Жасөспірімдік шақ психологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық академиясы

Педагогика және психология
кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Жасөспірімдік кезеңдегі эмоция сферасымен Мен концепциясын қалыптастыру

Орындаған: Биназарова Ш.Ж.
Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Жасөспірімдік шақ психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Жасөспірімдік кезеңдегі эмоция сферасы мен Мен концепциясының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Кіріспе
Жасөспірімнің мінез-құлқы ең алдымен жағдайды моральдылық қара-стырумен. Баланың әлемінің ересекке ауысуында. Жасөспірім толығымен алдың-ғысына да соңғысына да жатпайды. Бұл ең негізгі қоғам жағдайы мен психикасынан көрінеді. Ашушаң, ұялшақ, ішкі қарама-қайшылықтар. Бұл қысым мен қақтығыс көп болған сайын балалық пен ересектік шекарасының әртүрлі айырма-шылықтарына байланысты ойыстай бастайды.
Мен - концепциясы өзінің шығу тегі жағынан - негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен мазасыздық деңгейіне генетикалық бекітілген фенотиптік құрлым.
Жас келген сайын күшейетінін байқаймыз. Жас бала барлық сапалар бойынша, өзін бірдей бағалайды, ал ересектеу балалар өздерінің стильдерін және өздерінің әлсіз жақтарын жақсы біледі.
Мазасыздану құбылысына тән қауіп-қатерді алдын-ала сезіну ерекшелігі оның басқа эмоциялық процестерінің маңыздылығын көрсетеді. Ғалымдар мазасыздануды екі түрлі аспектіге бөліп қарастырады:
1. Эмоциялық жағдайда мазасыздану;
2. Бала темперамантінің ерекшелігі, тұрақты қасиеті, үнемі мазасыздануға бейімділіктен көрінетін жекедара-психологиялық ерекше-лігі тұрақты қасиет ретінде көрінуінен.
Жасөспірімдердің мазасыздануының негізінде әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауы кез-келген эмоциялық күй сияқты өзіндік даму механизмі, функциясы бар толық жүйе болғандықтан олардың мінез-құлықына жағымсыз әсер етеді.
Жасөспірім шақта жеткіншектерге орынсыз ұрысып, дау-жанжал шығарып бала психикасына кері әсер етудің пайдасы жоқ, кез-келген ата-ана не мектеп ұжымы ақылмен, озық тәжірибемен келу қажет. Жасөспірімдік кезеңдегі әлеуметтік ситуациялардың дамуы (үлкен сынып жасындағы сияқты), бұл кезеңде 16 - 17 жаста ойланған жоспарлар жүзеге асырыла бастайды. Таңдауларының кейбірі сәтті қанағаттанарлықтай болса, кейбірі қателіктерге толы таңдауларға жетелейді. Бұл кезде жіберілген қателік мектептердегі екілік емес, мұнда жылдарды жоғалтып, бәрін қайтадан бастауға тура келеді. 19 - 20 жастағы жастар өз өміріндегі негізгі қиындықтарды бұрын болмаған жауапкершіліктің пайда болуымен байланыстырады. Сонымен қатар олар өз жастарын бағалайды, өйткені бұл жас жаңа мәселелермен қатар жаңа кең мүмкіндіктер ұсынады. Мысал ретінде қазіргі заманғы 2 курс студенттінің жасөспірім - шақты сәбилік шақты салыстырған мысалды алайық "бұл жас мен үшін өз ауыртпалықтарына қарамастан жеңіл жарқын және 100 есе тартымды. Жасөспірімдік - шақ мен үшін жеңіл және үлкен өмірге баспалдақ секілді.

1.Жасөспірімдік шақ психологиясы
А.В. Мудрик жасөспірім кезеңінің ең басты жағдайын ашып көрсетеді. Ол екіжақтылық пен қарама - қайшылық деген. Педагогикада жасөспірімді өскен адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған бірақ әлі жетік білмейді деп пайымдайды.
Ст. Холл ең алғаш бірнеше негізгі қарама - қайшылықтарды бөліп көрсете отырып, жасөспірім мінезіндегі амби-валенттілік пен пародаксальдылықты сипаттаған. Жасөспірімдерде шектен тыс белсенділік - аяқ шалысқа шектен тыс көңілділік - уайым, өзіне сенімділік - ұялшақтық пен қорқыныш жоғары деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым - қатынастық, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық - бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді Боран мен тегеурін кезең деп атайды. Ст. Холл жасөспірім кезеңнің мазмұнын өзіндік сана - сезім кризисі деп сипаттайды. Тек осыны басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады.
Келесі жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 - 19 жас, ұл балаларды 14 - 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік - еркіндік мазмұны болып табылатын кризиспен сипатталады.
Ал 15-17 жас жасөспірімдердің ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің арқасында жасөспірімнің танымдық-кәсіби қызы-ғушылықтары артады. Эмоция мен психосексуалды дамуы жағдайына байланысты, жанұя құру деген бұл жаста қарастырылмайды [7, 8].
К. Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.
1920-шы жылы психолог Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасөспірім кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.
1) Биогенетикалық биологиялық процес негізінде және дамудың басқа да процестері қарастырды.
2) Социогенетикалық тұрғы тұл-ғаның өмір барысында алдына қойған мақсаты мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.
3) Психологенетикалық - өзіндік даму негізіндегі психика процестерінің қызметтерін негіз етіп қою.
Биологиялық теорияның өнімі американ психологы Ст. Холл ол даму психологиясының басты заңы (рекапитуляция заңы) деп қарастырды. Мұнда индивидуалды даму, финогендік басты сатысының қайталануы болып табылады.
Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері "Конституционная психология" Э. Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді. Кречмер барлық адамдардың екі түрі болатындығын көрсетті.
Бірінші бағытқа циклоидты: көңіл күйі ауыспалы, тез қозғалғыш, мазасыз т.с.с., ал 2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін эмоционалды тырыспа адамдар.
Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады.
Жасөспірім шизоидты тұлға ретінде күрделі алдында ұзақ мерзімді жүреді.
В. Целлерді "Конституция и развития" - деген еңбегінде бала дене бітімінің құрылысының дамуындағы өзгерістер самотикалық өзін сезінуі психологияның және самотинзалық өзара байланысуы айтылады. Биогенетика өкілдері психиканы және физиологияны дамуын өзара тәуелділігі бағыты қатты қызықтырады.
А. Гезел концепциясында "өсу мен даму" синоним, мінез-құлық, жүріс-тұрысы қабілеті интеграциясы мен дифферен-циациясы мағынасын білдіреді. Гезел қандай болмасын индивидті мәдениетке оқыту мен үйрету, оның жетілуінде ешбір орын ауыстыра алмайды деп санайды.
Жасөспірім баланың ересектікке өтуі. Гезел байынша 11 мен 21 жас аралығын ең маңызды жас мөлшері.
15 жас Гезелдің жазуынша рухани ішкі жан дүниесінің өсуі, тәуелсіздік, өз-өзін ұстамдылығы, өз - өзін тәрбиелеу мен өте сезімтал болады. 16 жаста қайтадан салмақтылық пайда бола бастайды, ішкі жауапкершілігі ұлғайып, эмоция байсалды, қарым-қатынасқа тез түсуі, болашаққа бағыт бағдар жасайды [9].
Биогенетикалық тұрғыға қарама-қайшы социогенетика. Ол жасөспірімнің құрылымын өздерін қоршаған адамдар мен қарым-қатынас жасау арқылы анықталады.
Социогенетикалық тұрғыда неміс психологы Левин теориясын айта кеткен жөн. Адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыс қызметінің бір жағы тұлға екінші жағынан оны қоршаған орта, бірақта да тұлға қасиеті мен қоршаған орта өте тығыз байланысты.
Левин бойынша өтпелі кезеңдегі ең маңызды процесс тұлғаның өмірлік әлемінің кеңейуі, қарым-қатынас жасайтын ортасы, өз үйренген топ және адамдарға қатысты.
Левин концепциясының мәнділігі ол жасөспірімді әлемдік психологиялық деп қарастырады.
Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөс-пірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:
1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым - қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік мені пайда болады.
2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.
3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін - өзі қалыптастырады. Өзінің ерік - жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым - Э. Шпрангер бойынша, өзіндік менінің ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталуы.
Психологияның ең негізгі міндеті тұлғаның ішкі әлемін тану деген қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жөн болар.
Әлеуметтік дамыған тұлғаны тек қоғамда қабылданған нормаларды ұстанумен ғана емес, сонымен қоса белгілі бір топтарға, ұжымдық және қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен ерек-шеленеді. Құндылықтар обьект жайлы біліммен және оған деген қатынастан тұрады. Психологиялық тұрғыда өзіндік анықталған тұлға - бұл өзінің нені қажет ететіндігін (мақсаты, өмірлік жоспары, идеясы) саналы бағалаушылық жеке бас және денелік қасиеттері, қолынан не келетінін субьект. Аталған элементтердің тұлғаның өзімен байланыстыруы оның нақты қылықтары мен мінез - құлқының реттеушісі болып, оның іс - әрекетінің дәрежесін, бағыттылығын, интенсивтілігін, мазмұнын анықтайды. Өз мүмкіндіктерін ашу процесі, қоғам, топ талаптарын саналы бағалау ұжым шеңберінде белсенді іс - әрекет етеді. Осы себептен өзіндік анықталған тұлғаның көрсеткіші ретінде тек субьектіні қабылдау әлеуметтік маңызды іс - әрекет жасауға даярлықтың, қатынасты жаңғыртуға ғана емес, сонымен қоса шынайы іс - әрекеттің көрсеткіші болып табылады. Э. Шпрангер, өзіндік - сана сезімді, құнды бағыт бағдарлықты жасөспірімдердің дүниетанымын зерттеуге бастауы деп санады.
Э. Штерн жасөспірімдік кезеңді жеке тұлғаның қалыптасуының бір кезеңі деп қарастырды. Психологияның қай бағыты болмасын, барлығының орталық мәселесі, оның ойынша адам тұлғасының мәселесі болу керек.
Өтпелі кезең тек ғана ой мен сезімдерден талпыныс пен идеялдардан ғана емес, сонымен қатар әрекеттің ерекше бейнесімен сипатталу қажет дейді.
Жасөспірім - ол өмір жолын таңдау уақыты. Жасөспірім жоспар құрады, олардың келешекте егделікке толу арманы орындалуы не орындалмауы мүмкін. Таңдалған мамандақ бойынша іс жүргізу шаралары жоғарғы оқу орындарында оқу, кейде отбасын құрудан басталады.
Жасөспірімдік шақ - тек қана ересек өмірдің басталуы, кейде жаман қағаз ретінде қабылданады, оның барлығын шетке шығарып, барлығын басынан бастап жазуға болады. Өмірдің барлығының алда екенін сезімін біліп көру, қателесу және жеңіл жанмен кездесуге мүмкіндік береді. Бірақ сол уақыттағы таңдаған жолымыз, өте көп кәдімгі ересек адамдардың өмірін анықтайды.
17 жастағы дағдарыс. Бала кезіндегі қайтару кезеңдерінің шекарасы белгіленген. Бала кезі өткен шақта қалғанда, барлық психикалық функциялары негізінен құралған және жеке тұлғаның қалыптасуына орнығады, жеке жас шекаралары барлық шарттарға жету болып қалыптасады. Бірақ 17 жас дағдарысы үйреншекті мектептік және ересек өмірдің қиылысу кезіңде пайда болады.
17 жас дағдарысын қатты уайымдағандарға өзіндік әртүрлі қорқыныштар тән. Өзінің және туыстарының алдындағы жауапты таңдау, осы уақыттағы маңызды жетістік - енді үлкен салмақ.
Жаңа өмірлік жағдай оған бейімделуді қажет етеді: маңызды 2 факторға бейімделуге көмектеседі. Отбасының қолдауы, өзіне-өзі және сана-сезіміне сенуі.
Жасөспірімдік - шаққа өмір жолының негізгі 3 нұсқасы тән, бұл жоғарғы оқу орнындағы оқу жұмыс іздеу және жігіттерге әскердегі қызмет.
Студенттік өмірдің стилі және жоғарғы оқу орындарына түсу мотивін анықтайды. Кешегі түлекті ата - анасы оқуға жетелеп апарып оқуын төлеп қойса оның балалық шағы жалғаса бермек, өмірлік таңдауы айқындалмай оқу әрекеті өнімсіз болады. Ол дәрістер кітапханада болудан гөрі жаңа достармен араласып сол деңгейде көңіл көтеруді жөн көреді.
Отандық және шетел зерттеулері көрсеткендей, некеге отыру жасы қаншалықты аз болса, соншалықты айрлысу мүмкіндігі де көп болады. әсіресе екіқабат болу себебінен, сонымен қатар ерте үйленген құрбыларына еліктеу үстінде олардан қалмау, өз мүмкіндігін жіберу және жалғыз қалмау үшін құрылған отбасылар осал болады.
Қоғамнан қашу- тағы бір жасөспірім жасындағы организациялық нұсқасы. Жасөспірім жұмыс істеу немесе оқу жолын таңдауы мүмкін:релегиялық сектолар, өз-өзіне нарцистік ауыртпашылықтар тілеу және т.б. егер жаман ой бойын билеп алса жұмыс та, оқу да қалады.
Бұл нұсқаны саналы өмірдің таңдауы деп айтуға болмайды. Қандай да бір жағдайда өз-өзін анықтау тапсырмасы шешілмейді және көптеген ізденіс сәтсіздікке ұшырайды немесе ауасыз кеңсіздікте болмен тең. Балалық шақ бітті, үлкен деп өзіңді сезінбейсің немесе не істеріңді білмейсің. Көңілсіздік анашылық пен сектолыққа итермелейді, жаңа ләззат алуға талпыныс, бұлыңғыр өмірді ұмытып еңбек етуге қызықпаушылық.
Батыстық психологтар тартымды күшті жасөспірімдік религия сияқты көрсетеді. Х.Ремшмидтің айтуы бойынша бұл религия және сәйкес идеялогия осы шаққа қысқарған болашақты ұсынады, көсемге бағыну(гуру, кек, пайғамбар),иегер өз отанын және әрбір адамды бөлектей қорғап қалу: топтық өмірдің ортақ уайымдауымен ұйымдастырады (медитацияны қолдана отырып, транс және экстаз кейде анашалар) Жасөспірім өзін ауруға берген жағдайда религе көбіне жанұямен ажырауға әкеп соғады. Жекелік жоспарда сандар бұзылмай тұрмайды: топтан ауру пайда болады, басқа адамдар мен эмоционалды байланыс пен әрекетсіз, өзі ойлай алмауға дейін барады. Бұл Батыста кең тараған, соңғы кездері бізде де пайда болды.
Нашақорлыққа келсек, жастайынан қолданғандар құрбан болады, әсіресе кім де кім жасөспірім шағынан бастап қолданса. Нашақорлықты талап ету деформация тұлғасында кең тараған. Нашақорлар өмірде не істеп жүргендерін ешкімде тіпті өздеріде білмейді.
Шындығында сен бұның бәрінен тысқарысың, сенің бұл әлемге қатысың жоқ, сен қалыптасқан апинның заңымен өмір сүресің. Сенен біртіндеп барлық достарың және таныстарың теріс айналады. Ескі достарыңның орнына жаңа таныстар келеді, сенімен бір-ақ нәрсеге деген қызығушылықпен қандай да бір кезбе адамдардың бұзылған тағдыры жоғары интелектуалды немесе субъектің осындай түрін жасаушыларға байланысты.
Қоғамнан қашудың ең соңғы және ең қайғылы түрі - суицид, өмірден кету.

2. Жасөспірімдік кезеңдегі эмоция сферасы мен
Мен концепциясының қалыптасуы
Соңғы жылдары мазасыздану мен суицид мәселесі қоғамда кеңінен етек алып бара жатқандығы кімді де болса ойландырмай қоймайды. Себебі адамзат өміріне ғылыми техникалық прогреспен тек қуанышты жаңалықтар, жаңа ашылымдар, жетістіктер ғана емес, адам өмірінің барлық саласына қиындықтар, күрделі мәселелер, стрестік жағдайлар да қатар енді. Соның нәтижесінде соңғы он жылдықта жасөспірімдер арасында да психологиялық деңгейде мазасыздану күштену, тынымсыздану, уайым, сәтсіздіктер мен жағымсыз жағдайларды сезінуі балалардың орынсыз қиналуы ата-анаға не үшін қиналып жүргенін айтпауы көптеп кездесуде. Балалардың өміріндегі күрделі мәселелерін өз беттерінше шешуге дайын еместігі психикалық стресс алуы, әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен отбасында психикалық күш жұмсауды туғызды. Бұл отбасындағы барлық бала психикасына да әсер етпей қойған жоқ, әсіресе жеткіншек жастағы балалардың орынсыз мазасыздануына әкелді. Дамудың әр түрлі кезеңіндегі мазасыздану, жасөспірім жастағы жеткіншектердің эмоциялық сферасының даму заңдылықтарын түсіну үшін де маңызды. Көптеген психологтар мен практик психологтардың зерттеулерінде жеткіншектердегі психикалық қиыншылықтары мен даму барысындағы жағымсыз ерекшеліктердің негізгі себептерінің бірі мазасыздық туралы көптеген ғалымдардың пікірлері мен теориялық тұжырымдамалары белгілі. Жасөспірім жастағы жеткіншектердің көптеген психикалық қиыншылықтары мен дамудағы бұзылыстардың мазасыздану феноменінің теориялық негізін қалағандардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуы туралы
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Жас өспірімдік шақ
Қазіргі жас ерекшелік психологиясының мәселелері
Жас ерекшелік психологиясы жайында
Д. Б. Элькониннің баланың психикалық даму теориясы
Жастар әлеуметтануы
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Даму психологиясы
Жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету
Пәндер