Жастардың өмірі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Жастардың өмірі
Орындаған: Доғдырбайқызы Ж.
Тексерген: Ерназаров Ж.Т.
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Жастарға қатысты мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Жастар әлеуметтануының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..6
3. Жастардың өмірі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .13
Кіріспе
Қоғамның тұрақтылығы балансының негізгі талаптарының бірі -әлеуметтік жүйені құрайтын адамдық әлеуетті қалыптастыру. Адамдық әлеует дегеніміз тек қана халықтың демографиялық әлеуметтік жағдайы ғана емес, сапалы әлеуметтік капиталдың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал қоғаманың негізгі қозғаушы күші ретінде жастардың әлеуетін арттыру және оны елдің дамуы бағытында қолдану - мемлекеттің негізгі міндеті. Ал адамдық әлеует дұрыс әлеуметтену үдерісінен өткен индивидтерде көрініс табады.
Халықтың үштен бірін құрайтын жастар - қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын капиталы, бүгінгі стартегиялық мақсатардың ертеңге жүзеге асырушысы. Сондықтан да жастардың білімді, дәстүрмен қатар заманнның озық құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны дұрыс. Осы тұста жастардың дұрыс әлеуметтенуінің маңызы зор.
Бүгінгі таңда жастардың құндылықты бағдарлануын зерттеген Абдраймова Г.С. мынадай мәселелерді анықтады. Жастардың жеке өмірге бағдарлануында құндылықтар жүйесінде - ақша, материалдық сәттілік бірінші орында тұрғандығы білінген. Дегенмен, жастардың 56 пайызы өздерінің еңбегімен материалдық игілілікке жетуге болады деген тоқтамға келген.
Жастар біздің қазіргі замандағы Қазақстан жағдайында жас азаматтардың алатын орны аса елеулі. Жастар қоғамның басым бөлігін құраушылар ғана емес, сонымен жас азаматтар қоғам өміріне, қоғамның саяси өмріне айтарлық ықпал ете алатын әлеуметтік-демографиялық топ.
Әрбір жас азаматты елінің саяси хал-ахуалы, халықтың түрлі әлеуметтік қабаттарының заңдық қорғалуының құқықтық негіздері, елімізде жүргізіліп жатқан түрлі саяси реформалар мен заңдарға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, еліміздің сыртқы саяси жағдайы мен елдегі саяси жағдайы алаңдатуға міндетті. Сондықтан осы процестердің ішінде пайда болған қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік жағдайы жастардың басты назарында болуға тиісті. Мемлекеттік жастар саясаты туралы қабылданған тұжырымдама болғанымен, оның орындалу тетіктері нақты көрсетілмгендіктен, әлі күнге дейін бұл құжаттың практикалық мәні болмай келеді. Осы тұста әбден жауыр болған, жастардың тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік жағдай, білім алу секілді проблемаларды қайта көтергім келмейді. Керісінше, жастардың өзіне қатысты дүниелерге тоқталамын.
Жастар субмәдениеті - жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүргеннен соң, әрі қарай өз мәнін жоятын дамудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы. Жастардың ресми емес қатынастары және олардың өздеріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке субмәдениеттің қалыптасуының себебіне айналады.
Бүгінде мектеп, университет және отбасы жастарға жай бақылаушы позициясын ұстанбаулары керек, керісінше, жеке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұмтылу позициясын қамтамасыз ету керек.
1. Жастарға қатысты мәселелер
Жастардың жағдайы туралы 2005 жылғы бүкіләлемдік баяндамада келтірілген мәліметтер бойынша, 1995 жылға қарағанда 2005 жылы жас адамдар (15 пен 24 жас арасы) саны 1,02 миллиардтан 1,15 миллиард адамға дейін өскен. Қазіргі кезде жастар дүние жүзі халқының 18 пайызын құрайды екен.
Жастарға қатысты мәселелерді зерттеуші ғалымдардың пікірлеріне сүйенер болсақ, олардың алдында шешуді қажет ететін көптеген проблемалар бар. Осылардың ішінен бесеуі ерекше бөліп аталған. Сөз ретінде Қазақстанда жастар проблемасына арналған зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты көп жағдайда ресейлік мамандардың мәліметтеріне сүйенуге тура келетінін ескерте кетпекпіз.
Олардың біріншісі "Қайда тұрамын?" деген проблема. Мұның, яғни пәтер мәселесінің бірнеше қырлары бар. Біріншіден, жастар барлық уақытта және барлық жерде бірдей қоғамның қамтамасыз етілген бөлігі бола бермейді. Өйткені, олар өмір сүруді енді ғана бастаған, негізінен ата-аналарының табыстары есебінен күн көріп жүрген қоғамдағы жеке тап болып табылады. Ал ата-ана өмірге деген көзқаратарына немесе материалдық жағдайларына байланысты балаға, үйленгеннен кейін жас отбасына жеке пәтер керек пе деген мәселені үнемі оңтайлы шешіп беріп отыра алмайды. Көптеген жағдайда ата-ананың өз балаларының талаптарын қанағаттандыруға қауқарлары да жепей жатады. Жастардың өзінде боса болмаса ақша жоқ. Ал несие алайын десе, бір жағынан тұрақты жұмысы, қомақты табысы болмағандықтан оларға банктер несие бере қоймайды, екінші жағынан, амалын тауып несие алған күннің өзінде жастардың аса жоғары ставкамен берілетін кредиттерді төлеуді қалталары көтермейді.
Екінші проблема "Қайда және қалай оқимын?" деген сауалға келіп тіреледі. Жоғары білімсіз, кәсіби даярлықсыз табысы жақсы жұмыс табу мүмкін емес. Сондықтан жастардың дені, дәлірек айтқанда, өз ертеңі туралы ойланғандары білім алуды мектептен кейін де жалғастыруға тырысады. Бірақ бұл ретте де ақша мәселесі алдан шығады. Өйткені, жоғары оқу орнына тегін түсу үшін тума талант болу керек. Ал ондай ерекшелік екінің бірінің маңдайына жазыла бермеген. Жұрттың бәрі дарынды болып кеткен жағдайдың өзінде гранттардың шектеулілігіне байланысты олардың белгілі бір бөлігіне ақылы түрде оқуға тура келер еді. Өмір жолын енді ғана бастағалы отырған жас ондай қаржыны қайдан табады? Осы орайда емтиханнан немесе тестілеуден сүрінбей өткендер ғана оқуды одан әрі жалғастыруға лайық деген пікірдің де сыңаржақ көзқарас екенін мойындау қажет. Болашақта жақсы маман, іскер ұйымдастырушы болып шығу үшін сынақтарды 4 пен 5-ке тапсырып көзге түсу тіптен де міндетті емес. Өйткені, қандай да болмасын тест сұрақтарының адамның бойындағы бүкіл қабілетмүмкіндіктерін ашып бере алмайтыны екінің біріне белгілі жәйт. Керек десеңіз, сынақтардан сүрінбей өтіп, оқуды ойдағыдай аяқтап шыққан кейбіреулердің кейін практикалық жұмысқа келгенде мүлде қабілетсіз болып шығып жатуы да әбден мүмкін. Бұл жерде біз емтихан, тест сияқты сынақтардан өте алмаудың салдарынан жоғары білімге, дәлірек айтқанда, дипломға қолдары жетпей қалған жастардың арасында талай-талай іскерлер мен дарындардың болуы мүмкін-ау дегенді айтпақпыз.
Үшінші проблема "Қайда демаламын?" деген мәселе төңірегінде қылаң береді. Жастардың көңіл көтеретін, уақыт өткізетін орындар іздеуі табиғи жәйт. Бұл қай дәуірде де өскелең ұрпақ үшін өте маңызды мәселе болып саналған. Себебі, бос уақыттарын пайдалы өткізудің амалын таба алмай зеріккен жастардың теріс жолға түсіп кетуі оп-оңай. Нашақорлық, маскүнемдік, ұрлық, төбелес сияқты қылмыстар да дәл осындай себептерден, әсершіл, қызба мінез жастардың "екі қолдарын алдарына сыйғыза алмауларынан" туындап жатады.
Төртінші проблема "Қалай өмір сүремін?" деп аталады. Бұл жерде әңгіме табыс туралы болып отыр. Тіпті дипломы болғанның өзінде еңбек стажы жоқ жас маманның жоғары жалақы алатын жұмысқа орналаса қоюы екіталай. (Мәселен, жақсы жұмысқа шақырғандар кемінде 5 жыл еңбек стажының болғанын талап етеді). Ал жастардың өмірдің барлық қызықтарын көре жүріп емін-еркін өмір сүргілері келетіндігі аян. Оның сыртында қызмет бабында жоғарылау жағын да ойлауы керек. Ал оның бәрі оңайлықпен іске аса қоятын шаруалар емес. Әсіресе, әркім өз күнін өзі көруі тиіс деген қағида белең алып тұрған нарық заманында бұл проблемалардың шешуі мейлінше қиын түйіндерге айналып отыр.
Соңғы проблема "Қандай мақсаттарға ұмтылу керек?" деген сауал төңірегінде тұйыққа тіреледі. Ресейлік мамандардың пайымдауынша, бүгінгі жастардың бойында, олардың ата-аналарында болғандай, нақты өмірлік бағыт-бағдарлар жоқ. Өйткені, қазір мемлекеттік деңгейде қалыптастырылатын ортақ мақсаттар да, жұртшылықты соған жұмылдыратын қуатты насихаттық мәшине де жоқ. Біздің әкелеріміз бен аналарымызда қоғам заңдылықтары туралы білімдер болды, олар қандай мақсаттарға қол жеткізудің мүмкін екенін және қайсыларының мүмкін емес екенін алдын-ала білді, деп есептейді ресейлік сарапшылар. Сірә, мұны да бүкіл ел халқын тек өзінің айналасына ғана топтастыруды мақсат еткен коммунистік партия жүзеге асырды деп түсінген орынды шығар. Қазіргі заманғы жастарда ондай мүмкіндіктер жоқ. Өйткені, қазір елде партиялар да, бірлестіктер де, түрлі ағымдар да көп. Оның сыртында қазіргі жастар бүгінгі партиялардың бұрынғыдай "коммунизм орнату" үшін емес, билікке таласу үшін құрылатынын да шетелдік партиялар тәжірибесінен көріп, біліп алған. Сондықтан өмірден әлі өз орындарын тауып үлгермеген жас буынды қаптап кеткен саяси партиялар онша қызықтыра да қоймайды. Дүние жүзі бойынша жүргізілген көптеген зерттеулер жастардың саясатпен айналысуға онша құлықты емес екендерін анықтаған. Оның есесіне олар бәрін бір өздері ғана шешетін дәулетті де әмірлі ағаларды көре жүріп, олардың алдындағы өздерінің дәрменсіздіктері мен шарасыздықтарын сезінуге мәжбүр. Мұндай көрініс жастарды ашындырып, небір кездейсоқ әрекеттерге итермелейді.
2. Жастар әлеуметтануының ерекшеліктері
Жастардың әлеуметтенуі барысында ХХІ ғасырда төмендегідей құндылықты бағдардың болуы нәтиже береді. Себебі, жер шарының бір мүшесі ретінде Қазақстан әлемдік жаһандану процесінен тұмшаланып тыс қала алмайтын болса, еліміздің жастары әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп санаймын. Демек, әрбір жастың Отанын шексіз сүюінің астары бос қуыс болмауы керек. Елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және т.б. түрлі сферасының өрге басуына әр жастың қосатын өзіндік үлесі бар.
Бәсекеге қабілеттілік - жастардың жаңа заман жаңалығын меңгере отырып, Қазақстан азаматы ретінде дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілетті болып, әлем жастарымен терезесін теңестіруі. Техниканың құлағында ойнап, қазақ тілін меңгеріп, ал әлем тілдерінде еркін сөйлеген азаматтың алар асуы алда. Ол өзін ғана жетілдіріп қоймай, Абай айтпақшы, атасының ғана емес, адамның баласы болып, адамзат игілігі, ел дамуы үшін еңбек етері сөзсіз.
Жастар социологиясы - жастар әлеуметтік топтарының әлеуметтік сана сезімі мен мінез - құлқын, жастар әлеуметтануы үрдісін, аға ұрпақтармен қарым - қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешу ролі мен орнын зерттейтін ғылыми сала.
Жастар социологиясы жеке ғылыми сала ретінде 1970жылы Варна қаласында өткен Халықаралық әлеуметтанушылық конгресте мойындалды. Бұд осы салада теориялық та, қолданбалы-тәжірибелік те мазмұндағы ақпараттар көп жиналғанын көрсетті. Жастар әлеуметтік мәселелері әлемдік әлеуметтану ғылымының ең белсенді зерттеліп жатырған бағыттарының негізгісі болып табылады. Бұған 1960 жылы кеиін бірқатар елдерде орын алған бұқаралық жастар шерулері үлкен әсер еттік.Социологиялық ғылыми зертттеу бағыттары жастар қозғалыстары, жастар субмәдениеті, жастардың еңбек және қоғамдық белсенділігі, жастардың тәуелсіз еңбек жолына түсуі, құндылықтық танымдардағы өзгерістер , жастардың бейрәсми бірлестіктері, жастар әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктері және т.б. көптеген мәселелерді қамтиды.Жастардың негізгі мәселелерін зерттеумен Л.Розенмайер, К.Штарке, Э.Гидденс сияқты белгілі социологтар айналысты.
Жастар социологиясы көптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз байланыста дамиды.Көптеген әлеуметтік мәселелер жастар социологиясының дамуына үлкен әсер етті.Әлеуметтік ғылымда жастар өзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық өзгерістерімен байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі.Қазақстандық жастар мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатырған ғаламдастыру, урбанизация, ұлттардың қартайуы, дуниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен байланысты.
Жастар -- әлеуметтік-демографияльқ топ. Қылмыстық жасалу проблемалары
Жастардың соцологиялық теориясында ұрпақ, жас ерекшелік табы, жастық шақ, жастар, әлеуметтік жасы келгендік қарттық деген ұғымдар жоқ.
Сөйтіп, зерттеуші И.Конн ұрпақ терминінің көп мағыналығына назар аударады және оның төрт мағынасына көрсетеді.
Демографияда жобамен бірдей уақытта туған адамдардың жиынтығын ұрпақ деп санайды.
Антропологтар мен заңгсрлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты ұрпақ деп айтады.
Тарихшылар мен социологтар ұрпақты ата-анасы мен олардың балаларының туған аралыққа тең уақыт аралығы деп санай отырып статистикалық түрде 30 жылға тең деп айқындайды. Бүгінгі күні отбасыныц жасару үрдісі, ата-аналар мен балалардың арасындағы жас ерекшеліктің орташа айырмасының қысқаруы байқалуда, ал дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы үш емес, төрт ұрпақтың бірмезгілде өмір сүруіне әкеледі.
Ұрпақ ұғымы кіретін символдық мағына бар. Онда өмірлік тәжірибе қауымдастығыньң, куәлары мен қатысушылары адамдар болған тарихи оқиғалар туралы естеліктердің кейбір қалыптасқан жалпы әдеттердің, байлардың, дәстүрлердің, өмір заңының, тіпті талғам мен көңіл ауудың да ерекше маңызы бар. Бірақ бұл мағынада ұрпақтар арасындағы буын хронологиялық нақты шекараларда жатқан жоқ, онда әлеуметтік бөлініс, сондай-ақ аса маңызды, құндылықтарды айқындайтын тарихи оқиғаларға қатынас үлкен рөл атқарады. Осы мағынада ұрпақтың саны сапалық айқындалуының, әртүрлі ұрпақтың ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін екендігінің қаншалықты болуында.
Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясьн баса айта отырып, қаңдай да болмасын нақты негіз бермейді.
13 пен 18 жыл аралығыңдағы жас жасөспірім шақ ұғымымен біріктіріледі және біршама дәрежеде жаңа белгілерге жеке әлеуметтік тәртіптің нысандарына әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық щақтан бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты теңестірумен және заңды құқықтарды көрсетумен: еңбек үшін тең ақы төлеу, армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.
18 және 24 жыл арасындағы жаста жастардың отбасылық, кәсіби және құқықтық мәртебесі бойынша дифференциация неғұрлым нақты болады. Осы кезеңді Л. Розенмайер жас ересектер деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz