Жапония мен Қытайдың тарихы мен саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Жапон-Қытай соғысы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Жапония мен Қытайдың тарихы мен саясаты
1.1 Жапонияның тарихы және саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қытайдағы ішкі тартыстардың Жапонияға әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...10
2. Жапон -- қытай соғысының тарихы мен себептері
2.1 Жапон -- қытай соғысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Жапонияның Қытайға қарсы агрессивті әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі кезде барлық мемелекеттер ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастарын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Сонымен бірге өркениетті елдер арасындағы халықаралық қарым-қатынастар да қарқынды түрде дамып жатыр. Америка мен Жапонияның арасындағы халықаралық қарым-қатынастар соның айғағы. Америка мен Жапонияның дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастары күннен-күнге нығая түсуде. Жапония Американың ең негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады.
Кореядағы азаттық көтерілісін пайдаланған Жапония 1894 жылы Қытайға соғыс ашты. Жапон әскерлері Оңтүстік Маньчжурияға, Ляодунь түбегіне, Шаньдунға басып кірді. Қытайлар жеңіледі. Жапонияның Симоносеки қаласында 1895 жылы 17 сәуірде бейбіт келісімге қол қойылады, ол бойынша Қытай Кореяның тәуелсіздігін мойындады, Корея енді іс жүзінде Жапонияның тәуелсіздігіне түсті. Сонымен бірге қытайлар жапондықтарға Ляодунь түбегін, Тайвань және Пескадор аралдарын берді. Қытайдың бірқатар қалаларында Жапонияның еркін сауда жасауына және т.б. экономикалық қызметіне рұқсат берілді.
Жапонияның халықаралық аренада белсенді қимыл жасауы европалық державалар - Ресей, Англия, Франция, Германияны қобалжытты. Олардың Қиыр Шығыста өз мүдделері болды. Олар Симоносеки келісімін қайта қарауға қол жеткізіп, Қытайға Ляодунь түбегін қайтартқызды. 1897 жылы неміс әскерлері Шаньдун түбегіндегі Циндао портын оккупациялап алды. Цин үкіметі бұл аймақты 99 жылға жалға берді. 1898 жылы Ресей Ляодунь түбегін (25 жылға), Далянь (Дальний және Люйшунь (Порт-Артурды - Тынық мұхитта өзінің әскери-теңіз базасы болған қамал құрылысын бастады) қалаларымен бірге жалға алды. Франция Хайнань аралдары маңындағы Гуанчжоувань шығанағы жағалауын, Ұлыбритания Цзюлун (Коулун) және Шаньдун түбегіндегі Вэйхайвэй портын алды. Сонымен бірге Ресей 1897 жылы Читадан Владивостокқа дейін Қытай-Шығыс темір жолын (КВЖД) салуға концессия алды, ал 1898 жылы оның тармағы Оңтүстік Маньчжур темір жолын (ЮМЖД) салуға құқық алды.Осы кезден бастап Жапония мен Ресей арасында шиеленіскен күрес басталды.
Шетел державаларының отарлық экспансиясының күшеюі 1899 жылғы Пекиндегі ихэтуань көтерілісінің себебі болды, немесе боксерлер көтерілісі (жұдырықтасып күресуге үйретілгендер), оның негізгі ұраны - шетелдіктерді Қытайдан қуу және жою болды. Шетелдіктерді қорғаймыз деген сылтаумен 8 держава - Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Франция, Ресей, Италия, Германия, Австро-Венгрия әскери интервенция ұйымдастырды. 1900 жылы тамызда интервенттер ихэтуаньдер қарсылығын басып, Пекинді алды. 1901 жылы 25 тамызда (7 қыркүйекте) Цинь үкіметі мен шетел державалары Пекинде Қорытынды (немесе Боксерлік) протоколға қол қойды. Ол бойынша Қытай көтерілісшілерді қолдаған шенеуніктерід қатал жазалауы, шетелдерге шығын төлеуі (450 млн. лян), 2 жыл бойы шетелден қару сатып алмауы, қытай қалаларында державалардың әскери гарнизон ұстауына рұқсат беруі, Пекинде елшілік квартал құруы т.б.-ға тиіс болды.
