Фрейдтің фрейдизм теориясының дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Тарих және ӘГП кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Жастар туралы жаңа фрейдизм теориясы

Орындаған: Сахипова С.Б.
Тексерген: т.ғ. д., Шинтимирова Б.Г.

Орал, 2012ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
2.1. Фрейдтің фрейдизм теориясының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 5
2.2. Жастар туралы фрейдизм теориясының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Кіріспе
Зерттеу деңгейі: Қазіргі ағаларымыздың арамдықты батырлықпен теңеп, нәпсі мен құлқынның құлы болып кетуі - әне, сол сананың құлдануы. Үлкендер кішілердің алдында, ата-ана бала-шағаның алдында, мемлекет халықтың алдындағы жауапкершіліктері мен міндеттерін ұмытып, ар-ұятқа сай келмейтін, ерсі қылықтар жасауы, тіпті қиянаттың не екенін ұмытуы - міне осы санасыздықтың кесірі. Балалар мен жастарға тәрбие беретін мемлекеттік білім саласындағы сана тәрбиесінің жүйесіздігі балалардың азғындыққа ұры-нуына жетелеуде; мемлекеттік ақпарат құралдарындағы, атап айтқанда, телеарналар мен баспасөз саласындағы адамды азғындыққа бастайтын бағдарламалар-дың толассыз ағыны қоғам санасын жаулап, мәңгүрттіктің қорасына әкеліп қамап жатыр. Міне, бұл -- мемлекеттің ел-жұрт пен қоғам алдындағы борышын атқармағаны. Көшеде қымсынбай сүйіскен жастар, кез-келген қонақүйлерден табылатын жезөкшелер, мектеп ішіндегі балиғатқа толмаған әйел балаларды зорлаудың көбеюі, ойын-сауық, демалыс орталық-тары мен мейрамханалардағы адамды қоз-дыратын шоу бағдарламалардың көбеюі, мемлекеттік органдардағы жемқорлық пен парашылдықтың көбеюі, біржыныс-тылардың үйленуіне рухсат беретін, яғни санаға сай келмейтін заң-ережелердің қабылдануы - міне, бұл біздің Отанымыз бен болашағымызға балта шабу үшін жос-парлы түрде істеліп жатқан жұмыс.
Зерттеу өзектілігі: Ұлы ғалым әл-Фараби атамыз: Тәрбиесіз білім - халықтың жауы, - деген. Тәуелсіздігіміздің таңы атқалы 20 жылдан асса да, рухани сананың құлдырауы адам шошытарлық дәрежеде өз көріністерін тек жастар арасында ғана емес, аға буын ағаларымыздың арасында да көрсете бастады.
Өкінішке орай, жұрт тәрбие деген сөздің мағынасы мен мәнін көп жағдайда білім деген сөзбен шатастырып алады. Сана тәрбиесі мен білім тәрбиесі екеуі екі басқа ұғым. Сана тәрбиесі адам жанының ар-намыс тәрбиесі мен обал-сауап тәрбиесін және ахлақ-морал тәрбиесін қамтиды. Әрине, оның дін мен діл, өмірлік мақсат пен мұратпен ұштасқан адами тәрбие екенін білеміз. Сана тәрбиесі - білім тәрбиесінің негізі болғандықтан, сананың жұтаңдауы мемлекеттің құлдырауы мен ұлттың жойылуына, адам пендесінің азғындауына төте апаратын жол.
Әдетте сана тәрбиесі ана жүкті болудың алдынан бастап өмірінің соңына дейін жалғасады. Яғни тал бесіктен жер бесікке дейін адамды адам, өзін-өзі, үлкені кішіні, кішісі үлкенін тәрбиелеп отырады, тіпті ұлыс пен ұлыс, ру-тайпалардың кез-келген мүшесі әр мүшесі үшін жауап беретін болған. Міне бұл қоғамның әр мүшесінің ел-жұрт, отан, болашақ алдындағы бас тартуға болмайтын борышы - қоғамдық сана есептеледі.
