Әдеби шығармалар арқылы балалардың тілін дамыту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: Әр түрлі жастағы топтарда өлең жаттату әдісі, ұйымдастырылған оқу іс әркетінің құрылысы
Пәні: Тіл дамыту
Мамандығы: Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің студенті 3бКДО топ студенті
Жаншиева М.
Тапсырылған күні:______________
Тексерген оқытушы: Сарсенгалиева А.Б.
Бағасы: _______ қолы: ___________

Орал, 2016

Жоспары
Кіріспе
1.Әр түрлі жастағы балалар тобымен оқу-тәрбие үрдісінде
жұмыс жүргізу
2. Әдеби шығармалар арқылы балалардың тілін дамыту
3. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің құрылысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады.
Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы, ана тілі және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің кадрлары. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын терең игерген педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар өткізудің маңызы ерекше. Мұның өзі ұстаз-тәрбиешілердің жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін шыңдауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.
Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени - гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, балабақшада тәрбиемен бірге оқу-тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі. Бала тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса маңызды. Тәрбие жұмысын тәрбиеші-педагог мамандармен бірге ата-ана да бірлесе отырып жүргізсе, келешек ұрпақтың өнегелі де, білімді болары сөзсіз. Кішкентай бүлдіршіндерді өнерге, білімге баулып, тәрбиелеуге балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің, өлең-тақпақтар мен мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың маңызы өте зор. Өйткені, тәрбиешінің немесе ата-ананың ертегіні әсерлеп айтып, балаға жеткізуі баланың сол ертегі бойынша түсінігі, қайталап айтып беруі оның тек сөздік қорын молайтып қана қоймай, ақыл-ойын жетілдіру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

1.Әр түрлі жастағы балалар тобымен оқу-тәрбие үрдісінде
жұмыс жүргізу
Әр түрлі жастағы балалар тобымен оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс жүргізу педогогтар мен әдіскерлерге қатысты болады.Мұндай топтағы оқыту мен тәрбиенің өзіндік қиындықтары бар,себебі ұстаздардың білім,біліктілері әр түрлі жастағы балалармен жұмыс жүргізе алу шеберлігін талап етеді.
Баланың психологиялық жас ерекшелігімен қатар,олардың жыныстық ерекшелігін ескерген жөн.Әр түрлі жыныстағы жас нәрестенің де даму үрдісі әр түрлі болады.Қыз балаларға қарағанда ер балалардың ми дамуы жедел болады.Ер балалардың математикалық және визуалдық ойлау қабілеттері жоғары болады,ал қыз балаларда вертуалды қабілеттері жетік дамыған.Сондықтан да қыз бала мен ер баланы оқытуды 4 жастан бастап қолға алған дұрыс.
Сол себепті педогог күнделікті сабаққа дайындалғанда балалардың интелектуалды-психологиялық қабілеттерін ескере отырып дайындалуы керек.Мектепке дейінгі шағын орталықтарда ғылыми әдістемелік негіздегі үрдіс әртүрлі жастағы әр топтағы тәрбиенің нақты шарттарының дұрыс болуын талап етеді.Кез келген жағдайда тәрбиеші топтың құрамын нақты анықтап соның ішінен 2-3 топқа бөліп,соған сәйкес оқу-тәрбие шараларын ұйымдастыруы керек.
Мақсатқа жетудің тиімді тәсілі жас ерекшеліктері сәйкестеу келетін балаларды топтастыру болып табылады.Мұндай жағдайда баланың максималды қабілеттерін ескерген дұрыс.Әр топтағы балалардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне жауап беретін ортақ тәртіп орнатылады,жеке жұмыстармен сабақтар өткізуге қолайлы жағдай жасалады.Әртүрлі жастағы топтарда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жақтары;әртүрлі жас балалар жұмыс жүргізу педогогқа қиын қатынас жасауға үлкен мүмкіндік береді.Біздің байқауымызша әртүрлі топтағы жасы кіші балалар өздерінен үлкен балалардың айтқан кеңестері мен ескертулерін тыңдап,бірлесе жұмыс жасағанда олардың жетекшілігін қабылдап,олардың авторитарлық қарым-қатынасына кері әсер етеді.
Жасы кішілердің ересектермен үздіксіз қатынаста болуы,олардың достық қатынасы мен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.Кіші жастағы балаларға ересектер ерекше үлгі бола алады.Балалардың тек бақылаушы болуын қамтамасыз ету тәрбиешіге жүктеледі.Әртүрлі жастағы топтармен жұмыс жүргізудің екі түрлі формасы бар;оқу және ойын,олардың негізгі мақсаты көп жақты тәрбие мен әр оқушының жеке дамуы.
Ойын әр жастағы топ балаларының жетістіктеріне жетуге көмектеседі.себебі педогогпен баланың және өзара байланысын қамтамасыз етеді.Дидактикалық және интелектуалдық ойындарының маңызы зор,өйткені оларда өзін-өзі оқыту қолданылады.Ал дидактикалық ойындарда жеке оқыту жәнеойын қатар жүреді.Осыған сәйкес тәрбиеші балаларды оқыта ойнатады,ал балаларойнай жүріп оқиды.Дидактикалық ойындарда әр түрлі жастағы балалармен жұмысты ұйымдастырудың жаппай ойнату маңызды орын алады.Әр түрлі жастағы топтың дамуында балалар дың үйлерінен әкелген ойыншықтары қолданылады,өйткені қарым-қатынастың жаңа қырлары пайда болады.Педогогикалық үрдіс кезіңде ойыншықтың маңызы зор десекте оқытудың негізгі формасы сабақ болады.
Әр түрлі жастағы топтарда оқытудың жеке және топтың түрлері қолданылады.Мұндай әдіс педогогтың балаларымен және балалардың өз-ара байланысына зор үлесін қосады.Әр түрлі жүмыстың формалары бар.(ұжымжық жұмыс,топтық жұмыс,жеке жұмыс)
Оқыту мәселесін жеке оқыту үрдісіне қолджануға болады.(жаңа материалдар меңгерту, бекіту және толықтыру)Оқыту үрдісінің ұйымдастырудағы 4 түрлі жұмысты мысалға келтірейік.
Орта топпен және сәбилер тобын қолдану.

2. Әдеби шығармалар арқылы балалардың тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әрине, мектеп жасына дейінгі сәбилердің әдеби шығармаларды оқи алмайтыны мәлім. Олар әдеби шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп оқып беруі бойынша ғана сөз сырын санасына ұялатады.
Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленбеген, әлі мектеп жасына жетпеген ауылдық жерлердің сәбилері кішкентай күнінен өз әже-аталары мен әке-шешелерінен естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады. Мысалы: Торғай, Бақа-бақа балпақ, Қарғалар, Санамақ, тағы басқалар сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өрнегіне баулиды.
Сол себепті де Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы арнайы бөлім, 2-ден 3 жасқа, 3-тен 4 жасқа дейінгі балаларға халық ауыз әдебиеті үлгілерінен Бесік жыры сияқты ойнақы өлеңдер, санамақтар берілді.
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді - бойын қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал тілінің дамуы - баланың бойында қабылдай - ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға оқып беретін шығармалар, негізінен, үш салаға бөлінеді:
1) ауыз әдебиеті нұсқалары;
2) классик жазушылардың шығармалары;
3) қазақ жазушыларының шығармалары.
Осы саладағы шығармалар тәрбиешіге арналған бағдарламалық материалда нақты жүйеге бөліп берілген.
Әдеби шығармаларды оқу мен сабақты жоспарлауда мына жағдайларды өте мұқият ескеру керек:
1 Әрбір шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі, осыған
байланысты тәрбие жұмысының мақсаты мұқият ескерілуі шарт. Шығарманың лайықтысын ғана алу керек. Мысалы, сәбилер (3-4 жасар балалар) алғаш рет балабақшаға келді делік. Олардың көпшілігі әлі дұрыс сөйлей алмайды, балабақшада болатын жайттармен, ойыншықтармен әлі таныс емес. Сондықтан алғашқы үш-төрт айда тәрбие жұмысының бәрі, оның ішінде әдеби шығарманы оқып, тыңдату, көбінесе ойын түрінде өтіледі. Ол үшін ойынға негіз боларлық, суретті (суреті өте күрделі болмасын) шығармалар керек. Көлемді шығарманың лайықты бөлімінен кейбір үзінді ғана алынады.
2 ана тіліне арналған жоспар 14-15 күнге лайықталады. Жоспарда қандай шығарма оқылуы керек, оған байланысты бақылау жұмысы, суреттер, ойындар нақты көрсетіледі. Әрбір ойынның мақсаты белгіленеді (білімін бекіту немесе сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру сияқты).
3 оқылатын шығарма тәрбие жұмысының әр саласын қамтитын болсын. Мысалы: жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек, мерекелер туралы және тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулитын шығармалар.
4 сәбилер тобында (3-4 жас) тәрбиеші шығарманы мәнерлеп жатқа айтып беруі керек. Бұл тұста тәрбиеші балаларды түгел бақылап отыратын болады. Тәрбиешінің шығарманы жатқа айтып беруі балаларға қызықты болады, оларды жалықтырмайды. Өйткені бала тәрбиешіні тыңдай отырып, әр сөзді дұрыс айтуға тырысады. Сәбилерге тақпақты арнайы жаттату қиын. Сондықтан тәрбиеші өзі жатқа айта отырып, шығарманың қажетті шумағын ойын ретінде қайталау кезінде біртіндеп өзіне ілесіп айтуға үйретеді.
5 көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылдам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. Сондықтан тәрбиеші қажетті шығарманы оқудан бұрын, суретті көрсету арқылы (сәбилер үшін) әңгімелеседі. Соңынан шығарманы оқып береді. Ересек балаларға шығармаға байланысты қажетті суретті шығарма оқылған соң берген дұрыс. Өйткені шығарманы оқудан бұрын сурет көрсетілсе, балалардың бар ынтасы сол суретке ауады да, тәрбиеші оқығанда зейін қойматын болады.
Оқылған шығарманы әңгімелеп айтуға үйрету сабағының үлгі жоспарын төмендегіше құруға болады:
1 тәрбиешінің кіріспе әңгімесі.
2 тәрбиешінің әңгімені оқып беруі.
3 оқылған әңгіме, ертегі мазмұнын көмекші сұрақтар қоя отырып айтқызу.
4 шығарманы қайталап оқу, шығарма мазмұнын балаларға айтқызу.
Мұндайда қысқа әңгіме, ертегі мазмұнын бір балаға, көлемді шығармалардың мазмұнын бірнеше балаға айтқызуға болады. Егер әр алуан жастағы балалар аралас болса, алдымен ересек, естияр балалар әңгімелеп айтады, сәбилер тыңдап отырады.
Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату (ересек топта), әңгімелеп беру, әңгімелету, жаттату сияқты сабақ түрлері экскурсия, бақылау, санау, музыка, бейнелеу өнері сабақтарымен байланыстыра жүргізілгені жөн. Бұл сабақтар бірінің мазмұнын бірі толықтырып отырса, тіпті жақсы.
Ендеше баланы мектепке даярлау мәселесінде әдеби шығармалармен таныстыру ерекше орынға ие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту
Аңыз ертегілері
Балаларға арналған көркем мәтіндердегі бейнелі сөздерді үйрету жолдары
Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің маңызы
Баланың тілін дамытуда көркем әдеби шығарманың алатын орны
Тіл дамыту жұмысының баланың ақыл ойының дамуына әсері
Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру
Бастауыш мектепте шығарманы қабылдау деңгейлерін анықтау
Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі
Ана тілі сабағында оқушылардың тіл байлығын дамыту
Пәндер