Зерттеу мақсаты. Жапонияның Қытайға агрессивті әрекетінің себептерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
oo Қытай-Жапон соғысының себептері мен әрекеттері туралы түсінік беру;
oo Қытайдағы ішкі тартыстардың Жапонияға әсерін зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Жапония мен Қытайдың тарихы мен саясаты
1.1 Жапонияның тарихы және саясаты
Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруашылығымен айналысқан (Дзёмон және Яеи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін тэнно деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 ж. болған Тайк төңкерісінен кейін құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 ж. алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 ж. орталық Нагаоку, 794 ж. Хэйан қалаларына көшірілді. 11 ғ-да ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сегундер елді әскербасыларының (буси) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 және 1288 ж. екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғ-дан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15-16 ғ-ларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 ж. португалдар, 1584 ж. испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542-1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 ж. сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дэсима) порты ашылды. 18 ғ-дың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850-60 ж. Жапония АҚШ және еуропалық мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды. 1867-68 жылғы революциядан кейін сегундердің билігі аяқталып, жоғары билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуроплдық үлгіге көшіріле бастады. 1871 ж. князьдіктер жойылып, орнына префектуралар құрылды. 1872-73 ж. үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді. Нәтижесінде, 1868-85 ж. 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды. Кейбір кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі Мицул, Мицубиси, т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер мен монархия арасында одақ қалыптасты. Бірте-бірте жапон билеушілері қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше бастады. 1876 ж. Кореямен екі арада тең емес Каихвас келісімі жасалынды. 1894-95 ж. жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапония алғашқы отары Тайвань, Пэнхуледао аралдарын басып алды және Қытай мен Кореяға өз үстемдіктерін орната бастады. 20 ғ-дың бас кезінде Маньчжурия мен Корея үшін Ресеймен қарым-қатынас шиеленісіп, 1904-05 ж. орыс-жапон соғысы болып өтті. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт-Артур, Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин аралдарынан бас тартуға мәжбүр болды. 1910 ж. Жапония Кореяны толық жаулап алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-18) еуропалық мемлекеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Германияның Қытайдағы иеліктерін (Шаньдун провинциясын, Маршалл, Мариан, Каролин аралдарын) басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратын Декларация тапсырды (1915, 18 қаңтар). Қытай бұл талаптарды, негізінен, орындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания, Ресей) ығыстырды. 1914-19 ж. өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд. иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 ж. 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 ж. күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924-25 ж. АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929-33 ж. елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. Жас офицерлер ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 ж. күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет (Маньчжоу-Го) құрылып, 1933-36 ж. Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 ж. қарашада Германиямен Антикоминтерндік пактіге қол қойды да, 1937 ж. шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 ж. Қытайдың неғұрлым дамыған шығыс бөлігін толық басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияға шабуыл жасауға дайындалды. Бірақ 1938 ж. шілдеде Хасан көлі жағасында, 1939 ж. мамыр-тамыз айларында Халхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар оңтүстік бағытта, яғни еуропалық мемлекеттер мен АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті [5]. 1940 ж. қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстігін басып алды. 1941 ж. 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан, америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс базасы Перл-Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдын орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс). 1945 ж. 6-9 тамыз күндері Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 ж. 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Маньчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні (1945) Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды. Елге одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947 ж. 3 мамырда жаңа Конституция қабылданды. 1946-49 ж. аграрлық реформа жүргізіліп, мемлкеттік аппарат пен ағарту саласы демократияландырылды. Жүргізілген реформалар елдің әрі қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Корея соғысына (1950-53) қажетті әскери тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің жедел дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ-тан кейінгі 2-орынға шықты [6].
XX ғасырдың басында Жапония дамыған ірі капиталистік елге айналып, басқыншылық саясат жүргізді. Елді билеушілер тобында әскерилердің ықпалы күшейіп, экономиканың дамуы соғыс талаптарына бағытталды. Сыртқы саясатта Жапония Англиямен жақындасып, оның ықпалында болды. Ең алдымен, ол Қытайды бағындыруды көздеді. Жапония 1914 жылғы тамызда Германияға соғыс жариялап, Тынық мұхит пен Қытайдағы неміс иеліктерін басып алды. Келесі жылы Қытайға 21 талап ұсынып, оның әскери, саяси, қаржы салаларына үстемдік жүргізе бастады.
