Қиын бала деген кім



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:
Жасөспірімдік шақтағы қиын балалар психологиясы

Мазмұны
Кіріспе ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
2.1. Қиын балалардың психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.2. Жасөспірім шақтағы қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар ... ... ...10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Кіріспе
Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.
Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы - мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы - мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші балаларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Жасөспірімдік шақта, бұзақылық, төбелескіштік, ашуланшақтық, қатыгездік терминдерінде анықталатын күштеу тәртібінің формалары жиі кездеседі.
Бихевиористік ұстанымды ұстанатын психологтар, әдетте, агрессиялық тәртіп туралы ашық, сыртқа көрсететін әрекеттер ретінде айтады. Бұл әрекеттер өте белсенді, бастамашыл және объектіге (адамға, кейбір жағдайларда жансыз заттарға да) әрқашан қандайда бір зиян әкелетін әрекеттер.
Агрессиялық әрекеттер формасы және тигізетін зиянына қарай әртүрлі болып келеді. Агрессиялық Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген :
1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар.
2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар.
Қиын балаларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі қиын балалар санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда қиын балаларға көбінесе жас өспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда балалардың арасында да осы категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан қиын балаларды ерте жастай басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. Қиын балаларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі - қиын балалар мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек, балалар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Қиын балаларда адамгершілік қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның негізінде балаларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы қиын балалармен ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: қиын балаларға адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету.

