Гиперактивті балалардың импульсивтілігімен белсенділігін бақылауға үйрету



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
II тарау. Жасөспірімдердің гиперактивті мінез-құлқын түзету
2.1 Жасөспірімдердің гиперактивтілік деңгейін диагностикалау

Зерттеудің мақсаты: Жасөспірімдердің гиперактивті мінез-құлқының себептерін және оқу әрекетінің психологиялық-педагогикалық қалыптастыру жағдайларын анықтау, олардың тиімділігін тексеру.
Зерттеудің тәжірибелік бөлімінің міндеттері:
1. Жасөспірімдердің гиперактивті мінез-құлқының негізгі көрсеткішінің диагностикасын өткізу.
2. Болжамды тексеру үшін гиперактивті мінез-құлықты түзету формалары мен жолдарын өңдеу.
3. Эксперименталды жұмыстың нәтижелерінен гиперактивті балаларда оқу әрекетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар өңдеу.
Болжам: Егер зейінін шоғырландыру деңгейі төмен, зейіні мен оқу әректінің қалыптасуының төмен көрсеткіштерімен сипатталатын жасөспірімдердегі гиперактивті балалармен жұмыста қазіргі заманғы психологиялық әдістер мен түзету формасындағы қолданылатын болса, онда бұл балалардың білімді жақсы меңгеруіне және оқу белсенділігін арттыруға көмектеседі.
Зерттеу объектісі: мінез-құлқы гиперактивті ретінде сипатталатын балалар.
Зерттеу пәні: Жасөспірімдердігі гиперактивті балалардың оқу әрекетін қалыптастыратын психологиялық-педагогикалык жағдайлар.
Зерттеу әдістемесі: Гиперактивті мінез-құлық көрінісіне бейім балаларды анықтауға арналған педагогтар үшін анкета, С. Хартердің өз кұзіреттілігін бағалау шкаласы, зейін көлемін өлшеуге арналған Горбов кестесі.
Зерттеу болжамының негізінде біздерменен зерттеу кезендері өңделді:
1. Педагогтарды анкеталау негізінде гиперактивті мінез-құлықтың көрінуіне бейім балаларды анықтау.
2. Анкеталау негізінде гиперактивті мінез-құлықы бар балалардан тұратын эксперименталды топ құру.
3. Бақылау және эксперименталды топты зерттеудің өз құзіреттілігін анықтау және зейін көлемін анықтауға диагностика жүргізу.
4. Бақылау және эксперименталды топ арасында диагностика нәтижелерін салыстыру.
5. Гиперактивті мінез-құлқы бар балалар үшін психокоррекциялық бағдарлама өңдеу.
6. Түзету бағдарламасының сәтті өткізілуін анықтау бойынша эксперименталды топ үшін II - ретті диагностика.
7. Эксперименталды топтың I және II ретті диагностика нәтижелерін салыстыру.
Зерттеу әдістемесінің қысқаша сипаттамасы.
Алдымызда тұрған міндеттерді шешу үшін біз өзіміздің зерттеу әдістемелері мен сауалнамалары үшін мейлінше тиімдісін таңдадық.
Педагог үшін анкета. Бұл анкета бізге гиперактивті мінез-құлықка бейім балаларды анықтауға мүмкіндік береді.
Хартердің өз құзіреттілігін бағалау шкаласы. Бұл сауалнама мектеп өмірінің ең маңызды сферасында: оқу әрекеті, құрдастарымен қарым-қатынасы, ойындары және спортпен шұғылдануда, сондай-ақ жалпы өзін-өзі қабылдау деңгейі бізге балалардың өзіндік біліктерін (кұзіреттілік) бағалауын анықтауға мүмкіндік береді. Берілген әдістеме нәтижелерді салыстыру үшін бақылау және эксперименталды топтарда жекелей өткізіледі.
Цифрлық кесте әдістемесі гиперактивті және гиперактивті емес балалар арасында зейін көлемінің айырмашылығын анықтауға көмектеседі.
Педагог үшін анкета
Төменде көрсетілген сапалар балада қаншалықты деңгейде көрініс береді? Сәйкесінше цифрларды: егер сапа болмаса-0, азғантай деңгейде көрінсе-1, қалыпты деңгейде көрінсе-2, анық көрініс берсе-3 қойыңыз.
2 Кесте. Педагог үшін гиперактивтілікті анықтау бойынша анкетаның мазмұны.
Сапалар
Бағалар
1. Мазасыз, түлкінің құйрығындай бұлқақтау

2. Мазасыз, бір орында тұра алмайды.

3. Баланың талаптары дереу орындалуы тиіс.

4. Басқа балаларға тиіседі, мазалайды.

5. Қозғыш, импульсивті.

6. Зейінін жеңіл аудара алады, зейінін қысқа уақыт аралығында ұстай алады.

7. Бастаған ісін аяқтамайды.

8. Баланың мінез-құлқы көп назар аударуын қажет етеді.

9. Оқуға ынтасыз.

10. Мінез-құлқында қыр көрсетушілік бар, (қояншық, жылауық)

Жалпы балл саны.

Егер нәтиже қыз балалар үшін 11 және ер балалар үшін 15 баллдан жоғары болса, сіз баланы маманға көрсетуіңіз қажет.
С.Хартердің өз құзіреттілігін бағалау шкаласы.
Ұсынылған әдістеме С.Хартермен (S.Нагtег, 1981) өңделген және жасөспірімдердің дифференцияланған өзін-өзі бағалауын зерттеу үшін арналған. Отандық көшірме үшін әдістеме Н.С.Чернышевамен (1997) бейімделген.
С.Хартер шкаласы мектеп өмірінің ең маңызды сферасында: оқу әрекеті, құрдастарымен қарым-қатынасы, қозғалыс ойындары және спортпен шұғылдануда, сондай-ақ жалпы өзін-өзі қабылдау деңгейі балалардың өзіндік біліктерін (құзіреттілік) бағалауын анықтауға мүмкіндік береді.
Нұсқау: Сіздің алдыңызда әрбір қатарда (1-28 Сіздің алдыңызда әрбір қатарда (1-28) 2 қарама-қарсы тұжырым бар (біреуі оң, екіншісі сол жақта). Сіз 2 тұжырымды да бар зейініңізбен оқып, өзіңізді жатқызатын өзіңізге көбірек сәйкес келетінін тандаңыз. Осыдан кейін сіз өзіңізге сәйкес тандауыңызды (жауап) Әрдайым дұрыс-1 немесе 4, Мүмкін-2-3 цифрларын белгілеңіз.
Әдістеме индивидуалды өткізіледі. Экспериментатор балаға бірнеше тұжырымдарды оқиды және өзі үшін жақын, өзіне сәйкесін таңдауын сұрайды. Содан сон экспериментатор таңдалған жауаптың дұрыстығы кез келген ситуацияда ма (жалғыз дұрыс жауап), әлде ол тек кейбір жағдайда мүмкін (мүмкін болатын жауап) болады ма, соны нақтылайды. Осыған сәйкес жауаптар бланкісінде цифрлардың біреуі белгіленеді.
Баланың нұсқауды түсінуі тұжырымның I жұбында тексеріледі. Баланың индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты тексеріс 12-35 минут алады.
Цифрлық кесте әдістемесі.
Мақсаты: Диагностикалық зейін көлемін бағалау.
Тәжірибенің жабдықталуы. Әрбір торда 1-ден 25-ке дейінгі сандар кездейсок тәртіпте шашыраған 35x35 см өлшемді 4 кестеден тұратын-Горбов кестесі (қосымша 2), секундомер және нұсқағыш. Тапсырманың нәтижелерін жазып алу үшін алдын ала хаттама дайындау қажет.
Жұмыс реті. Ең алдымен экспериментатор зерттелушінің тапсырманы орындауға деген тілегін қалыптастыруы керек. Зерттеу индивидуалды түрде өтеді. Зерттелуші вертикальды орналасқан кестеден оны түгел көретіндей қашықтықта орналасуы керек. Зерттелуші тапсырманы орындауға ауызша нұсқау берілгеннен кейін кіріседі.
Зерттелушіге нұсқау. Кестеде 1-ден 25-ке дейінгі сандар бейнеленген. Тезірек барлық сандарды тауып, оларды нұсқауышпен көрсетуіңіз қажет.
Экспериментатор әрбір 4 кестеден соң тапсырманы орындау уақытын хаттамаға енгізіп, тіркейді.
Гиперактивті мінез-құлықты балалардан тұратын экспеименталды топ құру үшін, біз педагог үшін анкетаның көмегімен сынып жетекшісіне сауалнама жүргіздік. Алынған нәтижелерді біз 3 кестеге енгіздік.
Жұлдызшамен (*) мұғалімге жүргізілген сауалнама бойынша гиперактивті мінез-құлық көрінісі бар оқушылар белгіленген.
Сынып жетекшісіне өткізілген анкеталаудың негізінде, біз 1 қыз және 3 бала-4 оқушыдан тұратын эксперименталды топ құрдық. Педагог осы оқушыларда гиперактивті мінез-құлық сапалары бар екендігін көрсетеді. Осылайша, эксперименталды топ құрамына Сайпова А, Шынтемір Қ, Тасбаева А, Карина А. енді.
Зерттеуіміздің келесі кезеңі бақылау және эксперименталды жеке топтағы жасөспірімдердің дифференцияланған өзін-өзі бағалауын зерттеу болды. Бақылау тобының нәтижесі 4 кестеге енгізілген.
4 Кесте. Бақылау тобы үшін С.Хартердің өз құзіреттілігін бағалау диагностикасының нәтижесі
Аты-жөні:
Танымдық құзіреттілік
Құрдастаырмен қарым-қатынасындағы құзіреттілік
Сыныптан тыс әрекеттегі құзіреттілік
Жалпы өзін-өзі қабылдау
Байырова М.
19
21
18
25
Батырғалиева А.
18
18
17
25
Карина А.
23
19
24
18
Тасбаева А.
15
22
25
24
Сайпова А.
19
21
15
17
Орынғали А.
20
25
21
23
Шынтемір Қ.
24
23
18
25
Қарекен Ө.
18
19
25
22
Сайлауова М.
24
21
23
19
Құрманғалиев Ә.
17
20
22
15
Давлетов Б.
20
24
19
22
Максимова Д.
20,04
23,22
24,54
21,13

