Жоламан Тіленшіұлы азаттық күрес көсемі


Тақырыбы:
«Жоламан Тіленшіұлы азаттық күрес көсемі»
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
2. 1. Кіші жүз батыры Жоламан Тіленшіұлы . . . 5
2. 2. Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілістер себептері мен сипаты . . . 8
Қорытынды . . . 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 13
Кіріспе
XIX ғасырдың 20-30-жылдары патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы Кіші жүздегі наразылықты Жоламан Тіленшіұлы басқарды. Жер үшін, тартып алынған жайылымдар үшін күрес оның негізгі мазмұнына айналды. Осы жылдары Жаңа Елек әскери шебінің құрылуы барысында 7-10 мың шаршы шақырымға дейінгі жер қазақтардан тартып алынды. Бұл жаңа шекара шебі Орынбор әскери-шекара шебінің бір бөлігі ретінде құрылды. Жаңа Елек шебі 29 форпост, редут, бекіністерден тұрды. Үкімет бұл жерлерге Орал, Орынбор орыс-қазақтарын, шаруаларды көшіріп әкеліп қоныстандырды. 1835 жылы тағы бір жаңа шептің салынуымен 12 мың шаңырақ қыпшақ және жағалбайлы рулары жерсіз қалдырылды.
Табын руының жайылымдары Елек өзені ауданында орналасқан болатын. 1822 жылдан бастап патша үкіметі қазақтарды Елек пен Орал арасындағы шұрайлы жайылымдарға өткізбеді.
Жоламанның әкесі Тіленші кезінде Сырымның жақтасы ретінде көтеріліске белсене қатысқан болатын. Ал Жоламанмен бірге көтеріліске Сырым Датұлының баласы Жүсіп те қатысты. Демек, көтерілістер арасындғы ұрпақтар сабақтастығы сақталды. Жоламан да, Жүсіп те батырлардың, азаттық күрес көсемдерінің ұрпақтары ретінде олар бастаған күресті одан әрі жалғастырып әкетті. Жоламан Тіленшіұлымен бірге табын руының батырлары Дәуіт Асауұлы, Алдаш Байғаниндер болды. Ал 1838 жылдың соңына қарай оған шекті руының батыры Есет Көтібарұлы келіп қосылғандығы мұрағат деректерінен белгілі.
Жоламан батыр тархан атағы бар табын руының басшысы бола жүріп, патша үкіметінің алдында қазақтардың құқын қорғауға кіріседі. Басында Орынбор губернаторы Эссенге 1822-1823 жылдары бірнеше рет хат жазып, әділеттілік орнатуын талап етеді. Қазақтардың өмірлік қажеттілігі - жерін бейбіт түрде қайтарып ала алмайтындығына көзі жеткен соң қарулы күрес жолына түседі. Ол өзінің Ресеймен соғыс жүргізуінің себебін Елек өзені бойындағы шептің салынуынан деп түсіндіреді.
Ор-Троицк бекіністерінен Торғай өзеніне қарай ығысқан қазақ шаруалары жер тапшылығынан мейлінше қиыншылық көрді.
1835 жылға қарай Жоламан батырды қолдаушылар қатары өсіп, оны табын, тама, жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ рулары қолдай бастады. Орта жүзде Кенесары Қасымұлы көтерілісі басталған кезде Жоламан оған көмекке ұмтылды. Сөйтіп, Кіші жүз бен Орта жүз күштерін біріктірушіге айналды. Ол қырға ішкерілеп еніп, Кенесары көтерілісіне қосылуға үндеді.
Ал 1838 жылы Бөкей ордасындағы көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы Кіші жүзге келген кезде көтеріліс одан әрі өрши түсті.
1838 жылдың ортасына таман шекара шебінен Ор мен Троицкіге дейінгі аралықты көтеріліс оты шарпыды. Көтерілісшілер жаппай Торғай мен Ырғыз аудандарына көше бастады. Ол өз қол астына Ресей өктемдігіне қарсы 3 мыңға жуық сарбаздарды топтастыра алды.