Негізгі бөлім
2.1. Қиын балалардың психологиясы
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды.
Қазіргі жасөспірім өзінің мазмұны және әлеуметтік тенденциялары бойынша күрделі әлемде өмір сүреді. Бұл өсіп келе жатқан адамдарға жаңа талаптар қоятын техника-технологиялық өзгерістердің ырғағы және қарқынымен байланысты. Екіншіден, информацияның қаныққан сипатымен нақты өмірлік позициясы әлі қалыптаспаған жасөспірімге терең әсер ететін шу шығарады. Үшіншіден, біздің қоғамды жайлап алған экологиялық және экономикалық дағдарыстар, үлкендер оларға осындайды мұрагерлікке қалдыратындықтан (жеке жауапкершілік сезімі болмаған кезде) балаларда үмітсіздік және ашуланғандық сезімдерін шақырады. Осыдан кеін жас адамдарда көп жағдайда жете түсінбейтін наразылық сезімі қарқынды дамиды, жалпы әлеуметтік қызығушылықты жоғалтқан кезде эгоизмге апаратын даралануы өседі.
Жасөспірімдер басқа жас топтарына қарағанда құндылықтары мен идеялдарына қажет бағдарды жоғалтып,- ескісі талқандалған, жаңасы құрылмаған, елдегі әлеуметік, экономикалық және моральдық тұрақсыздықтан көбірек азап шегеді. Жасөспірімдер енді тек қана неге сенерін білмей ғана қоймай, сонымен қатар, үлкендердің көбі әдетте өтірік айтады, қазір әркәм өзі үшін өмір сүреді, басқаны алдап қалайда жағдайдан шығады деп есептейді.
Жасөспірімдердің бір бөлігі үшін, бұзақылық, агрессивтілік бар болудың, батылдықтың дәлелі ретінде қарастырылатын, қауымдасқан бағыттағы әртүрлі бірлестіктер болып табылады.
Жасөспірім логикалық көзқараспен ойлағанда түсініксіз қадамдар, ақымақтық жасайды. Осы кезеңдегі жасөспірімнің көнілшектігімен эмоциялық тұрақсыздығын өзіне өзі қол салу фактлері түсіндіреді. Осы жаста психосексуалды дамудың келесі фазасы басталыды - бір жағынан романтикалық ғашық болу фазасы, ал екінші жағынан - эротикалық тілектер. Эротикалық жыныстық әуестік (тек қана рухани емес, сондай - ақ дене қатынасы, нәзіктік, жанасу) жасөспірімді көп мазалайды. Алғашқы махаббат достықтан басталады, бірігіп сабақ оқу, ойнау, билеу және т.б. Содан кейі ждастар бір біріне әуестік сезімін бастан өткеріп, олардың сезімдері сексуальді баспалдақтың келесі сатысы - құшақтасу, сүйісу, аймаласуға өтеді. Қарапайым шарттарда романтикалықта емес, эротикалықта емес үйреністік бірден сексуалды орындауларды қажет етпейді. Қыздардың айлығы басталысымен - ақ экстрагательді аймақтардың сезімталдылығы артатынын естен шығармаған жөн, ал бұл сексуалды қоздырғыштарға тез жауап қайтарады.
Бұндай ұйғарымға кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының жауапсыздығы, сонымен қатар, жасөспірімді агрессивтілікке үйрететін өтірікпен, зорлаумен толған кино және телефильмдер себеп болады.
Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бізге белгілі деректерге қарағанда мектептегіқиын балалардың салдарынан қылмыс жасау фактілері, темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалану, сонымен қатар нашақорлық бұрынғыға қарағанда біршама көбейген. Ал бала мұндай әрекеттерге мұғалім мен ата-ана бақылауынан шет қалған кезде баратыны белгілі. Алдымен бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөліне келсек көз алдымызға көптеген міндеттермен жауапкершіліктер келетіні анық. Өйткені бала тәрбиесімен бірге ата-ана балаларының дүние тамақтануы мен бүтін өз замандастарынан кейін қалдырмауға т.б. осы сияқты мәселелерге тікелей жауапты. Баланың тәрбиелі білімді болып өсуіне де ата-ананың қосар үлесі орасан. Ата - аналарынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас өспірім өмірде мен ешкімге қажетсізбін,- деп санап уайымға жиі саналады. Осындай іс-әрекеттің салдарынан мінез құлқы күрт өзгере бастайды. Бұл құбылыс кәзіргі таңда қала балаларында көптеп кездесіп жүр. Ата-аналар жас өспірімдердің мінезіндегі ауытқуларға назар аудару олардың психикалық әр-түрлі ауыр жағдайларға шалдығуына себепші болып отыр.
Педагог - ғылымдар қиын балалар мәселерін жан-жақты зерттеуде. Бұл мәселемен 20-30 жылдары еліміздің аса көрнекті педагогтары мен психолгтары А.Макаренко, Шацкий, Выготский, Блонский шұғылданды. Ол елуінші жылдарға дейін обьективті жағдайларға байланысты тоқырап қалды да, тек сол жылдардан кейін қиын балалар мәселелерімен шұғылданушылардың жемісті ғылыми еңбектері шыға бастады. Зерттеу жұмыстарының дәлелденуіне қарағанда қиын балардың шығуына бірнеше себептер болады. Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, ата ананың болмауы, дұрыс талап қоймаушылық жағдайлар себеп болады. Қиын балалардың тәртіптерінің нашарлауының тағы бір себебі жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие процестеріне толық көңіл бөлмеуінен. Балалардың тәртіптерінің төмендеуі мен нашарлауы 3 топқа бөлінеді. І-топқа күнделікті мектеп режимін бұзатын, оқығысы келмейтін, кішігірім ұрлық жасап, анда-санда темекі тартып шаршап ішетін балалар жатса, ІІ- ші топқа осындай кемшіліктермен қатар қоғамдық орындарда бұзақылық жасап, үлкендерді сыйламайтын балалар жатқызылады. ІІІ-ші топқа денсаулығы нашар, ақыл-ойы өз жасына сәйкес дамымаған, нерв жүйесі әр-түрлі ауруларға ұшыраған жасөспірімдер жатады. Осылардың барлығы қазақ тілінде шыққан педагогикалық әдебиеттерде қиынбалалар деп аталады. Ал, негізінде, І-топтағы балаларды тәртібі төмендеген балалар, ал ІІ-ші топтағы балаларды тәртібі нашар балалар деп атап, 3ші топтағы балаларды тәрбиеленуі қиын балалар деп атаған орынды. Біздер осы балалардың бәрін де бір топқа жатқызып қателесудеміз. Себебі І-ші және ІІ- ші топтағы балаларды ғылыми негізде ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде 1-2 жылда қайтадан тәрбиелеуге болса, ІІІ-топтағы балалардың сырқаты болғандықтан ұзақ тәрбие жұмыстарын жүргізіп, қажет болғанда емдеу әдіс ұйымдастырылады.Сондықтанда зерттеушілер осы топтағы балаларды ғана тәрбиеленуі қиын балалар деп аталынуы керек деп кеңес береді.
Табиғат пен қоғам құбылыстарына қиындық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Қиындық қатынас адам мен қоғам өмірінде жалпы ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде құндылық түсінігіне әр-түрлі анықтамалар берілді. Филологиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар адам үшін пайдалы, яғни адамзат қоғамының іргелі даму мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады.
Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке қоғам өмірінде, тұрмыста көпшілік орында өзін ұстауынан басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс - тұрысынан, қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бақытты, ел жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді. Яғни маңайындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан қиын балаларды жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері:
а) адамгершілік сананы қалыптастыру;
ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;
б) адамгершілік мінез құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру.
Жоғарғы сыныпта қиын балаларды адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершілік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады. Халық адамгершілік қасиеттеріді жоғары бағалаған. Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы,- іспеттес мақал -мәтелдер соның айқыны.
Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай балаларды Қиын балалар, Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар, Қиын тәрбиеленуші қатарына жатқызады.
Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырды.
Ал И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТА-АНА мен БАЛАНЫҢ өзара қатынасы - сұрақнама
Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесі
Әлеуметтік тәрбие
Қиын балаларға психологиялық көмек
Әскер – ел қорғаны
Қиын балалардың пайда болуы
Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшелігі
Ата аналарды отырғызу
Жаңа үлгідегі Корей поэзиясының дамуы
Қазақ жаңылтпаштарының зерттелу тарихы
Пәндер