Бақылау тобының нәтижелерін зерттей келе, біз келесі диаграмманы 1 құрдык.
І.Диаграмма. Бақылау тобы үшін С.Хартердің өз құзіреттілігін бағалау диагностикасының нәтижесі.

Хартердің бақылау тобындағы өзіндік кұзыреттілік нәтижелерінің анализі көрсеткендей:
Танымдық құзыреттіліктің деңгейі (20,04 ұпай) орташадан жоғары деңгейде жатыр. Бұл бақылау тобында оку белсенділігі мен білімнің қалыптасуының жақсы дамығандығын айтады, бұл категория балалары жақсы бағаны жеңіл алуымен, жауап іздеуде тапқырлығымен оқығанды тез түсінуімен сипатталады.
Құрдастарымен қатынастағы құзіреттілік деңгейі (23,22 ұпай) орташадан жоғары деңгейде. Бұл бақылау тобындағы балалардың құрдастарымен өзара әрекеті жақсы дамығандығын айтады, бұл категория балалары достарының көптігімен, құрдастары арасындағы танымдылығымен, қоршаған ортаға ұнау ниетімен сипатталады.
Оқудан тыс қызметтегі құзыреттілік деңгейі (24,54 ұпай) дамудың жоғары деңгейінде орналасқан. Бұл оқуға қатысы жоқ қызмет, яғни ойындар, жоғары деңгейде дамығандығын айтады, бұл балалар таңдалған ойында физикалық жағынан жақсы және ізденімпаздығымен сипатталады.
Жалпылама өзін-өзі қабылдау деңгейі (21,13 ұпай) дамудың орташадан жоғары деңгейінде орналаскан. Бұл баланың өзін-өзі қабылдау деңгейі мен ерекшелігі жақсы дамығандығын айтады. Бұл категория балалары өзіне сенімділігімен, іс-әрекетінің дұрыстығымен, басқаларға ұқсамауға талпынысымен сипатталады. Біздің зерттеуіміздің келесі этапы арнайы эксперименталдық топтағы жасөспірімдердің дифференциалды өзін-өзі бағалауына арналған. Эксперименталдық топ нәтижелері 3-ші кестеге негізделген.
Хартердің эксперименталдық топтағы өзіндік құзыреттілік нәтижелерінің анализі көрсеткендей:
Танымдық құзыреттілік деңгейі ( 10,5 ұпай ) төменгі деңгейде орналасқан. Бұл эксперименталдық топтағы оқу белсенділігі мен білімнің қалыптасуының нашар дамығандығын айтады, бұл категория балалары жақсы бағаны алуда қиындықтарымен, жауап іздеудегі нашар тапқырлықтарымен оқығанды дұрыс түсінбеуімен сипатталады.
- Құрдастарымен қатынастағы құзыреттілік деңгейі ( 10,12 ұпай ) төмен деңгейде. Бұл эксперименталдық топтағы балалардың құрдастарымен өзара әрекеті әлсіз дамығандығын айтады, бұл категория балалары достарының аздығымен, кұрдастары арасындағы танымал еместігімен сипатталады.
- Оқудан тыс қызметтегі құзыреттілік деңгейі ( 10,25 ұпай ) дамудың төмен деңгейінде. Бұл оқуға қатысы жоқ қызмет, яғни ойындар, төмен деңгейде дамығандығын айтады, бұл балалар таңдалған ойында физикалық жағынан әлсіз және ізденімпаздығының жоқтығымен сипатталады.
- Жалпылама өзін-өзі қабылдау ( 11,75 ұпай ) деңгейі дамудың орташадан төмен деңгейінде. Бұл баланың өзін-өзі қабылдау деңгейі мен ерекшелігі онша дамымағандығын айтады. Бұл категория балалары өзіне деген сенімсіздігімен, іс-әрекетінің дұрыстығының әлсіз дамығандығымен, жетекші болудан гөрі, жетекке еруші болуға ұмтылысымен сипатталады. Біздің зерттеуіміздің келесі этапында гиперактивті және гиперактивті емес балалардағы өзін-өзі бағалаудағы айырмашылықтарды анықтау үшін эксперименталды және бақылау топтарының нәтижелерін салыстыру болды. Мәліметтерді салыстыру нәтижелері 3-ші диаграммада көрсетілген.