Жоламан батыр жасақтарын жоюға патшалық әкімшілік үш бағытта жасақтар шығарғанымен, батырды қолға түсіре алмады. Орта жүздегі Кенесары көтерілісінің Орынбор өлкесіне ауысуына байланысты жазалаушы күштер кейін қайтуға мәжбүр болды.
Негізгі бөлім
2. 1. Кіші жүз батыры Жоламан Тіленшіұлы
Жоламан Тіленшіұлы (т. ө. ж. б. ) - қазақ халқының ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, халық батыры. Кіші жүз құрамындағы Жетіру тайпалары бірлестігінің табын руынан шыққан.
ХІХ ғасырдың 20-жылдарының басында Ресей империясының Орынбор әкімшілігі Елек өзенінің бойындағы Табын руының жерлерін тартып алып, бекіністер сала бастайды. Орал, Елек, Бердянка, Құраты өзендерінің бойында 29 бекініс бой көтеріп, ол Жаңа Елек шебі деп аталды. Ресей империясы әкімшілігінің мұндай отарлау саясатына қарсылық білдіріп, Жоламан батыр бастаған бір топ Табын руының адамдары 1823 жылдың үшінші қыркүйегінде Орынбор генерал-губернаторы Эссенге хат жолдайды. Қазақтардың жер мәселесін қарайтын комиссия төрағасы Шерғазы хан олардың бұл талаптарын заңсыз деп танып, наразылық қимылдарына қарсы әскер күші қолданатынын ескертеді. Мұндай өктем жауап Жоламан батыр бастаған Табын руының қазақтарының қарулы көтеріліске шығуына түрткі болады.
1835 жылға қарай олардың қатарына Жағалбайлы, Алшын, Арғын, Қыпшақ тайпаларының адамдары қосылып, Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісшілерінің саны үш мыңға жетеді. Көтерілісшілерге қарсы Орынбор әкімшілігі арнайы әскери бөлімдер жіберіп, көтерілісті басып тастауға күш салады.
ХІХ ғасырдың 30-жылдарының ортасынан бастап Жоламан батыр Кенесары Қасымұлы жасағымен бірігіп, Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы күрес жүргізеді. Кенесары ханның қолы оңтүстікке қарай бет алғанда Жоламан батыр бастаған көтерісшілер тобы ыдырай бастайды. ХІХ ғасырдың 40-жылдарының басында Жоламан батырдың өзі Бұхараға қоныс аударады. Одан кейінгі тағдыры белгісіз.
Батырлар әулетіндегі азаттық үшін күресті енді Бөкенбайдың немересі, Тіленшінің ұлы Жоламан жалғастырды. Оның есімі мұрағат қорларында 1817 жылдан бастап кездеседі. Г. Ф. Генс Жоламан және оның отбасы жайында мынадай мәліметтер келтіреді: «Жоламанның жас шамасы елулерде. Оның өзінен біраз жас кіші екі інісі бар. Өзінің 10 ұлы, тағы бір інісінің 9, және бір бауырының 2 ұлы бар, барлығының ержеткен балаларының саны 21. Жоламаның өзінде 800 жылқы, 2000 қой, 50 түйе бар. Және әрбір бауыры, ұлдары, жиендері, немерелері бәрінің жеке меншіктегі малдары болды, оның бәрі қомақты байлықты құрайды. Осы мол дүние-мүліктің иесі болып басында Жоламан тұрады. Оның қарамағындағы туысқандары оның адамдары болып саналады. 3000 жауынгерлік жасағы, яғни қырғыздары бар» [48, 56 п. ] .
Жоламан Тіленшіұлы 1822 жылдың 27 тамызында табын, тама руларының батырлармен бірігіп, орыс-казак форпостарына шабуыл жасайды. Қыркүйек айында жасақшылар саны 1000-ға жетеді [49, 1, 2пп. ] . Шерғазы сұлтан Жоламанның қарулы әскермен хан ордасын шабуға дайындалып жатқаны туралы Ресей әкімшілігіне мәлімдеме түсіреді [50, 45 п. ] . 1822 жылдың күзінде Жоламан Тіленшіұлы 500 қолмен Елек бойына шабуылдар ұйымдастырды [51, 16-п. ] . Жоламан Тіленшіұлы бастаған табын руының қарсылық күресі 1835 жылы бұқаралық сипат алады. Патша әкімшілігі мен әскерилері батырға «бүлікші», «қарақшы», «банда», «шайка», «хищник» деген теңеулерін тағады [52, 3 п; 19-20 пп. ] .
Жоламанның Есет батыр бастаған күреспен байланыста болғаны географиялық аймағының жақындығымен бірге күрес себептерінің ортақтығымен түсіндіріледі. Олардың өзара байланыста болғанын Елек бекінісінің бастығы подполковник Поплавскийдің 1838 ж. 4 тамыздағы рапорты көрсетеді: «получил из киргизской степи извещение, что называемый так батыр Джуламан соединились с подобным ему Исетом Котибаровым и с однородцами собравшимися около 3 тыс. человек».
Жоламан Тіленшіұлы бастаған азаттық күрестің алғашқы кезеңі 1817 ж. Орынбор шекаралық комиссиясының өкілі В. Топориннің іс-әрекетіне наразылық білдіруден басталды [54, 3-4 пп. ] . Күрестің екінші кезеңі батырдың елдегі ахуалды патша шенеуніктеріне баяндап жазған хаттары, дипломатиялық шаралары арқылы көрініс тапты. Соңғы кезеңді батырдың тікелей әскери соғыс қимылдарын бастауы, ашық күрес жолына түсуі деп анық айта аламыз.
Жоламанның адамгершілігі мол адам екендігін батырдың ауылында сегіз ай тұтқын болған Падуровқа қатысты «Он пробыл в плену восемь месяцев. Джулламан держал его конечно довольно хорошо» деген мәліметтен көре аламыз .
1848 ж. 23 қазанда шекаралық комиссияның Жоламан батырдың 1838 ж. 17 қыркүйектегі Анинский станицасына шабуылын тексеру туралы тапсырмасына старшын Арыстан Жантөрин: «Шекаралық комиссияның 1848 ж. 25 тамыздағы №10538 хатына орай Аннинск станицасынан жылқы айдап кетушілерге және казактар Розенин мен Волковты өлтірушілерге қатысты ешқандай шара қолдана алмайтынымды жеткіземін. Біріншіден, ол оқиғаның орын алғанынан бері он жылдан астам уақыт өтті, екіншіден, осы жағдайға кінәлі батыр Юламан Тлянчин әлдеқашан өмірден өткен»- деп жауап жазады [56, 9 п. ] .
Патша үкіметі дәстүрлі басқару құрылымдарымен қатар батырларды да жоюға бар күшін салды. Тіпті «Орданы басқаруда ханның өзінің де бізге тиімді не тиімсіздігін анықтап алуымыз қажет, болмаса басқарудың басқа түріне көшкен жөн» деп патша әкімшілігі ойларын анық жазды [57, 2, 3, 4 пп. ] . Әкімшілік реформалар батырлар институтының жойылуына алып келді.
2. 2. Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілістер себептері мен сипаты
ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай күрделі болды. Мұнда Орта Азиялық үш мемлекет - Хиуа, Бұқара және Қоқанның мүдделері қақтығысқа түсті. ХІХ ғ. басына қарай күшейген Қоқан хандығы, енді Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды көздейді. Оның негізгі себебі: өзінің қазынасын толықтыру, мал шаруашылағын дамыту, сонымен қатар, Ресей мен Қытайды байланыстыратын Орта Азиядағы керуен жолдарына бақылау орнату және мұсылман халықтары тұратын территорияны иелену еді.