Соғыс жылдары отарларды қанау арқылы жапон буржуазиясы одан әрі байи түсті. Елде әскери жағдай енгізіліп, қалың бұқараның тұрмысы айтарлықтай нашарлады. 1917-1918 жылдары нан жетіспей, азық-түліктің бағасы жоғарылай берді [7].
1918 жылдың тамыз және қыркүйек айларында Жапонияның 36 префектурасында ашыққан тұрғындардың қозғалысы басталды. Жапон тарихында бұл қозғалысты күріш бүліншілігі деп атайды. Ашыққан халық көшелерге шығып, күріш сататын дүкендерді, күріш қамбаларын, күріш сататын саудагерлердің үйлерін қиратып, ойран салды. Ызаланған халық өсімқорлардың, ірі кәсіпкерлердің үй-жайын қиратып, қамбалардағы күріш қорларын басып алып, бөліске салды. Көтерілісшілердің ұйымдастыру комитеттері күріштің және басқа тағамдардың қымбатшылығын әшкерелеп, олардың бағасын арзандату талабын қойды.
Күріш бүліншілігі Жапониядағы 144 қаланы қамтыды. Әсіресе Осака қаласындағы халық толқулары өзінің айбындылығымен көзге түсті. Осы қаланың Нискуоно ауданында жиылған 20 мың көтерілісші өзіне қарсы шыққан полиция тобын таспен атқылап, машиналарын өртеп жіберді. Бір күннің ішінде Осако қаласындағы көтерілісшілер 250-ден астам қамбаларды қиратты.
Күріш бүліншілігі Жапония халқының стихиялық түрде өткен наразылығын байқатып, саналы қозғалыстардың өршуіне жол ашты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдің жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония қатты күшейді. Оның өндірісі, әсіресе әскери техника, металл өндіру, машина жасау, химия салалары өсе түсті. Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы беделі нығайды. Версаль конференциясында Жапония бұрын Германияға қараған Қытайдың Шаньдун түбегін, Тынық мұхиттағы Каролин, Маршалл, Мариан аралдарын өзіне бекітіп алды. Ресейдің құрамындағы Приморье, Солтүстік Сахалин жерлері 1922-1925 жылдары Жапония қарамағында болды. Тайваньдағы, Кореядағы отарлау саясаты қылыштың күшімен жүргізілді.
АҚШ пен Қытай бұған көнгісі келмеді. 1921-1922 жылдары Вашингтон конференциясында Жапония біраз шегініс жасауға мәжбүр болып, Шаньдуннан бас тартты. Оның әскери-теңіз флоты шектелді [8].
Елді 1924-1932 жылдары Сэйюкай, Минсэйто, Каккусин, Курабу сияқты саяси партиялар басқарып келді. Төменгі палатаның беделі өсіп, жоғарғы палатаны қалыптастыруда императордың ықпалы төмендеді. 1925 жылы заң бойынша сайлауға қатысушылар саны ұлғайтылып, халықтың 16%-ын құрайтын болды.
Өкімет соғыс кезінде, одан кейін өрістей түскен жұмысшылар және кедей шаруалар қозғалысын 1923 жылғы қарашадағы жойқын жер сілкінісіне байланысты шараларды пайдалана отырып, басып тастады.

1.2 Қытайдағы ішкі тартыстардың Жапонияға әсері
1920 жылдардың екінші жартысында Жапония билеушілері озбырлық саяси бағыт ұстанды. Ең алдымен, олар Қытайды әлсіретіп, оны тұтас өзіне қаратып, содан кейін басқа елдерді бағындыруды көздеді (Танака жоспары). Ол үшін әскери күшін, теңіз флотын ұлғайтуға кірісті. 1929-1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдары Жапония да біраз қиыншылықты бастан кешірді.
Қытайдағы ішкі тартыстар мен бытыраңқылық жапон империалистерінің басқыншылық әрекетіне жеңілдік туғызды. Жапония 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкелерінде Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін құрып, оны өз қамқорлығына алды. Бұл жерде жапон қарулы күштері шоғырланып, шекаралас КСРО және Монғол Халық Республикасына қауіп төндірді. Жапонияның осындай үстем саясат жүргізуіне басқа елдердің Қытайдағы қимылдары да көмектесті. Чан Кайши үкіметіне қарсы болып келген Мәскеу 1927 жылы Шығыс Қытай теміржолын Жапонияға сатып жіберді.
920-1930 жылдар аралығындағы экономикалык дағдарыс жылдары көптеген кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық жаппай белең алды. Шаруалардың жағдайы нашарлады. Елде саяси күрес күшейе түсті. Ол тек жұмысшылар мен қала тұрғындарының ереуілдерімен ғана тынбады. Ұлтшылдыққа, озбырлыққа құныққан орта топтар, әсіресе төменгі сатыдағы әскери топтар сыртқы және ішкі саясатты күшейту, керек болса, фашистік тәртіп орнату талаптарын көтерді. Төменгі шендегі офицерлер ереуілдері мен бүліктері өкіметті шошындырды. 1936 жылы осындай қақтығыста премьер-министр Сайто, бірнеше министрлер қаза тапты. Жаңа үкімет жаппай қарулану, Жапония мен Маньчжурияны қорғау жоспарын бекіту, үкімет мүшелерін қорғау т.б. шараларды қолға алды. Бұлар жаңа экономикалық құрылым және жаңа саяси құрылым деп аталған бағдарламалардың негізін қалады [9].

Жапонияның Қытайдағы табыстары көп елдерге ұнамады. Бұл Ұлттар Лигасында әшкереленді. Сондықтан Жапония 1933 жылы ол ұйымнан шығып кетті.
Жоғарыда аталған бағдарламаны 1937 жылы үкіметті басқарған князь Каноэ іске асыруға бел байлады. Саяси партиялар жабылып, демократтар қамауға алынды. Озбырлық саясат ұстаған Жапония Германия мен Италияға жақындасты. Каноэ үкіметі 1937 жылғы 7 шілдеде Қытайға қарсы үлкен соғыс ашып, оның ішкі аудандарын жаулап алды. 1939 жылы жапон әскерлері Монғолияға шабуыл жасады. Бірақ Біріккен Монғол-Кеңес қарулы күштерінен қатты соққыға ұшырап, кейін шегінді [10].
1940 жылы Франция мен Голландия Германиядан жеңіліп қалғанда, жапон үкіметі Үндіқытай (Вьетнам, Лаос, Камбоджа) мен Индонезия аралын, Малайзия мен Сингапурды өзіне қаратуға кірісті. 1940 жылғы 27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия Үштік пакт аталған соғыс одағын құрды. 1941 жылы сәуір айында Жапония мен КСРО 5 жылдық бейтараптық шартына қол қойды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония. Әлемді жойқын соғысқа итермелегендердің бірі болған жапон милитаристері тоқтаусыз шабуылдап, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қиыр Шығыс халықтарын қан қақсатты.
Бірнеше Қытай қалалары, соның ішінде Тяньцзин, Нанкин, Шанхай, Ухань т.б. қиратылып, бейбіт тұрғындар қырғынға ұшырады. Елде шовинистік ұрандар көтеріліп, жапондықтар тәңірдің нұрына бөленген ерекше халық, Жапония бастаған азиялық гүлдену ғасыры басталды деген ресми үгіт жүргізілді.
КСРО-мен бейтараптық шарт жасасып алған соң, оның негізгі озбырлық бағыты Оңтүстік-Шығыс Азияға ауысты. Қытайды басып-жаншып, ең дамыған аудандарын жаулап алып, оның байлығын өзіне тасыды. Үндіқытай елдері де тоналды.