2.2. Жасөспірімдердегі гиперактивтілікті түзету және төмендету бойынша тапсырмалардың арнайы жүйесі

Гиперактивті балаларға бүкіл әлем болып көмектессе тиімді болып табылады. Яғни баламен жұмыстанатын әрбір маман бұған өз үлесін қоса алады. Невропатологтардың айтуы бойынша баланы ұсынылған талаптарға бейімдеу үшін тәрбиешілер мен мұғалімдер онын мінез - құлкындағы көріністерді жоятын дұрыс әдістерді қолдану арқылы іске асыруға болады деген медикаментозды қолдану көрсетеді. Бірақ бұндай балалар өздерінің әрекеттерін көңіл бөліп дағдылы басқарумен шұғылдануы қажет. Бұл үшін бәрінен бұрын ойын арқылы көмектесу тиімді болу.
Мацсаты: Гиперактивті бала - ата - ана рөліндегі қарым - қатынаста балалық - ата - аналық оптимизация
Міндеті:
- Гиперактивті балаларды құрдастарымен эффективті қатынас жасауға үйрету;
- Гиперактивті балалардың импульсивтілігімен белсенділігін бақылауға үйрету;
- Ата - аналарды экстремальды жағдайда гиперактивті баламен өзара әрекет қабілеттілігіне үйрету;
Ойынды өткізу талаптары:
1. Тренингке қатысушы балалардың жас диапозоны. 13-тен 14 жасқа дейін.
2. Тренингке қатысушылардың қолайлы саны -3-4 (ата - ана, бала)
3. Тренинг жүргізуші: ойынды 1 уақытта өткізу үшін 2 тренер жүргізуші болғаны дұрыс (2 психолог, психолог және педагог, 2 педагог, психотерапевт, психоневролог)
4. Тапсырманы өткізу уақыты: таңертең 10 - нан 12 -ге дейін, кешке 4 -тен 6 - ға дейін. Күніне 1 рет кездесу жеткілікті.
5. Әрбір ойынның қайталануы: 40-60 минут (қатысушылардың қалауларына, жасерекшелік және индивидуальды ерешеліктеріне байланысты).
Ата - аналар түзету жұмысында болмайды, бірақ бақылаушы болады. Тренинг жұмысына ата - аналарды шақыру шешімін сынып жетекшісі қабылдайды.
Тапсырма 1. Өзіңді бағалау жоғары және гиперактивті балалардың танымдық процестерінің дамуы
Жаттығу 1.Құрып бітушілердің соңы
Мақсаты: Табиғатқа көңіл аударып жақын болуға, айналада болғанның бәрін көріп хабардар болу біліктілігін дамыту.
Бұл ойын үндістер туралы айтқаннан кейін бала үндістер жайлы кино қарап немесе кітап оқыған соң жақсы өткізіледі. Үндістердің негізгі сипаттамасын талқылаңыз; табиғатқа жақынырақ айналада болып жатқанды естіп, көруге қабілетті, әсіресе аң аулауға шыққанда көңіл бөлгіш болуы қажет. Енді ойнау мотивациясы пайда болған кезде балаға үндіс болуға ұсыныс жасаңыз. Ол көзін жұмып комнаттағы және айналасындағы барлық дыбыстарды естуге тырыссын. Одан бұл дыбыстардың пайда болуы туралы сұраңыз.
Ескерту: Қызықты болуы үшін кейбір шулар мен дыбыстарды арнайы ұйымдастыруға болады. Комнаттағы әр түрлі заттарды соғыңыз, есікті тарс еткізіңіп, журналды уқалаңыз т.б.
Жаттығу 2. Корректор
Мақсаты: Қандайда бір мәтінді оқу кезіндегі зейін бөлушілікті дамыту.
