детальдардың ластану сипатына, тазалау әдісіне, жуу жабдығының параметрлеріне, жуылатын бұйым материалына және басқа да факторларға байланысты анықтайды.
Машина детальдары мен тораптарын батыру әдісімен жуу үшін әртүрлі типтегі жуу машиналары қолданылады. Мысалы, ОМ-7027 машинасы (3.4-сурет) жуу шомылғысынан, детальдарды бүрку бөлмешігінен, конвейерден, жуу және активациялау жүйелерінен тұрады.
ОМ-7027 жуу машинасының сипаттамасы
Шомылғының жұмыстық көлемі, м3 ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 18
Бүрку ваннасының жұмыстық көлемі, м3 ... ... ... ... ... ... ... 1,8
Детальдарды жуу өнімділігі, кгсағ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .3000
Жуу сұйығының температурасы, град ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қыздыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... будың көмегімен
Детальдардың жуу ерітіндісіне болу уақыты, мин ... ... ... ... . 35
Конвейер жылдамдығы, сммин ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .. 0,2
Бекітілген қуат, кВт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 63
Жылдық жоспар, мың т ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .. 16
Габариттік өлшемдер, мм ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 8800х2280х2885
Жинақтағы детальдарды тазалау 0,5...1 сағ ішінде, ал асфальтты-шайырлы қалдықтары бар бұйымдарды тазалау 1,5...3 сағ аралығында жүргізіледі. Барлық шомылғылар мен сорап қондырғыларының бактары жуу құралының бетіне май жинайтын құрылғылармен жабдықталған.
Каустикалық соданы пайдаланып жуумен салыстырғанда Лабомид құралымен жуу өндіріс мәдениетін өсіруге, жуу сапасын көтеруге, құралдарды үнемдеуге және бөлшектеу операцияларында еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
ТЖЖ көлемі мен құрамы жылжымалы құрамның (ЖҚ) ластануымен анықталады. Ластану деңгейі және де тасымалдаулар қандай жолдармен (қатты немесе шаң топырақ) жүргеніне, құрғақ немесе ылғалды ауа райында, қандай климаттық аймақта орналасқанына, жазда немесе қыста т.с.с. орындалғанына байланысты да анықталады.
Жылжымалы құрамның барлық сыртқы (жоғарғы, бүйірлік, төменгі) беттері, сонымен қатар мотор майы, канатасты кеңістігі, кузовтың іші, көлік салоны периодты түрде жуып-тазалап тұруды қажет етеді. Тамақ өнімін тасумен айналысатын автомобильдерге бұл тіптен қажет.
Жуу жұмыстары тазалауға қарағанда механизацияға көбірек бейімделген. ТЖЖ-н жүргізу технологиясы төмендегідей:
Көлік кабинасын, салонын немесе кузовын тазалайды, ЖҚ-ды сыртынан жуады. ЖҚ-ды құрғатады немесе терезелерін және нөмірлерін сүртеді. Бұл жұмыстарды ЖҚ-ды сырттай жуу аймағында ұйымдастырады.
Жылжымалы құрамды жуу тәсілдері.Орындалу тәсіліне қарай бөлінеді: қолмен жуу, механикаландырылған және комбинацияланған.
Қолмен жуу шлангпен немесе пистолетпен жүзеге асады, су ағынының төменгі қысымы 0,2-0,4 МПа, жоғарғы қысымы 1,0-2,5 МПа болуы тиіс.
Механикаландырылған жуу арнайы қондырғылардың көмегімен жүргізіледі және құрылысы мен пайдалану жағдайына байланысты бөлінеді:
- жұмыс органының конструкциясына байланысты ағынды, қылшақты, ағынды-қылшақты;
- көлік техникасының жұмыс органының салыстырмалы жылжуына байланысты: өтпелі және қозғалмалы;
- пайдалану жағдайына қарай: тұрақты және жылжымалы;
- басқару тәсіліне қарай: қолмен басқарылатын және автоматты.
Қолмен 10-20 минутта жуылатын процесті механикаландырылғаннан соң 1,5-3 минутта орындауға болады. Экономикалық есептеулер (25-30)% ұтатындығын көрсетеді.
Тазалау-жуу жұмыстарына арналған жабдықтартөмендегідей бөлінеді:
- тазалау жұмыстары мен шанақты санитарлық өңдеуге арналған жабдықтар;
- көлікті жууға арналған жабдықтар;
- жуып болған соң көлікті үрлеу мен құрғатуға арналған жабдықтар;
- өндіріс жағдайында регенерацияланған суды пайдалануға арналған қосымша жабдықтар.

1.5 Жөнделетін бөлшектерді тексеру және сұрыптау
Автомобильдерде қолданылатын двигательдер мынандай бөліктер мен жүйелерден құралады:кривошипті - шатунды және газ тарату механизмдері, қоректендіретін, майлайтын, суытатын жүйелер және оталдыратын қондырғы.
Иінді - шатунды механизм.Иінді - шатунды механизмнің бөлшектерін қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектер деп екі топқа бөлуге болады.Қозғалмайтын бөлшектерге цилиндрді, ал қозғалатын бөлшектерге поршень, шатун және иінді білік топтарының бөлшектері жатады.Сонымен двигательдердің иінді - шатунды механизм механизмдері мынандай бөлшектер тобынан құралады:цилиндрлер тобы, поршень тобы, шатун тобы және иінді білік тобы.
Осы көрсетілген бөлшектер тобының әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады.Цилиндрлер тобы - поршеньнің әрі - бері қозғалысы кезінде бағыттаушы қызметімен қоса, оның ішінде процестер жүру үшін қажетті көлем жасап тұрады.Поршень тобының бөлшектері цилиндр мен аралықтағы қозғалуға қажетті болатын саңылауды неғұрлым берәк бітеп, цилиндр ішінде жүретін процестерге байланысты газ қысымын қабылдау қызметтерін атқарады. Шатун тобының бөлшектері поршень мен иінді білікті жалғастырып, поршеньде пайда болған газ қысымының күшін иінді білікке жеткізеді, ал керек болғанда иінді біліктегі күшті поршеньге жеткізеді. Сөйтіп, поршеньнің түзу сызықты қозғалысын, иінді біліктің айналмалы қозғалысына ауыстыру қызметін атқарады.Иінді білік тобы шатуннан келген күштің әсерінен өзі айналмалы қозғалысқа келеді де, сырттағы трансмиссия арқылы жүргізетін дөңгелектерді айналдырады.
Цилиндрлер арнаулы құйылып жасаған блоктағы ұяларға бекітіледі.Егер цилиндр "дымқыл" болса, онда оның төменгі және жоғарғы беттері ғана ұяға жанасады. Ол жерді арнаулы аралыфқ төсемдермен, сұйық ақпайтындай етіп бітейді. Ал құрғақ цилиндрлерді өн бойында бітеу жасалған ұяларға престеп орнатады.
Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы 2 - суретте көрсетілген.

2. сурет. Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы.
Оларды мынандай бөлшектер тобына бөлуге болады: поршень, шатун тобы және иінді - білік тобы. Олар бір - бірімен арнаулы бөлшектер арқылы жалғасады.
Поршень тобына поршенннің өзі (15), сақиналары және саусағы (6) жатады. Поршень саусағы (6) (2 - сурет) шіші қуыс түтік тәрізді болаттан шыңдап жасалады.Ол екі ұшымен поршеньдегі қалың құйылмаға (3) тығыз кіріп тұрады да, ортасында шатуннның жоғарғы басы (7) (2 - сурет) орналасады.Сонда сол саусақ арқылы шатун бұрылып, бұлғақтаған қозғалыс жасай алады.
Шатун тобының бөлшектері негізгі шатуннан, жоғарғы және төменгі басындағы подшибниктерінен (ішпектерінен) құралады.Шатунның өзі ішінде ішпегі бар жоғарғы басынан (7), сол сияқты төменгі басынан (10,11) және өзегінен (8) құралады.Жоғарғы басы, ішіндегі ішпегімен (көбінесе қоладан жасалады) поршень саусағына кіріп тұрады да оны поршеньмен жалғастырады. Ол үнемі өзара қозғалып тұратындықтан, үйкелетін саусақ пен ішпек беттерін майлайтын тесік жасалады. Шатун өзегі екі қырлы етіп жасалады.
Шатунның төменгі басы екіге жарылып (10,11) жасалғандықтан, оны иінді біліктің мойнына кигізуге мүмкіндік туады. Сол сияқты оның ішпегі (4) де екі жартыдан құралады.Шатунның төменгі бөлігін оың қақпағы деп атайды және ол болттар (9) арқылы иінді білік мойнына киілгеннен кейін, шатун басының екінші жартысына бекітіледі.
Қозғалатын бөлшектер тобындағы ең күрделісіне иінді біліктің бөлшектер тобы жатады. Бұлар иінді біліктен, оның ішпектерінен, маховиктен және басқа жүйелердегі механизмдерді іске қосатын шестерня (31) мен шкивтен (33) құралады.
Иінді біліктің негізгі қызметі шатуннан келген күшті иін түрінде жасалған шатун мойны (3, 13) арқылы қабылдап, тірек мойындары (29, 12, 24, 19) арқылы айналмалы қозғалыс жасайды.Тірек мойындары мен шатун мойындарымен жақтау (25) арқылы жалғасып тұрады.Кейбір жақтауларға тірек мойындарын ортадан тебетін күштерден жеңілдету үшін қарсы жүктер (28, 17) бекітіледі.
Иінді біліктің алдыңғы жағынан (32) шестерня (31) бекітіледі.Ол шестерня газ тарату механизмін іске қосады.Онымен қоса белдікті беріліс үшін шкив (33) бекітіледі де онымен суыту жүйесінің, электр генераторларын және тағы басқа осындай қосымша құралдарды қимылға келтіреді. Иінді біліктің артқы жағына (20) арнаулы фланец арқылы маховик (18) бекітіледі.
Иінді біліктің осы көрсетілген бөлшектері біртұтас біріктіріліп болаттан қалыптастыру (штамптау) арқылы жасалынады.Сондықтан олар бөлшектенбейді.Иінді біліктің пішіні двигательдегі цилиндр саны мен жұмыс тәртібіне қарай заводта бір - ақ рет жинақталып құралады.Тірек мойындарындағы ішпектер, жоғарыда айтылған, шатун ішпектері тәрізді жасалады.Олар арнаулы жарты төсемелер (22, 27, 30) арқылы цилиндр блогының картеріне бекітіледі.
Иінді біліктің өн бойында жағар май жүретін қуыстар (23) жасалып, арнаулы бітегіштерімен жабылып қойылған. Сол қуыстар арқылы тірек және шатун мойындары қысыммен келетін маймен майланып тұрады. Әрі сол майлар ортадан тепкіш күштің әсерінен тазаланады, яғни майдың құрамындағы лас заттар сол қуыстардың керегелеріне жабысып қалады. Двигательді капиталдық жөндеу кезінде арнаулы бітегіштерді ашып, сол қуыстарды тазалап отырады.
Газ тарату механизмі. Газ тарату механизмі, иінді шатунды механизмнің жұмысына сәйкес, цилиндр ішінде жүретін процестерді басқарады.Сору процесі кезінде цилиндр ішіне жану қоспасын (карбюраторлы) немесе ауа (дизельді) кіргізеді. Ол үшін сору клапанын ашады. Қысу, жану, ұлғаю процестері кезінде цилиндр ішіне, сырттан қатыстырмай, жауып ұстап тұрады, ал шығару процесі кезінде, шығару клапанын ашып, жанған газды сыртқа шығарып жібереді. Осы аталған қызметтерді атқару үшін газ тарату механизмі негізгі екі топтан тұрады.Олар клапандар тобы мен оларға қозғалыс беретін жетек тобы. Ал осы бөлшектер тобының орналасуына байланысты газ тарату механизмі бірнеше түрге бөлінеді.Олар көбінесе клапандардың орналасуына байланысты, жоғарғы және жандық газ тарату механизмдер болып бөлінеді.Жандық газ таратыу механизмі (2.7.а - сурет) кезінде клапандар (5) цилиндрдің жанына жасалған ұяда (6)тұрады, ал клапандары (5) (2.7.б - сурет) жоғарыда орналсқан газ тарату механизмінде цилиндр басындағы ұяда (6) тұрады. Осындай клапандардың орналасу түріне байланысты, олардың жетегі де әртүрлі болады. Жандық орналасқан газ тарату механизмдерде (2.7.а - сурет) жетек механизмі иінді біліктің шестернясымен (2) үнемі тістесіп тұратын шестернясы (1) бар жұдырықша білікшеден (10), итергіштен (9)және реттегіш болттан (4) құралады. Ал клапандары жоғарыда орналасқан газ тарату механизмінде (2.7.б - сурет) осыларға қосымша штанга (14), куйенте (11) арнаулы оське (12) бекітіледі.