Тынық мұхит пен Азия аймағындағы негізгі дұшпаны АҚШ болғандықтан, оған қарсы соғысқа дайындық өте жасырын түрде жүргізілді. АҚШ басшыларын бейқам қалдыруды ойлаған Жапония 1940-1941 жылдары онымен бірнеше келіссөздер жүргізді. Екі ел жақсы сауда қатынастарын сақтап келді. Ал 1941 жылы 7 желтоқсанда АҚШ-тың бүкіл Тынық мұхиттағы әскери-теңіз күштері шоғырланған Гавайядағы Перл-Харбор базасына тұтқиылдан жапон крейсерлері мен ұшақ таситын кемелері шабуыл жасап, жеңіске жетті. Содан соң көпке дейін бұл аймақта жапон үстемдігі орнады. Бірақ 1942 жылдың ортасына дейін Тынық мұхитта үстемдік құрған жапондар 1943 жылы теңіз шайқастарында біріккен американ-ағылшын күштерінен жеңіле бастады. Филиппинді қайтарып алған АҚШ ұшақтары жапон аралдарын бомбалауға кірісті. 1944-1945 жылдары жапон қалалары мен кенттері қатты қиратылса да, оның саяси-әскери билеушілері соғысудан бас тартпады. 1945 жылы 6 және 9 тамызда АҚШ алғашқы атом бомбаларын Жапонияның екі қаласы - Хиросима мен Нагасакиге тастап, аталған қалаларды өртеп жіберді.
Кеше ғана әлемді жаулап, билеп-төстеуді армандаған жапон саясатшылары мен генералдары 1945 жылы 2 қыркүйекте тізе бүгуге еріксіз көнді. Шетел әскерлері ел тарихында бірінші рет жапон жеріне аяқ басып, ел егемендігінен айырылды.
Көптеген бейбіт елдерді қан қақсатқан жапон милитаризмінің күлі көкке ұшып, халықтың бостандыққа қолы жетті. Отарлық бұғауындағы Тайвань, Корея, Қытай жері азаттық алды. Сөйтіп, Қиыр Шығыстағы соғыс ошағы талқандалды.
Жапония мен Қытайдың арақатынасы 1972 жылы қыркүйекте реттеліп, 1978 жылы бітімге қол қойылды. Екі ел ынтымақтастығы өте жоғары деңгейге жетіп, 1997 жылы сауда айналымы 60,8 млрд доллар (Жапония -- Ресей 3-4 млрд долл.) болды. ҚХР-ға берген жапон қаржы салымы 177 млрд долларға жетті (1997 ж.).

2. Жапон -- қытай соғысының тарихы мен себептері
2.1 Жапон -- қытай соғысы
1994 жылы 9 -- шілдеде Сеулдегі Жапон елшілігіне жедел хат жіберді. Онда Корея мен Қытай кез -- келген уақытта арадағы байланысты үзуге құқылы болды. Келесі күні елші Корея үкіметіне ультиматум жариялады. Кореядан жедел турде әскерді әкету міндеті енгізілді. Егер Қытайға жауап берілмесе, екінші өзі қалған шешімді қабылдайтынын мәлімдеді.
Қытайдың шетел істері жөніндегі Палатасы жауапты ойланып жауап беруді ұсынды. Юань Шинкай Сеулді құпия түрде тастап кетіп Цинь үкіметінің әскері әліде болса Кореяда қала берді. Жапония үшін іс біткен болып есептелседе, соғыс жүргізу керек екендігі ашық байқалды. 23- шілдеде таңертең ерте жапон жаяу әскері Сеулдегі патша сарайына келіп күзетші шашыратып жіберді. Содан кейін солдаттар сарайды басып алды. Король және Королева қамауға алыныл, үкімет таратылды. Миидіктер Сеулден қашты. Корей гарнизоны қарусыздандырылды.
Жаулап алушылар Миндіктер орнына өз адамдарын қоймақ болды. Жапон агрессиясының бірінші мақсаты жүзеге асты. Жапония Кореяның иесі болды. Осы үшін жапон дипломатиясы әскер кіргізуді ішкі істерге араласуды жүзеге асырды. Елде қуыршақ режим қалыптасты. Бұл режим Кореяның реакциялық феодалдық тап арасы мен жапон жаулаушыларының арасындағы қайшылық негізінде қалыптасты. Режим Корей халқына қарсы бағытталды. Шаруалар қозғалысының басып жанышталуы және мемлекеттің отарлық қанауы антикалық ымыраластықтың тууына әкелді.