Қазақстан мектептеріндегі сана тәрбиесінің жүргізілуі де мәз емес. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі директо-рының орынбасары өз міндетін толық білмейді немесе ол да таныс-білістікпен келген. Оған жол көрсететін арнаулы оқулық пен пән жоқ. Көп жағдайда ол жеке адамдардың мақсатты кездесулерін өткізумен шектеліп қала береді. Университтетте онан да сорақы, себебі көптеген оқу орындарының жекешеленіп кетуінен олар үшін тәрбиеден гөрі ақша маңызды екенін көзқарақты оқырман түсіне жатар.
Ең алғаш психологияның пәні мен міндеттерін басқаша қойған психоанализ немесе Фрейдизм болды. Психоанализ психологияның пәні ретінде адам психикасының санасыздық механизмдерін зерттеді. Фрейдтің ойынша,адамдар иррационалды және аморалды күштермен басқарылады. Олардың мінез-құлықтары ішкі күштермен : инстинкттер, түрткілер, қажеттіліктіліктермен басқарылады. Бұл түрткілер санасыз. Бұлардың арасында үнемі өздігінен шеше алмайтын қақтығыстар болады. Адамның мінез-құлқын өзгертудің негізгі әдісі психотерапия. Психоанализ тұжырымдамасы бойынша адам кемелденбеген, азап шегуші.
Фрейдизм, оның негізі мынада - адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шындығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең алдымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды.
ХХ ғасырдың ортасында психологияның үшінші мектебі когнитивті психология қалыптасты. Когнитивті психология психиканы танымдық операциялар жүйесі ретінде, ал адамды- ақпаратты өңдеуші субъект ретінде қарастырды.
Тақырыптың мақсат-міндеттері:
oo Фрейдизм теориясының дамуы туралы;
oo Жастар туралы жаңа фрейдизм теорияларының пайда болуы;
oo Фрейдизм теориясының негізгі түсініктері туралы түсінік беру.

Негізгі бөлім
2.1. Фрейдтің фрейдизм теориясының дамуы
ХХ ғасырдың екінші жартысында тағы да бір психологиялық мектеп - бихевиоризм - мінез - құлық психологиясы қалыптасты. Мектептің негізін салушы Джон Уотсон бақылау және эксперимент арқылы мінез-құлық заңдылықтарын ашу мақсатын қойды. Адамның мінез-құлқы толығымен сыртқы ортамен басқарылады деген постулат қойылды. Адамның неге талпынатынын және неден қашқақтайтынын - осы сыртқы орта белгілейді. Адам мінез-құлқының құрылымы белгілі мөлшерде сыртқы орта құрылымының көшірмесі болып табылады. Фрейдизм -- австриялық ғалым Зигмунд Фрейдтің есімімен аталатын психологиядағы бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. З.Фрейдтің зерттеуі бойынша, адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы, жыныстық елігу болып табылады. Мұндай елігу мен сезім әрекетін ол санадан тыс табиғи қажеттілік деп санады. Бұл адам тіршілігіндегі биологиялық процесс болса, психиканың дамуы мен оны басқару әлеуметтік фактормен де айқындалатыны ескерілмеді. Адам бойындағы белсенділік әрекет табиғи әрі биологиялық құбылыс деп саналады. Шетелдік психолоттар Фрейдтің көзқарасын орынсыз деп санағанымен, кемшілігін ашып көрсете алмады. Олар фрейдизмді ғылым жетістіктеріне бейімдемек болып, "жаңа фрейдизм" деген ағым шығарды. Бұл ағым бойынша: адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді.
Зигмунд Фрейд өмір жолы жайлы мәлімет алу әжептеуір қиын. Зигмунд Фрейдті тұлғалық деңгейде көтерген көптеген биографиялық очерктер мен кітаптар бар. Алайда осы шығармалардың көбінде авторлардың бір жақты пікірге бой алдыратындықтарын байқаймыз. Мысалы, бұл мәселе жайлы А.М.Рудкевич : Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд ең атақты психологтардың бірі болып саналады. - деп айтып өткен. Ол 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген.
Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті. Бір әйелге гипнозбен емделу үстінде гипноздан оянғаннан кейін бөлме бұрышында тұрған қолшатырды алу керектігін ескертеді. Гипноздан оянғаннан кейін шыныменде қолшатырды алып ашты. Ол әйелден неге бұлай істегенін сұрағанда ол қол шатырдың жөндеулі тұрғанын тексергім келді деп жауап берді. Сол гипноздан кейінгі сәтінде әйелге қол шатыр бөтен біреудікі екенін ескерткенде ол ыңғайсызданып оны орнына қойды. Бұл фактілер Фрейдке дейінде белгілі еді. Бірақ Фрейд оларға жаңаша түсініктеме берді. Осындай фактілерді талдау негізінде Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып, тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады.
Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ, яғни фрейдизм деп аталады. Ол тоқырау кезінде пайда болған екінші бағыттардың бірі. Бұл бағыт өкілдерінің юахевиористерден, гештальтпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғылыми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарына бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина мен психологияның өз шеңберінде табуға ұмтылды.
Фрейдизмнің негізгі ұғымдары сана және санасыздық болды. Бұл жерде сана деп - адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күй - күштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал еркін ассоциация деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бойы психоанализдің негізі болып келді. Ассоциациялар ұғымы - психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. Зигмунд Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған. Емделуші адам бей-жай күйде (жатқан қалпы) ойына келген нәрсенің барлығын емін еркін айту, миында туындаған ойлар алуан түрлі болсада өз ассоциацияларын сыртқа шығаруы тиіс болды. Емделуші кедергіге тап болғанда мүдіре бастады, бір сөзді бірнеше рет қайталап ойындағыны еске түсіру мүмкін еместігін айтты. Бұл жердегі Фрейдтің болжамы: Ауру адам өзінің кейбір құпия ойларына еркінен тыс қарсылық танытады. Сонымен қатар мұны ол санасыз түрде өз ырқынан тыс жасайды. Адам мінез құлқын меңгерудегі санадан тыс уәждердің атқарар рөлін анықтай отырып Фрейд психологияда жаңа бағыттың негізін салды. Бірақ оның адамға тән бүкіл қиыншылық, қызығушылық, құмарлық атаулының басты себебі адам бойындағы санадан тыс сексуалды күштердің әрекеті болып табылатындығына деген нық сенімі онық көптеген зерттеушілер ішінде өз жақтастыры мен қызметтестерінің қарсылығын тудырды. Психоанализ ілімінің тағдыры және оған көзқарас әртүрлі елдерде түрліше қалыптасты. З.Фрейдтің ұстанған принциптерімен көзқарастарына қарама-қайшы пікірлер орын алды. Алғашында Фрейдтің ең жақын шәкірттері мен ізбасарлары және психиатор - дәрігерлердің кейбіреулерінен басқалары оған өте салқын қатынаста болды. Ал оның теориясы әуелден ақ сынға алынды, тіпті жоққа шығарылды.
Бірнеше ондаған жылдар бойы күн сайын 8-10 сағаттан З.Фрейд дәрігерлік тәжірибесін шыңдады. Осы тәжірибелерінен алған фактлері арқылы ол толғақ құрылымына сипаттама берді. Тәжірибе жүргізуші дәрігер ретінде Фрейд қолда бар фактлерді өте мұқият қолданды. Бұл фактілердің білгірі деуге болады. Фактілерді жинақтай отырып олардың негізінде өз теориялық қағидаларын құрды. Алайда кейінірек ол көбінесе теория жасаумен шұғылданып оларды нақты фактлері негізінде дәлелдеуге аз көңіл бөлді. Бұл жерде Фрейд даңқы арта түскен сайын өз көзқарастары дұрыс дегенге әбден сеніп өзін жоғары бағалай бастағандай еді. Фрейдтің мінезі бір беткей болатын және оның тұжырымдамасын өзгертуге немесе толықтыруға тырысқан өз шәкірттерінің барлығын дерлік алыстатып алды. Психоанализге жолдың кең ашылуы үлкен еңбектен келгендіктен әр шегіністі Фрейд сатқындық ретінде қарастырды. Психоаналитикалық ассоциациядан өз жақтастарымен қатар Фрейдтің шәкірттері де - А.Адлер, К.Г.Юнг, К.Хорни, М.Клейн, Ж.Лакан сияқты зерттеушілер де қуылды. Мұндай атмосфера З.Фрейд салған ізге және оның беделіне мүлтіксіз бас шұлғуды танытты.