3.-сурет. Газ тарату механизмінің схемасы.
1,2-жетек шестернялары; 3-иінді білік; 4-болт; 5-клапан; 6-клапан ұясы; 7-серіппе; 8-тарелка; 9-итергіш; 10-жұдырықша; 11-күйенте; 12-ось; 13-кронштейн; 14-штанга.
Автомобиль двигательдерінде көбінде газ тарату механизмі газ тарату фазасын тұрақты ұстап отырады .
Газ таратудағы фазаның диаграммасы - бұл клапандардың ашылу немесе жабылу моменттерінің (фаза) иінді білік бұрылу бұрышымен сипатталған және дөнгелек диаграмма түрінде берілген.Газ таратудағы диаграммада көрсетілген аралықтарды, двигательдің жылдам жүруін ескере отырып береді. Неғұрлым иінді біліктің айналу жиілігі жоғары болса, соғұрлым ол үлкен. Сору және шығару клапандарының бір мезгілде ашылу уақыты кейбір двигательдерде
16° - тан 60° - қа дейін толқып тұрады.
Ең тиімді газ тарату диаграммасын әрбір двигательге эксперимент түрінде анықтайды.Қабылданған газ тарату диаграммасы ( аз ғана ауытқуы) двигательдің үнемділігін және қуатын азайтады.
Механикалық газ тарату механизмді двигательдерде (ГТМ) газ тарату фазасы басқарылмайды немесе шапшаң реттелмейді.
Кейінгі кездерде газ тарату механизмін (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын электронды жүйемен реттеу қолданып жүр.
Көптеген өндірушілер двигательдерде гидромеханикалық, электромеханикалық немесе басқа жолмен басқарылатын жүйесі бар және оның үстіне олар электрондық хабар бергіш жүйесімен жабдықталған қондырғылардың көмегімен басқарылып жұмыс істейтін газ тарату механизмін орнатқандықтан, газ тарату диаграммасын өзгертуге мүмкіндік туады.
Басқарылмайтын газ тарату фазасы төменгі айналу жиілігінде тиімсіз, өйткені мұндай жағдайда цилиндрге ертерек кірген ауа бөліктерін енгізу клапаны жабылар алдында итеріп шығарады, ал шығару клапаны тым ерте ашылады.Соның салдарынан цилиндрден жоғарғы қысымдағы энергиясы толық қолданылып, жұмысқа айналмаған газдар шығып кетеді.
Қазіргі заманғы кейбір двигательдерде цилиндрлерінің жақсы толуын қамтамасыз ету үшін, иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты, газ тарату фазасындағы клапандардың ашылу - жабылу кезеңдерін шапшаң реттеледі.
Иінді біліктің айналу жылдамдығының аздығынан, клапандардың ашылуынан жабылуына дейінгі уақыт созылады және цилиндр ауамен немесе жанатын қоспамен жақсы толады.
Цилиндрдегі ұлғаю процесі кезінде поршеньге ұзағырақ әсер етуі үшін шығару клапаны ТӨН жақынырақ ашылуы және ЖӨН кейін аз кешігіп жабылуы керек.Сондықтан, төменгі айналу жиілігі кезінде шығару тактісі жүргенде, поршеньнің ЖӨН қозғалуына қалдық газдардың қарсы қысымы әсер етпейді.
Мұндай батыл қадамға 1993ж бірінші болып Alfa Romeo компаниясы қадам басты.Ол двигательге электрондық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰРАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН БӨЛШЕКТЕРДІ ДАЙЫНДАУ
Камаз автокөлігінің құрлысы
Автокөліктің қысқаша сипаттамасы
Жылжымалы жөндеу шеберханасы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым)
Автокөліктің қысқаша сипаттамалары
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
ТҚК және автомобиль жөндеу
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі.
Токарлық станоктардың негізгі түрлері
Пәндер