Ересектер психологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ересектер психологиясы
Жоспар
Кіріспе
1.Ересектік кезеңге сипаттама
2.Ересектік шақатғы психологиялық даму жағдайы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адам тұлға болып туылмайды,ал қалыптасады деген көзқараспен қазыргі психологтардың көбісі келісуде.Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар әртүрлі.Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні,дамудың заңдылықтары мен кезеңдері,тұлға дамуының дағдарыстары,даму процесін тездету мүмкіндіктері әр түрлі түсіндіріледі.Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады.Мысалы,психоаналитика лық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін,белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын,қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді.Ал қырлар теориясы бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады.Олардың туындау,қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады.Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсіндірсе,гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны "Мен" деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.Дегенмен ,тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған ,біртұтас етіп қарастыру тендециясы бар.Адам тұлға ретінде қалыптасып,дами келе кемшіліктерді де иеленеді Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан жақты көрсету мүмкін емес.Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген:қалыпты және аномалды.Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен,адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді,Даму кезеңдері :1.ерте нәрестелік шақ( туылганнан 1жасқа д),2.кейінгі нәрестелік шақ (1жастан 3жасқа д)3.Ерте балалық шақ(3-5жас шамасында)4.Орта балалық шақ(5пен 11жас аралығы)5.Жыныстық жетілу,жеткіншек жасы және бозбалалық(11мен20жас аралығы) 6.Ерте ересек шақ(20мен45жас аралғ)7.Орта ересек шақ(40-45-60 ж.а)8.Кеш ересек шақ (60жастан жоғары)Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі-тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі.Ересек тұлға өзін өзі дамытуы тиісті деп саналады.Тұлға дамуының мәселелерін қарастырған авторлар адам дамуының шарты болып табылатын себептерді анықтауға тырысады .Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлға дамуының қозғаушы куші-түрлі қажеттіліктердің кешені.Олардың ішіндегі ең маңыздысы-өзін-өзі дамыту қажеттілігі . Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды.
Ересектік бұл адам өмірінің ең ұзақ кезеңі . Оның басталу және соңғы шегін көптеген авторлар әртүрлі сипатттайды: 25 жастан 65 -70 жасқа дейін. Әдетте бұл жасты зейнеткерлікке шығу мен байланыстырады және тұрақты жас шамалары жоқ.

1.Ересектік кезеңге сипаттама

Э.Эриксон бойынша ересектік кезең 25 жастан 65 жас аралығын қамтиды, яғни бұл кезең ұзақтығы 40 жылға созылады.
Ал біз бүгін ересектік кезеңді шамамен 30 жастан бастап, сонау зейнеткерлікке шығуға дейін қарастырамыз. Бұл шамамен 60-70 жасқа дейін. Бірақ ересектік кезеңнің соңғы шегі жеке тұлғаның жекелей және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.
Кейбір адамдарда 40 жастан кейін дамуында бәсеңдеу процессі жүрсе, керісінше, екіншілерде 40 жастан кейін белсенді іс-әрекетпен айналысу басталады. Тіпті кейбір адамдарда шығармашылық дамуы өмірінің соңына дейін жүруі мүмкін.
Осы кезеңде бір- бірімен байланысты, бірақ бір-біріне сай келмейтін үш жас түрін ажыратуға болады:
Хроникалық жас (төлқұжатта көрсетілген жасы);
Биологиялық жасы;
Психологиялық жас.
Адамның биологиялық жасы төл құжатта көрсетілген жасына сай келмеуі мүмкін. Мысалы: адам 40 жаста организімінің жағдайына байланысты жас көрінуіе болады немесе , керісіншіе, осы жаста қартаюдың белгілеріі айқын көрінуі мүмкін.
Психологиялық жас дегеніміз- адам өзін қалай сезінетіндігі және қалай қабылдайтындығын сипаттайды.
Акмеология ұғымы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары пайда болды және ол Үлкендерді танып- білуге бола ма ?деген сұраққа жауап іздеумен байланысты болды. Оған жауап беру үшін адамның өмірлік кезеңдеріндегі психофизиологиялық, интелллдектуалдық және жекелей дамуның нормаларын талдау керек болды. Ең бірінші ересектер психологиясына назар аударғанН.А. Рыбников болды. Ол 1928 жылы ересектер психологиясын акмнология деп атауды ұсынды (акмэ грекше- өркендеу, шың дегенді білдіреді). Дәл осы кезеңде ересектікке қол жеткізеді (ақыл-ойы, азаматтығы, еңбек етуі жағынан), кәсіби іс-әрекетте өзін табады және шығармашылық қабілеттерінің өркендеу шыңында болады.
Ересектер психологиясының пәні- ересек адамның онтогенездегі конституциясының, нейродинамикасының, психофизиологиясының, интеллектуалдығының, жекелігінің, жастық-жыныстық ерекшелігінің эволюциясы.
Қазіргі кездегі зерттеулерде жастық кезеңдегі ересектіктің жоғарғы және төменгі сатылары біркелкі анықталмаған. Жастық шақтың шегін анықтайтын қалыптасқан пікір жоқ.
Жастық шектеулерді анықтаудағы әртүрлі пікірлер жас кезеңдері классификациясын құру принципімен түсіндіріледі:физиологиялық, антропологиялық, демографиялық және психологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып.
Б.Г. Ананьев ересектердің психофизиологиялық және интеллектуалдық дамуын микрожастық интервалдың негізінде құруды ұсынды.
18-46 жас аралығында естің, ойлаудың, зейіннің дамуы 3 макро кезеңнен тұрады.
1 макро кезең-18-25 жас аралығы;
2. 26-35 жас аралығы;
3. 36-46 жас аралығы.
Бұл жастық кезеңдер әртүрлі даму темпімен сипатталады.
Таблица 1

Кезеңдер

Жасы, жылы

Ерте ересектік
Орта ересектік 1 -ші кезең
Орта ересектік 2 -ші кезең
Макро кезең
18-25 жас
26-35 жас
36-46 жас
Микро кезең
18-21; 22-25.
26-29; 30-33; 34-35.
36-40; 41-46.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
ЖАСӨСПІРІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі жас ерекшелік психологиясының мәселелері
Жас ерекшелік психологиясы жайында
Ересек адамдар мен балалардың психологиялық ерекшеліктері
Даму психологиясы
Жасөспірім баланың ересектікке өтуі
Жасөспірімдер мен ересектердің қарым - қатынас психологиясы
Даму психологиясының пәні мен міндеттерін анықтаңыз
Басқару психологиясының салалары
Пәндер