1810 жылы Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған уақыттан бастап 1865 жылы Ресей империясының қол астына өткенге дейін қоқандықтар Ұлы жүз территориясында әкімшілік қадағалау жүргізіп Ақмешіт, Жаңа-Қорған, Күміс-Қорған, Шым-Қорған, Шолақ, Созақ және т. б. бекіністерді салды. Бұл кезеңде Хиуа мен Бұхара Қоқанға қарағанда әлсіздеу болды да онымен тайталасқа түсе алмады.
Қоқан хандығының қол астына Ұлы жүздің көп рулары: Бестамғалы (35 мың үй), Сыйқым (5 мың үй), Шымыр (9 мың үй), Жаныс (7 мың үй) қарады. Жоғарғы әкімшілік билік Ташкент әкімінде (наместник) болды. Оның екі көмекшісі:
1) Саркар (мырзабасшы) салық жинаумен және азаматтық істермен;
2) батыр басшы (әскери басшы) әскери іс және көшпенділер мәселесімен айналысты. Билерге артықшылықтар беріліп салықтан босатылды, олардың кейбіреулері “датқа” лауазымын алды. Бұқара халықтың негізгі бөлігі “зекет” салығын (шариғат бойынша мүліктің 1/4 бөлігі) төлеп тұрды. Қоқан бекіністерінің төңірегінде тұратын қазақтар бекіністердің жөндеу және кеңейту жұмыстарына тартылып, әскерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге тиіс болды. Сонымен қатар, қазақтар әскери міндеткерліктер атқарып, олар қарсылық көрсеткендерді тыныштандыру жорықтарына да қатыстырылып отырды.
Қоқандықтардың қазақтарға түрлі салықтар салуы қарапайым адамдарға үлкен ауыртпалық түсіріп, ішкі әлеуметтік қайшылықтарды тереңдетіп, халық ішінде кедейлердің көбеюіне әкеліп соқты. Қоқандықтар билік жүргізген тұстағы ауыр жағдайлар елдің есінде қатты сақталып қалды. Ол туралы Ш. Уәлиханов: “Қазақтардың арасында "әзірейіл барда жаным бар деме, қоқандақтар барда малым бар деме" - деген мәтел пайда болды”, - деп көрсетеді. Қазақ халқы қоқан билігіне қарсы наразылықтар көрсетіп отырды. 1810 ж. Ташкент өңірінде тұратын қазақтар салық төлеуден бас тартты. Қоқан ханы Әлім бек қарсылық көрсеткендерді тыныштандыруға және Сайрам, Ташкент, Түркістанды бағыныру үшін 12 мың әскер жіберді. Қоқандықтардың қолына түскен төңіректегі қазақтар тонаушылыққа ұшырады. Қоқандықтар Түркістанды басып алуы кезінде оның билеушісі Тоқай Төре Бұхараға қашуға мәжбүр болды. Бұхараның әмірі Тоқай Төреге Бұхарадағы соғысқа жарайтын қазақтардан жасақ жинап алуға рұқсат берді. Жасақ жинап жарақтанған Тоқай Төре алдымен Созаққа бекініп, одан кейін Түркістанды қоршауға алды. Оған қарсы қоқандықтар Ташкенттен 300 жауынгермен Базар бахадүрді аттандырды. Олар жолда Тоқай Төреге көмек көрсеткен 1000 отбасынан тұратын қазақ ауылына шабуыл жасап, ауылды тонап, көп пайда түсіріп, адамдарын тұтқындап алып кетті. Түнде Тоқай Төре Созақты тастап қашуға мәжбүр болды. Одан кейін қазақтардың қарсылығы біраз уақыт басылды. Тоқай Төре уақытша Бұхараны паналады, ал кейін ол Бұхара әмірінің балалары билікке таласқан тұста өлтірілді.