25 шілдеде таңертең Қиыр Шығыстық драманың 2-актісі басталды.
Қытай кемелеріне жапон флоты оқ жаудырды. Қытай әскері отырызылған транспорттар суға батып күл талқаны шықты. Осылайша, Жапон -- қытай соғысы шешілді Ол алдын -- ала хабарлаусыз өтті. Бұл дипломатиялық тәжірибеде мәлімдемесіз соғыс ашуды енгізді. Бұл заңға қайшы болды. Соғыс барысында Жапон капиталы отарлау езгісіне түсті. Әскери қимылдарды алғы шарттар жапондықтар мен жаулады. Ол алдымен Цинь әскерінің тобын бұзды. 15-16 қыркүйекте Пхеньянның солтүстік аудандарына соққы берді. 1894 жылы қазанда жорықта шыққан Жапон әскері Яла өзенінде және Мукден провинциясының шығыс бөлігінде ірі шабуылдар жасалды. 1894 жылы 17 қыркүйекте Жапонияның әскери-теңіз флоты Корей бұғазында Цинь монархиясының солтүстік флотына соққы берді. Жапон императоры Сары теңізді билік орната отырып 24 қазанда Ляодунь жарты аралына екі армияның бір бөлігін орналастырды. Бір айдан соң жапондықтар солтүстік плотаның басты базасы Порт-Артурды басып алды. 13 желтоқсанда Хайчинді Шаньхайгуаньды өздеріне қаратты. Вейхайвейдегі күрес 1895 жылы 20 қаңтарына дейІн жалғасты. Бүл жерді де жапондықтар күштеп өздеріне қосты. Осылай соғыс барысында Қытай өзінің әскери теңіз-флотынан айырылды. Цинь монархиясының жаяу әскерінің күшті бөлігін құраған солтүстік армия қайтарылды. Екі әскери базада қарсылас қолына өтті. Қытайдың жеңілуі және Жапонияның жеңіске жетуі жеңуінің саяси-экономикалық және әскери базасының жақсы дамығандыгын көрсетеді. Феодалдық және жартылай отарлық Цинь монархиясына өзінің шығыс көршісімен күш сынасуға шамасы келмеді.
Бұл оқиғалардан АҚШ-та тыс қала алмады. 1893 жылы АҚШ Гавай аралдарын басып алды, шетел интервенциясына қатысты. Алайда АҚШ Қытайды бөлісуге байланысты басқа державалардың ұмтылыстарын қолдамады. 1899 жылы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Хей Қытайдағы ашық есік принципін жариялады. Оның мәні - Қытайдағы барлық державалардың ықпал ету аймағы солтүстікамерикалық товарларды енгізу үшін ашық болуы талап етілді. АҚШ өзінің экономикалық басымдығына сүйене отырып, бәсекелестерін Қытайдан ығыстыруды көздеді. Бұл доктрина халықаралық қатынастар тарихында Хей доктринасы деген атпен белгілі. Қытайда шет мемлекеттердің тең мүмкіндігі және Қытайдың аумақтық тұтастығын сақтау көзделді. Бұрын Монро және Олни доктриналары европалық мемлекеттердің Латынамерикалық континентке араласуына қарсы бағытталса, Хэй доктринасы АҚШ үшін Қытайда басқа державалармен тең экономикалық мүмкіндіктерді талап етті. Олар Ресейдің Қиыр Шығыста, Қытайда күшеюін қаламады.
Қиыр Шығыста Англия мен Ресей мүдделері шиеленісті. Ихэтуань көтерілісі кезінде Қытай темір жолын қорғауды сылтау етіп Ресей Маньчжурияны басып алған еді. Бұл Жапония, Англия, АҚШ тарапынан наразылықты тудырды. Англия Ресейдің Маньчжуриядан әрі жылжымауына мүдделі болды. Лондон Ресейден Орта Азия мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гоминьдан партиясы, саяси бағыттары
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Маньчжуриядағы Жапон империализмінің отарлау саясаты
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
Қытай сыртқы саясатындағы Үндістанның орны
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Америка Құрама Штаттарының Жапония мен Қореяға қатысты саясаты
ХХғ. Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
Моңғолстан
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Пәндер