Балалар бұл ойында жақсы көру себебі, оларды өздерін ерекше және сезінуге мүмкіндік береді. Корректорды бастау үшін оған түсініксіз сөздерді түсіндіру қажет. Баламен бірге оның жақсы көретін кітабын және балалар журналын еске түсіріңіз. Қандайда бір қателік кездестіме? Әрине, жоқ. Егер әңгіме жақсы баспа туралы болса. Бірақ, авторда қате жіберуі мүмкін. Оларды түзетумен және тергенде түрлі қателіктерді кім жібермейді? Ол маңызды адам және корректор...Балаға осындай жауапты қызметпен жұмыстануға ұсыныс жасаңыз.
Үлкен мәтіні бар ескі кітап немесе журнал алыңыз. Бүгін қандай әріп дұрыс емес, яғни қай әріпті өшіріп тастайтынын баламен бірге келісіңіз. Сосын мәтіннен үзінді таңдап, уақытты белгілеңіз. (10 минуттан көп емес ). Бұл уақыт өткен соң немесе таңдалған барлық қажетті әріпті тапса, онда міндетті түрде оларға мақтаңыз. Бұндай корректорға тіпті сыйлық беруге болады. (мысалы: кішкене сыйлық).
Егер сіздің корректорыңыз қателіктер жіберсе ондада айқайламаңыз. Оны меңгеру мүмкіндігі бар. Клеткалы бет алып, оған координата жүйесін сызыңыз. Жоғарғы жағына вертикальді осы бойынша бала қанша қате жіберсе, сонша клетка қойыңыз. Бұл ойынды қайтадан қойыңыз. Бұл ойынды қайтадан өтізген соң бұл сызбаға келесі қателер санын белгілеңіз. Алынған нүктелерді біріктіріңіз. Егер төменге қарай сызық болса, онда сіздің балаңыз бүгін бұрынғыға қарағанда жақсы зейін бөлушілікпен жұмыстанады. Бұл оқиғаға онымен бірге қуаныңыз.
Ескерту: Суреттелген ойын зейінсіз балаларға өткізіледі. Сонда ол эффективті инструментті қателітерін түзеуге қабілетті болады. Егер сіздің балаңыз тапсырманы еш қиналмай түзетсе, онда келесі тәсілдермен күрделендіруге болады. Біріншіден, 1 әріпті емес 3 әріпті түрлі тәсілмен мысалы: М әрпін енгізсе С әрпін өшіреді. Ал, И әрпін қоршап қоюуы қажет. Екіншіден, баланың орындап жатқан тапсырмадан көнілін аудартып шулы бөгеттерді енгізу. Яғни корректураға берілген уақытта тыныштықты сақтау және баланың оған шоғырлануына көметесетін заңды ата- ана рөлін ойнайды; шулайды, сыбдырлатады, тарихын айтады, затты тарсылдатады, магнитофонды айырып, қосады және Шапокляк қарт стилінде қажет емес әрекеттерді орындайды.
Жаттығу 3. Мұғалім
Мақсаты: Қатені түзетуге, оқуға көңіл бөлуді дамыту.
Бұл ойын мектепте әсіресе бастауыш сыныпта оқитын балаларға сөзсіз ұнайды. Бұл жастағы балалар өзін мұғаліммен оңай теңестіреді және оның орнына қуана - қуана қояды. Ал сізге керісінше, кітаптан бірнеше сөз жазып, сабаққа дайындалып, өзіңді ықыласыз оқушы ретінде көрсетуге тура келеді. Сондықтан сіз мәтініңізден бірнеше қате жіберуіңізге тура келеді. Дұрысы орфографиялық немесе пунктуациялық қате жібермеген қажет. Бала кейбір ережелерді білмеуі мүмкін. Оның орнына әріптерді тастап, жұрнақты өзгертуге болады. Бала мұғалім рөліне еніп, сіздің жұмысыңызды тексерсін. Барлық қателер табылған кезде мұндай жазуды бағалауды ұсыныңыз. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз күнделігіңізге сіздің жорамалдағыңыздағы 2- бағасын қоюына дайын болыңыз.