1821 ж. Тентек төренің бастауымен қазақтардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтеріліс болды. Көтерілісшілердің саны 12 000 дейін жетті. Олар Сайрам, Шымкент, Әулие-Ата қалаларын алып, бірнеше бекіністі қоршады. Көтеріліске Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулие-Ата төңірегін мекендеген қазақтар қатысты. Көтерілісшілерге қарсы Абул-Қалым-Аталық басқарған әскер жіберілді. Тентек төре әскерін екіге бөлді. Бір бөлігі Тентек төренің басшылығымен Сайрамда, ал екіншісі Шымкентте бекінді. Ұзаққа созылған қоршаудан кейін көтерілісшілер қаруын тастауға мәжбүр болды. Тентек төре жеңілісті мойындап, қоқандықтарға “баж” немесе “жол” салығын, “зекет” төлеуге және Қоқанға баласын сыйлықтармен жіберуге келісім берді.
Ұлы жүз қазақтарының 1810-1820 жылдардағы қоқандықтарға қарсы күресте жеңілуінің негізгі себептері: қоқандықтардың әскери басымдығы, көтерілісшілердің арасында ауызбірліктің болмауы, Бұхара әмірінің көмегіне арқа сүйеген көтеріліс жетекшілерінің беделінің төмен болуында еді. Дегенмен де, бұл Ұлы жүз қазақтарының өз еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында қоқан үстемдігіне қарсы шыққан ұлт-азаттық күресі болатын.
1822-1842 жж. Қоқан хандығының тағына Омар ханның кіші баласы Мадалы хан (Мұхамед Әли) отырды, оның тұсында жекеленген облыстар мен Ташкенті өз алдына билеген Күшбегілердің ролі күшейді. Ұлы жүздің басып алынған территориясының бір бөлігі және Сырдария бойындағы қазақтар Ташкент Күшбегіне жылына 20 мың алтын ақша төлеп тұруға міндетті болды. Салық төлеушілерді қанау бұрынғыдан да күшейе түсті. Одан кейінгі жылдары қоқан билеушілерінің өзара қырқыстары Ұлы жүз қазақтарының одан әрі зардап шегіп, кедейлене түсуіне әкеліп соқты. Құдияр хан (1845-1875 жж. ) тұсында қазақтар ғана емес, Қоқан хандығының жергілікті диқандары да қанауға түсті.
1797 жылғы Есім ханның өлімінен кейін Кіші жүздің бір топ сұлтанының Қаратай сұлтанды хан сайлау жөніндегі ұсынысына қарамастан және оның ел арасындағы беделінен сескенген патша әкімшілігі Айшуақты хан тағына отырғызады. Бұл шешімге келіспеген Қаратай халық арасында ханды сайлау туралы үгіт жүргізе бастайды. 1805 жылы Жантөрені хан сайлағанға дейін патша әкімшілігімен бейбіт қатынас ұстады.
1806 жылы Қобда өзенінің жағасында болған съезд Ресей әкімшілігінің шешіміне қарамастан Қаратай сұлтанды хан сайлайды. Осылайша Қаратайдың Жантөреге қарсы күресі біртіндеп Ресей үкіметіне қарай бағытталады. Күрес барысында Қаратай транзиттік сауда жолдарының бәрін өзіне қаратып Ресейдің Орта Азиямен саудасын шектейді. Герценберг пен Бородиннің жазалау экспедициясына қарамастан Қаратайдың жанына топтасқан Кіші жүз жасақтары төменгі Орал шептеріне жорықтар жасайды. Қаратай 1809 жылы Жантөре ханды өлтіргеннен кейін 1812 жылға дейін Хиуада жасырынуға мәжбүр болады.
Жантөренің өлімінен кейін Ресей Айшуақтың ұлы Шерғазыны хандыққа бекітеді. Ресей әкімшілігінің ондай шешіміне риза болмаған Қаратай өзінің қарулы қарсылығын 1816 жылы Орданың Батыс бөлігіне басқарушы-сұлтан болып тағайындалғанға дейін жалғастырады. Транзиттік сауда мәселесі алаңдатқан Ресей Қаратаймен осындай келісімге барған еді. Сөйтіп, 1816-17 ж. келіссөздер нәтижесінде Қаратай сұлтан өзінің қарсылығын тоқтатты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz