Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту

Орындаған:
Жетекші:

Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
1.1 Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ..6
1.2 Балаларды бейнелеу және құрастыру әрекет негізінде шығармашылыққа жетелеу
2. Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері
2.1 Ересек жастағы балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетіндегі шығармашылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Бейнелеу және құрастыру әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Кіріспе
Тақырыптң өзектілігі. Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғат - анамен, соның нәтижесінде әлеммен біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буыны - қас қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеу - міне осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.
Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың бүгінгі күнгі сатысында да бейнелеу өнерінің негізгі тірегі болып отыр және сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке үйлесімді түрде енгізуде.
Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, техноголиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңа болса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті. Соңғы онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері ұлттық сана сезімнің парасаттылық, философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін, өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.
Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық,жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, балада шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе болып саналады. Себебі, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.
Жұмыстың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттеін дамыту.
Зерттеу міндеттері:
а) зерттеудегі бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытудың ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу, қарастыру;
ә) мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамытатын әдіс-тәсілдерді айқындау.
Зерттеу болжамы:
Мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастырудың тиімді жолдары арқылы алға қойылған мақсатқа қол жеткізе аламыз. Егер де жүйелі түрде балалармен бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту жұмыстары ұйымдастырылса, онда олар жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.
Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру, қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттері.
Зерттеу әдістері: Бейнелеу оқу іс-әрекетіне қатысты психологиялық, педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.
Зерттеу базасы: Айгөлек балабақшасы
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе бөлімнен, екі бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1. Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
1.1 Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді.
Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын шығармашылық теориясын жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық оқу тапсырмаларының негізгі мақсаты-бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соңғы шешімдер іздестіру болып табылады.
Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин А.С.Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, бала шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын.
Кеңестік исихологтар мен ғалымдар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Ананьев А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, В.А.Ккрутецкий, Б.М.Тепловтың өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар: Т.Тәжібаев, М.М.Мұқанов, Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамытудың теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз.
Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы:1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы-социолистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын.
Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұл мәселе қайта көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты қабілеттер жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер Б.М.Теплов, бейнелеу өнеріне деген қабілеттер В.П.Ягункова, математикалық қабілеттер В.А.Крутецкий, педагогикалық қабілеттер Н.В.Кузьмина сияқты зерттеулер.
Республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, С.Тілешева жоғары сыныптарда шығарма жазғызу, В.Д.Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ.Ә.Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы-оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, М.Мұхамедин ойын арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды. Шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер әрі психолог А.Н.Лук әрекет нәтижесінің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады.
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде: мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендікті, ақпаратты жүйке жүйесіне қол арқылы хабарлауды, тасымалдай білуді, ақылдың икемділігін, ойдың оралымдылығын, әрекетті бағалай білуді көрсетеді.
Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттілігіне тоқталады.
Жоғарыда аталып кеткен еңбектерде шығармашылық қабілеттердің белгілерін анықтау, шарттарын айқындау, аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы. Мақсатқа жету үшін берілетін оқу тапсырмалары да күрделі, өз ойын жетілдіруге, шығармашылыққа баулуға құрылуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген обалашығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы-ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады да, нақты жағдай шешу арқылы нәтижеге жеткізетін шығармашылық қабілеттерді дамытады.
Бүгінгі балалар кез-келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Л.Н.Толстой Ясная Полянадағы мектебінде бала тек іс-әрекет, ойлау еркіндігі бар жағдайда ғана шығармашылық қабілеттерін дамыта алады деген қағида басшылыққа алынып, оқу, оның мазмұны баланың тұлға болып қалыптасуына қызмет ету керек деген бағыт ұстанады. 1862 жылы жарияланған Шығарма жазуды кім кімнен, шаруа балалары бізден бе, әлде біз шаруа балаларынан үйренуіміз керек пе?-атты мақаласында өз оқушылары Семка мен Федькаға еркіндік бергені сол-ақ екен, олар, осыған дейінгі орыс әдебиетінде болмаған шығарма жазғандарын келтіреді. Л.Н.Толстой егер бала мектепте бір нәрсе жасауға, ойлап табуға үйренбесе, тек біреуді қайталаса, еліктесе, ол үлкейгенде де өздігінен ешнәрсе шеше алмайтын адам болады деген.
Бұдан шығатын қорытынды: бала әдемі, байыпты, мақсатты ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстардың қатысушылары болғаны дұрыс. П.П. Блонский сөзімен айтқанда, ол-біліммен толтыратын бос ыдыс емес, ол-жануға тиісті шырақ, ұстаз шырақшы ғана.
Б.Тұрғынбаеваның Шығармашылық қабілеттері және дамыта оқыту (1999 ж.) атты оқу құралы тәрбиешілердің қолына тиді. Бұл оқу құралында әдіскер шығармашылық қабілет жайлы теориялар, дамыта оқытуды қалыптастыру, тәжірибелер туралы сөз етеді. Әсіресе, балалар мен жүргізілетін жұмыстар, тапсырмалардың берілуі орын алған. Қазіргі педагогикалық-әдістемелік баспасөз беттерінде де шығармашылық жұмыстар туралы азды-көпті материалдар беріліп жүр. Мұның бәрі қазіргі өмір талабы қанағаттанарлық дәрежеде көрініс таба алмай отыр. Осы орайда зерттеуші педагог- психолог ғалымдардың назарын аударған пробеламалардың бірі бұл балалардың шығармашылық қабілетін дамыту болып отыр. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесіне келгенде ең әуелі біз зерттеу проблемамыздағы негізгі категория-шығармашылық ұғымының мәнін анықтауға келеміз.
Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығару, ойлап табу керек, дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Көрнекті психолог Л.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Шығармашылық-өте күрделі процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне кез-келген баланы көтеруге болатынын көп айтуда.
Дж.Гильфорд, шығармашылық-әр түрлі бағытта жүретін ой түрі,- деп қарастырады.Ол шығармашылықтың төмендегідей параметрлерін белгілеген:
1. проблеманы көре білуі қабілеті;
2. идеяны талдай білуі қабілеті;
3. идеядан негізгі өнімді ала білу қабілеті;
4. оригиналдылық:
5. идеяны жетілдіре білу қабілеті;
6. талдай және жинақтай білу қабілеті.
Е.П.Торранс шығармашылық деп қабылдаудағы кемшіліктерді көру қабілеті,-деп түсіндіре отырып, құрамын төмендегідей сипаттайды:
1. Проблеманы шешуге жауапкершіліктің пайда болу процесі;
2. Проблеманы шешу жолдарын қарастырып, болжам жасау;
3. Тексеру, болжам дұрыстығын тексеру;
4. Орындалған тапсырманың нәтижесін тауып, хабарлауы.
Психологтардың зерттеулері бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулаға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады екен. Сондықтан бала-бақшадан бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей әрі жүйелі, әрі сатылы түрде шығармашылыққа баулып, ақыл-ойын, икемдігін дамытып отыруы қажет дейді. Бұл жас ой қызметіне ерекше ынтамен ұмтылып тұратын кезең, алғырлығы, шапшаңдығы, сезімталдығы басым кезең. Ештеңені жасырып, іркіп қалмай, ішіне сақтап тұра алмайды, нені болса да ашық, еркін айтады. Мақтау сүйгіш, тәрбиеші жетегіне тез көнгіш - таптырмайтын тамаша қасиеттері бар кезең. Дегенмен, қайшылығы да мол кезең. Бала бойындағы қасиеттердің бар шығармашылық үшін тиімді-тиімсіз жақтары үнемі қатар келіп, бірін-бірі жоққа шығарып отырады.
Оқыту барысында балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық процестің қандай кезеңдерден тұратындығын, яғни неден басталып, немен аяқталатындығын білуді талап етеді. Көрнекті француз математигі Адашар шығармашылық процесті 4 кезеңге бөледі. Олар: 1.Дайындық кезеңі. 2.Инкубация,ж асырын идеялар,тұйыққа тірелу кезеңі. 3.Интуицияның жарқ етуі. Эврика. 4.Тексеру кезеңі.
Ал А.Н.Лун шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі.Олар: 1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат. 2. Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу. 3.Проблемадан уақытша кету. 4.Интуицияның оянуы.Инсайт. 5.Нәтижесінің дұрыстығын тексеру.
Ал Б.Тұрғынбаеваның әдістемелік оқу құралында балаларға тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады:
1.Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2.Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.
3.Шешімнің жарық көруі.
4.Шығармашылық ант.
5.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі бас қатырулар табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы Мектеп жасына дейінгі балаларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады.
Бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық теріліп, бірі керісінше уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен тұтас алғанда әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы.
З.И.Калмыкованың тұжырымдамасы бойынша, өнімді және шығармашылықты ойды қалыптастыратын оқыту дамытуы болып есептеледі.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин білім беру мазмұнынының теориялық тұрғыда білім іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде, шығармашылық іс-әрекет пен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді ұсынды.
Қазіргі таңда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін баланы неге үйрету керек, қалай үйрету керек, әлде оны өз үйрене ала ма деген сұрақтар тууы мүмкін. Ол үшін оған алдымен тәрбиеші дайын болуы керек. Балаларды шығармашылыққа үйрету үшін:
-шығармашылықпен жеке-дара бала емес, топтың балалары айналысуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызуы керек;
-шығармашылық процеске баланы үзбей, сатылы түрде қатыстырған жөн;
-шығармашылық жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай тұрған дұрыс;
-бала жетістігін мадақтап, көтермелеу керек.
Осы бір ерекшеліктерді баланың шығармашылық қабілетінің дамуына дұрыс бағыттап, арнайы жаттықтыра отырып мақсатты түрде дамыту талантты, шығармашыл адамдар санын көбейтіп, ұлттың ұлыларын еселеуге үлес қосады. Жаңа құндылыққа негізделген педагогика бала бойына жаңашылдық дәнін ерте егуін, оның жаратушылық қабілеттерін тұрақты қолдап, дамытып отыруды көздейді. Ал мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы- ол баланың өзін-өзі қалыптастыруын, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте балалар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы: оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгеретін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.

1.2 Балаларды бейнелеу және құрастыру әрекет негізінде шығармашылыққа жетелеу
Шығармашылық - баланың танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Кез-келген бейнелеу және құрастыру әрекет негізінде шығармашылыққа жетеленеді: болжау алдын-ала білу, қорытындысын білу, сезу сияқты әрекеттер жүзеге асады. Болжап білу-адам әрекетінің мақсатты жемісі, ол мақсатты, перспективті әрекет етуді көздейді.
Баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту мүмкіндіктерін тиімді әдіс - тәсілдермен дамыту тәрбиешінің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Тәрбиеші оқу мазмұнын түсіндіруде бала санасына ұғыну, ой операцияларын меңгертеді және баланы танымдық белсенділігін қалыптастырып, оларға бағыт беріп, жолдарын көрсетуі керек. Қарама-қарсы нәрсені салыстыра алушылық, түсініксіз жағдайды таба білушілікпен өз бетімен жұмыс істеуге оқушы үйренеді.
Баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту мүмкіндіктерін жетілдіруде баланың жас ерекшеліктерін есепке аламыз.
Г.С.Абрамов жастың өсуіне байланысты жаңа психикалық білімдердің қалыптасуын былай сатылап көрсетеді:
1-3 жаста заттық әрекеттерді меңгеру, белсенді тіл, өзіндік сана-сезім;
3-6 жаста символдарды қолдану, талдап қорыту нормаларынан хабардар ету, бірлескен мотивтер, шартты-диалогтық бағыт;
6-10 жаста өз еркімен сыртқы әрекетін жоспарлау, рефлексия (іштей өзіне-өзі сынмен қарау) дүниетанымы қалыптасады.
Осы даму ерекшеліктерінің өзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өтпейді және ең маңыздысы мынау деп қарауға болмайды. Бала психикалық даму кезеңдері 1-кестеде көрсетілген.
Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рөлді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы өзгерістерге ұшырайды. Себебі ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар жаңа ортаға үйреніп, тәрбиешімен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Баланың танымдық іс-әрекетіне әсер ету арқылы оқытудың қиыншылықтарын жеңуге мүмкіндік жасаймыз.
1-кесте - Бала психикалық даму кезеңдері


Балалық
кезеңдері
Жас аралығы
Кезеңдердің басты шарттары
1
Тікелей эмоционалдық қарым-қатынас жасау кезеңі
Алғашқы күннен 1 жас
Сәбиде басқалармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі, олармен психикалық ортақтығы қалыптасады.
2
Заттың манипуляторлық қызмет кезеңі
1-3 жас
Өзіндік "Мен" қалыптасуының негізі болып табылады, бұл жаста сана қалыптасуы қатар жүре бастайды.
3
Ойын қызметі кезеңі
3-6 жас
Баланың қиялдауы мен ақыл-ой қызметі жүзеге асырылады, тілі дамиды.
4
Ойын қызметі кезеңі
6-10 жас
Оқу арқылы оқушылрадың теориялық санасы мен теориялық ойлауы, оқудың мотиві мен қажеттілігі дамиды.

Балалардың оқу материалын жүйелі және мәніне қарай ұғынуында салыстыру ой операциясы негізгі рөлді атқарады. Салыстыру бір нәрсенің өзге нәрседен айырмашылығын немесе екеуінің де ұқсас жақтарын айыру болғандықтан, ой процестерінің ерекше түрі болып саналады. Оқу мазмұнын салыстыруда ой операциясының бірнеше түрі кездеседі. Сондықтан оны баланың оқуға деген ынтасын арттыру үшін пайдаланамыз.
Жапонияда оқыту мен тәрбиелеу негізгілерінің бірі ретінде баланың идеяларын қолдау арқылы оның барлық кезде міндетті түрде өзімен-өзін салыстырып отыру қажет дейді. Оларда: "Маратқа қара, ол тапсырманы қалай шешеді, немесе ол қалай жақсы оқиды" - деп айтпайды, "Кешегіге қарағанда бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың", "сенің қабілетің жетеді" т.б. осындай мақтауларды пайдаланады. Бұл баланың ішкі танымдық іс-әрекеттерімен сыртқы даулы жағдайларды шешуге көмектесетін оқу-тәрбие принципі. Оқыту процесінде өзіне мақсат қойып, оны орындауға тырысады.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев адамның танымдық қасиеттерінің табиғаты туралы отыз бірінші сөзінде: "Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек. Үшіншіден - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Бұл нәрселер - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер"- деп жазды.
Зерттеудің нәтижесін шығара келе, Л.С.Выготскийдің идеясы бойынша, екі даму аймағы анықталды, белсенді даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына өту, психологиялық жүйе ретінде жеке адамның қалыптасуына байланысты көрінеді. Бұған жетудің қажетті шарты оқытушы мен оқушының бірлескен іс-әрекетінде болады.
Сонымен, дамытушы экспериментті әлеуметтік эксперименттің бір түрі ретінде қалыптастыра отырып, оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің барысын және оның даму жолдарын анықтадық.
Академик Т.Тәжібаев: "...Балалардың психологиялық әрекетінің мазмұны және оның өсіп-даму заңдарын білуге сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмысын ғылыми жолмен ұйымдастырып, дұрыс жолға қоюға болады. Себебі, әр жастағы балалардың ғана емес, тіптен бір жастағы балалардың әрқайсысының жеке өзгешеліктерін, әсіресе психикалық әрекетінің өзгешеліктерін білмейінше, оқу-тәрбие жұмысын да көңілдегідей жүргізуге болмайды",-деп мектептегі сабақты оқытылуы, оның нәтижесі - білімдік, тәрбиелік, оқушының іскерлік дағдыларын дамыту негізінде жүргізілуін талап етеді.
Тұлғаның дамуына қоғамның ықпалы отбасындағы тәрбие мен мектептегі оқыту арқылы жүргізіледі. Ұлы адамдардың өмірбаяндарының талдауына сүйенен отырып, Э.Г.Эйдемиллер осынау мәселелер бойынша алынған деректердің бірдей еместігін алға тартады: Кей жағдайларда отбасы дарынды сәбилердің дамуы үшін барынша қолдау мен мүмкіндік туғызды; ал басқа жағдайларда олар шамадан тыс өбектеген немесе үстем болған анасымен, жолы болмаған әкесімен немесе бүтіндей алғанда, қолайсыз отбасында өткізген балалығының салдарын жеңуі тиіс болатын. Бұдан басқа, Э.Г. Эйдемиллер, құрдастары мен мектептің ықпалының маңыздылығын ерекше бөліп айтады.
Н.С. Лейтес, ақыл-ойы дамуы ертерек өрлеген балалардың өзіне тән қиындықтарының барын атап көрсетеді. Мәселен, отбасында осындай баланың ерекшелігіне жиі алаңдаушылық білдіреді. Нәтижесінде дарынды бала өзіне ең жақын адамдар - ата-аналары тарапынан түсініспеушілікке тап келеді. Көбіне-көп басқаша да болады. Баланы жанұяда мадақтау ауаны қоршайды, оның табысын шектен тыс қолпаштаушылық орын алады. Осы екі жағдай да сәби жүйкесіне жарақатын түсіреді. Мектепте мұндай оқушыға тағы оңай емес, өйткені, ондағы басымдықтар мұғалімдердің ақыл-ойы мен психикалық жағынан дамуында түрліше қиындықтары бар балаларға көбірек назар аударып, көмек көрсетеді. Демек, дарынды бала мектепте жиірек өз-өзімен оңаша қалады деген тұжырым жасауға болады.
Алғашқы және негізгі кедергі, В.С.Юркевич түсінігінде баланың өзгелерге ұқсауды қаламайтын конформизмі болып табылады: Адам күлкілі немесе өте ақылды болып көрінуден қорыққандықтан, керемет ойларын білдіруден сескенеді. Мұндай сезімнің балалық кезінде-ақ туындауы мүмкін. Бұл жерде осы кедергінің туындау себептері көрсетіледі - бұл, бәрінен бұрын, ересектердің тарапынан орын алатын түсінбестік. Екінші кедергі - ішкі тыйым. Бұл кедергі баланың өз ойларынан қорқынышын сезінген кезінде пайда болады. Сол қорқыныш оның айналасындағыларға енжар қарауына және туындаған мәселелерді шешуге тырыспауына және ең ақырында, үшінші кедергі - ригидтілік. Авторлар ондай кедергінің көбінесе мектептегі оқыту барысында туындайтынын ерекше бөліп көрсетеді.
Сонымен қатар шығармашыл балалар қатарына белгілі бір іс-әрекеттер арқылы аса жарқын жетістіктер көрсете білген бүлдіршіндерді де жатқызуға болады.
Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жекетұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз - аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс.
Даму диагностикасы моделі. Бұл зерттеу нұсқасының авторы Ю.Д.Бабаев жүргізетін тренинг жаттығуларының тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштеріне бала қабілеттерінің, мектептегі үлгерімінің, танымдық және шығармашылық белсенділігінің, сауалнама нәтижелерінің, сондай-ақ баланың мектептегі іс-әрекетін бақылау нәтижесінде алынған көрсеткіштерінің, отбасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар және т.б. өзгерістерді жатқызады.

2. Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері
2.1 Ересек жастағы балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетіндегі шығармашылық
Соңғы жылдардағы зерттеулер мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетіндегі образды бастаманың нақты көрсеткіштерін анықтауға бағытталған. Шығармашылық іс-әрекет нәтижесінде балалар жасаған образды, ересектер жасаған көркем образбен бірдей алып қарауға болмайды, өйткені олар терең қорытынды жасай алмайды. Олар жасаған образдар қабілеттіліктің және алынған дағдылардың жалпы даму дәрежесіне байланысты әсерлілігі көп немесе аз болады.
Балалардың образ жасаудағы әсерлі құралдарына тоқталамыз.
Шығармашылықтың ең бастапқы кезеңінде, бейнелеу формасы өте қарапайым болған кезде, бала образды жанды, нақты, әрекет етуші түрде ойлайды.
Бұл кезеңде бейнелеу құралдарын жеткілікті дәржеде игере алмай, ол осы іс-әрекетті дыбыстармен, ым-ишарамен, қимылмен білдіреді. Міне мотор от алды, ж-ж-ж, машина жүріп те кетті! Ал мына бала машина соңынан жүгіріп барады - дейді бала: содан соң қимылды бейнелей отырып, суретті үстел бетімен қозғалта бастайды.
Тіпті мектеп жасына дейінгі ересек балала, оларда қажетті дағдылар бар болғанның өзінде, кейде образдың әсерлілігін күшейту үшін сөзді пайдаланады.
Зерттеулерде ең алдымен балалар жасаған барлық образдардың негізінде нақты шындық бар екені атап көрсетіледі. Тіпті бала фантастикалық образ жасаған кездің өзінде нақтылыққа көбірек бой ұрады.
Мысалы, Тоты құсты көз алдына елестетіп, бейнелеу үшін оған шын мәнінде тіршілік ететін құстар туралы дұрыс түсінігі болуы, ал содан соң Тоты құстың қиял-ғажайып бейнесі әдеттегі құстардан немен ерекшеленетіні ойлап алуы, яғни нақты белгілерді тылсымды белгілермен біріктіре отырып, біртұтас образ жасауы керек.
Бала жасаған тұтас образға оның жас мөлшерін ескере отырып қарау қажет. Жас бала заттың толық бейнесін барлық бөліктері мен детальдарын, олардың арақатынасын сақтай отырып) бере алмайды. Алғашқы суреттерде, мүсіндерде көбіне өте елеулі детальдар болмайды.
Тіпті мектеп жасына дейінгі ересек балалардың өздерінде заттың формалары мен оның бөліктері жалпыланған, бірақ заттың барлық конструкциясы, алуан түрлі детальдардың болуы баланың шындыққа сәйкес келетін образ жасауға ынтасының бар екенін дәлелдейді.
Образдың әсерлілігіне жағдайды жасайтын бейнелеу детальдары мен қосымша заттардың көмегімен қол жеткізіледі.
Суретші детальдарды іріктеуге саналы түрде көше отырып, образды ашуға жәрдемдесетін детальдарды ғана бейнелейді.
Балаға әсіресе сәби жаста, детальдарды бейнелеуде кездейсоқтық элемент тән. Ол бейнеленген детальдардың барлығы бірдей әсерлілікті күшейте бермейді. Ал кейде әсерлі детальдар әдейі ойланбай-ақ кездейсоқ пайда болады.
Мектепке дейінгі ересек жаста, жұмысты жоспарлау қабілетіне тәрбиеленіп жатқан кезде, бала сол бір образға тән детальдарды іріктеп ала бастайды. Мұның өзінде олардың маңыздылығының көрсеткіші басқалардың бәрінен анағұрлым мұқият әзірленуі болып табылады. Мысалы, бала башмағын жоғалтқан Маша-ұмытшақтың мүсінін жасады. Башмақ орындық үстінде тұрған күйде бейнеленген. Қыз оны мүмкіндігінше нақтылап, бау-жіптері мен оларға арналған тесіктерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
Бірінші сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын айқындау
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Шығармашылық – адамның іс-әрекетінің жоғары формасы
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Пәндер