Ескерту: Егер сіздің жазуыңыз анық емес болса, онда мәтінді баспа әріптермен жазған дұрыс.
Жаттығу 4. Мақтану
Мақсаты: Гиперактивті мінез - құлық нышанымен балалардың дәрежесін, өзін-өзі бағалауын жоғарылату
Мазмұны: Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші шеңбердің ортасына шығып былай дейді: Мен жақсы білемін? жақсы орындай алатын әрекетін айтады. Егер шеңберде тұрғандардың біреуі бұл әрекетті істей алса, ол 1 адым алға аттайды да, былай дейді: Және мен де жақсы білемін.... Егер қатысушылардын біреуі де жүргізушінің қатарына тұра алмаса, онда топтың барлығы қол шапалақтап былай дейді: Жарайсың!
Жүргізушіден кейін барлық қатысушылар қалаулары бойынша ортаға шығып өздерінің білетіндері туралы мәлімдейді. Әрбіреуі қайта қол соққысы келсе, сонша шапалақтай алады.
Жүргізушіге сипаттама: Ережеге сәйкес балалар шеңберге өздері келеді. (көбіне кезек күтпейді) балалардың ішінен біреуі ұялса, онда үлкендердің ықыласымен ұзақ уақыт алады.
Ойынның 1 - ші кезеңінде үлкендер де, балаларда мәтебелі және айқын қабілеттерін айтады. Мен оқи аламын, Мен картоп тазалай аламын, Мен машина айдай аламын. Соңғы этапта үкендер жағымды қылықтарын тізімге қосад. Мысалы: Мен құпияны сақтай аламын, Мен дос бола білемін, Мен өз қызымды жақсы көре білемін т.б. Бұл ойынды өткізу топта жағымды эмоциональды атмосфера орнатуға көмектеседі.
Ойын өткізіліп жатқанда тренерлердің бірі шеңберде отырып қатысушылардың аты мен қабілеттерін жазып отырғаны дұрыс. Ойын өткізіліп болған соң, тренер қатысушылар стратегиясын ата - аналармен бірге талқылайды.
Тапсырма қорытындысы: Біз 1 - ші ойында өзін-өзі жоғары бағалауға және зейін дамуына арналған жаттығулар комплексін қарастырдық. Зейін бөлуге жаттығу өткізген кезде біз көптеген балалар, соның ішінде Мамедова Толқын және Плажеву Бауыржан Мұғалім ойынын өткізу қиын болды.
Гиперактивт балалардың мұғалім рөлін сомдауы мейілінше қиынға соқты. Бұл орыс тілін шамалы білуінде емес, зейінсіздікпен байланысты. Керісінше мақтану ойынында атмосферада қуаныш, достық сезімі пайда болды. Балалар тек өздерінің жағымды сапаларын айтып қана қойған жоқ сонымен қатар басқа балалардың адамгершілігі туралы да айтты.
Тапсырма 2. Өзін - өзі бағалауы жоғары және гиперактивті балалардың танымдық процестерін дамыту
Жаттығу 1. Тек біреуден.
Мақсаты: Қайталаусыз жазумен ойлаудың дамуы.
Бұл ойын үлкендерді безіндіріп жіберуі мүмкін. Кейбір балалар мұны өте жақсы көреді.
Балаға кез-келген 1 ойыншыкты таңдауын ұсыныңыз. Енді ережені түсіндіріңіз. Бұны ойында тек 1 ғана таңдаған ойыншық туралы айтуға болады. Кімнің қолында ойыншық болса, сол ғана айтады. Бұл ойыншықты тұтас немесе қандайда бір детальн суреттейтін 1 ғана сөйлем айтуы керек. Бұдан кейін оған басқа ойыншық беріледі. Онда ол осы жөнінде сейлем айтады. Айтылған жауапты қайталауға немесе сөйлемді қалдыруға болмайтынына көңіл аударыңыз. Сонымен қатар фраза түрі: Мен әжеме ұқсайтын көрдім ... - айып балымен жазаланады. Осылай 3 рет таңдалған ойыншық жеңімпаз болып есептеледі. Мұндағы айып өз кезегінсіз айтылған жауап және айтылғанды қайталау бойынша есептелінеді.