Психоанализде адам ойлары мен сезім күйлерінің санадан тыс түрін анықтау әдісі ретінде түс көруді талдау әдісі табылды. Бұл әдістің мәні мынада: психоаналитик емделушінің көрген түстерін талқыға салады. Фрейдтің есептеуінше, түс көру қаншалықты бос көріністер болғанымен, оның сценарийі - бұл түстің бейне-белгілері арқылы қанағаттандырылатын түпкі тілек-қалаулар коды. Бұл болжамына өзі таңырқаған З.Фрейд оның тіпті қандай жағдайда туындағанын да есіне сақтап қалады. Бұл 1895 жылдың 24 шілдесіндегі кешқұрым мезгіл, бейсенбіде, веналық мейрамханалардың бірінің солтүстік-шығыс бұрышында еді. Бұл жөнінен З.Фрейд бірде: осы жерде дәрігер Фрейд түс көру құпиясын ашты деген жазуы бар тақтай іліп қойса да болады, - деп әзілдей айтқан екен.
1900 жылы Түс жору (Түс көруді талқылау) кітабы жарық көрді. Оны З.Фрейд өзінің басты еңбегі санады. Кітапта түстегі бейнелердің қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді қабаттасуы, тұтас бейненің бөлшек бейнемен алмасуы, кейіптеу және т.с.с. сипатталды. Осының барысында ол барлық адамдар үшін бірдей мәнге ие символдар бар деп санады. Мұндай символдар ретінде ұшу, құлау, суды, үшкін заттарды, тістің түсуін көру қарастырылды. Бұл кезеңде психологияда бір - бірін әр түрлі ғылыми тұлғалар ауыстырды. Тәуелсіз авторлардың бұл қағиданы тексеруі мұндай тұжырымды растамады. Фрейд түс көрудегі бейнелерді эмоциалды сезім күйлерінің деңгейлері ретінде түсіндірді. Олардың туындау көздері күндізгі қалыптан тыс сезім күйлерінде, қызығушылықтарында, қорқыныш күйлері мен санадан тыс әрекеттерінде жасырылған. Олар өздері туралы ерекше символдық тілде сөйлейді. Фрейд олардың сөздік қоры мен оның құрылу тәсілін қалпына келтіруге тырысты.
1901 жылы оның күнделікті тұрмыс психопатологиясы кітабы жарық көрді, мұнда ол түрлі бұрыс әрекеттерді түсіндірді: есімдерді ұмыту, сөзден таю, санадан тыс уәждердің көрінуі. Фрейд бойынша, мұның себептерін санадан тыс импульстерден, шұғылданатын әрекеттерінен іздеген жөн. Бұлардан кейін оның Даналық және оның санадан тыс құбылысқа қатынасы (1905), Сексуалдылық теорияисы бойынша үш очерк (1905), Тотем және табу (1913) еңбектері жарық көрді. Фрейдтің халықаралық деңгейдегі атақ-даңқы З.Фрейдтің танымалдығы арта берді: халықаралық деңгейде де атақты болды. Оның психоанализ бағыты Германия мен Австрияда, Еуропа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары жайында
Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары жайлы
Кеңестік психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары
Зигмунд Фрейдтің әлеуметтік көзқарасы
Жеке тұлғаның қазіргі психологиялық теорияларын классификациялау және оған негіз болатын факторлар: психодинамикалық, социодинамикалық және инеракционистік
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар туралы ақпарат
Шетел психологиясы
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар
Пәндер