Ескерту. Бұл ойында уақытты шектеген жөн. Мысалы, егер 10 минут өткенде қатысушылардың біреуіде 3 айып балын алмаса онда бәрі жеңімпаз болады. Обьектінің сапасын таңдағанда тек оыншықтың ғана емес. Сонымен қатар белгілері көп емес көптеген жай заттарды таңдау арқылы бұл ойынды біртіндеп қиындатуға болады.
Жаттығу 2. Аула-аулама
Мақсаты: Әрекеттің шапшаңдығы және зейіннің дамуы
Бұл ойынның ережесі бәріне белгілі жеуге болатын - жеуге болмайтын ойын тәсіліне ұқсайды. Бала допты алған кездегі жағдай, ал басқа кезде ойынның әр көнінде алмастыруға болады. Мысалы, қазір сіз онымен бірге келісіп аласыз, аулаушы егер сіз өсімдікке қатысты болса, онда аулаушы доптан бас тартады. Егер мысалы, мебель-мебель емес, балық - балық емес транспорт транспорт емес, ұшады - ұшпайды және т.б. көптеген ұқсас нұсқауларын ойнауға болады. Тандалған шартты жағдайлар саны сіздің қиялыңызға тәуелді болады.
Егер ол таусылса балаға ол аулайтын сөз категориясын, яғни ойын шартын өзі таңдауына ұсыныс жасаңыз. Балалар көбінесе жаңа және шығармашылық ойлар айтады.
Ескерту. Сіз байқаған боларсыз. Бұл ойын зейінді ғана дамытпайды, сонымен қатар талдап қорыту қабілетін тыңдалған ақпаратты тез өңдеуді дамытады. Сондықтан баланы интеллектуалды дамытуға тырысыңыз. Ол үшін талқыланатын сөздер категориясы әр түрлі болуы керек, яғни үнемі қолданылатын сөздермен шектелмеу керек.
Жаттығу 3. Үйретілген шыбын
Мақсаты: Зейін мен ойлауды дамыту
Бұл ойынды сіздің бет алып оны 16 клеткаға бөлуге тура келеді. (вертикаль бойынша 4 клетка және горизонталь бойынша 4 клетка). Шыбын көрінетіндей етіп оны жеке кішкентай бетке немесе мақтаға алу керек.
Өз шыбыныңызды қандайда болсын ойын полясына орналастырыңыз. Енді сіз бұйрық бересіз. Қанша клетка және араласу үшін қайда жіберу керек. Бала оны қалай жылжыту керектігін ойша елестетуі керек. Бұдан кейін сіз шыбынға бірнеше бұйрықты қалай бердіңіз (Мысалы, 1 клетка жоғары, 2 оңға, 1 төмен). Сол жерді көрсетуін және және шыбынды енді қайда жақсы орналастыру керектігін сұраңыз. Егер нұсқалған орын дұрыс болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гиперактивті баланың ата
«Гиперактивті балалар және оларды түзету»
Девиантты мінез - құлықты балалардың ерекшеліктері
Баланың мектепте оқуға дайындығы
Шағын - дәріс "Гиперактивті деген не"
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің жолдары
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалау әдістемелері
Бала қиялын дамытудың маңызы
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ КЕШЕУІЛДЕГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Таза сөйлеу - фольклордың шағын жанры
Пәндер